UF

ПРОКАРИОТТЫ КЛЕТКАЛАР. ВИРУСТАР - ТІРШІЛІКТІҢ КЛЕТКАСЫЗ ФОРМАЛАРЫ

 

Прокариотты клеткалар құрылысының ерекшеліктері (бактериялар және көк-жасыл балдырлар). Эукариоттардың клеткаларына қарағанда прокариоттардың клеткаларында бірқатар органоидтар: митохондриялар,эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты болмайды. Бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың ядросы жоқ, олардың хромосомалары цитоплазмадан ядро қабықшасымен шектелмей, цитоплазманың ішіне еркін орналасады.

Бактериялардың мөлшері өте кішкентай: олардың ұзындығы 1-ден 10 мкм-ге дейін жетеді және пішіні алуан түрлі болады. Бактерия клеткасын сыртынан тығыз қабықша, ал кейбір түрлерінде оның сыртынан кілегейлі капсула қоршап жатады. Көмірсулардан тұратын қабықшаны плазмалық мембрана астарлап, ол цитоплазмаға тығыз жанасып жатады. ДНҚ клетка орталығындағы сакина пішіндес бір ғана хромосомаға шоғырланған.

Бактериялар клетканың екі бөлікке бөлінуі арқылы көбейеді; қолайлы жағдайларда кейбір бактериялар әрбір 20 мин сайын бөлінеді.

Бактериялардың адам үшін маңызы орасан зор. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының көптеген салалары түгелдей немесе ішінара бактериялар әрекетіне тәуелді болады. Этил және бутил спирті, сірке қышқылы, ацетон сияқты маңызды химиялық қосылыстар бактериялардың әрекеті есебінен түзіледі. Адам бактерияларды май, сыр, айран түрлерін, ашыған капуста және тағы басқа өнімдерді өндіру үшін пайдаланады. Қазіргі уақытта өндірістің жаңа саласы микробиология өнеркәсібі дамып келеді. Көптеген ферменттерді жемшөптік белоктарды, дәрі-дәрмектік препараттарды өндіру технологиясы бактериялардың тіршілік әрекетіне негізделген.

Сурет  - Бактерия (сол жақта) мен көк жасыл балдыр (оң жақта) құрылысының схемасы

Бактерия клеткаларында ферменттер мен биологиялық актив заттар, мысалы, антибиотиктер жиынтығы көп болады. Микробиология өнеркәсібінде арзан және оңай табылатын шикізаттардан бағалы өнімдер алу үшін бактерияларды пайдалану осыған негізделген. Өнеркәсіптегі және тұрмыстағы әртүрлі қалдықтармен ластанған суды биологиялық әдіспен тазартуда да бактериялардың атқаратын ролі аса зор. Алайда өте көптеген бактериялар дизентерия, іш сүзегі және т. б.ауруларды қоздыратындықтан, олар адамға, жануарларға және өсімдіктерге үлкен зиян келтіреді.

Сурет – Темекі теңбілінің вирусы және оның құрылысының схемасы

Сурет - Бактериофаг құрылысының схемасы

 

Бактериялар сияқты, көк-жасыл балдырлардың да қалыптасқан ядросы олардағы ДНК клетканың дәл ортасына, болмайды және тікелей цитоплазманың ішіне орналасады. Сондай-ақ оларда хлоропластар болмайды, ал ішінде хлорофилдері бар мембраналар тікелей цитоплазмада орналасады. Бұл организмдер клеткаларының қабықшасы көмірсулардан құралған және олар едәуір берік болады. Көк-жасыл балдырлар клетканың қақ жарылып. екіге бөлінуі арқылы көбейеді.

Көк-жасыл балдырлар алуан түрлі тұщы суқоймаларда, теңіздер мен мұхиттарда, топырақта кеңтаралған. Бұлар құрамында хлорофилл болатын өте ертедегі организмдер. Оларды жер қыртысының 3 миллиард жылдан астам уақыттағы қабаттарынан табады. Көк-жасыл балдырлар органикалық заттармен ластанған суқоймаларда тез көбейеді, сондықтан олар судың ластану дәрежесін анықтайтын индикатор болып есептелёді.

Вирустар. Тірі организмдердің клетка құрылысы болмайтын үлкен бір тобы тіршілік етеді. Бұл организмдер вирустар деп аталады (латынша «вирус» - у) және клеткалы пішіні жоқ тіршілік ететін организмдер болып саналады. Вирустарды жануарларға да, өсімдіктерге де жатқызуға болмайды. Оларды өте ұсақ болғандықтан электрондық микроскоппен ғана зерттейді.

Вирустар басқа организмдердің клеткаларында ғана тіршілік етіп, көбейе алады. Вирустар тірі организмдер клеткасынан тысқары жерлерде тіршілік ете алмайды және олардың көптеген түрлері сыртқы ортада кристалл формалы болады. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың клеткаларының ішіне енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Қызылша, тумаусұзек полиомиелит, шешек секілді аурулар адамның вирус ауруларына жатады. Өсімдіктерде болатын вирусты аурулардан темекі, асбұршак және басқа дақылдардың теңбіл ауруы белгілі, мұнда вирустар ауру өсімдіктердің хлоропластарын бүлдіреді жапырақтардың зақымданған жерлері түссізденіп калады.

Вирусты 1892 жылы орыс ғалымы Д. И. Ивановский ашты. Вирустардың әрбір бөлшегі ДНК-ның немесе РНҚ-ның шағын мөлшерінен, яғни белокты қабықшамен қоршалған генетикалық материалдан құралады. Бұл қабықша қорғаныш ролін атқарады.

Вирустардың құрылысын темекі теңбілі мен бактериофагтар мысалында қарастырып көрейік. Темекі теңбілінің вирусы жеке бөлшектер формасында тіршілік етеді, олардың әрқайсысы таяқша пішінді, іші қуыс цилиндр тәрізді болады. Цилиндрдің қабырғасы белок молекулаларынан түзілген, ал осы белокты қабықшаның ішінде спираль пішінді бұралып жатқан РНК созындысы орналасады. Темекі жапырақтарында вирус бөлшектерінен алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзіледі, оны жарықтың көмегімен көрсететін микроскоп арқылы көруге болады.

Сол сняқты бактерия клеткаларына қоныстанатын вирустар да белгілі. Олар бактериофагтар немесе фагтар (грекше: «фагос» - жебір) деп аталады. Бактериофагтар бактерия клеткасын бүтіндей жойып жібереді, сондықтан оларды бактериялық ауруларды, мысалы дизентерия іш сүзегін, тырысқақты емдеуге пайдалануға болады.

Ішек таяқшасына қоныстанатын бактериофагтың құрылысын қарастырайық. Мұндай бактериофагпішіні жөнінен итшабақты еске түсіреді. Бактериофагтың денесі бастан, құйрықшадан және бірнеше құйрықша өсінділерінен құралады. Басы мен құйрықшасын белокты қабықша қаптайды. Басының ішінде ДНК бар, ал құйрықша ішінде өзегі болады. Бактериофаг ішек таяқшасының клеткасына өтеді. Ол алдымен оның сыртқы бетіне бекінеді де, сол жабысқан жерінде бактерияның қабықшасын ерітіп жібереді. Бұдан соң бактериофаг ДНК-сы бактерия клеткасына бүркіледі. Осыдан кейін бактериофаг жұққан ішек таяқшасында бактерияның өз ДНК-сы емес, бактериофагтың ДНҚ-сы синтезделе бастайды да, ең ақырында бактерия тіршілігін жояды.

Вирустардың құрылысы оларды клеткасыз организмдер деп есепгеуге негіз береді.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.126-127.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-09 17:27:47     Қаралды-2150

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »