UF

Ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық қайта құрылуы. Ұлы Окт. революциясының жеңуі деревня мен ауылда жер қатынастарын қайта құрудың, езілген шаруаларды байлар мен кулактардың құлдығынан азат етудің басты шарты болды. «Жер туралы декрет» жерге жеке меншікті ешқандай ақы төлемей жоюды, оны бүкіл еңбекші шаруалардың пайдалануына тегін беруді жариялады. Қазақстан еңбекшілері 80 млн. га-дан астам егістік және шабындық жерлерді тегін пайдалануға алды.

Республикада жер туралы алғашқы советтік заңдарды жүзеге асыруда агр. қатынастардың ерекшеліктері еске алынды. Еңбеккер шаруалардың социализмге өтуі үшін белгілі әлеуметтік-экономик. жағдайлар жасау қажет болды. Республиканың территориясында рев. агр. шаралар жүргізілді. Жер-су реформасының үлкен маңызы болды. Бұл реформа патриархалдық-феод. қатынастардың және отарлық-езушілік қалдықтардың жойылуына қарай бірте-бірте жүргізілді. Реформаның жүзеге асырылу барысында кедейлер тұқым, жем, астық, мал т. б. жөнінен көмек алды.

Жер-су реформасын жүргізу шаруашылықтың коллективтік формасын жүзеге асыруға жол ашты. Батырақтар мен кедейлер бай мен кулактарды конфискелеу нәтижесінде алған жер мен құрал-саймандарды қоғамдастыру экономик. жағынан тиімді деп санады. Жер-су реформасы жұмысшы табы мен шаруалар одағын нытайтты. Патша өкіметінің отаршылдық мұрасының жойылуы, іс жүзінде теңдіктің орнауы, жерге орналастыру жұмыстары өлкеде егіншіліктің онан әрі өркендеуінің пәрменді факторы болды. Алайда 1921-1922 ж. жер-су реформасы ауылда байларды түп тамырына дейін жойған жоқ, тек тежеу салды. Байлардың күш жаоауына тыйым салып, жер пайдаланудағы теңсіздікті жою үшін егістік пен шабындықты кедейлер пайдасын көздей отырып, қайта бөлу ісі жүзеге асырылды.

1926-1928 ж. қайта бөлістің нәтижесінде шаруалар қарауына 2,5 млн. гектардан астам егістік және шабындық жер берілді. Бұлардан кедейлердің пайдалануына 700 мың га-дан астам (51%) шабындық және 242 мың га (58%) егістік берілді. Орташалар 339 мың га (25%) шабындық және 400 мың га-ға жуық (32%) егістік алды. Шабындық пен егістіктің қайта бөлінуі кедейлердің шаруашылығын нығайтуда үлкен роль атқарды, Қазақстан а. ш. өндіргіш күштердің өсуіне жол ашты және қазақ аулын соц. жолмен қайта құруға негіз дайындады.

Республиканың а. ш-н әлеуметтік-экономик. қайта құруда бай-феодалдардың мал-мүлкін конфискелеу үлкен роль атқарды. Ол а. ш-нда феод.-патриархалдық қатынастарды жоюға жағдай жасады. Әлеуметтік-экономик. шаралар Қазақстан а. ш-н коллективтендіруді ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік туғызды. Коллективтендіру, бүкіл еліміздегідей, өндіріс құрал-жабдығына меншік формасын өзгертті, оның негізінде ауыл мен деревняда өндірістік қатынастар түбірінен өзгерді. Қазақстанда а. ш-н қайта құру барысында мал шаруашылығындағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды отырықшыландыру және жеке шаруаларды колхозға біріктіру сияқты екі тарихи міндет шешілді. Мұның нәтижесінде 400 мыңға жуық шаруашылық (қожалық) отырықшы тұрмысқа ауысты.

Шаруашылықты жүргізудің өте артта қалған экстенсивті формаларынан неғұрлым озат интенсивті формаларына көшу шаруалар шаруашылықтарын кооперативтендіруге алғы шарттар жасады. Қазақстанда кооперативтендірудің қарапайым түрлері: серіктік, фактория, тұтыну кооперациялары, жер өңдеу серіктігі, мал өсіру серіктігі т. б. кеңінен қолданылды. Бұлар деревняда коллективтік құрылыстың өтпелі сатысы ретінде шаруаларды біріктірудің, оларды коллективизм идеясына, социализм идеясына тартудың неғұрлым оңай, ұғымды формалары болды.

Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі аудандарында алғашқы кезде коллективтік шаруашылықтың төменгі формаларының бірі - жерді қоғамдасып өңдеу серіктігі (ТОЗ) неғұрлым кеңінен тарады. Шаруалар бірігудің қажеттігін түсіне отырып, шаруашылықты коллективтік негізінде жүргізудің артықшылығына іс жүзінде көзі жетті. Серіктіктердің басты міндеті - шаруашылықты коллектив болып жүргізуге шаруаларды бірте-бірте тарту еді. Гурьев, Ақтөбе, Алматы, Шығ. Қазаңстан обл-тарында жер серіктігі, мал серіктігі неғұрлым көп тарады. Қазақстанда 1929 ж. аяғында мыңға тарта серіктік ұйымдастырылды.

А. ш-н коллективтендіру - социализм құрылысының экономик. міндеттерінен туатын объективтік қажеттілік. Коллективтендіру жұмысы бүкіл елімізде біртұтас, жалпы процесс еді. Дегенмен Қазақстан а. ш-н коллективтендірудің өзіне тән ерекшеліктері болды: біріншіден, а. ш-н коллективтендіру жұмысшы табының, одақтық үкіметтің кемегімен жүзеге асырылды, екіншіден, коллективтендіруді жүзеге асыру үшін бұл процестің материалдықта, әлеуметтік-экономиқта алғы шарттарын неғұрлым ұзақ даярлау керек болды, үшіншіден, Қазақстан а. ш-н коллективтендіруде байлар-феодалдар жанталасқан таптық қарсылықтар көрсетті, төртіншіден, Қазақстанда коллективтендіру жұмысы экономикадағы, тұрмыстағы, адам санасындағы патриархалдың-феод. сарқыншақтарды жою жөніндегі қосымша шаралар қолданумен байланысты болды, бесіншіден, Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын кеңінен отырықшыландырмайынша коллективтендіру міндетін ойдағыдай шешу мүмкін болмады.

Жаппай коллективтендіру ісін жүзеге асыру капит.-феод. элементтерге берілген соңғы соққы еді, өйткені, колхоздардың құрылуына байланысты барлық жерлерде феод.-рулық қатынастар жойылды, қоғам өмірінің барлық сфераларында жаңа соц. өндірістік қатынастар орнады.

СССР-де, оның ішіңде Қазақстанда а. ш-н коллективтендіру практикасы Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдардың өзінде-ақ лениндік кооперат. жоспардын, салтанат құрғандығын, ұсақ шаруалар шаруашылығына және ірі капит. шаруашылықтарға қарағанда колхоз құрылысының артықшылығы орасан зор екендігін көрсетті. Республика а. ш-нда колхоздармен қатар совхоздар түріндегі мемл. сектор құрыла бастады. Олар өзінің пайда болуының алғашқы күндерінен бастап-ақ соц. егіншілік пен мал шаруашылығының шынайы тірегіне айналды. Бүкіл Совет Одағындағыдай, республика а. ш-н қайта озгертуде МТС-тер тарихи роль атқарды. Мұның өзі бұрынғы көшпелі елді агротехниканы қолдануға үйретті, колхоздарды ұйымдық жағынан нығайту және колхозшыларды саяси тәрбиелеу жөнінде аса зор жұмыстар жүргізді.

Қазақстанның өзіне тән жағдайында колхоздар үлкен және күрделі жолдан өтті. Өткен ондаған жылдар а. ш-н ұйымдастырудың колхоздық формасының өміршеңдігін барынша дәлелдеп берді. Колхоз құрылысы қазақ ауылына жаңа өмір, сауаттылық және мәдениеттілік әкелді. Ол шаруалардың еңбек жағдайын түбірінен өзгертті, өндіріс барысында олардың қарым-қатынасын жаңартты. Ондаған мың колхозшылар қоғамдық еңбектің жаңашылдары болды. Олар колхозда коллективизмнің тамаша мектебінен өте отырып, қоғамдық шаруашылықты нығайтты.

Қазақстанның колхозшы шаруалары соғысқа дейінгі дәуірдің өзінде-ақ ірі-ірі табыстарға жетті. 1940 ж. Қазақстанда 7207 колхоз болды. Олар республиканың совхоздарымен бірлесе отырып, егістіктің 99%-ін екті, ірі қара малдың 56%-ін, шошқаның 55%-ін, қой мен ешкінің 76%-ін иемденді. Бұл жылдары егістік көлемі 1913 жылғы 4172 мың га-дан 6 809 мың га-ға өсті.

Республика а. ш-ның даму жолын айтқанда, оның соғыстан кейінгі дәуірде аса зор қадам жасағандығын атап көрсетуіміз керек. Бұл жөнінде тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру аса зор роль атқарды. Совхоздармен қатар республика колхоздары тың және тыңайған жерлерді игеруге белсене қатысты. Республика тың жерлерді игеру нәтижесіиде мал шаруашылықты республика болуымен қатар, бүкіл одақтық маңызы бар астық базасына айналды.

Бүкіл елдегі сияқты, республика а. ш-н одан әрі дамытуда КПСС ОК Март (1965) пленумының шешімдері орасан зор тарихи роль атқарды, партияның агр. саясатының жаңа бағытының бастамасын жасап берді.

КПСС Орталық Комитетінің Март пленумынан, партияның 23-, 24- және 25-съездерінен кейінгі уақытта Қазақстанда оның табиғи аса бай мүмкіншіліктерін толығынан пайдалану жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңде республика а. ш-ның жылдық орташа жалпы өнімінің өндірісі 3 млрд. сомнан асып түсті, орташа жылдық астық өндірісі және оны сату 1,5 есе, мал шаруашылығының негізгі өнімдерін (ет, сүт, жүн) өндіру 1,3 есе артты.

Кемелденген социализм жағдайында КПСС ОК-нің Июль (1978) пленумы елдің а. ш-н ұйымдастырудың лениндік принциптерін дамытудың болашағын белгілеп берді. Бұл - Қазақстан жағдайында бүкіл а. ш. дақылдарының өнімділігін (таяу уақытта республика бойынша орта есеппен әр га-дан 20 ц-ден өнім алу жөнінде) одан әрі арттыру, мал басын көбейту, оның ішінде қойдың санын 50 млн-ға жеткізу, сонымен бірге оның өнімділігін көтеру деген сөз.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы. А. ш. материалдық-тех. базасының негізі егіншілік пен мал шаруашылығының өнімін өндіруге керекті өндіріс құралдары болып табылады. Оның басты элементтері - жер, мал, құс, энергет. құралдары, а. ш. машиналары мен жабдықтары, органикалық, минералдық тыңайтқыштар, жолдар, құрылыстар, қоймалар т. б.

Материалдық-тех. базаның барлық элементтері өзара байланысты түрде өндіріске қажетті жағдай жасайды. Оның жетекші элементтері - жер, ғылым, энергет. құралдар, а. ш. машиналары, мал, хим. құралдар, мелиорациялық құрылыстар т. б. өнімнің көлемі мен сапасына, а. ш-ндағы еңбектің сипаты мен жағдайына елеулі әсерін тигізеді.

Еліміздегі соц. құрылыстың барлық кезеңдерінде партия мен үкімет а. ш-ның материалдық-тех. базасын өркендетуге айырықша көңіл бөліп келеді. 20 жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басында елімізде тракторлар мен а. ш. машиналарын жасайтын орасан зор өнеркәсіп орындарын салу жұмысы қызу қолға алынды, сөйтіп І-бесжылдықтың өзінде-ақ а. ш-на көптеген техника берілді, соның арқасында ауыл-селоның ғасырлар бойы тех. мешеулігі жойылып, өндіргіш күші қарыштап өсті. Еліміздегі коммунистік құрылыстың қазіргі кезеңінде материалдық өндірістің барлық саласындағы, оның ішінде а. ш-дағы ғылыми-тех. прогресс едәуір жоғары сатыға көтерілді.

Ғылыми-тех. прогресті дамыту шаралары қазіргі кезеңде тех.-экономик. көрсеткіштері жоғары жаңа еңбек кұралдарын жасау, соны өндіріске енгізу және ескірген машиналар мен агрегаттарды ауыстыру немесе модернизациялау сияқты өзара тығыз байланысты екі түрлі басты міндетті шешуте бағытталған.

Өндіргіш күштердің даму процесін зерттей келгенде, ең алдымен еңбек құралдары жетіле түсетіндігі айқындалды. Шынында да өндірістің сипатын өзгертуде ол ең басты роль атқарғаны мәлім. К. Маркс: «экономикалық замандар айырмашылығы ненің өндірілетіндігіне қарай емес, қалай өндірілетіндігіне, қандай еңбек құрал-жабдықтарымен өндірілетіндігіне қарай анықталады. Еңбек құрал-жабдықтары адамзат жұмыс күші дамуының өлшеуіші ғана емес, сонымен қатар еңбек істелетін қоғамдық қатынастардың да көрсеткіші» деген болатын (Капитал, 1-т., 193-б.).

1920 ж. Қазақстанда а. ш. техникасы дегеннен бар болғаны 318 мың соқа, сайман, атқа жегілетін 229 мың плуг, 271 мың ағаш мала, 31 мың темір мала, ат жегілетін 8,2 мың тұқым сепкіш, 53 мыңға жуық егін орғыш, атқа жегілетін 39 мың шөп машинасы, 35 мың тырнауыш еді. Қазақстанның а. ш-нда қазіргі уақытта (1978) 238 мыңнан астам трактор, 114 мың астық комбайны, 131 мың жүк машинасы, автоцистерналар, басқа да әр түрлі техника бар. Еліміздің өнеркәсібі республиканың колхоздары мен совхоздарына жылына 1400-ден астам машина мен жабдықтар беріп тұрады. Бұл 1965 жылғыдан 3 есе көп.

250 а. к. бар шынжыр табан трактор, жер жыртатын 140-150 а. к. бар арнаулы трактор жасауға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстанның солтүстігі сияқты астықты аудандар үшін конструкторлар барлық жұмысқа қолданылатын 450-500 а. к. бар тракторлар жасау үстінде. «Нива», «Колос» текті комбайнды а. ш-нда қолдану астық дақылдарын ору жұмысын механикаландыруда жаңа мүмкіндіктер ашады.

А. ш. материалдық-тех. базасын жедел өркендетудің нәтижесінде осы саланың энергет. қуаты арта түсті, сөйтіп оның қуаты 54 млн. а. к-нен асты. Мұның өзі 1960 жылғыдан 2,5 еседен астам артық.

А. ш-ның материалдық-тех. базасында болған түбегейлі өзгерістерді тракторлардың орташа қуаты және колхоз, совхоздардың энергет. қуатының құрылымы айқын көрсетеді. Республиканың трактор паркі 1960-1978 ж. арасында 52,4%, ал оның қуаты 2,9 есе өсті, сол кезеңнің ішінде 1 трактордың қуаты орта есеппен 48,8 а. к- нен 93,5 а. к-не дейін көтерілді.

1920 ж. республикадағы қарапайым егіншілік құралдарын қозғалысқа келтіретін бірден-бір күш-қуат көлік күші ғана болса, қазір а. ш-ндағы энергет. күш-қуаттың құрылымында көліктің үлесі 0,5%-тен аз. Қазақстанның а. ш-нда негізгі энергет. күш трактор, комбайн, автомоб. күші болып табылады, барлық энергетикалық күштің 84%-і солардың үлесіне тиеді.

Ғылыми-тех. прогрестің ықпалымен соңғы 10-15 жылда электр двигательдер мен электр қондырғылары қуатының үлесі өсіп келе жатқаны байқалады. Мыс., 1960 ж. электр двигательдер мен электр қондырғыларының а. ш. энергет. қуатында алатын үлесі 2,1% болса, казір 13,5%, оның абсолютті қуаты 456 мыңнан 7323 мың а. к-не дейін, демек, 16 еседен астам өсті. Колхоз, совхоздардың электр энергиясын пайдалану 1960 жылдан 1978 жылға дейін 7,9 есе артып, 4,6 млрд. квт-сағ-тан асты. Колхоз, совхоздағы тұрғын үйлердің 98%-і электрленді.

А. ш. өндірісінің түрлі салалары таяу жылдарда комплексті электрлендірілді, сөйтіп электр энергиясын пайдалану төмендегі бағыттарда дамытылады: тех. даңылдарды алғашқы өңдеуден өткізу және а. ш. өнімдерін өңдеу, сақтауды қоса мал шаруашылығындағы барлық стационарлық процестерді комплексті түрде электрлендіру және механикаландыру; мал, құс фермаларында, парник-теплица комплекстерінде электр энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыру; а. ш. өндірісінің тиімді әдісін табу арқылы мал мен өсімдікке электр энергиясының тікелей игі әсерін тигізу, демек, электр қуаты арқылы оларда белгілі бір биофизиол. өзгерістер туғызуды қамтамасыз ету; электр энергиясын егін машиналарына мобильділік жағынан тиімді қолдану; ауылдық жердегі тұрғын үйлердің мәдени-тұрмыс жағдайын одан әрі жақсарту бағытында өрістемек.

А. ш-нда электр энергиясын кеңінен қолдану көптеген өндіріс процестерінің осы күнгі технологиясына елеулі өзгерістер енгізеді. Қазір шаруашылықтарда топырақты электр тогымен тұзсыздандыру тексеріліп, дымқыл астықты электр ұшқынымен бастыру т. б. жұмыстар тәжірибеден өткізілуде.

А. ш. материалдық-тех. базасының өркендеуі еңбекте электр қуаты мен механика күш-қуатын кең пайдалануға мүмкіндік берді, колхоз, совхоздарды техника күшімен қамтамасыз етті. Қазір совхоздағы бір жұмысшының орта есеппен жылына пайдаланатын күш-энергиясы 39,6 а. к-не тең; ал әр 100 га егіндік жердің үлесіне 148 а. к. келеді.

Қазақстанның колхоз, совхоздары энергиямен қарулануы жағынан Одақ көлеміндегі барлық колхоз, совхоздардың орташа көрсеткішінен 2 есе, ал электр қуатымен қарулануы жағынан 67%-тен асып түседі. Алайда энергия және электр қуатымен қамтамасыз етілу дәрежесі еліміздің орташа корсеткішінен төмен жатыр. Бүкіл еліміздегі колхоз, совхоздардың әрбір 100 га егістікке шақандағы энергиямен қамтамасыз етілуі Қазақстандағыдан 1,5 есе, электр энергиясымен қамтамасыз етілуі 2 еседен астам артық. Бұл - егістік көлемі жағынан респ. шаруашылықтарының үлкендігінен туған жағдай. Еліміздің шаруашылықтарына қарағанда, жыртылатын жер көлемі Қазақстанның совхоздарында 1,6 есе, колхоздарында 3 есе артық.

А. ш-ның материалдық-тех. базасын нығайту оны мейлінше тиімді пайдалану міндетін жүктейді. «Оныншы бесжылдыңтың да, ұзақ мерзімді перспективаның да арқауы болып отырған партияның экономикалық саясатының түйіні - еліміздің экономикалық қуатын одан әрі еселеп арттыру, өндірістік қорлардың ірге тасы - ауыр өнеркәсібінің тұраңты, теңестірілген өсуін қамтамасыз етеді» (КПСС XXV съезінің материалдары, А., 1976, 52-б.).

А. ш. материалдық-тех. базасын нығайтуда трактор, а. ш. машиналарын жасау, химия өнеркәсібін т. б. дамытудың мәні зор. Ол агроөнеркәсіп комплексін ұштастырып дамытуды жеделдетуді, а. ш. мен қоғамдық өндірістің, онымен байланысты салаларын ғылыми дәлелденген тепе-теңдікте дамытуды талап етеді.

Өндіріс құралдарының тиімділігін арттыруда машина-трактор парктерін жете пайдаланудың маңызы үлкен. Бұл саладағы проблеманың бірі-екі сменалы жұмысқа көшу.

1970-1978 ж. арасында республикаға тракторлар мен астық комбайндарын беру 11,7%-ке, ал механизаторлар саны 17,2% есті. 1978 жылдың басына дейін колхоз, совхоздарда 228,6 мың тракторист, комбайнер жұмыс істеді. Бұл 1965 жылға қарағанда 33,5 мың механизатор артық деген сөз.

10-бесжылдықта республиканың а. ш-на 155 мың трактор, 100 мың жүк автомашинасы, 89 мың астық комбайны беріледі. Минералдық тыңайтқыштар мен мал азығына араластыратын қоспалар 1980 ж. 4,5 млн. т. өсіп, 1975 ж. қарағанда 1,5 есе артады.

КПСС ОК-нің Июль (1978) пленумы үздіксіз механикаландыру, электрлендіру, химияны пайдалану, мелиорация жүргізу негізінде а. ш. өндірісін одан әрі интенсивтендіру мәселесіне айрықша пазар аударды. Мұның өзі партияның агр. саясатының қазіргі кезеңдегі негізгі бағыт-бағдары болып табылады. Пленумның шешімінде а. ш-на қазіргі заманғы қуатты тракторларды, оған тиісті машиналар мен құрал-жабдықтарды түгел, арнаулы жүк машиналарын, жогары өнімді астық комбайндарып, мал азығын жинайтын машиналарды т. б. техникамен қамтамасыз ету жолдарын қарастырды.

Қазіргі жағдайда а. ш. материалдық-тех. базасын одан әрі жетілдіре түсудің зор мәні бар. Өнеркәсіп орындары осы күпі а. ш-на тракторлар мен өздігінен жүретін шассидің 14 түрлі маркасын, комбайнның 10-нан астам түрін, а. ш. машиналарының 450 түрін береді. Колхоз, совхоздар 35 түрлі автомобиль, 25 түрлі минералды тыңайтқыш, егіннің зиянкестеріне, өсімдік ауруларына қарсы қолданылатын 100 түрлі улы химикаттар алады.

Ауыл шаруашылығының негізгі салалары. Қазақстанда Совет өкіметі жылдары механикаландырылған ірі соц. а. ш. қалыптасты. Республика а. ш. өндіргіш күштерін дамытуда тың және тыңайған жерлерді игерудің аса зор маңызы болды. 1979 ж. 1 январында республикада 2400-дей совхоз бен колхоз болды. Халық ш-нда істейтін жұрттың 24,1%-і, а. ш-нда еңбек етеді де, республика ұлттық табысының 26%-ін береді. Қаз. ССР-і - Совет Одағының сарқылмас астық базасының бірі, еліміздің аса ірі малды ауданы, сонымен қатар, астық пен еттен бастап мақта мен дәрілік өсімдіктерге дейінгі өнім түрлерінің бәрін өндіреді. Егіншілік те, мал шаруашылығы да жете дамыған. Олардың а. ш. өніміндегі үлестері тиісінше 47% және 53%.

Егіншілік. А. ш. кәсіпорындары мен шаруашылықтардың айналымындағы барлық жер көлемі 189 млн. га. Оның 35 млн. га егістік, 6 млн. га шабындық, 148 млн. га жайылым. Егіс көлемі Совет өкіметі жылдарында, әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде өсті. Ол барлық шаруашылықтар категориясын да (мың га есебімен) 1913 ж. 4172, 1953 ж. 9717 және 1978 ж. 35869 болды. Осы егіс көлемінің дені, яғни 87,5% совхоздар мен басқа да мемл. шаруашылықтар қолында, колхоздарда 12%. Ал колхозшылардың, жұмысшылардың және қызметшілердің қосалқы шаруашылықтарында 0,5%. Егіс көлемінің әр облыстағы шамасы 1-кестеде. көрсетілген.

 

1-кесте. Барлық ауыл шаруашылық дақылдарының облыстар бойынша егіс көлемі. 1878 ж. (шаруашылықтардың барлық категорияларында).

 

Облыстар

Мың, га

Республикадағы үлесі, %

1. Ақтөбе

2759,7

7,7

2. Алматы

864,5

2,4

3. Гурьев

86,7

0,2

4. Жамбыл

921,1

2,6

5. Жезқазған

502,4

1,4

6. Көкшетау

3521,2

9,8

7. Қарағанды

1748,4

4,9

8. Қостанай

6017,1

16,8

у. Қызылорда

199,2

0,6

10. Маңғышлак

0,4

 

11. Орал

2095,0

5,8

12. Павлодар

3375,0

9,4

13. Семей

1952,5

5,4

14. Солтүстік Қазақстан

2359,0

6,6

15. Талдықорған

845,6

2,4

16. Торғай

2859,6

8,0

17. Целиноград

3774,2

10*5

18. Шығыс Қазақстан

911,4

2,5

19. Шымкент

1076,1

3,0

Қаз. ССР-і

35868,7

100

 

Колхоздар мен совхоздардың және басқа мемл. шаруашылықтардың суармалы егіс көлемі 1408,4 мың га, яғни республиканың барлық егіс көлемінің 4%-і. Бұл жер республика а. ш. барлық өнімінің бестен бірін береді.

Мұның 507,4 мың барлық суармалы 36,0%-і астық (13,9%) тех. дақылдар, 89,0 мың га- сына (6,4%) картоп пен көкөніс - бақша дақылдары, 614,9 мың га-сына (43,7%) мал азығы дақылдары егіледі. Суармалы егістің көпшілігі мына облыстарда: Шымкент 329 мың га, Талдықорған 224 мың га, Жамбыл 2141 мың га, Алматы 201 мың га, Қызыл-орда 167 мың га, Семей 84 мың га, Шығ. Қазақстан 76 мың га.

Республика егін шаруашылығының жетекші саласы - астық шаруашылығы. Тех. дақылдар, картоп, көкөніс-бақша егісі де өркендеген. Егіс көлемінде мал азығы дақылдарының үлесі зор. Оны 2-кестеден көруге болады.

Астық дақылдарының басым бөлігі - бидай (жаздығы 66,8%, күздігі 2,2%). Арпаның үлесі үлкен (23%). Басқа астық дақылдарының үлесі мардымсыз: дәндік жүгері 0,3%, сұлы 1,7%, тары 3,3%, құмық 0,4%, күріш 0,4% және бұршақ 0,6%. Егіншілік мәдениетін көтеру жөніндегі шаралар ойдағыдай жүзеге асырылып, астық дақылдарының шығымы үнемі артуда. 1 га астықтың орта есеппен жылдық өнімі: 1949-1953 ж. 6,2 ц. 1966-1970 ж. 8,8 ц, 1971-1975 ж. 9,0 ц және 1978 ж. 10,0 болды. Осыған сәйкес астықтың жалпы өнімі де өсуде (жылдық орташа өнімі мың т есебімен): 1949-1953 ж. 3942; 1966-1970 ж. 20668; 1971-1975 ж. 21662, 1979 ж. 34380-нен астам; тың игеріле басталғаннан бері 25 жылда 466 млн. т-дан астам. Еліміздің астық балансында Қазақстанның үлесі артуда. СССР-дің жалпы астық өніміндегі Қаз. ССР-інің үлесі 1949-1953 ж. 5,0, 1969-1978 ж. 12% болды. Астық өндіруден республикада үлесі неғұрлым зор облыстар мыналар: Қостанай 18,1%, Көкшетау 12,7%, Целиноград 12,8%, Солт. Қазақстан 9,7%, Торғай 6,3%, Павлодар 6,4%, Орал 5,9%. Республикада өндірілетін астық дақылдары ішінде бидай басты орын алады. Оның үлесі 8-бесжылдықта 79%, 9-бесжылдықта 73% болды. СССР-дің жалпы бидай өніміндегі үлесі 17%. Нандық сапасы жағынан Қазақстанның бидайы Совет Одағында ғана емес, дүние жүзінде ең тәуірлердің қатарына жатады. Тары өндіру жағынан да Қазақстанның СССР-дегі үлесі зор (12%-тен асады). Қазақстан елімізде аса ірі күріш өндірушілердің біріне айналып келеді. Күріш өнімі орта есеппен 1961-1965 ж. жылына 59 мың т болса, 1971-1975 ж. 365 мың т-ға жетті. Қазақстанда мемлекетке астық сату жылына орта есеппен (мың т) былай болды: 1949-1953 ж. 1802, 1966-1970 ж. 12250, 1971-1975 ж. 12265, ал 1978 ж. 14871 болды. СССР бойынша мемлекет жыл сайын сатып алып отыратын астықтың 18%-тен астамын, ал 1976 ж. 21%-тен астамын Қазақстан берді. Республика астық шаруашылығының товарлылығы айрықша зор. Жалпы астық өніміндегі көп жылдардан бергі мемлекетке сатылып келген үлесі УССР-де 36%, РСФСР-де 40%, ал Қаз. ССР-інде 60% болып келді.

 

2-кесте. Қазақ ССР-і егіс көлемінін барлық шаруашылықтар категориясы бойынша құрылымы

 

 

1913

1953

1978

Мың га

Қорытындысы, % есебімен

Мың

га

Қорытындысы, % есебімеі

Мың

га

Қорытындысы, % есебімен

Барлық егіс көлемі - жиыны

4171

100

9716,9

100

35868,7

100

Оның ішінде: астық дақылдар

3894

93,4

7026,0

72,3

25421,9

70,9

Техникалық дақылдар

111

2,7

427,8

4,4

365,9

1,0

Картоп және көкөніс - бақша дақылдары

74

1,7

156,3

1,6

281,7

0,8

Мал азығы дақылдары

92

2,2

2103,8

21,7

9799,2

27,3

 

Тех. дақылдар республикада 348,5 мың га жерді қамтиды. Опың 109,5 мың га, яғни 32%-і мақта егісіне жатады. Бұл Шымкент обл-нда. Оның орташа жылдық шығымдылығы гектарына: 1961-1965 ж. 10,5 ц, 1966-1970 ж. 20 ц, 1971-1978 ж. 26,6 ц болды. Қант қызылшасы Алматы, Жамбыл және Талдықорған обл-тарының 75 мың га жерін алып жатыр. Орташа шығымдылығы 1966-1968 ж. гектарына 333 ц және 1971-1978 ж. 287 ц болды. Майлы дақылдар (шекілдеуік пен зығыр-кудряш) 150 мың га жерге, яғни тех. дақылдарға тиесі егіс көлемінің 44%-іне егіледі. Бұл дакыл солтүстік және шығыс облыстарда көп тараған. Оңт. облыстарда темекі және дәрілік өсімдіктер егіледі.

Картоп және көкөніс - бақша дақылдары 307,5 мың га жерді қамтиды. Өның 66%-і картоп, 20%-і көкөніс, қалғаны бақшалық дақылдар. Картоптың және көкөніс - бақша дақылдарының жартысын колхоздар, совхоздар мен басқа мемл. шаруашылықтар, колхозшылардың, жұмысшылардың және қызметшілердің меншікті қосалқы шаруашылықтары өндіреді. Картоп өндіруде Алматы, Шығ. Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан және Целиноград обл-тарының үлестері неғұрлым зор. Көкөніс өндіруде Алматы, Шығ. Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Талдықорған және Шымкент обл-тарының үлес салмағы басым. Бір гектарына орташа жылдық шығымы мынадай (ц есебімен) (қ. 3-кесте).

 

3-кесте. Картоп пен көкөніс шығымдылығы

 

Жылдар

Картоп

Көкөніс

1961-1965

67

109

1966-1970

94

141

1971-1975

92

151

1976-1978

108

169

 

Бау және жүзім шаруашылығы оңт. облыстарда өркендеген. Алматы алмасының, әсіресе апортының даңқы кең жайылған. Республика шаруашылықтарының барлық категорияларындағы жеміс-жидек дақылдарының көлемі (мың га есебімен): 1950 ж. 26, 1965 ж. 81, 1975 ж. 106. Гектарына орташа жылдық жеміс-жидек өнімі 28 ц. Жүзім егісінің көлемі (мың га есебімен); 1950 ж. 3,7, 1965 ж. 17,0, 1975 ж. 23,0. Арнаулы жүзім совхоздарын құру арқылы жүзім егісінің көлемі ұлғайтылды. Жүзімнің гектарынан орташа жылдық түсімі 66 ц.

Бақша дақылдарының ішінде неғұрлым көп егілетіні - қарбыз бен қауын. Республиканың егін шаруашылығы 10-бесжылдықта күшті қарқынмен өркендемек. Совхоздар мен колхоздардың басты міндеті астық өндірісін неғұрлым ұлғайта беру болып табылады. Л. И. Брежнев республика еңбекшілерінің алдына астықтың әрбір гектарының шығымдылығын 20 центнерге жеткізу міндетін қойды. Қазақстан компартиясының 14-съезі егіншілік мәдениетін одан әрі көтеру, егістік жерлердің құрылымын жетілдіру, ғылыми негізделген ауыспалы егісті игеру, тұқым шаруашылығын жақсарту, топырақ эрозиясына, а. ш. дақылдарының кеселдері мен зиянкестеріне қарсы күресу, минералдық және органик. тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, суармалы жерлердегі егіс көлемін барынша ұлғайту, шығымдылығы жоғары сорттар мен будан тұқымдарды енгізу негізінде дәнді дақылдардың шығымдылығын едәуір арттырудың жолдарын көрсетіп берді. 10-бесжылдықта жылына орташа есеппен астықтың жалпы түсімі кем дегенде 25-27 млн. т-ға жеткізілуге және мемлекетке 15,4 млн. т астық сату қамтамасыз етілуге тиіс. Өнім өндіруді ұлғайтып, 1980 ж. мемлекетке 2,4 млн. т қант қызылшасын, 340 мың т шитті мақта, 86 мың т күнбағыс. 450 мың т картоп, 700 мың т ға дейін көкөніс, 130 мың т жеміс-жидек, 140 мың т жүзім және 200 мың т бақша дақылдарын сату үшін күрес жүргізілуде. Суармалы жерлерді неғұрлым тиімді пайдаланып, мұнда күріш, астық, жүгері, мақта, көкөніс, жеміс, қант қызылшасын, жемшөп және басқа дақылдардың өнімін көбейту шаралары белгіленді. 10-бесжылдықта 410 мың га суармалы жер пайдалануға берілмек. 24,8 млн. га жайылым суландырылмақ. Су шаруашылығы құрылысы мен оны пайдалану жұмыстарын онан әрі индустрияландыру, жер суарудың прогресті техникасын қамтамасыз ететін, су ресурстарын неғұрлым тиімді пайдаланып, жұмыс істеп тұрған мелиорация жүйелерінің тех. жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Ертіс - Қарағанды каналы Жезқазғанға дейін жеткізіледі. Ол Қарағанды және Жезқазған обл-тарының өнеркәсіп орталықтары төңірегінде сүт-көкөніс базасын өркендетуде үлкен роль атқармақ.

 

4-кесте. Қаз. ССР-індегі шаруашылық категорияларындағы мал саны (мың бас)

 

Жылдар

Мүйізді ірі қара

Қой, ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

1916

5062,1

18364,1

278,0

4340,0

-

1928

6534,3

19139,0

252,7

3544,0

-

1941

3355,9

8132,2

450,9

896,7

104, 6

1951

4454,9

18038,2

400,4

1453,9

126,4

1961

5543,5

28718,3

1773,1

1158,2

140,5

1971

7285,5

31776,6

2265,7

1245,4

129,6

1977

7662,5

34414,4

2205,2

1296,2

124,3

1979

8013,4

34164,0

2842,8

1238,2

119,6

1980

8323,9

35024,6

3096,2

1254,3

122,3

 

Қазақстан - ірі соц. мал шаруашылығы республикасы, ол СССР-де алдыңғы орынға ие болып отыр. Мал шаруашылығының негізгі салалары: қой шаруашылығы (ол мал шаруашылығының барлық салаларының түсетін табыстарының жартысынан астамын береді), сойыс және сүттік мал өсіру (мүйізді ірі қара), шошқа, жылқы, ешкі, түйе, марал, құс, үй қояны мен аң өсіру шаруашылығы. Сондай-ақ омарта мен жібек шаруашылығы да бар. Қазақстан қойдың саны жағынан елімізде, РСФСР-ден кейінгі 2-орынға ие, мүйізді ірі қара малдың, жылқы мен құстың саны жағынан РСФСР мен УССР-ден кейінгі 3-орында. Шошқаның саны жағынан 5-орында. Жан басына шаққанда келетін малдың саны жағынан Қазақстан Одақта 1-орында. Республикадағы мал саны жөніндегі мағлұматтар төмендегі кестеде келтірілген. Қойдың көбі биязы жүнді және будан Қостанай, Целиноград, Кокшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Орал, Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан және Шымкент обл-тарының үлесі едәуір. Шошқа шаруашылығы Целиноград, Солт. Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Шығ. Қазақстан және Қостанай обл-тарында басым. Жылқы жағынан 1-орынды Семей обл. алады, сонымен қатар бұл түлік Павлодар, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Көкшетау, Алматы, Шығ. Қазақстан және Жамбыл обл-тарында басым өсіріледі, ал түйенің көпшілігі Гурьев, Қызылорда, Маңғышлақ, Ақтөбе, Орал және Шымкент обл-тарында шоғырланған. Алтайдың тау етектерінде бұғы және марал шаруашылықтары бар.

 

Совхоздармен колхоздардын мемлекетке сатқан малының тірідей орташа салмағы (кг)

 

 

1965

1978

Мүйізді ірі қара

285

365

Қой, ешкі

41

37

Шошқа

66

93

 

Республика малының үштен екіден астамы қоғамдық секторда - колхоздарда, совхоздарда т. б. мемл. шаруашылықтарда, қалғаны колхозшылардың, жұмысшылардың және қызметшілердің қосалқы шаруашылықтарында жинақталған. Мұны 5-кестедегі мәліметтерден көруге болады.

Әрбір совхоздың, оның ішінде тың игеру жылдарында құрылғандарыныңда және әрбір колхоздың айтарлықтай ірі-ірі мал фермалары бар. Оны 6-кестеден көруге болады.

Совхоздар мен колхоздардың қоғамдық мал басының бәрі дерлік асыл тұқымнан тұрады. Малдың тұқымын асылдандыру және күтімін жақсарту шараларының арқасында олардың өнімділігі артып келеді. Республика колхоздары мен совхоздарында әрбір сиырдан орта есеппен жылына сауылатын сүт кг есебімен: 1940 ж. 876, 1965 ж. 1693, 1978 ж. 2069.

Совхоздар мен колхоздарда әрбір қойдан қырқылатын жүн сол жылдары: 2,4; 2,7; 3,0 кг болды.

Егіншіліктің өркендеу негізінде жемшөп қорының нығаюы, партияның ірі-ірі экономик. шараларды жүзеге асыруы, өндірісті мамандандыру және шоғырландыру, мал шаруашылығын индустриялы негізге көшіру, мал басын көбейту, тұқымын асылдандыру нәтижесінде мал шаруашылығының өнімдері ылғи өсіп келеді.

9-бесжылдықта ет өндіру 21% (оның ішінде сиыр еті 15%, шошқа еті 48%, қой еті 1%, құс еті 112%, жылқы еті 34%) артты. Сүт өндіру 6,5%, жұмыртқа 76%, жүн 19,5% артты. Мал шаруашылығы өнімінің көбеюімен қатар оның мемлекетке сатылатын мөлшері де өсті.

 

5-кесте. Қаз. ССР-і шаруашылықтарының барлық категорияларындағы мал саны (1978 ж. 1 янв.)

 

 

Мүйізді ірі қара

Оның ішінде сиыры

Шошқа

Қой, ешкі

Жылқы

Түйе

Шаруашылықтардың барлық категорияларында

Мың бас

7803,3

2715,7

2648,0

33503,4

1240,0

123,8

Жиынтық %-і

100

100

100

100

100

100

Оның ішінде:

А. Совхоз және басқа мемлекеттік шаруашылықтар

Мың бас

5118,9

1437,6

1720,8

25037,3

-

66,8

Жиынтық %-і

65,5

52,9

65,0

74,7

65,8

54,0

Ә. Колхоздар

Мың бас

863,9

264,4

336,9

5232,3

139,6

3,6

Жиынтық %-і

11,1

9,7

12,7

15,6

11,2

2,9

Б. Колхозшылардың қосалқы шаруашылықтары

Мың бас

238,0

137,8

59,9

493,2

31,2

0,9

Жиынтық %-і

3,0

5,1

2,3

1,5

2,5

0,7

В. Жұмысшылардың, қызметшілердің және халықтың басқа да топтарының қосалқы шаруашылықтары

Мың бас

1592,7

875,9

527,3

2740,6

253,3

52,5

Жиынтық %-і

20,4

32,3

20,0

8,2

20,5

42,4

 

 

6-кесте. Қаз. ССР-інде бір шаруашылыққа келетін мал басының саны

 

Совхоз

Колхоз

 

1950

1978

1950

1978

Мүйізді ірі қара

1985

2507

670

2173

Оның ішінде: Сиыр

573

726

16,1

684

Қой мен ешкі

7388

12420

3915

13144

Шошқа

308

507

53

820

Жылқы

425

396

289

338

 

7-кесте. Қаз. ССР-інің шаруашылықтарының барлық категорияларында негізгі мал шаруашылық өнімдерінің өндірілуі (жылына орта есеппен мың т)

 

 

1950 ж.

1966-1970 ж.

1971-1975 ж.

1976-1978 ж.

Ет сойылғандағы салмағы

242

815

987

979

Сүт

1556

3812

4059

4271

Жұмыртқа (млн. дана)

255

1383

2430

3105

Жүн

31

90

101

104

 

8-кесте. Қаз. ССР-інің барлық шаруашылықтар категориясы бойынша мал шаруашылығының негізгі өнімдерінің мемлекетке сатылуы (орта есеппен жылына мың)

 

 

1966-1970 ж.

1971-1975 ж.

1976-1978 ж.

Ет, сойылған салмағы

583

784

705

Сүт

1708

1906

2219

Жұмыртқа (млн. дана)

509

1208

1851

Жүн, есепке жатқан салмағы

98,6

112,5

114,4

 

Республика бойынша мемлекетке сатылған мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлеміндегі колхоздардың, совхоздардың және басқа да мемл. шаруашылықтардың үлесі: еттен 92%, сүттен 99%, жұмыртқадан 93% және жүннен 87% болды.

Егін шаруашылығының табысты өркендеуі, жемшөп дақылдарының егіс көлемінің және шығымдылығының артуы, шабындықтар мен жайылымдарды суландыру және жақсарту, құрама азық өнеркәсібінің дамуы арқасында жемшөп дайындауды индустрияландыру негізінде мал шаруашылығының жемшөп қоры жақсарып келеді. Бір кездерде мал көбінесе жайылымда болып келсе, енді мал азығының жартысынан артығы қораларда беріледі. Ал жемшөптің жалпы мөлшерінде құрама азықтың үлесі артып келеді: 1965 ж. 27%, 1975 ж. 34%.

Қазақстан Компартиясының 14-съезі мал шаруашылығын жоспарлы түрде өнеркәсіптік негізге көшіру, өндірісті түбегейлі мамандандыру және шоғырландыру, шаруашылық аралық кооперацияны ұлғайта түсу негізінде мал шаруашылығын шапшаң өркендету міндетін қойды. Мал шаруашылығының мәдениетін одан әрі көтеру, бұл саладағы барлық сапа көрсеткіштерін жақсарту есебінен 1980 ж. мемлекетке 1700 мың т-ға дейін мал мен құс етін, 2300 мың т сүт, 140 мың т жүн, 2350 мың қаракөл елтірісін, 1,7 млрд. жұмыртқа сату міндеті шешілуге тиіс. Онымен қатар мал саны да көбейтіле бермек.

Ауыл шаруашылығының қазіргі жайы мен келелі міндеттері. 1966-1975 ж. республика а. ш-ның материалдық-тех. базасын дамытуға және нығайтуға 18 млрд. сомнан астам күрделі қаржы бөлінді, бұл 6-және 7-бесжылдықтарды қоса есептегендегіден 2 есе көп.

Осының нәтижесінде совхоздар мен колхоздардың машина-трактор паркі айтарлықтай ұлғайтылып, жаңартылды. 1976 жылдың бас кезінде шаруашылықтарда 226 мың трактор, 111,5 мың астық комбайны, 117,7 мың жүк автомобилі және көптеген басқа а. ш. машиналары мен жабдықтары болды. 1965 жылмен салыстырғанда республика 1975 ж. тракторды 1,8 есе, астық комбайнын 1,7 есе, жүк автомобилін 3,2 есе артық алды. Минералдык тыңайтқыштар жеткізу 2,3 есе артты. Осы кезеңде а. ш-нда электр энергиясын тұтыну 3,1 есе артып, 1975 ж. 4,7 млрд. квт-сағ-қа жетті, респ. совхоздары мен колхоздарының барлығы дерлік мемл. энергия жүйесіне енгізілді.

 

9-кесте. Қаз.ССР-інде негізгі ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алынуы және оларды дайындауда республиканың одақ бойынша алатын үлесі (мың т)

 

Өнім түрлері

1956-1965

1966-1977

Ел бойынша дайындаудың жалпы көлемінде Қазақстанның үлес салмағы, %

 

 

 

1956-1965

1966-1975

АСТЫҚ

Оның ішінде:

9603,2

12255,1

19,3

18,1

күріш

28,8

218,3

20,8

22,6

Жүн

74,8

105,6

19,4

22,7

Мал мен құс еті

645,2

1206,9

8,8

8,9

 

А. ш-нда істейтін бір адамға энергет. қуат 1965 ж. 22,6 а. к. келсе, 9- бесжылдықтың аяқ кезінде 35 а. к. келді, ал егістің 100 га-на энерг. ресурстармен жабдықталу 93 а. к-нен 125 а. к-не дейін өсті. Техникамен мұндай жабдықталу совхоз-колхоз өндірісін ұйымдастыру ісін ғана жақсартып қойған жоқ, сонымен қатар еңбек сипатын елеулі түрде өзгертті, село еңбеккерлерінің жаңа мамандық алуына, олардың өмірі мен тұрмысын да жақсартуға мүмкіндік туғызды. Әсіресе деревняның әлеуметтік дамуында үлкен өзгерістер болды. Тек 1966-1975 ж. а. ш-ның негізгі қорлары 2 еседен астам өсті, еңбектің қормен қарулануы айтарлықтай күшейді. Осы қолданылған шаралардың нәтижесінде Қазақстан а. ш. дамудың интенсивті жолына түсті, а. ш. өндірісінің көлемі өсті.

Егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерінің өсуі олардың сатып алу көлемін де едәуір арттырды.

Тың жерлерді жаппай игеру жылдары жалпы одақтық астық дайындау көлемінде Қазақстан үлесі біршама жоғары болды.

Қазіргі кезде а. ш. өнімдерінің басым көпшілігін қоғамдық сектор өндіреді. Астық, қант қызылшасы, шитті мақта, күнбағыс өнімдерінің барлығы және мал өнімдерінің негізгі белігі колхоздардың-совхоздардың және басқа мемл. шаруашылықтардың үлесіне тиеді.

Совхоз-колхоз өндірісін шоғырландыру мен мамандаңдыру күшейе түсті. 1978 ж. республпканың әрбір колхозында орта есеппен 10,7 мың га а. ш. дақылдарының қоғамдық егісі; 2160 сиыр, 13122 қой мен ешкі, 77 трактор, 30 астық комбайны, 41 жүк автомобилі, 6,1 млн. сомның негізгі қорлары болды. Совхоздар колхоздан да гөрі неғұрлым ірі кәсіпорны болып табылады: орта есеппен бір шаруашылықта 15,6 мың га а. ш. дақылдарының қоғамдық егісі, 2340 сиыр, 12733 қой мен ешкі, 99 трактор, 49 астық комбайны, 47 жүк автомобилі, 9,9 млн. сом негізгі қорлар, оның ішінде 5,2 млн. сом а. ш-на пайдаланатын қорлар болды.

Егер республикада 1956-1965 ж. а. ш-на жарамды 100 га-дан орта есеппен 2,2 мың сомның өнімі өндірілсе, 1966-1975 ж. 3,0 мың сомның өнімі өндірілді, а. ш-нда істейтін бір еңбеккер тиісінше 3,3 мың және 4,5 мың сомның өнімін өндірді. А. ш. еңбегі индустриялық еңбектің бір түріне айналып келеді. Совховдар мен колхоздардың экономикасы нығайды.

А. ш-ның 10-бесжылдықта өркендеуі - партияның агр. саясатын жүзеге асырудың жаңа бір кезеңі. Қоғамдық өндірістің тиімділігі арттырылып, жұмыс сапасы жақсара түседі. А. ш-н дамыту жөніндегі аса маңызды проблемалар комплексті түрде шешіліп, ондірістің өсу қарқыны бұрынғыдан едәуір шапшаңдатылады. 10- бесжылдықта Қаз. ССР а. ш-н өркендетуге мемлекет пен колхоздар қаржысы есебінен 13,7 млрд. сом күрделі қаржы бөлінді. Тез жүретін қуатты тракторларды көптеп шығару қолға алынады. К-700, К-701 тракторларымен және Т-150 тіркемелі аспалы машиналармен жабдықтау едәуір жақсарды. Совхоздар мен колхоздарға жаңа, өнімділігі жоғары астық комбайндары жеткізіледі. Мал шаруашылығына қажетті машиналардың жеткізілуі 1,5 еседен астам артты.

Су шаруашылығы құрылысына 2,8 млрд. сом күрделі қаржы бөлу белгіленді, бұл 9-бесжылдықтағыдан 1,5 еседей көп. Жаңа жоспардың бір ерекшелігі құрылысқа бөлінген күрделі қаржы көбінесе жабық суландыру жүйелерін, сондай-ақ науалы каналдар, қапталған арналар салуға жұмсалады. Бұл су шығынын азайтады, суландыру жүйелерін пайдаланудың тиімділігін арттырады. Жоғары өнімді «Фрегат», «Волжанка», «Днепр» т. б. сияқты суландыратын машиналардың саны едәуір артады.

Егіншілік пен мал шаруашылығын химияландыру жөнінде қажетті шаралар комплексі кезделіп отыр. Егіншілікте минералды тыңайтқыштарды қолдану бесжылдықтың аягында 1975 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өседі. Мал шаруашылығында хим. жем-азық қоспалары, әсіресе карбамид, микроэлементтер, витаминдер көбейтіледі. 10-бесжылдықта Қазақстан а. ш-ның жылдық орташа жалпы өнім көл. 14-17%, астың 25-27 млн т-ға дейін артады, яғни 9-бесжылдықтағыдан 3,2-5,2 млн. т-дан асып түседі, мемлекетке тапсырылатын астықтың орташа жылдық көлемі жоспардан тыс сатылатын астықты қоса есептегенде 15,4 млн. т болады, яғни бұл 3,2 млн. т-га артады. Қант қызылшасын, шитті мақта, күнбағыс, картоп, овощ және жеміс-жидектер өндіру және сату көлемі өсіп отыр.

Мал шаруашылығында орта есеппен жыл сайын өндірілетін ет (сойыс салмағымен) 1,1 млн. т, сүт 4,4 млн. т, жұмыртқа 2,9 млрд. дана, жүн 107,8 мың т-ға дейін артты.

Өнеркәсіптік негізде өнімді көп өндіру, индустриялық тұрпатты ірі маманданған шаруашылық құру, өндірістің шоғырлана түсуін күшейту міндеті алға қойылып отыр. Жемшөп базасын нығайтуға, шабындықтар мен жайылымдарды көлдете суарып, өнімділігін арттыруға, жемшөп өндірудің жаңа технологиясын енгізуге орасан үлкен маңыз беріледі.

Өндіріске ғылым мен озат тәжірибенің енгізілуі село еңбеккерлеріне а. ш-ның жалпы өнім көлемін 42,5 млрд. сомға дейін көбейтіп, 18,1 млрд. сомның таза өнімін алуға мүмкіндік берді. А. ш. еңбеккерлерінің жалақы қоры 11 млрд. сомға жуық болады. 1976-1980 ж. астықтың жалпы көл. 4,7 млрд. пұтқа жетеді. А. ш. жалпы және товарлы өнімдері қоғамдық сектордың басымырақ өсу есебінен артады. 1971-1975 жылдарға қарағанда респ. шаруашылықтарының барлық категорияларында орташа жылдық жалпы өнім 1976-1980 ж. 15% артатын болса, оовхоздар мен колхоздарда 21,2% артатын болады.

Егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерінің барлық өсіміне жуығы еңбек өнімділігінің артуы есебінен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық секторларда еңбек өнімділігі 9-бесжылдықта 12,5% өссе, 10-бесжылдықта 19% өседі. Бесжылдықта совхоз қызметкерлерінің орташа жылдық, айлық жалақысы 9%, ал колхозшылардың қоғамдық шаруашылықтан алатын табыстары 12% өседі. 10-бесжылдық жоспарда село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономик. тұрмыс жағдайларын едәуір жақсарту жөнінде шаралар көзделді. Өндірістік емес құрылыстарға 3 млрд. сомға жуық мемл. күрделі қаржы мен колхоз қаражаты бөлінеді.

Тұрғын үй құрылысына да үлкен қаржы бөлінді. Совхоздар мен колхоздарда 9-бесжылдықта 9,0 млн. м2 тұрғын үй салынды. Селода газ қондырылған пәтерлердің улес салмағы 1980 ж. 90% болады. Су құбырлары мен канализация құрылысы неғұрлым кең көлемде жүргізіледі. Тұрмыстық қызмет көрсету көл. 1,7 есе өсіп, 1980 ж. 162 млн. сомға жетеді. Тек 10-бесжылдықта совхоздар мен колхоздарда 222 клуб салынады, бұл 9-бесжылдықтағыдан 14% көп. Жалпы білім беретін мектептер салу, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін ұлғайту жөнінде көп жұмыстар істеледі. 10-бесжылдықта әлеуметтік программа село халқына дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесін көтеруге, аурухана төсектерін көбейте түсуге бағытталып отыр. Село үшін жаңадан санаторийлер, демалыс уйлері салынады.

Осылардың нәтижесінде селода тұрғын үй, коммуналдық тұрмыс жағдайлар жақсарады, село тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсету, олардың балалар мекемелерімен қамтамасыз етілу дәрежесі көтеріледі.

Орман шаруашылығы. Қазақстанда ағаш дайындайтын, оны өңдейтін және орманды қорғайтын, оны қалпына келтіретін, пайдаланатын орман шаруашылығы, ағаш кесетін, оны таситын, сумен ағызатын, тұтынушыларға ағаш материалдарын жөнелтетін және бірсыпыра хим.-мех. өңдейтін ағаш өңдеу өнеркәсібі, орман өнімдеріне хим. өңдеу жүргізетін целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, гидролиз өнеркәсібі және орман-химия өнеркәсібі бар.

Орман шаруашылығы өндірісі Қаз. ССР Ағаш және ағаш оңдеу өнеркәсібі мин-лігінің қарамағына біріккен. Қазақстанда орман ресурстарының запастары онша көп емес, ал бұл ресурстар негізінен алғанда республиканың солт.-шығ. жағында орналасқан. Қаз. ССР Ағаш және ағаш ондеу өнеркәсібі мин-лігі кәсіп орындары орманды қорғау, күту жұмыстарын жүргізеді, орманды қалпына келтіру, ағаш тұқымдарын жинап, көшет егу, сондай-ақ орманды пайдалану - ағаш дайындау, тасу жұмыстарымен шұғылданады.

Республиканың ағаш дайындау өнеркәсібі Қаз. ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібінің орман өнеркәсібі шаруашылықтарынан тұрады. Бұлар ағаш дайындау жұмыстарымен шұылданады. 1977 ж. Қазақстан территориясында 1470 мың м3 ағаш дайындалды.

Ағаш өңдеу өнеркәсібі ағашты мех. және хим.-мех. өңдеуді және қайта өңдеуді жүзеге асырады. Қазақстанның ағаш өңдеу өнеркәсібі тақтай, ағаш-жоңқа плиталар, ағаш-талшық плиталар, технол. щепалар, буып-түю жөкелерін, әр түрлі жәшіктер, өнеркәсіптік және тұрғын үй құрылысына керекті ағаш-ұсталық бұйымдар, мебель, киіз үйдің қаңқаларын және көпшілік қолды товарлар (оқтау, сап, жәшік т. с.) өндіреді.

Республика Құрылыс мин-лігінің ағаш өңдеу комбинаттары мен заводтары құрылысқа керекті тақтайлар мен ағаш-ұсталық бұйымдарын өндіреді. Ағаш өңдеу салаларының басқа ендірістері Қазақ ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі мин-лігінің жүйесіне қарайды.

Қазақстанда мебель өнеркәсібімен Қаз. ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі мин-лігінің 15 мебель кәсіпорындары шұғылданады, бұлар республикада шығарылатын мебельдің негізгі үлесін өндіреді. Қазақстанда мебель өнеркәсібі Ұлы Отан соғысынан кейін ғана дами бастады. Оған дейін мебель қолөнері және майдагерлік кәсіп түрінде жүргізілді. 1962 ж. кәсіпшілік кооперациялары мен жергілікті өнеркәсіптің мебель шығаратын ірі кәсіпорындары бір ведомствоға біріктірілді, мұнын озі республиканың мебель өнеркәсібінің өркендеуіне жол ашты. Қазір республикада арнаулы машиналы мебель өндірісі ұйымдастырылды, оны автоматтық және жартылай автоматтық линиялармен жабдықтау көзделіп отыр.

Қазір республика кәсіпорындары осы заманғы мебельдін барлық түрлерін өндіруді игерді. Мебельдің тұрғын үй, пәтерлерге арналған барлык түрлері шығярылады, мектеп мебелі, мектепке дейінгі мекемелер мебелі, мәдени-ағарту және коғамдық мекемелер мебелі, сауда ұйымдары мебелі өндірісі жолға койылып келеді. Қазакстанның мебель кәсіпорындарында заттық және технол. мамандандыру енгізілуде. 1977 ж. республикада 141 млн. сомның мебелі өндірілді.

Алыстағы мал жайлауларына киіз үй сүйегін индустриялық жолмен жасау дүние жүзінде тұңғыш рет Қазақстанда жолға қойылды. Республикада 1977 ж. 15,6 мың киіз үй сүйегі жасалды, мұның 95%-ке жуығын Үштөбе киіз үй сүйегін жасау фабрикасы шығарды.

Республикада ағаш ұнтағынан плиталар жасау ісін Ағаш және ағаш өңдеу өнеркесібі мин-лігінің Селолық құрылыс мин-лігінің және Ауыр индустрия кәсіпорындары құрылыс мин-лігінің кәсіпорындары жүзеге асырады.

Мұндай плиталардың 70%-ін Қаз. ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі мин-лігінің Бұқтырма з-ды жасайды. Қазір завод 16 мм-лік плиталар өндіруге көшті, бұлар мебель өндірісінде пайдаланылады және экономик. жағынан тиімді. 1977 ж. республикада 85 мың м3-ге жуық осындай плиталар өндірілді.

Ағаш талшық плиталар 1975 жылдың аяғынан бастап Қаз. ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі мин-лігінің Өскемен ағаш талшық плита з-дында өндіріле бастады. 1977 ж. ол 2760 мың м2 көлемінде өндірілді, 10-бесжылдықтың аяғында 10 млн. м2-ге жуық өндіріледі.

Республикада СССР Қағаз өнеркәсібі мин-лігінің Қызылорда целлюлоз- картон з-ды бар, мұнда ағаш хим. өңдеудеп өткізіледі, жартылай целлюлоз қайнатылады, сапалы целлюлоз қағаз жасауға пайдаланылады да, сапасы төменірек целлюлоздан картон жасалады.

1977 ж. республикада 90,5 мың т гоффиленген картон, 30 млн. м2-ге жуық картон жәшік және 60,4 млн. м2-лік орауыш қағазы өндірілді.

Қазақ совет энциклопедиясы. -Алматы, 1975. -Б.344-355.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-12 15:34:46     Қаралды-391

КОНЬКИ ТЕБУ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Көк мұз үстіндегі ұстараның жүзіндей коньки самғау кімді болса да елеңдетпей қоймайтыны баршаға аян сезім.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҮНДІ СПУТНИГІ

...

Ең алғашқы үнді спутнигі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨМБЕ - КӨМІП ПІСІРГЕН БІР УАҚ МАЛДЫҢ ТҰТАС

...

Қазақ халқы көмбелерді үйден гөрі түзде көбірек дайындаған. Көмбе - көміп пісірген бір уақ малдың тұтас еті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖӘҢГІР ХАН

...

Жәңгір хан 1645-1680 жылдар аралығында билік құрды. Жәңгір хан бүкіл өмірін құдіретті Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы құрылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕКІБАСТҰ3

...

Екібастұз - Павлодар облысындағы қала. Екібастұз Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Осы маңнан ат басындай екі кесек тұз табылған. Қала соған байланысты Екібастұз деп аталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАДТЫ РАХАТ-ЛУКУМ

...

Какао ұнтағы қосылатын мармелад сияқты тағам осылай деп аталады. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »