АДАМНЫҢ БОЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛМАҒЫ - организмнің морфологиялық белгілерінің бірі. Ол антропологпя мен медицинада дененің басқа да өлшемдерімен бірге, адам тұлғасының сәйкестігін, дене дамуын, бітімін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады. Сонымен қатар, шашы, көзі, өңі, бет бейнесі, бас құрылысы т. б. дене құрылыс ерекшеліктерімен қоса қарағанда, адамның бойы нәсілдік белгілердің бірі болады. Адамның бойы балаларды жасы мен жынысына қарай бөлуде де маңызды роль атқарады. Жасына және жынысына байланысты. Адамның бойының өсу сатылары әр түрлі болады. -Мыс., әйелдерде 19-20, ерлерде 25-26 жастарда бойдың өсуі тоқтайды. Бұдан соң жасы 50-ден асқаннан кейін еркектердің де, әйелдердің де бойы әрбір он жылда 1-1,5 см шөгіп отырады. Адамның бойының өсуіне түрліше жағдайлар әсер етеді. Ересек адам бойынын орташа мөлшері: ерлерде 165 см, әйелдерде 154 см. Адамның бойының орташа мөлшерден кем не артық болуы көпшілік жағдайда әр түрлі аурулардың салдарынан болады. Адамның, әсіресе жас балалардың, дұрыс тамақтануы, ішер астың құрамы мен сапасы да бойдың өсуіне әсер етеді. Күнделікті тамақта витаминдер жетіспесе, немесе организм ашықса, не бір ауруға шалдықса, бойдың өсуі тоқталып қалады. Адамның бойының өсуі дене шынықтыруға, ой еңбегі мен дене еңбегін дұрыс ұштастыруға да байланысты. Сондай-ақ оған ішкі секреция бездері қызметінің де әсері болады.
Адамның салмағы. Дене дамуы мен денсаулығының негізгі көрсеткіші. Адам салмағы жасына, жынысына, биохимиялық, морфологиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ол организмнің дамуына қарай өзгеріп отырады. Мыс., орта есеппен бір жасар қыздың салмағы 9,2 кг, ұлдың салмағы 9,7 кг. 13-14 жастағы қыздардың салмағы сол жастағы ер балалардан ауыр болады. Ер балалардың 16-17-ге келгендегі салмағы өзімен құрдас қыздардан ауыр келеді. Орта есеппен, дені сау ерлердің салмағы 55-80 кг, әйелдердің салмағы 45-65 кг болады. Әр түрлі аурудың зардабынан, тамақтану режимінің бұзылуына т. б. жағдайларға байланысты адам салмағы артып не кеміп отырады.
Адам тұлғасы - белгілі бір әлеуметтік және табиғи жағдайларда қалыптасқан әр адамның өзіне тән анатомиялық және физиологиялық ерекшелігі. Адам тұлғасы (конституциясы) жөніндегі ғылымда бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарас бар. Кейбір ғалымдары (Э. Бауэр, Ю. Тандлер т. б.), Адам тұлғасы тек ата-бабасынан ұрпаққа берілген, өмір бақи өзгермейтін нәсілдік белгі деп есептейді. Олардың айтуынша, адам тұлғасына әлеуметтік және табиғи құбылыстар әсер етпейді. Сондықтан әр түрлі сырқаттар (рак, туберкулез) тұқым қуалайды да, ондай адамдардың үрім-бұтағы өснейді, кейбір халықтың саны аз болатыны содан деп түсіндіреді. Сөйтіп, капиталистік қоғамдағы еңбекші бұқараның ауыр тұрмысына байланысты болатын әр түрлі сырқаттарды сонымен бүркемелегісі келеді. И. М. Сеченов, И. П. Павлов, К. А. Тимирязев, И. В. Мичурин сияқты ғалымдарының еңбектерінде адам тұлғасына тұқым қуалаған белгілермен қатар, өмірде жүре қалыптасқан белгілер де әсер ететіні атап көрсетілген. Сондықтан адам тұлғасы езгермейді деп түсінуге болмайды. Мыс., адам бойының ұзын-қысқалығы тұқым қуалайды деуге болады, алайда ол бала кезіндегі кездесетін жағдайларға да (дене шынықтыруына, ішер асқа, үй тұрмысына т. б.) байланысты екені сөзсіз.
Белгілі совет ғалымы М. В. Черноруцкий адам тұлғасын үш түрге бөледі: бойшаң да талдырмаш, бұлшық еттері мен сүйектері нәзік адамдарды астениялық тұлғалыларға жатқызады; орта немесе одан да аласа бойлы, толықша, иығы кең, жауырынды келген адамдарды гиперстениялық тұлғалылар дейді; ал дене бітімі осы екеуінің аралығында деп саналған адамның тұлғасын нормастениялық деп атайды. Күнделікті кездесетін сыртқы орта факторлары (суық т. б. зиянды құбылыстар) әркімнің организміне өр қилы әсер етеді, яғни өрбір организм сыртқы факторларға өзінше жауап қайтарады. Акад. И. П. Павловтың айтуынша, бұл жағдай адамның орталық нерв жүйесіне байланысты. Сондықтан адам тұлғасын сипаттағанда нерв жүйесін еске алмай, тек кісінің сыртқы тұлғасына ғана қарайтын болсаң, оның мағынасы толың ашылмас еді. И. П. Павловтың ғылыми дерегі бойынша, адамның нерв жүйесінің сезімталдығы организмдегі екі түрлі процеске - тітіркену және тежелу процестеріне байланысты. Бұл жағдай адамның мінезіне де, сондай-ақ жоғары нерв қызметімен тығыз байланыста дамитын адам тұлғасына да әсер етеді.
Әдеб.:Богомолед А. А. Введение в учение о конституциях и диатезах. 2 изд., М., 1928.
Жарияланған-2021-01-27 17:13:10 Қаралды-2065
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану