ҚАЗАҚ СРО ТРАНСПОРТІ
1917 жылғы дейін Қазақстанда жол салу ісі тым нашар дамыды. Оның ұшы-қиырсыз кесіліп жатқан даласын керуен сүрлеу соқпақтары ғана кесіп өтіп жатты. Мұнда көлік, арба, кей жерлерінде малға жүк арту неғұрлым көбірек таралды.
Қазақстандағы алғашқы темір жол - Покровская слобода - Орал арасында 1893 ж. салынған тар табанды линия. 1897 ж. Урбах - Астрахань (100 км), 1896 ж. Ооленок - Қарақоға (184 км), 1906 ж. Орынбор - Ташкент т. ж. салынды.
Қазақстанда 1913 ж. темір жолдың жалпы ұз. 2081 км болды. Линиялардың көпшілігі тұйық линиялар, ал Сібірдегі Орынбор - Ташкент және Урбах - Астрахань учаскелері транзитті магистралдар болды.
Т. ж. торабының жиілігі жағынан Қазақстан Россияда ең соңғы орындардың бірінде болды. 1000 км2-ге мұнда не бары 0,97 км темір жолдан келді, ал Россияның Европ. бөлігінде 11,3 км-деп келді. Қазақстанның ұланбайтақ территориясында темір жол болмады, мұның өзі оның өндіргіш күштерінің дамуына кедергі жасады.
Қазақстанда көптеген өзендер мен көлдер бола тұрса да су жолы қатынасы өте нашар пайдаланылды. Қазақстан территориясында ағып жатқан өзендердің Ертістің бір бөлігінен басқасы кеме қатынасына пайдаланылған жоқ. Каспий мен Арал теңізінде ғана шағын кеме қатынасы болды. Революциядан бұрынғы Қазақстанда су жолының жалпы ұзындығы бірнеше мың км болды, ал жүк тасымалының айналымы 400 мың тоға жетті.
Революцияға дейін Қазақстанда автомоб. транспорты болған жоқ. Жүріп-тұруға жарамды тас жол болмады. Совет өкіметі жылдары Қаз. ССР-інің халық ш-ның өркендеуіне байланысты республика транспорт құрылысы, әсіресе т. ж. транспорты құрылысы мықтап өркендеген негізгі аудандарының біріне айналды.
Азамат соғысы мен бүліншіліктің ауыр зардаптарына қарамастан, Қазақстанда В. И. Лениннің бастамасымен 1921-1924 ж. аралығында-ақ 457 км жаңа темір жол салынды. 1925-1928 ж. Солт. Қазақстанда Петропавл - Көкшетау - Бурабай т. ж. линиясы (264 км) пайдалануға берілді. Бұл линия республиканың бай да құнарлы аудандарынан астық тасуға мүмкіндік берді. 1-бесжылдық кезінде (1929-1932) Түркістан - Сібір т. ж. құрылысы аяқталды.
Түрксіб құрылысы шетел капиталынсыз және бурж. ғалымдар мен мамандар пайдаланылмай өз күшімізбен салынды. Түрксіб Қазақстанның шаруашылық, саяси және мәдени өмірін өркендетуде орасан зор роль атқарды. Ол Жетісу, Орта Азия республикалары мен Сібір арасында т. ж. қатынасын орнатты. Соның нәтижесінде Сібір көмірін және астығын Орта Азияға, ал Орта Азия мақтасы мен мұнайын Сібірге жеткізетін төте жол ашылды.
Қазақстанда Түрксібпен бір уақытта дерлік тағы бір ірі магистраль - Бурабай - Ақмола - Қарағанды т. ж. линиясы салынды, бұл Қарағанды көмірін Оралдың металлургия з-дтарына жеткізуге жол ашты.
1-бесжылдықтың аяғында Қазақстанда 5627 км жол болды.
2-бесжылдықтың аса маңызды құрылыстары: Қарағанды - Балқаш, Орал - Елек, Рубцовка - Риддер (Лениногор) т. ж. линиялары. 3-бесжылдықта Қарталы - Ақмола, Қандыағаш - Гурьев, Қандыағаш - Орск т.ж. пайдалануға берілді.
Жаңа линияларды жедел салудың нәтижесіде темір жолдың пайдаланылу ұз. 1940 ж. 6581 км болды (қ.1-кесте).
Икемділігі жоғары және негізінен алғанда республиканың ішкі тасымалына қызмет ететін автомобиль тасымалының пайда болуы автомоб. жолдарының салынуына, оның ішінде қатқыл табанды жолдардың салынуына себеп болды. Автомоб. жолдарының ұзындығы жағынан Қазақстан Одақта 3-орын алады, яғни жолдың жалпы одақ көлеміндегі ұзындығының 8%-іне жуық (2-кесте).
Жалпы ұз. 111,5 мың км болатын автомоб. жолдарының 55,0 мың км немесе 49,5%-і қатқыл табанды жолдар, оның ішінде жетілдірілген қатқыл табанды жолдардың ұз. 22,1 мың км. Жалпы мемл. маңызы бар жолдар барынша қолайлы етіп салынған, ал республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың да қолайлылыгы олардан кем емес. Облыстық және жергілікті маңызы бар қатқыл табанды жолдарға көбінесе ұсақ тас төселген жолдар жатады, бұлар өзінің тех. дәрежесі жағынан жақсартылған қара жолдарға көбірек ұқсас келеді.
1-кесте. Қаз. ССР жол қатынастарының жалпы одақтың көпемдегі үлес салмағы (мын км)
Қатынас жолдарының түрлері |
Жолдардың ұзындығы (1975ж., 1 янв.) |
Жалпы одақтық көлеміне шаққанда, % |
|
---|---|---|---|
СССР бойынша |
Қаз.ССР бойынша |
Қаз. ССР бойынша мәліметтер |
|
Темір жолдар |
137,5 |
14,1 |
10,2 |
Автомобиль жолдары |
1421,6 |
96,7 |
8,0 |
Оның ішінде: |
|
|
|
қатқыл табанды жолдар |
628,3 |
58,4 |
8,7 |
Су жолдары |
146,3 |
4,8 |
3,7 |
Әуе линиялары |
798,0 |
80,0 |
9,3 |
Құбырлар (мұнай құбырлары) |
53,0 |
3,0 |
5,5 |
2-кесте. Қаз. ССР жол қатынастарының дамуы
|
Транспорт жолдарының пайдаланылу ұзындығы, (мың км) |
||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1813 |
1940 |
1950 |
1965 |
1970 |
1975 |
1978 |
|
Темір жолдар |
2,081 |
6,6 |
11,5 |
12,4 |
13,7 |
14,12 |
14,19 |
Оның ішінде: электрлендірілгені |
- |
- |
- |
0,4 |
1,3 |
1,3 |
1,28 |
Өнеркәсіп орындарының темір жолдары |
- |
0,9 |
4,2 |
4,9 |
5,5 |
6,19 |
7,11 |
Кеме жолдары |
2,9 |
4,5 |
5,8 |
5,8 |
5,8 |
4,8 |
4,8 |
Автомобиль жолдары |
- |
106,8 |
108,3 |
108,1 |
110,3 |
96,7 |
97,4 |
Оның ішінде: қатқыл табанды жолдар |
0,10 |
1,5 |
11,2 |
24,4 |
41,1 |
58,4 |
66,9 |
Әуе лининлары |
- |
17,0 |
45,0 |
67,7 |
74,8 |
80,0 |
82,0 |
Құбырлар |
- |
- |
0,7 |
0,7 |
1,5 |
3,0 |
3,0 |
Автомоб. жолдарының қазіргі бар жүйесі республика халық ш-ның тілектерін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан автомоб. жолдарының қолда бар жүйесін автомобиль жүк тасымалы мен жолаушы тасымалының өскелең қажетіне сай келтіру үшін жаңа жолдар салу және бұрыңғы жолдарды жөндеу жұмыстары белгіленіп отыр, мұның өзі автомоб. жолдарының магистральдық жүйесінің қалыптасуын аяқтауға мүмкіндік береді (жүк пен жолаушылар тасымалы серпінінің өсуін қ. 3-кесте).
3-кесте. Жүк және жолаушы тасымалдарының өсуі
Транспорт түрлері |
Тасылған жүктер (млн. т-км) мен жолаушылар (млн. адам) |
||||||
1913 |
1940 |
1960 |
1965 |
1970 |
1975 |
1978 |
|
Жүк тасымалы |
|||||||
Темір жол транспорты |
|
|
|
|
|
|
|
Женелтелгені |
0,6 |
15,52 |
92,9 |
130,3 |
187,0 |
258,9 |
280,4 |
Келгені |
0,5 |
12,2 |
81,1 |
115,5 |
149,8 |
203,9 |
205,0 |
Автомобиль транспорты |
- |
27,6 |
657,5 |
812,9 |
1084,5 |
1489,1 |
1600,3 |
Өзен транспорты |
0,5 |
0,6 |
2,6 |
3,9 |
5,9 |
7,6 |
9,6 |
Әуе транспорты |
- |
- |
- |
0,04 |
0,06 |
0,08 |
0,08 |
Құбырлар |
- |
- |
1,3 |
1,3 |
12,4 |
30,0 |
30,0 |
Жолаушы тасымалы |
|||||||
Темір жол транспорты (транзитсіз) |
- |
9,9 |
13,1 |
16,1 |
20,9 |
23,5 |
24,8 |
Автомобиль транспорты |
- |
10,3 |
589,6 |
1278,6 |
1926,7 |
2634,9 |
2875,7 |
Қала аралық тасымалдар |
- |
- |
32,2 |
103,2 |
214,9 |
223,8 |
138,4 |
Өзен транспорты |
- |
0,2 |
0,2 |
0,4 |
1,1 |
1,6 |
2,2 |
Әуе транспорты |
- |
- |
1,3 |
3,0 |
4,4 |
6,2 |
6,1 |
Теміржол транспорты. Қазақстан транспортының негізгі түрі - т. ж. транспорты, оның үлесіне барлық транспорт жұмысының 90%-ке жуығы келеді. Республика т. ж. транспорты жүйесінің сипатты бір ерекшелігі - ол жоғары магистральдандырылған. Қазақстан территориясы арқылы еліміздің шығ. аудандары мен бат. аудандарын (Транссібір магистралы, Оңтүстік - Сібір магистралы, ал Орта Сібір магистралының құрылысы аяқталуға таяу) шығ. аудандары мен Орта Азияны (Түрксіб), еліміздің Европ. бөлігіндегі аудандары мен Орта Азияны (Орынбор - Ташкент магистралы) байланыстырып жататын ең ірі магистральдар өтеді. Соғаң қарамастан жергілікті маңызы бар жолдар әлі де жеткіліксіз. Сондықтан Қазақстанның кейбір аудандарында әзірге өзара байланыс жасайтын қолайлы т. ж. қатынасы орнатылмай отыр. Т. ж. торабы жиілігінің жеткіліксіздігі жаңа т. ж. құрылысын керек етті. Соңғы жылдары т. ж. торабы едәуір өсті. Бірқатар аса маңызды т. ж. жүйелері, атап айтқанда, Мақат - Шевченко, Гурьев - Астрахань линиясы салынды, бұлар Батыс және Шығ. Сібір жүктерінің тікелей Кавказға жеткізілуіне жол ашады; Мойынты - Шу т. ж. Қазақстанның орт. аудандарын Орта Азпя республикаларымен тікелей байланыстырады.
9-бесжылдықта республика темір жолының пайдалану ұзындығы тағы да 600 км-ге ұзарды. Жаңадан Балқаш - Саяқ, Бейнеу - Қоңырат, Көкшетау - Володарское линиялары іске қосылды. Целиноград - Павлодар, Целиноград - Көкшетау, Мойынты - Шу бағытында екінші жолдардың және екі қатарлы жол тармақтарының құрылысы қарқынды жүргізілді, бұлардың жалпы ұз. 785 км-ден асып түседі.
Сөйтіп, 1975 ж. т. ж. торабының пайдаланылу ұз. 14,12 мың км-ге жетті, яғни 1913 жылмен салыстырғанда 7 еседен астам өсті. Бұл жылдары автоблокировкамен және диспетчерлік орталықтандыру жабдықтарымен жабдықталған учаскелердің ұзындығы пайдаланылу ұзындығының 60%-і болды, автоматтық сигналдандыру 42%, поезд радио байланысы 90%. Өткен бес жылда 2 ТЭ 1 ОЛ сериялы тепловоздар жолға шықты, бұл локомотивтер 4 мың км-ден астам жолда жүк-жолаушы тасымалын жүзеге асырады. Локомотивтердің прогрестік түрлерінің кеңінен енгізілуі жүріс шапшаңдығын арттырып қана қойған жоқ, сонымен қатар поездардың салмақ нормаларын да көбейтті. Қазіргі кезде 5,2-6 мың т-лық поездарды жүргізу игерілді.
Т.ж. транспортының материалдық-тех. базасының нығаюы 9-бесжылдықта жоспардан тыс 12 млн. т халық ш. жүгін жөнелтуге және тасымал көлемін 252,0 млн. т-ға жеткізуге мүмкіндік берді.
4-кесте. Жүк және жолаушылар айналымының өсуі
Жылдар |
Транспорттың жалпы айналымы және жолаушы айналымы, млн.т-км және жолаушы км |
Транспорттың негізгі түрлері бойынша жүк айналымы мен жолаушы айналымы |
||
Темір жол, млн. т-км, жолаушы км |
Автомобиль, млн.т-км, жолаушы км |
Су жолы, т-км және жолаушы км |
||
Жүк айналымы |
||||
1960 |
128759,0 |
118065,0 |
9689,0 |
9700 |
1970 |
237436,0 |
217503,0 |
17778,0 |
2156,0 |
1975 |
316000,0 |
310952,0 |
26268,0 |
2419,0 |
1978 |
373835,0 |
340302,0 |
30148,0 |
3385,0 |
Жолаушы айналымы |
||||
1960 |
21128,0 |
9228,0 |
1910,0 |
18,0 |
1970 |
26156,0 |
13235,0 |
12994,0 |
76,0 |
1975 |
35549,0 |
14469,0 |
20988,0 |
92,0 |
1978 |
37712,0 |
14806,0 |
22811,0 |
95,0 |
Республиканың өндіргіш күштерін орналастырудағы өзгерістер, экономик. аудандарын мамандандырудың тереңдеуі, транспорттық-экономик. байланыстарының ұлғаюы қоғамдың өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бірқатар жағдайларда мұның өзі жүк тасымалының орта қашықтығының артуымен қатар жүргізіледі. Алайда тех. прогрестің ықпалы, трчнспорт процесін ұйымдастырудың жетілдірілуі жол жұмысының тех.-экономик. көрсеткіштерін жақсарта түсуге тиіс.
Автомобиль транспорты. Революцияға дейін Қазақстанда шын мәнінде қазіргідей автомоб. транспорты болған жоқ. 1910 ж. мұнда шетелдік маркалы 20 шақты автомобиль, 12 мотоцикл болды, бұлар ат төбеліндей бай адамдардың сән-салтанатына пайдаланылды.
1921 жылдан бастап Қазақстанда автомоб. тасымалы халык ш. Маңызға ие бола бастады. Елімізде жағдайдың қиындауына байланысты Ақмола даласына 413 автомобильден құралған экспедиция жіберілді, бұлар 2,5 млн. пұтқа жуық астық жинады. 1926 ж. 1 октябрьде 129 автомобиль болды. 30 жылдардың бас кезінде Қазақ өлкелік тұтыну одағы мен астық дайындау мекемелері жүйесінде (алыстағы дайындау пункттерінен астық тасу үшін) автомоб. шаруашылығы құрылды.
1939 ж. республика автомоб. транспорты халкоматының құрылуы республикада автомоб. транспортының дамуына үлкен ықпал етті. Оның қарауында 1940 жылдың өзінде 27 мың автомашинасы бар 18 автомоб. шаруашылығы болды. Кейінгі жылдары жылжымалы құрамның өнімділігін арттыруды, тасымалдың өзіндік құнын кемітуді, транспорт шығындарын азайтуды қамтамасыз еткен транспорт процесін ұйымдастырудың озат формаларын игеру ісі қолға алынды.
Республика автомоб. транспортының жүк айналымы соңғы 15 жылдың (1960-1975) ішінде 2,6 есе өсті, сөйтіп оның үлесіне еліміздегі автомоб. транспорты жүк айналымының 8%-ке жуығы тиді (қ. 5-кесте).
1960-1975 ж. арасында жүк паркінің саны 20% артты. Автомобильдің барлық түрлерінің саны өсті. Барлық автомобильдің 36%-і а. ш. саласында, 14%-і құрылыста, 12%-і өнеркәсіпте, 4%-і сауда салаларында істейді.
Автомоб. транспортының тасымал қабілетін арттырудың маңызды резерві тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қолдану. 9-бесжылдықтың ішінде тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар шаруашылықтардың саны 5%-ке, ал олардағы тіркеуіштер мен жартылай тіркеуіштердің саны 48%-ке артты. 15 жылдың ішінде автомобиль паркінің өнімділігі орташа тізімдегі автотонна есебімен тонна-километрге шаққанда 74%-ке өсті.
Автомоб. транспортын ұйымдастырудың прогрестік жүйесінің бірі - орталықтанған тасымалды ұйымдастырып кеңінен қолдану, мұның көлемі 1975 ж. 5 еседен астам артты. Соңғы 10 жылда қала аралық қатынас тасымалы 6 еседен астам, ал жүк айналымы 5 есе өсті. Тіркемелермен тасылған жүк айналымы 15 жылда 14 есе, ал тасымал көл. 12 есе артты.
Автомоб. транспортының техникамен қайта жарақтануы оның үнемділік дәрежесін едәуір көтеруге мүмкіндік берді. 1960-975 ж. тасымалдың өзіндік құны 10 т-км-те 71 тиыннан 67 тиынға дейін кеміді.
5-кесте. Автомобиль транспорты мен автомобиль жолдары дамуының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
1940 |
1960 |
1970 |
1975 |
1978 |
---|---|---|---|---|---|
Жүк айналымы, млн. т-км. |
518 |
9815,0 |
17946,0 |
26268,0 |
30148,0 |
Тасылған жүк, млн. т |
27,6 |
657,5 |
1084,5 |
1489,1 |
1600,3 |
1 т жүк тасымалының орта қашықтығы, км |
18,8 |
14,9 |
16,5 |
17,6 |
18,8 |
қатқыл табанды автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км |
1,5 |
11,2 |
41,1 |
58,4 |
66,9 |
1 км-ге келетін жүк салмағы, мың т-км |
- |
876,3 |
436,6 |
444,3 |
448,0 |
10 т-км жүктің өзіндік құны, тиын |
- |
71 |
72 |
67 |
70,0 |
Өзен транспорты. Қазақстанда су транспортының өзара байланысты жүйесі жоқ. Өзен транспорты еліміздің көптеген аймақтарындағы сияқты онша үлкен роль атқармайды. Алайда темір жолдары, қатқыл табанды автомоб. жолдары жоқ аудандарда өзен транспорты едәуір роль атқарады, шығынды біршама аз жұмсай отырып, маңызды халық ш. міндеттерді шешеді.
Жүк тасымалы айналымының көлемі жағынан өзен транспорты республиканың жалпы транспорт жүйесінде 3-орын алады. Ол аудан аралық, аудан ішіндегі және облыс ішіндегі қатынастарды жүзеге асырады.
Сыртқы қатынастар негізінен алғанда Омбы және Тюмень обл-тарымен Ертіс арқылы жүзеге асырылады; бұл облыстар Қазақстаннан көбінесе құрылыс материалдарын алады, ол облыстардан бері қарай ағаш пен мұнай өнімдері тасылады.
Соңғы жылдары республиканың өзен транспортында оның материалдық-тех. базасын қайта құру және онан әрі ұлғайту жөнінде көптеген шаралар жүзеге асырылды. Жолаушылар үшін вокзалдары бар өзен порттары, аймақтар және кеме жөндеу шеберханалары салынды. Транспорт флоты жаңа жолаушы кемелерімен, буксирлермен, баржалармен толықтырылды.
Транспорт флотының толықтырылуы және оны пайдаланудың жетілдірілуі, порттарды қазіргі заманғы жаңа техникамен жарақтандыру есебінен флотты кеңейту ісінің тездетілуі, транспорт процестерінің прогрестік технологияларын (кемеңі итеру әдісімен жүргізу, жұмысты баржа командаларынсыз жүргізу, бірнеше мамандықты қоса атқару, баржа тіркемелері бар өздігінен жүретін құрғақ жүк тиелген кемелердің жұмысы т. б.) кеңінен енгізу жүк және жолаушы тасымалын едәуір арттыруға мүмкіндік берді (қ. 6-кесте).
1975 ж. өзен транспорты 7,6 млн. т халық ш. жүгін тасыды. Жүк тасымалы айналымы өзен жолдарының пайдаланылу ұзындығының шамалы ғана артуына қарамастан осынша өсті (1940 жылғы 4,5 мың км-ден 1975 ж. 4,8 мың км-ге ұзарды). Мұның өзі жолдың әрбір километрін қарқынды пайдалануға мүмкіндік туғызды.
Жолаушылар тасымалының өсуі негізінен алғанда кеме жүзу шапшаңдығының артуыпа және жолаушыларға қызмет көрсетудің жақсартылуына байланысты. Жолаушылар тасымалы ірі бөгендерде тез өсуде, ондай бөгендердің саны да көбейіп келеді. Мұнда барлық жағынан жақсы жетілдірілген кемелерді пайдалануға толық мүмкіндік бар.
Жолаушылар тасымалына қарағанда жолаушылар айналымының аз өсуі тасымалдың қала маңында және қала ішінде көп болуына байланысты, мұнда жүріс-тұрыстың орташа қашықтығы ұзақ емес.
Транспорттың басқа түрлеріне қарағанда өзен транспортында күрделі қаржы жұмсау, металл, отын жұмсау жөніндегі көрсеткіштер неғұрлым төмен болады. Өзен транспортында тасымалдың өзіндік құны республика жағдайының өзінде де үнемі кеміп келеді.
Өзен транспортының материалдық-тех. базасының қайта құрылуы жүк тасымалының экономик. тиімділігінің артуына алғы шарттар жасады. 1940-1975 ж. еңбек өнімд. 5 еседеи астам өсті.
10-бесжылдықта өзеншілердің алдына өзен жолдары мен транспорт флотын пайдалану тиімділігін онан әрі көтеру, порттардың, айлақтардың және кеме жөндеу кәсіпорындарының жұмыстарын жақсарту жөнінде үлкен міндеттер қойылды.
6-кесте. Көпшілік пайдаланатын өзен транспорты дамуынын негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
1940 |
1960 |
1970 |
1975 |
1978 |
---|---|---|---|---|---|
Тасылған жүктер. млн. т |
0,6 |
2,6 |
5,6 |
7,6 |
9,6 |
Жүк айналымы, млрд. т-км |
0,2 |
0,9 |
2,2 |
2,4 |
3,3 |
Тасымалдың орта қашықтығы, км |
340 |
377 |
382 |
320 |
351 |
Тасылған жолаушылар, млн. адам |
0,2 |
0,2 |
1,1 |
1,7 |
2,2 |
Жолаушылар тасымалының айналымы, млрд. жолаушы |
0,5 |
0,1 |
0,8 |
0,9 |
0,95 |
1 жолаушы жүрісінің орта қашықтығы, км |
- |
- |
67 |
55 |
53 |
Тасымалда істейтін 1 жұмысшының еңбек өнімділігі, т |
141 |
455 |
886 |
1002 |
1327 |
Тиеу, түсіру жұмыстарын механикаландыру дәрежесі, % |
33,0 |
97,6 |
99,6 |
99,9 |
99,9 |
Құбыр транспорты. Қазақстанда құбыр транспортының дамуы Жем мұнайын Каспий теңізінің жағасына ағызып жеткізу үшін 1911-15 ж. Доссор кәсіпшілігінен Ракуши портына дейін (60 км) мұнай құбырын салудан басталады.
1935 ж. ұз. 710 км (қазір 894 км) Гурьев - Орск магистральды құбыр және жалпы ұз. 164 км бірнеше жалғастырмалы құбыр салынды. Бұл құбырлар Гурьев және Орск мұнай өңдеу з-дтарын (МӨЗ) Жем мұнайымен жабдықтап отырады. 1966 ж. Өзен – Ақтау мұнай құбыры (жалпы ұзындығы 145 км) пайдалануға берілді. Бұл құбыр Өзен мұнайын теңізге қарай және онан әрі ағызып жеткізеді.
Құбыр транспорты дамуының келесі кезеңі 1969 ж. Өзен – гурьев мұнай құбырының (684 км) салынуы болды, ол кейін 1970 ж. Куйбышевке дейін (1,5 мың км-ге жуық) ұзартылды. Бұл Маңғышлақ мұнайын Гурьев және Куйбышев мұнай, өңдеу з-дтарына ағызып жеткізеді.
Осы мұнай құбырларының пайдалануға берілуі нәтижесінде республика бойынша тасымалдың жалпы көлемінде мұнай тасымалының үлес салм. 1975 ж. 96% болды, яғни тек мұнайдың арнаулы сорттары ғана темір жолмен жөнелтілді.
Респ. территориясы арқылы аса ірі - Бұхара - Орал, Орта Азия - Орталық және Бұхара - Ташкент - Фрунзе - Алматы газ құбырлары өтеді.
Республикадағы мұнай өнімдері құбыры транспортына Солт. Қазақстан обл. бойынша өтіп жататын «Уфа - Омбы» мұнай өнімдері құбыры жатады.
Әуе транспорты. 1926 ж. Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан аспанға ПО-2 самолеті көтерілді.
1929 ж. осы аэропорттан шағын бір самолет көтеріліп, Москваға бет алды.
Бұл республикадағы алғашқы жолаушы авиатрассасы еді. Тұрақты әуе қатынасы осы кезден басталды.
1970 ж. әуе линиясының ұз. 75 мың км-ге жуық болды. Қазіргі кезде әуе линиясы Қазақстан астанасын барлық одақтас республикалар астанасымен және еліміздің ірі өнеркәсіпті қалаларымен байланыстырады. 1977 жылдан дыбыс жылдамдығынан да тез ұшатын Ту-144 жолаушы самолеті СССР-де бірінші рет Алматы - Москва аралығында ұша бастады. Республиканың аудан, облыс орталықтары өзара авиалиниялар арқылы байланыс жасайды. Республика әуе линияларының ұзындығы 1975 ж. 80,0 мың км болды (жалпы одақтық линиялар ұзындығының 11%-і).
1975 ж. әуе транспортының өндірістік қорлары 1970 жылмен салыстырғанда 92,6% өсті. 9-бесжылдықта самолет паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе линияларында қазіргі замангы ұшқыр самолеттер: Ил-62, Ту-134, Як-40 ойдағыдай пайдаланылып келеді. Республиканың әуе транзисторы үшін бұл кез үлкен құрылыс жылдары болды.
1970-1975 ж. жұмсалған күрделі қаржы 78 млн. сом болды, мұның өзі 1965-1970 жылдармен салыстырғанда - есе көп. Тұтас алғанда республика бойынша әуе транспортына жұмсалған күрделі каржы одак, бойынша жұмсалған қаржының 6,5%-і болды. Жаңа техниканың қолданылуын есепке алғанда аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Қазақстанның магистральдық және жергілікті әуе линияларында 17 аэропорт пен аэровокзал қатарға қосылды. Самолеттерді қондыру жәие қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық және жарыққа негізделген тех. құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар істелді. Агенттіктер мен аэрофлот кассаларының жүйесі ұлғайды. Елімізде тұңғыш рет қолданылған көпшілікке қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі - «Сирена» ойдағыдай қызмет атқарып келеді.
Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1978. -Б. 360-365.
Жарияланған-2024-03-16 18:10:16 Қаралды-338
ЯДРОЛЫҚ ҰРЫС ЖАБДЫҚТАРЫ
Ядролық ұрыс жабдықтары - зақымдаушы әрекеті ядролық жарылыстың энергиясын пайдалануға негізделген ұрыс жабдықтары.
РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?
Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана.
БАЛЫҚШЫ ТҰЙҒЫН
Балықшы тұйғын - қарағайлы орманның қарақшысы атанған батыл әрі жыртқыш құс. Ұясын биік кәрі ағаштың бұтақтарының діңге жақын жеріне салады. Сондықтан оны табу өте қиын. Ұясының ішіне жіңішке бұтақтарды төсейді.
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
ҚАЗАҚТЫҢ ТӘТТІ МАҢЫЗЫ (КРЕМ)
Қант суға ерітіліп, 20-30 минут бойы қою шырын пайда болғанша қайнатылады.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану