UF

Тақырыбы:   Бастауышта қазақ тілінен білім берудің мемлекеттік стандарты

 

  1. Қазақ тілінен мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі орта мектеп бағдарламаларын талдау.
  2. Қазақ тілін бастауыш мектептерде оқыту әдістері.

                                               

Президент Н.Ә.Назарбаев білім, ғылым қызметкерлерінің  ІІ съезінде: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін, жаны да, тәні де  таза, білімді патриот-азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің харқын сүюге  тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»,-деген болатын.       

Жеке тұлғаға  қарай білім мен  тәрбие үрдістерін  жүргізу әлемдік педагогика алдында тұрған мақсат екенін Н.Г..Селевконың зерттеулерінен айқын көруге болады. Ғалым мен жеке тұлға туралы  төмендегідей анықтама береді: «Личность-это психическая духовная сущность человека, выступающая в разнобразных обобщенных системах качеств»    Білім беру жүйесіндегі осындай түбірлі  жаңғырулар ескірген әдіс-тәсілдер емес, жаңа инновациялық технологияны меңгеру, содан іздену арқылы жүзеге асады.

   Білім беру жүйесіндегі  осы түбірлі жаңғырулар тың жолдарды іздеу мақсатын алдыға әкелді. Инновациялық технологиядан іздену-қазіргі оқыту үрдісінің  басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан-Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин.  Л.М.Фридман,  Л.С: Выготский,  П.И.Пидкасистый,  В.Монохов, Т.И. Шамова, О.Г.Хомерики, Ю.К. Бабанский, М.М.Поташник, В.П.Бесполько, С.А. Смирнов, К.Ангеловский, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, с.Н.Данакин,  қазақстандық ғалымдар Қ.Қ. Қабдықайыров, Ш.Т. Таубаева, Б.Р.Айтмамберова, Н.а. Әбішов, Г.Құдайбергенова, б.Әбдікәрімұлы, Ж.Қараев сынды ғалымдардың  ізденістері баршылық. Латын тілінен аударғанда  «жаңадан бастау», «жаңарту», «өзгерту» деген мағынаны  білдіретін педагогикалық инновацияның басты бергілерін былай  тұжырымдауға болады:

      -оқыту үрдісінде жүзеге  асатын келелі педагогикалық мәселені шешуге бағытталады;

     - педагогикалық жаңаландыру бұл мәселердің жаңа шешімін ұсынады;

     -педагогикалық жаңаландыру-жаңа  нәтижелерге, педагогикалық үрдістердің  жаңғыруына қол жеткізеді.

     Инновациялық туралы Отандық, әлемдік ғалымдар пікірі қазақ тілін оқыту, тіл дамыту үрдісіне жинақталған әдіс-тәсілдерді жаңалауды, оның тың жолдарынан ізденуді, білім бетуді мүлдем жаңаландыру, жандандырудың негізгі жолдарына  бағын береді.

      «Технология» грек сөзі. Техно- өнерпаздық, шеберлік, logoілім деген мағынаны  білдіреді. Педегогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік  деген ұғымға келіп саяды. Ғалымдар оның өндірістен келген сөз екенін айтады. «Технология» туралы қазір 300-дей анықтама бар. Мұның өзі, яғни, ғалымдардың бір пікірге келе алмауы, ұстаздар қауымына  кейбір түсінбеушілікті әкеліп, оның тәжірибеде кеңінен қанат жаюына ықпалын тигізуде.

Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
  2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
  3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
  4.  Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
  1. Народное образование, 1998 – 58 с.
  2. Ясвин В.А. Образовательная среда: от моделирования к проектированию. М., - 1997
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-19 19:55:40     Қаралды-3330

БОКС ТАРИХЫНАН

...

Жұдырықтасу адам қоғамының тарихында және ертедегі олимпиада бағдарламасында - панкратион деген атпен белгілі болған спорт.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

8 ТҮРЛІ ПАЛАУ ДАЙЫНДАҢЫЗ

...

Шағындау қазан отқа қойылады да, май салып қыздырылады. Май қайнай бастағанда сақиналап, ірілеу етіп туралған...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАТЫДА ДА АЛЫП ЕМЕН АҒАШЫ ӨСІП ТҰР

...

Алматы тұрғындарынын ішінде де ұзақ жасаушы қарт адамдар кездеседі, бірақ та оларды, саусақпен ғана санауға болады Ал, ағаштардың арасында «ұзақ жасаушылары» көптеп кездеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?

...

Балықтар табиғаты бойынша алыстан көрмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Стайл әже: жаңа сәнді тренд

...

Ақ шаштар үнемі кәріліктің белгісі және сұлулықтың солуы саналып келді. Сол себептен әйелдерге оны әртүрлі тәсілдермен жасыруға тура келді. Бірақ, бүкіл дүне жүзі бойынша жас қыздар стереотипті жою керек деп шешіп, шаштың бұл түсін жаңа тренд етіп жасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »