ДІН ТАРИХЫ. РЕСПУБЛИКА ЖЕРІНДЕ ТАРАЛҒАН НЕГІЗГІ ДІНДЕР. АТЕИЗМ (1979 жылға дейін)
Діннің таптық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашу - марксизмнің дін саласындағы өзекті мәселесі. Совет өкіметі адамзат тарихында бірінші болып ұлттық томаға-тұйықтылықты, діни алауыздықты жойып, шын мәнінде ұждан бостандығын іс жүзіне асырды. Совет өкіметінің дінге деген көзқарасы Халкомсовтың 1918 жылы 28 ақпанда қабылдаған «Шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлу туралы» декретінде белгіленген. Өзінің мазмұны мен мәні жағынан бұл декрет - жұмысшы табы мен оның партиясыпың дін жөніндегі маркстік программасы. Бұл декреттің мазмұны СССР Конституциясының 52-статьясында бекітілген. Біздің Конституциямыз шын мәніндегі ұждан бостандығын қамтамасыз етумен бірге барлық азаматтардың атеистік насихат жүргізу правосын да мойындайды. Алайда бұл діни қауымдардыц ішкі өміріне араласу деген сөз емес. Шіркеу мен мешіт өздерінің ішкі өмірін ұйымдастыруда мемлекетке тәуелсіз болып қала береді.
Мұсылман дініне дейінгі қазақтардың діни нанымдары. Құдайға табынудан бұрын қазақ тайпаларының діни нанымдарының қалыптасуы екі сатыдан өтті. Ертеректе рулық құрылыс заманында діни нанымдардың ең қарапайым түрлерін: фетишизм, магия (сыйқыршылық), тотемизм және анемизм қалыптасты, ал екінші кезеңі рулық қоғам заманында дамыды. Бұл дәуірде рухқа, ата-баба аруағына табынушылық етек алды. Қазақ тайпалары арасында кең таралған фетишизм - табиғат заттары мен құбылыстарына жалбарынып, олардың адам санасында ғажайып болып көрінуін бейнеледі. Сондай-ақ ертеректегі фетишизмге бұлт болса жоғалып, күн шықса көрінетін адам көлеңкесі, денедегі жарадан аққан қан, сырттай қарағанда, тірі сияқты көрінетін өлген адамның денесі жатады. Фетиштік заттарға тіс, тырнақ, өсімдіктердің тамыры т. б. жатқызылды. Қазақ арасындағы фетиштік ұғымның қалдықтарына ауру адамның дерттен айығуы үшін бұлақ басына, молаға түнеуі де жатады. Ертеректе қазақтардың арасында таралған діни нанымдардың бірі - магия. Көне заман адамдары табиғат құбылыстарының сырын түсіне алмады. Олар стихиялық апат алдында, тіршілік үшін күресте дәрменсіз болды. Олар табиғаттан тыс күштерге арқа сүйеп, оларды өз мүдделеріне пайдалансақ деп ойлады. Бұл үшін діни ырым жасап, әдет-ғұрып салттарын бұлжытпай орындап отыруға тырысты. Қазақ тайпалары арасында кең таралған осындай ырым-жоралардың қатарына: бойтұмар, ішірткі, арбау, дуалау т. б. жатады.
Қазақ арасына кең таралған діни нанымдардың тағы бір түрі - тотемизм. Тотемдік түсініктер рулық құрылыстың алғашқы кезеңінде қалыптасты. Екінші сөзбен айтқанда, табиғаттағы барша зіат пен құбылыс атаулыны адам мен табиғаттап тыс көрініп, сезуге болмайтын туыстық байланыс болады деп түсінушілік. Былайша қарағанда адамға пайдалы затты «киелі» етіп көрсету. Қазақ ру-тайпаларының ертедегі діни нанымдарының негізі анимистік наным болған. Анимизм - өлмейтін, өшпейтін мәңгілік жаң бар дегенге сенушілік. Беймәлім түс көру, ұйықтау, талып қалу, өлу сияқты физиологиялық құбылыстарды ертедегі қазақтар адамға келіп-кетіп жүретін дене серігі деп түсінді, кейін оған «жаң» деген ұғым берді.
Діни түсініктердің біртіндеп күрделеніп қалыптасуымен байланысты табиғаттан тыс күш-рухтар туралы аңыздар, яғни мифтер шығады. Мифтерде ата-баба рухтарының батырлық істері мен адамдарға деген қайырымдылығы, зұлымдыққа қарсы күресі суреттеледі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі осындай ескі аңыздың бірі - Қорқыт туралы жыр. Патриархалдық-рулық құрылыс қалыптасқан заманда шаман діні шықты. Шаман діні бойынша адам бір жағынан табиғат құбылыстарына, аспанға, Айға, Күнге, жұлдыздарға, отқа, екінші жағынан ата-бабалардың аруағына, Кек тәңіріне табынды. Қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш. Уәлиханов бұл дін туралы былай дейді: «Шаман діні дегеніміз - жалпы алганда дүниені зор тұтынушылық болды - Аспан идеясы және оның барлық белгілері, яғни Күн, Ай, Жер және оның белгілері: таулар, өзендер, асыл тастар, ағаштар және басқалары идеясы болды» (Мақалалары мен хаттары А., 1949, 24-б). Бұл дін сол заманғы қоғам өміріндегі саяси-әлеуметтік қатынастардың идеологияда бейнеленуі болды. Сондай-ақ бұл дін көп құдайға табынушылық пен бір құдайға табынушылықтың аралығында пайда болады. Қазақ тайпалары аспан денелеріне де табынды. Солардың бірі - Айды тәңірі тұту. Қазақтар жаңа туған Айды көргенде иіліп тәжім етеді де, оған қарап отырып бата қылады. Әрине, Ай бір тәңірі болған болса, Күн де сондай тәңірі болуға тиісті еді. Таңертеңгі ас ішер алдында қазақтар шығып келе жатқан Күнге қарап, өмір бұлағы - Су бергенге (Көкке) құлдық айтып тағзым етеді. Көшпелі қазақ тайпалары Жерге де табынды. Олардың түсінігінше, Жер әйелдер тәңірі - «ана тәңірі» болып саналады. Өйткені алғашқы жер шаруашылығымен шұғылданушы әйелдер еді. Жердің құрметіне құрбандық шалынатын. Қазақстанды мекендеген ертедегі тайпалар суды да құдірет тұтты. Олардың нанымы бойынша судың да тәңірі болды, ол су иесі пері деп аталды. Перілер зйел бейнесінде ұғынылды. Патриархалдык семья тұрмысымен байланысты отқа табыну қазақ тайпалары арасында көп тарады. «Шаман діні ғұрпының ішінен, - дейді Ш. Уәлиханов, - қазақ арасында осы кезге дейін кең өріс алып отырғаны отқа табынушылық» (Мақалалары мен хаттары, А., 1949, 24-б). Адам өмірі үшін аса қажетті отты қазақ тайпалары керемет күші бар құдірет иесі деп әулие тұтты.
Қазақстандағы ислам діні. 8 ғасырдың бас кезінде Батыс Түрік қағандығының құлдырауы арабтардың Орта Азия мен Қазақстанда өз үстемдігін күшейтуіне жол ашты. Осы кезде Оңтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалардың арасында ислам діні тарай бастады. 8-9 ғасырларда қарлұқ ақсүйектері ислам дінін қабылдады. Қазақстанда ислам діні Қарахан әулеті (11-12 ғ.) тұсында едәуір тарады. Бұл дәуірде діни фанатизм үстемдік ете бастайды. Берке хан (1255-1266) тұсында Алтын Орда хандарының арасында ислам дінінің ықпалы күшті болды. 1285 жылы Туда-Мөке хан, ал одан соң Өзбек хан ислам дінін қабылдайды. Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің ықпалы күшейді. Ислам дінін насихаттауда мұсылман миссионерлерінің, яғни ислам дінін басқа дінді уағыздаушылардың арасында таратушылардың ролі артты. Қазақ сахарасында араб елдерінен келген ишан, молдалар көбейді. Олар қазақ ауылдарын аралап, Құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттады, діни кітаптар таратты. Қазақстанда ислам дінінің тарауына Әлім хан (1800-1809 жылдар билік еткен) тұсында күшейген Қоқан хандығы едәуір ықпалын тигізді. Осы хандыққа қарайтын халықтың көпшілігі ислам дінін қабылдаған өзбектер болатын. Солармен тығыз экономикалық байланыс жасап, егін шаруашылығымен шұғылданған отырықшы және жартылай отырықшы қазақ тайпаларына ислам дінінің ықпалы күшті тиді. Қазақстанның Түркістан, Жаркент, Сайрам қалалары мұсылман дін пелерін даярлайтын ислам дінінің рухани орталығына айналды. Түркістан екінші Мекке аталды. Мұнда 11-13 ғасырларда мешіттер салына бастайды. Қазақ арасынан Мекке мен Медине қалаларына хажыға барушылар көбейді. Орта ғасырлық дін ілімімен, философия және логика ғылымдарымен араб тілін зерттеумен шұғылданған Әбу Наср әл-Фараби, Исхақ әл-Отырари, Жамал Түркістани, Қыдырғали Жалаири сияқты ғалымдар шықты. Ислам дінінің қазақ топырағында таралуы қазақ халқының экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани өмірінде болған тарихи өзгерістермен байланысты.
Христиан және басқа діндердің таралуы. Самодержавие жергілікті халық арасына христиан дінін таратуға тырысты. Мұнысынан ештеңе шығара алмаған соң патша өкіметі ислам дінін қолдауға көшті. Қалаларда мешіттер салдыртып, діни кітаптар бастырып шығартты. Шығыс-Қазан баспасы алғашқы шығарған «Иман Шарт», «Бадуам», «Таки-ғажап» - осы мақсаттағы діни кітапшалар еді. 1802-1805 жылдар арасында Шығыс-Қазан баспасынан Құранның толық тексі мен оның жеке бөлімдері, сол сияқты «Стуани», «Субат-ул-Гаджизи», «Пиргули» кітаптары көп тиражбен басылып, қазак жерінде таратыла бастайды. Ислам дінін бір орталықтан басқарып, оның уағыздарын көшпелі халық арасында кеңінен насихаттау үшін мұсылмандардың жоғарғы діни мекемесі - муфтият құрылды. Ауылдарда ислам дінін таратушыларды даярлайтын мектеп-медреселер ашылды. Қазақ жастары Бұхара, Қазан, Әндіжан, Хиуа қалаларына барып діни медреселерде оқыды. 2017 жылдың революциясынан кейін халқымыздың рухани өмірінде түбегейлі өзгерістер болып, халық бұқарасы діннің ықпалынан азат етіле бастады. Бірақ ислам дінінің ықпалынан түгелдей арылды деуге болмайды. Діни идеологияның зиянды сарқыншақтары кейбір адамдардың санасында әлі күнге дейін сақталып келеді. Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты қазақ даласына христиан діні ене бастайды. Қазақстан жерінде орыс православие шіркеуінің секталары да пайда болды. 1. Орыс православие шіркеуінен бөлініп шыққан секталар (ескі әдет-ғұрыппылар, молокандар, духоборлар, хлыстар). 2. Батыс Европа елдерінен келген секталар. Оларға баптистер, христиан евангелистері, 7-күннің адвентистері жатады. 3. Империализм дәуірінде Россия жерінде пайда болған секталар. Оларға иегова куәлары, пятидесятниктер, адвентит-реформистер секталары жатады. Осы секталардың ішіндегі кең таралғаны - баптизм. Ол Қазақстанды мекендеген немістер арасында кездеседі. Республикамыздың ірі қалаларында баптистік ұйымдары бар. Олар баптистер қауымына біріккен. Совет өкіметінің тыйым салған, зиянды секталарына пятидесятниктер мен иеговистер жатады. Қазақстан - көп ұлтты республика. Басқа ұлттармен бірге республика жерін корейлер мен еврейлер де мекендейді. Дінге сенуші корейлер арасында будда дінінің тибет-монголдық түрі - лама дінінің сарқыншақтары кездеседі. Дінге сенуші еврейлер арасында иудей дінінің ырым-жоралары сақталған. Қазіргі иудей дінінің реакцияшыл сипаты сионизм уағыздарынан айқын байқалады. Сионизм - иудей дінінің саяси және рухани өктемдігін күшейтуге бағытталған діни-ұлтшылдық ағым. Бұл реакциялық ілімде ұлтшылдық-шовинистік кезқарас, еврейлердің ұлттық томаға-тұйықтылыгы уағыздалады.
Діни мекемелер. Республикада 700-ден астам мешіт, православие шіркеулері мен басқадай шоқынатын үйлер жұмыс істейді, бұлардың басым көпшілігі оңтүстік және солтүстік облыстарда орналасқан. Бұл діндердің ішінде республикада ең көп таралғаны - христиан діні. Орыстың православие шіркеуі Алматы мен Қазақстанның епархиалды басқармасына бағынады. Ол республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы мен Орал облыстарында түрлі діни бағыттардың ескі ырым-жораларын уағыздайтын бірнеше топтар бар. Республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде таралған католиктік приходтар, евангелиелік-лютерандық шіркеулердің, басқадай діни секталардың Қазақстанда діни орталығы жоқ. Евангелиелік христиан-лютеран шіркеуі негізінен республиканың солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарда орналасқан, оны осы діннің жолын қуушылар кеңесінде сайланатын аға пресвитер басқарады.
Ислам дінінің суннит бағытын ұстаушыларды Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының Алматыдағы өкілі басқарады. Республикада иудей дінін уағыздаушыларының жеке топтары бар.
Республикада мемлекеттік мекемелер мен діни қоғамдар арасындағы қарым-қатынас «Қазақ ССР-індегі діни бірлестіктер жөніндегі Ереже» бойынша реттеліп отырады.
Совет мемлекетінің дін жөніндегі саясатын бір ізді іс жүзіне асырып отыру үшін Қазақстанда СССР Министрлер Советі жанындағы діни істер жөніндегі өкілдік Совет аппараты құрылған.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АТЕИСТІК ҚОЗҒАЛЫС
Совет өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ партия еңбекшілерді қараңғылық пен надандықта ұстауға тырысатын дін ықпалынан құтқарып, атеистік тәрбие беру жөнінде маңызды шаралар қолданды. 1919 жылы РК(б)П-нің 8-съезінде қабылданған программада халыққа жат, ғылымға қарсы көзқарас - дінге қарсы күресті күшейтудің қажеттілігі атап көрсетілді. Бұл кездегі насихат мешітке, молдаларға қарсы сипатта жүргізілді. Өйткені бұл шақтағы басты міндет мешіт пен мұсылман дін иелерінің контрреволюциялық әрекетін әіпкерелеу еді. Шетел интервенциясы мен Азамат соғысынан кейінгі жылдары халық бұқарасы арасындағы атеистік насихат жүйелі әрі пәрменді түрде жүргізілді. Совет өкіметі дінге қарсы насихатты шаруашылық және мәдениет құрылысы міндеттерімен байланыстыра жүргізуге бет алды. Партияның 1921 жылынаурыз айында болған 10-съезі партия ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі - еңбекшілердің қалың бұқарасы арасында дінге қарсы үгіт пен насихат жұмысын кеңінен өрістету екенін атап көрсетті. Осы жағдайда РК(б)П ОК-нің пленумы «Дінге қарсы насихатты жолға қою туралы» қаулы алды. РК(б)П ОК-нің үгіт-насихат бөлімінің жанынан дінге қарсы насихат комиссиясы құрылды. Комиссия атеистік насихатты жүргізудің басшылыққа ала отырып, атеистік тақырыпқа арналған кітапшалар мен кітаптар шығаруға, атеистік кадр даярлауға ерекше көңіл бөлді. 1923 жылы Түркістан Коммунистік партиясы ОК-нің үгіт-насихат бөлімі барлық бастауыш партия ұйымдарына «Түркістан жағдайындағы дінге қарсы насихат туралы» нұсқау жіберді. Мұнда ислам дінінің таптық мәні әшкереленіп, оның әдет-ғұрыптарының зияндылығы көрсетілді. Кейіннен жергілікті бастауыш партия ұйымдарына Түркістан Коммунистік партиясы ОК-нің «Ишандыққа және басқа діни ағымдарға қарсы күрес туралы» деген хаты жіберілді. Хатта ишандықтың реакцияшыл мәні әшкереленіп, мұсылман дін иелерінің жағымсыз іс-әрекеттері сыналды. Осындай шаралармен қатар ғылыми атеистік білімдер кеңінен насихатталды. Атеистік журналдар мен газеттер шығарыла бастады. 1919 жылы «Революция және шіркеу», 1922 жылы «Ғылым және дін», «Безбожник» («Құдайсыз») 1923 жылы «Безбожник у станка», «Антирелигиозник» журналдары шығатын болды. 1925 жылдан бастап Москва қаласында татар тілінде «Фән һәм дин» («Ғылым және дін») журналы шықты. Елімізде «Безбожник» деп аталған Бүкіл одақтық баспа ұйымдастырылды. 1932 жылы СССР халықтарының тілінде 23 атеистік журнал және 10 газет шығып тұрды. Еңбекшілер арасында атеистік насихат жұмысын кеңінен өрістетуде өрікті бұқаралық қоғам «Жауынгер құдайсыздар одағы» ерекше орын алды. 1924 жылы атеистердің жаңа қоғамы - «Безбожник» газеті достарының қоғамы құрылған болатын. 1926 жылы сәуір айында Москва қаласында осы қоғам, мүшелерінің 1-съезі шақырылды.
Съезде қоғам «Құдайсыздар одағы» деп аталсын деген шешім қабылданды. 1929 жылы қоғам мүшелерінің 2-съезі шақырылды. Осы кезден қоғам «Жауынгер құдайсыздар одағы» деп аталатын болды. БК(б)П ОК дінге қарсы күрес жүргізуде партия жолын бұрмалаушылыққа жол бермеуге ерекше назар аударып отырды. Басқа ұлт республикалары сияқты Қазақстан өлкелік партия комитетінің қабылдағап шешімінде: дінинаным қалдықтарына қарсы күресті идеологиялық күрес деп қарау, бұл күресті шиеленістіріп алмас үшін діншілердің сезімдерін қорлауға, діни сенім женіндегі Совет өкіметінің заңдарын бұзуға жол берілмейтіндігі атап көрсетілді. Қазақстанда орын алып келген атеистік насихаттағы кемшіліктерді жоюда 1931 жылы мамырда ҢАССР ОАК жанынан құрылған дін жөніндегі тұрақты комиссия зор роль атқарды. 1926 жылы сәуір айыңда БК(б)П ОК Москва қаласында партия қызметкерлерінің кеңейтілген мәжілісін шақырды. Мәжіліс СССР ұлттары арасындағы дінге қарсы насихат жұмысының жайы туралы мәселе қарады. Мәжіліс қарарында еңбекшілердің өндірістік белсенділігін арттыру діни нанымдарды жоюдың пәрменді құралы екендігі атап көрсетілді. Партия ұйымдарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі: «Советтік шығыс халықтарының арасында діншілдікке қарсы жұмыс тәсілін, олардың шаруашылық ерекшеліктерін, феодалдық байлық қарым-қатынастардың қалдықтарының сақталуын, социалистік құрылысқа қатысу дәрежесін, діни ұйымдардың жағдайын т. б. ескере отырып белгілеу керек» деді («Антирелигиозник» журналы, 1926, № 8, 75-76-б). Сол жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінде де осы мәселеге арналған мәжіліс өткізіліп республикада жүргізілетін атеистік насихаттың нақтылы түрлері мен әдістері белгіленді. БК(б)П ОК ұлт республикаларындағы дінге қарсы насихат жұмысының барысы және алдағы міндеттерді белгілеу үшін мәжіліс (1928 жылы 21-25 желтоқсан) шақырды. Е. М. Ярославский «Советтік шығыс ұлт республикаларында діншілдікке қарсы насихат жұмысын күшейту шаралары туралы» деген тақырыпта баяндама жасады. Оған қосымша шығыс ұлт республикаларындағы құдайсыздар одағының жергілікті ұйымдарының жұмысы туралы және дінге қарсы насихат жөнінде баспасөз органдарының міндеті туралы баяндамалар тыңдалды. Қазақстанда құдайсыздар одағы ұйымының құрылуы 1925 жылдан басталады. Қысқа мерзім ішінде облыстар мен аудандар орталықтарында құдайсыздар одағының бастауыш ұйымдарыкұрыла бастады. Мыс., 1925 жылы Қазақстанның ен шалғай жатқан ауданы - Адай университетінде құдайсыздар одағының бастауьпп ұйымы ашылды. 1929 жылы ұйымда 4830 мүше болды. Олардың басым көпшілігі қазақтар болатын. 1930 жылы республика бойынша 13 губерниялық ұйым құрылды, бұлардың әрқайсысының бастауыш ұйымдары болды. Коммунистік партия дінге қарсы насихатты күшейтуге, еңбекшілер арасында атеистік тәрбие жұмысын жақсарту қажеттілігіне үнемі көңіл бөліп келді. Осы мәселе партияның 14-съезінде қаралды. Съезд еңбекші бұқараның санасын діннің ықпалынан азат ету жолындағы күрестің нәтижелі болғандығын атап көрсетті. Осы уақыттан бастап халық бұқарасының діннен қол үзуі жаппай сипат алды, діни қауымдар ыдырап, мешіттер жабыла бастады. 1933 жылдың өзінде-ақ Қазақстан бойынша 465 діни қауымдар, намаз оқитын үйлер жабылды. Халықтың көшпелі тұрмысына байланысты атеистік насихаттың жаңа формалары - қызыл керуен, қызыл отау пайда болды. 1922 жылы тамыр-тамыз айының аралығында қызыл керуен Орынбор, Омбы, Торғай, Атбасар, Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қарғалы, Семей қалаларын аралап шықты. Керуен мүшелері халық бұқарасына Совет өкіметінің қаулы-қарарларын түсіндірді, жергілікті Советтердің жұмысына жәрдем берді, еңбекшілерге арнап лекциялар оқыды, баяндамалар жасады. Еңбекшілер арасында жүргізілетін ғылыми-атеистік жұмысты бір орталықтан басқару үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті 1934 жылдың 21 июнінде құдайсыздар одағының республикалық ұйымдастыру бюросын құрды. Атеист-насихатшылардың саны өсіп, атеистік үгіт-насихат жүйелі түрде жүргізіліп, бұқаралық сипат ала бастады. 1934-1938 жылдар арасында республика бойынша атеистік тақырыпқа 1205 лекция мен баяндамалар, 853 әңгімелер өткізілді, радио торабы арқылы 11 лекция оқылды, атеистік насихатшылар даярлайтын 16 үйірме жұмыс істеді. 1937 жылы маусым айында Қазақстан К(б)П-нің 1-съезі еңбекшілер арасында, ең алдымен діншілдер арасында, саяси насихат жұмысы мен ғылыми-атеистік насихат жұмысын күшейту шаралары туралы мәселе қарады. Съездің қабылдаған қарарында: «Дінге қарсы насихат жұмысын жолға қойып, оған қажетті кадрлар бөлу, еңбекшілер арасында жауынгер құдайсыздар одағының ұйымдарын кеңінен құру сол ұйымдардың маңына белсенді насихатшыларды, ғылыми қызметкерлерді, мұғалімдерді, дәрігерлерді, агрономдарды топтастырып, атеистік, ғылыми тақырыптарға арнап үздіксіз лекциялар оқып, әңгімелер откізіліп отыратын болсын және атеистік тақырыпқа жазылған әдебиеттерді, әсіресе қазақ тілінде жазылған кітапшалар шығару ісін жолға қою керек» екендігі айтылды. Қазақстанда 1939 жылы атеистік тақырыпқа арнап 182 пьеса қойылып, 28 арнаулы экскурсия өткізілді, 37 көрме ұйымдастырылып, 143 құдайсыздар бұрышы ашылды. Республиканың жауынгер құдайсыздар одағы атеистік тақырыпқа арнап 4000 лекция және баяндама, 803 әңгіме өткізді. Республика бойынша 13 атеистік үйірме, 11 курс, 131 семинар жұмыс істеді.
1939 жылы Қазақстанның жауынгер кұдайсыздар одағынын 1-съезі шақырылды. Съезд республикадағы атеистік жұмысқа жан-жақты талдау жасап, оны жақсартудың нақтылы шараларын белгіледі. 1940 жылы Қазақстанда құдайсыздар одағының 4 657 бастауыш ұйымы, оның 148 173 мүшесі болды. Қазақстан жауынгер құдайсыздар одағы өзінің мүшелік саны мен жұмыс сапасы жағынан Совет Одағы бойынша Украина мен Грузиядан кейін 3-орын алды. Қазақстан Коммунистік партиясының ОК 1957 жылы еңбекшілер арасында жүргізілетін атеистік насихат жұмысының дәрежесі мен барысын тексеріп, республикадағы ғылыми-атеистік насихатты одан әрі жақсартудың бағыттарын белгілеп берді. 1960 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы бұл мәселеге қайта оралып, діншілдерге совет заңдарын бұрмалауға жол бермейтіндей шаралар белгіледі. КПСС 25-съезі жаңа адамды қалыптастыру партияның қазіргі кезеңдегі басты міндеттерінің бірі екенін атап: «Біздің құрылыстың күші бұқараның саналылығында. Сондықтан партия коммунистік саналылық, коммунизм орнатуға әзірлік, ерік және шеберлік рухында тәрбиелеуді езінің үнемі қамқорлық жасайтын ісі деп санайды» (КПСС 25-съезінің материалдары. А., 1976, 90-б). Демек коммунизм мұраттарына шын берілген жоғары саналы, творчестволық белсенді совет адамдарын тәрбиелеуде ғылыми-атеистік насихаттың ролі зор. Ол діни нанымдар мен өскіліктің сарқыншақтарына қарсы күрес жүргізудің қуатты құралы бола отырып, еңбекші халықты коммунистік рухта тәрбиелеу ісіне өзінің өлшеусіз үлесін қосады.
Әдеб.: Маркс К., Энгельс Ф. Дін туралы. -А., 1956; Энгельс Ф. Анти- Дюринг. -А., 1957; Ленин В. И. Социализм және дін. 10-т.: сонікі, Жұмысшы партиясының дінге көзқарасы. 15-т.; сонікі, Жауынгер материализмнің маңызы туралы. 33-т.; Совет Одағы Коммунистік партиясының Программасы. –А., 1961; Брежнев Л. И. Совет Одағы Коммунистік Партиясының XXIV съезіне КПСС Орталық Комитетінің есепті баяндамасы. –А., 1971; Ақназаров X. З. Ислам діні және оның реакциялық мәні. –А., 1964.; сонікі, Атеизм және дін. –А., 1961.
Жарияланған-2023-01-19 16:10:39 Қаралды-1613
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану