UF

КӨЛІКТІҢ  мемлекеттік  маңызы.

 

        Көлік- халық шаруашылығының үлкен және маңызды , адам еңбегін  және ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің нәтежиелерін қолданудағы өте үлкен саласы болып табылады.

        Адамзат қаумының тарихы транспорттың даму тарихынан бөліп алғысыз. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар өздерінің транспорттық сұраныстарын   қарапайым құралдар арқылы: өзі немесе үй жануарларының көмегімен қамтамасыз етті. Құлиеленушілік құрылыс кезінде жаңа әлеуметтік-экономикалық стимулдар транспорт құралдарының жаңа түрлерінің: арбалар, сүйреуіш құралдар, жасанды жолдардың және су транспортының пайда болуына әкелді. Феодализм транспорттың дамуына жаңа қарқын алып келді: күрделі қайықтар мен желкенді кемелер, керуендер жүйесі т.б. Капиталистік қатынастар кезінде XVIII ғасырдағы техникалық төңкеріс транспорттың дамуына үлкен әсерін тигізді. Осылайша параходтар, паравоздар, бумен жүретін жер транспорты, ал кейінірек әуе транспорты пайда болды.

      Материалды өнеркәсіптің кез келген саласының негізі болатын міндетті түрдегі 3 элементтің транспортқа да қатысы бар. Бұлар: еңбек құралдары (транспорт құралы), еңбек объктісі (транспорт объектісі – жүк, жолаушы т.б.) және еңбек, яғни адамдардың мақсатталған қызметі (транспорт процессі).

      Сонымен бірге транспорт өзіндік ерекшеліктері бар сала болып саналады. Бұл ерекшеліктер:

  а) транспорттың тауары- тасымалдауды өндіру мен пайдалану бір мезгілде жүреді, яғни оны сақтап қоюға болмайды.

  б) транспорт құралдарының динамикасы әрқашанда жолдар жүйесінде қозғалыста болады.

      Әдетте, «транспорт» деген сөздің түсінігі төмендегіше:

     Транспорттық жүйе деп- тасымалдау кезінде бір-біріне тәуелді және өзара байланыстағы әр түрлі транспорттардың комплексін айтамыз.

      Транспорт торабы деп- мемлекеттің немесе жеке регионның елді мекендерін байланыстыратын жолдардың жиынтығын айтамыз.

      Жалпы пайдаланудағы транспорт деп- қолданыстағы заң бойынша, кім ұсынса да (мемлекеттік кәсіпорын немесе мекеме, қоғамдық ұйым немесе жеке адам) жүк пен жолаушыларды тасымалдауға міндетті транспорт түрін айтамыз.

       Мекемелік транспорт деп- тек қана өз мекемесінде немесе кәсіпорынында ғана тасымалдауды атқаратын траспорт түрі, басқа клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға міндетті емес.

      Магистралды транспорт- негізгі транспорт министрліктері мен мекемелерінің қарауындағы жалпы пайдалану транспорты.

      Универсалды (әмбебап) транспорт- кез келген тасымалдауды (жүк және жолаушы) іске асыра алатын транспорт түрі.

      Мамандандырылған транспорт- тасымалдаудың белгілі бір түрін ғана немесе бір жүкті ғана тасымалдауға арналған арнайы транспорт.

      Дискретті транспорт деп- тасымалдау объектісі (жүк) жеке партиялар немесе топтар түрінде бір-біріне байланыссыз транспорт бірлігі арқылы (поезд, кеме т.б.) тасымалдана беретін кез келген транспорт түрін айтамыз.

      Үздіксіз транспорт деп- тасымалдау объектісі біртұтас ағым ретінде әр түрлі құрылғылар немесе құбырлар арқылы тасымалданатын транспорт түрін айтамыз.

       Транспорт жүйесінің құрамына келесі транспорт түрлері кіреді: темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және құбыр транспорты.

      Транспорттың мемлекеттік маңызы:

- экономикалық;

- ішкі мәселелерді шешуге арналған;

- сыртқы саяси мәселелерді шешуге арналған;

- әлеуметтік;

- мәдени;

- әскери.

       Мемлекеттің бүкіл транспорт жүйесіне жүктелетін негізгі міндеттемелері:

                                                   

 

2. Транспорт   жұмысының   негізгі  көрсеткіштері

 

    Көрсеткіштер тобына тасымалдау жұмысы жатады.

Транспорттың тасымалдау жұмысын есептеу үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

а) жүктерді тасымалдау, тонна (т);

б) жүк айналымы, тонна-километр(ткм);

в) жолаушы тасымалдау, адам саны;

г) жолаушы айналымы, жолаушы-километр(жол.км)

     Жүктерді тасымалдаудың жоспарлы және фактілі көлемін анықтау үшін:

Р1+Р2+...+Рn= ΣР

 

мұндағы: Р1,Р2,...,Рn- сәйкесінше 1,2,...,n- пункттерден тасымалданған тонна       жүктердің саны.                             

Жүк айналым көрсеткіштері.

Р1L1+P2L2+…+PnLn=ΣРL

 

мұндағы: Р1L1,P2L2,…,PnLn- жекеше (Р1,Р2,...,Рn) жүк партияларын (L1,L2,…,Ln) қашықтықтарға тасымалдаудағы жүк айналымы.

 

1т жүкті тасымалдаудағы орташа қашықтық.

Lорт=ΣPL / Lэ;

мұндағы:

              Lэ- жол торабының эксплуатациялық ұзындығы.

 

Жолаушылар тасымалдаудың көлемі.

 

А1+А2+...+Аn=ΣА;

 

мұндағы: А1,А2,...,Аn- сәйкесінше 1,2,...,n-ші пункттерден жөнелтілген (тасымалданған) жолаушылар саны.

 

Жолаушы айналымы.

 

А1L1+A2L2+…+AnLn=ΣAL;

 

мұндағы: L1,L2,…,Ln- сәйкесінше жолаушыларды тасымалдау қашықтығы.

 

Жолаушыларды тасымалдаудың орташа қашықтығы.

 

Lорт.=ΣАL / Lэ;

 

        Жолаушы тасымалдаудың қарқындылығын (интенсивность)  жолаушы жиілігі көрсеткішімен анықтаймыз:

 

ΣА=ΣAL/Lэ;

 

        Әр түрлі транспортта орындалған жүк айналымын бір қалыпқа келтіру:

 

ΣРL+k ΣAL=ΣPLкелт.;

 

мұндағы: k- тонна-километрді жолаушы-километрге келтіру коэффициенті (темір жол, су және автомобиль транспортында К=1).

 

Жеткізу жылдамдығы.

 

Vжет.=Lорт./ Торт.

 

Жүктер үшін:          Vжет=ΣPL / ΣPT

Жолаушылар үшін: Vжет=ΣAL / ΣAT

 

мұндағы: ΣРL,ΣAL- жүк және жолаушы айналымы (ткм, жол.км);

        ΣРТ,ΣАТ- тонна-сағат және жолаушы-сағаттағы уақыттардың қосындысы;

  

Жүк және жолаушы тасымалдаудың өзіндік құны:

 

Sткм(жол.км)=10×Сэ / (ΣРL×ΣAL);

 

мұндағы: Сэ- есептік уақыттағы эксплуатациялық шығын;

        ΣРL,ΣAL- сол уақыт ішінде орындалған жүк және жолаушы айналымы;

 

    Эксплуатациялық шығындар:

-жүргізушілер мен кондукторлардың жалақысы- 45%

-жанар май үшін- 15%

-әр түрлі материалдар- 14%

-қосалқы бөлшектер- 5%

-басқа шығындар- 1%

-техникалық мақсатқа- 41%

Еңбек өнімділігі:

 

П=ΣPLкелт./ Rn;

 

мұндағы: ΣPLкелт.- 1 жыл ішіндегі келтірілген ткм;

        Rn- 1 жыл ішіндегі жұмысшылар саны;

 

     Айналым- транспорт бірлігінің бір тасымалдау цикліне жұмсайтын уақыты.

 

Т айн.=Lайн./Vорт.+Т тиеу.+ Т түс.;

 

мұндағы: Lайн.- жүк артылған және жук артылмаған кездерден тұратын бір айналым циклінде (толық рейс) транспорт бірлігінің жүріп өтетін жолы.

        Т тиеу , Т түс.- тиеу және түсіру уақыты.

        Vорт.- рейстегі орташа жылдамдық.

        

      Орташа тәуліктік жүріс- әр транспорт бірлігінің орташа тәулік ішінде жүріп өтетін км-лер саны.

 

Т тәу.=L айн./ Т айн.= (L ж-н.+L ж-з.)/T айн.;

 

мұн: L айн.- айналымның толық қашықтығы (толық рейс),км , ол L ж-н. және  L ж-з. -  жүкпен және жүксіз жүріп өткен қашықтықтардың қосындысынан тұрады

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-03-02 19:36:59     Қаралды-5597

ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ВИТАМИНДЕР КӨЗІ

...

Витаминдер - биологиялық жағынан өте сіңімді болатын, адамдар мен жануарлар организмдерінің тіршілігі үшін өте қажетті заттар. Қазіргі уақытта 40-тан астам витамин түрлері белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жыландар өз денелерін жей алады

...

Жыландар күйзеліске ұшырай алады және сондай жағдайда олар тамақтануы тиіс. Бірақ, олар үнемі олжаларын жей бермейді. Жыландар салқын қанды, бұл деген олардың дене температурасын реттей алатын жағдайда еместігін білдіреді. Олардың жылынуы үшін сыртқы ж

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫБРИТАНИЯДА НЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ?

...

Ұлыбританияда көптеген тыйымдар бар, кейде ең оғаш және күлкілі, ұзақ тарихы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫМКЕНТ

...

Шымкент - ежелгі қалалардың бірі. Ол еліміздің оңтүстік- шығысында Бадам мен Сайрам өзендері аралығында орналасқан. Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы Жібек сауда жолында жайғасқан ол XVIII ғасырда ірі қалаға айналды. 1864 жы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГИЛЬОМ ДЕ РУБРУК

...

1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның максаты: моңғолдар арасында христиан дінін уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТ МАЙЛЫ БОЯУЛАР ПАЙДАЛАНУЫ

...

Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады, ал бір кезде олар адамзатқа атымен белгісіз болатын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »