ПАРАДИГМАЛЫҚ МАҒЫНА МЕН СИНТАГМАЛЫҚ МАҒЫНА
Жоспар:
І Кіріспе:
ІІ Негізгі бөлім: Парадигмалық мағына мен синтагмалық мағына. Бейнелік мағыналар:
Ә) Денотаттық (заттық) мағына
Б) Сигнификаттық (ұғымдық) мағына
В) Конотаттық (сезімдік) мағына
ІІІ Қорытынды.
М. Оразов сөз мағыналарын тілдік мағына және бейнелік мағына деп бөлген. Тілдік мағынаға синтагмалық мағына мен бейнелік мағынаны жатқызса, бейнелік мағынаға заттық мағынаны, ұғымдық мағынаны, эмоциялық мағынаны жатқызған.
Парадигма деп - тілдік бірліктің тілдік система элементі ретінде бір-біріне сыбайлас не қарсы келетін қасиеттерімен адам санасында жинақтаған, яғни тіл элементтерінің сол тілді пайдаланушы адамның санасында жинақталуын айтамыз.(Ахманова 66,310). Демек парадигма тек сөздер аралығында ғана болмай, тілдің барлық элементтері арасынла болады. Сондықтан да дыбыстардың парадигмасы, морфемалардың парадигмасы, сөздердің парадигмасы, сөйлемдердің парадигмасы деген бар. Олардың әрқайсысының өз қызметі, өз қасиеттері бар. Лексикалық мағынамен байланысты парадигма семантикалық парадигма деп аталынады да, сөздер аралығында болады.
Тілдік мағынаны анықтайтын парадигмалық байланыстың бір түрі - ұштас мағыналы сөздер аралығында болады.Бұл синонимдік, антонимдік байланыстарға қарағанда кең таралған, көп сөздердің ара қатынасын қамтитын семантикалық құбылыс. Бірақ түркі тілінде күні бүгінге дейін ұштас мәнді сөздерге талдау жасалынбаған, олардың өзіндік еркшеліктерін белгілейтін принциптері анықталынбаған. Қазірге анығы - ұштас мағыналы сөздер синонимдермен, антонимдермен біргебір лексико-семантикалық, тематикалық топтардың арасында ғана өмір сүреді. Соңғы екеуінен ұштас мағыналы сөздердің айырмашылығы - олар өзара бір не екі мағыналық элементтері арқылы байланысып жатады. Ұштас мағыналы сөздердің құрамында бір тектессөздердің тіркесін талап еткенімен, синоним сөздердей бірінің орнына бірі қолданылып, мағынасы жағынан кең түсіп жатпайды. Сондай-ақ бірі екіншісінің мағынасын жоққа шығармайды. Олар бір тектес зат не ұғым арасында ғана өмір сүреді. Сондықтан да Ф,П.Филин антонимдерге «бір құбылыстың қарама-қарсы қасиетін көрсететін мағынаға ие болған сөздер» деп анықтама берген, ал синонимдерге «бір ұғымды түрлі жақтан қарап көрсететін мағынасы жақын сөздер» деп анықтама берген. Ал ұштас мағынада сөздер аралығында мұндай мағыналық сәйкес келу де, жоққа шығару да болмайды, тек олар бірін-бірі мағына жағынан толықтырып қолданылатын екі түрлі мағыналы сөздер. Мысалы, қызыл, сары, көк, қара, т.б. сөздер өзара синоним де антоним де емес. Олардың бастарын қосып, мағыналарын байланыстырып тұрған заттың түсін білдіретін сема ғана.
Семантикалық парадигма дегенде біз белгілі бір топтағы сөздердің өзара мағыналық жақындығымен, сыбайластығымен байланысты топтастырылып, араларындағы семантикалық байланысты белгілеуді айтамыз.
Сөз мағынасының қалыптасуында парадигмалық мағынамен бірге синтагмалық мағынаның да қызметі бар. Мысалы, Демеңдер өнбес іске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық(Абай) дегендегі мал сөзі тек төрт түлікке байланысты қолданылып тұрған жоқ, осы мал сияқты жаңа мағынада қолданылу синтагмалық мағынаның үлесіне тиеді.
Синтагмалық мағына да парадигмалық мағына сияқты өздігінен өмір сүреді, бірақ арнайы ғылыми талдау болмаса, анық көрінбейді. Тіпті айтушы да, тыңдаушы да күнделікті дағды бойынша, оның түп-төркініне қарай қолдана береді. Дегенмен де синтагмалық мағына тіркеске түскен, сөздердің барлығында да бар, кездеседі. Бірақ олардың мағынаның қалыптасуына, өзгеруіне тигізетін ықпалы бірдей болмайды. Мысал үшін сөздердің белгілі бір текст құрамында келіп, өзара байланысып келуіндегі синтагмалық байланыстың қызметі бір басқа да, сөздердің мағынаға еніп, контекстің көмегімен анықталынатын синтагмалық элемент екінші басқа қасиетке ие.
Сөздің денотаттық мағынасы туралы сөз болғанда, ең алдымен оның объектив дүниедегі заттар мен түрлі құбылыстарға, заттардың амал-әрекеті мен түрлі қасиеттерін бейнелеп беру мүмкіндігі бірінші орында тұруы керек. Кез-келген сөздің мағына құрамында объектив дүниедегі заттармен байланысып жататын элемент бар дегенде осы денотаттық мағына еске түседі. Кей тілші ғалымдардың «Сөз - зат не түрлі құбылыс атауы» дегенде осы қасиетті басты өлшем етіп алғаны анық көрінеді. Сөз мағынасының қалыптасуы мен объектив дүниені бейнелеу қасиетін бір жақты түсіну, бір сатылы құбылыс деп қарау дұрыс болмайтындығы қандай анық болса, сөз мағынасын бір ғана объектив дүниедегі заттардың бейнесі деп түсіну де дұрыс болмайды.
Денотаттық мағына таным теориясымен өте тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызатын заттың қасиеттері ғана денотаттық мағына жасай алады. Адамзат дүниені тануды түйсіктен бастайды. Бірақ бұдан адамдар түйсік туғызбайтын заттар мен заттардың түрлі қасиеттерін білмейді, білу мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келуге болмайды. Адамзат миының артықшылығы сол - ойлау негізінде сезім мүшелері қабылдай алмайтын заттардың түрлі қасиеттерін де анықтай алу мүмкіндігі бар, мысалы, адам жақсы, жаман қасиеттерді тікелей сезім арқылы қабылдай алмайды, бірақ көп жылдық тәжірибе, адамдар арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде бір адам екінші бір адамға баға беріп, жақсы, жамандығын анықтайды.Сондықтан да сөз мағынасы мен объектив ддүниедегі заттар туғызған түйсік тең түседі деген дұрыс емес.
Семантикалық үш бұрышты талдаған ғалымдардың көпшілігі Д бұрышын денотат деп атайды да, оны объектив дүниедегі заттармен теңестіреді. Ал түйсік арқылы қабылданғанда заттардың түрлі қасиеттері арасындағы бүтіндік жойылады да, жеке-жеке белгілерді береді, олардың бірі екіншісімен байланыспайды. Дүниедегі заттар мен құбылыстарға жақын келетін көшірмесі болып саналатын бейнесін біз идеалды денотат деп атаймыз.
Идеалды денотат референт те, шын мағынасындағы зат та емес. Референт болу үшін, түйсік арқылы қабылданған информация жалпылануы керек, ал денотат болу үшін, объектив қасиетке ие болу керек. Сонымен, идеалды денотат тікелей жүйке тамырларына түйсік туғызу арқылы қабылданған информация болып саналады. Бұл жерде мынадай қорытынды шығаруға тура келеді, сөздің лексикалық мағынасын объектив дүниемен байланыстырып тұратын, мағыналарға негіз болатын осы идеалды денотат.
Идеалды денотатты анықтауда, оның сөз мағынасындағы орнын белгілеуде, А.А.Потебняның мына сөзін шеттеп өтуге болмайтын сияқты, «істің мәнісі мынау, жалпы сөздің мағынасы дегенде екі түрлі нәрсе ұғынылады, оның біреуі тіл білімі аясына енеді, оны біз жақын мағына деп атаймыз, басқа түрін - басқа пәндер тексеретін алыс мағына деп атаймыз», - деп ол сөз мағынасын екіге бөлген. Автордың пікірінше, тек жақын мағына ғанасөйлеген кезде сөздің мағынасын жасайды, әрі жалпы бір тілде сөйлеген халықтарға түсінікті болады. Ол сол үшін жақын мағына халықтық болады, ал алыс мағына болса, жеке адамдарға ғана тән болады деп есептейді. Мысал ретінде орыс тіліндегі клен сөзін келтіреді, айталық сөйлесіп тұрған екі адам клен дегенде екі түрлі ұғымға келуі мүмкін, сөйлеушінің біреуі үйеңкінің қандай ағаш екендігін, жапырағының үлкен болатындығын, жейтін жеміс бермейтіндігін, әрі биік, әрі жуан өсетіндігін т.б. білуі мүмкін де, екіншісінің оның жуан және биік өсетіндігін білумен шектелуі мүмкін. Сөйлескен екі адамның бірін екіншісі түсінуі үшін үйеңкінің барлық қасиетін білуі емес, тек оның аршадан, теректен, қарағайдан т.б. ағаштардан ерекшелеп тұрған белгілерін білсе болды.
Сигнификаттық мағына.
Денотаттан басқа, сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық элементтерінің бірі болып сигнификаттық мағына саналады. Сигнификаттық мағына семантикалық үш бұрыштың жоғарға В бұрышында орналасады деп бір жағынан идеалды денотатпен, екінші жағынан ұғым түсінігімен байланысып жатады. Осы семантикалық үш бұрышты талдаған тілші-ғалымдар сигнификатты ұғымның бір элементі ретінде қарап, оған аранайы бұрыш бермеген. Сигнификатты ұғыммен тең санаушылар да бар, сондай-ақ ұғымды мағынадан бөліп көрсеткен Л.Н.Новиковтың трапециясында да сигнификат ажыратылып көрсетілмеген. Денотаттан айырмашылығы сол - ой субъективтік қасиетке ие, екінші сөзбен айтқанда, сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды денотатқа сүйенеді. Ал ұғымнан айырмашылығ - ұғымда мидың қызметі негізінде түйсік арқылы алынған информациялар анализ, синтез жасалынып, жеке адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, рухани қалпына т.б. қарай мағыналық мән қосып, күрделенсе, сигнификатта ондай жеке адамға тән қасиет болмайды.
Сөз мағынасын сигнификаттық мағынамен теңестірушілер лексикалық мағыналарды толығымен сигнификаттық мағынаға тели бермейді. Мысалы, Л.А.Новиков сөздің сигнификаттық мағынасы тек объектив дүниедегі заттардың түрлі қасиеттерін бейнелеумен байланысты мағына деп есептейді. Егер сигнификаттық мағына тек түйсік арқылы қабылданған информация деп санайтын болсақ, онда сигнификаттық мағына жалпыланбаған, дерексізденбеген, жартылай көрнекілік бейнеге негізделінген мағына болып шаығады.
Сигнификаттық мағына деп - түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені айтамыз, бұлар бірі екіншісінен үзіліп қалған, байланыспайтын түсініктер де емес, керісінше, бірі екіншісіне өтіп, оның құрамды бөлшегі болып отырады.
Тілдік мағынаны анықтайтын парадигмалық байланыстың бір түрі - ұштас мағыналы сөздер аралығында болады.Бұл синонимдік, антонимдік байланыстарға қарағанда кең таралған, көп сөздердің ара қатынасын қамтитын семантикалық құбылыс. Бірақ түркі тілінде күні бүгінге дейін ұштас мәнді сөздерге талдау жасалынбаған, олардың өзіндік еркшеліктерін белгілейтін принциптері анықталынбаған. Қазірге анығы - ұштас мағыналы сөздер синонимдермен, антонимдермен біргебір лексико-семантикалық, тематикалық топтардың арасында ғана өмір сүреді. Соңғы екеуінен ұштас мағыналы сөздердің айырмашылығы - олар өзара бір не екі мағыналық элементтері арқылы байланысып жатады. Ұштас мағыналы сөздердің құрамында бір тектессөздердің тіркесін талап еткенімен, синоним сөздердей бірінің орнына бірі қолданылып, мағынасы жағынан кең түсіп жатпайды. Сондай-ақ бірі екіншісінің мағынасын жоққа шығармайды. Олар бір тектес зат не ұғым арасында ғана өмір сүреді. Сондықтан да Ф,П.Филин антонимдерге «бір құбылыстың қарама-қарсы қасиетін көрсететін мағынаға ие болған сөздер» деп анықтама берген, ал синонимдерге «бір ұғымды түрлі жақтан қарап көрсететін мағынасы жақын сөздер» деп анықтама берген. Ал ұштас мағынада сөздер аралығында мұндай мағыналық сәйкес келу де, жоққа шығару да болмайды, тек олар бірін-бірі мағына жағынан толықтырып қолданылатын екі түрлі мағыналы сөздер. Мысалы, қызыл, сары, көк, қара, т.б. сөздер өзара синоним де антоним де емес. Олардың бастарын қосып, мағыналарын байланыстырып тұрған заттың түсін білдіретін сема ғана.
Жарияланған-2016-12-08 16:32:51 Қаралды-12937
НЫШАЛДА
Сабын-тамырмен және жұмыртқамен араластырып, көпіршітіп шайқалған қант шырыны осылай аталады. Түсі ақ, қоюлығы кремнің қоюлығындай. Белок ретінде жұмыртқа белогы қолданылады.
Пайғамбар жұлдызы
Голливудта даңқ Аллеясы бар деп барлығы естіген шығар (біреулер көрген де шығар), ол жерде әйгілілердің құрметіне арнап тротуарда аты бар жұлдыздар құйылған. Бірақ, бір жұлдыз ерекшеленіп тұр - ол «Долби» театрының қабырғасында орналасқан
ҚАЗАҚТАРДА ЕҢ КӨНЕ ДІННІҢ БІР ТҮРІ
Адамзат баласының тарихында алғашқы қауымдық құрылыстан басталатын ең көне діннің бір түрі шаманизм екені белгілі. Шаман діні қазақ арасында небір азулы діннің түрлерімен, небір аққаптал саяси ағымдармен жағаласа жүріп XX ғасырдың басына дейін жетті.
АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК
Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.
СӨКТЕН ЖАСАЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР
Сөк әбден тазартылып, жылы суға салып жуылады. Суын сарқып төккен соң торға салып дегдітіледі.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану