UF

Тақырыбы:  Тірек-қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері. Тірек-қимыл аппаратының маңызы

 

Жоспары:

1. Тірек-қимыл аппаратының маңызы.

2. Сүйектің химиялық құрамы.

3. Кеуде клеткасының жетілуі, жамбастың ерекшеліктері.

4. Аяқ – қол сүйектерінің дамуы.

 

Тірек-қимыл аппаратының маңызы. Адамның тірек-қимыл аппараты сүйектер мен еттерден, сіңірлер мен тарамыстардан тұрады. Ол тірек, қорғаныш және қимыл функцияларын орындайды. Тірек функциясы – скелеттің басқа мүшелерді ұстап тұруынан, денеге белгілі қалып және пішін беруінен тұрады.

Шеміршектермен және оған бекіген еттермен байланысқан сүйектер қуыс құрайды, онда тіршілік үшін маңызды мүшелер орналасады. Бұл сүйек ет скелетінің қорғаныш функциясы. Мысалы, ми - бас сүйекпен, жұлын омыртқа жотасымен, өкпе және жүрек көкірек қуысымен қорғалады т.б. Қимыл функциясын негізінде еттер іске асырады. Нерв импульстерінің әсерінен жиырыла отырып, олар сүйектерді қимылға келтіреді, бұл кезде өздері серіппеге айналып, скелеттің пассивті элементтері болып қала береді.

Скелет қанның минералдық құрамын белгілі дәрежеде ұстайды, сүйектерде қан жасау функциясын орындайтын сүйектің қызыл майы орналасады.

Сүйектің химиялық құрамы. Адам өмірінің әр кезеңінде сүйектің химиялық құрамы бірдей емес. Ол жасына, қоректену сипатына, организмдегі зат алмасуға, ішкі секреция бездері мен бұлшық ет жұмысының функциональдық күйіне байланысты.

Сүйектің негізгі физиологиялық қасиеті – қаттылық пен серпінділік. Сүйектерге органикалық емес заттар – кальций, фосфор, магнийдің тұздары қаттылық қасиет береді.  Сүйекте өте аз мөлшерде тканнің қалыпты функциясы үшін қажетті 30-дан астам микроэлементтер болады. Сүйектің серпімділігі ондағы оссеин және осеомукоид сияқты органикалық заттардың болуына байланысты.      

Анорганикалық заттар   қышқылдарда ериді, ал органикалық заттар – жанады. Мысалы, егер сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, сүйектің анограникалық қосылыстары еріп (сүйектің декальцинациясы жүреді), органикалықтары қалады.  Сүйек формасын сақтайды, бірақ қаттылығынан айырылады, оңай иіледі. Сүйекті қыздырғанда органикалық заттары жанады (минералды заттары қалады) сүйек формасын сақтайды, бірақ морт сыңғыш келеді. Ересектерге қарағанда, балалардың сүйектерінде органикалық заттар көп, ол  скелеттің иілігіштігін қамтамасыз етеді, бірақ дұрыс отырмағанда сүйектің қисық болып дамуына (деформация) әсерін тигізеді. Басталған қисаюлар өз кезегшінде ішкі мүшелер жұмысына теріс әсер етеді.

Сондықтан тірек-қимыл аппаратының қисаюын болдырмау үшін мектепте де, үйде де баланың дұрыс отыруын қадағалау өте қажет, сүйектерін қалаған қалпында ұстай алу үшін оның ет системасын нығайту керек. Өкінішке орай, басталған қисаюларды болдырмауға және тоқтатуға әр уақытта мүмкін бола бермейді, өйткені кейбір адамдарда бүкіреюге тұқым қуалайтын бейімділік болады,  қаншама гимнастикалық жаттығулар жасағанымен оны түзеуге көнбейді.

Кеуде клеткасының жетілуі. Кеуде клеткасы скелетінің өсіп жетілуі өкпе, жүрек, бауыр функцияларының қалыптасуымен, сол сияқты тұру және отыру актілері мен тығыз байланысты. Қабырғалардың сүйектенуі баланың екі айлық кезінен басталып, 20 жасына дейін созылады, 25 жасында аяқталады.

Көкірек клеткасы өскен сайын оның формасы елеулі өзгеріске ұшырайды. Алғашқы жылдары ол негізінен табаны төмен қараған конус формалы болады. Бірақ бірінші жылдың өзінде ақ баланың өкпесінің көлемі 4-6 есе ұлғаяады. Көкірек клеткасының жоғары бөлігі балаларда 7-8 жаста , ал қыздарда одан да ерте кеңейеді.  Осының бәрі қысқарады да, ересек адамның көкірек клеткасының формасына келеді. 12-13 жастағы баланың көкірек клеткасы ересектерден тек мөлшерімен ғана ажыратылады.

Көкірек клеткасы әсіресе жыныстық жетілу кезеңінде тез өседі. Оның жетілуінде мерзімділік байқалады: қысқа және көктемге қарағанда, жаз және күз кезінде ол тезірек өседі. Бұл, сірә, балалардың таза ауада ұзақ уақыт болуына, белсенді қимыл ойындар ойнауына байланысты болар. Онан басқа дене шынықтыру сабақтары, еңбек әрекеттері т.б. көкірек клеткасының жетілуіне елеулі әсер етеді.

Иық белдемесі мускулатурасының жетілуі мен тыныс алуы етті бұлшық ет жұмысының активтенуі балалардың көкірек клеткасы формасының өзгеруіне үлкен әсер етеді. Көкірек клеткасының қалыптасу процесіне, сыртқы (парта немесе столда отырған қалпы т.б.) сондай-ақ ішкі  (омыртқа жотасындағы немесе бұлшық еттегі тұқым қуалайтын өзгерістер) факторларға тәуелді жеке өзгергіштіктің маңызы бар.

Жамбастың ерекшеліктері. Балалар мен жасөспірімдер жамбасының сүйек-ет скелеті ерекшеліктерінің бірі сегіз көз омыртқалары мен жамбас сүйектерінің жекелеген учаскелерінің (фрагменттерінің) шеміршекті қосылуы болып табылады., сол шеміршектің сүйектенуі салдарынан жасөспірімдік шақта олар бір ғана жамбас сүйегін құрады.

Жамбас маңызды физиологиялық қызмет атқарады: өзінің ішінде жатқан ішкі мүшелерді, қорғайды, ішек-қарынға тірек болады, сол сияқты құрсақ қабырғалары мен аяқ бұлшық етінің бекінетін жері. Ұлдар мен қыздарда (12-13 жасқа дейін) жамбас варонканы еске түсіреді. Онан кейін қыздарда шонданай бұдырмақтарының арасы ұлғаяды, ал шат сүйектерінің арасындағы бұрыш (шат бұрышы) балаларға қарағанда, доғалдау бола бастайды, яғни жамбастың құрылымында жыныстық өзгешелік пайда  болады.     Әйелдің жамбасы еркекке қарағанда кең әрі төмен орналасқан, оның сүйектері неғұрлым жұқа әрі тегіс.

Әйелдердің мықын сүйектерінің қанаттары неғұрлым қайырыңқы, мүйіске ақырғы бел омыртқаның І-сегізкөз омыртқасымен жалғасқан жеріне – азырақ шығады. Жамбас скелеті формасының өзгеруі туа және жүре пайда болады. Біріншіге, мысалы, ортан жіліктің басы үшін шұңқырдың шала дамуы, ол туа біткен буын таюға соқтырады. Екіншіге – аурудан кейін және биік өкше аяқ киім киюден дамыған жамбас формасының барлық өзгерістері жатады. Қыздардың жамбас түзілісіндегі ауытқулар келешекте бала туғанда бөгет жасайды.

Аяқ-қол сүйектерінің дамуы. Қол мен аяқтың жілік сүйектері жеті жаста құрылысы жағынан ересек адамның сүйектеріне ұқсас болады. 17-18 жастағы ол сүйектерде шеміршек ткані аз, сүйек қабығы жұқа болады, бұл олардың ұзаруы мен жуандауының баяулағанын (кішкене балалармен салыстырғанда) көрсетеді, бірақ олар ересектерге қарағанда, икемделгіш болады.   

Қолдың сүйектері, әсіресе қолдың басы, приматтардың алдыңғы аяқтарынан, басқаларына қарсы орналасқан үлкен саусағымен ажыратылады, бұл маймылдарда жоқ.         Қолдың сүйектенуі мен өсуінің аяқталуы балаларға қарағанда, қыздарда екі жылға ерте аяқталады. Орта есеппен адамда саусақ сүйектері 9-11 жаста, алақан сүйектері 12-де, ал білезік сүйектері 10-13 жаста қатаяды.

Қыздарға қарағанда ұлдар аяқтарының сүйектері 7 жастан кейін тезірек өседі. Кеудеге қарағанда, аяқтың ұзаруы қыздарда көбінесе 13 жаста, ал ұлдарда 15 жаста.

Кейінірек олардың өсуі баяулайды және 23-25 жаста тоқталады. Сіңірлермен бекінген әрі тірейтін табан сүйектері тік екі күмбез түзеді: сыртқы – тірек және ішкі – серіппелі. Табан күмбезінің серіппелі функциясы жүргенде өкшеден аяқтың ұшына қарай домалануға мүмкіндік береді. Табанға тіренгенде табан сүйегі мен өкше төмпешігі бөлінеді.    Дене шынықтыру сабақтарында және қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастырғанда аяқ-қол сүйектері дамуының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ауытқулардың болмауына көмектеседі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-04-03 17:14:06     Қаралды-17215

ТБИЛИСИ ПАХЛАВАСЫ

...

Арасына жаңғақ салып, майға және балға малынған қамырды қабаттап жасаған тағам осылай деп аталады. Формасы қиғаш төрт бұрышты. Ылғалдылығы 11,5-14,5 пайыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАСҚЫР

...

Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІЛЕ

...

Іле өзені бастауын Қытайдағы Текес және Күнгес өзендерінің қосылар жерінен алып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 2385 км. Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Жетісу аймағындағы ең ірі өзеннің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илә» деген сөзге жақын, яғн

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?

...

Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Амстердамда елес кораблі болған

...

Амстердамда жарық Фестивалі шеңберінде каналдардың бірінде елес кораблі пайда болды. Бірақ жергілікті тұрғындарға және саяхатшыларға қорқудың қажеті болмады. Себебі бұл жай ғана өзара қиылысқан төрт бұрқақтың көмегімен жасалған әдемі бір кескін еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »