UF

Тақырыбы: Аз қалдықсыз және қалдықсыз технологиялар жасау.  Ресурстарды сақтау

  1. Қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру

 

Ресурстарды сақтау дегеніміз – меншіктің әр түрлі формалары және шаруашылық механизмінің ықпалымен жүзеге астын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз халық шаруашылығының барлық өрісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады. Ресурстарды сақтау болашақ экономикалық дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана болмауы керек. Ресурстарды сақтау саясаты экономика мен басқару жүйелерін қайта құрудың жалпы концепциясы мен табиғи байланыста болып, алдағы мақсатқа жетуде қайшылық белгілері болмауы қажет.

Ресуртарды сақтау орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері бар Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге ТМД елдері үшін де маңызы бар. Себебі, оларда да ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.

Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыс динамикасында тұтыну және қорлану арасындағы арақатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорларын да ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қорланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан практикада ресурстарды сақтау қорлану заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет.

Ресурстарды сақтау іс жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден-бір басты көзіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда 2 есе кем болады. Алайда өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өту өте-мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізінде қаржы-несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.

Қаржы-несие саясаты. Қаржы және несие жөніндегі мемлекеттің ресурстарды сақтау жөніндегі саясатты нарықтық экономика негізінде тікелей байланысты және кәсіпорындар мен банкілердің өзара қатынастарының принциптеріне бағынышты болады. Қазіргі кезде бірінші орынға ие екі шаруашылық серіктестіктерінің арасындағы несие қатынастарының қалыптасу. Сондықтан мемлекет тарапынан іске асырылатын ресусртарды сақтау шаралары бірінші кезекте банкі мен қарыз алушының шаруашылық есеп мұқтаждарына бейімделгені жөн.

Қазіргі кезде кәсіп орындардың өзін-өзі қаржыландыруға өтуіне байланысты ресурстарды сақтауды ынталандыру мақсатында экономикалық нормативтер есепке алынады.

Кәсіпорындарға берілген дербестік, мол құқық және сыйлықтар берудегі өз жүйелерін қолдану матералдық ресурстардың нақтылы түрлерін үнемдеуге жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру олардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Ресурстарды сақтаудың басты бағыттары өнім бөлігінің материалдық сыйымдылығын кеміту, ең алдымен үнемді конструкциялық шешімдер және ресурстарды сақтау техникасын, қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану, өндірістік процестерді отын-энергетика және тағы да басқа материалдық ресурстардың шығындарын азайту, шығындардың материалдық және екінші қайтарымды жылу ресурстарының тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу. Бұл жерде жаңа жағдайда шаруашылықты жүргізудің экономикалық тетігін және өндірістің әрбір учаскесінде, әрбір еңбек ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынталығының ең тиімділік амалын қолданатын болу керек.

Материалдық-техникалық базаны сапа жағынан қайта құруды іске асыруда техникаларды қайта жабдықтау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды қайта құру және жаңа құрылыстар салу жұмыстарын қолға алған жөн. Сондықтан іс жүзіндегі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, болашаққа Республикалық ресурстарды үнемдеу бағдарламасын қабылдау қажет.

Шикі заттың әрбір түрі пайдалы заттардың бір түрін құрап, жарамды өнімдерді өндіру үшін әр түрлі міндеттерді атқарады. Әрине бұл бірдей жағдайдағы шикізатты шығару және өңдеуді кешенді түрде тиімді пайдаланудың шешуші факторы болып табылады. Енді қазір қалдықсыз өндірісті бірте-бірте енгізудің техникалық мүмкіндііктері бар екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Мысалы, ет өндіру өнеркәсібінде шикізаттарды екінші қайтарым пайдаға асыру, кейбір химиялық түсті металлургия кәсіпорындарында т.б. Мұнан былайғы өндіріс күшінің дамуы және ғылыми техникалық жетістіктердің шапшаңдауы, сөз жоқ, өндірісті қалдықсыз формаға өткізуіне толық мүмкіндік береді, еңбек құралдарын, оның ішінде бастапқы шикізаттарды ұтымды пайдалану саласында осы заманғы техникалық саясаттың бірден-бір негізін қалайды.

Әрине, қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру жүйесінің мәселесі көп қырлы және өте күрделі қоғамдық өндірістің барлық жағын қамтиды. Олардың іске асуы қиыстыру, мамандандыру, аумақтаық кешендендіруді ұйымдастыру, сонымен қатар өндірісті басқару мәселелерінің жаңа ықпалынсыз шешілуі мүмкін емес. Қалдықсыз өндіріс – бұл технологияның жаңа түрі ғана емес, ол жаңа, осы заманғы жүйе, өндірісті ұйымдастырудың сапалы кезеңі. Қалдықсыз өндірісте жинақты үнемділік толық жүзеге асырылады. Біріншіден, осында материалдық ресурстарды пайдаланудағы рационализациялауға аз байланыстағы жекелеген шаралардан ең радикалды әдістерді пайдаға асыруды қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту, екіншіден, ол ірі кешенді әлеметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.

Республиканы шикізатпен қамтамасыздандыру деңгейін арттыру, еңбек жағдайын, қоршаған табиғи ортаны қорғауды жақсарту т.б. Ресурстарды сақтау процесіндегі синтехдік нәтижесін білдіретін бірден-бір маңызды натуралды-құндық көрсеткіш материалдар сыйымдылығы болып табылады. Өнімнің материалдық сыйымдылы,ы мына формуламен анықталады:

Мс = Мж, Мс = Мш

 Жө                 Ұт

Мұнда, Мс – материалдық сыйымдылық;

             Мш – материалдық шығындар;

             Жө -   жалпы өнім;

              Ұт  - Ұлттық табыс.

 

Әдебиеттер

 

  • Әлімбетов Қ. Ә., ж.б. Табиғатты пайдалану негіздері: Оқу құралы. Алматы: Эканомика, 200. – 186 бет.
  • Мұқалұлы С., Үрпешов Е. Табиғат пайдалану экономикасы. Оқу құралы. Алматы: Эканомика, 1999 ж
  • Қожанбаев С. Махмутов С. Табиғат қорғау. Аламты, Ана тілі, 1992 ж
  • Ниязбекова Р. К. Основы Эканомики Природопользования. Алматы, 1994 ж

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-09 15:53:59     Қаралды-6737

600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР

...

Шыршық өзенінің жоғары ағысында алып шынар ағашы бар. Шынардың үлкендігі сонша, бірталай адам қол ұстасып тұрып құшақтаса да, құшақтары жетпейді екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам бір незгілде демалатын көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ НЕМЕН ӘЙГІЛІ?

...

Әлемнің бұл кереметін еуропалықтар «Ұлы Қытай қорғаны» деп атаса, қытайлардың өзі «10 мың ли қабырғасы» дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨТЕЛКЕЛЕРДЕН ІШУ ҚАУІПСІЗ БЕ?

...

Дүкенде суды таңдағанда, оның әртүрлі бөтелкелерде сатылатынын байқайсыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТОРҒАУЫТ

...

Торғауыт - теріден қабаттала жасалатын сауыт түрі. Ауыз әдебиеті үлгілерінде көбінесе «тоғыз қабат торғауыт» және «бес қабатты сауыт» жайлы жиі айтылады. Торғауытты жасау үшін қалың теріден жалпақтау таспалар тіліп алып, оларды бірнеше қабаттап жабыстырад

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?

...

Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРБЫЗ ҚАЙНАТПАСЫ

...

Қарбыз етінің бүкіл шырыны сығылып алынады. Оған қант пен лимон қышқылы қосылып, қайнағанша қыздырылады да алдын-ала суға салып бөктірілген желатин ерітіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »