Қаржының мәні, қызметтері және рөлі
1.Қаржының даму тарихы,кезеңдері
2.Қаржылардың қажеттілігі және ұдайы өндірістегі рөлі.
З.Қаржылардың қызметтері,қаржының басқа құндық экономикалық категорияларымен байланысы.
Финансы термині 13-15 ғасырларда Италияның сауда қалаларында қалыптасты және бастапқы мағынасы төлем ақы түсінігін білдірді. Кейін келе бұл термин халық аралық дәрежеде қаралып мемлекеттік ақшалай қаражат қорларының қалыптасуына орай мемлекет пентұрғындар арасындағы ақшалай қатынастар жүйесінде байланысты түсінік есебінде пайдаланыла бастады. Финансы терминін енгізген авторды айту қиын. Осы терминнің авторы деп фр. ғалымын Бодинді айтуға болады. Ол 1577ж Республика туралы 6 кітап еңбегінде алғаш рет қолданды. Қаржының негізгі белгілеріне:
1/ Екі субъект арасындағы ақшалай қатынасты
2/ Осы қатынастар процесінде субъектілер әртүрлі құқықтарды иеленеді
3/ Осы қатынастар процесінде жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат құралдары және қорлары бюджет қалыптасты
4/ Бюджетке тұрақты түрде түсімді қамтамасыз ету мемлекеттің күштеу сипатындағы міндетті түрдегі салық және басқа да төлем түрлерімен жүзеге асып отырады. Қаржы дегеніміз экономикалық, әлеуметтік және саяси міндеттерді жүзеге асыру үшін жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларының қалыптасуымен қолдану процесінде мемлекетпен ұйымдастырылған ақшалай қатынастардың жиынтығы.Қаржылардың қалыптасуының негізгі себептері:
1.Буржуазиялық революцияның нәтижесінде монархиялық режим сақталса да, монархтар билігі қысқарып мемлекет басшысы қазынадан қол үзді.
2. Бюджеттің қалыптасуы мен қолдануы жүйелік сипаталды.
3. Салықтар ақшалай формада артықтық сипат алды. Бұрынғы мемлекеттің табыстары натуралдық алым және еңбек айыптары арқылы жиналды. Бұл кезең мемлекет дамуында жасалған өнімнің бөліну мүмкіндігін құндық теңеуде көрсетті.
Қаржылардың 2 даму кезеңі бар - қайта бөліну, қоғамдық өнімнің салалары бойынша :
1кезең. Қаржылардың дамымаған формасы, мұнда басты шығындар әскери мақсаттарға жұмсалды. Экономикаға ақша жұмсалмады.
2 кезең. Қаржылардың дамыған кезеңі, қаржылардың басым бөлігі мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық саясаттарына жұмсалды.
Қаржының қажеттілігі қоғамдық дамудың тұтынушымен байланысты мемлекет тарапынан дамуында бастапқыда қоғамдық қызметті басқару үшін қаржылық қатынастардың бір бөлігі қамтылды. Мемлекеттік билікті ұстап тұру үшін арнайы ақшалай қаражат қоры қажет. Салықтың мемлекеттік несиенің ақшаны эмиссиялаудың көмегімен мемлекет үкімет апаратын әскерге және өз қызметін орындау үшін қажетті ақша қаражаттарын жинақтап қолданады. Мемлекет өзінің дәстүрлі қызметінен бөлек шаруашылық процестерін реттеу үшін экономикалық қызметтерді де атқарады. Сондықтан да мемлекет қарамағындағы қаражаттардың орталықтану дәрежесі жоғары. Қазір мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ішкі өнімнің 20 процентінің жуығы және қоғамдық өнімнің 10 процентінің жуығы қайта Қазақстан бойынша бөлінеді. Мемлекетте өте үлкен ақшалай қаражаттарының жинақталуы соңғы кезге дейін ұдайы өндірістік процесті жоспарлы жүзеге асыру, өндірістің маңызды бағыттарын дамыту ҒТП-ті, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қажеттілігі негізделген.
Қаржының мәні олардың қызметтерінен көрінеді. Қаржының қызметі дегеніміз бұл қаржымен орындалатын жұмыс деп түсіну керек. Қаржының қызметінде осы категориялардың барлығы қоғамдық арналуы оның экономикалық табиғаты ашады. Қаржының өте күрделі арнайы экономикалық категория және оның қызмет ету ауқымын анықтау мүмкін еместігі қоғамдық саяси және экономикалық өмірдің барлық салаларымен байланысты болатын қаржының қызметтері жөніндегі мәселе ғалым теоретиктер арасында әлі де пікірталас туғызуда.Қазіргі кезде қаржының 2 концепциясы бар:1) бөлушілік ,2) ұдайы өндірістік
Бірінші концепциясының өкілдерінің есебі бойынша қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің бөліну қызметтерінің көмегімен жалпы қоғамдық өнім және оның маңызды бөліктері ұлттық табыс, ұлттық байлықта қайта бөлінеді. Екіншісі ақшалай формада қоғамдық өнімніңқүнының бөліну процесінде қалыптасады. Қоғамдық өнімді бастапқы бөлімін және келесі бөлімі деп ажыратылады. Бастапқы бөлімінде қоғамдық жиынтық өнімнің жалпы көлемімен қайтарымдылығы және қайта жасалған құн ұлттық табыс өндіріс салаларының және кәсіпорындардың жұмысшыларының бастапқы табысы арқылы құралады. Келесі бөлімі қайта бөліну, қоғамдық өнімнің салалары бойынша шаруашылық субъектілерімен және территориялық бөлікке бөлініп көптеген процесті қамтиды. Ұдайы өндірісті концепция өкілдеріқаржыны толық ұдайы өндірістік категория сапасында қарастырады. Олар қаржыны қоғамдық өнім қүнының бөліндісі өндірістік қатынастармен шектелу дұрыс емес дейді. Осы көзқарас бойынша қаржының қозғалыс саласы кеңейеді. Осыған сәйкес ұдайы өндірісті концепцияөкілдері қаржының келесі қызметтерін анықтайды:
1. Ақшалай қорлар мен табыстардың қалыптасуы.
2. Ақшалай табыстар мен қорлардың қалыптасуы.
3. Бақылау қызметі - ғылыми концепцияның барлық өкілдерінен танылған. Бақылау қызметі қаржылардың ішкі қасиеті. Ал қаржы бақылау қызметінің қаржының объективті жағдайындағы тәжірибеде қолдануы.
Қаржы жиынтық қоғамдық өнім және ұлттық табыстың бөлінуі және қайта бөлінуіне қатыса отырып, басқа да құндық экономикалық категориялар жатады: баға, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, т.б.
Баға - құндық категориялардың ең бастапқысы және мұнда өнім натуралды заттай формада ақшалай формаға өтеді. Бағаның көмегімен жалпы түсім қалыптасады. Қаржылық бөліну осы түсімді алдағы уақытта қолдану үшін мақсатта ақшалай қаражат қорларына бөледі.Қаржы ақшалай формаға етеді. Бағаның көмегімен жалпы түсім қалыптасады. Қаржылық бөліну осы түсімді алдағы уақытта қолдану үшін мақсатты ақшалай қаражат қорларына бөледі. Қаржы ақшалай қаражат қорларының қалыптасуы мен байланысты экономикалық қатынастар.
Несие - бұл уақытша бос ақша қаражаттарының қалыптасуы мен қолдауымен байланысты экономикалық қатынастар.
Еңбек ақы - бұл қоғамдық өнім құнының бір бөлігін ұдайы өндіріске тікелей қатынасушылардың иемденуімен байланысты экономикалық қатынастар.
Пайда - ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағытталған ақшалай қаражаттардың қалыптасуымен байланысты экономикалық қатынастар.
Өзіндік құн - бұл жай ұдайы өндірісте қолданылатын қаражаттардың қалыптасуымен байланысты экономикалық категориялар.
Бақылау сұрақтары:
1.Қаржының мәні туралы түсінік?
2.Қаржының табиғаты және қажеттілігінің сипаттамасы қандай?
3.Қаржының қызметтерінің түрлері?
4. Қаржының даму кезеңдері,концепцияларының маңыздылығы?
5. Қаржылардың қалыптасуының негізгі себептері қандай?
Қолданылатын әдебиетер:
1.Құлпыбаев Ж.С.«Қаржы» Алматы.2000.-350б
2. Сейітқасымов А.Ш. «Ақша, несие, банктер» А.Экономика. 2002.-480б
4- Тақырып. Несие қызметі мен мағынасы
1. Несие түсінігі , оның түрлері және формалары
2. Несиенің құрылымы
3. Несиенің қызметтері
Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және есеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорладың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуіне қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:Несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қағаздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай.
Тауар несиесі: коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.
Несие жүйесі – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер тарабы болып табылады.
Несиелік қанытастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие – қаржы мекемелері.
Несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:
- орталық (эмиссиялық) банк;
- коммерциялық банктер
- мамандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, сенімгерлік және т.б.)
Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез-келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша – несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл „банктердің банкі”.
Коммерциялық банк қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады.
Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырады.
Қолданылатын әдебиетер:
1.Құлпыбаев Ж.С.«Қаржы» Алматы.2000.-350б
2. Сейітқасымов А.Ш. «Ақша, несие, банктер» А.Экономика. 2002.-480б
Жарияланған-2014-10-22 22:24:01 Қаралды-11727
АРША - ӨСІМДІКТІҢ ДӘРІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ
Арша – биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседі.
ӘСЕМДЕЛГЕН ЖАҢҒАҚ ҚУЫРМАСЫ (печенье)
Кептірілген нан түйіліп, ұнтақталған жаңғақпен және қантпен араластырылады. Үстіне ерітілген сарымай, жұмыртқаның мұқият шайқалған сары уызы, жарты лимон шырыны мен қабығы салынады.
ШЫРМАУЫҚ – УЛЫ, СЫРТҚЫ ЖАРАЛАРҒА ЖАҒУ
Шырмауық – сабағы шырмалып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Кин-дза-дза!
«Кин-дза-дза!» фильмі түсіріліп жатқанда КСРО бассекретары Константин Устинович Черненко болды.
КАМЧАТКА
Азияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбек, Ресей жерінде. Батысы - Охота теңізі, шығысы - Тынық мұхит және Беринг теңізі.
КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫНЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?
Біздің планетамыздың атмосферасындағы көмірқышқыл газы мен оттегінің мөлшері жасыл өсімдіктермен реттеледі.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану