UF

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ   ҚҰҚЫҒЫ 

 

КІРІСПЕ

 

Қаржы құқығы - құқықтың жетекші және маңызды саласы. Қаржы мемлекеттің материалдық өмір сүру негізіне қызмет етіп, оның қызметін ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. Қаржы тетіктері арқылы мемлекет елдің экономикалық дамуына белсенді ықпал етеді. Қаржы құқығы жоғарғы заң оқу орнының құқықтану мамандығының студенттеріне арналған міндетті пән болып табылады.

Қаржы құқығы ғылымы адамзаттың практикалық қажеттіліктерінен туындады және басқа ғылымдардың; мемлекеттік және полиция құқығы, саяси экономия және қаржы ғылымдары құрамында "тәжірибе жинақтаудан өтіп" түпкілікті өзін мойындатты. Орта ғасырлардың ауысымына келген соңғы төрт ғасыр, экономикалық және қаржы ерекшеленеді; ірі компаниялардың санының көбеюімен, банк ісінің дамуымен өнеркәсіп орнының өсуімен өзіндік орнын белгіледі. Егер орта ғасырлардың типтік өкілдері монахтар, феодалдар мен шаруалар болса, XVI-XVII ғ.ғ. кейіпкерлер; жігерлі кәпестер, мануфактура иелері мен банкирлер болды.

Ақша — адамдардың мінез-құлқын билеп айқындауға көшті. Мемлекет өміріндегі қаржының маңызды ролі мемлекеттанушылар мен полиция қызметкерлері еңбектерінде көрініс тапты. Мемлекеттік қаржының проблемаларын мемлекеттанушылар өз еңбектерінде түңғыш рет ашып жаза бастады.

Француз құқықтанушысы Ж.Боден (XVI ғ) "Мемлекет туралы алты кітап" деп аталған шығармасында мемлекеттің қаржылай табыс көздерінің тізімін келтіріп сонымен бірге халықтан салықты тиімді түрде жинау мәселесін алға тартады.

Ағылшын мемлекеттанушысы Т.Гоббе (XVII ғ) үкімет тарапынан бұқара халыққа төленетін "қаржылай алым жеңілдеу болуға тиіс" деп келе, алым төлеуде халықты "жүнін қырықтырғызам деп терісін сыдыртқысы" келмейтін қойға теңейді. "Заңдар рухы туралы" деп аталатын еңбегінде француз мемлекеттанушысы Ш.Монтескье (XVIII ғ) абсолютизмнің қарсыласы ретінде, мемлекеттің қаржы саясатының негізгі мәселелері парламентте шешілуге тиіс, атқарушы биліктің қызметі - парламент қабылдаған қаржы заңдарын орындау — деп тұжырымдайды. Қаржының рөлі және оның құқықпен бекітілуі полиция құқығы саласындағы еуропа мамандары: француз Деламар және неміс ғалымдары Юсти мен Зонненфельстің еңбектерінде нақты айшықталған. Бұлардың арасында ерекше бөліп Юстидің "Салықтар мен алымдар туралы толығырақ пайымдаулар" (1755) және "Қаржы жүйесі" (1766) деп аталған еңбектерін айта кетуіміз қажет.

Тағы бір көрнекті полиция қызметкері Зонненфельс "Қаржы, коммерция және полицияның негізгі бастаулары" деп аталған аса ірі еңбегінде, Юстамен қатар мемлекеттік қаржының жалпы жүйесін, жасап, осы жүйенің қалыптасуындағы заңның ролін айқындады.

Осынау оқу құралында қаржы құқығының негізгі салаларынан нақты түсініктер берілген.

Қаржылық жоспарлау - қаржы құқығындағы негізгі экономикалық процесстердің бірі ретінде оқулықта беташар бөлім ретінде басталса, бюджет процесстері қаржы жүйесіндегі ең негізгі фактор ретінде кең көлемде баяндалып өткен. Сонымен қатар осы бөлімде шет елдердің бюджет жүйесіне де нақтылай түсініктер беріліп, шолу жасалынған. Оқулықта қаржы тетіктерінің негіздеріне жататын салық жүйесіне де өзіндік анықтама беріліп салықтың пайда болу даму тарихына да кеңінен тоқталған. Негізгі бөлімнің тағы бір элементі және негізгі буындарының бірегейі банк жүйесі және оның құқықтық реттелуі де өте өсерлі баяндалған. Екінші бөлімде бөлемнің барлық мемлекеттерінің ақша бірліктері мемлекеттік басқару нысандары және астаналарының атаулары көрсетілген, құнды ақпараттың қызметі де бар фактілер келтірілген

 

Мемлекетnің  қаржылық қызметі

 

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің құқыктық формасы және рөлі

 

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттегі сияқты Республикамызда қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның тәуелсіздігінің негізгі ақша қорлары қалыптасып, олар үшін жалпы мағынадағы міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді және мемлекеттік, жергілікті билік органдарының функцияларын жүзеге асыруға қаржылай негіз жасайды. Материалдық аспектіде мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет сияқты белгілі бір мемлекеттің масштабында орталықтандырылған ақша қорын білдіреді.

Бюджеттің материалдық мазмұны қозғалмалы, ондағы шығарылған ақша көлемі үнемі ауысып, түсім түрлері, шығыстардың бағыты да ауысып тұрады. Бірақ бюджеттің негізі оның қаржыларын шоғырландырып және пайдаланумен байланысты. Қоғамдық қатынастарда, немесе айтқанда бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Бюджетте мемлекеттің қаржы ресурстарының неғұрлым ірі бөлігі шоғырланады.    Бюджет түсінігінің заңсыз аспектісіне келсек, бұл жағдайда ол құқықтық акт ретінде қарастырылады.

Бұл шығынды бюджет мемлекеттік немесе жергілікті құрылымдардың белгілі бір мемлекеттік биліктің өкілетті органдары арқылы бекітілген, орталықтандырылған ақша қорларын пайдалану, бөліу және құрудағы негізгі қаржы жоспары. Берілген қаржы жоспары бюджет қатынастары қатысушыларының заңдық құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Заңда бюджеттің зандық сипаттамасы меншік құқығы тұрғысынан баяндалады. Азаматтық құқыққа (кодекс) сәйкес мемлекеттің қаржысы және басқа да мемлекеттік кәсіпорындарға мекемелерге бекітілген мемлекет мүлкі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Сонымен, мемлекеттік бюджет қаржысы мемлекеттік қазынаның бір бөлігін құрайды. Бюджеттің негізі мен оның рөлі туралы толық түсінік алу үшін бұл категорияны түрлі аспектіде қарауға тура келеді.

Бюджеттің ролі оның мемлекеттік қызметінің қаржылық базасын жасаудан, олардың міндеттерін орындаудан байқалады.

Сонымен бірге, мемлекеттік аппарат және жергілікті басқару органдары сол бюджеттің қаржысынан құралады. Мұнда сондай-ақ, өкілетті органдар және атқарушы органдар, құқық қорғау органдары да кіреді. Бюджетте шоғырландырылған қаржылар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық қаржылар саясатын, қорғанысты қамтамасыз ету және елдің қауіпсіздігін сақтауға арналады. Бюджеттің көмегі арқылы мемлекеттік және жергілікті халық шаруашылығы салаларының бірқалыпты жұмысын, әскери-өнеркәсіп кешенін дамытуды, қоршаған табиғи органы қорғауды, ғылыми-техникалық потенциалды және еліміздің мәдениетін дамытуды, халықтың өмірінің материалдық деңгейін қолдау және олардың жекелеген топтарын аймақтардың әлеуметтік экономикалық деңгейін теңестірудің, қылмыспен күрестің бағдарламалары жүзеге асырылады. Бюджет жүйесінде ірі ақша қорларының шоғырлануы бүкіл елдің территориясында экономика мен мәдениетінің бір қалыпты дамуын қамтамасыз етеді, оның аумағындағы өндіргіш күштердің үйлесімді орналасуына, әкеледі. Бюджет мемлекеттің иелігіндегі күшті басқарушы механизм бола отырып оның қаржы саясатының жүргізушісі болады, жергілікті бюджеттер жүргізушісі болады; жергілікті бюджеттер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың қаржылық негізі болып қызмет етеді.

Мемлекеттік бюджеттің мәні онда шоғырланған қаржылардың көлемімен өлшенбейді. Бюджетпен тікелей өзарабайланысты және оның ықпалымен қаржы жүйесінің барлық басқа буындары қызмет етпейді.   Бюджеттің болуы қоғамның тұтынуына қаржы бөлгенде манерлеуге мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде бюджет қоғамның дамуының нақты кезеңінде, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қызмет етеді.

Бюджет Қазақстан Республикасьшың халықаралық байланыстарының дамуына да ықпал етеді, соның ішінде оның ТМД мемлекеттерімен арақатынасын да нығайтады. Осылайша бюджет жүйесінде ұлттық табыстың бір бөлігі шоғырланып, жалпы мұқтаждарға экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, қорғаныс пен еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға бағытталады. Бюджеттің маңызды ролін айта отырып қаржы жүйесіндегі және экономикадағы дағдарысты құбылыстар мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге өз бектілген міндеттерін толық көлемін де ашуына мүмкіндік бермейтінін де атап өтуге тура келеді. Бюджет саясатындағы осындай жағымсыз факторлар болып, бюджет тапшылығын (шығыстардың кірістерден асып түсуі), түрлері деңгейіндегі бюджеттердің арасында қаржы бөлінісі кезінде қайшылықтардың ұшығуы, бюджеттің өз уақытында бекітілімеуі, табыстардың белгеленген мөлшерде жиналмауы, қарыз қаржылардың үлкен көлемдегі салмағы.

 

Шет елдердің бюджет құқығынын принциптері мен негіздері

 

Бюджет - бұл жалпы түсінік ол түрлі кезеңнің ішінде мемлекеттік шығыстар мен кірістерді жоспарлап бейнелейтін, әр түрлі қаржы құжаттарын біріктіреді. Бюджет термині ескі француз сөзі - - шағын портфель деген сөз онымен британ канцлері Парламент сессиясына келіп өзінің жыл сайынғы қаржы баяндамасын жасаған. Одан бюджетті (портфелді) ашып депутаттарға онда орналасқан үкіметтің саяси және экономикалық бағдарламасын жасауға кажетті қаржы құжаттарын көрсетуді талап еткен. Бюджет экономикалық және заңдық категория. Зандық мағынада бюджет заңда бекітілген процедураға сай үкіметтің өкілді органы арқылы қабылданатын және жасалатын бірқатар қаржылық-құқықтық актілерді білдіреді. Бюджетті шартты түрде екі топқа белуге болады:

І.Негізгі құжаттар.

2.Қосымша құжаттардан құралған бірқатар қаржы құжаттардан тұрады.

Бірінші топқа әр мемлекетте әр түрлі атқа ие қаржы заңдары жатады. Мысалы: Швецияның мемлекеттік бюджеті туралы заң, Францияның    қаржы туралы заңы. Екінші топқа өткен қаржы жылындағы арнаулы бюджеттік зерттеулер көрсеткіші мен экономикалық талдаулары бар құжаттар және қаржы зандарына қосымшалар жатады. Кейбір елдерде мысалы, Финляндия мен Норвегияда бюджет заң формасында бекітілмейді, арнаулы парламенттік резолюция қабылдау жолымен қабылданады. АҚШ-та бюджет қос палатаның сәйкес келетін резолюциясына сай қабылданады да арнаулы міндетті зандық күші болмайды.

Бірақ оның негізінде екі қаржылық заң жобасы: а) рұқсат ететін билль, экономикалық жоба мен оның қаржыландырылуын қарастыратын; б) ассигнования жөніндегі билль, қаржымен жобаларды ақшалай қамтамасыз етуге Қазынашылыққа берілген тапсырмаларды қамтитын жоба қабылданады. Басқа мемлекеттердің бәрінде бюджет қаржы жөніндегі бірыңғай заң формасы түрінде қабылданады.

Қаржы жөніндегі. заң негізі бюджеттік құжат болып табылады да үш түрлі сипатта болады:

а)  Әрбір қаржы жылының, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының сомасын белгілейтін заңы;

ә) мемлекеттің кірістері мен шығыстары нормативті бекітетін, қаржы жылы бойына орын алған, қаржы туралы қосымша заң;

б) бюджеттің   орындалғанын,   барлық   шоттардың жабылып     қаржы    жылының     нәтижелерін     бейнелі бюджеттің орындалуы туралы заң. Жыл сайын қабылдайтын қаржы туралы заң бұл топта жетекші роль атқарады.

Бұл қаржы актісінің барлық ерекшелігінде әр мемлекетте оны құрылымы мен мазмұнына қарай бөлуге де болады. Қаржы туралы әрбір жылдық заң: І.Бюджеттің тепе-тендігін қамтамасыз ету шарттары мен тәсілдері жататын, жалпы ереже. 2.Мемлекеттік ақша ресурстарының қалыптасуының тізбесін білдіретін. З.Түрлі критериялар бойынша мемлекеттік шығыстардың классификациясын қарастырған әсіресе әкімшілік және функционалдық критериялар бөлімі. Қаржы жөніндегі жылдық заң, тек нақтыландыру бірқатар қосымша бюджеттік құжаттарда жүзеге асырылатын жалпы сомаларды белгілейді.

Бұл заңға түрлі қосымшалар мен арнаулы таблицалар мемлекеттің түрлі қаржы ресурстарының категорияларының бағасын көрсетеді. (Салықтың түсімдері, мемлекеттік мүлік табыстарын мемлекеттік қаржы операцияларынан түскен түсімдері). Бұл құжаттарды министрліктердің басқа да иелік мекемелердің кредиттерін бөлу бекітіледі, мемлекеттің қаржылық іс-шараларын талдау бейнеленеді, негізінен өткен қаржы жылындағы кредиттері пайдаланудың эффектілігінің бағасы, мемлекеттік аппараттағы лауазымдардың жойылуы, өзгеруі және құрылуы туралы мәлімет. Шет елдердің бюджет құқығы-бұл қаржы-құқық нормаларының жиынтығы, яғни мемлекеттің бюджет құрылымын бекітетін, құрамын анықтайтын, мемлекетгің шығыстары мен кірістерін алу мен жүзеге асыру тәртібін анықтайтын, мемлекеттік органдардың қаржылық өкілеттігін белгілейтін және мемлекеттік бюджеттің орындалуы мен қабылдану тәртібін реттейді.

Бюджет құқығы қайнар көзінің жүйесі әр мемлекетте өз ерекшелігі, дәстүрлі тарихы құқықтық ерекшеліктері бар. Жалпы мемлекеттің бюджет қызметінің құқықтық нормативтік негізін мынадай құқықтық актілер құрайды: а)инструкция және басқа да финанстық емес сипаттағы актілер, яки бюджеттің жеклеген тараптарын және бюджет процесін реттейтін; б) бюджеттің дайындалу тәртібін, қабылдануы мен орындалуын, анықтайтын арнайы қаржы заңдары. Конституция бюджет құқығының қайнар көзі ретінде а) бюджет құрылымының принциптерін; б) бюджет жобасын парламентке ұсынудың тәртібі мемлекеттік органдардың компетенциясын бекітеді. Жекелеген елдердің конституциясы бюджет қатынастарын толық жариялайды. Әйткені бюджет құқық нормаларының конституциядағы мазмұны заң шығарушының бұл қатынастарды конституциялық   деңгейде   реттеу   қажеттілігін   түсінуінен туындайды.

Шет елдердің бюджетінің қабыддануы мен қалыптасуының негізіне мына принциптер жатады; 1)бюджеттің жариялылық принципі; 2)бюджеттің бірлігі принципі; 3)бюджеттщ толықтық принципі; 4)бюджеттің шынайылық принцип!; 5) бюджет көрсеткішін мамандандыру принципі. Бюджеттің жариялылық принципі баспада, бюджет құжаттарын жариялау оның қаралуы мен бекітілуін хабарлау жолымен анықталады. Бюджеттің бірыңғайлығы принципі, бүл бірыңғай бюджет жүйесі болған жағдайда, жеке үлгідегі барлық мемлекеттік қаржы жалпы кірістері мен шығыстарының жалпы бюджет классификациясы негізінде бір қаржы құқық актісіне бірігуін білдіреді. Бюджеттің толықтығы принципі барлық қаржы құжаттарында мемлекеттің кірістері мен шығыстарының есепке алынуын білдіреді. Бюджеттің шынайлығы принципі жоспарланған кірістердің экономикалық негізділігін және оларды алу үшін қажетті заңдық-техникалық құралдардың болуын керек етеді.

Бюджет көрсеткіштерін мамандандыру принципі бюджеттің кірістері мен шығыстарының олардың қайнар көздер мен мақсатты пайдаланылуына нақты сомалардың анықталуын         білдіреді.         Мамандандыру         бюджет классификациясы негізінде немесе мемлекеттік кірістер мен шығыстарды бірыңғай белгілері бойынша міндетті біріктіруден тұрады.      Бюджет негізгі түрлері қолданылады, әкімшілік, функционалдық, қаржылық.

1. Әкімшілік    белгілері    бойынша    классификация шығыстарды   мемлекеттік   органдардың   түрлері   бойынша: а)биліктің өкілетті органдарының шығындары;  б)  басқару органдарының  өкілетті   органдарының   шығындары;   в)әділ сот органдарының шығыстары;  г)  мемлекеттік қауіпсіздік органдарының шығыстары мен бақылау.

2. Функционалдық     белгілері      бойынша     негізгі классификациялық    шығындардың    мақсаты    болып,    ал негізіне мемлекеттің соған сәйкес функциялары алынады: а)экономикалық    қызметтерді    шығыстары;    б)әлеуметтік-мәдени   қызметтердің  шығыстары   (білім   беру,   денсаулық сақтау,   жанұяны  қорғау,   зейнетақымен  қамтамасыз   ету); в)халықаралық қызмет шығыстары (қорғанысты қамтамасыз ету, шет мемлекеттерге қайтарымсыз көмек көрсету және кредит беру, халықаралық ұйымдарға каржылай қатысу т.б.); г) басқару және билік органдары қызметінің шығыстары (жалақы, ағымдағы шығындар, билікті көтеру және қайта даярлау).

3. Қаржы белгілері бойынша шығындарды классификациялау: а) қайтарымсыз (аванстар, қарыздар); б)шартты (қарыздардың мемлекеттік кепілдері).

Класификацияны таңдау критериясы көбінесе нормативті актілерден, мемлекеттік шығындардың белгіленуі сипаты мен түрлерінен көрінеді. Негізгі бюджет құжаттарында шығыстар әдетте, функциялардың және әкімішілік белгілерімен            классификацияланады.

Классификацияларды таңдауға осы тұрғыдан келу көптеген мемлекеттерде, көбінесе АҚШ-та, Нидерландыда, Швецияда, Ұлыбританияда байқалады. Францияда жылдық қаржы туралы заңда негізінен классификациялар экономикалық және қаржылық белгілер бойынша бекітетін заңдармен бірге қосымша бекітетін құжаттарда әкімшілік және функциялардың белгілері бойынша классификациялар қолданылады. Келтірілген классификациялар барлық мемлекеттік шығыстарды таңдалған критерияларға сай үлкен топтарға бөлуге болатынын айғақтайды.

Бюджет ұйымдары үшін жалпы шығындар болып: а)айлық жалақы бойынша төлемдер; б) ағымдағы шығындар; в) құрал-жабдықтарға шығындар табылады. Мемлекеттік органдардың түрлері үшін шығыстардың ерекше категориялары жүзеге асырылады; мысалы: қорғаныс министрлігінен әскери техника мен қару-жарақ сатып алу шығындары, саяси партиялар қызметін қаржыландыру шығыстары және т.б.

Бюджет процесі: Бұл мемлекеттің құқықтық нормалары қызметін қалыптастыру, бекіту және орындауды регламенттеу. Бюджет процесінің негізгі мақсаты, биліктің өкілетті органдарына жетекшілікті қамтамасыз ету және мемлекеттің экономикалық және қаржы саясатының негізгі мәселелеріне бақылау. Практикалық тұрғыдан барлық мемлекеттерде жалпы механизм әрекет етеді, олардың буындары болып салалық министрліктер, қаржы министрлігінің бюджеттік басқармалары, үкімет саналады. Министрлер өздері: төлімдейтін салалар бойынша материалдардьщ шығындарын дайындап өз сметаларының жобаларын қаржы министрлігіне жолдайды. Бюджеттік басқармалар мен бөлімдер мысалы: АҚШ-тың президенті жанындағы әкімшілік бюджеттік басқарма, Франциядағы бюджет басқармасы мен қаржы басқармасы.

Бюджет құжаттары бойынша негізгі дайындық жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл жұмыстар аяқталған соң қаржы министрлігі барлық бюджет құжаттарын үкіметке тапсырады, бұл құжатты үкімет қарастырып ақырғы шешім қабылдайды. Сонан соң бюджет парламентке ұсынылады. Әр мемлекеттің заңы парламентке бюджет туралы заң жобаларын ұсынудың белгілі мерзімдерін анықтап қарастырады; Францияда - қырқүйектің екінші жартысы, Испанияда бюджет мерзімінің етуіне 3 ай мерзім қалғанға дейін, Австрияда қаржы жылы өтуіне 10 апта уақыт қалғанда болып белгіленген.

 

Бюджет табыстарын құқықтық реттеу.

 

Егер заңда өзгеше көзделмесе есепке алуға жатқызылған салық сомасының салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасынан асып кетуі қосылған күнге салынатын салық жөніндегі алда тұрған төлемдердің есебіне жатқызылады. Егерде заңда өзгеше көзделмесе есепке алуға жатқызылған салық сомасының салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасынан асып кетуі, егерде мына шарттар орындалатын болса қосылған күнге салынатын салықты төлеушіге қайтарылады:

1.  Қосылған күнге салынатын салықты төлеуші нөлідік ставка бойынша салық салынатын товарларды, жұмыстарды, қызметтерді үнемі өткізуді жүзеге асырса.

2.    Тоқсан   ішінде   нөлідік   ставка   бойынша   салық салынатын өткізу жөніндегі айналым қайтарып алуға өтініш берілгеннен   кейінгі   айда   өткізу   жөніндегі   жалпы   салық салынатын айналымның кемінде 70 процентін құраса.

Салық туралы заңның 258 бабында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда аталған сома нольдік ставка бойынша салық салынатын айналымның мақсаттары үшін өткен салық кезеңдері үшін қосылған күнге алынатын салық жөніндегі оның міндеттемесін есепке ала отырып  товарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша есепке алынуға жатқызылған салық сомасы бөлігінде қосылған күнге салынатын салықты төлеушіге қайтарылады.

Жоғарда аталған жағдайға сәйкес қайтарылуға жататын қосымша күнге салынатын салықтың сомасын анықтау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ашылған Қазақстан Республикасындағы салық төлеушінің шоттарына ақша түсімі шетелдік валютамен түскен товарлар эксперты есепке алынады.

Егер нөльдік ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар қосылған күнге салынатын салықты төлеуші қосымша күнге салынған салықтың сомасын қайтару туралы салық органына өтініш жасамаса онда жоғарда аталған асып кету есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңіне есептеледі.

Жоғарда аталған қосылған күнге салынатын салық:

1.  шағын бизнестің субъектілері.

2.  шаруа қожалықтары.

3. заңды  тұлғалар   ауылшаруашылығы   өнімін   өндірушілер үшін белгіленген бюджетпен есеп айырысуды арнайы салық режимінде   жүзеге   асыратын   қосылған   күнге   салынатын салықты төлеушілерге қайтарылмайды.

Бюджеттен

1.   Жоғарыда көрсетілген қосылған күнге салынатын салықтын асып кетуі.

2.   Жеткізуші немесе жоғарда көзделген жағдайларда грант 1с,аражаты   есебінен   алынатын   товарлар,   жұмыстар, қызметтер   бойынша   импорт   кезінде   төленген   қосымша күнге салынатын салық.

3.      Дипломатиялық     және      оларға      теңестірілген өкілдіктер      шетелдік      дипломатиялық      және      оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы және    оларға теңестірілген   өкілдіктердің   ресми   пайдалануы   және   осы өкілдіктердің        дипломатиялық        әкімшілік-техникалық персоналы олардың отбасыларының олармен бірге тұратын мүшелерін қоса есептегенде жеке  басының жағдайларына пайдалануы үшін товарлар,   жұмыстар, қызметтер жөніндегі жеткізушіге төленген қосылған салынатын салық.

4.     Бюджетке     артық    төленген     қосымша     күнге салынатын салықтың сомасы қайтаруға жатады.      

Жоғарыда көрсетілген жағдайда қосымша күнге салынатын салықты қайтару қосылған күнге салынатын салықты төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан  бойынша салықты  қайтару туралы  өтінішін  салық органы алған сәттен бастап 60 күн ішінде және:

1.   салық  кезең  ішіндегі  қосылған  күнге  салынатын салық жөніндегі деклорациясы;

2.    салық   заңына   сәйкес   товарларды,   жұмыстарды, қызметтерді экспорттауды растау үшін қажет құжаттар;

3.  салық органдары жүргізген салықты тексеру актісіне сәйкес     нольдік     ставка     бойынша     салық     салынатын айналымдар жөнінде қайтаруға қойылған салық сомасының дұрыстығын растау негізінде жүргізіледі.

Қосымша күнге салынатын салықты қайтару:

1.   қосылған   күнге   салынатын   салықты   төлеушінің бюджетке    төленетін     басқа    салықтар     және     бюджетке төленетін   міндетті   төлемдер   бойынша   берешектерін   өтеу есебіне есепке алу;

2.   товарлардың   импорты   кезінде   төленуге   жататын қосымша күнге салынатын салық есебіне есепке алу;

3.     Қазақстан     Республикасында     қосымша     күнге салынатын   салықтың   резидент   емес   төлеушісі   еместен алынған   жұмыстар,   қызметтер   үшін   төленуге   жататын қосылға күнге салынатын салықтың есебіне есепке алу;

4.   қосылған   күнге   салынатын   салықты   төлеушінің банктік шотына ақша аудару жолымен жүргізіледі.

Қосылған күнге салынатын салықты қосылған күнге салынатын төлеушінің банктік шотына қайтару оның басқа салықта және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдері бойынша берешегі болмаған кезде жүргізіледі. Бұнда салық сомасы осы берешекті өтеуге жатқызылады.

Қосылған күнге салынатын салықтың артық төленген сомасын бюджетке қайтару заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.

Товарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге сондай ақ грант қаражаттары есебінен алынған импорт кезінде төленген қосымша күнге қойылатын салықты бюджетке қайтару мына шарттарды сақтаған жағдайда:

1.   Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   органы грант туралы шарттың бір тарауы болып Қазақстан табылса;

2.   Товарларды өткізу немесе импорттау жұмыстарды орындау, қызмет көрсету гранттың мақсатын жүзеге асыру үшін шартта ҚР атынан іс-қимыл жасайтын мемлекеттік орган  тағайындаған  атқарушы  агентпен жасасқан  шартқа сәйкес жүзеге асырылса салық органдары 30 күн ішінде жүргізеді.

Грант қаражаты есебінен қосымша күнге салынатын салықтың төленгенін растайтын және салықты бюджетке қайтаруды жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын құжаттардың тізбесін уәкілетті мемлекетті орган белгілейді.

Жоғарда аталған қосымша құнға салынатын салықтар бюджетке қайтару, егерде ҚР-сы қатысушысы болып табылатын халық-аралық шарттарда мұндай бюджетке қайтару кезкелген жағдайда жүргізіледі. Қосымша құнға салынатын         салықты          ҚР-сында         акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасаған құрама ведомстердің және қосымша құнға салынатын төлену фактісін растайтын құжаттардың (шот-фактуралардың, чектердің және т.б.) көшірмелерді негізінде жүзеге асырылады.

Құрама ведомстер (реестрлер) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда орындалады және дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жанама салық (қосымша құнға салынатын салық және акциз) бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзаралық принципті сақтау жөніндегі Ноталарымен алмасуды қуаттау үшін ҚР-ның Сыртқы істер министрлігіне тапсырылады. Қуатталғаннан кейінгі құрама ведомостер (реестрлер) қайтаруды уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін салық органына тапсырылуға жатады.

Егерде құрама ведомостерге (реестрлерге) қоса тапсырылған құжаттарда қосымша құнға салынатын салық сомасы жеке жолмен бөлініп көрсетілмесе, салық бойынша қайтарымды алу құқығы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерден олардың қосылған құнға салынатын салық шот-фактураға енгізуі туралы растауы алынғаннан кейін болуы мүмкін.

Салық дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қайтару ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінен құрама ведомостерді (реестрлерді) алғаннан кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады.

Бюджеттен қайтарылуға тиіс салық сомалары дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің тиісті шотына аударылады.

 

Үкіметтік қарыздар.

 

Мемлекеттік кредиттің негізгі формасы мемлекеттік заемдар болып табылады. Бұл кредиттік қатынастарда мемлекет қарыз алушы борышқор ретінде есептеледі. Заемдар өтелу мерзімдері, жүргізілетін орны, таратылу әдістері және табыстардың түрлері бойынша ерекшеленеді;

A.  Өтелу мерзімдері бойынша

1.  Қысқа мерзімді заемдар (1 жылға дейін)

2.  Орташа мерзімді заемдар (1 жылдан 5 жылға дейін)

3.  Ұзақ мерзімді заемдар (5 жылдан жоғары)

Ә. Таратылатын жері бойынша

1.  Ішкі заемдар (мемлекет аумағында)

2.  Сыртқы заемдар (халықаралық тарапта)

Б. Таратылу әдістері бойьшша

1.  Айналымда еркін жүретін заемдар

2.  Жаздырып алу бойынша таратылатын заемдар

3.  Еріксіз түрде таратылатын заемдар.

B.  Табыс түрлері бойынша

1.  Проценттен түсетін табыстар, яғни нақты бекітілген нарық бойынша түсетін табыстар

2.  Ұтыстан түсетін табыстар

3.  Лотореялардан, облигациялардан түсетін табыстар (бұл   табыстар   өтелу   тиражын   не   ұтыс   тиражын шығарған кезде белгілі болады).

Ішкі заем облигацияларын біздің азаматтармен қатар шетел азаматтары, сондай ақ қоғамдар сатып ала алады. Ішкі заем облигацияларынан басқа республикамыздағы айналымда қазынашылық міндеттемелер қазынашылық вексельдер жүреді.

Халықаралық  кредиттердің  көрінісі  сыртқы  заемдар болып табылады. Бұл кредиттер бір мемлекеттен, банкіден заңды   ұйымдар   мен   азаматтарға   берілетін   заемдар.   Осы халықаралық       кредитті       беруді       қамтамасыз мемлекеттердің кредиттік ресурстары мыналар:

І.Мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;

2-Ұжымдық ссудалық қорлар (ұлттық банкілер мен халықаралық банкілердің өз меншігіндегі қорлары мен тартылған қаражаттары);

З.Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттары (коммерциялық кредит беру кезіндегі). Сыртқы заемдар ұлттық валюта түрінде немесе еркін жүретін валюта түрінде беріледі Сыртқы экономикалық процесс кезінде мемлекеттің тауарлары мен ақшалай ресурстарын белгілі мерзімге ақылы және қайтарылатын түрде қайта бөлу халықаралық кредиттің функциясы болып табылады. Қазақстан Республикасының сыртқы қарыздар жөніндегі заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп Азаматтық кодекске басқа да нормативтік заң актілеріне сүйеніп жасалады Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарт бойынша басқада ережелер белгіленсе, яғни Республикамыздың зандарынан басқаша негізде онда халықаралық шарттың ережесі белгіленеді Сыртқы қарыздар келесідей түрлерге бөлінеді Қазақстан Республикасы үкіметінің сыртқы қарыздарынан тұратын мемлекеттік сыртқы қарыздар және Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің сыртқы қарыздарынан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін алған мемлекеттік емес сыртқы қарыздар.        Мемлекеттік сыртқы қарыздар төлемдік балансты қолдауға және республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға тартылады. Сыртқы қарыз міндеттемесінің борышқорын заңды тұлғаны қайта құрудағы заңды мұрагерлігі сондай-ақ сыртқы қарыз міндеттемесі борышын өзге біреуге аудару осы міндеттеме бойынша құқықтар мен міндеттерді жаңа борышқорға белгіленген тәртіппен міндетті түрде қайта туралау арқылы жүзеге асырылады. Борыш қатынастарын субъектілерінің және банктердің мемлекеттік кепілдік берген мемлекеттік емес сыртқы қарыздары барысындағы кез келген өзгерістері Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің келісімімен жүзеге асырылады ДС,Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыртқы қарыздары бойынша қарыз беруші болып шет елдік кредиторлар ал қарыз алушы болып Қазақстан Республикасы үкіметі және Қазақстан Республикасы ұлттық банкі саналады  Қазақстан Республикасы Үкіметі ұлттық банктің сыртқы қарыздары жөніндегі кепіл болуға құқылы Мұндай кепіл болу шарттары жақтардың келісімі бойынша анықталады. Қазақстан Республикасының ұлттык банкі Қазақстан Республикасының үкіметінің сыртқы қарыздары жөніндегі кепіл беруге құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі сыртқы қарыздары Қазақстан Республикасының үкіметінің бағдарламасына сай жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы ұлттық банкі сыртқы қарыздарының көлемі оның таза алтын валюта қорының резервінің 50 процентінен аспауы керек Жергілікті өкілді органдарға және Қазақстан Республикасы әкімшілік территориялық бірлігінің атқарушы органдарына арнаулы экономикалық зоналардың әкімішілік кеңестеріне, басқа да  Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына соның ішінде олардың территориялық бөлімдеріне, сыртқы қарыздары кез келген түрде алуға тиым салынады. Қазақстан Республикасы үкіметінің сыртқы қарыздардан алған қаржысы Республиканың бюджетіне жіберіліп бюджеттің орындалуы тәртібімен пайдаланылады. Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің сыртқы қарыздардан алған қаржысы, ұлттық банктің балансында болып ол жүргізетін ақша кредит саясатына сай пайдаланылады.Ішкі борышқорлар, Қаржы Министрлігіне, ұлттық банкке Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистика органдарына сыртқы қарыздарды пайдалану жөнінде мәлімет беруге міндетті Мәлімет беру тәртібін Қаржы Министрлігі ұлттық банк және Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистика органдары белгілейді| мемлекеттік сыртқы қарыздан алынған қаржылар олардың мақсатты пайдалануына бағытталып не қайтарым негізінде ішкі борышқорларға беріледі. Қарыз қаржыларын ақысыз пайдалану бюджеттік шығындар жолымен не оларды ұлттық банктің пайдалануы арқылы жүзеге асырылады ал қарыз қаржыларын ішкі борышқорларға беру мемлекеттік кредитер жолымен іске асырылады. Сыртқы мемлекеттік қарыздардың қаржылары тек ғана сыртқы мемлекеттік қарыздардың шарттарымен белгіленген мақсаттарға пайдаланылуы керек. Сыртқы мемлекеттік қарыздарға түсетін қаржылар ішкі борышқорларға кредит шартымен беріледі, бұл жағдайда да қарыз беруші болып Қазақстан Республикасыньң ұлттық банк табылады. Мемлекеттік қарыздар ақылы және мақсатты болады.

 

Қаржылық  құқық ұғымы,пәні және жүйесі. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.

 

Шаруашылықтың жаңа жағдайларында өзінің орасан зор райын сақтай отырып қаржылық жоспарлау сонымен бірге түбірлі негізде қайта құрылуға тиіс. Оның мазмұны мен әлеуметтік бағдарына сай бетбұрысты өзгерістерге ұшырайды. Егер бұрын төменгі қаржылық жоспарлау негізінен кәсіпорынның әлеуметтік дамуы мен өндірістің жоспарлы көрсеткішіне сүйенсе, қазіргі танда бұл негіз жоқ, себебі кәсіпорын "жоғарыдан" әкімшілік нұсқау алмайды.

Мұндай жағдайларда қаржылық жоспарлау нарық талаптарына сай бағдар алып, белгілі бір оқиғалардың өрбуін ескеруі және кәсіпорынның материалдық, еңбек және қаржы ресурстары арқылы ситуациялық өзгерістер кезіндегі іс-қимыл моделін жасап шығаруы тиіс. Сондықтан қаржылай жоспарлау нарық экономикасы кезінде, қаржылық көрсеткіштердің таяу мерзімдегі дәл есебіне және соған сәйкес қаржылық құжаттағы тепе-тендікке негізделіп, ал екіншіден көп вариантты сипаты бар болжамдық есептерге құрылады. Инфляцияның жоғары қарқыны, еңбек ақының ең төменгі шегін индексациялау  шикізат пен жанар майға бағаның өсуі энергетикалық ресурстар мен басқа да себептер жылдық жоспарлауды барынша қиындатады. Бұл жағдайда өндірістік шығындар мен өнімдерді сатудың тоқсандық сметасын құрастыру, әбден мүмкін болып табылады. Смета сатылатын өнімдердің көлемін есептерге, өнімнің материалдық сиымдылығын бағалауға, айналым құралдарына деген қажеттілікті болжамдауға мүмкіндік береді.

Нарық экономикасында  кәсіпорынның  жоспарларының мынадай түрлерін бөліп қарауға болады;

- стратегиялық жоспар - 10-15 жылдық ұзақ мерзімге жасалып, кәсіпорынның келешектегі басты мақсаттары, белгілі бір мерзім мен ресурстарға тәуелді нақты міндеттері, көзделген мақсаттың жалпы стратегиясы қалыптасады;

ұзақ мерзімді  жоспарлар-стратегиялық  жоспардың құрамдас бөлігі ретінде бірнеше жылдарға жасалады;

ағымдағы жоспарлар ағымдағы қаржы жылына құрылады, өндірісті зерттеулер мен, жабдықтауды, маркетингі, қаржылық қортындыны қамтиды;

- бизнес-жоспарлау - Қазақстан Республикасының экономикасындағы жаңа құбылыс, оның қажеттілігі мемлекеттік деңгейде анықталған. Айталық банктер-несие бөлу-кезінде бизнес-жоспарды талап етеді. Бизнес -жоспар тек қаржылық жоспар ғана болып табылмайды, ол стратегияларды жасау мен белгілі жағдайға сай (инвесторды тарту үшін) жаңа кәсіпорын құру немесе жаңа қаржылық бағдарламаны қаржыландыру үшін нақты инвесторды тартуға да қажет. Инвестор ретінде банктер, заңды жеке тұлғалар, мемлекет қатысуы мүмкін. Бизнес жоспар-болашақ кәсіпорынның негізгі аспектілеріне сипаттама беретін, барлық тәуекел деңгейін талдайтын, осы проблемаларды шешудің тәсілдерін анықтап, осынау жобаға қаржы салуға тұрады ма, ол шығындарды ақтайтын қаржы әкеледі ме деген сұрақтарға жауап қайтаратын құжат. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандарда кәсіпорынның қаржысын басқарудың негізгі түрі болып қаржылық жоспарлауды айтуға болады. Онда кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру, бюджет жүйелері мен бюджеттен тыс қорлармен өзара қатынас, қорлар бойынша кірістерді бөлу, несие қаражаттарын тарту, қаржы ресурстарын пайдалану және бөлу сияқты маңызды функциялар бейнесін табады.

Кәсіпорынның қаржы жоспары кірістер мен шығыстардың бөлімінен тұратын нысанына ие:

1)  табыстар мен қаржылардың түсуі;

2)  шығыстар мен қаржылардың жұмсалуы;

3) кіріс, басқа да табыстар және олардың бөлінуі;

4)    кірістер   мен   шығыстардың   кезекті   жылға   жоспарлы балансы   тоқсандарға   бөлшектеу   арқылы   құрастырылады. Оған қаржы жоспарының көрсеткіштерін негіздейтін есеп таблицалары жалғанады.

 

Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-құқықтық қызметін жоспарлау.

 

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 10, бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға: 1. шаруашылық жүргізу құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорындар)    кәсіпорындар    жатқызылады.    Қазыналық кәсіпорынның қаржы ресурстары; мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жүргізілген, өнімдерді сатудан алынған ақшалай және басқа қаржылардын;

-   белгіленген  тәртіппен   бюджеттен  және   бюджеттен   тыс қорларда бөлінген қаржылардан;

-   дербес   шаруашылық   қызметін   жүргізудің   нәтижесінде алынған табыстардың бөлігінен құралады.

Қазыналық кәсіпорынның қаржы қатынастарының сан алуандығы оның қаржы жоспарында шоғырланған бейнесін табады. Қазыналық кәсіпорынның даму жоспары мен тапсырыс жоспарын қаржылай қамтамасыз ету өнімдері сатудан түскен табыстардың есебінен жүзеге асырылады. Бұл қаржылар жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпорындарға

-    яғни    кәсіпорынның    даму    жоспарын    жүзеге    асыру, мемлекеттік    инвестициялық    бағдарламаларды,     ғылыми-зерттеу    және    тәжірибелік    конструкторлық    жұмыстарды орындау   үшін   әлеуметтік   инфро-құрылым    объектілерін ұстауға;

-   жоспар тапсырыстарды орындау шығындарының орнын толтыру  үшін   бір  жыл   өткен   соң  қазыналық  кәсіпорын салалық басқару органына мақсатты бюджеттің қаржылары мен   өтемдік  шығындарын     пайдаланыуы     жөнінде   есеп береді.

Тапсырыс — жоспарға сәйкес өндірілген өнімді сатудан және дербес шаруашылық қызметін жүргізуден түскен табыс салалық басқару органының кезекті жылға норматив бойынша белгіленген кәсіпорынның даму жоспары тапсырыс жоспарын орындауды қамтамасыз етуге бағытталады. Қазыналық кәсіпорынның кезекті жылға қаржылық жоспары кірістер мен шығыстардың жоспарлы баланс нысанында жасалынады. Баланстың табыс бөлігінде өз табыс көздері мен жинақтары (кіріс, өтемдік есептеулер және басқа табыстар) бейнеленеді де ол шығыс бөлігінде қаржы ресурстарын пайдаланудың жоспарлы бағыттарына қосылады. Кірістер мен шығыстар бойынша жоспарлы есептерді салыстыру және тоқсан бойынша салыстыру күткен суммалардың ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тапшылықты жабу үшін жетімсіз қаржыны толтырудың ыңғайлы көздері қарастырылады; несие алу, бюджеттік қарыздар, судалар және т.б.

Қазыналық кәсіпорынның қаржы жоспарының құрылымы;

I.  Бөлім. Табыстар мен қаржының түсімі.

а)  жоспар тапсырысқа сәйкес өнімдерді сатудан түскен кірістер;

ә) дербес шаруашылық жүргізуінің аясында өндірілгсн өнімдерді сатудан түскен табыс;

б)  сатудан тыс амалдардан түскен табыстар;

в) белгіленген    норматив    бойынша    кәсіпорынның құзырына қалған табыстар;

г)  өтемдік есептеулер;

д)  басқадай түсімдер;

е)  кәсіпорынның өз қаржылары.

II.  Бөлім. Шығыстар мен жұмсалатын қаржылар.

а)  сатудан тыс шығыстар;

ә) тұрғын-коммуналдық    және     әлеуметтік-мәдени объектілерді ұстауға арналған шығыстар;

б)  ғылыми зерттеу амалдарын орындауға жұмсалатын шығындар;

в) күрделі   қаржы   жұмсау-соның   ішінде   объектілер құрылысына- өндірістік бағытқа арналған;

г)  шығыстар қорытындысы.

III. Бөлім.   Бюджеттік   және   бюджеттен   тыс   қорлардың арақатынасы.

а)    қаржылық   нәтижелерге   қатысты    алымдар   мен салықтар;

ә) табысқа алынатын салықтар  және   басқа   да табыстан төленетін төлемдер;

б)   мақсатты   қаржыландыру   және   бюджеттен   түсім көздері, соның ішінде;

1) мемлекеттік   инвестициялық    бағдарламаны қаржыландыру;

2) әлеуметтік  инфрақұрылымдар  объектісін     ұстауды қаржыландыру шығындары;

3) тапсырыс-жоспарды     орындау    шығындарын     орнын толтыру;

в) мақсатты   қаржыландыру   және   бюджеттен   тыс қорлардың түсімдері.

IV.  Бөлім. Кредиттік арақатынастар.

а)      банктердің     тауарлық      және      коммерциялык кредиттері;

ә) кредиттерді өтеуге жұмсалатын шығындар.

 

Қаржылық - шаруашылық хұқы.

 

Біз қаржы жүйесін өткенімізде оның құрамы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылардан тұратынын білдік.

Қаржылық-шаруашылық хұқында қарастырылатын қаржылар-орталықтандырьшмаған қаржылар болып табылады.

Орталықтандырылмаған қаржыларға:

1.  Мемлекеттік басқәру органдардың қаржылары.

2.  Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары.

3.  Мемлекеттік   бюджеттік   ұйымдар   мен   мемлекеттердің қаржылары жатады.

Мемлекеттік басқару органдарының қаржыларына тоқталсақ, олар министрліктер мен ведомствалардың және басқа да басқару орталықтарының бір орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын білдіреді.

Мысалы:

а)   жалпысалалық сипаттағы шығындарды қаржыландыруға арналған;

ә)  өздеріне    бағынышты    кәсіпорындар    мен    ұйымдарға қаржылық көмек жәрдем көрсетуге арналған;

б)  ғылым мен техниканы дамытуға арналған (бірынғай);

в)   резервтік және   басқа да  орталықтандырылған  қорлар болған.

Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің, яғни, мемлекеттік көсіпорындар мен ұйымдардың, бірлестіктердің қаржылары-осы субъектілердің ақша қорларынан тұрады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың жене бірлестіктер мен ұйымдардың қаржылары материалдық өндіріс аясындағы қаржылар болып есептелінеді.

Материалдық өндіріс аясындағы қаржылары арқылы кәсіпорындар мен бірлестіктер халық шаруашылығы салаларындағы орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және тиімді пайдалану міндеттерін жүзеге асырады.

Сонымен қатар, осы аталған шаруашылық органдарының резервтік және басқа да мақсаттағы қорларына қаражаттар жұмылдырады.

Кәсіпорындар мен бірлестіктердің және де басқа өндіріс салаларының тиісті ақша қорлары мен қаржылық қатынастары олардың қаржыларының негізін құрайды. Өйткені, материалдық өндірісте ұлтгық табыс жасалады. Ал ұлттық табыс дегеніміз қоғамның қаржылық ресурстарының ең басты түсім көзі.

Енді осы өндіріс аясындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларына тоқталайық:

а)кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктердің және олардың жоғарғы органдарының қаржылары;

ә) құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылары;

б) ауылшаруашылығы    кәсіпорындары    мен    ұйымдардың қаржылары;

в) су шаруашылығының қаржылары;

г) тұтыну кооперацияларының қаржылары;

д) өндіріске   қызмет   көрсететін   байланыс    бөлімдерінің қаржылары;

е) жүк тасымалдау кәсіпорындары мен ұйымдарының (темір жол, әуе, автомобиль және т.б. транспорттар) қаржылары;

д) мемлекеттік сауда, дайындау-жабдықтау және т.б. материалдық аясындағы бөлімшелердің қаржылары.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын ұйымдастыру кезінде кейбір принциптер басшылыққа алынады. Олар: шаруашылық есеп, жоспарлылық (жоспарлау); барлық меншік түрлерінің теңдігі; қаржылық резервтерінің болуы. Шаруашылық есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың  қаржылық-шаруашылық қызметтерін  жүргізудің басты әдісі болып есептелінеді. Шаруашылық есептегі кәсіпорындардың жарғылық қорлары кездеріне мемлекет тарапынан тұрақты пайдалануға берілген өз қызметтеріне қажетті қорлар мен айналым қаражаттарынан тұрады. Бұрынғы шаруашылық есеп пен қазіргі кездегі шаруашылық есепті салыстыруға болмайды. Нарық талаптарына сай, осы әдіс қазір басқаша сипат алды:

1) келісім шарттарын қалтықсыз орындау, ал орындалмаған жағдайда экономикалық жазалау шараларын қолдану;

2) бюджет,   банк   алдындағы   міндеттемелерін   бұлжытпай, міндетті түрде орындау;

3) өндірісті ұлғайту, қайта жабдықтау және қайта құруға жұмсалған шығындарды өз ресурстары есебінен өтеу;

4) кәсіпорынға бөлінген барлық табиғи ресурстар үшін ақы төлеу;

5) халықтың    және кәсіпорындардың  өзара    қабілетті сураныстарын толық қанағаттандыру;

6) әлеуметтік даму шаралары мен еңбекақы төлеуді өз қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінде тапқан қаражаттар көлемінде жүзеге асыру.

Ал осы шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдар өз қаржылық-шаруашылық қызметтерін-өздері тапқан қаражаттары және басқа да ақшалай қорлары есебінен атқарады және өз шығындарын өздері өтейді жөне ездерін-өздері қаржыландырады. Өз шығынын өзі өтеу деп, кәсіпорынның өз өнімдерін өткізуден (қызмет көрсетуден, жұмыс орындау) түскен табыстары есебінен өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсалған шығындарының орнын толтыруларын айтамыз. Яғни бұл кәсіпорындар өз шығындарын өздері өтеуге міндетті.

Нарық қатынастарының қалыптасуы кезеңінде тек қоғамдық мәні мықты болашағы бар кәсіпорындарға ғана мемлекет тарапынан қаржыландыру және кредиттеу түрінде көмек көрсетілмек.

Кәсіпорындардың өзін-өзі қаржыландыруы тек өз шығындарын өздері өтеп қана қоймай, тапқан пайдаларын, сондай-ақ басқа да меншігіндегі қаржы ресурстары мен алған қарыздары есебінен ұжымның әлеуметтік мүқтаждықтарына, жұмыс істеп жатқан өндірісті жаңа техникамен жабдықтауға, қайта құру немесе ұлғайтуға, қажетті құрылыстар салуға, еңбек ақы төлеу және әлеуметтік дамуға, ғылымды және техниканы дамыту қорларын құруға және басқа да мұқтаждықтарға жұмсалған шығындардың орнын толтырады. Шаруашылық есептегі қәсіпорындар мен ұйымдарға орталықтандырылған қорлардан қаржы бөлінбейді. Шаруашылық есептің өзіне тән белгілері де болады. Ондай белгілер ретінде: қаржылық дербестілікті, қаржылық мүдделілік пен қаржылық жауапкершілікті атауға болады. Қаржылық дербестілік бар жерде кәсіпорын өз меншігіндегі ақша қаражаттары ресурстары мен ақша қорларына өзі ғана ие болып, өзі пайдаланады және тиімді түрде жұмсайды.

 

Қаржы құқық қатынастары және нормалары. Қаржы құқық қатынастары және нормалары.

 

Қаржы құқығында құқықтың бастапқы элементтері қаржы-құқық нормалары, яғни қаржы қатынастарындағы мемлекет белгілеген және мемлекеттік мәжбүрлеу шаралар арқылы қамтамасыз етілетін қатаң белгіленген тәртіп ережелері пайдаланылады. Сөйтіп, каржы-құқық нормаларының бұйрық сипатына тән. Олар кесімді түрде қойылған талаптардан тұрады да, қалай болса, солай өзгертуге жол қоймайды, қаржы-қатынастарын қатысушылардың қүқықтары мен міндеттерін дәл анықтайды. Қаржы-құқық нормалары міндетгеуші, тыйым салушы, өкілеттік беруші нормаларға бөлінеді, яғни қаржы-қатынастарына қатысушылардың белгілі бір іс-қимыл жасауға қүқықтарын бекітіп береді.

Сөйтіп, базистік қатынастар болып табылатын қаржы-қатынастары қаржы-қүқық нормаларын пайдалану барысының қаржылық құқық қатынастарына айналады. Оған қатысушылар субъективті заң қүқылары мен міндеттері арқылы өзара байланыста болады, ал қатынастары мемлекеттің күшімен сақталады. Қаржы қызметін қүқықтық қатынастардан тыс жүзеге асыру мүмкін емес. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары кепілдік беретін өзара байланысты зандық қүқықтары мен міндеттер болған жағдайда, жоспарлаған кірістердің түсуі, олардың белгіленген мақсаттарға сәйкес бөлініп, пайдаланылуы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдар қаржы қүқығы қатынастары қатысушылары          кәсіпорындар, үйымдар, мекемелер,

азаматтар орындауға міндетті окілеттіктерді иеленеді. Мемлекеттің қаржы қүқығы қатынастарын жүргізетін органдар басқа қаржы қатынастарына қатысушыларға қатысты тек екім ғана жүргізіп қоймай, белгілі бір міндеттерді де өз мойвіндарына алады. Оларға қатысушылардың қүқықтары мен міндеттері мемлекеттің қамқорлығына алынып, күштеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік күштеу әдістері, формалары арқылы шаруашылық жүргізудің нақты нөтижелеріне жеткізетін қаржы қүқығы қатынастарын өзгерту қоғамның қаржы өмірін реттеудің қүқықтық механизмі, ал сан алуан қаржы құқығы нормалары мен актілері оның тұтқалары болып табылады. Сөйтіп, қаржы мен қүқық формалары мен әдістері экономикалық процестерге қаржылық құқықтық ықпал етудің біртұтас механизміне айналады.

Қаржылық    құқықтық    реттеудің    негізгі    әдісі мемлекет тарапынан  өкілеттігі  бар қаржы  қатынастарына қатысушылардың   өктемдігі,   басқа   әдістері        ұсыныстар, келісімдер.

Қаржы міндеттемелерінің орындалуы, негізінен, азаматтар мен лауазымды адамдардың саналы келісімдері арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржы міндеттемелерін орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға күштеу әдістері қолданылады: бюджетке уақтылы төленбеген төлемдер үшін айып пұлдары салынады.

Қаржы-құқық нормаларын бұзғандарға айып салу-жауапкершілік шараларының бірі. Олар ақшалай салынып, нормаларды бұзғандарға қолданылатын тиісті шаралар болып табылады. Айыптар: айыпақы, пұрсатпұлы, қаржыландыруды немесе несие беруді доғару, процесті өсіру, үнемдемегені үшін тарифтерді көтеру т.б.

Екінші жағынан қаржы қатынастарының субъектілеріне өздерінің құқықтарын әкімшілікке, сотқа жүгініп қорғауына мүмкіндік беріледі.

Қаржы қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар белгілі бір қаржылық заң актілерін қабылдайды. Бұлар арқылы олар өздерінің өкілеттері шеңберінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану, олардың шығындарын бақылау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейді және бұл қатынастарға қатысушыларды басқарады.

Қаржы-қүқықтық актілері мемлекеттік басқару органдарының қаржы қызметі мәселелері бойынша алдын ала қарастырылған формада қабылданған және заң сипаты бар шешімдері. Олар қаржы-құқық нормаларын белгілейді, өзгертеді, жояды немесе нақты құқықтық қатынастарының туындауына, доғарылуына, езгеруіне негіз болады. Қаржы-кұқық актілерінің жиынтығы қаржы заңдарын құрайды.

Қаржы қызметінің белгілі бір құқықтық формаларын қолдану реттелетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен, заң ұзақ мерзімге созылған қаржы қатынастарын бейнелейтіндіктен, оны

Парламент бекітеді, қысқа мерзімділерін, мысалы, мемлекеттік бюджет туралы заңды да (республиканың әлеуметтік-экономикалық         өмірі         үшін         маңызды болғандықтан) сол орган бекітеді. Ағымдағы қаржы қызметінде заңдық сипаты жоқ қаржы нормалары жұмыс істейді, оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдары аппаратында мәжілістер өткізу, кәсіпорындардың қаржы қызметтеріне нұсқау беру, жергілікті өкілетті органдардың бюджет комиссияларының мәжілістерін өткізу.

Қаржы-құқық актілері заң негіздеріне қарай нормативтік, жеке, заңдық және заңға қосымша актілер болып бөлінеді.

Біртекті қаржы қатынастарын реттейтін актілер нормативтік, актілер деп аталады. Олар оған қатысушылардың жалпы ережесін құрайды. Яғни құқықтық нормалар ұзақ уақыт жұмыс істейді. Бұл актілер кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің түрлерін белгілейді. Белгіленген төлемдердің төртібін, төлемшілердің тұрпатын жөне басқа шарттарды айқындайды.

Жеке актілер белгілі бір төлеушілер мен қаражат алушыларға қатысты құқықтар нормаларын нақтылайды.

Заң актілері Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар республика

Президентінің жарлықтары.

Қосымша заң актілері — заңға негізделген және оны орындату үшін қабылданған актілер: салалық және жоғары органдардың бұйрықтар, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік бас салық инспекциясының нұсқаулары, жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір іс-қимылдар жөніндегі шешімдері т.б.

Жоспар-қаржы актілері басқаларынан қаржы саласьндағы белгілі бір кезеңдегі нақты міндеттері, яғни қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу жөне пайдалану жоспарлары жөнімен ерекшеленеді. Бұған кәсіпорындар мен ұйымдар бюджеттерінің қаржа жоспарларының барлық түрлері, бюджеттен қаржыландыратын мекемелер шығындарының сметал ары жатады.

Қоғамның саяси және экономикалық емірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметі құқылық реттеуге деген көзқарастарды түбегейлі өзгертуді талап етеді. Негізгі заң актілері осы талаптарға жауап береді. Олар экономикалық реформаны дамытудың жаңа кезеңін ашып, өндірістік қатынастарды түбірінен өзгертуге негіз қалайды.    Бұлар жер туралы, жер реформасы туралы, кәсіпорын туралы бюджет пен салық жүйесі туралы, шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы банкілер мен банкі қызметі туралы сақтандыру, банкроттық, шетелдік инвесторлар, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар. Аталған заңдар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, соның ішінде құқықтық қатынастарды да құқықтық реттеуге негіз болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар нарық экономикасының жаңа үлгісін жасауға, өндірістің тиімділігін арттырудың ұзақ мерзімді де тұрақты да факторларының қаржы қатынастарын дамытуына бағытталған, шаруашылық өмір, экономикалық өзара қатынастар, қаржы қызметі аймақтардың кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық субъектілерінің нақты дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңдармен реттеліп отыруға тиіс.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады.

Олар мына келесідей болып келеді:

1.Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады.

2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады.

3.Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады.

4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді.

5. Экономикалық қатынастардың  бір  түрі болғандықтан базистің құрамына жатады.

6.Бұл қатынастар  әрдайым   қаржылық-құқықтық қатынастар түрінде кездеседі.

Осы аталған экономикалық және-құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын, яғни қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Қысқартып айтсақ, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады:

1.Мемлекетгік - өктем, императивтік әдіс;

2.Қаржылық - шартты, диспозитивтік әдіс. Мемлекет тарапынан,  қаржылық       құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады:

1)  Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық     қызметінің     аясында     туындап,  құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;

2)   қаржылық   құқықтық   қатынастар   мемлекет   пен қоғамның    мүддесін    жүзеге    асырудың    нысаны    болып саналады;

3)  қаржылық  құқтық   қатынастар әрдайым мемлекеттік-өктем сипатта болады;

4)  қаржылық    құқықтық    қатынастардың    тұрақты субъектілеріне   мемлекет   пен   оның   уәкілетті   органдары жатады;

5) қаржылық     құқықтық     қатынастар     әрдайым материалдық сипатта болады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылык құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттергі ие болған тұлғалар болып табылады.

 

Қаржы саласындағы басқару.

 

Қаржыны басқару ғылыми көзқарасты талап етеді; бұл басқару шешімдері қабылданғанда экономикалық зандардың талаптары, экономикалық талдамалардың нетижелері ескеріледі, басқарудың экономикалық жөне әкімшілік әдістері ұтымды ұштастырылады деген сөз. Қаржыны ғылыми басқару және қаржы әдістері мен тұтқаларын іске қосу немесе ескілерінің күшін жою жолымен дер кезінде келеңсіз құбылыстардың алдын алуды көздейді. Бұл үшін дәл  дер кезінде алынған экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, ағымдағы және болашақ қаржы жоспарының жоғары деңгейі талап етіледі.

Қаржыны басқарудың ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау сияқты өзара байланысты элементтері болады.

Қаржы ақпаратының ғылыми негізделген жоспарлау үшін де, барлық қаржы процестерін нормативті басқару барысында шешім қабылдау үшін де зор маңызы бар.

Ақпараттың уақтылы жиналуы әрі дәл болуы оқиғаларды олардың даму барысын, түпкі нәтижесін анықтауға мүмкіндік береді. Қаржы ақпараты жүйесінің буындарындағы бухгалтерлік, статистикалық және жедел есептеулер формасында жүзеге асырылады.

Жоспарлау қаржыны басқару жүйесінде маңызды орын алады. Ол материалдық еңбек және қаржы ресурстарының теңестірілуін, өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өзара байланысып, қаржы жоспарларының кірістер мен шығыстар деңгейінде үйлесуін қамтамасыз етуге тиіс.

Ұйымдастыру басқарудың барлық буындарының үйлесімді, дәл жұмыс істеуін, жұмысының жоғары нәтижелігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу — жоспарлы міндеттерді орындау үшін қаржы ресурстарын икемді жұмсау ол түпкі нәтижеден ауытқулардың түр-түрінің алдын алуға бағытталған. Оның өзі резерв қорларының жоспардан тыс қаржы ресурстарының пайдаланылмаған қаржылардың есебінен қызметтің барлық түрлерінде пропорция мен үйлесімдікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Қаржы жоспарларының орындалуы шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде ақшалай қорларды қалыптастыру мен пайдалану процесінде жоспарлау сатысында да, оперативтік басқару сатысында да қадағаланып отырылады.Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының Конституциясы арқылы мемлекеттік биліктің ең жоғары органы —Парламентке жүктелген. Оған мыналар жатады:

республикалық бюджет пен оның атқарылуы жөніндегі есепті бекіту, оның орындалуын қадағалау, бюджетке өзгерістер енгізу;

республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыруға түсетін салықтарды, алымдарды және кірістерді белгілеу;

арнайы ақшалай қорлар құрып, олардың пайдалануын қадағалау;

-  заемдер беру;

-  Республика үкіметі - Министрлер кабинеті; Республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуының болжамдарын, бағдарламалары мен жоспарларын, оларды тиісінше-   Республикалық бюджеттің жобасын жасайды, оның атқарылуы туралы есепті қарайды;қаржы ресурстарының барлық түрлерін жұмылдырып, пайдалану есебінен республика аумағында кешенді экономикалық әлеуметтік және мәдени дамуды қамтамасыз етеді;

Тиісті органдар (министрліктер, концерндер және т.б.) арқылы кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелердің қаржы қызметін үйлестіріп және қадағалап отырады.

Қаржы жүйесінің буынына қаржыны басқарудың өз ақпараты сай келеді.

Жалпы мемлекеттік қаржыны қаржы министрлігі басқарады; мақсаты қаржыландыру қорларды  өздерінің аппараты (қор басқамалары) немесе тиісті министрліктер, ведомстволар басқарады.

Қаржы министрлігі қаржыны жедел басқаруды, қаржыны жоспарлау мен халық шаруашылығын қаржыландыру саласындағы басшылықты жүзеге асырады; материалдық және ақшалай резевтерді анықтау, үнем тәртібін қамтамасыз ету және шаруашылық есепті жетілдіру мақсатымен халық шаруашылығы салаларының экономикасы мен қаржысын зерттейді. Қаржы министрлігі қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, халық шаруашылығында жинақтарды және ұлттық табысты өсіру мақсатында қаржыны ұтымды пайдалану негізінде мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.

Сонымен қатар қаржы министрлігі:

-  қаржы зандарының жобаларын жасайды; мемлекеттің кәсіпорындарымен,  ұйымдарымен қаржы қатынастарының формаларын жетілдіреді;

-   мемлекеттік  бюджеттің  кірістері  мен  шығыстарын жоспарлайды,   мемлекеттің   қаржы   ресурстарын   жоспарлы түрде бөледі;

-   қаржы жұмыстарын  молайту,  қажетті  мемлекеттік резервтер жасау жөнінде шаралар қарастырады;

-  мемлекеттік қаржы тәртібінің сақталуын қадағалап, барлық шаруашылық органдардың мемлекет алдында қаржы міндеттемелерін орындауын бақылайды.

Қаржының негізгі буыны мемлекеттік бюджет болғандықтан, Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттің жобасын жасау жөніндегі жұмысының, оның орындалуына кассалық атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуінің зор маңызы бар.

Қаржы министрлігінің орталық аппаратында тиісті міндеттері мен қызметтері қарастырылған мынадай бірқатар арнайы басқармалар мен бөлімдері болады:

-бас бюджет басқармасы;

-бухгалтерлік есеп беру методологиясы, ұйымдастыру және бақылау бас басқармасы;

-бас салық инспекциясы;

-бас кеден басқармасы;

-салықтар мен кірістерді болжау басқармасы;

-әлеуметтік дамуды қаржыландыру басқармасы;

-халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру басқармасы;

-агроөнеркәсіп кешені мен табиғатты қорғау шараларын қаржыландыру басқармасы;

-өнеркәсіптің негізгі салаларының қаржы басқармасы;

-жергілікті шаруашылық салалары мен қызмет салалары қаржы басқармасы;

-мемлекеттік аппараты қаржыландыру басқармасы;

-қорғанысты, қауіпсіздікті және тәртіп сақтауды қаржыландыру басқармасы;

-салық саясаты басқармасы;

-мемлекеттік құнды қағаздар мен қаржы нарқы басқармасы;

-сыртқы экономикалық қызмет басқармасы;

-кадрлар және қаржы жүйесі органдарын қаржымен қамтамасыз ету басқармасы;

-заң қызметі басқармасы;

-оперативтік талдау басқармасы;

-күрделі қаржы мен қаржы, салық және кеден органдарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету басқармасы;

-ақпарат басқармасы.

Бас бюджет басқармасы мемлекеттік бюджетті әзірлеуді ұйымдастырып, формалары мен өдістерін жетілдіреді, республикалық бюджетті кұрап, орындайды. Бұл басқарма министрлік аппаратында негізгі орын алады, өйткені басқа басқармалар мен бөлімдер қызметінде бюджетті жоспарлауға және орындауға қатысты жұмыстар басым түсіп отырады. Бас салық инспекциясының басты міндеттері мыналар болып табылады:

-салықтар мен басқа да бюджетке түсетін міндетті төлемдер туралы республика заңдарының, бағалар мен тарифтер тәртібінің орындалуына бақылау жасау;

-салықтар мен бюджетке түсетін басқа да төлемдер мәселелері жөніндегі Қазақстан Респуликасы заңдары мен басқа да нормативтік актілерінің жобасын жасау;

-көрсетілген актілердің Қазақстан Республикасында нарықтық экономика мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тиімділігі мен ықпалын жүйелі түрде зерттеп отыру.

Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мен салық салу жөніндегі әкімшілік-аумақтық құрылымдар басқармасы шешімдерінің жобаларына эксперттік бағалауды жүргізу.

Бас кеден басқармасы мен оған бағынышты кеден мекемелері кеден операцияларын жүргізу кезінде Қазақстанның экономикалық мүдделерін қорғайды, кедендік бақылауды жетілдіріп отырады кеден ісі туралы занды сақтап отыруды, тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекара арқылы ауыстырылуы кезінде тариф механизмін тиімді пайдалануды, кеден бажы мен алымдарды бюджетке аударуды қамтамасыз етеді.

Кеден органдары республиканың сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға ықпал етеді, шекара арқылы тауарлар айналымы мен жолаушы айналымын тездетуге жағдайлар жасайды, контрабанда мен басқа да кеден ережесін бұзушылыққа жол бермейді, мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарын, ұйымдарды, азаматтарды кеден ісі мәселелері бойынша хабардар етіп отырады. Шетелдік мемлекеттердің кедендік және басқа да білікті органдармен, кеден мәселелерімен шұғылданатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Салықтар мен кірістерді болжау басқармасы мемлекеттік бюджетке салықтар мен табыстардың түсуін (бір жылға) болжайды, бұл түсімдерді бюджетке төлемдер түсуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді, төлемдердің бюджетке түсуін қадағалайды.

Әлеуметтік даму мен халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру басқармалары белгіленген шығындардың түрлерін бюджеттен қаржыландырып, олардың тиімді пайдалануын қадағалайды. Бірнеше басқарма халық шаруашылығы салаларын • өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешенін, құрлышысы, жергілікті шаруашылық қызметі саласын қаржыландырады.

Министрліктің өзге басқармалары мен бөлімдері тиісті өзіндік міндеттер атқарады.

Қаржы министрлігі жүйесінде жергілікті қаржы мен салық органдарының аппараты кептеп саналады, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы басқамалары мен бөлімдері, сондай-ақ тиісті салық инспекцияларын қамтиды.

Қаржы органдары, қаржыны жедел басқару жөніндегі жұмысты жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттерді болжау, жоспарлау, жасау және орындаумен шұғылданады, халық шаруашылығының барлық буындары мен әлеуметтік-мәдени салада ішкі шаруашылық резевтерді анықтап, ресурстарды үнемдеу жолдарын іздестіреді, шаруашылық органдарының қаржы қызметін қадағалап, қаржыландырады.

Қалалық қаржы басқармасының құрылымы:

-  басшылық (меңгеруші, оның орынбасарлары);

-  кадрлар бөлімі;

-  бюджет бөлімі;

-  мемлекеттік кірістерді талдау мен жобалау бөлімі;

-  сауда мен қызмет саласы қаржы бөлімі;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қаржы бөлімі;

-  орталықтандырылған бухгалтерия;

-  әкімшілік-шаруашылық бөлім.

Аудандық қаржы бөлімдерінде тиісінше табыстар түсімін болжау және экономикалық талдау, бюджет, халық шаруашылығын қаржыландыру, бухгалтерлік, басқару аппаратын қаржыландыру бөлімдері болады. Бөлімшелердің орнына инспекция, топтар немесе жеке мамандар — аға экономистер, инспекторлар, бухгалтер болуы мүмкін.

Аудандық (қалалық) қаржы бөлімінің меңгерушісінің тікелей қарамағында оның орынбасары және бас (аға) ревизор-тексеруші мен ревизор-тексерушілер болады.

Облыстық, қалалық, қаржы басқармалары мен аудандық қаржы бөлімдерінің табыстар түсімін болжау және экономикалық таңдау бөлімдері мынадай жұмыс жүргізеді.

1.    Мемлекеттік    бюджетке    түсетін    салықтар    мен табыстардың жылдық түсімін болжайды және осы түсімдерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

2.   Ведомствоның  аумағындағы  халық шаруашылығы бойынша салық пен басқа да төлемдердің, халықтың салық төлемдсрінің бюджетке түсуіне бақылау жасайды;

3.   Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы жөнінде есеп жасайды;

4.     Бюджет    міндеттемелерінің    орындалу    барысына талдау    жасайды,    бюджетке    түсетін    кірістердің    түспей қалуына жол бермейтін жедел шаралар қабылдап, бюджеттің ресурстарын көбейту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

5. Бюджеттің жобасын қарау үшін қажетті материалдар мен мемлекеттік кірістер бөлігіндегі есепті әзірлейді.

Халық шаруашылығын қаржыландыру бөлімі бекітілген бюджетке сәйкес және өндірістік, қаржы жоспарлары мен көрсеткіштерінің орындалуына қарай кәсіпорындарының, ұйымдардың, мекемелердің бюджетінен қаржыландыруды жүзеге асырып, бюджет қаражаттарының үнемді, әрі орынды жұмсалуына алдын ала, ағымдық және кейін бақылауды жүргізеді.

Қаржы бөлімдеріндегі бухгалтерияның негізгі міндеті бухгалтерлік есеп пен бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті ұйымдастыру. Оның міндетіне аудандық бюджеттің орындалуы жөнінде ағымдағы және жылдық есепті құрау, жоспарланған шараларды қаржыландыру барысында қаржының дұрыс бөлінуі мен бюджеттегі мекемелердің шығындар сметасының сақталуына бақылау жасау, бухгалтерлік есеп бойынша жұмыстарды орталықтандыру және механикаландыруды қамтамасыз ету кіреді.

Мемлекеттің қаржы тәртібінің сақталуына бақылау жасау жергілікті қаржы органдарының міндетіне кіреді. Осы мақсатпен кәсіпорындар мен мекемелер жасаған жоспарлар мен сметалардың орындылығын және дүрыс-бұрысын тексереді, жергілікті әкімшіліктер мен өкілдік орындардың бухгалтерлік есептерін қарайды.

Қаржы    жүйесінің    аппараты    өз    қызметін    заңға республика         үкіметінің        жарлықтарына,         жергілікті әкімшіліктер     мен     кеңестердің     шешімдеріне,      қаржы  министрлігі    бұйрықтары    мен    нұсқауларына    сәйкес жүргізеді.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын өздерінің қаржы бөлімдері немесе топтары басқарады.

Министрліктері   мен   басқа  да  жоғары қаржы     басқармалары     жиынтық     қаржы шығыстар  мен  кірістердің жиынтық  қаржы шығыстар      мен      кірістердің      жиынтық орындалуын       бақылап,       ведомстволық    кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіріп отырады.

Министрліктері мен басқа да жоғары органдардың қаржы басқармалары жиынтық қаржы жоспарының шығыстар мен кірістердің жиынтық балансының орындалуын бақылап, ведомстволық бағыныштағы кәспорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіріп отырады.

 

Салалар, бірлестіктер, кәсіпорындар каржыларын басқарудың ұйымдық құрылымы.

 

Қаржы басқармасының бастығы

 

Қаржы

 

Жедел

 

 

 

Күрделі

жоспарын

 

қаржы

 

Несие

 

жұмысты

жасау мен

 

Жұмыс

 

тобы

 

қаржылан

атқару

 

тобы

 

 

 

дыру

 

Қаржы бөлімдері немесе

кәсіпорындардың қаржы-бухгалтерлік,

қаржы-өткізу бөлімдерінің қаржысы

 

Қаржы бөлімдері (қызметтер) ағымдағы қаржылық жоспарлаудың несие және басқа операциялардың жаңа формаларын (акциялар т.б.) пайдалана отырып кәсіпорынның қаржы ресурстарын икемді жұмсауды жүзеге асырады.

Қаржы бөлімінің құрамы әдетте жоспарлау-талдау, оперативті қаржы жұмысы, есептеу, шағым, кассалық қаржы өткізу бөлімдерін қамтиды. Қаржы өткізу бөлімдері: олармандармен есеп айырысу, кассалық топтар сияқты топтарға бөлінеді.

Қаржы бөлімдері жоқ кәсіпорындарда қаржы жоспарлау және қаржы нормативтерін есептеу міндеті жоспарлау — экономика бөліміне жүктеледі, ал оперативті қаржы жұмысын есептеулер мен кассалық жоспарлаудың барлық түрлерін бухгалтерия атқарады.

Кәсіпорындардың қаржы қызметтерінің маңызды міндеттері мыналар болып табылады: пайданы немесе табысты көбейту жолдарын іздестіру жөне рентабельді арттыру; өндіріс, күрделі жұмсалым, жаңа техниканы енгізу және басқа жоспарлы шығындар тапсырмаларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; мемлекеттік бюджет, банкілер, жоғарғы органдар, тауар жеткізушілер алдындағы міндеттемелерін орындау; есеп айырысуларды ұйымдастыру; өндірістік қорлар мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға көмектесу;

 

Банк жүйесін ұйымдастырудың құқықтық ретелуі.

 

Банкілік несие шарты.

 

Банкілік несие шарты үғымы.  Кредит шарты бойынша несие шарты қарыз беруші ссуда беруші кредитор банк борышқорға ақша қаржыларын шұғыл негізде ақылы қайтарым негізінде береді. Банкілік несие шартына қарыз шартына қатысты ережелер қолданылады. Несие шартының түсінігінің езі және құқықтық табиғаты бірнеше рет туғызды. Кейбір авторлар несие шартын қарыз шартының бір түрі ретінде қарайды. Басқалар несие шартын дербес шарт ретінде санайды. Банк несие шартын дербес шарт деп қарайтын авторлар өз көзқарастарын ең алдымен банктің ерекше — шаруашылық субъектісі және мемлекеттік басқару органы ролімен түсіндіреді.      Мемлекеттік монополдік шаруашылық кезінде негізінен бюджетке қарайтын кредит ресурстары мемлекеттік банк арқылы мемлекеттік кәсіпорындар арасында бөлінетін кезде кредит-несие шарты қарыз шартымен алшақ шарттар деген пікір шындыққа жанасатын. Қазіргі танда екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік басқару органдарына жатпайды, сондықтан да несие шарты мен қарыз шартының дербестігі және айырмашылығы туралы пікірлердің негізі жоқ. Елдің экономикасында маңызды өзгерістер болды шаруашылықтың нарықтық сипаты қалыптасуда. Осыған орай қарыз құқық қатынастарына қатысты өсіресе банк саласындағы несие шартына қатысты материалдық қатынастар да өзгерді. Бұл проблемаға қатысты заңдық қатынаста өзгерді.

Банкілік несие шарты ерекшеліктері.Қ.Р. Азаматтық заңы негізінің 133-бабына сай қарыз шарты мен несие шарты синонимдер ретінде қарастырылып несие шарты қарыз шартының бір түрі болып саналады.Қарыз   шартының бір  түрі   ретінде банк  несие   шарты мынадай ерекшеліктерге ие

1. қарыз беруші ретінде банк роль атқарады;

2. шарттың негізгі ретінде келешекте берілуі мүмкін ақша жатады.

Бұл жағдайда шарт алдын-ала шарт мазмұнына ие болып, шарт жасалған сәттен бастап күшіне енеді. Қ.Р. Азаматтық кодекстың 393-бабына 1-пунктіне сәйкес егер бұл шартпен басқадай нәрселер қарастырылмаса.

3. Шарт жазбаша формада жасалуға тиіс.  Бұл яғни мәмлелердің қарапайым жазба түрде жасалуы туралы талап.  Қ.Р. Азаматтық кодексінің 152-бабының 1-пунктінің 1-бөлігінен туындайды. Қарапайым жазбаша мәмлелердің жасалуы сақталмаған жағдайда салдары Қ.Р. Азаматтық кодекстің 153-бабының мазмұнында көрсетілген, яғни мәмле жасаудың қарапайым жазбаша түрін сақтамаған тараптар, дау туындаған жағдайда шартың жасалғаның іске асқаның немесе орындалғаның куәлер арқылы дәлелдей алмайды.

4.Мемлекеттік банктер арқылы несие берілген жағдайда немесе мемлекеттік ақша қорлары арқылы қарыз берілген жағдайда қарыз берудің тәртібі және шартары, кредитті пайдаланғаны үшін процент ставкасымен қоса мемлекеттік органдардың актілерімен және зандармен реттеледі. Бұл жағдайда ссуда беру ссуда берушінің міндеті болып табылады, да олардың жасасқан шарты олардың міндетгі қағидаларына сай келуге тиіс.

Ссуда операцияларын лицензиялау.

Қ.Р. Банктері және Банк қызметі туралы заңға сәйкес тағы бір ерекшелігі, ссудалық операцияларды лицензиялау болып табылады, немесе қарыз беретін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға осы саладағы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын өкілетті органның Қ.Р. Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз тиынды білдіреді. Әдетте берілген кредиттерді қарыздың негізгі суммасында қайтару ерекше жағдайлар күрделік туғызбайды және даусыз болып табылады. Бұл категориядағы істердің даулары есептелген проценттер суммаларымен байланысты болып келеді, сондай-ақ борышкердың өз міндеттемелерін дұрыс орындауынан туындаған кредит шартымен байланысты залалдардың орнын толтыруға да тығыз байланысты болады.

 

Банк есеп шарты.

 

Банк есеп шарты түсінігі.Банктен есеп ашушы тұлға мен банк арасьшдағы қатынас заңмен және банк есеп шартымен реттеледі. Қ.Р. Азаматтық кодекстің 747-бабына сәйкес банк есеп шарты бойынша бір тарап (банк) екінші бір тараптың (клиенттің) пайдасына түскен қаржыны қабылдауға клиенттің өзіне немесе үшінші бір түлғаға белгілі бір сумманы аудару еніндегі жарлығын орындауға міндеттенеді. Банк арқылы клиентке   немесе   оның   көрсеткен   түлғасына   клиенттің акшасын есепке алу мақсатында идентификациялық жеке код  беріледі,  ол жөнінде  банк есеп шартында айтылады. Жеке   идентификациялық   кодты   банк   салымы   бойынша ауыстыру,  иеленудің банк есеп шартынан айырмасы банк есеп  шартында жеке идентификациялық  кодты  ауыстыру, иемдену тәртібі Қ.Р. заңдарымен анықталады. Банктер банк есеп    шартын    бір   немесе   бірнеше    банктермен   жасауга қүқылы    және    занды    тұлғалар    мен    азаматтар    қызмет көрсететін банктерді өз қалауынша тандай алады. Банк есеп шарты мерзімсіз және жазбаша нысанда жасалып ал оның сақталмауы шарттың заңсыздығына алып келеді.

Банк есеп шарты бойынша банк мынадай  операцияларды орындауға міндетті: клиент талабына орай ақшамен қамтамасыз етуге, (ақша   қабылдауға)   клиенттің   пайдасына   түскен   ақшаны кабылдауға,    үшінші   тұлғаның   пайдасына   ақша    аудару жөніндегі   жарлықты   орындауға,   клиенттің   ақшасын   алу жөніндегі   үшінші   тұлганың   талабын,    егер    бүл   шартта көрсетілсе орындауға, қолма-қол ақшаларды клиенттен банк есеп  шартында  белгіленген төртіппен  қабылдап  алу жөне беру, клиентке банк қызметін жүзеге асыруды атқарады. Банк есеп шарты жасалу ерекшеліктері. Қазақстан  Ұлттық Банкі  Басқармасы қаулысы жене банк пен шот иесінің арасындағы банк есеп шарты негізінде жүргізіледі.   Инструкция   бойынша,   банк   есеп   шартында міндетті  түрде,   тараптардың  реквизиттері,   шарттың  пөні, жеке идентификациялық код, яки шот иесіне банк арқылы берілген   код,   салық-толеуші   шот   иесінің  тіркеу   нөмері, банктің қызмет көрсету шарты және толем тәртібі. Банк есеп шартында   тараптардың   келісіміндегі    басқа   да   шарттар қарастырылуы мүмкін. Шартта шоттың түрі мен шот иесінің құқық субъектілігіне сай, қосымша талаптардың болуы да мүмкін.

Банк есеп шартын жасау үшін банкке алдын ала құжат тапсьірылады. Шет елдік дипломатиялық жөне консулдық өкілдіктер, қолтаңба үлгісі бар және мердің ізі бар құжат, оның аккредитацияланғанын растайтын Қазақстан сыртқы істер министрлігі куаландырған белгіленген нысандағы құжаттардың кошірмесін тапсырады. Инструкция бойынша банк шотын жабу шарттың өрекетін тоқтатқан жағдайда, соңдай-ақ шот иесінің отініші негізінде жүргізіледі. Инструкцияда сондай-ақ банк пен шот иесінің арасындағы банк шоты шартының орындалуы турасындағы жалпы төртібі қарастырылған. Қ.Р. Азаматтық кодексінің бабына сәйкес екі тарап банк пен клиент банктік қызмет ету шартын жасасуға құқылы. Ол бойынша банк клиенттің тапсыруымен банк қызметін көрсетуге, ал клиент бұл қызметке ақы төлеугt

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-22 17:49:48     Қаралды-21708

БОЛАТ САРЫБАЕВ

...

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985 жж.) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңгарған Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР СУ АСТЫНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

...

Судың астында жұмыс жетерлік!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН ЕТ

...

Мәнті әр түрлі фарштан дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

...

Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАБУ ҚАРУЛАРЫ

...

Қазақтардың шабу қаруы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі - жүзінің жалпақтығы орташа келген «жауынгерлік балта». Екінші түрі - жүзі жалпақ, жарты ай сияқты дөңгелене келген «айбалта».

ТОЛЫҒЫРАҚ »