Тақырыбы: Ген және тұқымқуалаушылық
- Ген туралы түсінік
- Ата-баба дәстүрі
- Тұқым қуалаудың тұғыры
Ген (грек genos – туысы, тегі) – тұқым қуудың бастапқы нышаны. Бұл организмнің жеке белгілері мен қасиеттерін топтастырады. Ген химиялық құрамы жағынан ДНҚ молекуласының бір бөлігі. Бір ағзадағы геннің тұтас жиынтығы оның генотипін құрастырады, ол генотип фенотиптің барлық қасиеттері мен белгілерінде көрінеді. Ағза табиғатында тұқым қуушы зат бар екенін Г.Мендель ашқан. Мендель ағзаның әрбір белгісі сол затқа байланысты екенін ол заттың ұрпақтан-ұрпаққа жыныс клеткалары арқылы беріліп отыратынын анықтады. Ген терминін В.Иогансен 1909 жылы ұсынған. Т.Морган 1911 жылы тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясын ұсынды. Ол ген хромосомаға тізбектеліп орналасады және әр геннің белгілі өз орны бар деген қорытынды жасады. Кроссинговер құбылысын зерттеудің нәтижесінде хромосоманың генетикалық картасын құрастыруға болатындығы анықталды. Гендердің өзара орналасуы олардың ара қашықтығы берілген. Хромосомада әр ген дәл орналасып оның орнын ген локусы дейді.ағзаның әр түрлі белгілерін анықтайтын гендер көп жағдайда жұп болады. Гендер жұбы аллельді гендер деп аталады. Ген хромосоманың негізгі бөлігі. ХХ ғасырдың 50 жылдары геннің заттық негізі ДНҚ екені анықталды. Ген 1000-1500 нуклеотидтерден құралады. Ген бір белгіні ғана анықтап қоймай кейде әсерін бірнеше белгілерге тигізеді. Ондай құбылыс плейотропия деп аталады. 0
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалау арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, алғашқы биологиялық қажеттерін, ал кейд дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикалық қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.
Соңғы жылдары әдебиет беттерінде генеологиялық және статистикалық деректерге қарағанда ата-аналарды және олардың балаларын ұрпақ бойынша зерттеудің кейбір нәтижелері тұқым қуалау себептеріне байланысты ұқсастықтардың болатындығын көрсетеді. Мысалы, атақты ұлы композитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпағы 300 жылдың бойында 20 дан астам музыканттар берді. Әрине, мұны бір жағынан үйелмен мүшелеріндегі табиғи мүмкіншіліктердің болуына, ал екінші жағынан Бах үйелменіндегі музыкалық дәстүрге, арнаулы музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Баланың орталық нерв жүйесіндегі туа біткен ерекшеліктерін жоққа шығаруға болмайды. Ғылыми деректерге қарағанда, ми және сезім органдарының құрылысы мен функцияларындағы кейбір айқын ерекшеліктер әр түрлі арнайы қабілеттердің себепшісі. Мысалы, музыкаға дарынды адамдардың миының қатпарларындағы ерекше цитоархитектоникалық аймақтарында нерв клеткаларының жақсы дамығандығы байқалған. Ал музыка дыбысын ажырата алмайтын адамның самай бөлігінде мұндай нерв клеткаларының топтануы болмайды. Әрине, бұдан жеке адамның музыкаға қабілеті тіптен дамымай қалады деген ұғым тумайды. Өйткені адамның музыканы есту қабілетінің нашар болуы, оның фонетиканы игеріп кетуіне теріс әсер етпейді. Сондықтан әр түрлі қабілеттерінің компоненттерін белгілеп, олардың қайсысы нышан арқылы дамиды, ал қайсысы іс-әрекеттерінің нақты тәсілдері ман арнайы жаттықтыру жұмыстары арқылы қалыптасады. Міне, осы жағын еске алып анықтаған жөн. Себебі қабілеттер дамуының әлеуметтік заңдылықтарын адамның генетикалық фондысынан ажыратып алып қарастыру ешқандай ақылға сыймайды.
Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Тұқым қуалаушылықты таратушы клеткалар ядросының дезоксирибонуклеин қышқылы мен белоктан тұратын хромосомдары болады.
Адамда туа бітетін қасиеттер нышан түрінде болады. Организмнің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттің дамуына қажетті табиғи мүмкіншіліктерді нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды, оны қозғау және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Кейбір ғалымдар жеке адамның дамуы мен қалыптасуын тұқым қуалаушылыққа байланысты, ал адамның жоғары қабілеттерін және талантын таңдаулылардың жоғары нәсілдік үлесі деп қарастырады.
Жалпы адамзат қоғамының әр кезеңдерінде пайдаланылған дәстүр салттың түрлері көп. Олар – бір ұлтқа тән халықтық дәстүр, кейбір елдерде тайпалық және рулық дәстүр, тіпті туысқандық пен семьялық дәстүрлер деп те жіктеле береді. Бүкіл халықтық тәлім-тәрбиемізге ерекше әсері бар ата-бабамыздан қалған үш қана дәстүрге тоқталайық. Бірінші – халқымыздың тегін сақтаушы – жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі. Екінші - өзінше ерекшелігі бар туысқандық дәстүр .Үшінші – шаңырақ көтеріп жанұя құру салты.
Жер бетінде қаншама халық болса бұл дәстүрдің сипаттары да соншама мол. Алуан түрлі ерекшеліктермен ауысып жататыны да өмір шындығы. Халқымыз ежелден келе жатқан дәстүр үлгісімен атап айтқанда, жеті атаға дейін қыз алыспау салтына орай, бұл мәселенің мақсаты мен мәнін, болашақтағы ұрпақ қамы үшін ең әуелі елінің тегіне қарай үндестіріп, екінші: ата-анамен жанұя құрмақ жастардың өзара келіскен ризашылықтарына негіздей отырып шешетін еді. Мұнда халықтық тек (генефон) пен адамшылық парыз бағдарға алынатын. Осы айтылған қағидалардың бұзылмауынан, бүкіл жұртымыздың қастер тұтатын ерекше қасиеттерінің бірі туысқандық сезімдердің тазалығы мен тереңдігі теңдессіз үлгіде болатын.
Тұқым қуалау құпиясы талай ғасырлардан бері құдайдың ісі соның әмірімен болатын құбылыс деп есептеліп келді. Діннің айтуынша, жалпы тіршіліктегі тұқым қуалау қасиеттерінің басқада еш жұмбағы жоқ тәрізді. Олардың айтуынша – адамды құдай жаратқан және адам соған ұқсайды – деген ойды орнықтырса болды. Бұл күнде адамзаттың күллі болмысының тарихы тіпті жануарлар мен өсімдіктер әлемінің даму тәжірибелері, тұқым қуалау заңдылығының біртұтастығы мен бұлжымайтындығы әбден дәлелденгенін айтуға болады. Тіпті тіршілік тегінің өзі – бөлшектене беретін микрокосмос екендігі белгілі. Ген ұғымы деп жазады академик Н.Дубинин – физиологиялық және биологиялық мазмұнымен толықты, ген атаулының белгісі н/е молекулалық құрылымы, клеткалардың ішіндегі белоктар арқылы жобаланатындығы анықталды. Клеткалардың әр ұрпағында гендердің зі екі есе көбейіп отырады.
Осылайша ген н/е тек дегеніміз мір кілтін сақтаушы құдірет екен. Қазіргі кезде гендерді бір организмнен алып екінші бір организмге ауыстырып салуға болатындығы анықталды. Мұнымен жаңа ғылым саласы ген инженериясы айналысады. Оның алғашқы қадамдары және ауызбен айтып жеткізе алмастай тамаша болашағы бүкіл жаратылыс әлеміндегі төңкеріс деуімізге мүмкіндік береді. Ген инженерінің қолында өткір пышақ та хирургиялық басқа құралдарда болмайды. Бұлардың орнына тек ферменттер яғни мәйекпен ғана жұмыс істей алады. Мұның өзі бүкіл тіршіліктің бірлігін және олардың өзара тәуелді екендігін нақты мысалдармен дәлелдеп отыр.
Жалпы бұл айтылып отырған мәселе өте қатты сақталуға тиісті табиғат заңдылығы. Сондықтан да оны табиғат қойнауларында тіршілік ететін күллі жан иелері ұрпақ қамына кірісерде тек сұлудың тұнығын ішіп шөптің асылын жеуге тырысады.
Тіпті, олар бойындағы арам тері мен артық майынан да арылып, қандай боп жарайды. Осылайша, ұрпақ өрбітер алдында ұрық тазалығын қамтамасыз ету үшін, бүкіл дене - мүшелеріндегі шлактардан арылуға арнайы уақыттарын жіберетіндігін еске саламыз. Әрине бұл өзінін, халық тәрбиесінін тәлімінен көптен бері қол үзіп қалған жұртымыздың, дәл осы мәселені тереңнен түсініп, мән бермеуінің салдарынан, қазіргі кезде у ішкендей болып отырғанын батыл түрде айтуымыз қажет. Олар семья құруға дайындық дегенді, тек материалдық жақтарын ескеретіндіктен — арақ-шарап пен ішімдіктердін, неше алуан жойқын түрлерініц мол болуын карастырады. Адам баласының ұрпақ камына деген әзірлігінің түрі осы.
Қазір ұлан-асыр етіп үйлену тойларын өткізіп жүрміз. Әрине, жаңа салтпен, бодандық тәртіппен келген дәстүрлерді ұстанамыз. Сондықтан да, үйлену тойының. бұрынғы рухани мәнінен гөрі, даурықпалы тәсілмен арақ - шарапты суша сіміруге тырысатындығымыз шектен шығып отыр. Ақиланып алған адамның сөзінде не қадыр бар?! Ісінен қандай барқадам күтуге болады?! Осылайша, бір-бірімізден ұялмай өтірік мақтауға кірісеміз. Мінеки, ата-бабадан қалған асылымыз-ды тоздырып, жаңа заманның салып берген салты осы. Жеткізетін жері — ұрығынан азып туатын ұрпақ! Ер-теңін ойлайтын ел үшін осы да қызық болып па?! Сонда, жасалынып отырған қуаныштың м ә н і неде ? Ұрпаққа үлгі берер парасаты қайсы? Тап бүгінгі танда, ол жағында тіпті шаруамыз да жоқ тәрізді. Бірақ, бұдан қасірет тартпай отырған ата-ана да, сергелдеңге түспен жүрген жастарымыз да аз емес. Өзімізді қасірет - қайғыға ұшыратып жүрген ұрпақ тәрбиесінін, сорақы сәті, дәл осы үйлену тойларын жасаған күннен бастап - ақ, бұзылып жатқанына көңіл бөлгіміз келмейді.
Әрине, той болған соң ак тілеу айту парыз, үлкендердің батасын алу шарт. Ал, осы тілектерді арақсыз айтсақ, тіліміз күрмеліп қалатын әдетке ауыстық. Егер ғылыми зерттеулердің дәлеліне сүйенсек, арақ іше салысымен-ақ бірден барып, адамның миы мен ұрық безін уландыратын болса, жабыла шуылдап жас шаңырактын, астына өз колымызбен өрт қойып жатқанымызды ұғынатын мезгіл жетті. Той тақағаннан кейін екі жасты күтіп тұрған, пәктікпен жайылған ақ төсектің арты, қасірет сорға бітетін, уланып туған ұрпақ болмак. Себебі, айдан анық затты нақты мысалмен айтсак, адам ағзасына түскен арақтың 100 грамы, организмнен ж е т і күн дегенде әрең шығып тазарады екен. Ендеше, қауым болып қателесіп жүрген арсыз әдетімізден дер кезінде тыйылуымыз керек. Өйткені, тіршілік заңы өте қатал. Оны нәпсісіне еріп бұзғандар, түбінде бір заршылық көрмей калуы мүмкін емес. Қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелердің кебі, ұрығында уланын тұратындықтан, көпшіліті жарық дүниені көрмей-ақ өлі туып жатса, бірқаншасыныа шықпағанымен жарымжан күйінде тіршілігін бастайды. Ал, дұрыс туды дегендерінің өздері де, зейіні әлсіз, зердесі таяз екендіктерін, адам тәрбиесімен байланысты ұйымдар жаксы біледі. Ендеше, бұл індет-тең құтылудың бір ғана жолы бар! Ол — халық педагогикасының ғылыми жүйеленген негіздерінде, біздер ұсынып отырған адам тәрбиесінің жаңа көзкарасымен қаруланып, ел болып біріге қимылдауымызға байланысты. Соның ғана рухани күшімен жоғалтқандарымызды тауып, ел болып ұмытқандарымызды есімізге түсіреміз. Ежелгі дәстүріміздегі той салтанаттары жаңғыра жанарып, өмір тіршілігіміздегі қуанышымыздың ажарын ашады.
Жарияланған-2015-10-19 18:25:45 Қаралды-12851
ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?
Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.
БАЛАҒА АРНАЛҒАН ТҮРЛІ ТАҒАМЫ
Әрбір атпал азамат баладан өседі. Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «Баланы - жастан» дейтіні де сондықтан.
ЧЖАН ЦЯНЬ
Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық одақтар мен ертедегі мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымы, олардың өзара және Орталық Азиядағы көне иелектермен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді бізге Чжан Цянь жеткізді.
САБУНИ АЛУАСЫ
Бұл сап-сары болғанша созылған, ұнмен және құйрық майымен араластырылған карамель массасы.
ЖЕМІС ШЫРЫМДАРЫНАН ЖАСАЛАТЫН ҚАЙНАТПАЛАР (варенье)
Қайнап жатқан суға қант салынады. Ол еріп кеткеннен кейін бөктірілген желатин қосылып, қайнағанша қыздырылады.
МҮКЖИДЕК КӘМПИТІ
Мүкжидектің іріктеп алынып, жуылған жемістері кастрюльге салынып, үстіне су (1 килограмм жеміске 1 стакан) құйылады да жұмсарғанша қайнатылады.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану