UF

ҚОЙ-ЕШКІ АУРУЛАРЫ

ҚОЗЫ ТАСТАТАТЫН ЭНЗООТИКАЛЫҚ ІНДЕТ

Қозы тастататын энзоотикалық індет буаз саулықтың іш тастауына немесе мал болмайтын қозы тууына себепші болатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - хламидия тұқымына жатады. Грам әдісімен боялмайтын, клетка ішін мекендейтін микроб.

Бұл індеттің қоздырғышы паренхиматоздық органдарға және тұсіктің тканінде бөлме температурасында екі күнге дейін өлмейді, ал 18 градус суықта 135 күнге дейін сақталады. Ауру қойдың несебінде бұл микроб 11 күн тіршілік етеді, жайылымда ол бірнеше апта бойы өлмейді.

Эпизоотологиясы. Бұл аурудың сиырға, ешкіге, жылқыға, шошқаға жұғатыны анықталған.

Індет алғашқы рет шыққан шаруашылықта 2-3 жыл бойы саулықтың 25-30, тіпті 60 процентке дейіні қозысын шала туады немесе іш тастайды. Аурудан жазылған саулықтарда узаққа созылатын иммунитет пайда болады. Бір рет қозы тастаған малдың қайталап қозы тастауы өте сирек байқалады. Ауру шыққан шаруашылықта ең алдымен тұмса тұсақтар мен баска жерден әкелінген саулықтар қозы тастайды. Індет сау қойға ауру қойдан жұғады.

Қозы тастаған кейбір саулықтардың организмінде ауру қоздырғышы көп уақытқа дейін сақталады. Микроб жұққан қошқарларда ауру білінбей жүріп, күйек алу науқаны кезінде саулықтарды бұл індетке жаппай шалдықтырады (Огнянов және басқа да авт.). Сау қойларға ауру жаппай қозы тастау кезінде немесе 1,5 айдан соң жұғады. Қозы тастаған саулықтың ауру қоздырғышы қағанаққа, шуға тағы басқаларға араласып, қора-қопсыны, мал азығын, суды ластайды. Ауру саулықтардан туған қозылардың организмінде микроб көп уақыт сақталады. Қойға биылғы жылы жұққан аурудың белгілері келесі қоздаған кезінде білінеді. Өйткені микроб организмде жасырын түрде өседі де, қоздауға бірнеше апта қалғанда жетіліп, уытын шашады. Соның салдарынан қой жаппай қозы тастай бастайды. Мысалы, індет басқа шаруашылықтан биыл әкелінген малдан жұқса, онда саулықтар келесі жылы қозы тастайды.

Мал азығы құнарсыз, күтімі нашар шаруашылықтың қойына індет тез тарайды.

Бұл аурудың малға жабайы жануарлардан жұғуы мүмкін.

Аурудың өршуі және оның белгілері. Бұл аурудың жасырын кезеңі бірнеше айдан бір жылға дейін созылады. Ол ауру қоздырғышының уыттылығына байланысты. Аурудың жасырын түрінде саулық дұрыс қоздайды. Бірақ қозы денесінде ауру қоздырғышы болуы мүмкін. Ауруға шалдыққан саулықтардың кейбіреулері буаздығының соңғы кезеңінде қозысын шала тууы мүмкін. Әдетте, шала туған қозылар көп кешікпей өліп қалады.

Ауруды анықтау. Бұл індетке шалдыққан саулықтардың қағанағы зақымданады. Гистологиялық тәсілмен қағанақтың ісінген, гиперемияға, некрозға шалдыққанын анықтау оңай. Түсік терісінің астындағы шелі, танаулары ісінеді, жүрегінің ішкі қабығы қанталайды, ми және оның қабығы, қағанақтың кейбір жерінің ірігендігі байқалады.

Қозы тастау ауруын анықтау үшін зақымданған органдарды микроскоппен зерттейді, Романовский-Гимза әдісімен боялғанда бастауыш денешіктер күлгін көк түсті болып, Стемп әдісімен боялғанда - алқызыл түсті болып айқын көрінеді.

Серологиялық тәсілдер қолданғанда комплемент байланыстыру (РСК), гемагглютинация (РГА), жанама гемагглютинация (РТГА), микроагглютинация (РМА), гемагглютинацияның тежелуі (РТГА) және жанама иммунофлоресценция реакцияларының нәтижелерін ескеру керек.

Қозы тастау, індетін бруцеллезден, сальмонеллезден, вибриоздан, таксоплазмоздан және лептоспироздан ажырата білу кажет.

Ауырып жазылған және вакциналанған қой қанында антитела 425 күнге дейін сақталады.

Емі. Ауру саулықтардың бұлшық етіне тетрациклин, окситетрациклин және дибиомицин егеді. Қозы тастау індеті басқа аурумен ұштасса, антибиотиктерге сульфаниламид дәрісін қосып емдеген дұрыс.

Сақтандыру шаралары. Қозы тастау індетіне қарсы тірі немесе әлсіреген хламидиялардан жасаған вакцинаны қолданса, дәрі жақсы нәтиже береді. ВИЭВ эмульсия вакцинасын (Ю. Д. Қараваев, т. б., 1982) қолданғанда бір рет еккенде саулықтардың организмінде ұзақ уақыт 12 айға дейің сақталатын иммунитет пайда болады. Сонымен қатар «Филаксия» фирмасының эмульсин-вакцинасын қолдану да жақсы нәтиже береді.

Қозы тастайтын індет білінген шаруашылықтан басқа жерге мал апаруға болмайды. ІІІаруашылыққа жаңадан әкелінген койдың барлығын 30 күндік карантинде ұстап, қанын тексереді. Қойды вакциналаумен қатар мал дәрігерлік-санитарлық шараларды мұқият жүргізеді. Қойды анда-санда тексеріп тұрады. Түсіктер де әрдайым зерттеледі. Қозы тастаған және қозысын шала туған саулықтарды оқшаулап етке өткізеді.

ЖҰҒЫМТАЛ СҮЙЕЛ

Жұғымтал сүйел қой мен ешкінің өте жіті өтетін ауруы.

Қоздырғышы - күл ауруы тобына жататын, тері арасында мекендейтін вирус. Төсеніш шыны бетіне жағылған жұғындыда Пашен, яғни Морозов әдістерімен боялатын, ұсақ кокк тәрізді дөңгелек вирион. Вирустың көлемі 274X163 нм. Электрондық микроскоппен зерттегенде вирустың бастауыш денешіктері шеті жұмырланған қысқа таяқша болып көрінеді.

Ауру қоздырғышы Беркефельд-5, яки Шамберлен фильтрлерінен нашар сүзіледі. Жеке штамдары бастапқы және қайталап егілген клеткалы тканьдік қоректерде тым-тәуір өседі, дегенмен бұл вирустар біршама тез өзгереді. Соған орай оның уыттылығы мен иммуногендік сапасы бір мезгіл төмендейді.

Вирус жайылымда айлап күшін жоймайды, кой қорасында 3 жылдан артық сақталады. Шіріген затта 2 аптаға дейін өлмейді. 60-70 градус ыстықта 2-15 минутта жойылады. Дезинфекция жасау үшін 1-2 проценттік формалин, күйдіргіш натр, күйдіргіш калий, тұз қышқылын, және 10-12 проценттік кальций гипохлориты қосылған әк қолдану қажет.

Эпизоотологиясы. Жұғымтал сүйел өте кең тараған індеттің бірі. Ауру 6-8 айлық төлде жиі кездеседі. Басқа жақтан әкелінген қойдан немесе ауру мал тұрған қораға сау қой қамағанда, ауру мал жайылған жайылымға сау мал жайылса жұғады.

Індет көбінесе көктемнің басында, жаз және күз айларында шығады. Жас қозының нәзік терісін шөптің сояуы жарақаттаса организмге вирус кіруге жол ашылады. Жұғымтал сүйел әсіресе құрғақшылық жылы жиі кездеседі.

Аурудың өршуі және оның белгілері. Вирустың өніп-өсетін мекені эпителийлік клетка. Осы вирустың әсерінен эпителийлік клеткалар зақымдалып, өле бастайды. Олардың орнына зақымданғаннан кейін біртіндеп бос қуыстар пайда болады. Терідегі зақымдар оның үстіңгі қабықшасынан басталады да тереңдей береді. Клеткалардың бүлінуімең қатар тері қабықшасының мүйіздену процесі басіталады. Соның салдарынан тері бетінде тұтасқан қабыршақтар пайда болады.

Қабыршақтарға басқа микробтар (стрепто-, стафилококктар, некробактериоз микробы) енуі салдарынан іріңді жараға айналады. Ондай зақымдардың ішкі органдар мен буын қуыстарына да түсуі мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі 2-12 күнге созылады. Жұғымтал сүйел ерінге, ауызға, тұяққа, теріге және жыныс органдарына түседі. Ерінге түскен сүйел езуді қызартып дақ салады, кешікпей олардың астына түйіншектер шығып, күлдіреуік бөртпеге айналып жарылғанда орнында тканьге жабысқан сүйел пайда болады. Мал арықтайды.

Ауру асқынбаса 2-4 аптадан соң сүйел сыпырылып түсіп, орны жетіліп кетеді, яғни бұрынғы қалпына келеді. Ауру зілді болғанда, қойдың бас терісіне сүйел қаптап кетеді, оған басқа микроб араласса ауру асқынып, үлкен жараға айналады. Бұл жағдайда мал әбден арықтап, ақырында өледі.

Жұғымтал сүйел ауызға өздігінен немесе ерін арқылы түсуі мүмкін. Аурудың бұл түрінде ауыздың ішіне, ұртқа, қызылиекке, тілге, таңдайға қызыл дақтар шығып, кейін ақшылдау бөртпеге айналады. Олар жарылғанда орнына бүлдірген сияқты бұжырлы қызыл эрозия пайда болады. Ауызға түскен сүйел жиі асқынып, жараға айналады.

Ауру қойдың көбінің тамағындағы, мойнындағы бездері зақымданады, денесінің қызуы көтеріледі. Мұндай малдың 80 проценті өледі. Жазылған қозылар көпке дейін оңалмайды.

Жұғымтал сүйелдің тұяққа түсетін түрімен көбінесе сақа қойлар мен қозылар ауырады. Сүйел тұяқтың ашасына, тұсаулығына, кейде сыңар аяққа немесе төрт аяққа бірдей түседі. Сүйел әуелі бөртіп шығып жарылады, оның орнына эрозия пайда болады. Процесс күшейген сайын, әлгі орындар жараға айналады. Содан кейін жарақат сіңірге, сүйекке жайылады. Мал қатты ақсайды, ауру бірнеше айға созылады.

Сүйел желінге, қынапқа, еркек малдың қамшысына да шығады. Кейде оның қынаптың ішкі кілегей қабығына да шығуы мүмкін. Ал кейде саулықтарда желінсау өршиді. Саулықтың қынабы іседі, қоймалжың ірің араласқан жалқаяқ ағады, ауру жеңіл өтеді де 2-4 аптада жазылып кетеді.

Ауруды анықтау. Жұғымтал сүйелді аурудың эпизоотологиясына, ауру белгілеріне және лабораториялық зерттеудің нәтижесіне сүйеніп анықтайды. Нақтылы анықтау үшін биологиялық сынау қолданылады. К. Н. Бучнев пен А. А. Росляков ұсынған электронды микроскоптық әдіспен ауруды бір тәулікке жеткізбей анықтауға болады. Жұғымтал суйелді қой күлінен, аусылдан, жегіден ажырата білу қажет. Күл бүкіл денеге жайылады, жедел өтеді, қозы көп өледі. Аусылда малдың еріні зақымданбайды, жегіде сүйел тәрізді өзгерістер теріде сирек кездеседі.

Емі. Жұғымтал сүйелге шалдыққан қойды емдеу үшін терінің зақымданған жерін 10 проценттік хлорлы цинкпен, йод тұнбасымен, 3 проценттік нафтан майына жасалған карбол қышқылының эмульсиясымен, 0,5 проценттік денатурат-спиртке ерітілген юглонмен, фурациллиннің бір проценттік спиртті ерітіндісімен тазартады.

Жарақат ерін мен желінге түскенде синтомицин эмульсиясын қолданады, ал қосымша некробактериоз пайда болғанда қозыларға биомицин қолдану қажет.

Сақтандыру шаралары. Жұғымтал сүйелден жазылған малда иммунитет пайда болады.

Біздің елімізде тірі вирусвакцина (К. Н. Бучнев, Г. И. Лопатников т. б.) қолданылады, ол малдың көпшілігінде 15 күннен кейін иммунитет құрады. Араға 1-2 апта салып екі рет егілген саулықтар сүйелге шалдықпайды.

Қойды жұғымтал сүйелден қорғау үшін ауру шыққан шаруашылықтан қой-ешкі әкелуге, ауру қойдың жайылымына сау малды жаюға, ауру мал тұрған қораға сау малды қамауға болмайды. Ауру білінген қойды оқшаулап қойып емдейді, мал азығы мен күтімін жақсартады. Малды қурайлы, тікенді, сояулы жайылымға жаймайды. Қой қорасын және оның төңірегін 4 проценттік күйдіргіш натрий немесе күйдіргіш калий ерітіндісімен дезинфекциялайды. Жұғымтал сүйел жылда шығатын жерде қой қоздар алдында қора-қопсыпы дезинфекциялайды.

Ауру шыққан шаруашылықтың қойына тірі вирустен жасаған вакцина егеді. Ол үшін құлақ терісін вирус жұққан скарификатормен тырналайды, бірақ оның орнын спиртпен не басқа дәрімен дезинфекцияламайды.

ЖҰҚПАЛЫ ЖЕЛІНСАУ

Желінсау - энзоотикалық түрде өтетін желін безінің шіріп, қабынатын ауруы.

Қоздырғышы. Желінсауды қоздыратын микробтың түрлері көп. Өте зілді желінсауды микрококкус маститидис гангренозе қоздырады. Ол кокк (шар) формалы, диаметрі 0,5-2,0 мкм, екі-екіден тіркеліп келтелене тізіліп, немесе шоғырланып жатады. Микрококк анилин бояуларымен және Грам әдісімен жақсы боядады. Қоздырғыш әдеттегі жасанды қоректерде жақсы өседі. Микробтың бір қатар штамдары агарда (қатты қорсктік затта) сары немесе алтын түстес пигмент құрайды.

Микробтың желінсауды қоздыратын екінші бір зілді түрі - Бактериум маститидис овис дейтін қозғалмайтын, спора мен капсула құрамайтын бактерия. Ол Грам әдісімен боялмайды, таяқша тәрізді, ұзындығы 1-2 мкм, қалыңдығы 0,5 мкм. Жасанды қоректерде (МПА және МПБ-да) нашар өседі.

Эпизоотологиясы. Желінсау індеті қой қоздату науқаны аяқталғаннан кейін 1-2 айдан соң кездеседі де, қой суалғанда тиылады. Желінсаумен қойдың кәрі-жасы бірдей ауырады. Індет бір шыққан шаруашылықта қайталай береді. Себебі жазылған малдың денесінде қоздырғыш ұзақ уақыт сақталады.

Бактериум маститидис овис жас қозыларда өкпе ауруларын қоздырады да, ол жиі қайталана береді. Сөйтіп өкпе ауруы желінсау індетінің шығуына да себеп болады.

Ауру қозыға енесінің сүтімен жараланған емшек, желін арқылы жұғады. Марқайған қозылар енесінің сүтіне жарымай, желінді, емшекті жұлмалап жара салады. Сүтке жарымаған қозы басқа саулыққа жармасып, енесінің ауруын оған жұқтырады. Ауру қой сауылатын болса сауыншының кір қолдары арқылы таралуы да мүмкін.

Азығы құнарсыз, күтімі нашар, ауа райы қолайсыз жағдайда және шала емделген қойлардың 90 проценті желінсаудан өліп қалады.

Аурудың белгілері. Желінсаудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 1-2 күнге созылады. Алдымен желіннің зақымданған бөлігі іседі, тығызданады, оны саусақпен басса ауырсынады. Ауырған желіннің терісі қызарады, қызады. Ісік шапқа және бауырға жайылады. Желіннен қан және ірің араласқан сүт шығады. Мал оттамайды, күйсемейді, тынысы тарылып ентігеді, денесінің қызуы 40,5-41,5 градусқа дейін көтеріледі, көзі жасаурайды. Ауру қой аяғын зорға басады, көбіне жатып қалады, желіні көгереді, қолмен ұстағанда суық болады. Желін ткані іріп, бөлшектеніп түсе бастайды, одан сасық иіс шығады, іріп түскен тканьнің жиегі жырым-жырым болады. Жараның іші сасық иісті жалқаяққа толады. Ауру зілді өтсе, желіннің зақымданған бөлегі түгелдей іріп түсіп қалады. Жараның ішінде ұйысқан қан тамырының шумағы көрінеді.

Ауруды бактериум маститидис овис қоздырса, желін іріп-шірімейді, тек бітеу жара шығады. Індетке шалдыққан мал арқасының, сауырының, екі бүйірінің жүні түседі, содан кейін ол 2-7 күнде өледі. Аурудан жазылғаң саулықтың желін жарасы көп уақытқа дейін бітпейді. Ондай қойдың сүті азаяды. Сондықтан олар бракқа шығарылады, етке өткізіледі.

Ауруды анықтау. Қоздағанына 3-4 ай болған саулықтың желіні ісіп ауырса және аурудың эпизоотологиясын ескерсе, желінсауды анықтай қою онша қиын емес. Дұрыс анықтау үшін зақымданған емшекті сауып, шыққан сүтті лабораторияда зерттейді. Желінсауды агалактия індетінен ажырату үшін онымен тек сақа ешкілер, лақтар, қозылар ауыратынын ескеру керек.

Емі. Аурудың алғашқы кезінде антибиотик пен сульфаниламил дәрілерін қатарынан пайдаланған жөн. Бицилин-3 антибиотигін 10—-0 мың ЕД мөлшерде стерилденген ас тұзының изотоникалық ерітіндісімен, бициллин-5-ті 750 мың ЕД мөлшерінде 8-10 мл 0,5 проценттік новокаин ерітіндісіне қосып бұлшық етке, ал дибиомициннің 30 проценттік глицерин немесе стерилденген қан сарысуымен ерітілгең 10 проценттік эмульсиясын 0,5-0,7 мл мөлшерінде малдың бір килограмм тірілей салмағына есептеп, тері астына егеді. 1-3 грамнан күніне екі рет норсульфазол ішкізеді. Желіннің бітеу жарасын шіріген тұсын тазартып, орнын дезинфекциялаушы ерітінділермен жуады.

Сақтандыру шаралары. Желінсау індетінен сақтану үшін қораны, ауланы әрдайым тазалап, дезинфекциялайды. Қойдың өрісін жиі ауыстырады, ауру саулықтарды қозыларынан бөліп емдейді. Жазыла бастаған саулықтарды отардан бөлек бағады. Қойды індеттен алдын-ала сақтау үшін қоздағаннан соң бициллин-5 препаратын 750-1500 мың ЕД мөлшерінде бұлшық етке егеді. Соңғы кезде Н. Г. Шатохин усынған адсорбтанған анатоксинді 5 мл мөлшерінде қой терісінің астына 3 рет егудің нәтижесі зор болып жүр.

СЕКІРТПЕ

Секіртпе қойдың ұлтабары мен ащы ішегінің кілегей қабығын қанталатып, қабындыратын, өлім-жітімге кенеттен душар ететін індет.

Қоздырғышы. Секіртпені Клостридиум септикум, Клостридиум оедематиенс тектес анаэробты тіршілік ететін микробтар өздерінің уытымен өршітеді. Бұл қоздырғыштар лабораториялық жануарларға өте жұққыш келеді. Олардың өлекселерінің қанынан секіртпе ауруының қоздырғышын табу оңай. Совет ғалымдары (К. П. Андреев, М. М. Фарзалиев, А. А. Волкова т. б.) қой секіртпесі кезінде Кл. септикум, кейде Кл. оедематиенс қоздырғышын бөліп алуға болатындығын анықтады.

Аурудың өршуі және оның белгілері. Аурудың өршу ерекшеліктері толық зсрттелмеген. Біраз байқауларға қарағанда қырау немесе қар басқан жайылымға жайылған қойлардың ауруға төзімділігі нашарлайды. Өйткені ондай кезде Кл. оедематиенс микробының өршуіне өте қолайлы жағдай туады.

Қой арасында бұл ауру жіті және созылмалы түрде кездеседі. Секіртпенің жіті түрінде ауру белгілері алдын-ала байқалмай жатып, қой құлайды да, 20-40 минуттың ішінде өліп қалады. Ал аурудың созылмалы түрінде қой денесінің қызуы көтеріліп, көзі қызарып, аузынан қанды көбік ағады, тісін қайрайды, іші кеуіп, тік ішегінен қан аралас сұйық ағады.

Егер ауруды Кл. оедематиенс микробы өршітсе мал қатты күйзеліп, қимылы баяулайды әбден әлсіреп, жем-судан қалады ұзақ уақыт жатып алады. Денесінің қызуы кейде 40,5-41 градусқа дейін көтеріледі. Аурудың осы сатысында қой бірнеше сағаттың ішінде өледі. Секіртпеде малдың нерв жүйелері зақымданады. Сондықтан ауырған қой секіреді, жан-жағына қарап алақтайды. Біраздан соң өзінен өзі құлап, аяқтары серейіп, мойны артына қайырылады да 4-12 сағаттың ішінде өледі.

Ауруды анықтау. Мал өлексесін тексергенде іші шектен тыс кеуіп кетеді, өлексенің сіреспесі жақсы білінеді, аузынан, танауынан қан аралас көбікті сұйық ағып жатады.

Көз, ауыз және танауының кілегей қабықтары көгеріп, тері асты шелі жалқаяқтанып, газ көпіршіктері кеулеп кетеді. Тамырдағы қан ұйымайды. Сойып қарағанда көмей, жұтқыншақ, кеңірдек қабықтарының қанталағаны, құрсақ және кеуде қуыстары сарғыш немесе қызғылт сұйыққа толып кеткені байкалады. Жүрек еті жұмсарған, талағы суланып езілген, бауырдың түсі саз түстеніп, тамырлары қанға толған, кей жерлері жараланған. Бүйрегі жұмсарып, ісініп бозарған. Қарыны жынға толы, ұлтабардың кілегей қабаты қанталап қабынып ісінген. Қойдың секіртпе індетін әдетте сол жердің эпизоотологиялық деректеріне, аурудың байқалуы, пайда болуы белгілеріне және бактериологиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып анықтайды.

Секіртпе ауруының белгілері пастереллез, жыбырлақ, топалаң ауруларына біршама ұқсайды. Ауруды анықтағанда осы аталған аурулардан ажырата білу керек. Пастереллез ауруында қойдың өкпесі қабынады. Микробтың денеге жайылу себебінен сепсис пайда болады.

Емі. Секіртпе тым жіті өтетін ауру болғандықтан ешқандай емнің пайдасы жоқ.

Аурудан сақтандыру шаралары. Бұл індеттің алдын алу үшін Ф. И. Қаган мең А. И. Қолесовтің қанықтырылған поливаленттік гидрототық аммоний вакцинасы керек. Ол қойдың жыбырлағына, секіртпеге және қозының анаэробтық іш өтуіне қарсы да кеңінен қолданылады. Вакцинамен араға 12-14 күң салып 2 рет егеді. Саулықтарға әуелі 2 мл, екінші рет 3 мл, 6 айдан асқан тоқтыларға 1-1,5 мл мөлшерінде еккен дұрыс.

Соңғы жылдары республикамыздың оңтүстік шығысында қой секіртпесіне карсы К. Р. Ургуев ұсынған қанықтырылған поливалентті анатоксин қолданылып келеді. Бұл вакцина қойдың клостридозына қарсы 5 миллилитрден арасына 20-25 күн салып, екі рет егіледі.

Ауру бідінісімен малды басқа жайылымға көшіріп, вакциналайды. Секіртпе жылда шығатын шаруашылықтың қойын жайылымға шығарда осылай емдейді. Бұл аурумен ауырған қойды союға, оның етін тағамға пайдалануға рұқсат етілмейді. Өлген малдың өлексесін терісімен бірге өртеп жібереді.

Ауру мал немесе өлексе жатқан орынды, пайдаланылған құрал-саймандарды, күтіп-бағу бұйымдарын күйдіргіш натрийдің 10 проценттік, тұндырылған хлорлы әктің 3 проценттік ерітіндісімен зарарсыздандырады.

БАҚАЙҚҰРТ

Бақайқұрт - қой мен ешкінің созылмалы түрде өтетін індеті. Ол көбінесе ылғалды жерлерде жиі кездеседі.

Қоздырғышы - Бактериадес нодозус (синоманы фузиформис нодозус) микробы. Оның ұзындығы 6-7, ені 0,6-1 микрондай болады. Екі ұшы жуандау, түзу не сәл иілген таяқша тәріздес. Ылғалды жайылымдар мен топырақта 40 күннен 2 айға дейін сақталады. Спора не капсула түзбейді. 60-90° ыстықта 1-5 минуттың ішінде жойылады. Ауру қоздырғышын зарарсыздандыруға қолданылатын дәрілер оны 15-20 минут аралығында жояды.

Ауырып жазылған малдың денесінде бұл микроб 3 жылға дейін сақталады.

Эпизоотологиясы. Бақайқұрт қоздырғышы төсеніштен, сол сияқты ауру қой жайылған жайылымнан т. б. жұғады. Аурудың жұғуының және өршуінің негізгі себептері: ылғал, сыз қоралар, жайылымдар, қой-ешкі жемшөбі құрамындағы микроэлементтердің аздығы, мысалы, кальций, фосфор тұздары мен витаминдердің жеткіліксіздігі. Бұл ауру көктемде, жаңбырлы күзде немесе жазда малды ойпанды жайылымға жайғанда, батпақты суаттан суарғанда, ыстық, лас қораға қамағанда тез тарайды. Бақайқұртпен барлық жастағы мал ауырады. Ал қозыларда ауру жеңіл түрде өтеді. Індет құрал-саймандар, малшылардың аяқ киімдері арқылы да жұға береді.

Аурудың өршуі және оның белгілері. Бұл індетке шалдыққан мал тұяғы шіріп, қопарылып түседі. Қоздырғыш терінің сірі қабығын ыдырататын фермент - протеаза бөліп шығарады. Ылғалдың әсерімен жұмсарған теріге қоздырғыш оңай енеді. Сондай-ақ ауруға шалдығуға мал бақайының зақымдануы да себеп болады. Індеттің жасырын кезеңі 3-5 күнге созылады. Ауруға шалдыққан қой аяғын әзер басып, ақсайды, қатты зақымданса аяғын көтеріп тұрады, бара бара тіпті жатып та қалады. Жарақаттанған жерінен ірің шығады. Тұяқтың сірі қабығы түсіп, сіңірлері мен сүйектерінің терісі жалаңаштанады, тұяқ пішіні өзгереді. Қой жүруден қалады, шығын болуы да мүмкін.

Ауруды анықтау. Ауруды эпизоотологиялық деректерімен сыртқы белгілеріне қарап анықтайды. Нақтылы анықтау үшін арнаулы бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Ол үшін зақымданған жерден алынған жұғындыны микроскоппен қарағанда ауру қоздырғышы анық көрінеді. Бақайқұрт ауруы жегі және аусыл індеттеріне ұқсайды. Жегі ауруында көбінесе іріңді немесе зілді жаралар болады. Аусылда қойлар жаппай ауырады. Аяқтың бақай ашасына түскен аусылдың көпіршікті жаралары тез жазылады, іріңдемейді.

Емі. Ауырған қойдың әр тұяғы хирургиялық жолмен емделеді. Оны жонып, ірің кеулеген жерлерін түгел ашып, мұқият тазартады. Ауру қой бөлек емделеді. Формалиннің 10 проценттік немесе тотияйынның 10 проценттік ерітіндісі құйылған цемент науаша үстінен малды айдап өтеді. Мұны 2-3 рет қайталау қажет. Содан соң қой 1-2 сағат құрғақ жерде ұсталады.

Егер ауру жегі індетімен ұштасса онда антибиотиктермен емделеді. Дибиомицин эмульсиясын тері астына (қойдың әр килограмм тірілей салмағына 30-50 мың ЕД мөлшерінде) бір дүркін немесе қойдың жамбас бұлшық етіне бір рет бициллин-3 (40-50 мың ЕД) егіледі. Жарақатқа пенициллин, биомицин немесе тетрациклиннен балық майына араластырылған эмульсия дайындап жағады. Оны 2-3 күн сайын жазылғанша қайталап отырады.

Аурудан сақтандыру шаралары. Осы мақсатта мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтау, мал күтімін жақсарту, құнарлы жемшөппен азықтандыру қажет. Малды тек індеті жоқ шаруашылықтардан ғана сатып алып 30 күн карантинде ұстайды. Аурудан сақтандыру үшін малды алдын-ала 10 проценттік формалин немесе 5 проценттік параформ ерітінділері құйылран астаудан өткізеді.

Тұяғы өсіп кетсе, пышақпен жонып қалпына келтіреді. Зоогигиеналық шаралар уақтылы жүргізіліп отырады. Шаруашылықта ауру байқалса карантин қойылады. Өлген қойдың терісі алынып, жеке кептіріледі де пайдалануға екі апта өткен соң ғана рұқсат етіледі. Лажсыздан сойылған малдың еті жарамсыз деп табылып өртеледі. Бақайқұрт шыққан қораны мұқият тазартып, 10 проценттік формалин ерітіндісімен және сөндірілген әкпен зарарсыздандырылады.

Құрал-саймандар 10 проценттік параформ ерітіндісімен зарарсыздандырылуға тиіс. Ауру шыққан өріске сау малды індет білінгеннен кейін екі апта өткен соң ғана жаюға болады. Ең соңғы мал аурудан айыққан соң бір ай өткенде шаруашылық бақайқұрт індетінен арылды деп саналады.

ҚОЙДЫҢ  ЖЫБЫРЛАҚ  АУРУЫ

Жыбырлақ ауруы - клостридиум перфрингенс тобындағы С және Д типтес микроорганизмдердің уытынан болатын, тез әрі кенеттен өрістейтін жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - клостридиум перфрингенс. Бұл микробтың барлық типі (А, В, С, Д, Е және Ғ) анаэробтар. Микроскоппен карағанда ұштары доғалданған, ұзындығы 4, 8, ені – 1-1,5 микрон, Грам бойынша оң боялатын таяқшалар түрінде кездеседі. Микробтың ерекше қасиетінің бірі - споралы түрге енуі.

Қоздырғыш сыртқы орта әсеріне мейлінше төзімді келеді. Микроб спора түрінде топырақта 3-4, суда 1 жыл, тері мен жүн арасында 2 жылдан астам уақыт сақталады.

Клостридиум перфрингенс микробын хлорлы йод, хлорлы әк, күйдіргіш натрий мен формальдегид ерітінділерімен зарарсыздандырады.

Микробтың Д типі С типіне қарағанда неғұрлым төзімдірек. Себебі олардың өз алдына бөліп шығаратын уытының құрамына байланысты. Бұл жағдай клостридиум перфрингенс микробының типтерін анықтауда аса маңызды болып табылады.

Микроб уытының бета және эпсилон уларының сыртқы орта әсеріне төзімділігі әр түрлі. Айталық, бета 60° ыстықта 15 минуттың ішінде уытын жоятын болса, эпсилон уыты 100° ыстыққа бір сағатқа дейін төзе алады. Өлген қойдың ащы шегінен алынған эпсилон уытын тоңазытқышта 1-2 жылға дейін сақтауға болады, ал бета уыты алғашқы бірнеше сағаттан соң-ақ залалсыз болып қалуы мүмкін.

Эпизоотологиясы. Бұл аурумен қозы, тоқты, саулық ауырады. Ауру Қазақстанның барлық аймағында кездеседі, соның ішінде оңтүстік шығыста көктем, күз айларында жиірек кездеседі.

Жыбырлақ індетінің қоздырғышы сыртқы ортаға осы ауру дан өлген мал өлексесі арқылы тарайды. Қөктемде оңтүстік-шығыс аймақтарда шытыр, жабайы жоңышқа сияқты шөптер өседі. Осы жайылымдарға жайылған қойдың жаппай іші кебеді де, жыбырлақ ауруынын, шығуына әкеп соқтырады. Жыбырлақ ауруының шығуына мал ішегінде өсіп-өнетін әр түрлі құрттарының (гельминттердің) болуы да үлкен әсер етеді. Әдетте гельминттер малдың ауруға төзімділігін кемітеді, сондай-ақ ішек қабырғасын жарақаттайды. Қоздырғышы микробтар уытының денеге таралуына ықпал етеді, сөйтіп қой ауруға шалдығады.

Жыбырлақ ауруын түбегейлі бір жерден тұрақты орын тепкен індеттердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені жайылымда, топырақта, мал қораларында ауру қоздырушы микробтар 2-3 жыл сақтала береді. Сондықтан бұл аурудың бірнеше жыл қатарынан кездесуі әбден мүмкін. Аурудың шығуы жердің оты мен ауа райына да байланысты.

Бұл індет күтімі жақсы қой арасында да ұшырасады. Жыбырлақпен күзде тоқтылардың көпшілігі, көктемде буаз және қоздаған саулықтар ауырады. Сонымен қатар жыбырлақ індетінің шығуына мал организміндегі физиологиялық өзгерістер, әсіресе күзгі, қысқы жайылымдарға көшіруге байланысты ас қорыту жүйесінің қызметі, буаздығы, жемшөп құрамы, ауа райы және т. б. әсер етеді.

Аурудың өршуі және оның белгілері. Табиғи жағдайда жыбырлақ ауруының қоздырғышы мал, адам денелеріне ұдайы түсіп отырады. Бірақ оның бәрі бірдей ауру тудыра бермейді. Олардың уытты микробқа айналуына қолайлы жағдай туса ғана мал жыбырлаққа шалдығады. Жоғарыда айтылғандай оған көп жағдайлар әсер етеді. Осындай сәтте қоздырғыш жедел өніп-өсіп у бөліп шығара бастайды. Қанға сіңген у тамырдың кілегей қабығын жаралап, зақымдайды. Одан организм клеткаларына сіңіп, бүкіл денені улайды. Уланған қойдың жүрек қызметі нашарлап, тынысы тарылады да ақыры өледі. Бұл ауру өте жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді.

Жыбырлақтың жасырын кезеңі қойдың ас қорыту жүйелерінің бұзылуына, денедегі қоздырғыштың аз-көптігіне және оның уыт бөлетін қабілетіне байланысты болады.

Өте жіті түрімен ауырған қой аяқ астынан өліп кетеді. Мәселен кешке жақын сау қой таңертең өліп жатады. Ауырған қойдың жалпы күйі төмендейді: денесінің қызуы өзгермейді. Бірақ тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді. Қой қатты қиналып құлайды, аяқтарын серпиді: денесі дірілдейді. Өлер алдында аузы-мұрнынан көбік ағады. Ауру белгісі білінгеннен кейін қой 2-3 сағат ішінде өледі. Жыбырлақтың жедел түрі 2-3 тәулікке созылады. Ауырған қой от-судан қалады, мәңгіреп бір орында ұзақ тұрады, әрең қозғалады. Кейде жайылғысы келіп шөпті жұлып алады да, шайнамастан басын салбыратып тұрып алады. Нерв жүйесі зақымданған қой беті ауған жаққа жүре береді, сүрінеді, құлап түсіп, тұра алмай қалады. Қол-сан еттері құрысады, қатты күшенеді, аяқтарымен жер тарпиды, аузынан сілекей ағады. Аяқтарын созып, басын бір жақ бүйіріне салып жатады. Сыртқы ортадағы айқай-шуды, басқа да жағдайларды сезбейді.

Жыбырлақтың созылмалы түрімен арық қойлар ауырады. Ауырған қой әлсірейді, оттамайды, асқазан қызметі бұзылады. Іші өтеді, қаны азаяды, көрінетін кілегей қабықтары сарғаяды, нерв жүйесі зақымданады. Аурудың бұл түрі 7-10 күн, кейде одан да көпке созылады.

Қазақстанда осы ауруды көп жылдар бойы зерттеген В. С. Анисимов мұның тырысқақ түрінің де болатынын анықтады. Аурудың бұл түрінде мал денесі аяқ астынан тырысып, бүрісе бастайды.

Ауруды анықтау. Жұқпалы жыбырлақтың клиникалық белгілері секіртпемен, топалаңмен және кейбір улы шөптермен уланғанмен ұқсас келеді. Сондықтан жұқпалы жыбырлақты анықтағанда сол аймақта кездесетін аурулар (эпизоотологиялық деректер, ауырған мал саны, түлігі, жасы, жыл мерзімі, аурудың басталуы және барысы, өлген мал саны), аурудың клиникалық белгілері, өлген малдың ішкі құрылысындағы патоанатомиялық өзгерістер, бактериологиялық және токсикологиялық зерттеулердің нәтижесі ескеріледі.

Жыбырлақтан өлген малдың іші кеуіп кетеді және өлексесі тез бұзылады. Аузы-мұрнынан көбікті сұйық ағады. Тері шелін тамырларын қан кернеген, іш пен кеуде қуысында көптеген сарысу жиналады. Жүрек еті жұмсарып, қанталайды. Өкпе ісінген, талағы сәл үлкейген, қанға толы бауыры жұмсарған. Жаңа өлген қойдың бүйрегі қанға толы, қабының асты қанталаған. Бірнеше сағат өткен соң бүйрек жұмсарып, болбырап қалады, оның сыртқы қабаты оңай сыпырылады.

Бактериологиялық анықтау өлген малдың жарақаттанған органдарынан және ісік сарысуларынан қоздырушы микроб бөліп алуға негізделген. Ол үшін өлген малдың бауырынан, талағынан (көкбауыр), бүйрегінен кесінді немесе бүтіндей алып глицерин құйылған ыдысқа салып лабораторияға жіберіледі.

Жыбырлақты секіртпеден, топалаңнан және өзге аурулардан ажырата білу керек. Секіртпеден өлген қойдың ұлтабары зақымданады, бауырының әр жері іриді. Топалаңнаң өлген қойдың аузынан, мұрнынан және тік ішегінен ұйымаған қан ағып жатады, өлексе сіреспейді және көкбауырының көлемі 3-4 есе ұлғайып, ісіп кетеді.

Емі. Жыбырлаққа шалдыққан малды алдымен гипериммунды қан сарысуымен емдейді. Аурудың өте жіті және жіті түріне шалдыққан қойды емдеудің пайдасы жоқ.

Аурудың созылмалы түрінде тетрациклинмен қоса жоғарыда көрсетілгендей қан сарысуың да қолданған тиімді.

Аурудан сақтандыру шаралары. Бұл індеттің алдын алу үшін Ф. И. Каган мен А. И. Колесов ұсынғаң қанықтырылған поливаленттік гидрототық эммоний вакцинасы қойдың жыбырлағына, секіртпеге және қозы тышқағына бірдей қолданылады. Вакцинаны арасына 12-14 күн салып 2 рет егеді. Саулық қойларға әуелі 2 мл, кейіннен 3 мл, ал 6 айдан асқан қозыларға 1 миллилитрден 1,5 миллилитрге дейін қолдануға болады. Соңғы жылдары республикамыздың оңтүстік-шығыс облыстарында қой шаруашылығында жыбырлақ ауруына қарсы К. Р. Ургуев ұсынған қанықтырылған поливалентті анатоксин вакцинасы қолданылып келеді. Осы вакцина қойдың басқадай клостридозына қарсы 5 мл мөлшерінде арасына 20-25 күн салып, екі рет егіледі. Бұл вакциналармен бұрын мал арасында ауру шыққан және ауру шығуы мүмкін немесе күдікті шаруашылықтардың саулықтары мен тоқтылары декабрь-январь айларында егіледі.

Әдетте ауруды болдырмау үшін жалпы мал дәрігерлік және арнайы шаралар жүргізіледі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-04-05 14:33:45     Қаралды-4110

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »