UF

Табиғи-климаттық және технологиялық факторлардың мал азығының құнарлылығына тигізетін әсері

МАЗМҰНЫ

 

 

Белгілеулер мен ҚЫСҚАРТулар...............................................

 

 

Кіріспе..................................................................................................

 

1

Әдебиетке шолу.............................................................................

 

1.1

Табиғи-климаттық факторлардың жайылым отының өнімділігіне, химиялық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері..........................

 

1.2

Мал шаруашылығына сапалы жүгері сүрлемін дайындау технологиясы..........................................................................................

 

1.3

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ континенталды климаттық жағдайында сапалы пішен дайындау технологиясының ерекшеліктері..........................................................................................

 

1.4

Мал азығының биологиялық құндылығы: химиялық құрамы, желінуі мен қорытылуы; энергетикалық, протеиндік, көмірсулық, липидтік, минералдық және витаминдік құнарлылығы.....................

 

2

Негізгі бөлім.....................................................................................

 

2.1

Ғылыми-зерттеу нысандары мен әдістемелері....................................

 

2.2

Табиғи-климаттық және технологиялық факторлардың жайылым отының қоректілігіне тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері................

 

2.2.1

Климаттық факторлардың жайылым отының өнімділігіне, химиялық құрамына, желінуіне, қорытылуына, қоректілігіне тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері.....................................................

 

2.2.2

Жыл жағдайына байланысты қаракөл саулықтарының жайылымда қоректік заттармен қамтамасыз етілуін зерттеу нәтижелері...............................................................................................

 

2.2.2.1

Қозысыз (бойдақ) саулықтардың жайылымда қоректік заттармен қамтамасыз етілуі...................................................................................

 

2.2.2.2

Буаз саулықтардың жайылымда қоректік заттармен қамтамасыз етілуі........................................................................................................

 

2.2.2.3

Қозылы саулықтардың жайылымда қоректік заттармен қамтамасыз етілуі...................................................................................

 

3

Жүгері сүрлемін консервациялау технологиясын зерттеу нәтижелері.....................................................................

 

4

Оңтүстік өңірінің құрғақ континенталды климаттық жағдайында сапалы пішен дайындау технологиясын зерттеу нәтижелері.................................

 

 

қорытынды........................................................................................

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................

 

 

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

СК             – скирдтің көлемі, м3

СБ              – скирдтің белдеуі, м

СЕ              – скирдтің ені, м

СҰ              – скирдтің ұзындығы, м

АЭЗ            – азотсыз экстрактивті заттар

МДж                   – мегаджоуль

АЭ              – алмасу энергия, МДж

ЖЭ             – жалпы энергия, МДж

БЭ               – брутто энергия, МДж

ҚЭ              – қоректік заттар энергиясы, МДж

ҰМҚ           – ұшпалы май қышқылы

ҚЗ              – қорытылған зат       

ҚК              – қорыту коэффициенті

ҚПҚ           – қантпротеиндік қатынас

қП              – қорытылған протеин

қМ              – қорытылған май

қЖ              – қорытылған жасұнық

МЕМСТ     – мемлекеттік стандарт

Ккал           – килокалория

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Ауыл шаруашылығы малдарын толыққанды азықтандырудың алғы шарттарына жемшөп қорының жеткілікті болуымен қатар, оның қоректілігі – биологиялық құндылығы, жануарлардың өсіп-дамуын, көбеюін, жоғары өнімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Мал азығының биологиялық құндылығын толық сипаттау үшін оның энергетикалық құнарлылығымен қатар, жемшөптің протеиндік, аминқышқылдық, липидтік, көмірсулық, минералдық, витаминдік, биологиялық әсерлі заттардың мөлшері мен ара қатынасы (тепе-теңдігі) есепке алынады. Өйткені алмастыруға болмайтын аминқышқылдар жануарлар организмінде түзілмейтін болғандықтан олар міндетті түрде желінетін жемшөп құрамында болуы тиіс. Азық рационындағы протеиннің биологиялық құндылығы қорытылған энергетикалық қоректік заттардың ара қатынасы – 1 : 6 -8, ал кальций мен фосфордың қатынасы – 2 : 1 болған жағдайда нормалық тепе-теңдік деп есептелінеді. Сондықтан организмдегі зат алмасу процесі қалыпты жағдайда өтіп, жануарлардың тіршілігін және өнім өндіруге қажетті қоректік заттардың жеткізіліп отырылуы жемшөптің химиялық құрамына, сапасына байланысты болады [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7].

Мал азығының сапасы өсімдіктің түріне, өсетін жеріне, топырағының құнарлылығына, агротехникасына, жемшөпті дайындау, сақтау технология-сына байланысты өзгеріп тұратыны белгілі. Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймақтарының ыссы, өткір континенталды табиғи-климаттық жағдайында сапалы жемшөп қорын жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар [8, 9, 10, 11, 12, 13, 14].

Оңтүстік өңірінің негізгі жемшөп қоры табиғи жайылым. Жайылымның жалпы көлемі 3,2 млн. га. Оның 2/3 бөлігі шөл аймақтарына тиесілі. Шаруаға қолайлы жылы ауыл шаруашылық малдары жыл бойы жайылып, қоректік заттардың 75-80% жайылымнан алады. Сондықтан маусымдық жайылым отының биологиялық құнарлылығын зерттеу бірінші реттегі өзекті мәселеге жатады [16, 17, 18].

Оңтүстіктің суармалы жерлерінде өсірілетін жүгеріден жем және сүрлем дайындалады. Олардың сапасы агротехникалық шаралар мен шырынды азық (сүрлем) дайындау технологиясына байланысты. Сүрлем салудың теориялық және технологиялық негіздері ірі шаруашылықтар (колхоз, совхоз) лайықта-лып жасалынған. Қазіргі шаруа қожалықтарындағы мал басының азаюуы, егіс алқаптарының шығындылығы, техниканың жетіспеушілігінен туындайтын өзгерістер жаңа ізденістерді талап етеді.

Жауын-шашынды жылдары жайылымнан табиғи, ал суармалы, ауыспалы егістік алқаптарынан дайындалған екпе жоңышқадан пішеннің сапасы, биологиялық құнарлылығы, шөпті ору мерзімі, жинау, сақтау технологиясына тікелей байланысты өзгеріп отырады.

Қыстық азық қорының биологиялық құнарлылығын анықтап, кризисті жыл маусымында малды сапалы пішенмен азықтандырып, аман сақтап, жоғарғы өнім алуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының практикалық маңыздылығы бар деп есептейміз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты өзгергіштік табиғи-климаттық және технологиялық факторлардың мал азығының негізгі қоры: жайылым оты, жүгері сүрлемі мен пішеннің өнімділігі мен биологиялық құнарлылығына тигізетін әсерін, жануарлардың жыл жағдайына қарай қоректік заттарға қажеттілігін анықтау болып табылады.

Қойылған мақсатты орындау үшін төмендегі мәселелерді зерттеу қажет болды:

- Оңтүстік Қазақстанның шөл аймақтарында 2012, 2013 жылдары қалыптасқан климаттық факторларға талдау жасалынды;

- Арыс, Отырар, Созақ аудандарының жайылым оты, жүгері сүрлемі мен пішеннің өнімділігі, химиялық құрамы, желінуі, қорытылуы, қоректілігі анықталды;

- жыл жағдайына байланысты малдардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты өсіп-дамуы, өнімділігі анықталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Оңтүстік Қазақстанның шөл аймақтарында әр жылы қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты мал азығының биологиялық құнарлылығы, өнімділігі, химиялық құрамы, желінуі мен қорытылуы, қоректілігі жаңа мәліметтермен сипатталды.

Малдардың маусымдық жайылымдарда қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты қоректік заттармен қамтамасыз етілуі айқындалып, олардың өсіп-дамуына, өнімділігіне тигізетін әсері анықталды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар. Оңтүстік Қазақстанның шөл аймақтарының маусымдық жайылым отының, жүгері сүрлемінің, пішеннің биологиялық құнарлылығы мен малдардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты өсіп-дамуы, өнімділігі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық маңыздылығы. Инертті индикатормен (хром тотығы) қойлардың маусымдық жайылымда желінген жайылым отының мөлшерін, қоректік заттардың қорытылуын анықтап, олармен қамтамасыз етілу дәрежесі – мал организмінің физиологиялық қажеттілігіне байланысты анықталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының практикалық маңызы. Табиғи-климаттық және технологиялық факторларға байланысты жыл сайын өзгеріп тұратын жайылым оты, жүгері сүрлемі, пішеннің өнімділігі мен биологиялық құнарлылығы туралы мәліметтерді мал шаруашылығының берік азық қорын жасау және толыққанды рациондармен азықтандыру, мал шаруашылығының өнімділігін арттырып және оның сапасын жақсартады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары ауыл шаруашылық, экология, жануарлар физиологиясы, химия ғылымдарының бағдарламаларымен тығыз байланысты жүргізілгендіктен диссертациялық жұмыстың нәтижелерін пайдалану аясы ұлғая түседі деген сенімдеміз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері 2 мақалада жарияланды.

1. Табиғи-климаттық экологиялық факторлардың жайылым отының өнімділігіне, химиялық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері //Қазақстанның ғылыми әлемі. – Алматы, 2013. - № 3-6 (49-52). – Б. 309-313.

2. Микробиологиялық және биохимиялық үрдістердің жүгері сүрлемінің сапасына тигізетін әсері // Ізденуші. –Алматы, 2013. - №3-6 (49-52). –Б. 387-391.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация 72 беттен тұрады. Ол кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады. Диссертацияда 35 кесте келтіріліп, 14 фотосуреттермен безендірілген.

 

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Табиғи-климаттық факторлардың жайылым отының өнімділігіне, химиялық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Отырар, Шардара аудандары толығымен, ал Бөген, Арыс, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал аудандарының жер көлемінің 2/3 бөліктері шөл аймағына жатады. Аталған аудандардың суармалы жерлерінен басқалары, негізінен жайылым ретінде пайдаланылады. Оның өнімділігіне табиғи-климаттық факторлардың тигізетін әсері орасан зор. Климаттық факторлар: күннің радиациясы, жарық, жылу, ылғалдылық, атмосфералық қысым, ауаның қозғалысына байланысты жылма-жыл өзгеріп отырады.

Ауа және топырақ температурасы, ылғалдылық өсімдіктің өсіп-жетілуіне, өнімділігіне, оның сапасына тікелей әсер ететін факторларға жатады. Ұрықтың өнуі, фотосинтез, пигменттердің түзілуі, фотопериодизм, т.б. сияқты өте маңызды физиологиялық процестерде жарық сәулесі маңызды рөл атқарады. Жыл және маусым сайын өзгеріп тұратын климаттық факторлар әр түрлі өсімдіктер қауымдастығын қалыптастырады [19, 20].

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты өткір континенталды, құрғақ. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 80-200 мм. Оның 85% көктем, күз және қыс айларына түседі.

Жаз айларында күннің жалпы радиациясы 155 ккал/см2 жеткенде жауын-шашынның болмауынан жайылым өсімдіктері кризистік жағдайға ұшырайды. Соның салдарынан табиғи жайылымның өнімділігі 1,5-2,0 ц/га аспайды.

Мал басының көбеюі, олардың өнімділігінің жоғары болуы, азық қорының мөлшері мен сапасына тікелей байланысты.

Оңтүстікте шаруаға қолайлы жылдары ұсақ малдар, жылқы, түйе, жыл бойы жайылып, өздеріне қажетті энергия және қоректік заттардың басым бөлігін табиғи жайылымнан алады. Ал құрғақшылық жылдары олар жайылымда қоректік заттардың тапшылығын жаз айларынан бастап сезіне бастайды [21, 22].

Топырақ жамылғысы. Оңтүстік өңірінің шөл аймақтарында топырақ жамылғысы негізінен сұр, сұр-қоңырқай, қоңырқай, сазды сортаң, құмдақ, тақыр типтерінен тұрады. Олардың құрылымы мен құнарлылығы, су режиміне байланысты өсімдіктер қауымдастығының әртүрлілігіне әсер етеді. Топыратың химиялық құрамында глинозем, кремнезем, кальций және магний тотықтары жиі кездеседі.

Сұр, сұр-қоңырқай, сазды-сортаң топырақты жайылымдар Сырдария өзенінің шығыс, ал құмдақ жамылғы батыс жағында басым болады [23].

Бекітілген құмдақ топырақтың су режимі ерте көктемгі эфемерлі, эфемероидты, жусан туысты өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қолайлы. Өйткені құмдақ топырақтан жауын-шашын 1,0-1,5 м тереңдікке өтіп, көктемнің салқын ауасының әсерінен конденсацияланған ылғалдылық, жердің жоғарғы қабатындағы өсімдіктерге шапшаң әсер етуден өсімдіктер дүрліге көтеріледі.

Көшпелі құмды топырақтан жауын-шашын ылғалдылығы 8-10 м, кей жерлерде 15-20 м тереңдікке жетеді де, бұталы, жартылай бұталы: жүзгін, теріскен, изен, жантақ, сексеуіл сияқты өсімдіктердің өсіп-жетілуіне септігін тигізеді [23].

Өсімдік жамылғысы. Өсімдіктердің шөл аймақтарына бейімділуі ксероморфты, сүккүлентті, псаммофитті, эфемерлі әр түрліліктермен сипатталып, құрылымы жағынан ағаш, бұта, жартылай бұта, шөптесінге бөлінеді. Эфемерлердің, бұталылардың өсіп-жетілуі, дән байлауы қысқа мерзімде өте шығатын болса, ксерофиттілер жазда бір қалыптылық сақтап, даму кезеңінің соңы күз айларында аяқталады.

Көшпелі құмды топырақта өсетін псаммофиттер – өсімдіктер қауымдастығының 50% құрайды. Олар қоршаған ортаның өте ыстық жағдайында желдің әсерінен бірде құм басып, бірде ашылып тұрған күйінде ылғалдылықты айрықша үнемдеп тіршілік етеді. Псаммофиттер үш горизонттағы ылғалдылықты ұтымды пайдаланатын тік және жанама тамырларының арқасында тіршілік етеді.

Псаммофиттер ерте көктемнен жанданып, гүлдену және дән байлау кезеңдері жаз айларының бірінші жартысында пісіп жетіледі. Псаммофиттерге шөл ағаш тектестер, бұталы және жартылай бұталы өсімдіктер жатады.

Шөлдің жартылай бұталы өсімдіктеріне негізінен жусан, кейреуік, изен, теріскен, шоғон, т.б. жатады.

Шөл аймағының 1/3 бөлігі көпжылдық өсімдіктер, жайылымда өте жақсы желінетіндері боз, раң, еркек, қияқ, ноқатек, т.б.

Эфемерлер мен эфемероидтардың вегетациялық кезеңдері қысқа. Олар көктем ылғалдылығын жақсы пайдаланып өсетіндіктен жайылымның 40% эфемерлерден құралады [24].

Жайылым типтері. Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймақтарын, жайылымдарын шартты түрде Арыс-Түркістан, Қызылқұм (Отырар), Қаратау (Созақ), Мойынқұм экологиялық аудандарға бөлуге болады.

Жоғарыдағы экологиялық аудандардың табиғи-климаттық ерекшеліктері-не, жайылым типтеріне, малды сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай малды күтіп-бағу технологиясының өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады.

Арыс-Түркістан экологиялық ауданды ерекшелендіретін Сырдария өзені. Ол екі жағалаудың климатына, жер бедеріне, топырағына жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерін тигізеді. Өзеннің шығыс жағының топырағы сазды-сортаң, құмдақ, сұр, сұр-қоңырқай топырақ белдеулеріне байланысты өсімдік қауымдастығы сол жерлерге тән болып келеді. Батыс жағалауының топырағы сазды-сортаң, құмдақтан бос (көшпелі) құмға айналады. Өзен жағалауынан құмға қарай алыстай бергеннен өсімдіктер қауымдастығының шекаралары айқындала түседі. Жайылым өсімдіктері эфемерлі-жусанды типтен бастап эфемерлі-жусанды-ірі бұталы топтарға дейін өзгеріп отырады.

Отырар ауданының Қызылқұмында Сырдарияның батыс жағынан басталған сазды топырақ, құмдақтан құмға жалғасқан жайылымы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Өсімдіктер қауымдастығы сораң, эфемерлер, жусан, жүзгін, шоғон, изен, теріскен, сексеуілден құралады.

Қаратау-Мойынқұм (Созақ ауданы) жайылымдары тау етегі, Мойықұм, Бетпақдала алқаптарына бөлінеді. Бұл жерде тау бөктеріне тән эфемерлі және түрліөлеңді өсімдіктер құмға қарай жусанды-түрліөлеңді, жусанды-сортаң, т.б. қауымдастыққа ұласып, Бетпақдалада бүйірген мен боялыш қосылған ассоциациялар түзеді [25, 26].

Жоғарыда Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймақтарының жайылым өнімділігі мен қоректілігі, өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуы табиғи-климаттық факторларға байланысты болатындығы айтылғанды. Соған байланысты шөл аймақтағы жайылымның негізгілеріне сипаттама беруді жөн көрдік.

Профессор Т.Қ.Рисимбетов шөл аймағының жайылымның жылдық өнімділігі құрғақшылық жылы 1,37 ц/га, орташа жылы – 2,14 ц/га, шаруаға қолайлы жылы – 3,89 ц/га (құрғақ затқа есептегенде) болатындығын жазған. Ол 1970-1987 жылдары жүргізілген зерттеулерінде қуаңшылық жыл 5 рет, орташа жыл 9 рет, шаруаға қолайлы жыл 3 рет қайталғанын көрсетеді [27].

Жайылым типтерінің сипаттамасы [23]. Ақ жусанды жайылым тегіс және қыратты, сазды және құмдақ жерлерде кездеседі. Аралас өсімдіктер ішінде раң, бетеге, қоңырбас, сораң жиі кездеседі. Ақжусанды жайылымның орташа өнімділігі: көктемде – 1,5-2,1, жазда 2,5-3,0, күзде – 2,2-2,8, қыста – 1,5-2,1 ц/га. Ақжусанды жайылым негізінен күзде және қыста пайдаланылады.

Еркекті (шөл бидайықты) – ақжусанды жайылым сұр, құмдақ, сирек-сазды топырақты жерлерден орын алады. Аралас өсетін өсімдіктер ішінде бетеге, раң, арпаған, қоңырбас үлесі басым болады. Олардың өнімділігі көктемде – 1,7-2,5, жазда – 2,6-3,3 күзде – 2,6-3,2, қыста – 2,0-2,8 ц/га. Қолайлы жылдары жайылым шабындығынан 6 ц/га пішен орып алуға болады.

Қаражусанды жайылым шөл аймағының сұр, сұр-қоңырқай, сортаң топырақты жерлерінде көптеп кездеседі. Кей жерлерде ол ақжусанмен аралас ландшафт түзеді. Оның араларында раң, бетеге, қоңырбас, т.б. түрлі масақты өсімдіктер кездеседі.

Бүйіргенді-қаражусанды сортаң, сұр, қоңырқай топырақты жерлерге таралған. Мұндай жайылымда теріскен, изен жиі кездесіп, өсімдік қауымдас-тығына раң, боз, күйреуік араласады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 1,3-1,8, жазда – 2,2-3,2, күзде – 2,5-3,7, қыста – 1,5-2,1 ц/га. Қолайлы жылдары шабындық жерлерден 6 ц/га пішен орып алуға болады.

Бозжусанды жайылым шөл аймақтың барлық жерлерінде кездеседі. Оның ішінде жусанның басқа түрлері, еркек, қоңырбас, раң, бетеге көптеп таралады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 1,6-2,8, жазда – 2,83,3, күзде – 2,5-3,5, қыста – 1,7-2,0 ц/га. Бұл жайылымда мал тез қоңданып, күйекке дайындалады. Жаылымның өнімділігі: көктемде – 2,3-3,0, жазда – 2,8-3,5, күзде – 2,6-3,2, қыста – 1,5-2,5 ц/га.

Қоңырбасты-бозжусанды жайылым шөлде сұр, құмдақ, кейде сазды топырақты жерлерде таралған. Оның ішінде ақ жусанмен бірге раң, еркек, т.б. түрлі майда өсімдіктер болады. Жайылымның өнімділігі көктемде – 2,0-3,0, жазда – 2,5-3,3, күзде – 2,6-3,2, қыста – 1,5-2,3 ц/га. Жайылым негізінен күздік деп есептелгенмен кез-келген маусымда пайдалануға болады.

Күйреуікті-бозжусанды жайылым сұр-қоңырқай, қоңырқай, құмдақ және тақыр жерлерде кездеседі. Мұндағы аралас өсімдіктер жусанның басқа түрлерінен, сораң тұқымдастарынан, раң, бетегелерден тұрады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,5-1,8, жазда – 2,2-3,2, күзде – 2,2,-2,7, қыста – 1,5-1,7 ц/га.

Теріскенді-бозжусанды жайылым сұр, сұр-қоңырқай құмды жоталы рельефті жерлерде кездеседі. Оның құрамында жусандардың басқа түрлері, теріскен, изен, еркек, т.б. майда шөптер өседі. Жайылымның өнімділігі; көк-темде – 1,9, жазда – 3,0, күзде – 2,2, қыста – 1,7 ц/га. Жайылым негізінен көк-темде – жаз маусымдарда пайдаланады. Ол қыстық жайылымға да жарайды.

Сексеуілді-бозжусанды жайылым жалды құмда, сұр-қоңырқай, тақыр жерлерде болады. Жайылымның өсімдіктері сексуіл, сораң туыстары (шеркез, шоғон), раң, қоңырбас, бетеге. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,8-1,9, жазда – 2,9-3,0, күзде – 2,5-2,7, қыста – 1,8-1,9 ц/га. Жайылым күз және қыс айларында пайдаланылады.

Боялышты-жусанды жайылым құмдақ, сазды және сортаң жерлерде кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығында боялыш, әртүрлі жусандар, сораң туысты өсімдіктер, еркек, эфемерлер мен эфемероидтар орын алады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 2,0, жазда – 3,0, күзде – 2,5, қыста – 1,8 ц/га.

Жусанды-кейреуікті жайылым сазды, құмдақ, қоңырқай, тақырлау топырақты жерлерден орын алады. Аты айтып тұрғандай, бұл жайылымда түрлі жусан мен сораң туыстары басым болып, раң, қоңырбас, бидайық сияқты өсімдіктер көптеп кездеседі. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,8-2,0, жазда – 2,0-2,4, күзде – 1,9-3,0, қыста – 1,3-2,4 ц/га. Жайылым көктем-күз аралығында пайдаланады. Бұл жайылым өсімдіктер түрінің басымдылығына қарай сексеуілді-кейреуікті, бозжусанды-сексеуілді топтарына бөлінеді. Олардың өнімділігі жусанды-кейреуікті жайылымның көрсеткіштеріне шамалас болады.

Бүйіргенді жайылым сазды, қиыршық құмдақ, сортаңды жерлерде кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығында жусанды, ағаштәрізді сораң туыстыра басым болып, араларында жалпы шөл аймақтарына тән көптеген өсімдіктер түрлерінен тұрады. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 1,7-2,0, жазда – 2,8-3,3 күзде – 2,6-3,0, қыста – 1,8-2,5 ц/га. Жайылымды жыл бойы пайдалануға жарайды.

Қара жусанды-бүйіргенді жайылым сортаң топырақты жерлерге тән. Мұнда негізінен жусанның әр түрінен және бүйіргеннен, сораң туыстарынан тұратын өсімдіктер қауымдастығы орын алады. Жайылым өнімділігі көктемде – 1,5, жазда – 3,2, күзде – 3,7, қыста – 2,0 ц/га. Ол күз және қыс айларында пайдаланылады.

Теріскенді, еркекті-теріскенді жайылым құм, құмдақ, сазды топырақты алқаптарда кездеседі. Өсімдіктер қауымдастығын теріскен, шытыршық, жантақ, таспа, құм акациясы, т.б. құрайды. Жайылымның өнімділігі: көктемде – 2,7, жазда – 3,0, күзде – 2,7, қыста – 2,1 ц/га.

Изенді-теріскенді, жусанды-теріскенді, раңды-сексеуілді, еркекті-боз-жусанды-сексеуілді жайылымдар негізінен жалды құмды топырақта кездеседі. Олардың өнімділігі жыл жағдайына қарай – 1,5-2,8, жазда – 2,8-3,0, күзде – 2,6-3,1, қыста – 1,5-1,9 ц/га аралығында болады.

Жусанды-жүзгінді-сексеуілді жайылым жалды құмда болады. Мұндағы өсімдіктер қауымдастығында жүзгін, шытыршық, таспа, раң, қоңырбас, т.б. басым. Жайылымның өнімділігі көктемде – 2,2-4,0, жазда – 2,5-3,8, күзде – 2,3-3,8, қыста – 1,8-2,6 ц/га.

Маусымдық жайылымның өнімділігі мен ботаникалық құрамы. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша шөл аймақтары жайылымының өнімділігі табиғи климаттық, маусымдық және мал жаю технологиясына байланысты өзгеріп тұратыны анықтаған. Т.И. Сарбасов, С.А. Абдраимов, Т.К. Рисимбетовтің [28, 29] зерттеулерінде жайылымның өнімділігі қолайлы жылы қуаңшылық жылмен салыстырғанда 2,5-3,0 есе жоғары болғандығы туралы жазады. Қай жылы болмасын, жайылымның өнімділігі маусымдық өзгерістерге де ұшырап отырады.

Жайылымның ботаникалық құрамына жыл жағдайымен қатар, оны пайдалану режимі, суландыру дәрежесі әсер етеді. С.И. Кедрованың айтуы бойынша, көктемгі, күзгі жайылымды пайдалану коэффициенті 50-55%-дан артқанда келесі жылы жайылым шөбінің ботаникалық құрамында мал аса сүйсініп желінбейтін өсімдіктер басым болатындығы дәлелденген [30].

Жайылымның ботаникалық құрамы, өндірістік (мал пайдаланылған) шығымы, маусымдық мал жаю техникасы мен технологиясына байланысты да өзгеріп отырады.

Б.А. Быков, Н.Г. Матвеев маусымдық жайылымдарға бөлгенде өсімдік-тер қауымдастықтарының ботаникалық құрамы мен вегетациялық кезеңдерін басшылыққа алады [31, 32].

Көктемгі жайылым негізінен эфемерлерден, ірі-бұталы шөптесін және жусанды-эфемерлі типтерден тұрады. Эфемерлер тобына раң, бетеге, қоңырбас, мортық, ноқатек, таспа, т.б. жатады. Эфемерлердің дән байлау кезеңінде масақты өсімдіктердің үлесі – 54,2%, әртүрлі өсімдіктер – 18,3%, жусан – 15,6%, бұршақтылар – 8,5%, басқалары – 3,4%. Жоғарыда көрсетілген өсімдіктерді малдың барлық түрлері жақсы жесе, ақ және дермене жусан, жантақ, кузения, ащы сораң өсімдіктер нашар желінеді.

Ірі шөптесін эфемерлердің құрамында түрлі туыстағы өсімдіктердің үлесі 40,1%, масақтылар – 38,6, жусан – 16,8, бұршақтылар – 4,5%. Олардың ішінде жиі кездесетіндері: шырмауық, таспа, Рихтер сораңы, изен, эфедра, жусан, т.б.

Жартылай бұталы және бұталы ағаш тәрізді сораң, құм акациясы, қоянсүйек, сексеуіл сияқты өсімдіктер нашар желінеді. Бұл жайылымда жартылай бұталы, бұталылардың үлесі 28,7%; масақтылар – 27,2%, түрлі шөптер – 20%, жусан – 18,1%, бұршақты – 6,0%, т.б.

Оңтүстік Қазақстан облысында кеңінен орын алатын жусанды-эфемерлі жайылымы барлық жыл маусымдарында пайдаланылады. Мұндағы өсімдіктер қауымдастығы жусан – 36,2%, масақтылар – 30,4%, түрлі шөптер – 23,6%, басқалары – 9,9%.

Жаздық жайылым ірілі шөпті эфемерлер, жусанды-эфемерлі, бұталы-шөптесін өсімдіктерден құралады. Жаздық жайылымның өсімдіктері көктемдегіден вегетациялық кезеңдерінің ерекшеліктерімен сипатталады. Эфемерлі, жартылай бұталы, бұталы, сораң сияқты өсімдіктер толық жетіледі. Олардың құрамында түрлі шөптер – 33,6%, жусан – 31,8%, масақтылар – 20,1%, сораң – 8,5%, басқалары – 6,0%.

Күздік жайылым көбіне көктемде пайдаланылған ауыспалы жайылымда қайта көктеген эфемерлер, вегетациялық кезеңі аяқталуға жақын жусан, сораңдардан түрленіп, жусанды-түрлі өсімдікті, сораңды, жусанды-сораңды-эфемерлі, бұталы-шөптесін-сораңды типтегілерге айналады. Өсімдіктер қауымдастығында жусан – 48,6%, түрлі шөптер – 19,3%, масақтылар – 17,5%, сораң – 14,6%.

Қысқы жайылым құмдақ, құмды аймақтардағы кезеңі аяқталған жусанды-көптүрлі масақты, жусанды-масақты-сораңды, жартылай бұталы, бұталы шөптесін өсімдіктерден тұрады. Мұндағы басым өсімдіктер: құмдық еркек, изен, теріскен, боялыш, сексеуіл, бүйіргін, т.б. Оның құрамында жусан – 53,6%, бұталы өсімдіктер – 18,3%, сораң – 17,6%, масақтылар – 10,5%.

Жоғарыда келтірілген әдебиеттік шолудағы мәліметтерге қарағанда өсімдіктердің өнімділігі, құнарлылығы табиғи-климаттық жағдайға, топырақ жамылғысының типтеріне, малды жаю технологиясына байланысты өзгеріп отыратындығы баяндалады.

1.2 Мал шаруашылығына сапалы жүгері сүрлемін дайындау технологиясы

Мал шаруашылығының өнімділігін арттыру мен мал басын жедел өсіру жемшөп қорының беріктілігіне байланысты. Ол үшін табиғи шабындықтар мен жайылымды түбегейлі жақсартып, тиімді пайдаланумен қатар Оңтүстік Қазақстанның суармалы аудандарында жемшөпті дақылдардың, оның ішінде жүгерінің егіс көлемін ұлғайтып, олардың өнімділігін молайту мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшірудің кепілі болатындығы кеңестік кезеңдегі тәжірибелерден белгілі болатынды.

Жемшөп қорын молайтуда жүгерінің маңызы ерекше. Жүгерінің көк балаусасынан сапалы сүрлем дайындалса, дәнін жем ретінде, майдаланған собықтың өзегі малға беріледі. 1980-85 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы совхоздарында жүгерінің егіс алқабы 2,5 мың га дейін жетіп, гектарынан 400-450 ц балауса, 55-65 ц дән алатынды.

Өкінішке орай, ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін техниканың талан-таражға ұшырауының салдарынан агротехникалық шаралар жүргізілмеген жүгері алқаптарының өнімділігі 22-26 ц дән, 225 ц көк балаусадан аспай отыр. Қазіргі кездегі қалыптасқан жағдай ірілендірілген сүт және ет өндірілетін қожалықтарды құрудың негізгі кедергілері болып отыр. Ірілендірілген шаруашылықтарда дайындалған бір азық өлшеміне 105-110 г протеин болғанда ғана мал басын көбейтіп, оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік туады.

Жүгерінің мал шаруашылығындағы маңызы өте зор. Жүгері дәнінде 60-70% көмірсу, 8-12% ақуыз, 4-7% май және минералды тұздар, витаминдер бар.

Жүгерінің көк балаусасында қоректік заттар мол, малға жұғымды сапалы сүрлем дайындауға болады. Сүрлем салудың ең тиімді кезеңі – жүгері дәні сүттеніп қамырланған уақыт. Осы кезеңде дайындалған жүгері сүрлемінде құрғақ заттар, қорытылатын протеин көп болады [33, 34, 35].

Жүгерінің гүлдену кезеңінде оны малға көк шөп ретінде беруге болады. Жүгерінің ауыспалы егістікте агротехникалық маңызы да үлкен. Жүгері егістігін тереңдете культивация жасалынған соң көпжылдық зиянды арамшөптер жойылып, кейінгі егілетін басқа дақылдардың жақсы өсуіне қолайлы жағдай туғызады.

Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері. Жүгері дақылы астық тұқымдасқа жататын бір жылдық өсімдік. Оның жапырағы мол, биіктігі топырақ құнарлылығына, өсіру агротехникасына, сортына қарай 1,5-2 м, ал кеш пісетін сорттар мен гибридтердің ұзындығы 4 м дейін жетеді.

Жүгері шашақ тамырлы өсімдік. Оның алғашқы даму кезеңінде тамыр жүйесі тез қалыптасады. Жүгері көгеріп шыққаннан кейін 7-8 күнде оның тамыры 25 см тереңдікке дейін өседі. Топырақтың астыңғы қабаты жұмсақ болса жүгерінің тамыры 180-220 см дейін тереңдейді.

Жүгерінің сабағы көп буыннан тұрады. Әрбір буын аралығы жапырақ қынабымен қоршалған. Жүгерінің ерте пісетін сорттарында 8-10 буын, кеш пісетіндерінде одан 2-2,5 есе көп болады.

Жүгерінің жапырағы үш бөліктен тұрады – жапырақ пластинкалары (алақандары), жапырақ қынабы және тілше. Жапырақ сабақта кезектесіп орналасады. Оның саны жүгерінің сортына және өсіру технологиясына қарай 8-ден 25-ке дейін болады.

Жүгері жапырағының алақандарының көлемі сортына, баптауына қарай 0,3-1,2 м2, ал бір гектар егістікте 45-55 мың шаршы метрге дейін жетіп, егістіктен мол көк балауса алуға болады.

Жүгері собығының формасы әр түрлі – цилиндр, конус тәрізді болып келеді. Олардың саны сортына және агротехникалық жағдайына байланысты. Собықтың сүттену және сүттеніп-қамырланып пісу кезеңіндегі үлес салмағы қаншалықты көп болса, жүгері балаусасының және одан дайындалған сүрлемнің жемшөптік сапасы да жоғары болады.

Қазақстанда өсірілетін жүгері сортары негізінен 6 топқа бөлінеді: кремнийлі, крахмалды, тіс тәрізді жарылғыш, қантты және балауызды дәнді жүгері түрлері. Жүгерінің кремнийлі сорттар тобына – Северодакотский, Воронежская-76, Буковинский-3, жергілікті ақ жүгері сорттары, ал тіс тәрізді тобына – Днепровский-56, ВЦО-156, Краснодарский-4, Алма-Атинская-236 сорттары жатады [36, 37, 38, 39].

Жүгері жылылықты сүйгіш дақыл. Өсу кезеңінде активті температураның қосындысы 1700-31000С. Өсімдік собығы сүттеніп-қамырлану кезеңіне жеткенше 1800-23000С, ал толық пісу үшін – 2100-27000С керек.

Жүгері дәні топырақ 80С жылы болғанда көктеп шыға бастайды, бірақ ұзақ 15-20 күн өніп, көгі сирек болады. Бұл кезде топырақтың жылылығы 10-120С, ал ауаның жылылығы 18-200С болғаны жүгерінің тез өсіп жетілуіне қолайлы әсер етеді.

 

1-кесте. Жүгерінің өсіп-дамуына қажетті жылылықтың мөлшері (Степанов В.Н., Шатилов И.С. мәліметтері бойынша)

Өсіп-даму кезеңдері

Биологиялық минимум (градус)

Сыртқы орта температурасы

Дәннің өнуі

8-10

12-15

Көгеріп шығуы

10-12

15-18

Вегетативтік органдардың құрылуы

10-12

16-20

Гүл шоғының құрылуы

12-15

20-24

Пісу

12-10

18-24

 

Жүгерінің транспирация коэффициенті 250-350. Ол өсу кезеңінде 1 га жүгері егістігіне 3500-5000 м3 ылғал жұмсайды. Топырақтағы ылғалдың аз болуы жүгерінің минералды заттарды бойына нашар қабылдауына және өсімдіктегі физиологиялық процестердің төмендеуіне негізгі себептердің бірі болады.

Жүгері – топырақ құнарлылығын талғайтын дақыл. Құнарлы, қоректік заттары мен ылғалы мол және арамшөптерден таза жерлерде жүгеріден мол өнім алуға болады. Жүгерінің өсіп-дамуына жер асты суының деңгейі үлкен әсер етеді. Тұзданып сорланған, батпақталған жерлерде жүгері нашар өсіп, аз өнім береді.

Жүгерінің жақсы өсіп-дамуы үшін минералды қоректік элементтер – азот, фосфор, калий, кальций, магний және микроэлементтер – темір, марганец, бор, мыс, молибден, т.б. керек. Мысалы, жүгері гектарына 500 ц көк балауса беретін болса, ол топырақтан 180 кг азот, 50-60 кг фосфор, 170 кг калийді бойына сіңіреді [40].

Жүгерінің ауыспалы егістегі орны. Жүгеріні ауыспалы егісте орналас-тыру шаруашылықтың егіншілік мәдениеті деңгейіне, егістіктің үлес салмағы-на, органикалық және минералды тыңайтқыштардың мөлшеріне, шаруашы-лықтағы мал санына тікелей байланысты.

Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы егіншілік жағдайында жүгері үшін ең жақсы алғы егістер екі-үш жылдық жоңышқа орны, аударылған қыртысқа егілген күздік бидай, дәнді бұршақ, бақша дақылдары және жүгері орнына егілген жүгері.

Жүгеріден сүрлем салатын болғанда егіс алқабын мал қоралары мен мал бордақылайтын базалардың жанынан таңдаған дұрыс. Көп жылдық жоңышқа егілген жүгері тез өсіп дамып, алғы дақылы жүгері болған егістіктен 5 күн бұрын сүттеніп қамырланып пісу дәрежесіне жетеді. Жүгерінің биіктігі 245 см болып, көк балауса өнімі 465 ц/га жетеді [38].

Суармалы жүгерінің көк балаусасын және дән өнімін арттыру үшін барлық комплексты агротехникалық шаралармен қатар егістікті суару режимі мен тыңайтқыштарды қолданудың маңызы өте зор. Көп жылғы зерттеулер мен озық тәжірибе нәтижелеріне қарағанда, жүгері егістігін суарудың ең тиімді әдісі – жүйектеп суару. Егістікті жүйектеп суарғанда жүйектің едені мен қабырғаларының топырағы жақсы ылғалданып, өсімдік маңы қатпастан, топырақ құрылымы бұзылмайды. Жүйекпен суды жай ағызғанда (0,2 л/сек) су тереңге сіңеді.

Жүгері органикалық және минералды тыңайтқыштарға өте сезімтал келеді. Өйткені жүгері топырақтағы қоректік элементтерді жақсы пайдала-нады. Сондықтан сүрлемдік көк балаусаны көп алу үшін негізгі қоректік элементтермен толық қамтамасыз ету керек [38, 40].

Сүрлемнің пісіп-жетілуіне әсер ететін микрофлоралар. Сүрлемдегі сүт қышқылын өндіретін бактериялар негізінен анаэробты шар және таяқша тәрізді болып келеді. Олар екі топқа бөлінеді. Гомоферментті бактериялар сүрлемдегі қантты ашыту барысында негізінен сүт қышқылын түзсе, гетероферментті бактериялар сірке қышқылын түзеді. Алғашқы бактериялар тобы көк балауса қантының 80-90% сүт қышқылына айналдырса, гетероферментті бактериялар қанттың 26-50% сүт қышқылына айналдырумен қатар этил спирті мен 25% көмірқышқыл газын түзеді. Сондықтан да сүт қышқылын молынан түзу үшін сүрлемдік балаусада жылдам ыдырағыш көмірсулардың көбірек болғаны дұрыс. Сүрлемді консервациялау барысында көк балаусаның қызуы 45-500С жоғарылағанға дейін гомоферментті бактериялар қантты сүт қышқылына айналдырып, сүрлемнің сапасын жоғарылануына әсер ете береді [42, 43].

Е.Н. Мишустиннің зерттеулері бойынша сүрлемдегі шіріткіш және май қышқылы бактерияларының белсенділігін төмендету үшін көк балауса жақсы тапталып, үстін ауа кірмейтін етіп топырақпен, сабанмен, пленкамен ұқыпты қымталуы қажет. Сүрлемнің сапасын нашарлататын микрофлоралар көк балаусаның рН=4,2 дейін төмендегенде тіршілігі тоқталатындығы байқалады.

Пісіп-жетілген жүгері сүрлемінің химиялық құрамы, көк балаусамен салыстырғанда біршама өзгерістерге ұшырайды. Сүрлемде қант болмайды. өйткені ол бактериялардың әсерінен сүт қышқылына айналады. Соңғы күрделі қосынды энергетикалық құндылығынан қанттан кем түспейді. Сүрлемдегі құрғақ заттың мөлшері небары 4-5% кемиді.

Сүрлемдегі микрбиологиялық және биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайда өтуі көк балаусаның майдалануына байланысты болады. Жүгеріден сүтті-қамырлы кезеңінде салынған сүрлемнің майдалануы 8-12 см аспау керек. Майдаланылған  балауса жақсы тапталуымен қатар сүрлемнің аса қызып кетпеуіне септігін тигізеді. Мұндай сүрлемнің желінуі де жақсы болады.

 

2-кесте. Жүгерінің майдалануына байланысты сүрлемнің сапасы мен қорытылуы (А.П. Миронованың тәжірибесі бойынша)

Сүрлем

Ылғалдылығы, %

100 кг сүрлем-нің азық өлшемі, кг

Құрғақ затқа есептегенде

Қорытылуы, %

органи-калық зат

про-теин

май

жас-ұнық

АЭЗ

Ірі майдала-нылған

65,08

44,67

111,90

76,67

69,84

53,34

47,97

85,38

Майда туралған

60,81

48,13

122,81

81,01

67,38

78,33

49,21

89,28

 

2-кестенің мәліметтері бойынша майда туралған көк балаусаның қоректілігі және қоректік заттардың қорытылуы жоғары болатындығы көрсетіледі. Сонымен қатар майда сүрлемнің пісіп-жетілуі барысында құрғақ заттың мөлшері 15,7% кемісе, ал ірі сүрлемде 20,4% жетеді [44, 45].

А.А. Березовский, А.И. Девяткиннің зерттеулері бойынша жүгеріні сүтті-қамырлы кезеңінде көк балаусаның ылғалдылығы 70-75% болғанда оны 2-4 см, ылғалдылығы 75-80% - 5-7 см, ылғалдылығы 80-85% - 10-12 см майдалауды оптималды деп есептейді. Бұл бір жағынан көк балауса тапталған уақытта оның денесіндегі сөлінің толық сығылмағандығына байланысты болса, екіншіден дайын сүрлемнің желінуіне әсер етеді.

 

3-кесте. Сүрлемнің майдалануына байланысты желінуі (берілген мөлшерге, % есебімен)

 

Жүгерінің

Желінуі, барлығы

Майдалануы, см

1-3

3-5

5-10

10-15

15-20

Сүрлемі

89,9

98,6

97,2

91,7

87,0

79,9

Собығы

77,9

92,3

93,7

85,8

65,8

55,9

Жапырағы

96,2

100,0

99,4

-

98,6

97,0

Собығы

99,2

99,7

98,2

100,0

-

-

Сүрлемнің сапасы майдалаған көк балаусаның тапталуына байланысты болады. Балаусаны 20-30 см жайып, траншея толғанша таптап отырады. Жақсы тапталмаған масса арасында ауа қалса, шіріткіш аэробты бактериялар сүрлемді көгертіп жібереді. Егер жақсы тапталған герметизацияланған сүрлемдегі аминқышқылдарды 100% деп алынса, нашар тапталған сүрлемде олардың үлес салмағы 52,3% дейін төмендейді. Сүрлем дайындауды ары кетсе 3-4 күнде бітіру керек. Сүрлем салуды біткен соң оның бетін 20-30 см топырақпен, сабанмен немесе пленкамен жабылады [46].

Жоғарыда келтірілген әдебиеттік мәліметтерге қарағанда шырынды азықтың сапасы, биологиялық құнарлылығы, микробиологиялық және био-химиялық үрдістердің қарқындылығы – сүрлем салудың технологиясына тікелей байланыстылығын аңғартады.

1.3 Оңтүстік Қазақстанның құрғақ континенталды климаттық жағдайында сапалы пішен дайындау технологиясының ерекшеліктері

 

Оңтүстік Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне байланысты табиғи шабындық алқаптары тым аз болғандықтан қыр шөбінен дайындалған пішеннің үлес салмағы айтарлықтай болмайды. Сирек болатын жауын-шашынды жылы жайылымдық жерлерден дайындалған пішеннің түсімі гектерынан 6-8 ц аспайды. Дегенмен қысқа мерзімде орылып, жиып-терілген, негізінен эфемерлі өсімдіктерден тұратын, пішеннің қоректілігі жоғары (0,50-0,55 кг азық өлшемі, 110-125 г қорытылатын протеин) болып келеді [47].

Орылған шөпті құрғату барысында өсімдікте күрделі физикалық, биохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Шабылған шөптегі автолиз процесінің салдарынан крахмалдың ыдырауынан қант мөлшері артады. Бірақ орылған шөп күн көзінде көп жатып қалса жинақталған қант әрмен қарай ыдырап, қоректік заттардың шығыны арта түседі. Соның ішінде әсіресе каротиннің мөлшері 70-80% жойылып, қиын қорытылатын жасұнықтың үлесі арта түсіп, пішеннің биологиялық құндылығы күрт төмендейді [48, 49].

Пішен ору маусымындағы қоршаған ортаның температурасы жоғары болатындықтан өнімділігі төмен жайылымдық шабындықтарды ору, жинау, сақтау технологиясына ерекше мән берілуі қажет. Мысалы, сирек шабындықты алқаптарды ору мен жүйектеу операциясын бір мезетте жүргізген жағдайда шабылған өсімдік аса қатайып кетпей, пішеннің сапасы жақсарады. Сонан соң шөмеле жасап, престеу агрегатын бір жерде тұрып жегізген дұрыс. Егер шабындық өсімдігі қалың болса жүйектен престеуге де болады.

Құрғатылған пішеннің ылғалдылығы 17% күйінде престерді тасымалдап, скрид жасап, сақтайды [50, 51].

Пішеннің сапасын органолептикалық, химиялық сараптаумен қатар оның желінуімен, қорытылуымен және қоректік заттардың сіңірілуімен бағаланады. Пішеннің биологиялық құнарлылығы энергетикалық, протеиндік көмірсулық, витаминдік, минералдық қоректілігімен бағаланады.

Ғылыми тұрғыдан мал азығы биоэнергетикалық заңдылықтарға сәйкес қоректік заттардың жылулық және өнімге айналуы жағымен толықтырылуы тиіс. Тек сонда ғана мал денсаулығы сақталып, сапалы өнім алуды қамтамасыз етеді.

Пішеннің сапасына шабындықты ору мерзімі үлкен әсер етеді. Әртүрлі типті шабындықты ору мерзімі өсімдіктердің ботаникалық құрамына байланысты болып келеді. Ірі шөптесін өсімдіктерді гүлдену кезеңінде, ал раңды өлеңді алқаптарды масақты өсімдіктердің бас тартқан кезінде орылғаны дұрыс [52, 53].

Түрліөлеңді майда өсімдікті шабындықтағы масақтылардың бастартуы және гүлдеу кезеңінде орылуы керек. Табиғи жайылымды жыл сайын ору келесі жылдары шабындықтың өнімділігін төмендететінін ескерген жөн.

Мал жақсы жемейтін өсімдіктерден тұратын шабындықты алқаптарға қатарынан екі-үш жыл мал жайып алғаны дұрыс [54].

Құрғатылған шөпті (ылғалдылығы 17-20%) шөмелейлеп, есепке алып, сонан соң мал қораларының жанына тасымалдап алады.

Оңтүстікте пішеннен скирдті төбесі дөңестеу немесе тік бұрыштылау етіп жасайды. Ол жауын-шашынның әсерінен шіріп кетпеу үшін жасалынады. Дайындалған пішеннің есебін алу үшін алдымен скирдтің көлемін анықтап алып, 1 м3 кубтағы салмағына көбейтеді.

Скирдтің көлемін (СК) анықтау үшін оның ені (СЕ), ұзындығы (СҰ) және жерден тастаған скирд белдеуінің (СБ) өлшемі алынады. Биіктігі орта скирдті төменгі формуламен есептейді:

 

СК = (0,52 х СБ – 0,44 СЕ) х СЕ х СҰ

 

Мысалы, скирдтің ені 4,0 м, ұзындығы 10 м болса, оның көлемі 13,45 м3 болады.

Пішеннің 1 м3 салмағы пішеннің ботаникалық құрамына, өсімдіктердің вегетациялық кезеңіне, орылу мерзіміне, кептірілуіне, сақталу мерзіміне, скирдтің өлшеміне, т.б. қарай өзгереді. Сондықтан орылған пішеннің есебін бірінші рет скирд жасалынған соң 10 күннен кейін, екінші рет 1,5-2 айда өлшенеді.

Майда масақты, түрліөлеңді пішеннен жасалынған скирдтің 1 м3 салмағы  10 күннен кейін 55-63 кг, бір айдан соң – 60-68, 2 айдан кейін 65-74 кг шамасында болады [48, 49].

Пішеннің сапасын анықтаудың оны пайдаланудағы маңыздылығымен сипатталады. Пішеннің сапасына төмендегілер әсер етеді:

1. Пішеннің ботаникалық құрамы. Мұнда оның құрамындағы өте жақсы, орта, нашар желінетін және зиянды, улы өсімдіктердің үлес салмағы анықталады.

2. Пішен ору мерзімі, құрғату және сақтау әдістері еске алынады.

3. Желінбейтін сояулы, бұзылған (шіріген) және түрлі қосындылармен ластанған пішеннің үлес салмағы.

4. Пішеннің химиялық құрамы, қоректілігі.

Скирдтелген пішеннің сапасын алдымен органолептикалық әдіспен түсін, исін, көгергендігін, шаң-тозаң мен зиянды және улы өсімдіктермен ластанғанын анықтайды. Сонан соң химиялық құрамын анықтау үшін 10-15 жерден сынама алып, зертханалық талдауға жібереді [55, 56].

Қорыта айтқанда, пішеннің сапасының нашарлауы өсімдіктің ору мерзімін өткізіп алу, шабылған массаның күннің астында көп жатып қурап қалуы, жинау, тасымалдау кезінде өсімдіктің жапырағының, гүлінің төгілуі және ұзақ мерзімге сақтау ережелерінің бұзылуы болып табылады.

Пішен ору технологиясын сақтағанның өзінде бастапқы энергияның 7-12%, протеиннің 15-20% жоғалтылса, азықтың сапасы жақсы жеп есептелінеді, ал жоғарғы көрсеткіштер 13-20% болса жақсы, 30-35% болса нашар, 45-50% болса өте нашар класқа жатады [57, 58, 59].

М.А. Смурыгиннің [40] мәліметі бойынша сауын сиыр дер кезінде оырлған жоңышқаның қоректік заттарын 67,3% қорытса, кеш орылған жоңышқаның қоректік заттарын 54,5% қорытқан. Пішеннің желінуі жоғарғыға сәйкес 14,6 және 11,3 кг болған. Жоғары сапалы пішеннің аминқышқыл-дарының сіңірілуі нашар пішенмен салыстырғанда 5 есеге артқан.

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, өткір континенталды климаттық жағ-дайында пішеннің биологиялық құнарлылығы күрт төмендейді. Сондықтан пішен дайындау технологиясының барлық операцияларын бұзбастан, қысқа мерзімде аяқтаған дұрыс.

 

1.4  Мал азығының биологиялық құнарлылығы: химиялық құрамы, желінуі мен қорытылуы; энергетикалық, протеиндік, көмірсулық, минералдық және витаминдік құнарлылығы

Химиялық құрамы. Мал азығының химиялық құрамындағы жануарлар тіршілігіне қажетті физиологиялық қызмет атқаратын, энергетикалық, қоректік (органикалық, минералдық, биологиялық әсерлі заттар) заттардың мөлшерін анықтаудың зор маңызы бар.

Мал тіршілігін жан-жақты қамтамасыз ететін қоректік заттарды төмендегі сызба бойынша анықтайды (1-сурет).

Азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар түзілуіне жұмсалады. Мал организміндегі барлық биохимиялық процестер судың қатысуымен өтеді [1, 2, 6, 8, 60, 61, 62].

Су (ылғал) өсімдік пен мал денесінде, біріншіден олардың түріне, вегета-циялық кезеңіне, қоршаған орта факторларына байланысты болса, екіншіден малдың түріне, жасына, т.б. факторларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, көктемдегі жайылым шөбінінің ылғалдылығы 80-85% болса, өсе келе оның құрамындағы су 50-60% дейін азаяды. Кептірілген пішеннің ылғалдылығы 15-17%. Жас малдың денесіндегі су 70-80%, есейгенде 50-60% төмендейді.

Организмдегі судың басым бөлігі физикалық тұрғыдан бос су, ал қалғаны коллоидті ақуызбен, иондармен және молекулалармен байланған түрінде кездеседі.

Протеин тіршілікке аса қажетті қоректік зат тобына жатады. Ол жануарлар денесінің 45%, ал кейбір мүшелердің 85% құрайтын негізгі құрылымдық қосынды.

Өсімдіктер протеині негізінен дәнде, гүлде, жапырағында жиналады. Бұршақты дәндерде протеиннің мөлшері 35-45%. Жоңышқа жапырағында ол 24%, сабағында 10%-ға дейін болады.

Протеин мал организміне азықпен, үздіксіз жеткізіліп тұруы қажет. Өйткені ол денедегі белок алмасуын қамтамасыз етіп, жас малдың өсуіне, ал ересектерінің белогын жаңалап, сүт, жүн, т.б. өнімдердің түзілуіне керек. Белоктар негізгі құрылымдық қосынды болумен қатар ферменттер, гормондар мен иммундық заттар құрамында зат алмасуын реттейтін қызмет атқарып, биохимиялық үрдіске белсенді әсер етеді.

Белок аминқышқылдардың полипептидтік қосындылары. Химиялық құра-мы жағынан протеиндер мен протеидтерге бөлінеді. Протеиндер пептидтік байланыспен қосылған табиғи (альфа) аминқышқылдарының қалдықтарынан құралған қарапайым белоктарға жатады. Протеинді суда және тұзда ерігіштігі бойынша альбуминдер, глобулиндер, т.б. тобына бөледі. Протеидтер қарапайым белоктар, протеиндердің басқа да простетикалық тобының қосындылармен біріккен белоктар.

Амидтер «шикі» протеиннің ішіне кіреді. Оларға нуклеин қышқылдары, азотты глюкозиттер, органикалық негіздер мен аминдер, нитраттар, пуриндер, т.б. жатады.

Аминқышқылдардың молекуласы органикалық қышқыл мен амин тобынан тұрады. Қазіргі таңда 200 амин қышқылы белгілі болса, олардың 20 ғана белок құрамын кіреді. Мал организмінде тек олардың жартысы түзілетін болғандықтан, қалған жартысын міндетті түрде желінген азықпен жеткізілуі шарт.

Нуклеин қышқылдары азық құрамындағы биомассаның жалпы азотының 10-13% құрайды. Олардың мал организміне көп түскенінің пайдасы жоқ. Сондықтан құрама жемдегі өзіндік салмағын 8-10% асырмау керек.

Майлар жануарлар организмінде протоплазмалық және қорлық болып бөлінеді. Көк шөп протоплазмасында липидтер 0,1-0,3%, астық тұқымдастар дәнінде қорлық липидтер – 2-3% болады. Биологиялық тұрғыдан маңызды болып келетін фосфолипидтер немесе фосфаридтер жасушаның белок құрамына кіріп, басқа майлармен бірге жасуша қабығының майлы қабатын құрастырады.

Көмірсулар өсімдіктің органикалық затының 80% құрайтындықтан, жемшөптегі негізгі энергетикалық қуаттылықтың көзі болып табылады. Көмірсулар майлар мен протеиндер алмасуы мен месқарын микрофлорасының санының көбеюіне ықпал етеді. Месқарынан қанға энергия және сүт түзуіне қатысады. Олардың мөлшері желінген жемшөпке байланысты өзгереді. Көмірсулардың химиялық құрамы мен зат алмасуындағы қызметі алуан түрлі. Мысалы, полисахаридке жататын целлюлозаны («шикі» жасұнық) қорытатын фермент асқазан сөлінде болмайтындықтан, оны микрофлора ферменттері ыдыратады. Қой мен сиыр желінген жемшөп жасұнығы месқарында 50-90% қорытылады.

Азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) өсімдіктердің бір-екі молекулалы қанттары және көп молекулалы крахмалдармен тез еритін декстрин, пектиндер жатады. Мысалы, арпа дәнінің 70,0% АЭЗ болса, оның 51,0% крахмалдың, 3,1% қанттардың үлесіне тиеді. Крахмал жылы суда еріп, гидролизденгенде оның 1 грамы 17,56 кДж энергия бөліп шығады.

Минералды заттардың құрамында шаң, тозаң сияқты қалдықтар болғандықтан, «шикі» күл деп аталады. Минералды заттар макро- және микроэлементтерге бөлінеді.

Биологиялық маңызды макроэлементтерге – Cа, F, Na, Mg, P, S, Cl, микроэлементтерге – Fe, Cu, Mn, Zn, Co, I жатады.

Кальций минералды заттардың ішіндегі мал денесінде көп шоғырланады (сүйек пен тісте 99%). Кальций сүйектің қалыптасуына, сүт түзілуіне, қан ұюына ықпал етумен қатар көптеген физиологиялық үрдістерге қатысады. Кальцийдің мал организміндегі алмасуы фосформен тығыз байланысты. Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда сүйек минералсызданып, остео-маляция, рахит ауруларына душар болады.

Калий, натрий, хлор элементтері организмдегі биологиялық сұйыктықтың осмостық қысымын, қышқылдық-сілтілік қатынасын қалыптастырады.

Күкірт метионин, цистин, цистеин сияқты аминқышқылдардың құрамында түрлі метаболизмдік процестерге қатысады.

Магнийдің алмасуы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты. Ол көптеген ферменттердің қызметін күшейтіп, көмірсулардың алмасуына, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті ұстауында маңызды рөл атқарады.

Темірдің организмдегі физиологиялық маңыздылығы оның гемоглобин-мен байланыстылығының арқасында жасуша алмасуына оттегі жеткізеді.

Мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод, т.б. микроэлементтері жеке өзіндік және ұқсастық функцияларымен ерекшеленіп, организмдегі зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады.

Витаминдер мал азығында өте аз мөлшерде болғанымен, жануарлардың тіршілігін қамтамасыз ететін биологиялық активті заттарға жатады. Витаминдер организмде түзілмейтіндіктен желінген азықпен жеткізілуі тиіс. Оларлың жетіспеушілігінен мал түрлі ауруларға шалдығып, жас малдың өсуі тежеліп, салмақ қосуы азаяды. Олар биологиялық катализатор есебінде организмдегі зат алмасу процесіне әсер етеді.

Мал азығының құрамында витаминдерден басқа бірқатар биологиялық әсерлі заттар болады. Олар қорытылған қоректік заттардың тотығуына жағдай туғызып, зат алмасу процестерін оңтайлатады (гормон тәрізді заттар, ферменттер, антибиотиктер).

Мал азығының желінуі, қорытылуы. Мал азығының химиялық құрамындағы қоректік заттар қорытылған соң, қанға сіңіп тіршілік қажеттілігі мен өнім өндіруге пайдаланылады. Мал азығының өнімділік потенциалы оның желіну мөлшеріне қарай өзгереді.

Г. Богдановтың [3] пайымдауынша, азық өнімдік потенциалының 70% желінуіне, ал қалған 30% қорытылуына тәуелді келеді.

Азықтың желінуі мен оның қуаттылығы арасында тығыз байланыстылық байқалады. Малға берілген азық құрғақ затындағы энергия деңгейінің өсуі оның желіну көлемін шектейді. Құрғақ заттың қоректілік құндылығының жоғарылауы малдың энергияға мұқтаждығын қамтамасыз етуге жұмсалатын көлемін азайтады.

Жайылымда шөптің желінуі өсімдіктердің ботаникалық құрамына, өнімділігіне, маусымдық жағдайға, малдың жасына, салмағына, жайып-бағу, ас қорыту режимдеріне, т.б. байланысты өзгеріп отырады. Өз кезегінде азықтың жалпы энергиясының алмасу энергиясына айналуы оның көлемін анықтап, желінуіне тікелей ықпал етеді [63, 64].

4-кесте мәліметтеріне қарағанда жасұнық көлемінің 18%-дан 32,0%-ға дейін жоғарылауы 1 кг азық құрғақ затындағы алмасу энергиясын (АЭ) 10,3 МДж-ден 8,8 МДж-ге төмендетіп, жалпы энергияның (ЖЭ) алмасу энергиясына айналуын 60%-дан 46%-ға дейін азайтылғандығы байқалады.

Желінген жемшөптегі жасұнықтың физиологиялық шамадан тыс мөлшері басқа қоректік заттардың қорытылуына кедергі келтіреді.

4-кесте. Азық алмасу энергиясының жасұнық деңгейіне сәйкес өзгеруі

Жасұнық мөлшері, %

Азық құрғақ затындағы АЭ, МДж/кг

АЭ/ЖЭ

Жасұнық мөлшері, %

Азық құрғақ затындағы АЭ, МДж/кг

АЭ/ЖЭ

18

11,0-10,6

0,60

26

9,8-9,5

0,52

20

10,6-10,4

0,58

28

9,5-9,2

0,50

22

10,4-10,0

0,56

30

9,2-9,0

0,48

24

10,0-9,8

0,54

32

9,0-8,7

0,46

Мал азының желінуі өнімдік потенциялын айғақтайтын негізгі фактор болғанымен, ол азықтың мал денесіндегі жалпы пайдаланымына тікелей коррелятивтік ықпал етпейді. Оған қоректік заттардың қорытылуымен қатар басқа жағдайлар әсерін тигізеді. Г. Богдановтың мәліметі бойынша (5-кесте) малдың тіршілігіне, өніміне жұмсалатын алмасу энергиясының мөлшері оның желінген құрғақ затының жоғарылану дәрежесіне тәуелді өзгереді [3].

5-кесте. Азық құрғақ затының шоғырлану дәрежесіне байланысты алмасу энергиясының пайдалануы

Құрғақ заттағы АЭ, МДж/кг

АЭ/ЖЭ қатынасы, %

Алмасу энергиясының пайдалануы, %

тіршілікті қамтамасыз етуге

салмақ қосуына

сүт түзуге

6,69

36,4

66

33

62

7,53

41,0

67

36

64

8,36

45,5

68

40

66

9,20

50,0

70

44

68

10,04

54,5

71

47

69

10,87

59,0

72

51

70

11,71

63,6

74

55

70

12,56

68,2

75

58

68

13,38

72,2

76

62

64

14,22

77,3

78

66

61

 

5-кестеде келтірілген деректен мал азығының құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесі өскен сайын оның күйісті мал тіршілігін қамтамасыз етуге пайдаланымы 66%-дан 78% дейін, дене салмақ қосымына 33%-дан 66%-ға жоғарылайтыны, ал сүт өндіруге азық құрғақ затындағы алмасу энергиясының 10-12 МДж болуы тиімді болғанын көрсетеді.

Қоректік заттардың қорытылуы. Желінген жемшөп қоректік заттары-ның қорытылуы ауыз қуысында шайналып, сілекеймен ылғалданып, оның құрамындағы амилаза ферменті крахмалды ыдырата бастайды. Жұтылған массаға қарында протеинді ыдырататын ферменттер әсер етеді. Қарын сөлінің және микрофлоралар әсерінен бөртіп-борсыған азық (химус) он екі елі ішекке өтерде панкраттық сөл бауыр өтімен араласа майлы ыдыратуға қатысады. Ащы ішекте протеиндер – аминқышқылына, майлар – май қышқы-лы мен глицеринге, көмірсулар – глюкоза, фруктозаға дейін ыдыратылып, олар қан мен лимфаға сіңіріледі. Толық ыдырамаған қалдықтар тоқ ішекке өтіп, сыртқа шығарылады [7, 60, 61].

Ас қорыту процесі барысында химусты көптеген физиологиялық және биохимиялық өзгерістер өрістейді де, малдың өзі қорыта алмайтын өсімдік жасұнығы жеңіл қорытылатын көмірсулардың ашытылуынан күйісті малдың негізгі энергия көзі болып табылатын сүт, майлы, пропион сияқты ұшпалы май қышқылы пайда болады (ҰМҚ). Олар қарыннан тікелей қанға сіңіріліп, энергетикалық алмасу мен өнім түзуіне жұмсалады.

Мал азығын құрамындағы қоректік заттардың қорытылуы арнайы физиологиялық тәжірибелермен анықталады. Тәжірбеде желінге азық пен шыққан тезектің үлгілерінен сынама алып, химиялық құрамын анықтайды. Олардың  желінген жемшөбінің және тезегінің салмағын білген соң, химиялық құрамын есепке ала отырып малдың жеген қоректік заттары (ҚЗ) мен қорытылмай шыққанының айырмашылығын бойынша қорытылу коэффициен-ті есептеліп шығарылады.

- Қорытылған зат (ҚЗ) = Желінген азықпен алынған

- ҚЗ – тезекпен шыққан ҚЗ, 2;

- Қорыту коэффициенті (ҚК) = (Қорытылған ҚЗ : Азықпен енген ҚЗ) х 100%.

 

Мысалы ісек тәулігіне 967,1 г пішен жеп, 721,4 г шығарса қоректік заттардың қорытылуы -кестеде көрсетіледі.

Есеп жүргізілген 7 тәулікте ісек 6770 г пішен жеп, 5050 г тезек шығарған. Олардың орта үлгісінде:

– пішенде – протеин – 7,0%, май – 1,1%, жасұнық – 29,3%, АЭЗ – 35,0%

– тезекте – протеин – 3,7%, май – 0,7%, жасұнық – 18,8%, АЭЗ – 16,0%

6- кесте. Пішеннің қоректік заттарының қорытылуы

Көрсеткіш

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

Азықпен енгені, г

678,0

1063,8

2716,4

3384,8

Тезекпен шыққаны, г

266,9

432,8

1356,2

1454,2

Қорытылғаны, г

401,1

631,0

1360,2

2230,6

Қорыту коэффициенті, %

59,2

57,7

49,2

65,9

 

Мал азығының қоректілігін бағалау. Азықтың қоректілігін мал организмінің тіршілігін және өнім өндіруге қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету қасиеттерімен бағаланады. Желінген жемшөптің қайсысы тіршілік пен өнімдік қажеттігін толығырақ өтесе, сол жемшөптің қоректілігі жоғары болып есептеледі.

Жемшөптің өндірістік тиімділігін бағалау неміс ғалымы А. Теердің 1809 жылы жарияланған «Малды тиімді азықтандыру негіздері» атты еңбегінен басталады. Ол азық қоректілігін шалғын пішеннің қоректілігімен салыстыруды ұсынады. Мысалы, оның пішендік теңеулері бойынша 1 кг қызылшаның 0,2 кг, 1 кг сұлының – 2,0 кг пішендік теңдеуге баламалайды.

1836 жылы француз ғалымы Ж. Буссенго қоректіліктің азықтағы азот мөлшерімен пішендік теңдеулер кестесін жасады. Мұнда азоттың белок құрамында болатыны ескерілген.

1874 жылы неміс ғалымы Э. Вольф жемшөп қоректілігін пішендік теңдеулер және жалпы химиялық құрамымен бағалауды жтекіліксіз деп сиырдың қоректік мұқтаждығын қорытылатын белок, май және көмірсулар қосындысымен бағалады.

В. Геннеберг пен Ф. Штоман қиын қорытылатын жасұнықтың басқа қоректік заттарға әсер ететінін ескере отырып, қоректілікті қорытылатын заттармен бағалауды ұсынды. Осы кезде Юлиус Кюн азық қоректілігін физиологиялық тұрғыдан бағалауды жетілдіре отырып, ғылымға «көмірсулық бірлікті» енгізді. Оның негізіне азотсыз экстрактивті заттарды бірден алып, майдың қоректілігін – 2,4, белок қоректілігін – 6,0 теңестірді.

Скандинавиялық ғалымдар Ф. Ванкель, Н. Гансон жемшөптің қоректілігін мал салмағы мен өнімділігіне тигізетін әсері бойынша бағалауды ұсынды. Олардың тәжірибелерінің нәтижелері бойынша 1915 жылы Копенгагенде өткен съезде азық қоректілігінің өлшемі ретінде «Скандинавиялық азық өлшемі» деп, 1 кг арпаның қоректілігін алу жөнінде шешім қабылдады.

ХХ ғасырдың басынан дүниежүзілік ғылым мен өндірістің дамуының арқасында Л. Лавузьенің энергия алмасу, М. Рубнер т.б. энергияның сақталу заңының жануарлар организмінде де орын алатындығы дәлелденді.

Жоғарыда ғылыми жетістіктерді ескере отырып, өзі жасаған тәжірибелерінің нәтижесі бойынша О. Кельнер азық қоректілігін организмдегі азот, көміртегі мен энергия теңеулері бойынша өнімдік әсерімен бағалауды ұсынды.

Азық қоректілігін өнімдік әсермен, атап айтқанда, май байланымымен, бағалау үшін О. Кельнер өгіздерге тікелей респирациялық тәжірибелер жүргізсе, американдық ғалым Г. Армсби малдың энергетикалық алмасуын зерттеуде жанама көрсеткіштерді пайдаланды. Оның есебі бойынша қорытылған әр 100 г көмірсулардың 4,5 г метан пайда болып, соған баламалы энергия жоғалтады деп тұжырымдады.

Бүгінге дейін ҚР мал азығының қоректілігін бағалау бірлігі ретінде «сұлы азық өлшемі» деп аталатын термин қолданылуда. Ол 1 кг орта сапалы сұлының өгіз денесінде 150 г май байлайтындығына негізделген.

Қазіргі кезде көптеген елдерде және бізде, «сұлы азық өлшемімен» тіршілігіне, өніміне жұмсалған алмасу энергиясымен есептеледі. Алмау энергиясын (АЭ) ккал, СИ бірлігі бойынша МДж) мал жеген азықтың жалпы энергияның (ЖЭ) тезекпен шығарылған мөлшерін алумен есептеледі

Жоғарыда көрсетілген мал азығының қорыту жөніндегі ғылыми деректер Н. Омарқожаұлының қазақшаланған негізінде беріліп отыр.

Азықтың жалпы энергетикалық қуатталығын бағалау және малдың өнергияға қажеттілігін анықтаулар физиологиялық тұрғыдан негізделген көрсеткіш пайдаланып келеміз. Соның негізінде А.П. Дмитриченко [65] мал азығының қоректілігін 2500 ккал (10 МДж), АЭ-тең бағалауды ұсынды. Сондықтан мал азықтандыруда қоректілікті азық өлшемімен қатар алмасу энергиямен де көрсеткен жөн және де әр түлік малдың ас қорыту ерекшелігіне байланысты, азық энергетикалық қоректілігінің де өзгеретінін ескеріп, анықтауларда азық қоректілігінің мөлшерін мал түріне арнап келтірген.

Мал азығының құнарлылығы. Мал қоректенуде жемшөптің күрделі қосындыларын қорытып, сіңіріп жатса, организмдегі ыдыратылған заттары сыртқа шығарып отырады. Сондықтан зат алмасуы желінген жемшөп арқылы қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсетілген азық қоректілігін өлшеу әдістері азық қоректілігін жан-жақты қамтып, қоректік заттар әсері көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан мал азығының қоректілігін толық сипаттау үшін оның жалпы энергетикалық қоректілігімен протеиннің физикалық-химиялық қасиеттері мен май қышқылдарының құрамын, майдың ерігіштігін, мал қышқылдарының қанықандығы, көмірсулардың қорытылуын, минералдық, витаминдік, яғни сапалық тұрғыдан бағаланады [3, 4, 7, 60, 61, 65].

Азықтың энергетикалық құндылығын энергия сақталу заңдылығы негізінде қарастырылып, ыдыратуға жұмсалатын жылу оның түзілісінде пайда болған жылуға тең келгендігі энергия балансы түрінде есептелінеді. Мұнда қоректік заттардың макроэнергетикалық қосындыларының жылу өндіру мен өнімге айналуы (конверсияланғандығы) ескеріледі.

Ас қорыту барысында азықпен енген энергияны жалпы немесе брутто  (ЖЭ, БЭ) энергия, ал одан қорытылмаған энергияны алып тастағанда қоректік заттар энергиясына (ҚЭ) тиесілі болады. Қорытылған энергиядан ішекгаздары мен термен шығатын энергиясы (АЭ) қалады.

Азықтандыру деңгейінің толыққандылығы, мал тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім түзуіне толық жететін болуы керек. Бірінші кезекте қорытылған протеин жеткілікті болғаны абзал. Жалпы мал өнімділігіне АЭ мен ЭПҚ әсері 80-90% аралығында, ал қалған 10-20% азықтандырудың минералдық, витаминдік құнарлылығына тиесілі болады.

Азықтың протеиндік құнарлылығы желінген жемшөптің азотты қосындылары мал денесі мен өнімдерінің азотты қосындыларына айналу дәрежесімен бағаланады. Желінген азық протеиннің 98% қанға аминқышқылдар түрінде сіңіріледі. Алмастыруға болмайтын аминқышқылдар көбірек сіңірілсе протеиннің құндылығы жоғарылай береді. Протеиннің биологиялық бағалау үшін стандарт (100%) ретінде сиыр сүті мен тауық жұмыртқасы белогының аминқышқылдары салыстырады. Протеин құрамындағы аминқышқылдар белок түріне қарай өзгереді.

Қорытылған протеиннің бір салмақтық өлшеміне қорытылатын азотсыз заттар қосындысының (көмірсулар мен майдың) 6-8 салмақтық бөлігі келсе протеиндік қатынасы орташа, яғни нормалық деп есептелінеді. Жоғарыда-ғылар қатынасы 6-дан аз болса – тар, ал 8-ден артса кең деп аталынады. Протеиннің ара қатынасы бұзылып, организм энергетикалық мұқтаждығы қорытылған азотсыз заттар арқылы қамтамасыз етілмеген жағдайда қорытылған протеин энергетикалық мақсатқа тиімсіз жұмсалып, одан түзілетін белок (өнім) азаяды.

Азық көмірсулық құнарлылығын азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) мен  «шикі» жасұнық тобына кіретін химиялық құрамы, қорытылуы мен қуаттылығы жағынан бір-бірінен өзгешеленетін түрлі қанттар, крахмал, лигнин, т.б. бойынша бағаланады.

Көп молекулалы қанттар ас қорыту барысында тез еріп, жылдам ыдырап қанға сіңіріліп, энергия көзі ретінде пайдаланады. Қант түрінде байланған энергия ас қорыту барысында босатылып, малдың тіршілік қажеттілігіне: дене жылуын сақтауға, бұлшық еттердің жұмыс атқаруға, өнім өндіруге, т.б. жұмсалады. 1 г қант ыдырағанда 17,17 кДж энергия босайды да, мал ас қорытуының физиологиялық қажеттілігіне жұмсайды.

Мүйізді ірі қара мал азығының құрғақ затында 15-20% жасұнық болғанда ғана ас қорыту жолдары толып, желінген азық белгілі жылдамдықпен өтіп, микробиологиялық үрдістің өрістеуін қамтамасыз етеді. Месқарын микро-организмдері тез өсіп, көбейіп, ыдыраған аммиак азотын жақсы игеруі үшін қант-протеиндің қатынас (ҚПҚ) 0,8-1,2;1 аралығында болғаны оптималды деп есептелінеді.

Азықтың липидтік құнарлылығы азық майларының энергетикалық қуаттылығы жағынан басқа қоректік заттардан анағұрлым (2,25 есе) жоғары болады. Көмірсулар мен протеиннің 1 г тотыққанда 17,1 кДж энергия бөлінсе, майдың 1 г тотыққанда 38,96 кДж энергия бөлінеді. Азық майы мал тәбетін ашып, ас қорытуын жақсартып, ішекте қоректік заттардың сіңімділігін арттырады. А. Емельяновтың дерегі бойынша мал азығының 1 кг құрғақ затында шамамен 4-5 г май жеткізіліп, жемшөп алмасу энергиясының 4-5% құрайды.

Ас қорыту барысында майлар энергияға айналғанмен, оның біраз бөлігі май түрінде жеткізілуі керек.

Малдың майға мұқтаждығы өмірінің алғашқы күндері өте жоғары болса, өсе келе төмендей бастайды.

Азықтық минералдық құнарлылығы организмге олар қажетті мөлшерде және оңтайлы арақатынаста болатын жоғарыдағы айтылған макро- және микроэлементтер.

Минералды заттар организмде құрылымдық және алуан түрлі физиологиялық-биохимиялық қызметтер атқарады.

Малды дұрыс азықтандырмаудан зат алмасуы бұзылып, рН көрсеткіші 7,43 жоғарылауы алкалаз, ал 7,78-ден төмендеуі ацидозға ұшыратады. Желінген азық реакцияның мал денесінде қан, лимфа, сілекей секілді сұйықтардың реакциясына сәйкес рН=7,2-7,4 аралығында болуы керек. Қышқылдық-сілтілік қатынасы организмдегі элементтердің арақатынасын қадағалайды. Айталық, су алмасуында натрий мен калийдің ара қатынасы 0,4 : 0,5, ал сүйек қалыптасуына қатысатын кальций мен фосфор ара қатынасы 2:1 аралығында болуы тиіс.

Оңтайлы арақатынастары бұзылған жағдайда олардың сіңіріліп, пайдалануы нашарлап, желінген азықпен, қоспалармен артық жеткізілгенмен олардың жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Сондықтан төл рахитке, сақа мал – остеопороз бен остеомаляцияға жиі шалдығады.

Азықтың витаминдік құнарлылығы зат алмасу барысында бүкіл тотығу-тотықсыздану реакцияларды реттеу арқылы қоректік заттардың қосындыларын ыдыратуға зор әсер етеді. Малды витаминдермен қамтамасыз етудің ыңғайлы жолы минералды-витаминді, белокты-витаминді-минералды қосындылар мен премиксті пайдаланған жөн.

Витаминдер ферменттердің химиялық әсерлілігін жоғарылататын коферменттердің құрамына кіреді. Қажетті коферменттердің дер кізнде құрылмауынан витаминдердің белсенділігі нашардап, организмдегі зат алмасуы тежеліп, мал организмінде алиментар мен гипо- және автоминоздар дамып, түрлі ауруларға шалдығады.

Азықтық биологиялық әсерлі заттар гормондар мен ферменттердің құрылымына кіріп, организмдегі буферлік тепе-теңдік сақтауға және метаэнзимдер қызметіне қатысып, белсенділік функциялар атқарады.

Мал шаруашылығында көп жағдайда ірі жемшөптің қоректілігін жоғарылатуда микробтық қоспалар қолданылады. Олар ыдыратушылық қасиеттеріне қарай амилолитикалық, протеотикалық, целлюлозалық топтарына бөлінеді.

Азықтың қоректілігін кешенді бағалауда мал азығының биологиялық тұрғыдан сапалық көрсеткіштері болып табылатын энергетикалық, протеиндік, майлық, көмірсулық, минералдық, витаминдік және биологиялық құнарлы-лығымен пайдаланады. Азықтың жоғарыда келтірілген сапалы көрсеткіш-терінің жетіспеушілігінен түрлі ауруларға ұшыраған малдың сыртқы, клиникалық белгілері әбден нашарлағанда ғана белгілі болатындығын ескеріп, жемшөптің құндылығы мен сапасын мұқият қадағалау қажет.

Қоректік заттар мен минералдық элементтердің, витаминдердің мал азығындағы мөлшерін қанның құрамын тексеру арқылы білуге болады.

Малды дұрыс азықтандырылғанын оның сыртқы белгілерінен байқауға болады. Бұл әсіресе биогеохимиялық, эпизоотиялық аймақтарда туындайтын эндемикалық аурулардан сезіледі.

Малға желінген азық қосындыларын өнімге айналдыру (конверсиялау) үшін азықтың жалпы, яғни энергетикалық қуаттылығымен қатар сапалық көрсеткіштерін жете қадағалап, қоректік заттардың тиімді игерілеуіне ықпал етуге болады.

Малды азықтандырудың тиімділігі өндірілген өнім (сүт, ет, жұмыртқа, төл, жұмыс секілді) бірлігімен өлшенеді. Неғұрлым аз азық шығынымен мол және сапалы өнім өндірілсе оның өзіндік құны азайып мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі артады.

 

2. Негізгі бөлім

 

2.1  Ғылыми-зерттеу нысандары мен әдістемелері

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2012, 2013 жылдары Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ОБМжӨШҒЗИ) «Ақдала» тәжірибе шаруашылығында жүргізілді.

Негізгі мәселелер төмендегі әдістемелермен жүргізілді:

1. Табиғи-климаттық мәліметтер «Арыс», «Шәуілдір», «Созақ» метеостанцияларынан алынды.

2. Жайылым отының өнімділігі, өсімдіктердің ботаникалық құрамы ВНИИ кормовтың әдістемелері бойынша анықталды [75].

3. Азық қорының химиялық құрамы Е.М. Журавлева [66], Г.Я. Ринькис [67], М.А. Лукащик, В.А. Тащилин [67], А.А. Егеубаев [70], Н. Омарқожаев [71], В.А. Аликаев, Е.А. Петухова [72] әдістемелерімен жасалынды.

4. Мал азығының, рациондардың жалпы қоректілігі (азық өлшемі) мал организміндегі майдың түзілуі бойынша есептеліп, энергетикалық құнарлылығы АЭ = 17,71 қП + 37,89 қМ + 13,14 қЖ + 14,78 АЭЗ формуласымен шығарылды [7].

5. Малдардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуі Т.Қ. Рисимбетовтің             [   ] әдістемесімен анықталды.

6. Қоректік заттардың қорытылуы инертті индикаторды (хром тотығы) беру арқылы анықталды [63, 64].

7. Малдың тірі салмағы таразымен өлшенді.

8. Қойдың сүттілігі Г.Р. Литовченконың [76] әдістемесімен анықталды.

9. Сүрлем салу Д.А. Вернигордың [33] технологиясымен жүргізілді.

10. Сүрлемнің сапасы А. Михиннің [24] әдістемесімен жүргізілді.

11. Пішеннің сапасы И.В. Лариннің [53] әдістемесімен анықталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы сызбасы 2-суретте көрсетіледі.

 

2.2 Табиғи-климаттық және технологиялық факторлардың жайылым отының қоректілігіне тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері

2.2.1 Климаттық факторлардың жайылым отының өнімділігіне, химиялық құрамына, желінуіне, қорытылуына, қоректілігіне тигізетін әсерін зерттеу нәтижелері

Табиғи және мәдени өсімдіктердің өсіп-жетілуіне климаттық факторлар-дың тигізетін әсері орасан зор. Әр өңірдегі климаттық факторлар ауаның қозғалысына, жер бедеріне байланысты өзгеріп отырады. Өсімдік тіршілігіне қажетті климаттық факторларға жарық, жылу, ылғалдылық, т.б. жатады [77]. Ұрықтың өнуі, фотосинтез, пигменттердің түзілуі, фотопериодизм т.б. сияқты өте маңызды физиологиялық процестерде жарық сәулесі маңызды рөл атқарады.

Ауа және топырақ температурасы, ылғалдылық өсімдіктің өсіп-жетілуіне, өнімділігіне, оның сапасына тікелей әсер ететін факторларға жатады [2]. Әр жылы және маусым сайын өзгеріп тұратын климаттық факторлар әр түрлі өсімдіктер қауымдастығын қалыптастырады. Төменде Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймағындағы жайылым өсімдігінің өнімділігі, химиялық құрамы, қоректілігінің өзгеріп тұруын климаттық факторлармен байланыс-тырып зерттелінген мәліметтер келтіріледі.

7-кесте. «Арыс», «Шәуілдір» және «Шолаққорған» метеостанцияларының орташа айлық климаттық көрсеткіштері (2012-2013 жж.)

 

Ай

Қуаңшылық жыл, 2012

Қолайлы жыл, 2013

климаттық факторлар

жауын-шашын, мм

ауа темпе-ратурасы, 0С

желдің мак-сималды жыл- дамдығы, м/сек

жауын-шашын, мм

ауа темпе-ратурасы, 0С

желдің мак-сималды жыл- дамдығы, м/сек

Қаңтар

35,7

-1,0

9

21,1

-8,8

9

Ақпан

47,1

-2,3

12

30,8

1,2

9

Наурыз

46,4

4,8

13

55,9

7,1

10

Сәуір

-

18,4

13

48,3

15,0

9

Мамыр

0,7

26,8

12

14,3

20,4

11

Маусым

-

27,0

10

0,2

26,1

10

Шілде

1,7

29,7

13

-

29,2

10

Тамыз

0,6

27,0

12

-

26,3

9

Қыркүйек

3,4

20,5

12

21,2

16,9

9

Қазан

1,2

10,7

11

5,9

11,6

10

Қараша

22,6

0,3

12

28,5

5,8

11

Желтоқсан

36,2

0,1

12

29,5

-0,7

9

Жылдық

198,0

10,2

11,5

255,7

15,0

9,6

 

 

7-кестенің мәліметтеріне қарағанда 2012 жылы жауын-шашынның жылдық мөлшері 198 мм, ал 2013 жылы 255,7 мм болды. Бірінші жылы қаңтар-наурыз айларында жауын-шашынның мөлшері 129,2 мм болып, ол жылдық көрсеткіштің 65,2% құрады. Осы жылдың қараша, желтоқсан айларында түскен ылғалдылық 58,8 мм болып, жылдық мөлшердің 29,7% құрады. 2012 жылы сәуір айынан бастап қазанның аяғына дейін небары 7,6 мм жаңбыр себеледі. Жаңбырсыз өткен көктемнің сәуір, мамыр айларында ауаның температурасы 18,6-26,80С дейін көтеріліп, топырақтағы ылғал тез буланып кетті. Оған қосымша осы айлардағы 12-13 м/сек жылдамдықпен соққан жел де көп әсерін тигізді. Сонымен 2012 жылы қалыптасқан табиғи абиотикалық факторлардың әсерінен эфемерлер және эфемероидтардың вегетациялық кезеңдерінің ырғағы бұзылып, олардың жалпы өнімділігі мен жайылым отынның шұрайлылығы төмендеді. Сондықтан 7, 8 кестелердегі мәліметтерге сүйене отырып, 2012 жылды қуаңшылық деп аталынды.

2013 жылы жауын-шашынның жылдық мөлшері 2012 жылдан 57,7 мм артық болды. Жаңбыр тек тамыз, қыркүйек айларында жаумады. 2013 жылы жауын-шашын қаңтар-мамыр айларында 170,4 мм-ге жетіп, жылдық мөлшер-дің 66,6% құрады. Қыркүйек-желтоқсан айларындағы ылғалдылық 85,1 мм болып, жылдық мөлшердің 33,4% құрады. Осы жылдың көктемінде жиілетіп жауған жаңбыр мен атмосфералық температура үйлесімді болып, өсімдіктер-дің өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай туғызды. Оның үстіне желдің жылдамдығы салыстырмалы түрде төмен (9-10 см/сек) болғандықтан топырақтағы ылғалдық жылдам кеппеуіне септігін тигізді. Жоғарыдағы айтылған табиғи абиотикалық факторлар жайылым шөбінің өнімділігі мен оның қоректігін  жоғарылатты. Сондықтан 2013 жылды шаруаға қолайлы жыл деп бағаладық.

8-кестеде табиғи климаттық экологиялық жағдайға байланысты жайылым шөбінің өнімділігі 3, 4, 5, 6-суреттерге сай өзгеріп тұруы көрсетіледі. Мұнда 2012 қуаңшылық жылы көктемгі эфемерлік жайылым отынның шығымы  2,06 ц/га, жазда – 1,36 ц/га, күзде – 1,23 ц/га, қыста – 0,83 ц/га болса, бұл көрсеткіштер 2013 шаруаға қолайлы жылы 4,80; 4,46; 3,36 және 2,66 ц/га болды, немесе қуаңшылық жылмен салыстырғанда 2,3-3,3 есеге артты.

Профессор Т.Қ. Рисимбетовтің [78] жайылымды пайдаланудың оптималды маусымдық коэффициенттерін қолдана отырып, есептелінген жайылымның өндірістік өнімділігінің мөлшері 7, 8-суреттерге сай 1,7-2,6 есеге артық болғаны көрсетіледі. Жайылымның жалпы және өндірістік өнімділігін ескере отырып, бір қойға жылына қанша гектар жайылым қажеттілігін жоспарлауға болады. Мысалы, есептеу бойынша 2012 қуаңшылық жылы 1 қойға көктемде 1,08 га жайылым қажет болса, жазда 2,12 га, күзде – 2,77 га, қыста – 8,96 га қажет. Соңғы көрсеткіштің тым жоғары болуы қыс мезгілінде малды жаю уақытының қысқа болуына және бұл мезгілдегі жайылымның жұпындылығына байланысты.  Мұндай жағдайда қыстағы көрсетілген жайылым нормативін (8,96 га) шартты деп қабылдап, қой организміне қажетті қоректік заттарды қолдан пішен және жем беру арқылы теңестіріледі.

Табиғи-климаттық экологиялық жағдай, тек жайылым шөбінің өнімділігіне және желінуіне ғана әсер етіп қоймай, оның химиялық құрамы мен қоректілігін де өзгертіп отырады. 9-кестенің мәліметтерінде қолайлы 2013 жылдың барлық маусымында жайылым шөбінде судың мөлшері қуаңшылық 2012 жылға қарағанда артық болғаны байқалады. Көктемде ол 11%, жазда 6,3%, күзде 5,6% және қыста 4,1% артық болатыны көрініп тұр.  Сонымен қатар, бұл жылы мал организміне өте қажетті қоректік зат протеиннің артықшылығы байқалады. 2013 қолайлы жылы  шөптің табиғи ылғалдылығы-на есептегенде, жоғарғыға сәйкес 0,8-1,0% аралығында артық болды. Бұл айырмашылық шөптің абсолюттік құрғақ затына есептегенде айқын көрінеді. Мысалы, протеин қолайлы 2013 жылғы эфемерлердің құрамында, құрғақшы-лық 2012 жылмен салыстырғанда 5,36% артық болады.

 

8-кесте. Табиғи-климаттық жағдайға байланысты жайылым шөбінің өнімділігі-нің өзгеруі

 

          

Қуаңшылық жыл, 2012

Қолайлы жыл, 2013

ц/га

%

ц/га

%

Жайылымның өнімділігі

Көктем

2,06

100

4,80

234,2

Жаз

1,36

100

4,46

327,9

Күз

1,23

100

3,66

297,6

Қыс

0,83

100

2,66

320,5

Орташа

1,37

100

3,89

284,7

Жайылымды пайдалану коэффициенті

Көктем

 

54,8

 

41,0

Жаз

 

55,1

 

43,9

Күз

 

61,6

 

50,0

Қыс

 

42,2

 

33,1

Орташа

 

54,7

 

42,7

Жайылымның өндірістік өнімділігі

Көктем

1,13

100

1,97

174,3

Жаз

0,75

100

1,96

261,3

Күз

0,76

100

1,83

240,8

Қыс

0,35

100

0,88

251,4

Орташа

0,75

100

1,66

221,1

Бір қойға қажетті жайылым, га

Көктем

1,08

100

0,61

56,5

Жаз

2,12

100

0,79

34,9

Күз

2,77

100

0,89

32,1

Қыс

8,96

100

2,87

32,0

Орташа

3,73

100

1,27

34,0

 

 

Жайылым шөбіндегі майдың мөлшері жыл жағдайына қарай онша өзге-рістерге ұшырай бермейді. Табиғи-климаттық өзгерістер жасұнықтың мөлше- ріне айтарлықтай әсер ететіні байқалады. Қуаңшылық жылдың көктемгі жайылым шөбінде оның мөлшері 4,0%, жазда – 6,1%, күзде – 3,3%, қыста – 4,1% -ке артық көп болады.

Жайылым азығының құрамында кальцийдің мөлшері көктемнен (2,32 г/кг) қысқа қарай жоғарылай (6,87 г/кг) түседі. Табиғи шөптің құрамында фосфордың мөлшері шамалы (0,62-1,27 /кг), күкірт – 0,65-1,55 г/кг  аралығын-да өзгеріп тұрады.

Оңтүстік Қазақстан облысы кобальт, мыс, йод сияқты микроэлементтер жеткіліксіз биогеохимиялық провинциясына жатады. Жайылым отының құрамындағы көрсетілген микроэлементтер үй жануарларының қажеттілігін өтей алмайтын болғандыќтан, оларды міндетті түрде жемге қосып беруге тура келеді.

9-кесте.Табиғи-климаттық жағдайға байланысты жайылым шөбінің химиялық құрамының өзгеруі (табиғи ылғалдылығына есептегенде)

                                                                   

Жыл

Химиялық құрамы

ылғалды-лық,%

протеин, %

май, %

жасұнық, %

АЭЗ, %

күл,%

кальций,  г/кг

фосфор, г/кг

күкірт, г/кг

кобальт, мг/кг

мыс, мг/кг

каротин, мг/кг

Көктем

Қуаңшылық 2012

61,1

3,0

0,9

12,4

14,0

5,6

2,32

0,67

0,65

0,06

1,47

19

Қолайлы 2013

72,1

3,8

1,0

8,4

11,5

3,2

2,45

0,62

0,70

0,07

1,62

48

Жаз

Қуаңшылық 2012

37,4

4,5

2,6

24,2

23,8

7,5

4,73

1,18

1,48

0,09

4,48

8

Қолайлы 2013

43,7

5,4

2,3

18,1

24,0

6,5

6,57

1,06

1,55

0,09

4,41

21

Күз

Қуаңшылық 2012

41,6

4,6

2,0

21,4

23,6

6,8

5,33

1,22

1,33

0,09

2,75

5

Қолайлы 2013

47,2

5,2

2,4

18,1

20,8

6,3

6,12

1,27

1,22

0,12

2,54

21

Қыс

Қуаңшылық 2012

42,0

2,2

1,4

23,4

23,0

8,0

6,31

0,86

1,16

0,16

3,11

-

Қолайлы 2013

46,1

3,2

1,3

19,3

23,3

6,8

6,87

0,81

1,30

0,17

2,85

9

 

Каротин мал организміне өте қажетті биологиялық белсенді зат, қолайлы жылғы жайылымдық шөпте жоғары болады (48 мг/г), жаз және күз айларында оның мөлшері 2,2 есе төмендейді.

10-кестедегі көрсетілген қолайлы деп аталған 2013 жылы жайылым шөбінің құндылығы жоғары болды. Осы жылы 1 кг құрғақ затқа есептегенде көктемде алмасу энергиясы 9,1 МДж, жазда – 9,04, күзде – 8,71, қыста – 7,75 МДж болып, 2012 қуаңшылық жылмен салыстырғанда біршама жоғарылады. Азық өлшемі де алмасу энергиясына шамалас көтерілді.

2013 жылғы көктемгі жайылым шөбінің 1 кг азық өлшемінде 173 г  «шикі» протеиннен келсе, ол жазда 138 г, күзде 153, қыста 114 г болады. Қорытылған протеиннің мөлшері жоғарғы маусымдарға сәйкес 109, 80, 90, 61 г аралығында өзгеріп отырды.

2013 қолайлы жылғы жайылым шөбінің құрамындағы қорытылған протеин 2012 қуаңшылық жылмен салыстырғанда көктемде 23 г, жазда – 16 г, күзде – 14 г, қыста – 9 г  артық  болды. Жоғарыдағы  көрсетілген  мәліметтер

10-кесте. Табиғи-климаттық жағдайға байланысты жайылым шөбінің қоректі-лігінің өзгеруі (табиғи ылғалдылығына есептегенде)

          

Жыл

Құрғақ зат %

Алмасу энергия (АЭ), МДж

1 кг құрғақ затқа, АЭ  МДж

Азық өлшемі, кг

Протеин,г

1 кг азық өлшеміндегі қоректік зат, г

1 кг құрғақ затта, мг

протеин

кальций

фосфор

күкірт

кобальт

мыс

«шикі»

қорытылған

«шикі»

қорытылған

Көктем

2012

35,9

2,69

7,49

0,20

30

17,3

150

86

11,6

3,4

3,2

0,18

4,11

2013

27,9

2,54

9,10

0,22

38

24,0

173

109

11,1

2,8

3,2

0,24

5,83

Жаз

2012

62,6

5,51

8,80

0,39

45

24,9

115

64

12,1

3,0

3,8

0,14

7,16

2013

56,3

5,09

9,04

0,39

54

31,3

138

80

16,8

4,3

4,0

0,15

7,84

Күз

2012

58,4

4,47

7,65

0,29

46

25,0

158

86

18,4

4,2

4,6

0,16

4,72

2013

52,8

4,60

8,71

0,34

52

30,5

153

90

18,0

3,7

3,6

0,19

4,82

Қыс

2012

58,0

3,90

6,72

0,22

22

11,5

100

52

28,7

3,9

5,3

0,28

5,36

2013

53,9

4,18

7,75

0,28

32

17,2

114

61

24,5

2,9

4,6

0,32

5,29

 

қолайлы жылғы шөптің құнарлы болатындығын көрсетеді. Организмге қажетті кальций, фосфор, күкірт элементтерін салыстырмалы жылдары қойдың қажеттілігін өтейтін болса, кобальт және мыс сияқты микроэлементтер қай жылдары болмасын жеткіліксіз болып келетіні анықталды. Жоғарыда айтылғандай, Оңтүстік Қазақстан облысы аталған микроэлементтердің жетіспейтін биогеохимиялық провинцияға жататынымен сипатталады.

Табиғи шөптің химиялық құрамының жыл жағдайына байланысты айыр-машылықтары азықты абсолюттік құрғақ затқа есептегенде айқын көрінеді. Мысалы, қолайлы 2013 жылдың көктеміндегі шөпте протеиннің мөлшері 13,62%, қуаңшылық 2012 жыл – 8,26%, немесе 5,36% аз болды. Сол сияқты май – 1,07%, АЭЗ – 2,22% кем болса, қиын қорытылатын жасұнықтың мөлшері қуаңшылық жылы 4,43% артық болды (11-кесте).

Негізгі қоректік заттардың және макро- және микроминералды элемент-тердің басқа маусымдағы артықшылықтары осы таблицадан көрінеді.

Каротиннің ең көп мөлшері көктемгі эфемерлердің құрамында (172 мг/кг) болып, өсімдіктер қатая бастаған соң азайып, қолайлы жылдың өзінде 9 мг/кг дейін төмендейді де, қуаңшылық жылы мүлдем болмайды.

Қоректік заттардың қорытылуын инертті индикатор әдісімен анықталды. Ол үшін қаракөл қойларына 20 күн 5 г хром тотығын (Cr2O3) беріп, желінген шөптің және қидың сынамаларын алып зоотехникалық (химиялық) талдау жасалынды.

 

11-кесте. Табиғи-климаттық жағдайына байланысты жайылым шөбінің химиялық құрамының өзгеруі (абсолюттік құрғақ затқа есептегенде)

 

Жыл

Химиялық құрамы

протеин, %

май, %

жасұнық, %

АЭЗ, %

күл, %

кальций, г/кг

фосфор, г/кг

күкірт, г/кг

кобальт, мг/кг

мыс, мг/кг

каротин, мг/кг

Көктем

2012

8,26

2,51

34,54

39,00

15,60

7,18

1,87

1,81

0,18

4,11

53

2013

13,62

3,58

30,11

41,2

11,47

8,78

2,22

2,51

0,24

5,82

172

Жаз

2012

7,19

4,15

38,66

38,02

11,98

7,56

1,89

2,36

0,14

7,16

13

2013

9,59

4,09

32,15

42,63

11,55

11,67

2,95

2,75

0,15

7,84

37

Күз

2012

7,88

3,42

36,64

40,41

11,64

9,13

2,32

2,28

0,16

4,72

9

2013

9,85

4,55

34,28

39,39

11,93

11,59

2,41

2,31

0,19

4,82

40

Қыс

2012

3,79

2,41

40,34

39,66

13,79

10,88

1,48

2,00

0,28

5,36

-

2013

5,94

2,41

35,81

43,23

12,62

12,75

1,50

2,41

0,32

5,29

16,7

 

12-кесте. Табиғи-климаттық жағдайға байланысты жайылым шөбінің қоректік заттарының қорытылу коэффициенттері, %

Қоректік заттар

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

2012

2013

2012

2013

2012

2013

2012

2013

Құрғақ зат

56,5

64,4

63,4

63,5

57,4

61,5

50,6

57,5

Органикалық зат

58,3

65,7

64,8

64,7

56,0

62,8

51,9

58,9

Протеин

57,7

63,2

55,3

58,0

54,2

58,6

52,2

53,9

Май

60,2

58,8

60,1

62,4

58,2

60,4

56,0

57,5

Жасұнық

58,2

62,6

62,6

61,6

51,2

60,2

48,8

53,7

АЭЗ

58,4

69,5

69,4

68,7

60,6

66,5

54,8

64,1

 

12-кестеде көрсетілгендей, қолайлы жылдары негізгі қоректік заттардың қорытылуы көктемнен қысқа қарай төмендей береді. Мысалы, құрғақ заттың қорытылуы 64,4%-тен 57,5%-ке, органикалық заттар 65,7%-тен 58,9%-ке дейін. Ал қуаңшылық жылы қойлар жайылымнан өздеріне қажетті заттармен толық қамтамасыз ете алмаған жағдайда азықтың қорытылуы жоғарылауы мүмкін. Мысалы, жайылым шөбінің құрғақ заты көктемде 56,5%-ке қорытылса, ол жазда – 63,4% қорытылды. Қуаңшылық жылдың күз және қыс маусымдарында мұндай заңдылық байқалмайды. Өйткені бұл кезеңдерде қойлардың жайылымнан алған қоректік заттары тым азайып, малды үстеп пішен немесе жеммен қоректендіргеніне байланысты болады.

Инертті индикатормен жайылым шөбінің қорытылуын анықтаумен қатар, оның желіну мөлшері де анықталды (13-кесте).

13-кесте. Табиғи-климаттық жағдайға қарай әр түрлі физиологиялық жағдай-дағы саулықтардың жайылымда желінген шөптің мөлшері (1 бас тәулігіне, кг)

 

Саулықтар

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

бастапқы ылғалдылы-ғымен

құрғақ

бастапқы ылғалдылы-ғымен

құрғақ

бастапқы ылғалдылы-ғымен

құрғақ

бастапқы ылғалдылы-ғымен

құрғақ

Қуаңшылық, 2012 жыл

Қозысыз саулық

3,76

1,00

2,15

0,98

2,40

0,98

-

-

Қозылы саулық

3,65

0,97

2,05

0,93

-

-

-

-

Буаз саулық

-

-

-

-

2,6

1,08

2,2

0,89

Қолайлы жыл, 2013 жыл

Қозысыз саулық

6,03

1,42

3,07

1,44

3,44

1,24

-

-

Қозылы саулық

6,40

1,51

3,45

1,34

-

-

-

-

Буаз саулық

-

-

-

-

3,3

1,19

3,0

1,08

 

Қуаңшылық 2012 жылы қозысыз саулықтар жайылым табиғи ылғалды-лықты шөп 3,76 кг желінсе, жазда – 2,15 кг, күзде – 2,40 кг оттады.

Қозылы саулықтар жайылымда көктемде 3,65 кг шөп жесе, жазда оның мөлшері – 2,05 кг болды.

Буаз саулықтар күзде – 2,6 кг, қыста – 2,2 кг жайылым шөбін жейді. Бұл көрсеткіштер қолайлы 2013 жылы қозысыз саулық үшін – 6,03; 3,07; 3,44 кг, қозылы саулықтар – 6,40; 3,45 кг, буаз саулықтар – 3,3; 3,0 кг болады.

 

2.2.2 Жыл жағдайына байланысты қаракөл саулықтарының жайылымда қоректік заттармен қамтамасыз етілуін зерттеу нәтижелері

 

2.2.2.1 Қозысыз (бойдақ) саулықтардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуі

 

14, 15-кестелерде қозысыз саулықтардың жайылым рационының қорек-тілігі мен олардың организмінің энергия мен қоректік заттармен қамтамасыз етілуі көрсетіледі. Қозысыз саулықтар қуаңшылық 2012 жылдың көктемінде жайылым шөбінен 1,35 кг құрғақ затпен 10,1 МДж ауыспалы энергия, 0,75 кг азық өлшемін алса, бұл көрсеткіштер қолайлы 2013 жылы 1,68 кг, 15,31 МДж, 1,33 кг болды.

2012 және 2013 жылдардың жаз және күз айларында жайылымнан алынған құрғақ заттардың мөлшері көктемдегідей болғанымен алмасу энергиясы біршама жоғары болды.

2012 жылы жайылым шөбінің құрамындағы «шикі» протеин көктемде 112,8 г, жаз айында – 97,3 г, күзде – 110,9 г болса, 2013 қолайлы жылы жоғарыдағыларға сәйкес – 229,1; 165,2; 201,6 г немесе 1,7-2,0 есеге дейін жоғарылады.

Макро- және микроэлементтерді қозысыз саулықтар қолайлы жылы көп қабылдаса, каротинді 3-4 есе артық алып отырды.

15-кестеде көрсетілгендей, 2012 қуаңшылық жылы қозысыз саулықтар көктемде энергия мен қоректік заттарға қажеттілігін жайылым шөбінен қамтамасыз ете алмады. Құрғақ заттың деңгейі нормамен салыстырғанда: 96,4%, алмасу энергиясына – 91,8%, азық өлшеміне – 88,5%, протеинге – 86,8% шамасында болды. Ірі шөпте кальцийдің мөлшері көп болатындықтан қозысыз саулықтар барлық маусымда өз қажеттіліктерін өтеп отырды.

Жаз және күз айларында энергия мен негізгі қоректік заттардың жетіспеушілігі шиеленісе түсті. Ол көктем айларына 7,0-10,0%-ке азая түсті.

2013 қолайлы жылы қозысыз саулықтар барлық маусымда жайылымнан қажетті мөлшерден артық алмасу энергия мен қоректік заттарды қабылдап тұрды. Атап айтқанда көктем, жаз, күз айларында қозысыз саулықтар құрғақ затты артық мөлшерде: 120,0%, 115,2%, 113,5% қабылдап тұрды.

Алмасу энергиямен қатамасыз етілуі жоғарғы маусымдарға сәйкес – 139,2%, 136,9%, 131,8% болса, азық өлшемі – 156,1%, 133,0%, 123,1%-ке жетті.

«Шикі» протеинмен қамтамасыз етілуі 176,3%, 122,3%, 144,0% болса, қорытылған протеинге есептегенде – 192,9%, 119,7%, 123,3%-ке жоғарылады.

Қозысыз саулықтар барлық маусымда макроэлементтермен толық қамтамасыз етілсе, кобальттың жетіспеушілігі 57,9-73,7%, ал мыстыкі – 9,7-45,4% аралығында болды. Қолайлы 2013 жылы қозысыз саулықтардың жайылым рациондарындағы мөлшері қажеттіліктен бірнеше рет артық болды.

 

14-кесте. Қозысыз саулықтардың жайылым рационының мөлшері мен қоректілігі

 

Ауыспалы энергия және қоректік заттар

Көктем

Жаз

Күз

2012

2013

2012

2013

2012

2013

Жайылымда желінген шөп, кг

3,76

6,03

2,15

3,07

2,40

3,44

Оның құрамындағы АЭ және қоректік заттар:

 

 

 

 

 

 

Құрғақ зат, кг

1,35

1,68

1,34

1,73

1,40

1,81

Ауыспалы энергия, МДж

10,1

15,31

11,64

15,62

10,73

15,82

Азық өлшемі, кг

0,75

1,33

0,84

1,30

0,69

1,17

«Шикі» протеин, г

112,8

229,1

97,8

165,2

110,9

201,6

Қорытылған протеин, г

65,0

144,7

54,1

95,8

60,0

104,8

Кальций, г

8,72

14,77

10,16

20,16

12,79

21,0

Фосфор, г

2,62

3,73

2,64

5,10

2,93

4,36

Күкірт, г

2,44

4,22

3,18

4,75

3,19

4,19

Кобальт, мг

0,23

0,42

0,19

0,28

0,22

0,41

Мыс, мг

5,63

9,76

9,63

13,54

6,60

8,74

Каротин, мг

71

289

17

64

12

72

 

15-кесте. Табиғи-климаттық жағдайға қарай қозысыз саулықтардың жайылымда энергия және қоректік заттармен қажеттілігін қамтамасыз ету деңгейі

 

Қоректік заттар мен АЭ

Көктем

Жаз

Күз

2012

2013

2012

2013

2012

2013

Құрғақ зат, кг

96,4

120,0

89,7

115,2

87,6

113,5

Алмасу энергия, МДж

91,8

139,2

79,0

136,9

89,4

131,8

Азық өлшемі, кг

88,5

156,1

93,2

133,0

73,3

123,1

«Шикі» протеин, г

86,8

176,3

72,5

122,3

79,2

144,0

Қорытылған протеин, г

86,7

192,9

67,6

119,7

70,6

123,3

Кальций, г

158,6

268,6

178,4

353,6

213,2

350,8

Фосфор, г

70,0

103,9

63,4

127,4

68,1

101,6

Күкірт, г

73,9

127,9

90,9

135,9

74,2

113,4

Кобальт, мг

23,5

43,1

18,4

26,3

19,3

36,6

Мыс, мг

39,5

69,8

64,2

90,3

41,2

54,6

Каротин, мг

645

2627

142

533

86

514

Қаракөл шаруашылығында қозысыз саулықтарды топтастырып бөлек жаяды. Мұндай топтар неггізінен қозысы елтіріге сойылған немесе өлген және қысыр қалған саулықтардан құрастырылады. Олар қозысына алаңдамай, ұзақ күн бойы көк майса эфемерлі жайылымда болып, тез қоңданады. Қысыр саулықтар тобына кейіннен (2 айдан соң) қозысынан күндіз ажыратып жаятын қозылы саулықтар қосылып, күздегі күйек алу науқанына дайындалады.

Қозысыз саулықтар тобы наурыз айының 15-20-нан 1 тамызға дейінгі кезеңдерінде болып, көктем, жаз және күз маусымдарын қамтиды. Олардың күйі-қоңы жайылым жағдайына байланысты өзгеріп отырады (16-кесте).

 

16-кесте. Табиғи-климаттық жағдайға қарай қозысыз саулықтардың тірі салмағының өзгеруі

 

Көрсеткіштер

Көктем

Жаз

Күз

2012

2013

2012

2013

2012

2013

Тірі салмағы, кг:

 

 

 

 

 

 

Маусым басында

35,6

37,5

36,3

43,0

34,7

46,3

Маусым аяғында

36,6

43,0

34,7

46,3

34,3

48,6

Салмақ қосуы немесе азуы

1,0

5,5

-1,6

3,3

-0,4

0,6

Тәуліктік салмақ қосуы немесе кемуі

25

138

-18

37

-10

58

 

Мысалы, 2012 қуаңшылық жылғы көктеміндегі қозысыз саулықтың тірі салмағы 35,6 кг болса, күз айында 36,6 кг тартып, төрт айда небары 1,0 кг салма қосты, ал 2013 жыл соңғы көрсеткіш 5,5 кг жетті. Тәуліктік салмақ қосуы қуаңшылық жылы 25 г болса, қолайлы жылы 138 г, немесе 5,5 есе артық болып, климаттық жағдайдың жайылым шөбінің өнімділігіне және қоректілігіне байланысты болатынын анық көрсетті.

 

2.2.2.2 Буаз саулықтардың жайылымда қоректік заттармен қамтамасыз етілуі

Қаракөл шаруашылығында күйек алу науқаны негізінен 20 қазаннан басталады. Төл 20 наурызда, жайылымның көктеу кезеңінде алынады. Буаз саулық қоректік заттарға қажеттілігін екі кезеңге бөліп қарайды. Алғашқы үш айда буаз саулықтардың қоректік заттарға қажеттілігі аса жоғары болмайды. Ал соңғы екі айда құрсақтағы эмбрионның қарқынды дамуына байланысты буаз саулықтардың энергия мен қоректік заттарға қажеттілігі жедел арта түседі [81].

17-кестеде көрсетілгендей, қуаңшылық 2012 жылы саулықтардың бірінші кезеңінде күзгі жайылымда 2,6 кг, ал екіншісінде 2,2 кг (жайылым шөбінің табиғи ылғалдығына есептегенде) шөп жейді. Осы жылы күз айларында буаз

17-кесте. Табиғи-климаттық жағдайға байланысты буаз саулықтардың жайылымда энергия мен қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі

 

Қоректік заттар

2012 жыл

2013 жыл

буаздық кезеңдері

1

2

1

2

Жайылымда желінген шөп, кг

2,6

2,2

3,3

3,0

Оның құрамындағы АЭ және қоректік заттар:

 

 

 

 

Құрғақ зат, кг

1,51

1,28

1,78

1,62

2012 жылға, %

100

100

117,9

126,5

Алмасу энергия, МДж

10,4

8,58

13,79

12,54

2012 жылға, %

100

100

132,6

142,2

Азық өлшемі, кг

0,57

0,48

0,92

0,84

2012 жылға, %

100

100

161,4

175,0

«Шикі» протеин, г

57,2

48,4

105,6

96,0

2012 жылға, %

10

100

184,6

198,3

Қорытылған протеин, г

29,9

25,3

56,8

51,6

2012 жылға, %

100

100

189,9

203,9

Кальций, г

15,4

13,9

22,7

20,6

2012 жылға, %

100

100

138,4

148,2

Фосфор, г

2,2

1,9

2,7

2,4

2012 жылға, %

100

100

122,7

126,3

Күкірт, г

3,0

2,6

4,3

3,9

2012 жылға, %

100

100

143,3

150,0

Кобальт, мг

0,42

0,35

0,56

0,51

2012 жылға, %

100

100

133,3

145,7

Мыс, мг

8,1

6,8

9,4

8,6

2012 жылға, %

100

100

116,0

126,5

Каротин, мг

-

-

29,7

27

 

саулықтар тек құрғақ зат және алмасу энергияның қажеттілігін өтей алғанмен эмбрионның дамуына аса қажетті «шикі» және қорытылған протеин, кальций, фосфор, күкірт сияқты макроэлементтермен және кобальт, мыс микроэлемент-термен қамтамасыз ете алмайды.

Қуаңшылық 2012 жылғы буаз саулықтардың екі кезеңіндегі жайылым шөбінен алған энергия мен қоректік заттарды 100% деп алсақ, қолайлы 2013 жылы буаз саулықтар бірінші кезеңде, қуаңшылық жылмен салыстырғанда құрғақ затты – 17,9%, алмасу энергияны – 32,6%, азық өлшемін – 61,4%, «шикі» протеинді – 84,6%, қорытылған протеинді – 89,9%, кальцийді – 38,4%, фосфорды – 22,7%, күкіртті – 43,3%, кобальтты – 33,3%, мысты – 16,0%-ке артық алды. Бұл көрсеткіштер буаз саулықтардың екінші кезеңінде жоғарыда-ғыларға сәйкес 26,5%; 42,2%; 75,0%; 98,3%; 103,9%; 48,2%; 26,3%; 50,0%; 45,7%; 26,5%-ке артық болды.

18-кестеде буаз саулықтардың жайылым шөбінен алған энергия мен қоректік заттардың деңгейін профессор Т.Қ. Рисимбетовтің оптималды нормативтер-мен салыстырсақ, 2012 қуаңшылық жылы буаз саулықтар екі кезеңінде де энергия мен негізгі қоректік заттрмен қамтамасыз ете алмағандығын көрсетеді. Соның ішінде энергия (53,0%) мен протеиннің (24,2%) үлесінің тым төмен болуы қолдан пішен және құрама жем бермеген жағдайда, буаз көтеремдікке алып келетіні талас тудырмайтыны айқын.

 

18-кесте. Буаз саулықтардың табиғи-климаттық жағдайына байланысты жайылымда энергия және қоректік заттармен қамтамасыз етуінің деңгейі, %

 

Қоректік заттар мен алмасу энергия

2012 жыл

2013 жыл

буаздық кезеңдері

1

2

1

2

Құрғақ зат, кг

94,4

67,4

111,3

85,3

Алмасу энергия, МДж

84,5

53,0

114,9

77,4

Азық өлшемі, кг

60,0

35,6

96,8

62,2

«Шикі» протеин, г

40,7

24,2

55,7

35,1

Қорытылған протеин, г

35,2

18,7

66,8

38,2

Кальций, г

372

151

378

224

Фосфор, г

51,2

34,6

67,7

47,3

Күкірт, г

81,1

54,2

94,3

66,7

Кобальт, мг

37,5

26,3

40,2

30,8

Мыс, мг

50,6

35,8

57,5

43,2

Каротин, мг

-

-

212

150

 

2013 қолайлы жылы буаз саулықтардың бірінші кезеңінде жайылым шөбінен алынған құрғақ зат пен алмасу энергиясы организмге қажеттілікті толық (111,3%, 114,9%) өтегенмен, кальцийден басқа негізгі қоректік заттарға қажетті болатындығы байқалады. Бірақ олардың көрсеткіштері қуаңшылық жылға қарағанда тым алшақ емес. Сондықтан буаз саулықтарды бағып-күтуге аса мән беру керек. Тек сонда ғана саулықтардың төлдегіштігі жоғары болып, туған қозыларды аман сақтап қалуға зор әсерін тигізеді.

Жайылымда үстеп жемделген буаз саулықтар қай жылы болса да қоңы түсетіні белгілі, бірақ оның мөлшері жыл жағдайына байланысты (19-кесте).

 

19-кесте. Буаз саулықтардың жыл жағдайына қарай тірі салмағының өзгеруі, кг

Саулықтардың тірі салмағы

Жыл

2012

2013

Күйек алды

46,8±1,8

47,6±1,3

Қозылаған соң

33,8±1,4

38,2±0,6

Салмақтың кемуі

-13

-9,4

% есебімен

27,8

19,8

 

Қуаңшылық жылы қозылаған саулықтың салмағы күйек алдындағымен 13 кг (27,8%) төмендесе, қолайлы жылы бұл көрсеткіш 9,4 кг (19,8%) болды.

 

2.2.2.3 Қозылы саулықтардың жайылымда қоректік заттармен қамтамасыз етілуі

Қозылар туымның алғашқы айында кіші (1-5 күндік), орта (5-10 күндік) және ірі (10 күннен соң) сақпандарға бөлініп, анасымен бірге жайылады. Бұл уақытта қозы мен саулықтар ұзақ жайыла алмағандықтан қозысыз саулықтарға қарағанда нашар отығады. Сондықтан олардың қуаңшылық жылғы жайылым-нан алған қоректік заттары емізулі қойдың қажеттілігін өтей алмайды  [82].

20-кесте. Қозылы саулықтардың табиғи-климаттық жағдайына байланысты энергия және қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі

Қоректік заттар мен алмасу энергия

Көктем

Жаз

2012

2013

2012

2013

Жайылымда желінген шөп, кг

3,65

6,40

2,05

3,45

Оның құрамындағы:

Құрғақ зат, кг

1,31

1,79

1,28

1,94

2012 жылға, %

100

136,6

100

151,6

Алмасу энергия, МДж

9,82

16,30

11,30

17,6

2012 жылға, %

100

165,9

100

155,7

Азық өлшемі, кг

0,73

1,41

0,80

1,35

2012 жылға, %

100

193,1

100

168,8

Қорытылған протеин, г

63,1

153,6

49,8

108,0

2012 жылға, %

100

243,4

100

216,8

Кальций, г

8,5

15,7

9,7

22,7

2012 жылға, %

100

184,7

100

234,0

Фосфор, г

2,5

4,0

2,4

5,7

2012 жылға, %

100

160,0

100

237,5

Күкірт, г

2,4

4,5

3,0

5,4

2012 жылға, %

100

187,5

100

180,0

Кобальт, мг

0,22

0,45

0,18

0,31

2012 жылға, %

100

204,5

100

119,2

Мыс, мг

5,4

10,4

9,2

15,2

2012 жылға, %

100

192,6

100

165,2

Каротин, мг

69,3

307,2

16,9

72,4

2012 жылға, %

100

443,3

100

441,5

2012 жылдың көктемінде қозылы саулықтар көктемгі табиғи жайылымда 3,65 кг көк балауса шөп жесе, жаздық жайылымда 2,05 кг шөп желінеді. Олардың құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері 1,31 кг және 1,28 кг болды. Ал 2013 қолайлы жылы көктем және жаз айларында саулықтар 6,40 кг, 3,45 кг шөп жеп, оның құрғақ заты осыған сәйкес 1,79 кг және 1,94 кг болды. Соңғы 2013 жылы қозылы саулықтар қуаңшылық жылға қарағанда, маусымға байланысты, алмасу энергияны 65,9% және 155,7% артық қабылдады да, жайылымнан алған жалпы азық өлшемі 93,1% және 108,0% артық болды.

Қолайлы 2013 жылы қозылы саулықтар 2012 қуаңшылық жылға қарағанда қоректік заттарды және қой организміне аса қажетті биологиялық активті элементтерді көктемде: протеинді – 53,6%, кальцийді – 84,7%, фосфорды – 60,0%, күкіртті – 87,5%-ке артық алса, жазда олардың үлесі жоғарыдағыларға сәйкес 116,8%, 134,0% 137,5% және 80,0%-ке көп болды.

Қозылы саулықтар қолайлы жылы қуаңшылық жылмен салыстырғанда кобальт және мыс сияқты микроэлементтерді көп алғанмен олардың жалпы мөлшері қойдың қажеттілігін өтей алмайтындығын көрсетеді. Сондықтан қай жылы болмасын саулықтардың рационын жоғарыда көрсетілген микро- элементтермен байытып отыру керек.

21-кестеде көрсетілген жайылым рациондарында энергия, қоректік және минералдық заттар, профессор Т.Қ. Рисимбетовтің нормасымен салыстырғанда қуаңшылық жылы қозылы саулықтардың организмін қанағаттандыра алмады. Осы жылдың көктемінде қозылы қойлар жайылымнан қажетті құрғақ заттың 77,1% алды. Бұл алмасу энергия үшін 62,6%, «шикі» протеин – 48,7%, фосфор – 39,7%, кобальт – 20,0%, мыс 31,8%-ке ғана өтелінді,

Қолайлы 2013 жылы қозылы  қойлар жайылымда негізгі қоректік заттармен толық қамтамасыз етсе, олардың организміне тек фосфор, кобальт, мыс сияқты макро- және микроэлементтер жетіспеді.

Қуаңшылық жылдың жаз айларында жайылымдағы энергия мен негізгі қоректік заттардың жетіспеушілігі шиеленісе түсті (21-кесте).

 

21-кесте. Қозылы саулықтардың жыл жағдайына қарай жайылымда энергия мен қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі

Қоректік заттар

Көктем

Жаз

2012

2013

2012

2013

Құрғақ зат

77,1

105,3

75,5

114,1

Алмасу энергия

62,6

103,9

70,6

112,1

Азық өлшемі

56,1

108,5

61,5

103,8

«Шикі» протеин

48,7

108,1

41,0

82,8

Қорытылған протеин

46,7

113,8

36,9

80,0

Кальций

80,9

149,5

88,2

216,6

Фосфор

39,4

57,1

40,3

90,5

Күкірт

47,1

88,2

60,6

105,9

Кобальт

20,0

40,9

16,4

28,2

Мыс

31,8

61,2

54,1

89,4

Каротин

396

1807

96,6

426,0

 

Қолайлы жылдың жайылымның өнімділігінің жоғары болғанына қарамастан қозылы саулықтар жаз айларындағы қурап кеткен шөптен протеиндік қажеттілігінің тек 80,0-82,8% ғана қамтамасыз етілді. Бұл жылы жайылым рационындағы фосфордың деңгейі нормативпен салыстырғанда 90,5%, кобальт – 28,2%, мыс – 89,4% өтелінді. Осы жағдайлар қозылы саулықтардың өнімділігіне түрлі әсерін тигізді.

Қаракөл шаруашылығында төлді негізінен көктемде алады. Қаракөл қойы тез арада қурап кететін эфемерлік жайылымды жақсы пайдаланып, сүт өнімділігі, салыстырмалы түрле жоғары болады. Шаруашылықта қозыларды енесінен 4 айлығында ажыратады. Осы кезеңдердегі қойдың сүттілігі сол жылы қалыптасқан табиғи климаттық жағдайға байланысты өзгеріп отырады (22-кесте).

Қозылар 20 күндігіне дейін тек анасының сүтімен қоректенеді. Осы мерзімге дейін 2012 қуаңшылық жылы қозылардың емген сүтінің мөлшері 320 грамнен 980 г-ға дейін жоғарылап, 65 күндігінде 280 г дейін төмендеді. Қозы ажыратар алдында 120 күндік төл небары 30 г сүт емеді.

2013 қолайлы жылы алғашқы 20 күн аралығында саулықтардың сүттілігі 950 г-нан 2050 г дейін жоғарылап, 65 күндігінде 900 г, қозы ажырату кезінде 150 г сүт бөлінді.

Қозылы саулықтардың жалпы сүттілігі 4 айда, 2012 қуаңшылық жылы 41,2 кг, ал қолайлы 2013 жылы – 108,9 кг, немесе 2,6 есеге артық болды.

Сүттің химиялық құрамы мен энергетикалық қуаттылығы жыл жағдайына тікелей байланысты (23-кесте). Жайылымның өнімділігі және қоректілігі жоғарылаған сайын қозылы саулықтардың сүтінің құрамындағы ақуыз – 41,2,  май – 50,1%, энергетикалық қуаттылығы – 36,8%-ке жоғарылайды. Емізулі қойлар суала бастаған соң сүттің майлылығы арта бастайды. Мысалы, бірінші айда сүтте – 6,65% май болса, 2,5 айда – 7,30%, 4 айда – 8,25% жетеді. Осы кезеңдерде сүт қантының мөлшері азайып, энергетикалық қуаттылығы жоғарылайды.

Жаңа туылған қозылардың тірі салмағы қуаңшылық жылы қолайлы жылмен салыстырғанда 1,2-1,5 есеге кем болып, олардың өсіп-жетілу қарқыны төмендейді. Сүттілігі төмен саулықтардың қозылары бірінші айда тәулігіне 115 г салмақ қосса, қолайлы жылы бұл көрсеткіш  352 г немесе 2,5 есеге артық болды. Қозылардың 1 кг салмақ қосуына құрғақшылық жылы 28,98 МДж энегия жұмсалса, қолайлы жылы ол 22,73 МДж төмендеді.

Қуаңшылық жылы 20-75 күндік қозылардың тәуліктік салмақ қосуы 100 деп алатын болсақ, қолайлы жылы ол 301,2%-ке жетті.

Қуаңшылық жылы қозы ажырату мезгілінде (4 айлығында) небары 14,5 кг болса, бұл көрсеткіш қолайлы жылы 29,9 кг жетіп, 2,1 есеге артық болды (24-кесте).

Қуаңшылық немесе қолайлы жылдары жайылымның өнімділігі мен қоректілігі өзгеріп отыратын болғандықтан қозылы саулықтардың салмақ қосуы өзгеріп отырады. Жайылымнан алынған қоректік заттардың 30% организмдегі сүттің түзілуіне жұмсалса, қалғаны тіршілік әрекеті (жайылу, ас қорыту, тыныс алу, т.б.) ет, май және жүннің метаболизміне жаратылады.

 

22-кесте. Қозылы саулықтардың жыл жағдайына қарай сүттілігінің өзгеруі

 

Көрсеткіштер

Жыл

Қозылы саулықтардың сүттілігін анықтаған күндер

5

10

15

20

25

35

45

55

65

75

85

105

120

Тәуліктік салмақ, г

2012

320

560

675

980

840

710

490

395

280

235

190

55

30

2013

950

1880

1860

2050

1960

1535

1280

960

900

840

500

195

150

Анықталған күндердегі жалпы сүттілігі, кг

2012

1,6

4,4

7,7

12,6

16,8

23,9

28,8

32,7

35,3

37,6

39,8

40,7

41,2

2013

4,7

13,1

22,4

32,7

42,5

57,9

70,7

80,3

89,3

97,7

102,7

106,6

108,9

2012 жылға

% есебімен

2012

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

2013

294

298

291

260

253

242

246

245

251

260

258

262

264

Жалпы сүттіліктің үлесі, %

2012

3,9

10,7

18,7

30,6

40,8

58,0

69,9

79,4

86,2

91,3

96,6

98,8

100

2013

4,3

12,0

20,6

30,0

39,0

53,2

64,9

73,4

82,0

89,7

94,3

97,9

100

 

23-кесте. Жыл жағдайына байланысты қозылы саулықтардың сүтінің химиялық құрамының өзгеруі

 

Қоректік заттар, %

Сүттің химиялық құрамын анықтаған лактация күндері

10-күн

75-күн

120-күн

2012

2013

2012

2013

2012

2013

Ақуыз

4,12

5,82

5,13

5,88

4,68

5,86

Май

4,43

6,65

5,70

7,30

6,12

8,25

Сүт қаныты

5,06

5,24

5,02

5,30

4,71

4,62

Күл

0,79

0,87

0,82

0,95

087

1,04

Құрғақ зат

14,40

18,58

16,67

19,43

16,37

19,77

Энергетикалық құндылығы, МДж

3,58

4,90

4,32

5,18

4,39

5,26

 

24-кесте. Саулықтардың сүттілігіне қарай қозылардың өсіп-жетілуі

 

Көрсеткіштер

Салмағы өлшенген күндер

туғанда

20-күнде

75-күнде

120-күнде

2012 жыл

Тірі салмағы, кг

3,10

5,40

9,60

14,50

Салмақ қосуы, кг

 

2,30

4,20

4,90

Тәулікте қосқан салмағы, г

 

115

113

109

1 кг қосқан салмағына жұмсалған энергия, МДж

 

28,98

 

 

2013 жыл

Тірі салмағы, кг

4,50

11,55

24,20

29,90

2012 жылға, %

145,2

213,9

252,1

206,2

Салмақ қосуы, кг

 

7,05

12,65

5,70

2012 жылға, %

 

306,5

301,2

116,3

Тәулікте қосқан салмағы, г

 

352

230

127

1 кг қосқан салмағына жұмсалған энергия, МДж

 

22,73

 

 

 

Біздің тәжірибеде қуаңшылық жылы қозылы саулықтар көктемде  көзге көрінетіндей салмақ қоспады. Қоректік заттар аз да болса сүттің түзілуіне жұмсалып отырды. Ал қолайлы жылы емізулі саулықтар сүттілігімен ерекшеленіп 1,9-2,5 кг салмақ қосты. Ол жауын-шашынды жылы жайылым шөбінің өнімділігі мен қоректік заттардың артқандығынан деп тұжырымдауға болады (25-кесте).

 

25-кесте. Қозылы саулықтардың табиғи жайылым жағдайына қарай тірі салмағының өзгеруі, кг

Көрсеткіштер

Көктем

Жаз

2012

2013

2012

2013

Тірі салмағы, кг

 

 

 

 

Маусым басында

34,2

38,3

34,0

40,2

Маусым аяғында

34,0

40,2

33,6

42,7

Салмақ қосуы, азуы

-0,2

+1,9

-0,4

+2,5

 

3  ЖҮГЕРІ СҮРЛЕМІН КОНСЕРВАЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Орылған жүгерінің көк балаусасы қоршаған ортадағы микро-организмдердің әсерінен, жоғарғы ылғалдықтан қызып, шіри бастайды. Микроорганизмдер мен өсімдік ферменттері көк балаусадағы көмірсулар, ақуыз т.б. қоректік заттарды ыдыратқандағы пайда болған жағымсыз иісті зеңденген азықты малға беруге болмайды. Бұзылған көк балаусадағы протеиннің 20-30%, каротиннің – 75% жойылып, мал азығының сапасы күрт төмендейді.

Жүгері балаусасындағы қоректік заттарды толық сақтаудың бірден-бір тәсілі – сүрлем жасау. Оның технологиясы 9, 10-суреттерде көрсетілгендей бірнеше операциялардан тұрады: жүгеріні ору, майдалау, тасымалдау, арнайы жасалынған орға (траншеяға) түсіріп, трактормен таптау, сүрлемнің үстін жабу.

Сүрленген көк балауса күрделі механикалық, физикалық және биологиялық процестерден соң екі айда толық консервацияланады. Сүрлемдегі биологиялық процес, көк балаусадағы сүтқышқылы бактерияларының әсерінен, органикалық қышқылдар, негізінен сүт қышқылы түзіледі.

Герметикалық (ауасыз) ортада органикалық қышқылдар сүрлемдегі шіріткіш бактериялардың және өңездендіретін саңырауқұлақтардың тіршілігін тоқтатып, жүгерідегі қанттың ашуынан сүт қышқылы пайда болып сүрлемнің жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Сонымен сапалы сүрлем дайындау үшін өсімдіктің құрамындағы қанттың мөлшері сүт қышқылының тіршілігіне жеткілікті болып, көк балаусаның ылғалдылығы 65-75% аралығында болғаны дұрыс.

Көптеген ғалымдар жүгеріні сүрлеудің оңтайлы уақыты дәннің сүттеніп-қамырлану кезеңінде дайындауды ұсынады. Бұл уақытта көк балаусаның құрамындағы ылғалдылық – 75%, протеин – 7,8%, май – 6,5%, жасұнық – 25,8%, азотсыз экстрактивті заттар – 41,3%-ке жетіп, сүрлемнің 1 кг қоректілігі 0,20-0,22 азық өлшемі аралығында болып, дәмді мал азығы дайындалады.

Сүрлемнің пісіп-жетілу барысында көк балаусаның қызуы (температурасы) 27-450С  аралығында болғанда микробиологиялық және биохимиялық үрдістер оңтайлы ортада өтіп, сүрлемнің құнарлылығы жоғары болатындығын дәлелдеді.

Жоғарыда келтіріліген сүрлем салудың теориялық және технологиялық негіздері мал шаруашылықтарына (колхоз, совхоз) лайықталып жасалынған-ды. Ол кездегі сүрлемдік дақылдарға арнайы егіс алқаптары белгіленіп, агротехникалық және технологиялық карталар жасалынатын. Қазіргі таңдағы сүрлем салуға қажетті техникаларды баяғылармен салыстыруға болмайтын-дықтан шағын қожалықтарға лайықталған ізденістерді талап етеді.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде соңғы 20 жылда жүгеріні негізінен дәні үшін өсірілетін  болғандықтан,  көк  балаусадан  сүрлем  салу  бірен-саран қожалық-

тарда ғана кездеседі. Дегенмен жеке шаруашылықтардағы сауын сиырлардың басының арта түсуі, ет өндіретін кешендердің қалыптаса бастауы, ұмыт болған малазық қорын қайта жандандыруды талап етеді.

Біздер жүгері сүрлемін салудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтиже-лері төменде талқыланады. Көк жүгері балаусасы ескі цементтелген траншеяға салынды.

Сүрлемдік жүгеріні негізінен сүттеніп-қамырлану кезеңінің басында орылып, жаппай қамырға айналғанда бітуі керек. Бұл уақытта оның ылғалдылығы 79,4-83,9% аралығында болады да, сүрлем шамадан тыс қышқылданып, жалпы қоректік зат мөлшері 16-20% дейін төмендейді. Ертерек орылған, балаусаға 15-25% майдаланған сабан қосып, ылғалдылығын 70%-ке дейін төмендетуге болады.

Сүрлемдік жүгері СК-2,6, КС-2,6, КС-1,8 комбайндарымен орылды.

Сүрлемді қысқа уақытта дайындап алу, оның сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Дүние жүзінде жүгеріге теңдес сүрлемдік мәдени өсімдік жоқ деп айтуға болады. Біздің зерттеулеріміз бойынша Оңтүстік Қазақстан жағдайында жүгері көк балаусасының өнімділігі 500 ц/га кем түспейді. Суармалы жердің әр гектарынан түсетін азық өлшемі, жүгерінің қай вегетациялық фазасында да бірінші орын алады.

Жүгерінің алғашқы өсімінен бастап оның толық пісіп-жетілгенге дейінгі қоректік заттардың қордалануы 26-кестеде көрсетіледі.

 

26-кесте. Жүгерінің әр өсу фазасындағы химиялық құрамы (%)

 

Жүгерінің өсу фазалары

Су

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

Күл

Кальций

Фосфор

Шоғырлануы

83,9

2,1

1,0

3,8

7,8

1,4

0,12

0,04

Гүлдеу

81,8

2,1

0,5

4,6

9,7

1,3

0,10

0,04

Дән сала бастауы

80,2

2,2

0,5

4,6

11,1

1,4

0,12

0,05

Сүттену

77,4

1,9

0,5

5,0

13,8

1,4

0,10

0,05

Сүттеніп-қамырлануы

73,7

2,0

0,6

5,3

16,4

2,0

0,12

0,05

Қамырлануы

67,8

2,6

0,7

6,4

20,8

1,7

0,13

0,07

Толық пісіп жетілуі

61,3

2,9

0,8

6,9

26,4

1,7

0,13

0,10

 

26-кестеде көрсетілгендей, жүгері өсе келе оның құрамында протеин, май, жасұнық, АЭЗ және минералдық заттардың мөлшері арта түсетіндігі байқалады.

27-кестеде көрсетілгендей, жүгерінің өсе келе қоректілігі 0,18-0,39 кг азық өлшеміне жоғарылауымен қатар қорытылатын протеиннің 13,3-14,6 г артатыны анықталды.

27-кесте. Жүгерінің өсіп-даму фазаларындағы қоректілігі

 

Сүгерінің өсу фазасы

1 кг көк жүгеріде

азық өлшемі

қорытылатын протеин (г)

Гүлдеу

0,18

13,3

Дән сала бастауы

0,18

13,6

Сүттену

0,22

13,0

Сүттеніп-қамырлануы

0,30

13,0

Қамырлануы

0,31

14,0

Толық пісіп жетілуі

0,39

14,6

 

Шаруашылықта мал азығын өндірудің экономикалық тиімділігі 1 га алынатын қоректік заттармен есептеледі.

 

28-кесте. 1 га егістіктен шығатын қоректік заттар

 

Өсу фазасы

Ылғалдылығы, %

100 кг азықта

1 га өнімділігі

Өнімділігінің артуы, %

азық өлшемі, кг

қорытылатын протеин, кг

азық өлшемі, кг

қорытылатын протеин, кг

азық өлшемі

қорытылатын протеин

Дән байлау

8,08

18,5

1,36

3100

228

100

100

Сүттену

77,30

22,1

1,30

5535

300

178

132

Сүттеніп-қамырлану

70,64

29,7

1,31

8077

356

261

156

Қамырлану

67,74

31,5

1,39

6904

423

310

186

 

28-кестенің мәліметтеріне қарағанда жүгерінің вегетациялық кезеңдері пісіп-жетілуіге жақындаған сайын жүгерінің қоректілігі арта түседі. Егер жүгерінің дән байлау кезеңіндегі азық өлшемін 100% деп алсақ, ол сүттену кезеңінде – 178%, сүттеніп-қамырлануда – 261%, қамырланған кезде 310% артады. Қорытылатын протеиннің мөлшері жоғарыдағыларға сәйкес – 132, 156, 186% артады.

29-кестеден сүрлемнің құрғақ заты мен қоректілігі жүгерінің ору мерзімі мен ылғалдығына байланысты болатындығы байқалады. Мысалы, 9-тамызда орылған жүгерінің ылғалдылығы 63,2% болғандықтан көк балаусада небары 36,8% құрғақ зат болды. Соңғысы сүттену кезеңде 49,1%, сүттеніп- қамырланғанда 61,3%, қамырланғанда – 74,0%. Жоғарыдағыларға байланысты 1 га шығатын азық өлшемі – 3186, 4378, 5721, 7000 кг/га дейін жоғарылады, немесе пайыз есебімен 160% артты.

 

29-кесте. Жүгері ору мерзіміне байланысты сүрлемнің құрғақ заты мен қоректілігінің өзгеруі

 

Өсу фазасы

Орылу мерзімі

Құрғақ зат (ц/га)

Азық өлшемінің шығымы

барлығы, ц/га

артуы, %

дән байлау фазасы

сүттену фазасы

Дән байлау

9/VII

36,8

3186

100

-

Сүттену

16/VIII

49,1

4378

137

100

Сүттеніп-қамырлану

26/VIII

61,3

5721

180

131

Қамырлану

3/IX

74,0

7000

220

160

 

Жүгерінің химиялық құрамы оның вегетативті мүшелеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жүгерінің ылғалдылығының көп мөлшері жапырағы мен сабағында болса, қант сабағы мен собығында, ал крахмал собығында көп жиналады (30-кесте).

 

30-кесте. Жүгерінің өсу фазасына байланысты қант және крахмалдың мөлшерінің өзгеруі (%)

 

Химиялық құрамы

Жүгері құрылымдары

Өсу фазасы

сүттену

сүттеніп-қамырлану

қамырлану

Ылғал-дылығы

жапырағы

74,60

76,32

75,02

сабағы

77,04

80,43

80,75

собығы

75,76

76,18

51,87

Қант

жапырағы

1,96

1,83

1,31

сабағы

6,25

3,42

3,70

собығы

5,83

3,28

3,20

Крахмал

жапырағы

0,40

0,14

0,15

сабағы

0,50

0,18

0,17

собығы

3,75

5,45

17,34

 

31-кесте. Сүрлемнің химиялық құрамы

 

Қоректік заттар

Дәннің сүтті-қамырлы фазасы

Дәннің қамырлы фазасы

Су

75,44

72,28

Құрғақ зат

24,56

27,72

Протеин

2,16

2,44

Май

0,69

0,91

Жасұнық

6,37

6,08

АЭЗ

13,28

16,00

Күл

2,06

2,29

Кальций

0,15

0,18

Фосфор

0,06

0,06

Жүгері сүрлемдеу негізінен дәнінің сүттеніп-қамырлану және қамырлану кезеңінде салатын болғандықтан, 31-кестеде екі вариантты сүрлемнің химиялық құрамын келтіріп отырмыз. Кестенің мәліметтеріне қарағанда сүрлемді жүгері дәнінің қамырлы кезеңінде салған дұрыс сияқты. Дегенмен Оңтүстік Қазақстанның ыстық климатын ескере отырып сүремді жүгері дәнінің сүтті кезеңінен бастаған дұрыс деп есептейміз. Өйткені сүрлем 3-5 күн аралығында салынып болуы тиіс. Егер сүрлем салуды қамырлану кезеңнен басталса, 2-3 күннен соң жүгерінің дәні қатып қалатындығын ескерген дұрыс.

Дайындалған сүрлемнің сапасын Е. Михиннің әдістемесімен анықтағанда оның түсі, исі, қышқылдығы, химиялық құрамы мен қоректілігі бойынша 11 балл алып, өте жақсы сүрлем қатарына жатқызылды.

 

32-кесте. Жүгері сүрлемі пісіп-жетілу барысындағы температуралық өзгерістер мен органикалық қышқылдар мөлшері

 

Көрсеткіштер

Анықталған күндер

5-10

20-25

60-65

Температура, 0С

 

 

 

0,5 м қабатында

41,0

54,6

35,2

1,0 м қабатында

36,3

46,3

24,8

1,5 м қабатында

31,2

43,4

20,4

Сүт қышқылы, %

1,43

0,88

0,91

Сірке қышқылы,%

0,56

0,93

0,82

 

Органикалық қышқылдардың мөлшері, 32-кестеде көрсетілгендей, сүт қышқылы – 5-10 күнде – 1,43%, 20-25 күнде – 0,88%, 60-65  күнде – 0,91% болса, сірке қышқылы жоғарыдағыға сәйкес – 0,56; 0,93; 0,82% болды. Уақыт өткен сайын сірке қышқылының мөлшері арта бергенмен ол 65 күнге дейін жақсы сүрлем нормативінен асып кетпеді.

Сүрлем микрофлорасы. Сүрлемде негізінен үш түрлі микроорганизмдер кездеседі: сүт қышқылы, шіріткіш және ашытқыш бактериялары. Сүрлемде сүт қышқылы басымдылық көрсетіп, шіріткіш бактериялардың тіршілігін тоқтатады. Сонан соң сүрлемнің жалпы қышқылдығы артуына байланысты сүт қышқылы бактериялардың тіршілігі тоқтала бастайды. 120 күндік сүрлемнің 0,5 м қабытында 120 мың/кг сүт қышқылы бактериялары болса, 1,0 қалыңдықта небары 5 мың/кг, ал 1,0 м тереңдікте олар тіпті көзге түспейді.

Шіріткіш бактериялар тек сүрлемнің жоғарғы қабатында ғана кездеседі. Олар 10 күндік сүрлемнің жоғарғы қабатында 2 мың/кг болса, 80 күндігінде 13 мың/кг, ал 80 күндігінде – 2 мың/кг төмендейді. Сүрлемнің пісіп-жетілуі барысында көк жүгері балаусасының әр қабаттағы 0,5; 1,0; 1,5 м қызуы (температурасы) 65 күн бойы, әр бескүндік сайын тексеріліп отырылды. Сонда сүрлемнің жоғарғы қабатындағы (0,5м) температурасы алғашқы бескүндікте 410С дейін көтерілді. Мұны екі жағдаймен түсіндіруге болады. Біріншіден сүрлемдеуге салынған көк балаусадағы тіршілігі тоқталмаған жүгерінің жасушаларының энергиясы болса, екіншіден ашу процесі кезінде бүлінген жылудың әсерінен деп айтуға болады. Сонымен сүрлемнің жоғарғы қабатын-дағы температура 20-25 күнде – 54,60С дейін жоғарылайды. Температураның жоғарылауы сүрлемнің жоғарғы қабатындағы ауамен байланыстылығын көрсетеді.

 

33-кесте. Жүрегі сүрлемінің химиялық құрамы (абсолюттк құрғақ затқа, % есебімен)

 

Анықталу мерзімі

Сүрлем-нің қабаты, м

Протеин

Май

Жасұнық

АЭЗ

Күл

Калций

Фосфор

Каротин

Көк жүгері

8,72

2,87

29,1

52,09

7,22

0,53

0,22

47,2

65

0,5

6,75

3,42

18,93

62,46

4,44

0,39

0,17

37,2

65

1,0

7,14

2,37

21,80

63,33

5,36

0,54

0,22

31,4

65

1,5

7,82

3,40

23,27

60,37

6,14

0,48

0,23

28,2

 

Сүрлемнің 1,0 м тапталған қабатына ауа аз болғандықтан оның  температурасы 8-ші күннен бастап жоғарылай түседі де, оның максимумы 46,30С жетеді.

Сүрлемнің 1,5 м қабатында, алғашқы күндері температураның жоғарылауы шапшаңдап, сонан соң 10-25 күндері – 43,40С бірқалыпты жағдайға тұрақтайды.

Ашытқы бактерияларының сүрлену мерзімі ұзарған сайын көбейуін сүрлемнің температурасының жоғарылауы мен тотығу процесінің қарқындылығымен түсіндіруге болады.

Сүрлемнің қышқылдығы көп жағдайда технологиялық процестерге байланысты өзгеріп отырады. Траншеяға массасы ауыр трактормен тапталып, үстін ауа кірмейтіндей етіп жапқанда рН=4,2-4,0 болып, жүгері балаусасы жақсы консервацияланады.

Жүгері сүрлемінің химиялық құрамы, оның пісіп-жетілу кезеңдеріндегі биологиялық және биохимиялық процестерге байланысты өзгереді. Кестедегі мәліметтер сүрлемнің химиялық құрамын жүгерінің көк балаусасымен салыстырғанда біршама өзгерістерге ұшырағандығын көрсетеді. Сүрлемнің  жоғарғы қабатында көк жүгерімен салыстырғанда протеиннің мөлшері 22,6%, 1 м қалыңдықта 18,2% , 1,5 м тереңдікте 10,4% азаяды. Сол сияқты каротиннің мөлшері 21,2; 33,5; 40,3% кемиді.

 

4   ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ ҚҰРҒАҚ КОНТИНЕНТАЛДЫ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА САПАЛЫ ПІШЕН ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ  НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Табиғи шабындықтың өсімдіктерінің пішен ору алдындағы ылғалдылығы 70-75% болса, екпе жоңышқаның құрамындағы су 80-85% шамасында болады. Орылған шөптің физиологиялық, биохимиялық және микробиологиялық процестері толық тоқталған 17% ылғалдықтағы пішенді ұзақ уақыт сақтауға болады. Оңтүстік өңірі жағдайында қоршаған ортаның температурасы 300С кем болмайтындықтан орылған пішенді далада кептіреді. Құрғатылған пішеннің физикалық, химиялық және механикалық сипаттамалары өзгеріп, жаңа қасиеттерімен ерекшеленеді. Сапалы пішен дайындау орылған шөпті ұзақ уақытқа сақтаумен қатар қоректілігі жоғары боулын қамтамасыз ету технологиясы қарастырылуы керек.

Өсімдіктегі су сыртқы және капиллярлық жағдайында болады. Сырт қабатындағы буланғанда судың 40-45% кеуіп, клеткааралық су құрғағанша біршама уақыт кетеді [49]. Пішенді құрғату барысында өсімдіктің қоректілігі төмендейді, жапырағының, гүлінің және нәзік бөліктерінің күйреуінен жемшөптің қоректілігі төмендейді. Бұл жағдай кептірілген шөптегі биохимиялық процестердің әсерінен де болады. Шабылған көк шөпте физиолого-биохимиялық («аштық алмасу») және автолиз процесі жүреді. Өсімдіктегі «аштық алмасу» оның жасушаларының тургорлық қасиеті тоқталғанша, ал тіршілігі денесінде 40-45% су қалғанда тоқталады.

Автолиз процесі барысында тіршілігі тоқталған клеткалары қорытылатындықтан өсімдіктің қоректік заттары, протеин, аминқышқылдар, көмірсулар ыдырай бастайды.

Шашылыңқы пішен дайындау технологиясы – ору, шабындықта кептіру, аудару, тырмалап жүйектеу, шөмелейлеу, тасымалдау, скирдтеу операция-ларынан тұрады. Бұл операциялардың кез-келгені бұзылған жағдайда пішеннің сапасы төмендейді.

Табиғи пішеннің өнімділігі пішен ору биіктігіне байланысты. Табиғи жайылымның өсімдігін 5-7 см биіктіктен шалады. Өсімдікті КТП-6,0, КДП-4,0, КС-2,1 пішен орғыштармен орады. Кептіруді жылдамдату үшін жүйекті аударып тұрады. Ол ГВК-6,0 А, ГВР-6,0 тырмаларымен жүргізіледі.

Аударылған пішенде ылғалдылық 55-60% болған соң оны жүйектейді. Пішен жүйекте 30-35% ылғалдылыққа дейін келтірілген соң ПК-1,6 А агрегатымен шөмелейді.

Жоғарыда жазылғандай жауын-шашынды жылы жайылымның шөбінен пішен дайындауға мүмкіншілік туындайды (11, 12-суреттер). Ол алқаптар негізінен түрлі -өлеңді-масақты-жусанды типті өсімдіктерден тұрады. Шабын-дық орылған соң бір тәуліктен асырмастан тырмалап жүйектейді. Шөмелей жасаудың алдында жүйектегі пішеннің ылғалдылығын органолептикалық тәсілмен анықталады. Шөмеледегі пішеннің ылғалыдылығы 20-22% шамасын-

 

да болып, сол күйінде кебу барысында, престеу алдында оның ылғалдылығы 15-17%-ке дейін төмендеуі керек.

Шөмеледегі пішеннің ылғалдылығын төмендегідей тәсілмен анықталды:

1. Ылғалдылығы 22-23% артық болғанда сығымдап алған пішенді қолмен бұрағанда аздаған су бөлініп, алақан суланады.

2. Ылғалдылығы 20-22% күйінде бұрағанда ешқандай сықырламастан, оңай есіліп үзілместен ширақ майысады.

3. Ылғалдылығы 17-20% төмендегенде бұралған пішен тысырлап, қолға жұмсақтығы байқалады. Бұралған пішен жайлап қалпына келеді.

4. Ылғалдылығы 15-17% болғанда қолға қаттылығы байқалып, жылылығы сезінеді. Бұрағанда немесе майыстырғанда сықырлап сынады. Бұралған пішен жылдам бастапқы қалпына келеді.

Пішеннің түсі. Өз мезгілінде 3-5 күн аралығында орылған пішеннің түсі жасыл болуы тиіс. Біздің тәжірбемезде техниканың жетіспеушілігінен пішен ору науқаны 10-15 күнге созылып кетті. Орылған пішеннің біраз бөлігі кеш жүйектеліп, шөмелеленді. Соның салдарынан пішеннің түсі бозғылт-жасылды көрінді. Өсімдіктердің жапырағы жасылдау болғанымен төменгі жағы сарғайып кеткенді. Пішендік иіс сезілгенмен, піскен нанның исі басымырақ сияқты болды.

Әдебиетке шолуда пішен дайындау кезінде бастапқы көк шөптің қоректік заттардың біразы жойылатындығы айтылғанды. Біздің мәліметтеріміз бойынша 2013 жылдың көктеміндегі жайылым отының қоректілігі абсолюттік құрғақ затқа есептегенде: протеин – 13,62%, жасұнық – 30,11%, каротин – 172 мг/кг болса, олар пішенде жоғарыдағыға сәйкес – 9,53%, 40,64%, 49,4 г/кг болды. Бұл пішен дайындау барысында қоршаған ортаның климаттық жағдайдың әсерінен протеиннің мөлшері 30%, каротин – 72%-ке кеміп, қиын қорытылатын жасұнықтың 35% артқандығын көрсетеді.

Біздер пішенді бағалауды екі әдістемемен жүргіздік: біріншісі И.В. Лариннің бонитеттік шкаласы, екіншісі МЕМСТ бойынша [52].

И.В. Лариннің әдістемесі бойынша өлшеп алынған (1,0 кг пішен) сынаманы бес: жақсы, қанағаттандырарлық, нашар, улы және улылығы күмәнді топтарға бөлдік. Әрбір топтың салмағы анықталып, үлес салмағын анықтадық. Жақсы топтың 1%-не 1 балл, қанағатандырарлыққа – 0,6 балл, нашарына – 0,2 балл, улы және күмәнды топтарына – 0 балл берілді. Бірақ орылу мерзіміне байланысты баллдар төмендетіліп отырылды. Мысалы, егер пішен өсімдіктер гүлденгенмен дәні піспесе барлық жиналған баллдың 20% шегеріледі, ал дәні пісіп өсімдіктер жасыл болып балақтары сарғайса 35% алынып тасталынады. Дәні пісіп тұрған сарғайған өсімдіктерден дайындалған пішеннің 50% -тін азайтады. Өсімдіктердің дәні піскен кезде жаңа жасыл өскіндердің үлес салмағы 20-40% болған жағдайда 35%, ал өскіндердің үлес салмағы 50-60% болса 20% кемітеді.

Пішеннің мал желінбейтін сояулы өсімдіктердің әр пайызына барлық баллдың 1,25% шегеріледі. Егер олардың жалпы үлесі 80% болғанда пішен жарамсыз деп саналады.

Улы және зиянды өсімдіктер 1%-тен артық болған жағдайда пішен жарамсыз деп танылады.

И.В.Лариннің шкаласы бойынша 80-100 балл жинаған пішен өте жақсы, 60-80 – жақсы, орта – 40-60, нашар – 20-40, өте нашар – 20 баллмен бағаланады.

 

34-кесте. И.В. Лариннің бонитет шкаласы бойынша пішен сапасының баллы

 

Бонитет шкаласы

Өсімдіктер қауымдастығы

Пішенде-гі үлес салмағы, %

Бастапқы балл

Шеге-рілу, %

Соңғы балл

1%-ке

бар-лығы

Жақсы

қоңырбас, боз, арпаған, ноқатек, изен, теріскен, сасыр, жусан, т.б.

52,6

1

52,6

20,0

42,1

Қанағат-танды-рарлық

қоңырбас, боз, жусан, ноқатек, бидайық, күйреуік, шеркез, жантақ, т.б.

29,1

0,6

17,46

35,0

9,35

Нашар

кузения, қияқ, мия, қу-рай, түкті сұлыбас, қыл-тамақ, қылтаң шөп, ірі жапырақ, сарыаңыз, т.б.

17,3

0,8

13,84

40,0

8,3

Улы және зиянды

итсигек, сасық қурай, кекіре, қырықбуын, шатырша, сүттіген, мия, сарғалдақ, меңдуана, бүрметікен, қылтық, селеу

1,0

-

-

-

-

Барлығы

100

 

83,6

 

59,75

 

Мемлекеттік стандарт бойынша пішеннің ылғалдылығын, түсін, исін, орылған мерзімін, бұзылған пішеннің, ластаушы заттарды және ботаникалық құрамын масақты, бұршақты, басқа желінетін, желінбейтін, улы және зиянды өсімдіктерге бөлінеді. Соңында пішеннің сапасын И.В. Лариннің шкаласымен бағаланады.

Біздің тәжірибеміздегі пішеннің сапасы бастапқыда 83,6 (өте жақсы) балл-ға бағаланып, ору мерзіміне, желінуіне, түсіне, исіне жасаған шегерулерден кейін 59,75 балл жинап, орта бағаға тұрақтанып, ІІ класқа жатқызылды.

Жоңышқа пішені. Оңтүстік Қазақстанның суармалы аудандарында мал шаруашылығының берік азық қорын жасауда жоңышқаның алатын орны ерекше. Жоңышқа мақта, жүгері, бақша шаруашылығындағы ауыспалы егістіктің ең тиімді компоненті. Ол топырақ құнарлылығын арттырумен қатар, жоғарғы өнім, қоректілігі толыққанды мал азығын дайындаудың негізгі көзі болады деп айтуға болады. Жоңышқалықтың 1 гектарынан әр жылы 90-110 ц дейін сапалы пішен дайындауға болады (13, 14-суреттер).

Пішеннің шығымы жоңышқаның вегетациялық кезеңіне байланысты. Бутонизация – жаппай гүлденген аралығында орылған жоңышқаның бойы 20-25 см биік және бұтақты болғандықтан оны пішенге оруды осы мерзімде өткізген дұрыс.

 

35-кесте. Жоңышқа пішенінің химиялық құрамы мен қоректілігі

 

Қ/с №

Химиялық құрамы, %

100 кг пішеннің қоректілігі. кг

су

протеин

май

жасұнық

АЭЗ

күл

қорытылған протеин

азық өлшемі

1

16,0

17,7

2,9

31,0

25,1

7,3

12,6

47,4

2

14,4

18,0

3,0

28,6

29,0

7,0

13,6

49,7

3

15,1

16,9

3,0

29,7

28,3

7,0

12,4

48,3

4

15,4

17,0

3,1

29,6

27,7

7,2

13,2

49,0

5

14,3

17,0

2,9

28,9

29,5

7,4

13,7

49,6

6

15,0

16,8

2,9

28,2

30,0

7,1

13,4

49,2

7

15,6

15,9

2,9

29,0

29,6

7,0

12,6

47,9

Орташа

15,1

17,0

2,9

29,3

28,4

7,1

13,1

48,7

 

35-кесте мәліметтеріне қарағанда жоңышқа пішенінің қоректілігінің жоғары болғандығы байқалады. Онда шикі протеиннің мөлшері 15,9-18,0% аралығында болса, қорытылған протеин азықтың 100 кг – 12,4 – 13,7 кг жеткендігі аса құнды қоректік заттың 76,1% қорытылғандығын көрсетеді.

Престелген пішен дайындауда орылған пішеннің шығыны азайып, еңбек өнімділігі 3-4 рет артады. Тасымалдау кезінде көлік пайдаланудың тиімділігі артып, жиналған пішен алаңы 2-3 есе азаяды. Престелген пішен дайындаудың технологиясы: өсімдікті ору, жаншу, жүйектеу, аудару, престеу, тюкті жинау, тасымалдау, скридтеу операцияларынан тұрады. Престелген пішеннің оңтайлы ылғалдылығы 20-23% аспауы керек. Престің тығыздығы 80-90 кг/м3.

Жүйектегі пішенді жинап престейтін ПС-1,6, ПС-1,6Г, ПРП-1,6 агрегаттарды пайдаланады.

Престелген пішеннің скридтерінің ені 4-6 м, биіктігі 3,5-4,5 м шамасында болғаны дұрыс.

 

Қорытынды

 

1. Оңтүстік Қазақстанның шөл аймақтарында мал азығының негізгі қоры жайылым оты. Ол жылдық пайдаланылған жемшөптің 70-75% құрайды. Жайылым отының биологиялық құнарлылығы әр жылғы қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ауылшаруашылық малдары орта есеппен жайылымнан қажетті азық өлшемінің 72,5%, қорытылған протеиннің 51,6% алады.

2. Ғылыми-зерттеу жүргізілген 2012, 2013 жылдары табиғи-климаттық факторлардың жайылым отының өнімділігінің, химиялық құрамының қоректілігінің мөлшерлері бойынша бірінші жылда қуаңшылық, ал екіншісі – шаруаға қолайлы жыл деп аталынды.

Қуаңшылық жылы көктемгі эфемерлік жайылым отының шығымы көктемде – 2,06 ц/га, жазда – 1,36, күзде – 1,23, қыста – 0,83 ц/га болса, бұл көрсеткіштер қолайлы жылы 4,80; 4,46; 3,36 және 2,6 ц/га, немесе қуаңшылық жылдармен салыстырғанда 2,3-3,3 есеге артты.

3. 2013 қолайлы жылы жайылым шөбінің энергетикалық құнарлылығы               1 кг құрғақ затқа есептегенде көктемде: алмасу энергиясы – 9,1 МДж, жазда – 9,04 МДж, күзде – 8,71 МДж, қыста – 7,75 МДж болып, 2012 қуаңшылық жылмен салыстырғанда біршама жоғары болды.

Қолайлы жылдың жайылым отындағы қорытылған протеиннің мөлшері қуаңшылық жылмен салыстырғанда жоғарыдағы маусымға сәйкес 23, 16, 14, 9 г артық болды.

4. Әр жылы түрлі физиологиялық жағдайдағы саулықтар жайылымда өздерінің қоректік заттарға қажеттілігі айтарлық өзгеріп тұрғаны байқалады:

- қозысыз (бойдақ) саулықтар барлық маусымда қажетті мөлшерден артық алмасу энергия мен қоректік заттарды қабылдайды. Олар алмасу энергиясына қамтамасыз етілуі көктем, жаз, күз айларында – 139,2; 136,9, 131,8 болса, азық өлшемі – 156,1; 133,0; 123,1-ке жетті;

- буаз саулықтардың екі кезеңде де жайылым шөбінен алған энергия мен қоректік заттарды 100% деп алсақ, олар қолайлы жылдың бірінші кезеңінде алмасу энергияны 32,6%, азық өлшемін 61,4%, ал екінші кезеңінде жоғарыдағыларға сәйкес 42,2 және 26,3% артық алды;

- қозылы саулықтар қолайлы жылдың көктем және жаз айларында алмасу энергияны қуаңшылық жылмен салыстырғанда 65,9%, азық өлшемін 157,7% артық қабылдады, ал азық өлшемі 93% және 108%-ке артық болды.

5. А. Михиннің әдістемесімен 11 баллға бағаланған сүрлемнің жүгері дәні сүттеніп-қамырлану фазасындағы қоректілігі 0,30 кг азық өлшемі, 13 г қорытылатын протеин болып, 1 га егістіктен шығатын азық өлшемі 8077 кг, қорытылатын протеин 356 кг жетті.

Көк жүгері балаусасындағы қанттың мөлшері сүт қышқылы бактерияларының белсенділігін арттырып, шіріткіш бактерияларының белсенділігін тоқтатты. Соның әсерінен сүрлем қышқылдығы рН= 4,2-4,0 аралығында болып, жүгері балаусасы жақсы консервацияланды. 1 кг сүрлем-нің жалпы қоректілігі 0,20-0,22 азық өлшемі болып, хош иісті, дәмді мал азығы дайындалды.

6. Табиғи шабындықтың ору алдындағы ылғалдылығы 70-75% болса, екпе жоңышқалықтардың құрамындағы су 80-85% болады. Ұзақ мерзімге сақталатын пішеннің 17% аспауы тиіс. 3-5 күн аралығында орып, жиып-теріп алған сапалы пішеннің түсі жасыл, пішендік исі болуы керек, ал қоректілігі шабындықтың түріне байланысты өзгеріп отырады. Табиғи шабындықты масақты өсімдіктердің дән байлау, жоңышқалықты 1/3 гүлдеген кезінде орып алған дұрыс.

Біздің тәжірибеміздегі пішеннің жалпы бастапқы 83,6 (өте жақсы) баллға бағаланып, ору мерзімі, желінуіне, түсіне, исіне жасалынған шегерулерден кейін 59,75 балл жинап, орта бағаға тұрақтады. Пішен Мемлекеттік стандарт бойынша ІІ класқа жатқызылды.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Дмитриченко А.П. Потребность животных в питательных веществах и энергии. –Ленинград, 1968. –Вып.7. -447 с.

2. Росляков А.К., Байтурин М.А., Кормоновская М.А. Рекомендации по нормированного кормлению сельксохозяйственных жвотных. –Алма-Ата, 1971. -23 с.

3. Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. –М., 1971.

4. Рисимбетов Т.К. Нормы кормления каракульских овец. –Алма-Ата, 1984. -28 с.

5. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных. /Справочное пособие под редакцией А.П.Калашникова, Н.И.Клейменова. –М., 1986. -351 с.

6. Омарқожаев Н. Малды құнарлы азықтандыру. –Алматы, 1993. -161 б.

7. Омарқожаев Н. Мал азығын бағалау және азықтандыру. –Алматы, 2005. -286 б.

8. Соболев Л.Н. Кормовые ресурсы Казахстана. –М., 1960. -240 с.

9. Коровин Е.П. Растительность Средней Азии и Южного Казахстана. –Ташкент, 1961. -452 с.

10. Нечаева Н.Т., Кормовая база овцеводства в пустынной зоне Средней Азии и Казахстана //Природные условия животноводства и кормовая база пустынь. –Ашхабад, 1963. –С.306-319.

11. Томмэ М.Ф. и др. Корма СССР, состав и питательность. –М., 1964. -448 с.

12. Кормановская М.А. Химический состав и питательность кормов Казахстана. –Алма-Ата, 1968. -251 с.

13. Морозова О.И. Пустынные и полупустынные пастбища. –М., 1972. -168 с.

14. Рисимбетов Т.К. Химический состав и питательность кормов каракулеводческих совхозов пустынной зоны Чимкентской области //Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. –Алма-Ата, 1973. -№6. –С.36-38.

15. Абдуалиев Т., Абдаримов С.И. Использование эфемеровых пастбищ  подзоне южных пустынь Казахстана //Сборник научных трудов КазНИИК. –Алма-Ата, 1981. –Т.6. –С.111-113.

16. Сарбасов Т.И. Особенности полноценного кормления овец при круглогодовом использовании пастбищ //Полноценное кормление овец Казахстана. –Алматы, 1986. –С.16-32.

17. Матвеев В.И. Способы рационального использования пастбищ в полупустынной зоне //Кормовая база отгонного животноводства. –М., 1967. –С.120-125.

18. Рисимбетов Т.К. Характеристика и особенности пастбищных ресурсов каракулеводческой зоны Казахстана //Сборник научных трудов КазНИИК. –Алма-Ата, 1981. –Т.4. –С.45-49.

19. Бедаров С.А. Погода и пастбища (опыт прогнозирования в условиях Казахстана). –Алма-Ата, 1985. –С.9-20.

20. Рисимбетов Т.К. Влияние погодных условий года на продуктивность травостоя песчаных пустынь Кызылкумов //Материалы Международной конференции. –Алматы, 2000. –С.78-79.

21. Рисимбетов Т.К. Влияние уровня кормления суягных маток на качество приплода //Южно-Казахстанский ЦНТИ. –Чимкент, 1974. -№16.

22. Рисимбетов Т.К. Уровень кормления суягных каракульских маток в различные в климатическом отношении годы //Южно-Казахстанский ЦНТИ. –Шымкент, 1997. -№67.

23.  Бекмухамбетов Е.Х., Рисимбетов Т.К. Кормовые ресурсы Казахстана (Почвы). –Шымкент, 2010. –С.13-31.

24. Бекмухамбетов Е.Х., Рисимбетов Т.К. Кормовые ресурсы Казахстана (естественные кормовые угодья). –Шымкент, 2010. –С.31-52.

25. Кириченко Н.Г. Динамика урожая и химизма основных пастбищ Бетпак-Далы //Геоботанические особенности и производительность пастбищ Казахстана. –Алма-Ата, 1966. –С.3-6.

26. Курочкина Л.Я., Османова Л.Т. Пастбища песчаных пустынь Казахстана. –Алма-Ата, 1973. -203 с.

27. Рисимбетов Т.К. Урожайность пустынных пастбищ в зависимости от гидрометеоусловий года //Материалы межд. научно-практической конференции. –Алматы, 1997. –С.228-240.

28. Абдраимов С.А. Аридные пастбища Казахстана. –Алма-Ата, 1988. -139 с.

29. Рисимбетов Т.К. Изучение состава и питательность кормовых ресурсов основных зон каракулеводства Казахстана //Сборник научных трудов КазНИИК. –Алма-Ата, 1990. –С.140-144.

30. Кедрова С.Я. Кормление и содержание каракульских овец. –М., 1969. -175 с.

31. Быков Б.А. Пастбища и сенокосы Казахстана. –Алма-Ата, 1969. -70 с.

32. Матвеев В.И. Освоение и улучшение пустынных и полупустынных пастбищ. –Алма-Ата, 1968. -67 с.

33. Вернигор В.А., таранов М.Т. Консервирование кормов. –Алма-Ата, 1974. -216 с.

34. Зафрен С.Я. Как приготовить хороший силос? –М., 1970. -147 с.

35.Зафрен С.Я. Технология приготовления кормов. –М., 1977. -260 с.

36. Калинина З.Г. Силосные культуры Сибири. –Новосибирск, 1969.

37. Ткаченко Ф.И. Силосные культуры. –М., 1974.

38. Жайлыбаев К.Н. Сүрлемдік жүгері және соя өсіру. –Алматы, 1977. -207 б.

39. Бекмухамедов Е.Л., Рисимбетов Т.К. Кормовые ресурсы Казахстана. –Шымкент, 2010. -379 с.

40. Смурыгин М.А. Полевое кормопроизводство. –М., 1981. -271 с.

41. Вернигор В.А., Чуканов Н.К., Кожалы Б. Биотехнология консервирования кормов с использованием новых бактериальных заквасок (рекомендация). –Алматы, 1998. -19 с.

42. Омарқожаев Н. Малды құнарлы азықтандыру. –Алматы, 1993. -161 б.

43. Поповченко И.С. О качестве кормов для животноводства. –М., 1970. -161 с.

44. Девяткин И.С., Ткаченко Е.И. Рациональное использование кормов в промышленном животноводстве. –М., 1974. -231 с.

45. Корма //Справочная книга (под ред. М.А.Смурыгина). –М., 1977. -367 с.

46. Смурыгин М.А. Повышение качества и эффективности использования кормов. –М., 1983. -315 с.

47. Рисимбетов Т.К. Влияние климатических условий года на урожайность, химический состав и питательность кормовых растений пустынных пастбищ //Научно-технический прогресс в пустынном животноводстве и аридном кормопроизводстве. –Шымкент, 2000. –С.107-112.

48. Андреев Н.Г. Луговодство. –М., 1981.

49. Андреев Н.Г. Луговодство и пастбищное хозяйство. –М., 1990. -600 с.

50. Баранова М.Е. и др. Луговодство. –М., 1970. -175 с.

51. Роботнев Т.А. Луговедение. –М., 1984. -319 с.

52. Ларин И.В. Природные сенокосы и пастбища и пути их преобразования. –Л., 1973. –Т.184. –Вып.3. –С.3-30.

53. Ларин И.В. Избранные труды. –Москва, 19787 -432 с7

54. Шихотов В.И. и др. Сорные растения пастбищ Киргизии и меры борьбы с ними. –Фрунзе, 1984. -81 с.

55. Кусаинов К.К. и др. Справочная книга по питательности кормов, растений лугов и пастбищ Казахстана. –Алма-Ата, 1982. -148 с.

56. Лубенец П.А. Люцерна. –Москва, 1956.

57. Линьков А.С. Важнейшие вопросы агротехники многолетних трав Джамбульской области //Труды ин-та земледелия им. В.Р. Вильямса. –Алма-Ата, 1955. –Т.4.

58. Веденеева Р.С. Агробиологические основы возделывания люцерны //Многолетние травы. –Ташкент, 1959. –С.57-75.

59. Забоштанский С.А. Продуктивность люцерны на орошаемых землях //Многолетние травы. –Ташкент, 1959. 0С.75-100.

60. Базанова Н.У. и др. Физиология сельскохозяйственных животных. –Москва, 1980. -480 с.

61. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. –Алматы, 1995. –Т.1. -349 б.

62. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных /Под руководством академика ВАСХНИЛ А.П. Калашникова. –Москва, 1986. -351 с.

63. Лысов А.М. Определение количества корма, поедаемого овцами на выпасе //Труды КазНИИК. –Самарканд, 1958. –Т.7. –С.181-188.

64. Обрывкова В.И. Опыт определения поедаемости кормов у пасущихся овец //Труды ВНИИК. –Ташкент, 1975. –Вып.4. –С.202-208.

65. Дмитроченко А.П., Пшеничный П.Д. Кормление сельскохозяйствен-ных животных. –Ленинград, 1964. -527 с.

66. Журавлев Е.М. Руководство по зоотехническому анализу кормов. –Москва, 1963. -295 с.

67. Ринькис Г.Я. Методы ускоренного калорометрического определения микроэлементов в биологических объектах. –Рига, 1983. -82 с.

68. Лукащик Н.А., Тащилин В.А. Зоотехнический анализ кормов. –Москва, 1965. -223 с.

69. Петухова Е.А. и др. Зоотехнический анализ кормов. –Москва, 1981. -255 с.

70. Егеубаев А.А. Зоотехнический анализ кормов. –Алматы, 1995.

71. Омарқожаев Н. Мал азығын бағалау және азықтандыру. –Алматы, 2005. -286 б.

72. Методические рекомендации по изучению состава и питательных кормов СССР. –Дубровицы, 1975. -45 с.

73. Аликаев В.А., Петухова Е.А. Руководство по контролю качества кормов и полноценности кормления сельскохозяйственных животных. –Москва, 1980. -310 с.

74. Аликаев В.А., Петухова Е.А. Справочник по контролю кормления и содержания животных. –Москва, 1989. -329 с.

75. Методика опытов на сенокосах и пастбищах ВНИИ кормов им. В.Р. Вильямса. –Москва, 1971. -232 с.

76. Литовченко Г.Р. Определение молочности овцематок //Овцеводство (под руководством А.П. Есаулова). –Москва, 1984. –Ч.1. -321 с.

77. Турарбеков А.П. Жалпы экология. –Алматы, 2009. -712 б.

78. Рисимбетов Т.К. Химический состав и питательность кормов каракулеводческих хозяйств юга Казахстана //Сб.науч.трудов КазНИИК. –Алма-Ата, 1975. –Т.3.

79. Рисимбетов Т.К. Сезонная динамика питательности веществ в пастбищном корме //Научные труды КазНИИК. –Алматы, 1998. –Т.22. –С.93-103.

80. Рисимбетов Т.К. Нормированное кормление холостых маток в период подготовки их к случной кампании //ЮжКазЦНТИ. –Шымкент, 1992. -№68.

81. Рисимбетов Т.К. Қаракөл қойларын жасына қарай жыл бойы күтіп-бағу технологиясы //Ұсыныстар. –Алматы, 2010.

82. Данилюк А.П. Эколого-физиологические и продуктивные показатели каракульских овец в условиях южного Казахстана //Труды КазНИИК. –Алма-Ата, 1970. –Т.1. –С.59-76.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-03 16:52:35     Қаралды-5178

БІЗДІҢ МИЫМЫЗ ТУРАЛЫ 10 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ

...

Ми - адамның ең аз зерттелген мүшелерінің бірі. Өйткені, тәжірибелі нейрохирург үшін де ми жұмбақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ «ТӨТЕ ЖАЗУ»

...

Ислам мәдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб әліпбиін сайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб әліпбиін пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІЛЕГЕЙ ҚОСЫЛҒАМ КҮРІШ

...

Күріш күрмегінен тазарты лып, жуылады. Сөйтіп әуелі суға салып шала, содан соң сүт қосып, әбден пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН ЕТ

...

Мәнті әр түрлі фарштан дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ

...

Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ ҚОСЫП, ЖҮГЕРІ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ТОҚАШ

...

Салқын белок шайқалып, әбден көпіршітіледі. Оған аз-аздан қант себіледі (қантқа алдын-ала ванилин қосылады).

ТОЛЫҒЫРАҚ »