МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН АҚЫНДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1803 жылы қазіргі Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына қарасты Нарын құмында дүниеге келген. Махамбет халық қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартысқа шынығып, әдебиет майданына келген өршіл идеяның алып күшті, өрен ақыны.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихында Махамбет пен Абай шығармашылығы өзінше бөлек үлкен бір бел саналады.
Махамбет-жауынгер күрескер ақын.
Махамбет-суырып салма төкпе ақын. Оның кейбір өлеңдерінің ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары,жазба әдебиетке бір табан жақын тұрғандығын көреміз. Махамбет өлеңдерібаспа бетін кейінірек көрген. 1908жылы Қазанда басылып шыққан «Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны» деген жинақтаМахамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы жарияланған.
Махамбеттің заман шындығын бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын болған. Ақын тәуелсіз отар елдің шын сырын батыл да анық ашып берген. «Соғыс» өлеңінде Бекетай құмына ту тіккен көтерілісшілердің дүбірлі жорықтарын жырлаған. «Баймағамбет сұлтанға» деген толғауында өзінің шын сыры реалистікпен суреттеледі.
«Мінкен ер», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Біз неткен ер», «Ұл туса», «Туған ұлдан не пайда», «Исатай деген ағам бар», «Еңселігі екі елі», «Атғымақтың баласы»,т.б. өлеңдерінде ақын Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, халықтың қаһармандығын толық таныта алды.
«Мұнар күн», «Күн болған» өлеңдерінде шыншылдық пен оптимизм қатар жүретіндігін байқаймыз. «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ» немесе «Аспандағы бозторғай» өлеңдерінде ел қайғысы, арманы зарлана тоғанады. «Ұлы арман», «Әрайна», «Мұңайма», «Нарын» өлеңдерінде көтеріліс туын қайта көтеріп, жаудан кек алуды алға қояды.
Ақынның «Жалған дүние», «Шашылу», «Қайда бар», «Қаршыға деген бір құс бар», «Тілек», «Жалғыздық», «Тар қамау», «Адыра қалған Нарында», «Шегініс» өлеңдетінде өзінің өксігі, кейбір күйректігі бейнеленеді. Солай болса да, бұлар шығармаларының реалистік сипатын әлсірете алмайды.Ақынның Исатайды суреттеген толғаулатында неше алуан теңеу, эпитет, метафоралар қолданылған («Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Мінкен ер», «Ей, Махамбет жолдасым»).
Махамбет өлеңдерінің ұйқас ерекшеліктері.Ақынның өлеңдері өзіндік әуен-сарыны бар ырғақты да екпінді өлеңдер.
Ақын өзінің біраз өлеңдерін арнау түрінде жазған. Батырға, ханға, ел-жұртқа, өзіне арнай, қарата, сұрау қоя сөйлейтіндігі («Қайда бар», «Жалған дүние», «Әр айна», «Күн қайда» байқалады.
Махамбет поэзиясы ХIХ ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа идея қосқан жаңашыл өлеңдер.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994, 66-87-беттер.
2. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 468-500-беттер.
3. Қазақтар. Тарихи тұлғалар. ІІ том, Алматы, 1998, 102-103-беттер.
4. Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. Алматы, 1988.
5. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. А., 1988
6. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. А., 1992
7. Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., 1967
8. Бес ғасыр жырлайды. Т. 1. А., 1989.
Жарияланған-2015-09-15 20:37:33 Қаралды-9860
ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?
Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...
АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТҮНГІ АҢШЫЛАР
Тек жапалақ қана емес, мысық, күзен, түлкі, қасқыр сияқты басқа да жануарлар өз кемдерін түнде аулайды.
КӨКБҰТА
Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.
СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ
Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады.
ҚЫСТА ШЫРША ҚЫЛҚАНЫ НЕЛІКТЕН ЖАСЫЛ БОЛАДЫ?
Күздігүні барлық ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп қалады да, шыршалардын қылқандары жасыл күйінде түспей тұра береді?
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану