UF

Техникалық, әскери-қолданбалы спорттыңхалықаралық қауымдастық таныған 27 түрі бар: ұшақтар үшін, тік ұшақтар үшін, парашуттық, мотоциклдік, автомобильдік, моторлы қайық, мотобол, әскери - қолданбалы көпсайыс тағыда басқа техникалық спорт түрлері. Спорттың бүл түрінен арнайы жарыстар өткізу XX ғасыр дүниеге әкелген жаңалық десек қателеспейміз.

Бұл - жоғарыдағы спорт түрлеріне өз қол таңбасын қалдырып отырған техника жаңалықтары, адам қиялының қиянға жеткен жеңісі. Бұл спорт түрлеріне қысқаша тоқтала кетелік.

Авиациялық спорт түрлері - бұлар, ұшақта, тік ұшақта өнер керсету, моторсыз самғау (планер), парашютпен қалықтап қону, дельтапланеризм. «Авиа» - латын тілінде «Құс» деген сөз. Құстай ұшып қалған жеріне жету - адам баласының ізгі арманы, оның куәсі - «күнге ұшып жеткен Икар» туралы аңыз. Адамның жерден көтерілуі бұдан 200-213 жыл бұрын болған көрінеді». Ағайынды Жозеф пен Этьен Монгольфье әуе шарын жасап, оның ішін ыстық ауамен толтырып, саяхат жасапты.

Ауа шарымен саяхат жасаушылар ішінде американдық Джо Киттинджер есімі ерекше ауызға алынады. Ол 1984 жылы Әуе шарына мініп, Атлантика мұхитын (1500 шақырым қашықтықты) 100 сағатта ұшып өтіпті.

Ауадан да ауыр моторсыз ұшатын алғашқы ұшу құралын ойлап тапқан неміс өнертапқышы Отто Лилиенталь. Ол бұл құралын «планер» деп атады. Бұл 1896жыл еді.

1905 жылдан халқаралық авиация федерациясы ұйымдастырылды, оның қазіргі кезеңде 91 мүшесі бар (ФДИ). Қазіргі кезенде барлық ауаға көтеріліп ұшатын аппараттардан 6(Х)-ге жуық әлем рекордтары тіркелген.

Дельтаплан қазіргі кезеңдегі ең тиімді моторсыз ұшу көлігі деп жүрміз. Мысалы, Австралияда онымен хат тасу, жерді суретке тұсіру жұмысы өте тиімді атқарылады екен.

Парашют пен дельтапланның алғашқы жобасын жасаған Леонардо да Винчи деген дерек те бар. Оның пікірінше: «егер қолыңызда 12 қарыс жуық крахмалданған матаң болса, кез келген биіктіктен қауіп төңбей-ақ төменқарай секіруге болады екен». Қазіргі парашют 1783 жылы пайда болған. Оны жасаған шебер француз физигі Ленорманда деген адам, - дейді тарих.

Автомобиль мен мотоцикл спорты - адам баласы үшін 1894 жылдан белгілі, тап осы жылы жаз айында Париж қаласының көшелерінің бірінде түтін бұлтқа айналып, алғашқы автомобиль көшеге шығыпты.

Автомобильдің жарыс жолына шыққан жылы - 1894 жыл. Бұл жарыс Париж - Руан қаласы арасында өтіпті. Қазіргі жарысқа арналған автомобильдердің шапшаңдығысағатына – 1019,7 шақырым жылдамдық көрсетеді екен. Мотоциклдің көлік ретінде пайда болғанына ғасырдан асты, ол 1885 жылы неміс шебері Готлиб Дотмлердің ағаштан жасалып, жермаймен жұретін бұл көлік шапшандығы сағатына 15 шақырым жерді алады екен. Ал қазіргі спорт жарыстарына арналған мотоциклдер сағатына 619,7 шақырым шапшандық көрсетеді.

Мотобол - жаңа спорт түрі. Ойыншылар мотобол үстінде доп додасына түседі. Мотобол спортының отаны Франция мемлекеті, бұл жарыс алғашқы рет 1929 жылы ұйымдастырылған.

Моторлы қайықпен су бетінде жүйтку спорты да техникалық прогресс дүниеге келтірген жаңалық. Бұл техникалық құралдары пайдалану арқылы жарыс жолына шығу 1900 жылдан басталған. Бұл байқау Монако мемлекетіне қарасты Жерорта теңізінде өткен. Моторлы қайықпен өткізілетін жарыстың негізгі 3 түрі бар. Олар: Скутер қайық артына мотор тіркелген; спорттық мотолодка да жоғарыдағы типтес глиссер - бұл қайықта тұрақты жұмыс істейтін мотор орнатасқан. Глиссер қайығы өте шапшаң жүзеді. Қазіргі рекорд сағатына 560-570 шақырым.

Спорттық модельдер жасау спорты тек балалар ермегі ғана емес, атақты конструкторлардың да әдейілеп айналысатын еңбегіне айналып отыр. Мысалы, «Орыс авиациясының атасы» аталған Н. Е. Жуковский, авиаконструктор А. Туполов, ғарышкер Ю. Гагарин бұл өнерді ерекше қалған жандар. Бұлардан басқа да радиоспорт қазіргі кезеңге дүниежүзінде ең көп тараған спорт түрі айналып отыр.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-07-02 13:29:49     Қаралды-3027

ДИУАНИ ХИКМЕТ

...

«Диуани Хикмет» («Ақыл кітабы») - Қожа Ахмет Иасауидің сопылықты (суфизм) жыр еткен әдеби шығармасы. Қожа Ахмет Иасауи қазақ даласында ислам дінінің нығаюына зор ықпал жасаған ғұлама, әулие адам болған. Шамамен 1093 жылы (кейбір деректерде 1041, 1103 жыл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ АЛҒАШ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТ ҚАЙ ЖЕРДЕ САЛЫНДЫ?

...

Бірінші көпқабатты ғимарат 1885 жылы Чикагода пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТСИГЕК

...

Итсигек – биіктігі 90 сантиметрге жуық, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, 6-7 метр тереңдікке дейін кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІЛЕ АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

...

Іле Алатауы ұлттық табиғат саябағы - Алматы қаласы іргесіндегі Алматы тау жотасында орналасқан. Саябақ табиғи кешендерді, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін қорғау мақсатында 1996 жылы құрылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

7 ТҮРЛІ БҰҚТЫРҒАН ЕТ ТАҒАМДАР

...

Ет ұсақтап туралады да табадағы қыздырылған майға салынып қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »