UF

БАЗАР ЖЫРАУ ОҢДАСҰЛЫ

 

  Базар қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданының 6-ауылында туылып-өскен. Оның жастық шағы жетімдікте, жоқшылықта өтеді. Сыр бойында туып, өсе келе Науаи облысы, Тамды ауданында болған. Бейіті  сондағы Жалпақтау деген жерде.

Базардың ата-тегі кіші жүздің Шөмекей тайпасы, Балқы ру. Өз руының атымен Балқы Базар атанып кеткен.

Базар өлеңдері алуан салалы. «Халық үшін  туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» т.б. өлеңдерінің мәні ерекше.

Ақын атаулы соқпай өтпеген атақты  «Жиырма бес» туралы Базар да өзінше толғайды. «Жігіттер» деген өлеңінде ақын жастықшақты табиғаттың долы  күшіне қара дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлайды. Елінің керегіне жарар азамат болуды әрбір жігітпін деген жастардан күтеді.

Жырау атағы әйгілі батырларды  ардақтап жыр толғайды.

Базардың кейбір арнаулары  өзінің жеке адамдарға деген көңіл-күйін танытады. «Сүйген жарыма», «Нарманға», «Бақа биге» толғаулары осындай арнау өлеңдер.

Базардың әлеуметтік мәселелерді көтерген «Әр кемелге –бір зауал», «Сұм дүние» сияқты философиялық толғауларында «Алғыр қыран», «Қамал бұзар батыр, жел жатпес жүйрік», «Күн тимес сұлу» бәрі де дүниеден өтеді. Оларға бақ, дәулет, дүние ара-тұра алмайтындығын көрсетеді.

Ақынның жеке адамдарға арнап  айтқан өлең-толғаулары көлем жағынан мол, көркемдігі күшті Отан: «Қаражанға», «Көнек Жалғасбайдығ ел жұртымен бақылдасуы», «Пішанның Төребайына көңіл айтуы», «Бақаға», және  «Қалжан ақынға» сияқты толғаулары жатады. «Маутанға» , «Назарға» деген сияқты арнау өлеңдерінде ел билеген бай, әкімдердің әділетсіздігін әшкерелеп, сараңдығын бетіне басады.

Базар айшықты, нақыл сөздерге толы өлеғ- толғауларынан басқа кең тынысты эпикалық жырлар да шығарған ақын. Жыраудың творчествосын айқындай   түсетін негізгі дастандары «Әмина қыз», «Айна тарақ» және «Мақпал-сегіз».

                     

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.   Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 670-677-беттер.

2.   Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994, 176-184-беттер.

3.   Алдашев Ш. Базар жырау. Алматы, 1986.

4.   Қазақтар. Тарихи тұлғалар. II том. Алматы, 1998, 121-122-беттер.

5.   Оспанов С. Балқы базар. « Парасат» журналы, №8, 1991.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 20:40:00     Қаралды-5555

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

...

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҮНДІ СПУТНИГІ

...

Ең алғашқы үнді спутнигі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАҒАЗ ҮЙЛЕР ҚАЙДА САЛЫНҒАН?

...

Жапонияның кейбір аудандарында үйлер өте жұқа материалдардан салынған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жұлдызды жауынгерлер әлемді қалай өзгертті

...

1977 жылы алғашқы рет «Жұлдызды жауынгерлерді» көргеннен кейін Джеймс Кемерон қалааралық жүргізуші жұмысымнан кетті және кинематограф болуға бел буды. Фильмнің экран нұсқасы 1977 жылы көптеген ізбасарлардың, ойындардың санын, сонымен қатар «Жұлдызды жау

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОС АЛУА

...

Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР

...

Шыршық өзенінің жоғары ағысында алып шынар ағашы бар. Шынардың үлкендігі сонша, бірталай адам қол ұстасып тұрып құшақтаса да, құшақтары жетпейді екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам бір незгілде демалатын көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »