Тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері»
1. Тақырыбы: Биосферадағы антроногендi әсердiң негізгі түрлері.
1. Антропогендiк әсер туралы түсінік.
2. Аса қауiптi ластаушылар.
3.Қоршаған ортаның ластану салдары.
4.Сыртқы ортаның мутагенді факторлары.
Антропогендi әсер дегенiмiз - бұл адамның iс - әрекетiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде пайда болған табиғи ортадағы өзгерiстер (батпақты құpғaтy, орманды кесу және олардың eгістік жерлерге айналуы, өзендердi бөгеу арқылы оларды су қоймаларына айналдыру және т.б)
Антрогендi әсер eкi түрге бөлiнедi:
1. Жағымды – табиғи ресурстарды қайта қалпына келтiру, орман шаруашылығын өркендету, жерлердiң рекультивициясы (латын тiлiнен қайта және өңдеу сөздерiнен) бұзылған жерлердiң өнiмдiлiгiн қалпына келтiру мен қоршаған орта жағдайларын жақсартуға бағытталған icшаралардың жиынтығы.
2.Tepic (ұнамсыз) – жер, адамның iс - әрекетiнiң әсepiнен .
Табиғатқа қысым көрсету.
1. табиғи ресурстың кeмyi
2. орманды кесу
3. орманда өсiмдiктердiң және жануарлардың санының кeмyi
Табиғи ортаны бұзатын негiзгi факторлар:
- табиғи ресурстарды шексiз пайдалануы
- халықтың санының өcyi,
- климаттың өзгеруi, озон қабатының өзгеруi.
(Озон қабатында бос кеңiстiктер пайда болуы. Бұлар арқылы ултракүлгiн сәулелер epкiн етiп, жердегi негiзгi тiршiлiк процестерiнiң бұзылу қаупiн туғызады.)
- биосфераның негiзгi компонентерiнiң бұзылуы.
Биосфераның негiзгi тepic әcepiнiң бiрi – ластану.
2.Адамның денсаулығына, өсiмдiктерге, жануарларға және экожүйелерге қауiп төндiретiн қaтты, cyық газ тәрiздi заттардың, микроағзалардың қоршаған opтaғa түceтiн мөлшерi.
Ластану объектiлерi: су
Ауа
Жер
Kосмocқa жақын жатқан кеңiстiкте
Ластанудың түрлерi: Физикалық – жылулық
Шу
Радиоактивтiк
Электромагнит
Химиялық – ауыр металдар
Пестициттер
Пласмасалар
Жеке химиялық заттар және элементтер
Биологиялық – биогендi
Микробиологиялық
Генинженерлiк
Ластаудың көздерi: - табиғи (жер сiлкiнiсi)
- антропогендi (өндiрiс жылуэнергиясы көлiк
ауылшаруашылық)
1.Ингредиенттылық - минералдық
- органикалық
Табиғи экожүйелерде бөтен (ксенобионттиктар) заттардың түcyi және ластауы (тұрмыстық қалдықтар, улы химикаттар, синтетикалық заттар )
2. парамерлiк ластану - 00 саналық параметрлерiнiң өзгеруi - (шу, радиактивтi, электромагниттi)
3. биоценотикалық популяциялардың құрамының, структурасының бұзылуы (түрлердiң акклиматизациясы.)
4. стациолдық - деструктивтiк ластану (стация - мекендеу орны, деструкция - бұзылуы). Экожүйелердiң бұзылуы табиғатты пайдалану процесiндегi (урбанизация, ормандарды кесу, т. б.)
Ш. Ластайтын заттардың (аса қауiптi)
Биосфераны ластайтын 20 000 – нан астам заттар белгiлi. Олардың арасында аса қауiптi:
- Kүкipт диоксидi – H2SО4 - суғa, жер
- Канцерогендi заттар (бенза пирен)
- CО2NОх
- Радиоактивтi заттар (радиоактивтi тұнба)
Мутациялық процесс тірі ағзаның кез келген түріне тән ерекшелік болып табылады. Жер бетінде тіршілік пайда болған уақыттан бері тіршілік ету ортасы тұрақты өзгеріп келеді. Өндірістің, көліктің, ауыл шаруашылығы технологиясының едәуір көбеюінеәкеліп соқтырды. Еліміздің кейбір аймақтарында радиациялық фон өте жоғары. Кейбір өндіріс қалаларын автомашиналардан бөлінетін газ бен өндіріс қалдықтарынан тұратын ластанған түтін көміп тұр.
ХХ-ХХІ ғасыр мутация туғызатын улы заттардың одан әрі көбеюмен сипатталады. Мұндай заттар мутациялық факторлар деп аталады. Қандай бір заттың мутациялық әсері, әдетте, жануарларға жасалған тәжірбеилер негізінде бағаланады. Бірақ алынған нәтижелер барлық жағдайда адам ағзасының ерекшеліктеріне түгелдей сәйкес келе бермейді. Қандай да бір факторлар адам ағзасының мутагендік әсерін білу мақсатында жүктіліктің үзілуі, баланың өлі туыы, балалар өлімі, тұқым қуалайтын аурулар мен қатерлі ісіктердің даму жиілігін зертеп анықтауға болады. Бұл ғылыми жұмыстардың нәтижесіне негізделеді. Жүктіліктің қолайсыз аяқталуының, бала өлімінің, қатерлі ісіктердің едәуір бөлігі мутациямен тығыз байланысты.
Сыртқы ортаның мутагенді факторлары.
Сыртқы ортаның мутагенді факторлары физикалық, химиялық және биологиялық әсерлер болып бөлінеді.
Физикалық факторларға ең алдымен радиацияның алуан түрлері (радиобелсенді, лазерлік, ультрокүлгін сәулелер) жатады. Радиацияның әсерінен болатын мутацияның жиілігі сәулелену түріне, оның мөлшеріне байланысты. Аз мөлшерде сәулеленудің өзі мутацияның туындауына ықпал етеді, мутация мөлшері сәулелену мөлшеріне тікелей пропорционал. Радиация әсері жасушаның өліп қалуы мүмкін немесе мутациялық өзгерістер байқалады.
Бұған қоса, химиялық мутагендер адам ағзасының ат алмасуына қатысып, өз қасиеттерін жоюы мүмкін немесе белсенді бола түседі. Кейде тіпті мутагенді емес қосылыстар адам ағзасына түскенде өте күшті мутагендерге айналады. Олар белгілі мүшеге жиналып, адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Бұл жағдайда мутация қаупі жоғарылайды.
Биологиялық мутагендерге ең алдымен вирустар (ЖИТС/АИТВ, герпес – ұщық, кене энцефалті және т.б.) жатады. Вирустардың 20-ға жуық түрі тірі ағзаның алуын түрлеріне мутациялық өзгерістер туғызады. Сонымен қатар өзгерістер туғызады. Сонымен, қатар кейбір вакциналардың, сары сулардың, гормондардың да мутагендік әсері бар.
Қоршаған орта ластануының генетикалық қауіптілігі.
Қоршаған орта ластануының генетикалық қауіптілігі. Ғылыми –техникалық прогресс, қоғам мен өндірістің біртұтас дамуы бұрыннан бар және жаңадан пайда болған мутагенді факторлардың тұрақты түрде жинақталуымен өтеді. Егер физикалық немесе химиялық агент адамды қоршаған ортада (ауады, суда немесе топырақта) болса, мутагенді фактормен көп адам қатынаста болуы мүмкін.
Адаммен байланысты болатын химиялық заттармен табиғаттың ластануы, жаңа қосылыстардың пайда болуы мутацияның пайда болу қаупі өсіре түседі. Қоршаған ортаның жаңа жағдайында популацияда таралған кейбір аллельдер патологиялық қасиеттерін көрсетуі мүмкін. Бұл кезде ген атсымалдаушыларының қоршаған ортаның қолайсыз сыртқы әсерлеріне жоғары сезімталдығы болуы мүмкін. Мысалы, еуропалық популцияларда а1 – антитриспиннің жетіспеушілігі кең таралған. Ол 10 пайызға дейін жетуі мүмкін. Қалыпты жағдайда бұл белок кез келген зақымдануларда (қабыну, қан айналымының бұзылуы және т.б.) өкпе тіндерін едәуір бұзылудан сақтайда, а1 – антитрипсиннің төмен деңгейі адамның «Z» рецессивті аллель бойынша гетероизоготтылығы немесе гомоизоттылы,ына байланысты. Бұл генетип өкпе тіндерінің, ал кейде бауырдың жоғарғы зақымдалу қаупімен сипатталады. А1 – антитрипсиннің жетіспеушілігі өкпе эмфиземасы мен қабыну ауруларының едәуір өсуіне ықпал етеді. Әсіресе темекі шегу және атмосфералық ауаның ластануы осы топтағы адамдар арасында тыныс алу жүйесі тіндердің зақымдануын асқындыра түседі, өте ерте байқалатын және ауыр түрдегі патологиялық өзгерістерге әкеліп соқтырады.
Тағы бір мысал: арилгидрокарбоангидроксилаза ферменті өндіріс қалдықтарында болады, шылым түтінінде болатын көмірсутегінің эпоксидтерге айналу процесінде қатысады. Эпоксидтер – қатерлі ісік ауруларының дамуына ықпал ететін өте күшті мутагендер. Арилгидрокарбоангидроксилаза ферменттің ағзадағы мөлшері ауытқып тұрады. Адамда бұл ферменттің жоғары, орташа, төмен мөлшері де соғұрлым көп. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен және темекі түтінімен ластануы әсіресе арилгидрокарбоангидроксилаза деңгейі жоғары адамдар үшін қауіпті, өйткені оларда мутацияның туындау мүмкіндігі жоғары. Мысалы, өкпе қатерлі ісігі бар науқастар арасында мұндай адамдар 30 пайызды құрайды, ал жалпы популяцияда бұл ферменттің жоғары деңгейі өте сирек тіркеледі.
Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптері
1.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануы
2.Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары
- Қоғам мен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру мақстаныда өндірістік және өндірістік емес ортадағы табиғи күштер және элементтер – табиғи ресурстар болып есептеледі.
Табиғи ресурстардың минералдық, климаттық, су, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, теңіздің көтерілуі, қайтуы және жердің ішкі жылуы т.б. түрлері болады.
Минералдық ресурстар өнеркәсіпте пайдалануына қарай: отын-энергетикалық (мұнай, табиғи газ, көмір, шымтезек, уран рудалары); тау-кендік химия шикізаттары ( фосфарит, анатий, ас, калий, магний, тұздары күкірт т.б.), табиғи құрылыс материалдарды, сондай-ақ әшекейлік техникалық асыл тастар (мәрмар, гранит, алмаз т.б.), гидроминералдар (жер асты минералды сулар) болып бөлінеді. Климаттық ресурстарға – күн мен жел энергиясы, жауын-шашынның түрлері, т.б. жатады.
Қалпына келетін ресурстар – биосффера маңындағы айналымда болатын заттар және де өзінен-өзі келетін барлық табиғи ресурстар(көбейту немесе табиғи циклді қалпына келтіру); адамның шаруашылық іс-әрекеті қарқынын салыстыруға келетін мерзім, сондықтан өсімдік, көлдердегі су – қалпына келетін ресурстар, ал көмір, мұнай басқа да минералдық байлықтар – қалпына келмейтін ресурстар болып саналады.
Қалпына келетін ресурстардың сандық және сапалық жағын айыру қажет: көбейту процесі арқылы қалпына келетін тірі сандық мөлшерінің түрі, ал қалпына келмейтін сандық жағдайда олардың жоғалып кетуі ( генофонның жойылуы)
Қалпына келмейтін ресурстар – табиғи ресурстардың бір бөлігі қазірде де және болашақта да оларды басқалармен ауыстыруға болмайды (мысалы, тірі табиғат, адамдардың өмір сүруі жағдайы т.б.). Бұрынғы одақ кезіндегі тоқырау жылдарында табиғи ресурстар жүйесіз, еспсіз жолмен пайдаланылып келгені мәлім, қазіргі кезде еліміз нарықтық экономикаға көшуге байланысты табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады.
- ТР қажеттіліг қаншалықты көп болмасада оларды пайдаланудың ең тиімді жолдарын анықтау, тапшы ресурстардың бір түрін тапшылығы азырақ басқа түрлерімен өзгерту, қалдықсыз өндірісті дамытып, шикізаттарды екінші қайтара пайдалану қажет.
Қоршаған табиғи ортаның жағдайын үнемі қадағалап, ластандыратын заттардың түрлерін анықтау үшін не істеу керек екендігін белгілеу, сөйтіп, оларды мүлдем қысқарту немесе тіпті тоқтатып тастау жолдарын қарастырған жөн. ТР пайдалану бұл өндіріс шығындарын азайтып, олардың табыстарын арттыруға мүмкіндік туғызады.
Тр шаруашылық тұрғысынан үнемі пайдалану міндетінің барлығы бірінші кезекте қоршаған табиғи ортаны мүмкіндігінше сақтау, жаңа технологиясы жетілдіру зиянды заттарды азайту.
Сонымен, табиғатты пайдаланудың басты екі міндетін – ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғауды шешкен жөн.
Әлеуметтік және экономикалық даму қарқынын тездетуі үшін 3 жолы бар:
1. Ұдайы өндіріс процесінде ресурстар мөлшерінің тиімділігін өзгеріссіз пайдалану;
2. Ресурстар мөлшерін өсіру және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру;
3. Олардың өндірісін өсірусіз ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудың тиімділігін арттыру.
2) “Қазақстан - 2030” стратегиясы және табиғи ресурстарды пайдалану, оларды қорғау проблемалары.
Экологиялық қауіпсіздіктің дегеніміз:
• адамзат және жекеленген адамдарға, өмірлік тіршілікке табиғи ортаның көңіл аударарлықтай нұқсан келтіретін тура және жанама әрекет жағдайлары және өзгерістері;
• жерде және кез келген аймақтарда экономикалық балансчты тиісті дәрежеде қамтамасыз ететін кешенді түрдегі жағдай, құбылыс және әрекеттер.
Ол мемлекеттер ішінде және кез келген бөлімшелерде глобальды, аймақтық, локальдық және тура таңбалы шеңберде қаралуы мүмкін болады. Екінші сөзбен айтқанда, экологиялық қауіпсіздіктен қоғау шараларының тиімді жүйесі, сонымен бірге бұл адамдардың және жалпы қоғамның қазіргі кездегі бірден – бір аса қажеттілігі болып саналады. Адам өзін әрқашанда қауіпсіздіктен қорғайды, от жақты, тұрғын үйлер, плотиналар салды, арықтар қазды т.б. Егерде алғашқы қоғамның даму кезінде адамдарға қолайсыз тұрмыстық жағдай туғызатын табиғи орта болса, қазіргі жағдай мүлде басқаша болып өзгереді.
Нақтылы әлемде абсоюттік қауіпсіздік жөнінен табысқа жету қиынырақ болады. Әрине, берік, тиімді технологиялық жүйелер, залалсыз өнімдер тағы басқалар мүлде болмауы мүмкін емес. Тек қоғамға қолайлы қауіп деңгейін нақтылы белгілеу және оған барынша ұмтылу ғана болады.
Тақырыбы: Аз қалдықсыз және қалдықсыз технологиялар жасау
- Ресурстарды сақтау
- Қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру
Ресурстарды сақтау дегеніміз – меншіктің әр түрлі формалары және шаруашылық механизмінің ықпалымен жүзеге астын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз халық шаруашылығының барлық өрісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады. Ресурстарды сақтау болашақ экономикалық дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана болмауы керек. Ресурстарды сақтау саясаты экономика мен басқару жүйелерін қайта құрудың жалпы концепциясы мен табиғи байланыста болып, алдағы мақсатқа жетуде қайшылық белгілері болмауы қажет.
Ресуртарды сақтау орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері бар Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге ТМД елдері үшін де маңызы бар. Себебі, оларда да ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.
Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыс динамикасында тұтыну және қорлану арасындағы арақатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорларын да ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қорланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан практикада ресурстарды сақтау қорлану заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет.
Ресурстарды сақтау іс жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден-бір басты көзіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда 2 есе кем болады. Алайда өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өту өте-мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізінде қаржы-несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.
Қаржы-несие саясаты. Қаржы және несие жөніндегі мемлекеттің ресурстарды сақтау жөніндегі саясатты нарықтық экономика негізінде тікелей байланысты және кәсіпорындар мен банкілердің өзара қатынастарының принциптеріне бағынышты болады. Қазіргі кезде бірінші орынға ие екі шаруашылық серіктестіктерінің арасындағы несие қатынастарының қалыптасу. Сондықтан мемлекет тарапынан іске асырылатын ресусртарды сақтау шаралары бірінші кезекте банкі мен қарыз алушының шаруашылық есеп мұқтаждарына бейімделгені жөн.
Қазіргі кезде кәсіп орындардың өзін-өзі қаржыландыруға өтуіне байланысты ресурстарды сақтауды ынталандыру мақсатында экономикалық нормативтер есепке алынады.
Кәсіпорындарға берілген дербестік, мол құқық және сыйлықтар берудегі өз жүйелерін қолдану матералдық ресурстардың нақтылы түрлерін үнемдеуге жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру олардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Ресурстарды сақтаудың басты бағыттары өнім бөлігінің материалдық сыйымдылығын кеміту, ең алдымен үнемді конструкциялық шешімдер және ресурстарды сақтау техникасын, қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану, өндірістік процестерді отын-энергетика және тағы да басқа материалдық ресурстардың шығындарын азайту, шығындардың материалдық және екінші қайтарымды жылу ресурстарының тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу. Бұл жерде жаңа жағдайда шаруашылықты жүргізудің экономикалық тетігін және өндірістің әрбір учаскесінде, әрбір еңбек ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынталығының ең тиімділік амалын қолданатын болу керек.
Материалдық-техникалық базаны сапа жағынан қайта құруды іске асыруда техникаларды қайта жабдықтау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды қайта құру және жаңа құрылыстар салу жұмыстарын қолға алған жөн. Сондықтан іс жүзіндегі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, болашаққа Республикалық ресурстарды үнемдеу бағдарламасын қабылдау қажет.
Шикі заттың әрбір түрі пайдалы заттардың бір түрін құрап, жарамды өнімдерді өндіру үшін әр түрлі міндеттерді атқарады. Әрине бұл бірдей жағдайдағы шикізатты шығару және өңдеуді кешенді түрде тиімді пайдаланудың шешуші факторы болып табылады. Енді қазір қалдықсыз өндірісті бірте-бірте енгізудің техникалық мүмкіндііктері бар екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Мысалы, ет өндіру өнеркәсібінде шикізаттарды екінші қайтарым пайдаға асыру, кейбір химиялық түсті металлургия кәсіпорындарында т.б. Мұнан былайғы өндіріс күшінің дамуы және ғылыми техникалық жетістіктердің шапшаңдауы, сөз жоқ, өндірісті қалдықсыз формаға өткізуіне толық мүмкіндік береді, еңбек құралдарын, оның ішінде бастапқы шикізаттарды ұтымды пайдалану саласында осы заманғы техникалық саясаттың бірден-бір негізін қалайды.
Әрине, қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру жүйесінің мәселесі көп қырлы және өте күрделі қоғамдық өндірістің барлық жағын қамтиды. Олардың іске асуы қиыстыру, мамандандыру, аумақтаық кешендендіруді ұйымдастыру, сонымен қатар өндірісті басқару мәселелерінің жаңа ықпалынсыз шешілуі мүмкін емес. Қалдықсыз өндіріс – бұл технологияның жаңа түрі ғана емес, ол жаңа, осы заманғы жүйе, өндірісті ұйымдастырудың сапалы кезеңі. Қалдықсыз өндірісте жинақты үнемділік толық жүзеге асырылады. Біріншіден, осында материалдық ресурстарды пайдаланудағы рационализациялауға аз байланыстағы жекелеген шаралардан ең радикалды әдістерді пайдаға асыруды қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту, екіншіден, ол ірі кешенді әлеметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.
Республиканы шикізатпен қамтамасыздандыру деңгейін арттыру, еңбек жағдайын, қоршаған табиғи ортаны қорғауды жақсарту т.б. Ресурстарды сақтау процесіндегі синтехдік нәтижесін білдіретін бірден-бір маңызды натуралды-құндық көрсеткіш материалдар сыйымдылығы болып табылады. Өнімнің материалдық сыйымдылы,ы мына формуламен анықталады:
Мс = Мж, Мс = Мш
Жө Ұт
Мұнда, Мс – материалдық сыйымдылық;
Мш – материалдық шығындар;
Жө - жалпы өнім;
Ұт - Ұлттық табыс.
Тақырыбы: Биотехнология және қоршаған ортаны қорғау.
1. Биотехнологияның экологиялық мәселелері.
2. Биотехнология ғылымының Қазақстанда дамуы.
3. Биотехнологиялық өндіріс өкілдерінің сапасын тексеру.
1.Биотехнологиялық процестердің ерекшелігі сол, олар суды, ал аэробты жағдайда ауаны көп көлемде тұтынады да, алынатын қатты қалдықтар мөлшері тым жаратусыз болады. Микробиологиялық өнеркәсіптерінің мекемелерінде өне - бойы екі мәселе шешіледі:
1. Өнеркәсіптік асептика, яғни биореактор ішіне бөгде микроорганизмдердің ену мүмкіндігін жою.
2. Қоршаған ортаны қорғау, яғни ауа және су қалдықтарына, түзгіш — клеткалардың еніп кетуін болдырмау. Бұл құбылыс өте қауіпті, өйткені адам үшін микроб белогы бөтен нәрсе, сондықтан ол халық арасында аллергиялық реакциялар қоздыруы мүмкін. Өндірісте орын алатын бұл оқиғаның микроорганизмдердің қандай штамдары - патоген бе, әлде патоген емес пе, тіпті өлтірілген түрлері ме, оған ешқандай байланысы жоқ.
Сумен қамтамасыз ететін бөлімшелер алдына едәуір мәселе қойылады.
Биотехнологиялық өнеркәсіпте қоректік заттарды даярлау, жуу, бөліп алу үшін және сонымен бірге биореакторлардың режимдерін бір қалыпты дәрежеде ұстап тұру үшін көп мөлшерде су қажет. Айналымдағы судың ағыны тұйық болса да, бұнда тазалау жұмысы қарастырылып тұруы тиіс, өйткені суытатын агентке (хладоагентке) биореакторлардың конструкциялық ақаулығынан культуралдық клеткалары аз ғана мөлшерде болсада, кез - келген уақытта еніп кетуі ықтимал. Реакторлардан технологиялық суларды шығарып, тазалауда көптеген қиындықтар кездеседі. Көбінесе бұндайда активті лай (тұнба) қолданады. Бірақ болашақта су тазалайтын мембрандық технологияны өндіру және бір реактордан шығатын микроорганизмдерден тазартылған технологиялық суларды басқа реакторлардағы культураларға қоректік зат ретінде пайдалану сияқты метаболизмдерді өне-бойы айналымда болатын жабық /тұйық/ өндірістерді жасау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жаңа штамдарды табу мен оларды қолдану микробиологиялық технологияны құру бірқатар техникалық қауіпсіздіктер шараларын іске асырумен байланысты. Бұл мәселе көптеген конференцияларда айтылып жүр. Мысалы, Асиломар конференциясында /1975, ақпанында/ ДНҚ-ның рекомбинантты молекулаларымен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты принципі жасалған болатын.
Істің мәніне назар аударсақ төменде келтірілген жағдайларды зерттеу жұмыстары нәтижесінде қажетсіз қасиеттері бар генотиптердің пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бұлар:
- Микроорганизмдерге патогендік қасиеті бар, бетен генетикалық материалдарды байқаусызда өндіріп алу.
- Жаңа микроорганизмдерді өздерінің табиғи тіршілік ортасына ендіру.
- Осы жаңа микроорганизмдердің зертханадан жоғалып кетуі.
- Экосистемаға тікелей зиян келтіретін өте қауіпті генетикалық материалды жаңа микроорганизмнің геномынан басқа организм геномына тасымалдау.
Бұндай жағымсыз құбылыстан құтылу жолы - көпшілік жағдайда зертханалық арнаулы қоректік орталарда есе алатын, әлсізденген штамдармен жұмыс жүргізу.
Жоғары сатыдағы трансформацияланған организмдер - өсімдіктер мен жануарларды пайдаланумен байланысты, жұмыс істеуден биотехнология ерекше үміт күтеді. Бұнда да трансгендік өсімдіктерді қадағалап өзінде орын алатын кемшіліктер, едәуір қауіп төндіретінін естен шығармау қажет.
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, біздің жүзжылдығымыздың соңында «Болжамдық экология» деген ғылым қалыптасуы тиіс. Ол қоршаған ортадағы трансформацияланған макро- және микроорганизмдердің касиеттерінің бет алысын қадағалап отыруы тиіс. Көп уақыт қаржыны талап ететін болсада биосфераны сақтауда бұл жұмыс өте қажет.
2. Қазақстан Республикасында биотехнологияның ауылшаруашылық өндірістерімен байланысты саласы қарқынды дамуда. Қазақстанда 1987 жылдан бастап 2 биотехнологиялық орталық жұмыс істей бастады. Бұл халықтардың негізгі жұмыстары, өсімдіктерді селекциялауға қажетті шаруашылыққа қолайлы, бағалы белгілері бар; жаңа генетикалық донорларды алудың тиімді биотехнологиялық әдістерін өңдеу, диагностикалық препараттар мен аса қауіпті және кең тараған ауруларға қарсы вакциналарды жасауға бағытталды.
Биотехнологиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясының ғылыми зерттеу институттарында, Қазақ ауылшаруашылық ғылымдар академиясында және бірқатар жоғары оқу орындар мен Қытай, Германия, АҚШ, Польша, Венгрия т.б. елдердің ғалымдарымен бірлесіп гендік, хромосомалық, клеткалық, ұлпалық және популяциялық деңгейде жүргізуде.
Қазақстанда маңызды жетістіктердің бірі 1993 жылы Биотехнологиялық Ұлттық орталығының құрылу болды. Биотехнологиялық Ұлттық орталықтың фундаментальді зерттеулерді жүргізетін, базалық мекемелерінің бірі молекулалық биология саласындағы ғылыми орталықтардың ішіндегі ең ірісі М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты болып отыр. Құрамына бірқатар ғылыми институттар мен ғылыми-өндірістік институттар кіретін Биотехнологиялық Ұлттық ортадықтың негізгі бағыты әлемдік нарықта биотехнологиялық өнімдердің номенклатурасы мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін тиімді жаңа биологиялық технологияларды өңдеу және ірі ғылыми жетістіктерді жылдам практикаға енгізу.
Қазіргі кезеңде биотехнологияның Қазақстанда дамуы аса қарқынды емес, осыған байланысты халықты меднциналық, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік биопрепараттармен қамтамасыз ету өте қиын болып тұр.
Келтірілген мәліметтерден Қазақстанда биотехнология жаңадан ғана дамып келе жатқанын көруге болады. Биотехнологиялық зерттеулерге жіберілетін қаржы Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда, мысалы Ресейден - 34 есе, ЕО - 4997 есе, АҚШ - 10601 есе аз. Қазақстан Республикасында көп тоннажды өндірісте биотехнологиялық өнімдерді өндіруге технологиялар, мамандар және де басқада мүмкіншіктер бар. Мысалы, ферменттерді өндіріп, оларды спирт, нан өндірісінде және басқа тағам өндірісінде пайдалануға болады. Өндірілген ферменттерді республиканың ішінде және экспортқа жіберуге болады. Фермент өндірісінің мүмкіншілігі Қазақстандағы барлық спирт зауыттарының ферменттерге қажеттілігін қанағаттандырыла алады, ферментті препараттардың біразын ТМД елдеріне экспорттауға болады. Әлемде көптеген елдерде бензиннің октан санын жоғарлату үшін этанолды экологиялық жағынан қауіпті тетраэтилқорғасының орнына пайдаланады. Осы мәселеге байланысты жоғары тазаланған этил спиртін (99,6%) өндіру қосымша экологиялық мәселелерді шешеді, қосымша бұл биотехнологиялық өнімнің өз құны төмен болады. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғауда биотехнологиялық әдістерді пайдалану өзекті мақсат, бұл үшін пайдаланатын микроорганизмдердің дақылдары қауіпті емес және экологиялық зияны жоқ. Өсімдіктерді қорғайтын бактериальды препараттарды өндіру. Қазақстанның қажеттілігін қамтамасыз етіп, өсімдіктерді қорғайтын химиялық препараттардың импортын азайтуға мүмкішілік тудырады.
Қазақстанда шығарылатын биопрепаратгардың кейбір түрлері көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып келесі қорытынды жасауға болады. Қазақстанда биотехнологияның қарқынды дамуына мүмкіншілік бар, осы жұмыстарды жүргізуге болашақта білікті мамандар - биотехнолог және биологтар қажет болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің биология факультетінде көптеген кафедралар осы мамандарды дайындауға қатысады, оның ішінде белсенді жұмыс - жасайтындардың бірі - микробиология кафедрасы.
3.Биотехнология өнімдерінің жаңа түрлерінің қауіпсіздік стандарттары болады. Олар әсіресе медициналық мақсаттағы және адам мен жануарларға арналған препараттар үшін өте қатал талап қойылады.
Гендік инженерия әдістерін қолдана отырып, жүргізілетін жұмыстар ерекше бақылауға алынады. Сапаға қойылатын стандарттың талабын орындау мәселесінің кейбіреулеріне 1984 жылы түсініктеме берілген болатын. Мысалы, химиялық табиғатты жағынан қазіргі қолда бар препараттарға тым ұқсас болса да рекомбинатты ДНҚ технологиясының көмегімен шығарылатын әрбір препарат «жаңа» өнім деп есептеледі. Осындай медикаменттердің әрбіреуі, өндіріс көлемінде шығарылатын өнімдердің тиімділігі мен қауіпсізділігі тексерілуі тиіс және оларды өндіруге жұмсалатын қаржының мөлшері есептеліп сметаға енгізіліп қойылуы тиіс..
Адамға арналған препараттардың биологиялық активтілігі дегенді «вакцина» терапевтикалық сарысулар, токсиндер антитоксиндер және оған тым ұқсас ауруды алдын-алуға арналған өнімдер, ауруларды күту немесе өңдеу және жараларды жазу деп түсінілуі тиіс. АҚШ-та тағамдық өнімдердің, медикаменттер мен косметикалық заттардың сапасын қадағалап отыратын үш мемлекеттік ұйым бар. Олар тағамның сапасын тексеретін басқарма, АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігі және нақты ортаны қорғау агенттігі. Бұл мекемелердің жұмысы нақты анықталып шектелген.
Тақырыбы: Жер асты суларын тиімді пайдалану және оларды қорғау
1.Жер асты суларының пайда болуы
2.Жер асты суларының пайдаланылатын қорлары
3.Жер асты суларын қорғау
1. Жер асты суларының пайда болуын түсіндіруге бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары – Платон мен Аристотель. Платон (біздің заманымыздан бұрынғы 427-347 жылдар) жер асты суларының теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауына тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель (біздің заманымыздан бұрынғы 384-322 жылдар) жер асты сулары тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюланкы нәтижесінде пайда болады деп санады.
Римдік Марк Витрувий Полий (біздің заманымызға дейінгі І ғасыр) жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан (Агрикола,ХVІ ғасыр ) немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғанығы (М.В.Ломоносов) жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э.Зюсс жер суларының магмалық жолмен жараланғаны жөніндегі терияны ұсынды. Э.Зюсс тереңдегі осы суларының ювенил сулары, атмосферадан түсетін жер қыртысындағы қыдырма суларды вадоз сулары деп атады.
Қазіргі жаралу тегіне қарай жер асты сулары инфильтрация) есесінен жиылады. Жер асты суларының басым көпшілігі осы жолмен қалыптасады. Сіңетін судың шамасы көптеген факторларға байланысты. Мұндай факторларға климат, рельеф, өсімдік, тау жыныстарынның құрамы мен олардың су сіңіргіштігі, адамның еңбек әрекеті еңбек әрекеті жатады.
Конденснциялық сулар серпімділік айырмасының әсерінен атмосферадан жер қыртысына қарай, ал тау жыныстарында бір горизонттан екінші горнизонтқа қарай орын ауыстырылып қозғалатын су буларының қоюлнуы (конденсациясы) әсерінен қалыптасады. Әйтсе де осы жолмен жиылатын жер асты суларының шамасы оның жалпы қорының аз ғана бөлігін құрай алады.
Тұнбалық (седиментациялық) немесе жұрнақ су шөгінді жыныстарға сіңіп жиылған және қазірге дейін сақталып келе жатқан көне алаптардағы қалдық су болып табылады. Осы көмілген сулар гидрогеологиялық және мұнайлы-газды жабық құрылымдары терең бөліктерінді сақталап қалады. Өзінің жоғарғы минералдылығының ерекшеленетін осы сулар химия өндірісінің шикізаты болып табылады, емдік мақсаттар үшін де пайдаланылады (Н.И.Андрусов, В.И.Вернадский, Г.Н.Қалменский).
Ювенил (кіршіксіз) немесе тереңде пайда болатын сулар жердің терең қойнауларынан (магмалық және метаморфикалық зоналардан) жоғары көтеріліп ыстық будың суынып қоюлануы есесінен жиналады. Жер дамуының қазіргі сатысныда бұл сулардың айтарлықтай мәні жоқ. (Э.Зюсс). Әдетте табиғаттағы жер асты аралас жолмен қалыптасады. Мұны осы сулардың химиялық және газдық құрамы, режимі, пьезометриялық арындардың деректері делелдеп отыр. Аралас жолмен тараған сулар өзге сулардың бәрәнен де көбірек тараған.
2. Гидрогеологияда жер асты суларының есептік сипаттамасы үшін жер асты суларының қорлары жөніндегі түсінікті пайдаланады. Жер асты суларының қорлары – сулы пластан орын алған гравитациялық судың есебі (көлемі). Халық шаруашылығында пайдалануға жарамды жер асты сулары ең бағалы пайдалы қазындыларға жатады. Қатты пайдалы қазындылармен салыстырғанда су үнемі қозғалыста болады және дүркін-дүркін жаңарып отырады. Жер асты суларының қорына баға берудің сумен қамтамасыз етудегі алатын мәні өте зор. Жер асты суларының қорын алдын ала есептемейінше бірде-бір су қабылдағышты тұрғызып, пайдалануға болмайды. Су қабылдаушы ғимараттардың типі, олардың орналасу варианттары, үйлесімді жұмыс режимі, сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының есептелген қорларының негізінде шешіледі. Қазір зерттеушілердің көбі жер асты суларының қорларын табиғи және пайдаланылатын деп бөліп жүр.
Жер асты суларының табиғи қорлары – табиғи жағдайларда (статикалық немесе қозғалыстағы күйде) сулы пластарда орналасқан гравитациялық судың көлемі. Табиғи қорлар статикалық, серпімді және динамикалық қорлардан құралады.
Жер асты ағынының модулі сулы горизонттың аудан бірлігінен уақыт бірлігінің ішінде ағын келіп өзенге құйылатын шамасы. Оның шамасы түрлі аудандары үшін сулы горнизонттың 1 км2 алаңның бір литрдің ондық бөлшектерінен 15 л/с-ке дейін не одан да астам мөлшерге жетеді.
3. Тұщы жер асты суларын қорғау мақсаттарында оларды ауыз суы мен шаруашылық мұқтаждығынан басқа мақсаттарға пайдалануға (ерекше жағдайды қоспағанда) тыйым салынады. Сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын іздеу және барлау, сонымен бірге суды алу үшін жеке пайдалану скважиналарын бұрғылау территориялық геологиялық басқармалардың (бірлестіктердің) рұқсатымен және санитарлық бақылау орындарымен келісу арқылы ғана жіргізіледі. Қазір жер асты суларын қорғаудың негізгі шараларына жер асты суларының сарқылуын және жер асты суларын ластанудан қорғау жатады.
Жер асты суларын сарқылудан қорғау. Алынған судың орнының толмауы жер асты сулары қорының сарқылуы болып табылады. Ірі суқабылдағыш жұмыс істеп тұрған ауданда әдетте белгілі бір шамаға дейін жер асты суының деңгейі төмендейді. Әйтсе де су деңгейінің кез келген төмендеуі сулы горизонт сарқылуының белгісі бола бермейді. Алынған жер асты суы жұмыс істеп тұрған су қабылданғыш үшін пайдаланылатын қордың белгіленген шамасынан асып түскен жағдайларда сарқылу қаупі төнеді. Сондықтан сарқылуды болғызбас үшін дәл гидрогеологиялық зерттеулер мен жер асты суларының қорын бағалау негізінде жер асты суларын пайдалануды жобалау қажет. Алынатын су шамасы пайдаланылатын қордың шамасынан артпауы тиіс. Жер беті суларының жетіспеуі суармалы дақылдардың мүлде қурап қалуы мен түсімінің күрт төмендеуіне қауіп төндіретін қауырт құрғақшылық жылдары ғана төтенше шаралар қолданылуы мүмкін. Мұндай кездерде дәлелденген негіздерге сүйене және алынған судың кейін есесі толатынын ескере отырып, сулы горизонттың табиғи (сыйымдылық) қорларын уақытша пайдалануға болады. Жер асты суының шығыны болмас үшін фонтандаушы скважиналарға шүмек, жаппа, т.б. судың өздігінен құйылып, орынсыз ысырап болуын тежейтін қондырғылар орнатылуы қажет.
Жер асты суларын ластанудан қорғау. Жеке құрамды бөліктер шамасының мүмкін деп табылған шектен асып түсуінен және жалпы минералданудың жоғарылауынан пайда болған сапалық өзгерістер нәтижесінен жер асты суларының пайдалануға жарамсыз болуы, оның ластануы болып табылады. Жер асты сулары ластануының төмендегідей түрлері болады:
Бактериялық ластануы патогендік бактериялар тудырады. Бактериялық ластану эпидемиялық аурулардың тарауына себепші болады.
Химиялық ластану жиі ұшырайды және одан тазарту да қиын. Химиялық ластануға тұрмыста және өндірісте қолданылып ағызылатын сулар, минералдық тыңайтқыштар, улы улы химикаттар себепші болады.
Механикалық ластану аз тараған. Өйткені карст суларынан өзге сулар механикалық қоспалардан жылдам тазарады.
Радиоактивтік ластану атом қондырғыларының жұмысы нәтижесінде уран кендері және пайдаланылатын аудандарда пайда болды. Радиоактивті қоспалар тау жыныстарына молынан сіңеді, сондықтан жер асты суының тасқынымен баяу тарайды.
Тақырып: «Экологиялық білім беру және оның биоалуантүрлікті сақтаудағы рөлі».
- Экологиялық білім беруге деген қажеттілік.
- Эколог-мамандар даярлаудың кейбір мәселелері.
1. Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның санасы адамның негізгі құқығының бірі – денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды. Эколгиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыпт астыру, табиғатты өзгеритудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлықының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Оқушыларда, студенттерде, сондай-ақ, жалпы халықта табиғатқа деген тұтынушылық қатыныс басым; экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмен; адамның қоршаған ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс жүзінде қатысуға деген қажеттілік дамыған.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру және даму процестерін түсінеміз. Экологиялық жауапкрешілік аданың мына қажеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегңі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларғ сын көзбен қарай білу және т.б.
Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардын барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек. Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауда есепке алу қажет.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған саласындағы білім беруді (экологиялық білім беру) жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептейді.
Бір бірімен байланысты экологиялық білім берумен білім беру жүйесен экологизациялауды бөліп өрістетуге болады.
Экологиялық білім беру дегеніміз - әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тірбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизациялау – экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.
2. Бірімізге белгілі ХХ ғасырдың адамзат баласына әкелген қуанышынан гөрі қайғылы жылдары көп болды. Оған мысал ретінде екінші дүниежүзілік соғысын алайық. Бұл соғыс жер бетінен 20 миллионнан астам адмдарды мерт етті. Олардың көбі өте дарынды жастар болатын. Құрбаг болғандардың ішінде қазақ халқының ең таңдаулы 600 мыңдай азаматтары бар.
1945 жылы 5 тамыз Америка Құрама Штаты Жапон қалаларының – Хиросима және Нагасаки үстіне атом бомбасын тастады. Сол жүргізілгенсынақтан бір күннің ішінде 75 мың адам қаза болып, 74 мың адам жаралы болған. Халықтың 130 мыңы сәуле дертіне шалдықты. Атом бомбасын қалалардың үстіне тастаған американдық ұшқыштың өзі есінен ауысып, кейінен қайтыс болды. Бұл да ХХ ғасырдың қайғылы күндерінің бірі еді.
Сонымен бірге Семей термоядролық әскери қару-жарақты сынайтын полигоны (1949-1989), Чернобыль атом электростанциясыны ңапаты (1986 ж.), Арал теңізінің тартылып, жер бетінен жойылу қаупінің тууы (1980 ж.), Қазақстан экологиясының жағдайы (1960 ж.). Сондай-ақ қазіргі кезде жүргізіліп жатқан әскери термоядролық қарулар сынайтын полигондар (Лоб-Нор, Қытай Халық Республикасы) адамзат баласына ешқандай жақсылық әкелмейтінін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Экологиялық қопарылыстың көбеюі, өсімдік әлемінің жойылуы, аң мен құстардың азая түсуі, адамзат баласының айналасын қоршаған сыртқы табиғи ортаның мөлшерден тыс ластана түсуі – осының бәрі ХХ ғасырдың «жетістіктері». Осыған орай биосфераны қорғау проблемалары туындады. Бұрынғы кезде табиғатты қорғау деген түсінік болмаған еді. Табиғатты қорғау тек қана эколог-мамандардың қолынан келетіні байқалды. ХХІ ғасырдың эколог-мамандардын даярлау жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған аса күрделі проблемалардың бірі болып есептеледі. ХХ ғасырдың экологиядан білім алған эколог-мамандар табиғат қорғаудың проблемаларын толық біле бермейді. Неге десеңіз, ХХ ғасырдың жастарға білім беруде қолданылған педагогикалық әдіс-тәсіл, неше түрлі шеберліктер ХХІ ғасырда жарамй қалатыны өзінен-өзі белгілі болып отыр. Өйткені технологиялық үрдістер ХХІ ғасырда басқаша болып жүрді. Технологиялық үрдістер дегеніміз латын сөзі – «techno» - «өнер». Грек сөзі «logos» - «ілім»деген мағына береді. Бүгінгі таңдағы ашылған жаңалықтар ертеңіне жарамай қалып жатыр. ХХІ ғасырда барлық оқыту жүйесі алгоритмизацияланады. Алгоритмизациядегеніміз жастарға білім беру жүйесінің жаңаша технологиялық үрдісінің (иновациялық түрде) жүргізіуі. Білім беру жүйесі жаңа ғылыми модуль арқылы берілетіні сөзсіз.
Модулді түрде дәріс оқу үш бөлімнен тұруы мүмкін. Біріншісі – кіріспе; екіншісі – эксперимент; үшіншісі – қорытынды. Бұл үш бөлімнің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері болады. Барлық оқылатын дәрістік курстар бірнеше модулдерге бөлінеді. Олар бір-бірімен ғылыми түрде байланысты болады. Бұл модулдік технологиялық үрдісті біз қабылдаймыз ба, жоқ болмаса, қабылдамаймыз ба, біздің еркіміздегі дүние емес, өмір өзінен-өзі біздерді осыған әкеледі. Ерте ме, кеш пе әйтеуір осы модуль жүйесін пайдаланатынымыз сөзсіз. Шет мемлекеттерінде модулдік жүйе қолданылады. Сондықтан да олардың жастарды оқыту жүесі өте жоғары деңгейде. Біздің де біртіндеп осы жүйеге көшіп келе жатқанымыз қазіргі кездің өзінде байқалады. Оған мысал – тестілік әдісті пайдаланып, емтихан алу. Кез келген жастар жоғарғы оқу орындарына түсе алмайды. Оқу үшін жастардың белгілі дәрежеде қабілеті болуы керек.
Жалпы білім алудың технологиялық жүйесі адамзат баласының даму үрдісіне байланысты. Білім алу әр елдің тарихи дамуына сәйкес келеді. Білімді ұстаз жас жеткіншектерді әсерлі сөздермен жетелеп отырады. Өйткені жастар өте әсерлі келеді. Айтқан сөздерді бірден қабылдап алады. Әсіресе жаман айтылған қағидаларды бірден еске түсіреді. Қазіргі кезде жастар ХХ ғасырдың балалары емес. Бұл кенздегі оқушы-жастардың психологиясы ХХ ғасырда тіршілік еткен жастармен салыстыруға болмайды. Осы уақыттағы жастар өте білімді келеді. Адамзат баласының сана-сезімі өскен сайын оларға білім беру оңай шаруа емес екендігі байқалады. Білімнің тарихи миссиясына келетін болсақ, жас жеткіншектердің әлемді тануына (мир не познаваем), жалпы дамуы туралы ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Экология мамандығын игеруге болатынын теория және практика жүзінде делелдеп беру. Адамзат баласының өзіне тән биологиялық өлшемдері болады. Осыған байланысты білім беріледі. Қабілеттілігіне сай келмейтін ауыр ғылыми материалды айтып түсірудің қажеті жоқ. Қандай да болмасын адамзат баласы биосферамен тығыз байланыста болады, онсыз тіршілік ете алмайды. Айналаны қоршаған сыртықы табиғи орта адамдарсыз-ақ дамып отырады. Олаға тәуелді емес. Адамзат баласының биосфераға тигізетін үстемдігі кейінгі кезде байқала бастады. өйткені биосфера компоненттері жер, су, өсімдіктерәлемі, жануарлар дүниесі азайып кетті. Биосфераның экологиялық-биологиялық тепе-теңдігі бұзылды. Жер шары бойынша осындай эколоргиялық өзгерістер болып жатыр. Жер шары бойынша Қазақстанның экологиясындай бұзылған бірде-бір мемлекетті кездестіре алмайсыз. Сондықтан да ХХІ ғасырдың экологтарын аса бір ғылыми шеберлікпен даярлау қажет екенін теориялық зерттеулер мен практикалық іс-әрекеттер көрсетіп келеді. Осылай етіп дәріс оқылса, алға қойған мақсаттар түгелімен орындалады деген сөз.
Дәрістің негізгі бөлімінде көп проблемалар айтылады. Сондықтан да ХХІ ғасырдың оқытушыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. «Көп еңбек тетсең, бақыт басын иеді» демекші, оқу өте бір қиын өнер. Инемен құдық қазғандай көрініс береді. ХХІ ғасыр оқып білім алу заманы екенін ешқашан да естен шығармауы керек. Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ХХІ ғасыр – білім ғасыры деп ғалым-биологтар сипаттама берген
Қорыта келе айтарымыз, ғалым-оқытушы, біздіңше – ұлы тұлға. ХХІ ғасырдың экологтерінің білімді, білікті болуы ұстаздарға байланысты.
Біздің тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан республикасы жас жеткіншектерге сапалы білім беру проблемасына көп көңіл бөлуде. Оған дәлел: «Жоғары білім туралы» Заң. Бұл заңда ХХІ ғасырдың эколог-мамандарын даярлауға айтарлықтай көңіл бөлінген.
Әдебиеттер:
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология-Алматы: Экономика, 2002.
2. Бейсенова Ә.С. Шілдебаев Ә.Ж. Экология оқу құралы. –Алматы: 1999
3. Конвенция о сохранении биоразнообразия-М., 1993.
4. «Қоршаған ортаны қорғау» туралы ТҚР заңы. // Егемен Қазақстан, 05.09.1997.
5.Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: Экономика, Республикалық баспа кабинеті , 1995
6. Османрва Г.С., Бзматаева Г.Т. Экология. Оқулық – Алматы: Экономика,2002
7. КР заңы “Қоршаған ортаны қорғау туралы” // Каз. 05.08.1997ж.
- Әлімбетов Қ. Ә., ж.б. Табиғатты пайдалану негіздері: Оқу құралы. Алматы: Эканомика, 200. – 186 бет.
- Мұқалұлы С., Үрпешов Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы. Алматы: Эканомика, 1999 ж
- Қожанбаев С. Махмутов С. Табиғат қорғау. Аламты, Ана тілі, 1992 ж
- Ниязбекова Р. К. Основы Эканомики Природопользования. Алматы, 1994 ж
- Закон РК о охране окружающей среды // Каз. правда, 05.08.97
- Мойсеев Н.Н. Человек среда Общество. – М: Наука, 1982
14.Сапарбаев К. «Геология және гидрогеология» - Алматы «Ана тілі» 1991
Жарияланған-2015-10-14 19:27:33 Қаралды-8479
ЖАС ЖЕМІС НЕМЕСЕ ЖИДЕК АРАЛАСТЫРЫП ШАЙҚАЛҒАН ҚАЙМАҚ
Рецептіде көрсетілген жемістер жақсылап жуылып, үстіне шайқалған кілегей құйылады. Дастарқанға қант ұлпасы қоса әкелінеді.
ҚАҒАЗ ТАРИХЫ
Адамдар қазір біз жазып, сурет салып жүрген қағаз табылғанша қаншама нәрсенің бетін шимайламады десеңізші.
ТӘУКЕ ХАН
Қазақ хандығының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі - Тәуке хан. Тәуке (1626 - 1718 жж.) - Салқам Жәңгір ханның ұлы. Ол 1680-1718 жылдар аралығында билік жүргізген. Тәуке хан мемлекетінің астанасы Ташкент пен Түркістан қалалары болды.
ЖЫҒА
Ежелгі түркі мемлекеттеріндегі ел билеушілері мен әскербасылар өз дәрежелерін білдіру үшін бас киімдеріне құстардың қауырсынын таққан. Ол жыға деп аталады. Жығалар бас киімнің маңдайына немесе желке тұсына, кейде екі шеке тұсына шаншылады.
МҮКЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Мүкжидектің құрамында қант көп, лимон, бензой және хинин қышқылдары, пектин заттары, бояу заттары, С витамині бар. Халықтық медицинада - мүкжидек экстракты, сиробы, шырыны безгек ауруларымен ауырған адамның температурасын төмендетуге, құрқұлақ ауруын емде
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану