UF

ДИПЛОМАТ КЕЛБЕТІ

Талейранның пікірншіе дипломатия саласында жемісті жұмыс істеуге қажетті «Жан мен рухтың» сапасы екі санатқа бөлінеді.

Бірінші санатқа байқампаздық, қанағатшылдық, пайдакүнемдіктен мүлде аулақ болу, сондай-ақ сыртта жүргенде ұлт атынан сөйлеу аса жауапты міндет екеңдігін сезінуге және ел ішінде оның саяси құқықтарының сақталуын қадағалауға мәжбүр ететін әйгілі сезім асқақтығы жатады.

Екінші санатқа саяси қатынастарды оқып-үйренуге жан-дүниесінің бейімділігі, мәселелердің түп-төркінін дұрыс және тез арада аңлай қою қабілеті, ой-өрісінің кендігі жатады.

Бәрін бірге алғанда және практика жүзінде өрістетіп көргенде аталмыш қасиеттердің барлығы да дипломатиялық мансаптың рухы мен абыройын құрайды, - деді Талейран 1800 жылы наурызда үкіметке ұсынған дипломатиялық мансап турады өзінің баяндамасында.

Қайтыс боларынан бір жарым ай бұрын (1838 ж. наурызда) Талейран Париж академиясында сөйленген сөзінде оның пайымдауынша үлгі болып табылатын дипломат туралы тағы да айтып өтті.

Атап айтқанда, ол сыртқы істер министрінің саяси бөлімі басшысының өзін-өзі ұстауы «қарапайым, түзу, қанағатшыл болуға тиіс; күнделікті күйбеңнен бойын аулақ сала отырып, ол өзін тек қана құпияда ұстайтын істерге арнауға тиіс; оқиғалар мен адамдар туралы анықтама беруге әрқашанда әзір бола отырып, ол барлық шартты үнемі жадында ұстауға, олардың хронологиялық тәртібі мен уақытын білуге, шарттадың күшті және әлсіз жақтарын, олардың жасалғанға дейінгі барысын және жасалғаннан кейінгі салдарын дұрыс бағалай білуге, ең ақырында, келіссөздердегі негізгі өкілетті адамдардың аттарып, тіпті осы өкілеттілердің отбасылық байланыстарын білуге міңдетті «екенін» айтты.

Сыртқы Істер министрінің қасиеттерін атай келіп, Талейран министрге «Өзін-өзі қалай ұстауы керектігін тез сезіне қоятын және қандай да бір келіссөз басталғанға дейін-ақ лайықсыз қылық көрсетіп алмайтындай ерекше сергек те сезімтал болу қажеттігін» айтты, осыны берік ұстана отырып аңқылдақ болып көріну, аңқау түрмен сабырлы болу және тіпті өзі айналысатын істі таңдау кезінде де сақ болу қабілеті қажет, әйтсе де әңгімесушілерге тосын сауалдар қойған кезінде табиғи қалыпта және кейде аңғал боп көрінгені де дұрыс, бір сөзбен айтқанда, жиырма төрт сағаттың ішінде ол бір сәтке сыртқы Істер министрі болмай қалуға тиісті емес».

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-11-01 17:34:30     Қаралды-3679

ҚАБАТТАЛҒАН ПАХЛАВА

...

Ішіне жаңғақ салып, ашытқы қосылған қамырдан жасалған май мен балға салынған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІЛЕРІ

...

Ән-күй өнері қазақ даласында халықпен бірге жасап келеді. Қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиғалар ән-күй жанрында өз көрінісін тауып отырған. Әншілер мен күйшілер халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін, мақсат-мүддесін әндері мен күйлеріне қосқан. Негізі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ҰРЫС ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Ядролық ұрыс жабдықтары - зақымдаушы әрекеті ядролық жарылыстың энергиясын пайдалануға негізделген ұрыс жабдықтары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«АҒАШТАР КҮНІ» («ЖЕР КҮНІ»)

...

1872 жылы Небраска штатының (АҚШ) ауылшаруашылық басқармасында Джон Стерлинг Мортонның тікелей ұйтқы болуымен жыл сайын қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасалды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗҒЫЛТ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Бұл мармелад секілді тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »