UF

Мазмұны

 

Ауыл шаруашылық және өндірістік уландың профилактикасы

  1. Азық – түлікті, су көздерін радиоактивті, уландырғыш және  бактериалық заттардан қорғау  тәсілі.
  2. Мал  шаруашылығы  қожалықтарында  жүргізілетін іс  шаралар

Пайдаланылған әдебиеттер        

 

1.1 Азық – түлікті, су көздерін радиоактивті, уландырғыш және  бактериалық заттардан қорғау  тәсілі

Қалалық  және  ауылдық  жағдайларда  тамақ (азық-түлікті) өнімдері мен сурадиоактивті,  уландырғыш  және  бактериалық  заттармен  қамтамасыз  ету керек.Үй  тіршілігі  жағдайларында  азық-түлікті  қолда  бар  материалмен  мұқият  жауып  немесе  сақтау ыдысына  салып қою  керек.

       Азық-түлікті  тығыз  шегеленген  жәшіктерге  салып,   жұқа  қабықпен немесе  кленкамен  орап  тастауға  болады.  Барлық  сусымалы ( қант,ұн, жарма, вермишель және т.б.  т.с.с.), сонымен  бірге нан  өнімдерін,  әсіресе  кептірілген  нанды  қатырма  қағазға  салып  қойған  дұрас, Болмаса, полиэтилен  қаапшықтарға немесе  тығыз  қағазға орап,кастрюльге,шелекке,картон қорапқа,фанерден  жасалған жәшікке орналастырылып,бетін қақпақпен немесе ауа  өткізбейтін материалдармен(жұқа қабықпен,кленкмен) жабады.Қораптаудың мұндай  тәсілі  азық-түліктің зарарлану  дәрежесін айтарлықтай төмендетеді.Бірнеше   қабаттап қораптау  азық-түлікті  толық    зарарланудан  қорайды.Ет, балық  өнімдері мұздатқыштарда,  тығыз  қиюластырылған  қақпақты  кеспектерде  жақсы  қорғалады. Адамдар  уланып қалмас үшін, бұл  тағамдарды мыс, мырыш  немесе  қалайыланған  ыдыстарда  сақтауға  болмайды.

Сары  май,  қатты  майларды  шыны ыдыстарға  салып, оның  аузын  қақпанпен  жауып,  целлофанмен, пергамент немесекәдімгі  қағазбен  орап  тастаған жөн.

        Оралып,  қорапталған  азық-түлікті   мұздатқыштарда,  шкафтарда,зат  қоютын  бөлмелерде, жәшіктерде  сақтайды.Сұйық  өнімдерді толық  қиюластырылған тығындар,   қақпақтармен   жабылатын  шыны  ыдыстарда, бидондарда,термостарда  сақталған  жөн.Ал ауылды  жерлерде   азық-түлікті  міндетті  түрде  герметикаланған  жертөлелер  мен  жер  асты  қоймаларында (азық-түлікті  кеміргіштерден  қорғау  үшін,  оларды  тартпа  көмейлерін  сыртынан  метал  торлармен   тартып,  ал  ішкі  жағынан ысырмамен  немесе   кенеппен  жабылады)  сақталуы  тиіс.

        Жер  асты  қоймалары  мен  жертөлелерде  сақталатын  картоп, сәбіз, қызылша, капуста, алмалардың  бетін  брезентпен,синетикалық  жұқа  қабықпен  қымтаған   дұрыс.  Осы  дәріспен  тұздалған  ет, балық  қорларынсақтауға  болады.

        Ішетін  су қорын залалдан  қорғау  мақсатында,оны  шыны  немесе  метал  ыдыстарда (нығыз  тығынды  термос,бидон,графин  немесе банка) ұстайды.  Мүмкіндігінше суды  күнде  тазасымен    ауыстырып  тұрған  дұрыс.  Сонымен  бірге  суды  синтетикалық  қабықтан  жасалған  сиымдылықтарда, жұқа  қабықпен  жабылған шелектер  мен  ванналарда сақтауға  болады.

       Герматикаланған  ыдыстағы  барлық  азық-түлік  түрлері  радиоактивті, уландырғыш,  және  бактериалық  заттардан сенімді  түрде  қорғалады.

       Герметикаланған  ыдыстарға:  консервіленуге  арналған  банкілер,  қақпағы бұралып  жабылатын шыны  банкілер, тығыны тығыз кигізілетінбутылкалар,герметикаланып  жабылатынқақпақты,сүт  құятын  бидондар,  жабық  түрдегі  металлнемесе  ағаш кеспектер, термостар жатады.  Әрбір  жанұя (барлық  жанұя  мүшесіне есептеледі)  2-3 тәулікке жетерлік  қор  жинауы  тиіс. Оның  ішінде  ет және  балық консервілері,

қойытылған сүт,қант,кептірілген  нан немесе  галеті (қытырлақ  нан),  сонымен  бірге су (сусындар,жеміс  шырындары) болуы  шарт.

      Орауыш пен қораптау   амалдары  бірінші  кезекте  алып  жүретін  азық-түлікті  қорғау  мақсатында қолданылады.  Жақсы  оралған  азық-түлікті  жәшік, коробкаларға  салып, қорапталған күйде өзіңізбен  бірге  паналау орындары  мен  эвакуациялық  нүктелерге алып  баруға  болады.

      Тамақ  өнеркәсібі,базалар, қоймалар  және  сауда торптарындағы  азық-түлікті  сақтау  жөніндегі  бірқатар  іс-шаралар кешені   беібіт  кезде қалай  жүргізілсе, соғыс  уақытысында  да  солай  жүргізіледі.

 

 1.2  Мал  шаруашылығы  қожалықтарында  жүргізілетін іс  шаралар

Жаппай қыратын қарудан мал түрлерін қорғауға бағытталған негізгі іс-шаралардың бірі — мал шаруашылығы қора-қопсыларының саңлауларын бекіту. Бірінші кезекте малды қорғайтын жайлардың ішіне радиоактивті шаң-тозаң мен улағыш заттарды өткізбеу мақсатында саңлауларды бітеу жұмыстары жүргізіледі. Жайлардың төбесі мен, қабырғаларының саңлауларын, тесіктерін құммен, цементпен немесе әк ерітіндісімен сылау қажет. Ағаштан тұрғызылған құрылыстардың саңлауларын алдын-ала шүберектермен, ескі-құсқы заттармен, қалжық, талшықтармен бітейді. Төбенің жабындарына қалыңдығы 10 см-дейін  шлак, үгінді, құрғақ кұм қабаттарын төсейді.

Мал шаруашылығы қора қопсыларының қорғаныс қасиеттерін күшейту мақсатында қабырғаны сыртынан айнала қалыңдығы 40-50 см. биіктігі терезеге дейін жететін топырақ үйіп, қоршау керек.

Терезе ойықтарын қалқандармен бекіту, кірпішпен қалау не болмаса құм салынған қапшықтарды қойған дұрыс. Табиғи жарық түсуі үшін бірнеше терезелерді ашық қалдырып, оларға брезентпен, шайырлы қара қағазбен немесе басқа да тығыз материалдармен қапталған алмалы-салмалы қалқандар дайындайды  әйнектерді синтетикалық пленкалармен жабуға болады. Жұқа пленкалар қора-қопсы ішіне радиоактивті, уландырғыш және бактериялық' заттардың еніп кетуінен сенімді түрде қорғайды. Есікті сыртқы жағынан пленкамен (шайырлы қара қағазбен) қаптайды, ал ішкі жағынан - суланған брезент мата ілінеді. Есік жақтауы мен қабырғаның біріккен жеріндегі саңлаулар цемент немесе құм ерітінділерімен сыланады. Есік жақтауына периметрі бойынша резіңке немесе киізден жасалған төсем қағылады. Есік неғұрлым тығыз жабылуы үшін қысылмалы немесе созылмалы серіппелер орнатылады. Желдету қораптары . бекітіліді. Ал таза ауа келетін желдету құбырларына қапшықтан, үгіндіден, сабаннан және т.с.с. жасалған қарапайым сүзгілер орнатылады. 200 бас малға арналған қора-қопсынын саңлауларын бекіту үшін сағатына 140 адам жұмыс істеуі қажет.

Қожалықтарда мал паналататын қора-қопсылар жеткіліксіз болса, онда мал азығын сүрлейтін орларды және көкөніс қоймаларын пайдалануға болады. Сүрлем салатын орлардың төбесін тұрғызу үшін берене, тақтай немесе темірбетон плиталарды қолданады. Олардың үстінен 50 см-дей топырақ қабаты төселеді. Желдету қораптарын тақтайлардан немесе ішіне қарапайым сүзгілер орнатылған металл құбырлардан жабдықтайды. Ордың кіре-берісіне есік қойылады.

Аса құнды мал тұқымдарын қорғаудың маңызы зор. Оларға арнап тыныс алу мүшелерін қорғайтын қарапайым құралдар - дорба-газқағарлар жасалады. Жануарлардың терісін улағыш заттардан қолда бар құралдармен: ат жабуымен брезентпен, пленкамен, ал тұяқтарын майлы сұйық сіңірілген брезенттен жасалған шұлықтарды кигізу арқылы қорғайды.

Малдардың саңлаулары бекітілген орындарда болу ұзақтығы орынның көлеміне, ауа-райы жағдайларына байланысты. Кәдімгі қыштан салынған қора-қопсыларда (орынның әр ірі қара басына шаққанда 14-16 м3) қысқы мезгілде -20°С температурада малдың жай-күйінің зиянсыз болуы 3,5 тәулік, ал жаз мезгілінде +20°С температурада 1 тәулікке дейін барады. Көрсетілегн мерзім біткеннен кейін қора-қопсыны әр 2 сағат сайын желдетіп тұру қажет.

Қызметшілерге арнап мал шаруашылығы жайы ішінен арнайы бөлме жабдықталады немесе оған жақын маңнан радиацияға қарсы пана тұрғызылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Манаов Б.Б        Тіршілік қауіпсіздігі
  2. Сатанов М.М      Тіршілік қауіпсіздігі
  3. Өсербаев М.Т     Тіршілік қауіпсіздігі           
  4. Станова Л.М      Тіршілік қауіпсіздігі
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-11-18 19:36:04     Қаралды-5388

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

...

Астана қаласындағы ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерінің бірі - Президенттік мәдениет орталығы. Орталық 2000 жылы 27 қазанда ашылды. Ол жұртшылықты Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени жәдігерлік мұраларымен, сондай-ақ дүниежүзілік мәдениет және өнер жа

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮМБЕЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Кейбір ғимараттар мен құрылыстардың төбесінің тіреусіз дөңес етіп жабылғанын көруге болады. Муны күмбез деп атайды. Күмбез көбінесе шеңберленіп, кейде көп қырлы етіп жасалады. Күмбез ғимарат төбесін жаба отырып, үстіңгі салмақтың қабырғаға біркелкі таралы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДИНА НҰРПЕЙІСОВА

...

Дина Нүрпейісова (1861-1955) - Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер. Ол Батыс Қазақстан облысындағы «Бекетай құм» деген жерде дүниеге келген. Тоғыз жасынан домбыра тартқан. Динаның 1870 жылы Құрманғазымен кездесуі өнерге д

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жеміс-жидектерді өңдеп алынатын өнімдер

...

Пюре - аздап қайнатылған және қорға арналған жеміс- жидек өнімдері, оның тек бір ғана түрінен жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІЛЕ АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

...

Іле Алатауы ұлттық табиғат саябағы - Алматы қаласы іргесіндегі Алматы тау жотасында орналасқан. Саябақ табиғи кешендерді, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін қорғау мақсатында 1996 жылы құрылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӘУКЕ ХАН

...

Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »