Тақырыбы: Жоғарғы сезімдер
1.Сезім туралы түсінік
2. Жоғары сезімнің түрлері мен оның жіктелуі
Махаббат. Махаббат - дейтін ұлы сөздің мазмұны мен мәніне тек жер бетіндегі тіршілік әлемі ғана қатынасып қоймайды, оған бүкіл аспан әлеміндегі біздің санамызға сиятын да, тіпті симайтында құбылыстардың барлығы да тәуелді. Әлемдегі — үндестік заңы да, махаббат ұғымының — бір қыры екендігіне ешкім де күмәндана қоймас. Ендеше, жаратылыстың бүкіл әлемдік махаббатының сүткенжесі болып табылатын, адамзат қауымы, махаббаттың нағыз шынайы сырын тереңдей ашып та, парақтай оқып ұғынып та болмаған тәрізді. Махаббат атаулының (имани гүл) мазмұнындағы — сан алуан мәні мен мың сан қырын - адам баласы ес кіргеннен бері үндестіре түсінуге тырысқаныменен, әлі күнге дейін біржақты сыңар түсініктен айығып кете алған жоқ. Сондықтан да, бүкіл әлемдік махаббаттың мәні түгіл, тіпті жер бетіндегі он сегіз мың ғаламды айтпағанның өзінде, әуелі адамзаттың өз арасындағы махаббат хақындағы түсінік тереңдіктері әлі де сын көтермейтін жағдайда екендігін көріп отырмыз. Тіпті, басқаны былай қойғанның өзінде, әрбір адамның жеке бастарымен тығыз байланысып жатқан махаббат түрлері:- ата, ана мен бала арасындағы, аға мен бауыр, апа мен қарындас, туыс-туғандар немесе, шаңырақ асты мен отбасы, Туған елің мен Отаныңа деген сүйіспеншіліктердің өзі де, көптеген келеңсіз қылықтарға ұшырап жүргені бүгінгі өміріміздің шындығы емес пе?
Иә, шынайы махаббат — нағыз бақытты болудың кепілі. Осылай екендігін, кезінде - данышпан бабаларымыз Фараби де, Абай да кең толғап өз ойларын қалдырған еді. Бірақ, «...білме, білгеннің тілін алма...» деген қадетімізбен қарысып, әлі күнге дейін олардың айтқан өсиеттерін еске алмай келеміз. Осының салдарынан, уақыт озып жыл өткен сайын - адамдардың арасындағы сүйіспеншілік те тозып, бақыт деген құр айтылған ж а ң ғ ы р ы қ сияқтанып барады...
Ендеше, шынайы махаббаттың яки, нағыз бақыт атаулының бағын байлап, оның толық қанды мазмұнын аштырмай жүрген, қара жүрек албастының заты қандай, аты не? Оның тұрағы қайда? Қалай іздеп, қайтып көзін құртуға болады?..
Бұл сұрақтардын, жауабын іздемеген адамзат алыптары аз ? Ғасырлар бойы адам баласының санасын сарсылта сандалтып та жүрген, ең негізгі мәселе де осы? Тіпті, адамзат қауымынан шыққан не бір ғұламалар, бұл сауалдардың жауабын баяғыда-ақ ашып талданса да, күнделікті өмірдегі тіршіліктерімізде әлі сол бәз-баяғы қалпыңда жамандығы мен жайсыздығы жалғасып келеді. Қазіргі кезде, оның аты-жөнін адамзат анық та, айқын біледі десек, тіпті де артық айтқанымыз емес. Сонда, бұл зұлматтың — жөні не ?.. Тым ұзартып созбай, қысқа ғана өзінің аты-жөнімен атап көрелік? Ол - өзімізге күнделікті таныс, өзгені сүймес - өзімшілдік.Бүкіл айналасын оттай қарып жалмайтын, өзгеге де, өзіне де опа таптыра бермейтін, өзегі жалын - өзімшілдік.Осы өзімшілдіктің салдарынан, отбасы - ойрандалады, шаңырақ ортасына түсіп О т а н сатылады, күллі адамдық ізгі сезімдер мұздай сіресіп, тасбауыр күймен өзегіңде семіп, өзімшіл тіршіліктің азабына оранып күн кешеді. Мінеки, осыншама ауыр күйзелістің негізі де, адам тәрбиесінін кезеңдерімен ұштасып жатыр. Олай болса, ақ пен қара сияқты махаббат пен өзімшілдікте — өзара сыйыса алмайтын, қарама-қайшылық екенін түсінгеніміз жөн. Ендеше, әр адам күллі адамзат қоғамы, өзінің ішкі жан-дүниесіндегі өзімшіл сезімдердің түп тамырын, тек жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесін үндестіре жетілдіргенде ғана бақ ытын таппақ. Ал, бақытқа апарар жол мен оған жеткізер күш, телегей-теңіз рухани мәдениеттілікпен табылса керек. Miнe, осыдан келіп үзіліссіз ұрпақ тәрбиесінін мәні де — осы адам тәрбиесіндегі елеусіз қалған жан-дүниенің жетілуін жете талдап түсінуімізге міндеттейді. Бұл түсініктің негізгі кілті — махаббат, немесе имани гүл ілімінде жатыр. Былайша айтқанда, махаббат-күлліадамшылық сезімдеріміздің - Анасы! Ал, өзімшілдік — бүкіл тіршілікке тән ізгіліктің — қас жауы екен. Ендігі кезекте, осынау қарапайым ғана сөздерге байланып тұрған ұғым категорияларын, жаратылыс пен тіршілік заңдарына байланыстырып асықпай талдап көрелік.
Бұл мазмұн мен түсінікке, бүкіл әлеуметтік және биологиялық мәселелер тұтаса келіп, жыныс қатынастарындағы аса күрделі байланыстардың мәнін ашады. Себебі, букіл жер бетіндегі жан-жануарлар үшін жыныс қатынасы, тек ұрпақ қамымен ғана байланысатын болса, ал адамдар үшін, биологиялық қана қажеттілік емес, оның үстіне — әлеуметтік қоғами, сезімнің, тәрбиелігі мен сұлулығы, тіпті көңіл күйдің тазалығы мен көркемдігіне де әсер ететін қажеттілік. Адамдардың өзара қарым-қатынас тіршіліктерінде, жыныс қатынасының ерекше мәні бар құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән құпия сырларымен интимдікерекшеліктері өте мол болып келеді. Бұл ерекшеліктерді, тек ерлі-зайыптылар бірлесіп қана шеше алады. Оған сырттай ықпал ету мүмкін емес. Себебі, жыныс жүйесі — философиялық жағынан ең күшті де, ең көне инстинктіге жатады. Міне, осы құдіреттің арқасында, тіршіліктің мың-сан түрлері, бір-бірімен шатаспай өркен жайып, өздерінің көбеюі мен жетілуін қамтамасыз етіп отыр. Ендеше, жыныс қатынастарын үйрету, немесе оқыту арқылы оның жарасымдылықтарын жақсартамын деу аса күлкілі сияқты. Осыған орай, Анри Бергсонның сөзін қайталап еске салсақ. «инстинкт атаулы еш уақытта да үйретуді қажет етпейді...» деген тұжырымына, тағы да зер сала отырып көңіл аударсақ екен.
Әрине, адамзат қауымының арасындағы жыныс қатынастарын, рухани жағынан байыту, сыртқы және ішкі сезім мәдениеттеріне жету арқылы, оның барлық қадыр-қасиеттерін айқындай түсудің мәні зор. Тіпті, адамзат қауымына лайықты бағытта, осы болса керек. Адамшылыққа жат өзімшіл сезімдердің өркенін тыйып, тек тәнқұмарлыкты қоздыратын әрекеттерді елеулете желпілдетпей, оның шынайы қасиеті мен жұмбақтығын жүрек тәрбиесіндегітерең сезімдермен астастыра отырып шешкен жөн. Мінеки, адамдардың бойындағы жақсы сезімдер де, жаман еезімдер де, әркімнің мінез-құлықтарыменен астасып жатады. Тіпті, адамдардың тағдыры — сүйегіне біткен мінездері — десек асырып айтқанымыз емес. Міне, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі туа бітіп, жүре қалыптасатын мінез-құлықтың құдіреті осындай екен. Сондықтан, болашақ ұрпағымыздың жақсы қалыптасқан мінез-құлықтары, олардың өздерінін, ғана бaқыты емес, бүкіл бір халықтың береке-бірліктегі ырыстары десек болады. Кез-келген адам өзінің жақсы мінезінің арқасында, көңіл-күйі шат сезімдерге бөленіп, рухани тереңдікпен астасып жатқан қуанышы мен үміті әр кез оның қайғысы мен қасіретінен басым түсіп отырады. Мұндай адамдардың — махаббат сезімдер і де бай болмақ. Бірақ, көп жағдайларда адамдардың махаббат сезімдеріне әсер ететін, сыртқы күштердің салмағы, әлдеқайда молырақ болып келеді. Олар өз махаббаттарының жолындағы кедергілерді жеңу арқылы, бойындағы бар болмысының ашылуына ықпал етеді. Осындай сәттерде, адамның бойындағы сезім тазалығымен қоса, оның тәрбиесіндегі ішкі қуаты мен күш-жігерін де салмақтайды. Тек осындай мұратқа жеткен жандар ғана, бір кезеңнің үлгісі ретінде, қанша уақыт өтсе де ұрпақтарының зердесінен өшпейді. Қазақ халқының көне мәдениетінің асыл қазынасы болып саналатын лиро-эпостар: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырлар, осының айқын мысалдары болып табылады.
Жарияланған-2015-10-19 18:25:02 Қаралды-5179
ШАХМАТ ТАРИХЫНАН
Шахмат сөзінің төркіні парсыша “шах мат” - “әмір өлді” - деген ағына береді.
8 ТҮРЛІ ПАЛАУ ДАЙЫНДАҢЫЗ
Шағындау қазан отқа қойылады да, май салып қыздырылады. Май қайнай бастағанда сақиналап, ірілеу етіп туралған...
ЖАҢҒАҚ НУГАСЫ
Бұл жаңғақты мол салып шайқалған кәмпит массасынан тұрады. Жаңғақ нугасы да лимон нугасы сияқты дайындалады.
ЛИМОН ЖӘНЕ МАНДАРИН НУГАСЫ (II түрі)
Бұл - шайқалып көпіршітілген белокты кейіннен көбік түзгіште қант-сірне шырынымен қосып тағы көпіршітілген, жаңғақ және хош иісті заттар салынған тағам. Өндіріс кезінде қалған кесінділерінің шикізаты үшін өз салмағының 15-20 процентінен аспайтын мөлшерде
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану