ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ, ландшафтық қабық, эпигеосфера-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның бәрі бір-бірімен жанасатын және әрекеттесетін Жердің қабығы. Оның құрамы мен құрылысы күрделі болады. Географиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекаралары шартты түрде ғана алынады. Оның атмосферадағы шегі стратопаузамен өтеді, өйткені оған дейін атмосфералық процестерге жер бетінің жылу әсері жетіп тұрады; литосферадағы шекарасы гипергенез облысының төменгі шегімен сәйкес келеді. Сонымея географиялық қабық мұхитта Жер бетінен 10-11 км-ге дейін төмендеп, гидросфераны түгелімен, жер қыртысының жоғарғы зонасы мен атмосфераның төменгі қабатын (қалыңдығы 25-30 км) қамтиды. Географиялық қабықтың ең үлкен қалыңдығы 40 км.
Жердің басқа қабықтарынан географиялық қабықтың сапа жағынан айырмашылығы төмендегідей: географиялық қабықтың жердегі және космостағы процестердің әсерімен қалыптасады; еркін энергияның әр түріне өте бай; алуан түрлі агрегат күйіндегі заттардың болуы, яғни заттардың еркін элементар бөлшек, атом, ион, молекуладан химиялық қосынды мен өте күрделі биологиялық денеге дейін агрегаттануы; Күннен келетін энергияның концентрациялануы; адамзат қоғамының болуы.
Географиялық қабықтыңтың негізгі заттай компоненттері - жер қыртысын құрайтын тау жыныстары, ауа массалары, су, топырақ жамылғысы мен биоценоз полярлық ендіктер мен биік тауларда жиналған мұз маңызды роль атқарады. Негізгі энергетикалық компоненттері - гравитациялық энергия, планетаның ішкі жылуы, Күн сәулесінің энергиясы мен космостық сәулелер энергиясы. Географиялық қабықтың төмендегідей маңызды ерекшеліктері бар:
1. Географиялық қабықтыңтұтастығы. Бұған оның құрамды бөліктерінің арасында зат пен энергияның үздіксіз ауысып тұруы себешпі болады.
2. Зат (және оған байланысты энергия) айналымының болуы. Ол бір процестің не құбылыстың қисапсыз көп қайталап тұруына және бұл процеске қатысатын заттың алғашқы көлемінің аздығына қарамастан бәрін қоса келгенде олардың тиімділігі жоғары болуын қамтамасыз етеді. Заттардың айналымы күрделі: олардың бірінде механикалық қозғалыс (атмосфера циркуляциясы, теңіз бетіндегі ағыстар жүйесі) болып жатса, екіншілерінде заттың агрегаттық күйі ауысып жатады (Жер шарындағы су айналымы), үшіншілерінде оган қоса химиялық трансформация да (биологиялық айналым) болып жатады. Бірақ бұл айналым мүлдем түйық нәрсе емес, оның бастапқы және соңғы сатыларындағы айырмашылықтар осы жүйенің дамуының дәлелі.
3. Белгілі уақыт ішінде әр түрлі процестер мен құбылыстардың ритмді түрде қайталанып тұруы. Бұл ритмділік негізінен астрономиялық, геологиялық себептерге байланысты. Тәуліктік (күн мен түннің ауысуы), жылдық (жыл мерзімдерінің ауысуы), ғасыр ішіндегі (климат, мұздық, көл деңгейі, өзен суының молдығы т. б. байқалатын 11 және 25-50 жылдық циклдер), ғасырдан асатын (әрбір 1800-1900 жылда суық ылғалды климат фазасының құрғақ және жылы климат фазасымен ауысуы), геологиялық (әрқайсысы 200-240 млн. жылға созылатын каледон, герцин, альпі циклдері) т. б. ритмдер бар. Зат айналымы сияқты ритмдер де тұйық нәрсе емес: ритмнің басында болған күй оның соңында қайталанбанды.
4. Әкзогендік және эндогендік күштердің өзара қарама-қарсы әрекетінің нәтижесінде тұтас жүйе болып саналатын географиялық қабықтыңүздіксіз дамуы. Бұл дамудың нәтижелері мен ерекшеліктері: а) құрлық пен мұхит бетінің, теңіз түбінің ішкі ерекшеліктері мен сыртқы пішініне қарай (ландшафтылар, геокомплекстер) учаскелерге бөлініп, территориялық жағынан даралануы, дифференциялануы, мұның өзі географиялық құрылымның кеңістіктегі өзгерісіне байланысты. Бұл дифференцияланудың ерекше формалары -географиялық зоналылық пен биіктік белдеулігі; ә) полярлық асимметрия, яғни Солтүстік, Оңтүстік жарты шарлардағы географиялық қабықтыңтабиғаты арасындағы айырмашылықтың айқын байқалатындығы. Бұл құрлық пен судың таралуынан (Солтүстік жарты шарда құрлықтың басым көпшілігінің орналасуынан), климаттан, жануарлар мен өсімдік дүниесінің құрамынан, ландшафт зоналарының сипатынан т. б. көрінеді; б) Жер табиғатының кеңістікте әр түрлі болуына байланысты географиялық қабықтың дамуының гетерохрондылығы (К. К. Марковтың пікірінше метахрондылығы). Осының салдарынан бір дәуірдің өзінде әр түрлі территориялар бір эволюциялық процестің әр түрлі сатысында болады, немесе бір-бірінен өзгеше дамиды (мыс., Жердің әр ауданында ертедегі мұз басу бір уақытта басталып, бірден тоқталған жоқ; бір уақыттың өзінде бір географиялық зонада климат құрғақ болса, басқаларында ылғалды болады т. б.).
Географиялық қабықты физикалық география зерттейді. Географиялық қабық идеясын тұңғыш рет П. И. Броунов (1910) пен Ғ. И. Аболин (1914) айтты. Географиялық қабықтерминін ғылымға енгізген және дәлелдеген А. А. Григорьев (1932).
Географиялық қабыққа ұқсас ұғым шетелдік география (А. Гетнер мен Ғ. Хартшорннын «жер қабығы», Г. Карольдің «геосферасы» т. б.) әдебиетінде де бар. Бірақ онда географиялық қабық табиғат жүйесі ретінде емес, тек табиғат және қоғамдық құбылыстардың жиынтығы есебінде қаралады.
Әдеб.: Аболин Р. И. Опыт эпигенологической классификации болот. «Болотоведение», 1914, № 3; Броунов П. И. Курс физической географии. П.,1917;Григорьев А. А. Закономерности строения и развития географической среды. М., 1966; Калесник С.В. Общие географические закономерности Земли. М., 1970; Марков К. К. Пространство и время в географии. «Природа», 1965, Л., 5.
Жарияланған-2021-08-09 13:38:12 Қаралды-11839
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина