UF

Тақырыбы: Экологияға кіріспе

 

1. Экология ғылымына кіріспе

2. Экология бөлімдері

3. Экологиялық мониторинг.

 

Экология   ғылымына   кіріспе.

 

Экология  (грек  тілінен  аударғанда  oikos  -  үй,  тұратын  жер  logos – ғылым деген мағынаны білдіреді.) - әр түрлі деңгейдегі (популяциялар,   биоценоздар, бірлестіктер) биогеоценоздар (экожүйе) және биосфера    ағзаүстілік жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметін зерттейтін  биологиялық  ғылым.

Экологияны ағзалардың бір - бірімен және қоршаған ортасымен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым ретінде де анықтайды.

«Экология» ұғымын 1866 ж. ғылымға енгізген Э. Геккель болды. Ол бұл ұғымды ағзаның ортамен өзара қарым - қатысына байланысты мәселелермен айналысатын биологияның бөлімінің атауы ретінде ұсынған.

«Экология» ұғымы бүгін әр түрлі табиғи және әлеуметтік обьектілерді талдылауда қолданылып жүр. Өсімдіктер мен жануарлар, адам мен қоғам экологиясы, қала мен мәдениет экологиясы туралы айтуға болпды.    Қазіргі кездегі экологиялық зерттеулерге өсімдіктер мен жануарлардың        жекеленген түрлерінің  жойылу  себептері  мен  салдары,  табиғи  ортаның  ластануы, адамдардың өмір сүру жағдайларының  сапасының  нашарлауы  және  т.б.  жатады.

Бірақ «Экология» ұғымы бірден мұндай көп мағынаға ие болған жоқ. Алғашқыда ол тірі ағзалардың бір-бірімен және оларды қоршаған бейорганикалық табиғаттың өзара әсерін зерттейтін бағыттың атауы ретінде қалыптасуы экологияның пайда болуы XIX ғасырдың екінші жартысында, алуан түрлі тірі қоршаған ресурстарын қолданады. Сонымен қатар, табиғатқа оған тән емес қалдықтар - пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.

Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуының, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен көптүрлілігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы қазір адамзаттың алдына дамудың жаңа жолын таңдау мәселесін қойып отыр.

1992   жылы    Біріккен   Ұлттар   Ұйымы   (БҰҰ)   қоршаған   орта   мен   даму туралы конференция өткізді. Бұл конференцияда 179 мемлекеттің   өкілдері   XX ғасырдағы  күн  тәртібіне  -  дүниежүзілік  жұмыс  жоспарын белгілеуді  қойды.

Конференцияда адамзаттың тұрақты даму жолына көшуінің қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Кең мағынада тұрақты даму стратегиясы адам мен қоғам және табиғат арасында үйлесімді қатынастарға қол жеткізуге бағытталған.

Дүние жүзіндегі халық санының артуы және өндірістің кеңеюі экожүйелерге жасалатын қысымды күшейтті

Негізгі міндет - шексіз көп пайдалануды кеміту. Әрбір адам пайдаланылған энергия, тауар, қалдықтардың жиналуындағы өзінің жауапкершілігін түсінуі қажет.

Даму  және  қоршаған  ортаны  қорғау мәселелерін  түсіндірудің  негізі  базалық, экологиялық  білім  болып  табылады.

Адамзат қауіпсіз экологиялық дамуды жүзеге асыру қажеттілігінің алдында тұр. Бұл үшін қоршаған орта туралы жаңа білімдер, жаңа ережелер қажет. Экологиялық білімдер болмыстың белгісіз жақтарын түсіндіріп қана қоймай, адам қызметіне қатысты функцияларды орындауы қажет.

 

Экологияның   бөлімдері.

Популяциялқ экологияның міндеті популяциялардың құрылымы мен санының динамикасының, сонымен қатар, әр түрлердің     популяциялары-ның арасындағы өзара әсерлердің (бәсекелестік, жыртқыштық) жалпы   заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Бірлестіктер экологиясы бірлестіктердің (биоценоздардың) ұйымдасу заңдылықтарын, құрылымын және қоректену тізбегінде заттардың  биотикалық  зат айналымы мен энергияның трансформациясы ретінде  көрінетін  қызметін  зерттейді.

Экожүйелер мен биоценоздарды зерттеумен жалпы экология да шұғылданады.  Бірақ,  кейде  биоценологияны  жеке  ғылым  ретінде  де  қарастырады.

Жеке зкология қандай да бір таксономиялық топқа жататын (мысалы, сүтқоректілердің экологиясы, ор - қоянның экологиясы) ағзалардың қоршаған ортамен өзара қатынастарының бүкіл жиынтығын зерттеиді Кеиде жеке экологияны қандай да бір нақты бірлестік немесе экожүйені зерттеу ретінде түсінеді (мысалы, ауыл шаруашылық экожүйелерінің экологиясы - агоэкология, өсімдіктер бірлестігінің экологиясы -фитоценология).

Су ағзалары мен экожүйелерінің экологиясын зерттейтін гидробиология да экологияның бір бөлігі болып табылады.  

Экологияны, сонымен қатар ортаның әр түрлі факторларының жекеленген түрлерге әсерін зерттейтін аутэкологияға және ағзалардың, олардың жиынтығының өзара әсерін зерттейтін синэкологияға да бөледі.

 

Экологиялық   мониторинг

Monitor латын тілшен аударғанда - еске салушы, алдын - ала ескерту деген мағынаны береді. Биосфера немесе оның жеке бөліктерінің, элеметтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың комплексті жүйесі, Мониторингте биосфераның жағдайы геофизикалық физико - географиялық, геохимиялық және биологиялық көрсеткііптері бойыніпа сипатталады. Мысалы, биологиялық мониторинг қоршаған ортаның функционалдық (уақыт бірлігіндегі биомасса өсімі, өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлі заттарды сіңіру жылдамдығы бойынша) және құрылымдың (түрлердің саны мен құрамы, жалпы биомасса және т.б.) биологиялық белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін.    

Мониторингте биологиялық қорықтардың ғаламдың жүйесінің маңызы   зор. Мониторинг қызметінде дистанционды және автоматтың бақылау   әдістерінің рөлі артып келеді (өте алыс, қиын жететін жерлерден   мәліметтер радио, спутник және т.б. арқылы беріледі). Мониторинг жүйесі    ақпараттық болып табылады, оның  міндетіне   қоршаған  табиғи  ортаның  сапасын  басқару  кірмейді

Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігінің жүйесінде жаңа бөлімі - Экологиялық мониторинг басқармасы ашылды. Бұл бөлім қоршаған ортаның мониторингін мемлекеттік басқару жұмыстарын жүргізеді. Бұрын бұл жұмысты   Казгидромет, минсельхоз, денсаулық министрлігі, өндіріс орындары,   ғылыми – зерттеу институттары жүргізіп келген, ал  тікелей  экологиялық  мекемелердің міндеті емес еді. Олар әр түрлі әдістермен әдетте ескі   құрал - жабдықтармен жүргізіліп келді. Оны құрудағы мақсат – орындаушы органдар мен халықты объективті экологиялық информациямен қамтамасыз ету. Біртұтас қоршаған орта объектілерінің жағдайының    біртұтас мемлекеттік мониторингін жасау қажет.

Бұл жұмыстың бірінші кезеңінде орындалатын жұмыстар - табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастрын жүргізу жүйесін, қоріпаған ортаның ластау көздері мен бөліктерін, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдыңтац-^ мемлекеттік кадастрын жүргізу.

Біздің республикамыздың пайдалы қазбаларының Мемлекеттік   кадастрлары жасала бастады.

Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтарды көму және шайынды суларды жіберудің мемлекеттік кадастрларын жасау бекітілген.

Экологиялық мониторинг жүргізу үшін төмендегі кадастрлар тізімі жасалған:

  1. Атмосфераны  ластаушы  көздердің  кадастры.
  2. Суды  ластаушы  көздерінің  кадастры.
  3. Шайынды  суларды  (құю)  жіберу  кадастры.
  4. Техногенді ластанған учаскелердің кадастры (өндіріс типіне және ластайушы заттардың  түрлеріне  байланысты).
  5. Техногенді қалдықтардың  кадастры.
  6. Радиоактивті  қалдықтардың  кадастры.
  7. Жоғары  улы  қалдықтардың  кадастры.
  8. Зиянды  заттарды  көму  кадастры.
  9. Тұрмыстың  қалдықтардың  кадастры.
  10. Зиянды  элементтер  концентрациясы  жоғары  табиғи   геохимиялық  аномалиялар кадастры.
  11. Табиғи  раджоактивті  аномалиялар  кадастры.
  12. Экологиялық  қауіпті  қызмет  түрлерінің  тізімі.
  13. Потенциалды  қауіпті  химиялық  заттардың  кадастры.
  14. Республиканың  әкімшілік  облыстары  бойынша  жиынтың  мемлекетті  кадастры.
  15. Қазақстан Республикасының біртұтас жиынтық мемлекетті кадастры.

Қазіргі кезде Қазақстанда мониторинг жүргізуде ерекше көңіл аударылатын мәселелер:

  1. Мұнай  өндіру қызметінің нәтижесінде мұнаймен ластану.
  2. Магистралды су жүйелерінің - Ертіс, Сырдария, Нұра, Оралдың    суының ластануы.
  3. Ірі өндіріс орталықтарында - Алматы, Лениногорск, Өскеменде     ауаның ластануы.
    1. Радиоактивті  газ  -  радон  көп  бөлінетін  территориялар.
    2. Семей аймағы мен басқа да жарылыстар жүргізілген жерлердегі радионуклидтермен  ластанған  территориялар.
    3. Қазақстанның оңтүстігіндегі Жер астарының радионуклидтермен     табиғи ластануы.
    4. Қазақстанның оңтүстік, батыс және солтүстік бөлігіндегі    ауылшаруашылық жерлерінің  пестицидтермен  ластануы.
    5. Солтүстік және Орталық Қазақстанның, әсіресе, Ақмола облысының   табиғи геохимиялық  ластануы.
    6. Оңтүстік  Қазақстандағы  шөлдену  мен  жерлердің  деградациясы.
  1. Аурулар  картасын  жасау  мен  құрастыру.

Нәтижесінде әр облыстың экологиялық атласын жасау қажет. Локальды         мониторинг әдетте қандай қандай-да бір интенсивті антропогенді қысымға ұшыраған жекеленген обектілерге қатысты болады. Оларға ормандар, су тау және т.б. жатады.

Пайдаланатын әдістері бойынша – космостың авияциялық, жер беті мониторингі, ал зерттеу әдістері бойынша - химиялық, физикалық,  биологиялық және басқалар болып бөлінеді.

Аймактың мониторинг көршілес табиғат жағдайларынан ерекшеленетін үлкен кеңістікті алып жатқан аудандар (мысалы табиғат белдеулері, ландшафтық комплекстер, қала  мақындағы  рекреакциялық  территориялар  және  т.б.)

Ғаламдың (биосфералық) мониторинг биосфера туралы немесе жекеленген биосфералық процестер туралы (климаттың өзгеруі, атмосфераның химизмінің өзгеруі, озон қабатын бақылау және т.б.) мәліметтер алуды мақсат етіп қояды.

Ғаламдың мониторинг үшін космостық бақылаулар кеңінен қолданылады. Олар әдетте жер бетінде жүргізілетін зерттеулермен (мысалы, биосфералық қорықтарда) толықтырылады. Космостың мониторинг көмегімен мұхит пен басқада су обьектілерінің ластану үлесі мен дэрежесі туралы қорытынды жасауға болады. Мұндай зерттеулер жеке апаттың құбылыстарды анықтау үшн қар  көшкіні, өрттер және т.б)  қолайлы  болып  табылады.

Авиациялық       бақылаулар       негізінен       аймақтың       немесе       локальды құбылыстарды бақылауға бағытталған. Әдетте жекеленген объектілер, мысальі орман бақыланады. Аталған бақылаулар периодты түрде оның динамикасын есепке ала жүргізіледі Негізінен авиациялық мониторинг орман шаруашылығында кеңінен қолданьілады. Ормандардың инвентаризациясы мақсатына байланысты белгілі бір периодтылықпен жүргізіледі Егер орман ресурстарын есепке алу қажет болса 3-5 жыл сайын, ал зиянкестермен, өрттермен немесе өндірістік қалдықтармен ластануын есепке алу қажет болса, жиірек жүргізіледі

Жер бетіндөгі мониторинг негізінен екі мақсатта жүргізіледі, Біріншідей космостық немесе авиациялық аппараттардан алынған мәліметтерді нақтылау үшін, екіншіден, басңа әдістермен орындауға болмайтын бақылаулар үшін, мысалы, жер бетіне жақын қабаттағы ауа мен топырақтың, өсімдіктер немесе судың  химиялық  және  физикалық  сипаттамаларын  анықтауда  қолданылады.

Жер бетіндегі мониторингте  биологиялық  бақылау  әдістері пайдаланылады.

Биоиндикаторлар ретінде қыналар қолданылатын әдісті лихеноиндикация деп атайды. Қыналардың әр түрлі ластаушы заттарға сезімталдығы, олардың қоршаган ортадағы заттарды бүкіл денесімен    сіңіруіне байланысты болады. Сондыңтан,   аталған   себепке   және   зат   алмасуының   баяу   жүруіне   байланысты қыналар  улы  заттарды  жинай  отырып, тез уланып, тіршілігін жояды.

Қарапайым түрде лихеноиндикация ортаның (ауа) жалпы ластану дәрежесін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, қыналардың жекеленген түрлері белгілі бір ластаушы  заттардың  болуының  көрсеткіші  болады.

Қыналардан басңа да өсімдіктер индикатор ретінде қолданылады. Сезімтал индикаторға қылқанжапырақты ағаштар жатады (қарағай, шырша, самырсын). Қоршаган ортаның жагдайы туралы өсімдік жабынының флористикалық құрылымының сараптамасы нәтижесі бойынша да қорытынды жасауға болады. Қандай да бір түрлердің даралар санының артуы немесе кемуіне қарап қоршаған ортаның жағдайын білуге болады.

Биологиялық бақылауларда тірі ағзалардың концентрациялық функциясы яғни жекеленген ластаушы заттарды жинақтауға қабілеттілігі де қолданыладьь Мүндай материалды сараптау, кейде аз мөлшерде болатын кейбір заттарды басңа әдістермен анықтау мүмкін емес жағдайда анықтауға мүмкіндік береді

Табиғи жағдайда индикатор - өсімдіктерді бақылаумен қатар, оларды қалаларда, өнеркәсіп орнында, ғимараттарда экспозициялау кеңінен қолданылады.

№ - кестеде жекеленген заттарға (неміс ғалымдарының мәліметтері бойынша) сезімтал өсімдіктер мысалдары келтірілген.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-13 13:28:42     Қаралды-10459

Майкл Джорданды мектептегі басткебол командасына әуел баста қабылдамады

...

Тоғызыншы сыныпта Джордан жақсы баскетболшы болып үлгерді. Әйтседе, ол кезде оның бойы жетпеген де еді (1978 жылдың жазында оның бойы 175 см болған), Майкл өте шапшаңдығымен және ынтасымен ерекшеленді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАТТАЛҒАН ПОМАДА-ЖЕМІС ТОРТЫ

...

Дайын қамырдан көлемі 25 х 25 сантиметр төрт бұрыш формалы тең үш шелпек жайылып, майланған жұқа табаға салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОТЛАНДИЯ ОВЧАРКАСЫ (КОЛЛИ)

...

Коллидың отаны Шотландияның таулы өлкесі. Сол жерден бақташы ит есебінде жер-жерге таралған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«КИТАБ-И ТАУАРИХ-И ПАДИША ХАН-И»

...

«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и» - Сейфи Челебидің 1582 жылы түркі тілінде жазған шығармасы. Шығарма Қытай, Тибет, Қашқар, Мәуереннахр, Үндістан, Қазақ хандығы билеушілері туралы жазылған 9 тараудан тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМБУРА

...

Самса түрінде ішіне бадам салынған қамырдан жасалған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҮЛДІРГЕН ТҮРЛЕРІН ЕГУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ӨНІМ АЛУ

...

Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын өсімдік, қар қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын ауалы аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы жартылай жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын кө

ТОЛЫҒЫРАҚ »