КОСТА-РИКА, Коста-Рика республикасы (Rерubliса dе Соstа Rіcа) - Орталық Америкадағы мемлекет. Солтүстігінде Никарагуамен, шығысында Панамамен шектеседі. Солтүстік-шығысы - Кариб теңізі, оңтүстік-батысы - Тынық мұхит. Кұрамына Кокос аралы кіреді. Жері 50,7 мың км2. Халқы 5,1 млн. (2020). Астанасы - Сан-Хосе қаласы. Әкімшілік жағынан 7 провинцияға бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Коста-Рика - республика. Қазіргі конституциясы 1949 жылы қабылданған. Мемлекеттік және үкімет басшысы - президент. Ол жалпыға бірдей төте сайлау жолымен 4 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы - Заң шығарушы жиналыс. Оның 57 депутаты бар. 18 жасқа толған азаматтар сайлау правосымен пайдаланады. Сот жүйесі Жоғарғы сот және басқа да соттардан құралады.
Костарикалықтар - Коста-Риканың негізгі халқы. Жергілікті ерекшеліктері бар испан тілінде сөйлейді. Дін жолын ұстаушылар негізінен католиктер. Костарикалықтардың арғы тегі аздап ундістер мен негрлер араласқан 16-17 ғасырдағы испан қоныс аударушылары. Орталық Американың көрші халықтарына қарағанда мұнда будандар анағурлым аз. Костарикалықтар егіншілікпен (кофе) айналысады. Қалаларда ұсақ өнеркәсіп орындарында, сауда, колөнер кәсіпшілігінде жұмыс істейді. Костарикалықтар мәдениеті испан мәдениетіне жакын: ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеті өте бай.
Табиғаты. Көпшілік жерін Кордильера-де-Гуанакасте, Орталық Кордильера (Ирасу, Поас сөнбеген вулкандары бар) және Кордильера-де-Таламанка жоталары алып жатыр. Ең биік жері - Чиррипо-Гранде тауы (3820 м). Теңіз жағалаулары ойпатты келеді.
Пайдалы қазындылары - темір рудасы, мұнай, боксит, алтын, күміс және кукірт. Климаты субэкваторлық. Ойпатты бөлігінде қаңтардың орташа температурасы 23°С, шілдеде 25°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері шығысында 3000 мм, батысында 1000-1500 мм. Өзендерінің ағыны қатты (ірілері: Сан-Хуан, Рио-Фрио). Территориясының 2/3-сі орман және саванна (пальма, қызыл және ал қызыл ағаштар өседі). Маймыл, ягуар, жайра т. б. кездеседі.
Халқының көпшілігі костарикалықтар; олардан басқа негрлер, будандар, үндістер тұрады. Ресми тілі - испан тілі. Дінге сенушілердің көбі - католиктер. Еңбек етуші халықтың жалпы саны - 530 мың (1971). Қала халқы 36,5%; ірі қалалары - Сан-Хосе (211,2 мың адам 1971), Лимон, Пунтаренас.
Тарихы. Испан жаулаушылары келгенше қазіргі Коста-Рика жерін сан алуан үндіс тайпалары мекендеді. 1502 жылы оны Колумб ашты. 1513 жылдан испандар жаулай бастады. 16 ғасырдың 60 жылдары испандар оны толық отарлап, қарсылық көрсеткен жергілікті халықты түгелдей дерлік қырып жіберді. 1560 жылы Коста-Рика Гватемала генерал-капитандығының құрамына енгізілді. 17-18 ғасырларда елдің орталық аймақтарына қоныс аударған испан шаруаларының майда жер иеліктері пайда болды. 1821 жылы 15 қыркүйектер, Америкадағы испан отарларының тәуелсіздік жолындағы соғысы (1810-1826) кезінде Коста-Рика тәуелсіздік алды. 1822 жылы Коста-Рика испандық Итрубид империясының, 1823-1838 жылдар «Орталық Американың біріккен провинциясы» федерациясының құрамына енді. 19 ғасырдың 1-ширегінде Коста-Рикада алғашқы саяси партиялар пайда болды. 50 жылдардың аяғынан Коста-Рика экономикасы тез өркендеді. Экспортқа шығарылатын кофе мен банан өндіріле бастады. 70 жылдары Коста-Рикаға шетел капиталы ене бастады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Коста-Рика жерін американдық «Юнайтед фрут компани» монополиясы басып алды. 20 ғасырдың 30 жылдарынан бастап Коста-Рикада жұмысшы қозғалысы қанат жайды. 1931 жылы Коммунистік партияның негізі қаланды (1943 жылдан Коста-Рика халықтық авангард партиясы). Халық қозғалысының өршуі Р. Кальдрон Гуардия үкіметін 1942 жылы кейбір прогресшіл шаралар қабылдауға мәжбүр етті (еңбекшілердің өз ұйымын құруға, ереуіл жасауға т. б. ерікті болуы). 1943 жылы Коста-Рика еңбекшілерінің конфедерациясы құрылды, тұңғыш еңбек кодексі қабылданды. 1944 жылы 8 мамырда Коста-Рика мен СССР арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Елдің президенттері - Гуардия мен Т. Пикадоның «жаңа әлеуметтік саясаты» жергілікті реакцияның және оны қолдаған солтүстік-американ монополиясының қарсылығына тап болды. Соның салдарынан туған азамат соғысы (1948) демократияшыл күштердің жеңілуімен аяқталды. Коста-Рика Халықтық авангард партиясы мен Еңбекшілер конфедерациясы заңнан тыс деп танылды. 1959 жылдың аяғы мен 1960 жылдың басында өткен жұмысшылардың Коста-Рика тарихындағы аса ірі ереуілі жеңіспен аяқталды. Ереуіл барысында көтерілісшілерге жәрдем көрсететін ұлттық комитет құрылды; кейінірек ол Ұлттық ынтымақ комитеті болып қайта құрылды. Бұл ұйым АҚШ монополиясының үстемдігіне қарсы демократия және халықтың әл-ауқатын арттыру жолында күрес жургізді. Осы және басқа прогресшіл ұйымдарға тыйым салуға тырысқан үкімет әрекеті (1963 жылы қыркүйек) сәтсіздікке ұшырады. 1960 жылы Аграрлы реформа үшін ұлттық курес комитеті құрылды.
Коста-Рика 1963 жылы 7 тамызда ядролық қаруды ауада, космос кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу жөніндегі Москва шартына қол қойды. 1970 жылы елдің президенті қайтадан X. Фигерес болды.
1970 жылы Коста-Рика үкіметінің бірқатар шетел компанияларымен катынасы шиеленісе түсті. Үкімет АҚШ-қа тәуелділіктен арылып, социалистік елдермен қатынасын жақсартуға күш салуда.
Негізгі саяси партиялары мен кәсіподақтары. Ұлт-азаттық партиясы (ҰАП), билеуші партия, 1945 жылы құрылды. Ұлттық бірлік партиясы (ҰБП), ірі өнеркәсіп-финанс буржуазиясы мен латифундышылар өкілдерін біріктіреді, АҚШ монополиясымен байланысты. 1965 жылы негізі қаланды. Ұлттық тәуелсіз партия (ҰТП), 1971 жылы құрылды. Ең реакцияшыл партия, буржуазия мен латифундышылардың оң қанатын біріктіреді. Коста-Рика Халықтық авангард партиясы (ХАП), 1931 жылы құрылды, коммунистік партия, 1943 жылдан осылай аталады. Социалистік қимыл партиясы (СҚП),1969 жылы құрылды, прогресшіл партия. Коста-Рика еңбекшілерінің жалпыға бірдей конфедерациясы, 1952 жылы құрылды. БКФ Коста-Рика еңбекші демократтарының конфедерациясы, 1943 жылы құрылды.
Халық шаруашылығы. Коста-Рика - мешеу қалған аграрлы ел. Экономикасында АҚШ капиталының, әсіресе оның «Юнайтед фрут компани» компаниясының ықпалы кушті. Бұл компания қожаларына Коста-Риканың 500 мың га құнарлы жері, темір жолының жартысы, кейбір теңіз порттары (Кепос, Гольфито), сауда кемелері, банан және какао экспорты қарайды.
Ауыл шаруашылығы. Елдегі еңбек етуші халыктың жартысынан астамы ауыл шаруашылығымен айналысады. Өте шағын шаруашылыктардың үлесі басым. Басты экспорттық дақылдары (1971 жылғы өнімі, мың т-ға): кофе 100 (букіл экспортынын 50%-і), банан 1100 (экспортынын 30%-і), какао 3,4, қант қамысы 196. Ішкі өз муқтажын өтеу ушін жүгері, куріш, лобия егеді. 1970 жылғы мал саны (мың): мүйізлі ірі қара 1417, шошқа 185, жылқы 108, қой 1, есек және қашыр 7,5. Балық аулау дамыған.
Өнеркәсібінің негізгі салалары - тамақ, мата тоқу және аяқ киім тігу өндірістері. Шетел капиталының кушімен ашылған автомобиль кұрастыратын, цемент шығаратын шағын зауыдтар бар. Тау-кен өндірісі негізінен алтын, күміс өндіреді. 1971 жылы 1,1 млрд. квт/сағ эпектр энергиясы алынды. Электр станцияларының көбі АҚШ-тың «Электрик бонд энд тейр» компаниясының қарамағында. Ең ірі өнеркәсіп орталығы - Сан-Хосе.
Транспорты. Темір жолының жалпы ұзындығы 1381 км (оның 716 км-і «Юнайтед фрут компани» компаниясының қарамағында. 1972), тас жолы 20,6 мың км (1971) Коста-Рика арқылы Панамерикан тас жолы өтеді. Сырткы сауда катынасы теңіз жолымен жеткізіледі. Басты порттары - Лимон (Кариб тенізінде), Пунтаренас (Тынық мухитта).
Сырткы сауда айналымының 40%-і АКШ-тың улесіне тиеді. Коста-Рика баска елдерге ауыл шаруашылық өнімдерін (кофе, банан, какао) шығарады, өзі азык-түлік, өнеркәсіп буйымдары мен машиналар, отын сатып алады. Ақшасы - колон.
Денсаулық сақтау ісі. 1970 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы – 33,8, адамның өлімі – 6,6; тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені – 67,3. Адам өмірінің орташа ұзақтығы - 66 жас. Елде безгек, висцеральді лейш- маниоз, дене қызбасы, бруцеллез, полиомелит, амёбиаз, түйнеме, дизентерия т. б. аурулар таралған. Коста-Рикада турғын халықка медициналық көмек жартылай ақы төлеумен көрсетіледі. 1970 жылы 7 мың төсектік 48 (мың аламға 4 тесек) аурухана болды. Елде 1960 жылы 935 дәрігер (1,9 мын турғынға 1 дәрігер) жұмыс істеді. Дәрігерлерді Сан-Хоседегі университеттің медициналық факультеті дайындайды. 1968 жылы мемлекеттік бюджеттің 1,3% денсаулық сақтау ісіне бөлінді.
Оқу-ағарту ісі. 1944 жылғы заң бойынша 7-14 жастағы балаларға міндетті бастауыш білім енгізілген. Бірақ мектеп жасындағы балалардың жартысына жуығының оқуға мүмкіндігі жоқ. Мектепке дейінгі мекемелерде 5-6 жастағы балалар тәрбиеленеді (6412 бала; 1967). Бастауыш мектептер қалада 6-5 жылдық селода 1-4 жылдық. Бастауыш мектептердің көпшілігі мемлекеттік қарауында. 1971 жылы бастауыш мектептерде 364,9 мың оқушы оқыды; Орта мектеп 6 жылдық, 2 циклді жалпы білімділік және дифференцифті. 1971 жылы орта мектептерде 77,7 мың оқушы болды. Орта мектептердің едәуір тобы шіркеу қарауында. Кәсіптік оқу орындарында оқу ақылы. 5 жылдық мерзімді колледждер 6 жылдық бастауыш мектептер негізінде жұмыс істейді. 1971 жылы кәсіптік мектептерде 7 мың оқушы оқыды. Бастауыш мектеп оқытушыларын 2 жылдық қалыпты мектептер, орта мектеп оқытушыларын университет даярлайды. Жоғары білімді Сан-Хоседегі Коста-Рика университеті береді, онда 1971 жылы 7,2 мың студент оқыды. Оқу ақылы. Сан-Хоседе Ұлттық кітапхана (1888 жылы құрылған, кітап қоры 175 мың дана), Ұлттық музей (1887), университеттің бейнелеу өнері факультетінің галереясы бар.
Әдеб.: Народы Америки. т. 2. –М., 1959; Романова З. И. Коста-Рика. М., 1968: Гонионский С.А. Очерки новейшей истории стран Латинской Америки. М., 1964; Народы Америки. т. 2. М., 1959, с. 179-187.
Жарияланған-2020-09-04 17:25:53 Қаралды-1496
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану