UF

СУРИНАМ (Suriname) - Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тәуелсіз мемлекет. Батыс жағында Гайанамен, оңтүстігінде Бразилиямен, шығысында Француздық Гвианамен шектеседі. Солтүстік бөлігі Атлант мұхитымен шайылады. Жері 163,3 мың км2. Халқы 575,9 мың (2019). Астанасы - Парамарибо қаласы.

Табиғаты. Суринамның жер бедері солтүстік жағында ойпатты, батпақты, оңтүстігінде таулы қыратты келеді. Солтүстік жағалауын кейде теңіз суы басады. Оңтүстігін Гвиана таулы қыратының сілемдері алып жатыр. Ең биік жері - елдің орталық бөлігіндегі Вильгельм тауы (1280 м). Геологиялық құрылымы жөнінен Суринам территориясы Оңтүстік Америка платформалық көтеріліміне сәйкес келеді. Неогендік-төрттік тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде мұнда шұғыл көтерілулер және күшті жарылыстар пайда болды, сөйтіп елдің қазіргі рельеф пішіні қалыптаса бастады. Платформаның архейлік саналатын негіздік қабаттары кейде Жер бетіне шығып жатады немесе бетке өте жақын орналасқан.

Ескі кристалдық жыныстар бетіне континенттік шөгінділер шоғырланған. Ойыс жерлер палеозойлық, мезокайнозойлық жыныстар қабатымен толған. Пайдалы қазындылары - боксит, алтын, мұнай, платина, никель. Климаты субэкваторлық, ыстық және ылғалды келеді. Ауанық орташа айлық температурасы 26-28°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2300-3000 мм. Жер беті ағын суына бай. Өзендері негізінен солтүстікке қарай ағады; бастылары - Корантейн, Коппенаме, Суринам, Марони. Көпшілік езендерінің төменгі ағыстық бөліктеріне кеме жүзеді. Өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің түрлеріне өте бай келеді. Тропиктік қызыл және сазаналық қызыл қоңыр топырағында экваторлық орман және саванна басым өседі. Кең танау маймылдар, құмырсқа жегіштер, ергежейлі бұғы, нанду түйеқұсы т. б. мекендейді. Өзендері және солтүстік теңіздік бөлігі балыққа бай.

Халқының басым көпшілігі жергілікті үндістер, креолдар және мулаттар; бұлар елдің жалпы тұрғындар санының 67,8%-і. Бұлармен аралас индонезиялықтар, қытайлар, негрлер, европалықтар да тұрады. Діни нанымдары жөнінен католик, протестант, индуистер, мұсылмандар кездеседі. Ресми тілі - голланд тілі. Еңбек етуші халықтың көпшілігінің (55%-і) кәсібі - ауыл шаруашылық. Халық елдің солтүстік жағында тыгыз қоныстанған.

Тарихи анықтама. Суринам территориясын алғаш испан теңізшісі Алонсо де Охеданың экспедициясы 1499 жылы зерттеді. 16 ғасырдың басында нидерланды көпестері келе бастады. Содан ел Нидерланды Гвианасы деп аталды. 1551 жылы олар Суринам өзені сағасына қоныс салды (мемлекеттің «Суринам» деген екінші атауы осыдан шыққан). 1593 жылы испан королы Филипп II Суринамды өз иелігі деп жариялады. 1630 жылы ағылшындардың әскери экспедициясы басып кіріп, испандықтарды ығыстырды. Европа отаршылдары Суринамды жаулап алғаннан кейін, оның территориясына негр-құлдарды көптеп әкелді. 17 ғасырдың орта шенінен бастап елде плантация шаруашылығы (темекі, қант құрағы т. б.) өркендей бастады. 1651 жылы ағылшын үкіметі Суринамда алғашқы губернаторды тағайындады. 1667 жылы Суринамды голландықтар жаулап алды. Голланд отаршылдары 2-дүние жүзілік соғыстан бұрын және одан кейін де шетке шығаратын ауыл шаруашылық дақылдарын (кофе, темекі, цитрус т. б.) ондіруге баса көңіл бөлді. 1959 жылғы Нидерланды конституциясы бойынша Суринам «Нидерланды корольдығының автономиялық бөлігі» болып саналды.

1975 жылы 25 қарашада Суринам тәуелсіздік алды, 1976 жылы наурызда елде барлық басқарушы партиялар мен оппозициялар арасында қол жеткен келіс сөздер негізінде парламенттік сайлау өткізілді.

Шаруашылығы. Экономикасының негізі - ауыл шаруашылық және тауен өндірісі. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің 65%-іне жуығы әлі голландық жер иеленушілер қарамағында. Жалпы егістік жері 44 мың га. Басты дақылы - күріш (жалпы егістіктің 75%-ін алады). Қант құрағы, жүгері, кофе, цитрус жемістері, банан өсіріледі. 1974 жылы жиналған ауыл шаруашылық өнімдері (мың т): күріш 150, қант құрағы 190, банан 40, көкөніс 3, кофе 0,3, цитрус жемістері 11. Орталық және оңтүстік жағында мал шаруашылығының үлесі басым. Мал басы (1974, мың есебімен): мүйізді ірі қара 43, қой және ешкі 7, шошқа 9, құс 728. Елде 1974 жылы 3,4 мың т балық және 4,5 мың т креветка (шаянның түрі) ауланды; 230 мың м3 ағаш дайындалды.

Жалпы ұлттық өнімнің 31,2%-і таукен өндірісінен түседі (1974). Суринам капиталистік елдер арасында боксит өндіру жөнінен 2-орын алады. Боксит өндіру және алюминий қорыту өнеркәсібі АҚШ, Нидерланды, Франция компанияларының қолында. 1974 жылы елде 7 млн. т боксит, 38 кг алтын, 53,8 мың т алюминий, 1974 жылы 1,5 млрд. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Өнеркәсіп орындарынан қант өндіру, жеміс және көкөніс консервілеу, аяқ киім тігу, мебель жасау, креветка өңдеу кәсіпорындары бар. Жүк тасымалында автомобиль және су транспортының үлесі басым. Автомобиль жолы 1300 км. Ірі порты - Парамарибо. Темір жолы 200 км-дей (астана атырабында). 1973 жылғы экспорты 319 млн. суринам гульденіне, импорты 281 млн-ға жетті. Басқа елдерге Суринам боксит, глинозем, алюминий, тақтай, қант, күріш, цитрус жемістері, кофе, какао, банан және креветка шығарады. Өзі азық-түлік, жанар май, автомобиль, құрал-жабдықтар, өндірістік шикізат әкеледі. Сыртқы саудадағы басты серіктестері - АҚШ және Европа экономикалық ынтымақ елдері. Ақша өлшемі - суринам гульдені.

Әдеб.: Джем С.П. Латинская Америка. –М., 1974.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-06 12:53:08     Қаралды-2460

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »