ҚАЗАҚ ССР МӘДЕНИ-АҒАРТУ МЕКЕМЕЛЕРІ
КПСС 25-съезінің еңбекшілерге коммунистік тәрбие беру жөнінде алға қойған міндеттеріп жүзеге асыруда мәдени-ағарту мекемелерінің атқаратын ролі зор. Республикада 27 мыңға жуық мәдени-ағарту мекемелері бар (1977), оның ішінде 13600 мекеме Мәдениет мин-лігі жүйесінде. Мәдени-ағарту мекемелері бүгінгі өмір талабына сап қызмет ете отырып, халық ш-н шапшаң өркендету ісіне лайықты үлес қосуда.
Мәдени ағарту мекемелері еңбекшілердің рухани байлығын молайту, сондай-ақ, жеке адамның жан-жақты қалыптасуына, даму дәрежесін ұдайы жетілдіріп отыруға ықпал етулері тиіс. Бұл мекемелердің ауыл, село халқыпың мәдени-тұрмыстық қажетін отеудегі мәні ерекше. Ағарту мекемелерінің негізгі міндеті еңбекшілер, әсіресе жастардың арасындағы үгіт-көпшілік, тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту, оларды партияның 25-съезі мен КПСС ОК пленумдарының шешімдерін ойдағыдай жүзеге асыруға жұмылдыру, идеялық байлықты неғұрлым толық пайдалану болып табылады.
Клубтық мекемелер. Окт. соц. революциясына дейін Қазақстанда клубтық мекемелер болған жоқ. Республикада совет окіметі орнағаннан кейін, көпшілікке арналған мәдени-ағарту мекемелері ретінде клубтық мекемелердің көптеп ашылуына жағдай жасалды. 1920 ж. республикада 139 клубтық мекеме болды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында оқу үйлері, қызыл отаулар т. б. құрылды. Алғашқы бесжылдықтарда клубтық мекемелер бұқара халықты саяси сауаттандыруда, көп ұлттық соц. мәдениеттің, халық творчествосынын дамуында зор роль атқарды. Соғыстан кейінгі жылдарда клубтық мекемелердің саны көбейді.
Республикада клубтық мекемелердің өсуі (жылдың соңында)
Жылдары |
Барлық клубтық мекемелер |
Оның ішінде ауылдық, селолық жерлерде |
1920 |
139 |
- |
1940 |
5309 |
4965 |
1950 |
6015 |
5669 |
1960 |
5140 |
4668 |
1965 |
5652 |
5027 |
1970 |
6818 |
5943 |
1975 |
7850 |
7105 |
1977 |
8036 |
7219 |
1978 |
8244 |
7382 |
1964 жылдан қоғамдық негізде құрылған клубтар жұмыс істей бастады. 1976 ж. олардың саны 158 болды.
Клубтык мекемелер мемл. кәсіптық колхоздық және ведомстволык болып төрт түрге бөлінеді. Мәдениет мин-лігі карауына ауд. мәдениет үйлері, қалалық мәдениет үйлері клубтары, селолық мәдениет үйлері, селолық клубтар, көшпелі клубтык мекемелер (автоклуб, қызыл отау т.б.) жатады. Кәсіподақ клубтық мекемелеріне жататын - мәдениет салалары мен үйлері, клубтар, вагон-клубтар, көбінесе кәсіпорындары, мекемелер, оқу орындары жанында құрылады. Колхоз клубтық мекемелері колхозшылардың жалпы жиналысының шешімімен үйымдастырылады және колхоздың қаражатымен жұмыс істейді. Басқа ведомстволардың клубтык мекемелеріне санаторийлер, тұтыну кооперациялары клубтары, солдат және матростар клубтары, офицерлер үйі, флот үйлері жатады. Сонымен бірге клубтық мекемелерге интеллигенциялар үйлері мен клубтары - ғалымдар, мұғалімдер, жазушылар, археологтар, композиторлар, актерлер, кино кызметкерлері, жастар клубтары, студенттер және спорт клубтары, ДОСААФ және басқа ерікті қоғамдар, уйымдар мен ведомстволар клубтары жатады.
Клубтық мекемелердің түрлеріне және ведомстволарында қарай саны (жыл соңында)
Аттары |
1950 |
1960 |
1965 |
1970 |
1975 |
1978 |
---|---|---|---|---|---|---|
Барлық клубтық мекемелер |
6015 |
5140 |
5652 |
7193 |
7933 |
8244 |
Каз. ССР Мәдениет министрлігінің клубтық мекемелері |
3109 |
2406 |
2484 |
3954 |
5155 |
5670 |
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
аудандық мәдениет үйлері |
199 |
195 |
190 |
203 |
223 |
229 |
қалалық мәдениет үйлері және клубтары |
31 |
23 |
36 |
100 |
107 |
110 |
селолық клубтар мен мәдениет үйлері |
221 |
1381 |
1146 |
2197 |
3213 |
3627 |
Автоклуб |
225 |
407 |
929 |
1332 |
1467 |
1550 |
Кызыл отау |
38 |
93 |
123 |
110 |
145 |
154 |
Колхоз клубтары |
2146 |
132 |
579 |
551 |
420 |
328 |
Кәсіподақ ұйымдарының клубтары |
571 |
1419 |
2137 |
2174 |
2089 |
2086 |
Басқа ведомстволар мен ұйымдардың клубтары |
189 |
187 |
165 |
217 |
189 |
160 |
Клубтық мекемелер партия ұйымдарының көмекшісі, көпшілік-саяси жұмыстарының орталығы болып табылады. Клубтық мекемелердің негізгі міндеті - КПСС съездерінің шешімдерін, партия мен Совет үкіметі каулыларын халыққа түсіндіру және халықты сол шешімдердің жүзеге асуына жұмылдыру, маркстік-лениндік ілімді, Комунистік партияның сыртқы және ішкі саясатын, советтік өмір салтын, халық ш., ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау, совет адамдарын коммунистік рухта тәрбиелеуге ықпал ету. 1978 ж. республика Мәдениет мин-лігіне қарайтын клубтық мекемелерде 207 мыңнан аса лекция, баяндамалар оқылды, 81 мыңнан астам тақырыптық кештер, диспут, театрландырылған мерекелер т. б. өткізілді. Клубтық мекемелерде - қоғамдық саяси білім ун-ттері, лекториялар мен кинолекториялар, лениндік оқулар, ауызша журналдар, тақырыптық кештер, дөңгелек стол жанындағы комментаторлар әңгімесі т. б. жұмыстар ұйымдастырылды. Клубтық мекемелер ғылыми-тех. білімді, озат өндірістік тәжірибені насихаттай отырып, ғылым мен техника күндерін, творчеств. конференциялар, мамандық атағын беру, еңбекшілер әулетін, еңбек ардагерлерін салтанатпен құрметтеу кештерін, түрлі тех. үйірмелер, гылыми-тех. прогресс кабинеттерін ұйымдастырады.
Басты клубтық мекемелер: Алматы В. И. Ленин атынд. мәдениет сарайы, Үй құрылысы комбинатының мәдениет сарайы, Целиноград Жастар мәдениет сарайы, Қарағанды Кепшілер мәдениет сарайы т. б.
Совет адамдарына коммунистік тәрбие беруде, олардың дүниеге маркстік-лениндік көзқарасын қалыптастыруда халық ун-ттері үлкен роль атқарады. 1973 ж. қабылданған «ССР Одағы мен одақтас республикалардың халыққа білім беру туралы заңының негіздерінде» халық ун-ттерінің жұртшылық білімін көтерудегі ролі айқын көрсетілді. Республикадағы 3 мыңнан аса халық ун-ттеріне 570 мыңнан аса тыңдаушы қатысады. Халық ун-ттерінің 1282 ф-ті, филиал және бөлімшелері бар (1977). Еңбекшілерге эстетикалық тәрбие беруде мәдениет халық ун-ттері көп жұмыстар жүргізуде. Әсіресе муз., театр, бейнелеу, кино өнері, әдебиет ун-ттері халық арасында кеңінен әйгілі болды. 1978 ж. республика Мәдениет мин-лігінің жүйесінде 350-ден астам мәдениет ун-ттері жұмыс істеді, оларға 65 мыңға жуық адам тартылды.
Қазақстандағы 8 мыңнан астам мал жайылымдарындағы 45 мың шопандар бригадаларына 1550-ден астам автоклуб қызмет етеді (1977). Қазақстан КП ОК мен Мин. Советінің 1960 ж. 25 майда қабылданған «Жазғы жайылымда тұратын малшылардың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы» қаулысы автоклуб қызметкерлерінің жұмысын жақсартуда үлкен роль атқарды. Автоклуб қызметкерлері тақырыптық кештер, лекция, баяндамалар, кездесулер, ауызша журналдар, әңгімелер ұйымдастырады. Партия ұйымдары, совет, шаруашылық органдары олардың жұмысына бағыт сілтеп, көмектесіп отырады.
Клубтық жұмыстың негізгі түрінің бірі - халық творчествосын дамыту, көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру. Қазақстанда көркемөнер үйірмелері 1919-1920 ж. ұйымдастырыла бастады. Алғашқы кезде Қызыл Армияның саяси бөлімдері көркемөнер үйірмелерін ұйымдастырып, оған еңбекші халықты да тартты. Осының негізінде көркемөнерпаздар үйірмелері кең тарай бастады. 1978 ж. январьда республикада 50 мыңға жуық көркемөнер үйірмесіне 918 мыңнан аса адам қамтылды. Селолық жерлерде 10 мыңнан аса концерт, спектакль көрсетілді. Оған 9 млн-нан астам адам қатысты. Мәдениет мин-лігі жүйесінде 18 мыңға жуық көркемөнерпаздар үйірмесі бар, оған 250 мыңнан аса адам қатысады. Көркемөнерпаздар үйірмесінің 165-іне халық театры коллективі атағы берілген (1977). Коркемөнер коллективтері басқа республикаларға, шетелдерге барыл өнер көрсетіп тұрады. Мыс., Қарағанды обл-ның «Салтанат» ансамблі Францияда, Қызылорданың «Нұргүл» ансамблі ГФР-де, Көкшетау өнерпаздары Югославияда өнер көрсетті т. б. Республикада 2 мыңнан аса клубтық мекемелерге «Үздік мәдениет мекемесі» атағы, клубтық мекемелердің 115 қызметкеріне Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілген (1977).
Клубтық мекемелер қызметкерлерін республикада 12 мәдени-ағарту уч-щесі, Шымкент Әл-Фараби атынд. пед.-мәдениет ин-ты даярлайды. Мәдени-ағарту мекемелері қызметкерлерінің Респ. білім жетілдіру ин-ты, обл. білім жетілдіру тұрақты курстары жұмыс істейді.
Клубтық мекемелер жұмысына негізінен Қаз. ССР Мәдениет мин-лігі басшылық етеді. Клубтық мекемелер жұмысы Мәдениет мин-лігінің органы «Мәдениет және тұрмыс» журналында жарияланады.
Кітапханалар. Совет өкіметінің алғашқы кезінде-ақ В. И. Ленин және Коммунистік партия кітапхана ісін дамыту мәселесіне үлкен мән берді Кітапхана ісі революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстанда өте нашар дамыды. Ұлы Окт. революциясына дейін Қазақстан жерінде 139 кітапхана (кітап қоры 98 мың дана) болды. Оның 44-і қалалық (кітап қоры 50 300 дана), 95-і селолық (47 700 дана). Қазақстандағы алғашқы кітапханалар Оралда (1858), Семейде (1883), Ақтөбеде (1889), Зайсанда (1896), Павлодарда (1892), Өскеменде (1896) т. б. қалаларда болды. 1910 ж. Верныйда оқу залы бар көпшілік кітапханасы ашылды. Бар кітапханалардың қоры өте аз және кітапты үйге ақша төлеп қана алуға болатын еді. Олардың оқырмандары иегізінен дворяндар, патша офицерлері болды. Дегенмен кітапханалар сол кездегі мәдениет және өлкенің демокр. күштерінің орталығы ролін атқарды. Семей кітапханасында қазақ ағартушысы Абай Құнанбаев жиі болып тұрды. Демокр. бағыттағы интеллигенция өкілдері халық кітапханаларын ұйымдастыруға күш салды. Мұндай кітапхананы Торғай болысында Ы. Алтынсарин ұйымдастырды. Бірақ ол сияқты кітапханалар өлкеде санаулы ғана болды, ондағы кітаптардың көпшілігі орыс тілінде және оқырман қазақтар да аз еді.
Ұлы Окт. соц. революциясы ғана кітапхана ісін түбірімен өзгертті. 1918-1920 ж. В. И. Ленин қол қойған декреттер кітапхана ісін орталықтандыру, кітапханалар мен кітап қоймаларын қамқорлыққа алу, кітапханаларды халық игілігіне айналдыруды жария етті. 20 жылдардың өзінде-ақ Қазақстанда кітапханалар саны көбейе бастады. Кітапхана қызметкерлері республикадағы мәдени революцияға, сауатсыздықты жою күресіне белсене қатысты. 20-30 жылдарда партия мен Совет үкіметі кітапхана жұмысын жақсарту, кітапханалар санын көбейту шаралары мен жолдарын белгілеген бірнеше маңызды қаулылар қабылдады. Қазақстан ОАК сол кезде «Қазақстандағы кітапхана ісінің жайы туралы» (1935) қаулы алды. Сол кезеңде республикада 13 облыстық, көптеген аудандық және ведомстволық кітапханалар ұйымдастырылды. 1931 ж. Қаз. АССР-інің мемл. көпшілік кітапханасы ұйымдастырылып, оған ұлттық кітапхананың, республика мемл, кітап қоймасының міндеті жүктелді. Респ. мемл. кітапхананың директорлығында Қазақстанның белгілі мемл. қайраткері О. Қ. Жандосов болды. Дегенмен зор әлеуметтік өзгерістер мен республиканың саяси және экономик. даму жағдайында әлі де болса кітапханалар халық талабын қанағаттандыра алмады. Ол жөнінде Н. К. Крупская Қазақстан өлкелік партия комитетінің секретары Л. И. Мирзоянға кітапханалар санының өсуі, олардағы кітаптар саны және Қазақстан еңбекшілеріне қызмет ету сапасы бұқара еңбекшінің өсу талабынан әлдеқайда артта қалып отырғандығын, кітапханалар көбейгенмен әлі де аз екендігін, 1934 ж. 1933 жылға қарағанда кітап көп сатып алынған, бірақ ол Қазақстан еңбекшілерінің талабымен салыстырғанда теңіздің тамшысындай ғана екендігін жазды [Н. К. Крупская, пед. сочинения, т. 2. (доп.), М., 1963, с. 550-551]. Жыл сайын кітапханалардың материалдық базасын нығайтуға, кітапхана кадрларын даярлауға жағдай жасалып отырды. 1934 ж. Бүкіл одақтық кітапхана санағы бойынша, Қазақстанда 2984 мың дана кітап қоры бар 1049 кітапхана болса, 1940 ж. 4869 мың дана кітап қоры бар 3933 кітапхана жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысының қиыншылық жылдарында Қазақстан кітапханалары әскери-патриоттык жұмыс жүргізуде үлкен роль атқарды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда республикадағы кітапханалар қайтадан қалпына келтіріліп қана қоймай, олардың жұмысы күрделіленіп, саны көбейе түсті. 50 жылдары тың жерлерді игеруге байланысты кітапханалар саны күрт көбейіп. олардың кітап қоры арта түсті. 1959 ж. «Елімізде кітапхана жұмысынын барысы және оны жақсарту шаралары туралы» КПСС ОК-нің қаулысында кітапханалар жұмысын жақсартып, оларды жалпы және ғылыми-тех., кәсіптік білімнің орталығына, партия ұйымдарының еңбекшілергө коммунистік тәрбие берудегі тірек пункттеріне айналдырудың программасы белгіленді. 1960 ж. Алматыда Қазакстан кітапхана қызметкерлерінің 1000 делегат қатысқан 1-съезі өтті. Бұл кезеңде республика кітапханалары мәдениет және ғылым орталықтарына айналды. Кітапхана қызметкерлерінің қатары өз ісіне шебер, білімді кадрлармен толыға түсті. 1971 ж. Қаз. ССР-інің А. С. Пушкин атынд. мемл. кітапханасының жаңа үйі салынып бітті. Бұл республиканың мәдени өміріндегі елеулі уақиға болды. Кітапхананың кітап қоймасына 4 млн. дана кітап сияды және 1500 оқырмандар орны бар. Кітапханада одақтық, аймақтық, халықар. семинар, кеңестер, конференциялар өткізіледі. 1973 ж. одақтас республикалар мемл. кітапханалары директорларының бүкіл одақтық кеңес-семинары өтті. 1975 ж. Азия, Африка, Латын Америкасы елдері кітапхана қызметкерлерінің «Ұлттық кітапхапа жүйелерін жоспарлау» тақырыбында халықар. семинары өтті. КПСС ОК-нің 1974 ж. қабылданған «Еңбекшілерге коммунистік тәрбие беруде және ғылыми-тех. прогресті дамытуда кітапханалардың ролін арттыру туралы» қаулысы еліміздегі кітапханалар жұмысының мазмұнын байытып, сапасын арттыра түсуде зор роль атқарды.
Республикада 19 мың кітапхапа, оның ішінде 20 универсалдық ғылыми кітапхана, 9 мыңнан астам көпшілік кітапханасы (кітап қоры 160 млп. дана) бар. Кітапханалардың саны Совет өкіметі жылдарында 65 есе көбейді, ал кітап қоры 810 есе артқан. Егер 1913 ж. 50 мың адамға бір кітапханадан келсе, енді 1500 адамға бір көпшілік кітапханадан келеді (1978). Жыл сайын кітапханапар 9 млн.оқырманға қызмет етіп, 170-180 млн-ға дейін кітап, журналдар береді.
Республикада өндіріс орындарының, а. ш-ның, ғылымның дамуына байланысты арнаулы кітапханалар саны көбейіп, 1978 ж. 2900-ге жетті. Қаз. ССР ҒА-ның Орталык, ғылыми кітапханасы 5 мыңнан аса инженер-тех. қызметкерлерге қызмет көрсетеді, ғыл.-зерт. ин-ттарында 18 филиалы бар. Кітап қоры 3,8 млн. дана, оның 0,6 млн-ы шетел тілінде. Үлкен ғылыми-библиогр. информациялық жұмыс жүргізеді. Ғылыми және арнаулы кітапханалардың кітап қоры 58 млн. дана, ол - республика кітапханалары кітап қорының 30%-і. Республикада 500-ден аса ғылыми-тех. кітапхана, 260 жоғары және арнаулы орта оқу орындарының кітапханасы бар. 5 облыста жас өспірімдер кітапханасы ұйымдастырылды. Қаз. ССР Мәдениет мин-лігі қарауында 1978 ж. 617 балалар кітапханасы болды. Олардың кітап қоры 11482 мың дана, оқырмандар саны 900 мыңға жуық, жыл сайын 20 млн-нан аса кітап, журналдар беріледі. Республика кітапханалары шетелдермен байланыс жасап отырады. А. С. Пушкин атынд. Қаз. ССР мемл. кітапханасы Одақтағы 200 кітапханамен қатар, 27 шетелдің 55 ұйымымен байланыс жасайды. Кітапхана 430-480 дана шетел журналдарын алып отырады. Қаз. ССР ҒА-ның Орталық ғылыми кітапханасы 65 елдің 700 ғылыми мекемелерімен байланысады. Респ. ғылыми-тех. және обл. кітапханалар 42 елдің патенттік документтерін алады. 1975 ж. жеті елмен 50 жылдық патенттік кооперация жөнінде шарт жасалды (Ұлы Британия, ГФР, Жапония, Франция, Швейцария т. б.).
Басты кітапханалар: Қаз. ССР-інің А. С. Пушкин атынд. мемл. кітапханасы, Қазақ ССР ҒА-ның Орталық ғылыми кітапханасы, Қазақ ССР-інің балалар кітапханасы, Республикалық ғылыми-тех. кітапханасы, Алматының А. П. Чехов атынд. қалалық кітапханасы т. б.
Қазақстанда кітапханаларды бір орталықтан басқару ісіне көшірудің 1974-1980 жылдарға арналған жоспары бекітілген. Осы жоспар бойынша 1980 ж. республикада 263 орталықтан басқару жүйесі болуы керек. Кітапханаларды орталықтандырылған жүйеге көшіру ісі кітапханалардың жұртшылық арасында идеялық ықпалын арттырады, кітап қоры жақсарады, әр түрлі ведомстволарға қарайтын кітапханалар арасында байланыс, методикалық, информациялық- библиогр. көмек күшейтіледі. Қазақстанда 100-ден аса орталықтандырылған жүйемен жұмыс істейтін кітапхана бар (1978). Республикада 7 депозитарлық кітап қоры ұйымдастырылмақшы, олар Қаз. ССР А. С. Пушкин атынд. мемл. кітапханасында, ҒА-ның Орталық ғылыми кітапханасында, Респ. ғылыми-тех. кітапханада, Респ. соқырлар қоғамының кітапханасы жанында, Жамбыл, Орал, Солт. Қазақстан обл. кітапханасында болмақ. Кітапхана мамандарын республикада екі институт, екі кітапхана техникумы және жеті мәдени-ағарту техникумы даярлайды.
Мамандардың білімін жетілдіретіп обл. курстар, мәдени-ағарту қызметкерлері білімін жетілдіру ин-ты жұмыс істейді. Республикада үздік қызмет атқаратын 1107 кітапхана бар (1978). Кітапханаларға Мәдениет мин-лігі және ведомстволар басшылық етеді.
Музейлер. Ұлы Окт. соц. революциясына дейін Қазақстанда 3 қана музей болды. Революциядан кейін халықтың мәдениеті дамуына байланысты тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, республиканың тарихын көрсету мақсатында көптеген музейлер құрыла бастады. 1978 ж. Қазақстанда 47 музей, оның ішінде 29 өлке тану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 тарихи-революциялық, 4 өнертану, 1 этногр. музей және қоғамдық негізде жұмыс істейтін жүздеп астам музей болды.
1930 ж. Қаз. ССР-інің Орталық мемл. музейі құрылды. Барлық облыс орталықтарында тарихи-өлке тану музейлері ұйымдастырылған. Қарағанды және Шығ. Қазақстан облыстық өлкетану музейлерінде өлкенің революцияға дейінгі өткені, қазіргісі мен келешегін, КПСС 25-съезінің совет халқының алдына қойған міндеттерін бейнелейтін экспонаттар көптеп жиналған. Алматыда Археол. музейі, Қазақстан денсаулық сақтау және мед. тарихы музейі, Қаз. ССР-інің мемл. өнер музейі ұйымдастырылды. Мед. музейінде республикада денсаулық сақтау ісінің даму, қалыптасу кезеңдерін көрсететін материалдар жинақталған. Музейдің 12 залында 10 мыңға жуық экспонат бар. Музей халық медицинасының бай тәжірибесімен, сол сияқты Қазақстанның орта ғасырдағы ғалым-медиктерімен таныстырады. Революциядан кейінгі Қазақстандағы денсаулық сақтау ісі мен мед. ғылымының дамуы жөнінде материалдар мол қамтылған.
Көптеген обл. музейлер Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін көрсететін материалдар жинақтаған. Орал обл. өлке тану музейінде оралдық Совет Одағының батырлары жайлы фотоматериалдар бар және маршал К. Рокоссовскийдің Қаз. ССР-інің 25 жылдығына байланысты жолдаған хатының түп нұсқасы сақталған.
Республикада қоғамдық негізде жұмыс істейтін музейлер кең өріс алуда. Арқалық пед. ин-ты жанынан Ы. Алтынсарин музейі ұйымдастырылды. Павлодар обл-ның «Береговой» с-зындағы мектеп оқушыларының инициативасымен ашылған В. И. Ленин музейі көп жұмыстар жүргізді. Мектеп музейінде 2 мыңға жуық экспонат жинақталған. Музей үйі совхоз жұмысшылары және оқушылар мен оқытушылар күшімен салынған. Целиноград обл-ның Атбасар қ-нда ұйымдастырылған қоғамдық негізде жұмыс істейтін музейдің негізгі экспонаттары алғашқы тың игерушілерге арналған және Л. И. Брежневтің «Тың» атты кітабына байланысты материалдар жинақталған. Сонымен бірге қаланың тарихын бейнелейтін экспонаттар да музейдің маңызын арттыра түседі. Республикада мемориалдық музейлер едәуір дамып келеді. М. О. Әуезов, С. Мұқанов мемориалдық музейлерінің үлкен мәні бар. Әуезов музейі зор әдеби және ғылыми орталыққа айналған. Музей қызметкерлері М. Әуезов жөніндегі материалдарды жинау, сақтау ғана емес, қазақ совет әдебиетінің белгілі классигінің творчествосын насихаттау, монографиялар, оқулықтар, мақала жариялаумен де шұғылданады. Семей қ-нда Абай мемориалдық музейі, Көкшетауда В. В. Куйбышев, Орал обл. Чапаев қ-сында В. П. Чапаев, Форт-Шевченкода Т. Г. Шевченко, Алматы обл-нда Жамбыл мемориалдық музейлері бар. 1978 ж. Алматыда Кітап музейі ашылды. Республика музейлерінде 530 мыңнан аса экспонат бар (1978). Оның көпшілігі - аса құнды материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері. 1977 ж. музейлер 55 мыңнан аса экспонат жинады. Музейлерді көруге жылына 1 млн-нан артық адам келеді.
Басты музейлер: Қаз.ССР мемл. музейі, Қаз ССР Орталық мемл. өнер музейі, Қаз.ССР мемл. музей, М.О.Әуезов мемориалдық музейі, Жамбыл музейі т.б.
Мәдениет және демалыс парктері. 1866 ж. Верный қ-ндағы Кіші Алматы өзені бойында отырғызылған қазналық 12 гектар бақ 1935 ж. қайтадан қалпына келтіріліп, Қазақстандағы алғашқы астаналық орталық демалыс паркі ашылды. 1978 ж. республикада 124 парк болды. Ірі мәдениет және демалыс парктері - Алматыдағы М. Горький атынд. мәдениет және демалыс паркі, 28 гвардиялық панфиловшылар атынд. парк, Жамбылдағы В. И. Ленин атынд. мәдениет және демалыс паркі, Целиноград қ-ның мәдениет және демалыс паркі, Қарағандының ВЛКСМ-нің 30 жылдығы атынд. мәдениет және демалыс паркі т. б. Парктер бұқара халыққа коммунистік тәрбие беру, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру, эстетикалық талғамын және мәдени талаптарын қалыптастыру мақсатында түрлі саяси-көпшілік, мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Парктер жанында көркемөнер үйірмелері, түрлі клубтар, спорттық секциялар, ақылы курстар (музыка, хореографиялық, киім пішу және тігу, тоқу т. б.) ұйымдастырылады. Ірі парктердің жазғы эстрадалық театры, концерт-би залдары, кинолекторийлары, кітапхана, оқу залдары, ойын алаңдары мен залдары, тир, спорт алаңдары, каток, шаңғы базалары, қайық ст-лары, жүзу бассейндері мен пляждары, балалар қалашықтары т. б. болады.
Әдеб.: Джандильдин Н. Рассвет культуры и науки в Советском Казахстане, А.-А., 1956; Культура Советского Казахстана. сб. статей, А.-А., 1967; Канапин А., Культурное строительство в Казахстане, А-А.,1964; Сулейменов Р. Б., Басенов X. П. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов, А.-А., 1967; Даулетова Н. Универсальные научные библиотеки. А.-А., 1976.
Жарияланған-2024-04-06 18:28:02 Қаралды-305
COCO COLA ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Coca-Cola-ны 1886 жылы фармацевт Джон Пемертон ойлап тапты.
НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?
Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ТАРИХЫ
Әліпбилік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосқан деуге болады.
Кальмарлар ұша алады
Тынықмұхит кальмары – «ұшатын» мүмкіндігі бар, онқолды тұқымдастардың ішіндегі басаяқты ұлулар түрі.
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) - «Қазақстанның халық әртісі», «Халық қаһарманы», профессор, Жетісу күй мектебінің дарынды күйші-сазгері. Нұрғиса Алматы облысында дүниеге келген. Оның әкесі күйші, анасы әнші болған.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану