UF

ҚАЗАҚ ССР ӨНЕРКӘСІБІ

 

Өнеркәсіп - республика халық шаруашылығының шешуші саласы. Ол еңбек құралдарын, тұтыну заттарын жасаумен, шикізат, отын, электр энергиясын өндірумен шұғылданады. Өнімінің көбі одақтық маңыз алып отырған көп салалы қазіргі Қазақстан өнеркәсібі шындығында Совет өкіметі тұсында, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары жасалды және өзінің өрісі мен даму қарқыны жағынан да, салалық құрылымы жағынан да революцияға дейінгі өнеркәсіптен түсірімен өзгеше. Ол коммунизмнің материалдық-тех. базасын жасауда қоғамдық өндірістің барлық салаларының индустриялық негізін одан әрі нығайтуда маңызды роль атқарады. Республикада өндірілетін ұлттық табыстың жартысынан астамы өнеркәсіптің үлесіне тиеді. Оның қоғамдық жиынтық өнімдегі улес салмағы 1978 ж. 50,7% құрады.

Қазақстан өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамып келеді. 1978 ж. оның өнімінің көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 232 есе өсті. Өнеркәсіптің жылдық орташа өсу қарқыны жағынан Қазақстан одақтас республикалар арасында қазір жетекші орындардың бірінде. ҚПСС 25-съезі қабылдаған «СССР халық шаруашылығын өркендетудің 1976-1980 жылдарға арналған негізгі бағыттарына» сәйкес 10-бесжылдықта республика өнеркәсіп өнімінің көл. 39-43% өсуге тиіс.

Қаз. ССР-ндегі өнеркәсіптің жетекші салалары - түсті және қара металлургия, отын, химия индустриясы, машина жасаудың, тамақ және жеңіл өнеркәсіптің кейбір салалары. Әсіресе түсті металлургия мен отын-энергетика өнеркәсіптері маманданудың жоғары дәрежесімен көзге түседі. Қазақстан үшін жаңа сала, жалпы тех. прогрестің сүбелі бейнесін толықтырған газ және фосфор өнеркәсіптері, атом энергетикасы жақсы қарқынмен дамып келеді. Қазақстан қорғасын өндіруден 1-орын, мыс, мырыш, мұнай өндіруден 2-орын, темір рудасын, көмір, электр энергиясын өндіруден, болат прокатын шығарудан, шойын, болат қорытудан, цемент өндіруден 3-орын, трактор мен а. ш. машиналарын шығарудан 4-орын алады.

Қазақстан өнеркәсібінің өркендеуіне тән ерекшелік - жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілуінде. Республика шикізат ресурстарының сан алуандығы оның өнеркәсібінің құрылымына да әсерін тигізді. Мұнда өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін салалар да, халықтың тұтыну заттарын беретін салалар да бірдей қарқынмен дамып келеді. Сонымен бірге Қазақстан өнеркәсібінің тағы бір артықшылығы - оның құрамында өңдеуші өнеркәсіптен өндіруші өнеркәсіп басым, бұл оның жер қойнауы шикізатқа бай екендігін дәлелдейді. Респ. өнеркәсібінің даму келешегі пайдалы қазбалардың жаңа кендерін игеруге, ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіптің даму қарқыны және а. ш. шикізат өндірісінің өсуі мен оны өңдеу арасында орын алып келген алшақтықты жоюға байланысты.

Қаз. ССР өнеркәсібі соғыстан кейінгі жылдары жедел қарқынмен дами берді: 1978 ж. Қазақстан 1940 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімін 30 есе артық өндірді. Сонымен қатар электр энергиясының, химия өнеркәсібінің, машина жасаудың және отын өнеркәсібі саласының жалпы өнім қарқыны жағынан басқа салалардан озық болды. Республика бүкіл өнеркәсібінің жалпы өнімінің орташа жылдық өсу қарқыны 1961-65 ж. 11,5%, 1966-70 ж. 9,3%, 1971-75 ж. 7,3%, ал электр энергетикасы тиісінше 14,2%, 12,6% және 8,3%, химия және мұнай-химия өнеркәсібінде тиісінше 15,2%, 18,0 және 11,7%, машина жасау және металл өңдеуде 1966-70 ж. 9%, 1971-75 ж. 12%, отын өнеркәсібінде тиісінше 5,5%, 9,4% және 8,6% құрады. Оның құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырады, өндірістің ғылыми-тех. дәрежесі көтерілді, жұмысшылардың және инженер-тех. қызметкерлөрдің саны да, мамандығы да өсті. Респ. өнеркәсібі елдің басқа да шығыс аудандарымен қатар жалпы одақтық еңбек бөлінісіне және маңызды халық ш. міндеттерді шешуге белсене қатынасады. Мұны мына кестеден көруге болады:

 

Республика өнеркәсібі жалпы өнімінің өсу қарқыны (1913 = 1)

 

Жылдар

Өсу қарқыны

Жылдар

Өсу қарқыны

1913

1

1960

57

1940

7,8

1970

146

1950

18

1975

208

 

 

1978

232

 

Ұзақ уақыт бойы бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да «Б» тобына қарағанда «А» тобы айтарлықтай жедел қарқынмен өсті. Бұл халық ш-ның қуатты материалдық-тех. базасын, ең алдымен жан-жақты дамыған ауыр индустрия жасау қажеттігінен туды. Мұның нәтижесінде өнеркәсіптің жалпы өніміндегі «А» тобының үлес салмағы 1940 жылғы 51,1%-тен 1978 ж. 75,0%-ке дейін өсті. Өндірістік потенциалдың қорлану барысына қарай және қазіргі кезеңнің нақтылы қажеттері мен шынайы жағдайын ескере отырып, өнеркәсіптің екі тобының да өсу қарқынын айтарлықтай жақындастыру мүмкіншілігі туды. 1960-78 ж. өнеркәсіпте өндіріс құрал-жабдықтарының өсу қарқыны 4,15 есе, тұтыну заттары өндірісінің өсу қарқыны 3,9 есе өсті. «А» тобы мен «Б» тобының өсу қарқынын жақындастыру партия мен үкіметтің өндіріс құрал-жабдықтарын жедел дамытуға бағытталган жалпы саясатымен ұштасып отыр.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуімен ұштастыра жүргізілді. Мұны онеркәсіптің салалық құрылымының дамуынан, яғни салалардың құрамы мен олардың өзара байланыстылық бейнесінен көруге болады. Қаз. ССР өнеркәсібінің салалық құрылымы тө- мендегі мәліметте келтірілген:

 

Өнеркәсіп өнімінің аса манызды түрлерін өндіру

 

 

1940

1950

1960

1970

1975

1978

Электр энергиясы, млрд. квт. сағ

0,6

2,6

10,5

34.7

52,5

59,2

Болат, мың т

 

131,2

304,8

2225,3

4907

-

Газ, млн. м3

3,9

7,4

39,4

2092

5199

-

Мұнай, газ конденсатын қоса алғанда, мың т

697

1059

1619

1514

23889

 

Көмір, млн. т

7,0

17,4

32,4

61,6

92,2

-

Цемент, мың т

-

15,7

2173,0

5653,5

67л2

-

Металл кесетін станок, дана

-

5

931

2302

2399

2623

Минералды тыңайткыш

(шартты бірлікпен), мың т

-

22,3

477,0

1957,5

5822

6589,4

Мақта және жүн мата, млн. қума м

0,5

7,1

4.1

69,1

110,8

 

Былғары аяқ киім, млн. пар

1,2

3,3

12,3

27,8

30,3

31,1

Құм шекер, мын т

70,9

71,8

122,8

176,2

147,3

167,6

 

Қаз. ССР өнеркәсібінің салалық құрылымы (жеке салалардың үлесі), процент есебімен

 

 

1960

1978

Бүкіл өнеркәсіп

100

100

Оның ішінде:

 

 

электр энергетикасы

3,1

4,1

отын

9,5

8,9

қара металлургия

3,8

5,6

химия және мұнай-химия

2,2

4,5

машина жасау мен металл өңдеу

9,5

15,2

құрылыс материалдары

6,9

7,2

жеңіл өнеркәсіп

17,4

17.2

тамақ өнеркәсібі

28,2

21,6

 

Өнеркәсіптің құрылымы барынша етек алып, ол жаңа салалармен - машина жасаумен, мұнай өңдеумен, минералды тыңайтқыш өндірісімен, мақта-мата өнеркәсібімен т. б. салалармен толықты. Қазіргі Қаз. ССР өнеркәсібінің құрылымына тән ерекшелік - өндіріс құрал-жабдықтарын, тұтыну заттарын өндіретін, өндіргіш және өңдеу өнеркәсіптері салалары ірі-ірі комплекстерінің іске қосылуы болып отыр.

1978 ж. респ. өнеркәсібінде 133 өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер жұмыс істеді. Сонымен қатар респ. территориясында бірқатар ірі және орта өнеркәсіптік, территориялық-өндірістік комплекстер (мыс., Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Павлодар, Шымкент, Жамбыл, Ақтобе, Маңқыстау, Целиноград т. б.) бар.

Өнеркәсіптің барлық салаларының тех. дәрежесі үздіксіз, ғылыми негізде өсіп келеді. Қаз. ССР өнеркәсібі өндірістік аппараттың тех. дәрежесін оның негізгі өндірістік қорының салалық құрылымы сипаттайды. Әсіресе ауыр индустрия негізгі қорларының құны жоғары қарқынмен үдеп отырды. Бұл бүкіл өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорлары құрылымының өзгерісіне әкеп соқтырды. Негізгі қорлардың неғұрлым белсенді бөлігі - машиналар мен жабдықтар жедел жаңарды.

Қазіргі өнеркәсіпті тех. қайта жабдықтау, кадрлар мамандығының өсуі және өндірісті ғылыми ұйымдастыру өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің жоғары қарқынмен өсуі үшін жағдай жасады. 1940 жылмен салыстырғанда Қаз ССР өнеркәсібінде жұмысшылардың еңбек өнімділігінің дәрежесі 1965 ж. 3,2 есе, 1970 ж. 4,1 есе, 1975 ж. 5,3 есе, 1977 ж. 5,7 есе артты.

 

Кесте - Өнеркәсіп салаларының өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлары, 1978 ж. қорытындының проценті

 

Өнеркәсіп салалары

Негізгі қор байлығы

Оның ішінде

үй

ғимарат

беріліс тетігі

күштік машиналар мен жабдықтар

Барлық өнеркәсіп

100

28,7

27,2

14,9

8,1

Электр энергиясы

100

13,1

10,5

42,6

29,9

Отын өнеркәсібі

100

8,0

48,7

17,3

10,6

4,3

Химия, мұнай-химия

100

35,5

10,1

3,7

Машина жасау

100

48,2

6,5

4,7

2,5

Ағаш, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз

100

41,2

15,6

17,5

3,4

2,8

Кұрылыс материалдары

100

41,3

5,4

2,6

1,9

3,8

Женіл өнеркәсіп

Тамақ

100

100

49,9

48,9

5,4

12,0

3.8

4.9

 

Қазақстан элономикасының даму келешегінде өнеркәсіп оның халық ш. жүйесінде жетекші орнын сактайды. Республика өнеркәсібінің негізгі міндеті, бұрыңғысынша социалистік экономиканың индустриялық базасын одан әрі нығайтудағы ролін және оның өрісін ұлғайту болып қала бермек. Бұл қоғамдық еңбек өнімділігінің жедел өсуін және совет халқының қажеттерін неғұрлым толығынан қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Металлургия өнеркәсібі. Қазіргі заманғы отандық металлургия еліміздің халық шаруашылығының ірге тасы болып табылады.

Совет Одағы шойын, болат, прокат, құбыр, темір және кокс өндіруден дүние жүзінде тұрақты 1-орын алады. Совет өкіметі жылдары алюминий, никель, кобальт, магний, титан, сирек металдар - вольфрам, молибден, мырыш т. б. өндірісі ұйымдастырылды. Кескіш тас өнеркәсібі жасалды. Совет титан өнеркәсібі технол. дәрежесі, жабдықтардың жетілуі жағынан неғұрлым дамыған капит. елдердің алдына шықты.

Іс жүзінде түсті металдар тұтынылмайтын бірде-бір халық ш. саласы жоқ. Қазіргі кезде қара металлургия өнімдері, демек, болат пен қорытпаның 1900 маркасы, прокаттың 3500 бағыттағы мөлшері, болат пен шойын бұйымдарының мындаған басқа түрлері халық ш. барлық салаларының қажеттеріне пайдаланылады.

Минералдық шикізаттың ірі базасы ретінде Қазақстан қара металлургияның аса маңызды өнімдерін шығару жөнінде жалпы одақ көлемінде көрнекті рольге ие болып отыр; хромит рудасының 92,6%, темір рудасы жентегінің 25%-тен астамы, ферросплавтың 19%-тен астамы, шойынның 3,5%-і, болаттың 3,4% және прокаттың 4,3%-і Қазақстанда шығарылады.

Еліміздің Түсті металлургия мин-лігі жүйесінде Қаз. ССР-і қорғасын, мырыш, кадмий өндіруде 1-орын алады, глинозем, титан және магний өндіруде жетекші роль атқарады. Қазақстан кәсіпорындары түсті, сирек кездесетін, асыл металдардың 40-тан астам түрін өндіреді, осылардың негізінде және химия өнімдерінен (калий тыңайтқыштарын, мырыш, мыс және никель купоросын, мырыш ақ сырын, күкірт қышқылы 30%-ін т. б.) 70 түрлі бұйымдар жасайды.

Қазақстанда өндірілетін түсті металдар дүние жүзінің 30-дан астам елдерінде көрмеге қойылады. Өндірілген қара металлургияның 16%-ке жуығы, ферросплавтың 12%-і, хромит рудасының 30%-і экспортқа шығарылады.

Қазақстан жерінде металлургия кәсібі өге ерте заманда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде Қазақстан жерінде металлургияның белгілі формасы болғаны анықталған. Қаз. ССР ҒА археол. экспедициялары Орт. Қазақстандағы Атасу маңынан көне заманның мыс қорытатын ескі пештерін тапқан. Бұдан 3 мың жыл бұрынғы осынау пештер сол заманда бұл өлкеде металлургияның едәуір дамығанын байқатады. 1767-1774 ж. Қазақстанды зерттеген П. С. Паллас Алтай тауларында қорғасын, күміс кендерінің қазылған орындары көп екенін айтады. «... Алтай тауларында барлық кен орындарын соншалық ыждағаттылықпен қазған бізге бейтаныс халықтың ескі шурфтары мен сыртта, жердің үстінде істеген жұмыстарының қисапсыз көп белгілері қалған... Олар алтын, мыс өндірген, содан жасаған бұйымдары Ертіс бойындағы зираттарынан осы күнге дейін табылады» - деп жазған.

1771 ж. Қазақстанда болған Н. Рычков Ұлытау маңында (Жезқазғанға жақын жерде) «...сол елді мекендеген халық қазған мыс кенінің көптеген орындарының болуы алтын мен күміс кендерін қазғандығын аңғартатын белгі сияқты» - деп жазған.

Ғалымдардың айтуынша, қазақ даласында көне заманда түсті металл, көмір кендері қазылған. Жоңғар Алатауының теріскей беткейінде (Текеліде) т. б. жерлерде қазақ тайпалары кен қазған.

19 ғасырдар-ақ тау-кен зауыдтары пайда бола бастайды. Қазақстан қара және тұсті металлургиясының қалыптасуы ен алдымен тау-кен зауыды кәсіпорындарынан басталады. 19 ғасыдың аяқ кезінде тау-кен заводтық өнеркәсібі дамуының 2-кезеңіне жетті. Бұл кезде пайдалы кен орындарын игеру үшін ірі-ірі капиталдар жұмсайтын қоғамдар құрылды.

Қазақстан өнеркәсібі, оның ішінде металлургия 1917 жылы революциясынан кейін ғана дәуірлеп өсе бастады. 1920 ж. Жезқазған, Нілді (Успенск), Риддер рудниктері мен заводтары жұмыс істеді.

1921 ж. Риддер руднигі алғашқы рудасын берді, ал Совет өкіметінің 10 жылдығына (1927) риддерліктер тұңғыш қазақстандық қорғасынды елімізге тарту етті. Бір жылдан кейін Қарсақбай мыс қорыту з-ды қатарға қайта қосылды.

Ұлы Отан соғысына дейінгі алғашқы бесжылдықтар бүкіл еліміздегідей Қазақстан үшін де социализмнің ірге тасын қалау және соц. қоғам орнату кезеңі болды. 30 жылдардың ортасында түсті металл запастары жағынан Қазақстан елімізде 1-орын, көмір өндіруден 3-орын алды.

1-бесжылдықта (1929-1932) республиканың ауыр индустриясына бөлінген барлық күрделі қаржының 43%-і түсті металлургияны өркендетуге берілді. Жалпы өнім 1929 ж. 5,9 млн. сомнан 1932 ж. 26,2 млн. сомға дейін немесе 4,2 есе өсті. Бұл уақыттың ішінде мыс рудасының өнімі 1928 ж. 7,3 мың тоннадан 1932 ж. 147,5 мың т-ға дейін артты.

Түсті металлургия 2-бесжылдықта да (1933-1937) жедел қарқынмен өркендей берді. Түсті металдардың кейбір түрлерінің жалпы өнімінің көлемі жағынан Қазақстан елімізде 1-орынға көтерілді. Республиканың үлесіне қорғасынның 70%-ке жуығы, түсті металлургиядағы жалпы одақтық күрделі қаржының 31%-і тиді. Бесжылдықтың аяғында республикада түсті металлургия саласының 20 ірі кәсіпорны жұмыс істеді, олардың ішінде Шымкент қорғасын з-ды, Ащысай полиметалл және Лениногор комбинаттары бар.

Республикада қара металлургияның алғашқы объектісі Донской хромит руда басқармасы болды. Ол 1933 ж. алғашқы хромит рудасын берді. Оңт., Кемпірсайдағы бірегей кен орнында орналасқан бұл рудниктің халық ш. үшін үлкен маңызы болды. 1940 ж. Ақтөбе ферросплав з-ды салына бастады, сөйтіп 1943 ж. пайдалануға берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) Қазақстан индустриясы, әсіресе металлургия баға жетпес үлкен роль атқарды. Бұл кезеңде республика майдан арсеналдарының біріне айналды.

Соғыс жылдары республиканың территориясында жаңа кәсіпорындарының (25 рудник, шахта және карьерлер, 11 байыту ф-касы) құрылысын салу кеңінен өріс алды. Еліміздің Европ. бөлігінен көшіп келген әр түрлі 150 кәсіпорындарының пайдалануға берілуіне байланысты республиканың өндірістік қуаты артты. Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Березовск рудниктері алғашқы өнімдерін берді, Текелі қорғасын-мырыш комбинатының 1-кезегі пайдалануға берілді, Белоусовск мен Березовск байыту комбинаттары іске қосылды. Ақшатау вольфрам комбинаты жұмыс істей бастады (1943), Шымкент қорғасын з-ды едәуір ұлғайтылды. 1943 ж. Ақтөбе ферросплав з-ды алғашқы рет феррохром берді. Жезді марганец руднигі 38 күн ішінде пайдалануға берілді, бұл рудник Орал металлургиясына басты марганец жеткізуші болды. Теміртаудағы Қазақ металлургия з-ды жедел қарқынмен салынды. Завод 1944 ж. 31 декабрьден болат, ал 1945 ж. прокат бере бастады.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 30 жылдығына арналған баяндамасында Д.А. Қонаев жолдас: «Қазақстан металы әрбір зеңбіректің, әрбір жауынгерлік машинаның, танкінің, сүңгуір қайықтың, эсминецтің бойында болды. Қазақ конвейерінен жауынгерлік техниканың, қарудың, оқ-дәрінің сан алуан түрлері шықты» - деген болатын. Жауға атылған әрбір 100 оқтың, 100 снарядтың 86-сы Қазақстан металынан жасалған. Соғыстан кейінгі жылдары (1946-1955) Қазақстанның алдына еліміздің соғыста қираған аудандарын қайта қалпына келтіру, халық ш-н соғысқа дейінгі дәрежесіне жеткізу және мұнан кейін ол дәрежеден едәуір мөлшерде асыру міндеті қойылды. Республиканың жалпы өнімі 1945 жылға қарағанда, 1955 ж. 3,6 есе, қызыл мыс қорыту 3,1 есе, тазартылған қорғасын 5,9 есе өсті. Қара металлургияда болат қорыту 4,6 мың т-дан 234,5 мың т-ға дейін, немесе 51 есе,  хромит рудасының өнімі 2,2 есе, марганец рудасы бірнеше есе артты.

1956-1965 жылдар арасындағы кезең еліміз үшін де, Қазақстан үшін де экономиканың жедел өркендеуінің жаңа бір сатысы болды. Бұл тың және тыңайған жерлерді игерудін басталуымен сәйкес келді. Еліміздің жарты ғасыр бойы жасалған экономик. потенциалы іс жүзінде екі есе артты. Қазақстан өнеркәсібі, оның ішінде металлургиясы үшін 1965-1975 ж. онан әрі өрлей өркендеу кезеңі болды.

Республика өнеркәсібінің өркендеуі қазіргі заманғы ғылым табыстарына негізделген металлургия саласының тех. дәрежесі артуына тығыз байланысты. 1965 ж. Мырғалымсай руднигінің кеншілері горизонтал проходкасы бойынша шың тасты 10 м2 кеңдікте тік жарып, 1237,6 м жерді 31 күн ішінде өтіп шығып, дүн. жүз. рекорд жасады, бұл еңбек өнімділігін 4 есе арттыруға, өзіндік құнды 40% кемітуге мүмкіндік берді. Өскемен қорғасын, мырыш комбинатында мырыш концентратын «қайнаған қабатта» күйдіру әдісі игерілді, жабдықтардың жұмыс өнімділігі 3-4 есе артты.

9-бесжылдықта республиканың түсті металлургия саласына жаңа техниканы енгізу жөнінде 500-ден астам аса маңызды шаралар жүзеге асырылды, бұл өндіріске жұмсалатын шығынды 75 млн. сомға дейін кемітуге және еңбек өнімділігін 7,5%-ке арттыруға мүмкіндік берді. Тау-кен жұмыстарында руданы ашық әдіспен өндірудің үлесі 1976 ж. 45% болды. Тау-кен жынысын шығару дәрежесі жылына 90 млн. м3-ге жетті. Еңбек өнімділігі 1970 жылға қарағанда Солтүстік Жезқазған карьерінде 30,5%, Қоңыратта 30 % және Қарағайлыда 54 %-ке артты. Жетекші карьерлер қазіргі заманғы СБШ-250 және 250 МН типті шарашты бұрғылау станоктарымен, ЭКГ- 4,6 және 8 экскаваторларымен, ЭШ- 15/90 адымдағыш драглайнмен, 27 және 40 т-лық самосвалдармен, 100-150 т-лық электровоздармен т. б. тау-кен техникасымен жабдықталды. Қазіргі заманғы техника және оны шебер пайдалану түсті металлургия бойынша кен өндіруді 1,3 есе артық орындауға мүмкіндік берді.

Жер асты тау-кен жұмыстарында өндірілген барлық өнімнің 75%-і жоғары өнім беретін жүйені қолдану арқылы алынды. Жер асты жұмыстарында техникалық прогрестің негізгі бағыты өзі жүріп-тұратын жоғары өнімді жабдықтарды қолдану арқылы өндіру жүйесін енгізу болып табылмақ, мұның үлес салмағы 1976 ж. 45,6%, ал Ащысай комбинаты мен Жезқазған комбинатында 70% болды. Металлургия өндірісінде тех. прогреске сүйене отырып, түсті металл өнімдерінің қазіргі заман талабына жауап бере алатын түр-түрі көбейтілді. Түсті металлургияда өндірістік процестерді комплексті механикаландыру жүзеге асырылуда. Өткен 9-бесжылдық ішінде комплексті механикаландырылған цехтардың саны 5,7 есе өсті, металлургия саласында істейтін жұмысшылардың 20%-і осы цехтарда істейді. Бұл салада автоматтық басқару жүйесінің алуан түрлері кеңінен енгізілді. 10-нан астам ауыр өнеркәсіпті басқарудың автоматты жүйесі және 4 информациялық БК (Кодалар банкісі) қатарға қосылды, 50-ден астам автоматтандырылған учаскелер жұмыс істеді.

9-бесжылдыққа қарағанда, 10-бесжылдықта металлургия саласынын өнеркәсіп өнімі 17,9%, оның ішінде тазартылған мыс өнімі 20,3%, қорғасын 12,9%, мырьпп 9,4% және глинозем 9,4% артады. Еңбек өнімд. 10 %-тен астам, ал пайда 32% өседі.

Республикада металлургия саласының шикізат базасын едәуір дәрежеде ұлғайту көзделіп отыр. Саяқ руднигі құрылысын аяқтау, Қоңырат карьерін қайта құру, түсті металлургиянын басқа кәсіпорындарын пайдалануға беру арқылы мыс рудасы өнімін 10,5% арттыру жүзеге асырылады. Орловск, Николаевск, Қарағайлы, Ақжал және Жәйрем рудниктерін пайдалануға беру, сондай-ақ, жұмыс істеп жатқан рудниктердің тереңдік және флангілік бөліктерінің кондициясы мен қосымша барлануын қайта қарау есебінен полиметалл рудасы өнімі 10-бесжылдықта 2,7% артады. Алюминий өнеркәсібінің шикізат базасы Торғай боксит рудниктерінің 2-кезегін игеру және Белинский руднигінің 1-кезегін салу есебінен ұлғайтылады. Осынын нәтижесінде боксит өнімі 18%, глинозем өнімі 9,4% өсетін болады.

1976-1980 жылдар байыту фабрикаларынын қуаттары онан әрі өсе түседі. Жезқазған комбинатының металлургиялык комплексі салынып болады. Ертіс мыс қорыту з-дында жаңа қорыту цехы салынады. Шымкент қорғасын з-дының қуаты арттырылады.

10-бесжылдықтың алғашқы 2 жылында республиканың қара металлургиясының өнеркәсіптік өнімі 10,7% өсіп, 1,18 млрд. сомға жуық болды Шойын құю осы уақыт ішінде 4.54 млн. т болды, немесе 25,5%, болат 5,4 млн. т немесе 18%, прокат 4,2 млн. т немесе 9,5% және темір рудасы 23,3 млн. т немесе 9,3% өсті. Металлургия саласы өндірісінің өсуі негізінен алғанда құрылысты жүргізу, жаңа объектілерді пайдалану сондай-ақ жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейтіп, қайта құру есебінен жүзеге асырылады. Қарағанды комбинатында көптеген өндірістің күш-қуаты жаңадан арттырылды: 2-аглофабрикада жылына 2,2 млн. т агломерат беретін 3-агломашнна, 1 млн. т кокс беретін 7 кокс батареясы, әк күйдіретін КС-100 пеші, 80 мың т лонжерон жолағын ендіретін агрегат және әр түрлі көмекші объектілер іске қосылды. Ермак ферросплав з-дында жалпы өнімділігі 200 мың тонналық ферросплав қорытатын пеш пайдалануға берілді. Соколов - Сарыбай кен байыту комбинатының ф-касына жылына 910 мың т концентрат беретін 15-секция салынды. Донской кен-байыту комбинатында - 500 мың т хромит рудасын өндіретін қосымша қуаттар қатарға қосылды.

Жаңа күрделі құрылыстар, өндірістік объектілерді кеңейтіп қайта құру металлургпя саласындағы негізгі өнеркәсіптік өндірістік қорлардың жылдық орташа құнын 18,1% арттыруға және оны 2,6 млрд. сомға жеткізуге мүмкіндік берді. Мұның өзі 1970 жылғыдан 2,4 есе артық.

1970 жылдан бері республиканың темір рудасы өнеркәсібі едәуір өсті. Бұл уақыттың ішінде темір рудасының өнімі 1,4 есе, оның ішінде 10-бесжылдықтыц алғашқы 2 жылында 11% өсті, тиісінше концентрат өнімі 1,5 есе және 15,4%, агломерат 2,46 және 1,8 есе артты. Елімізде өндірілетін концентраттың 1/10-і, жентектің 1/4-і Қазақстанда өндіріледі. Руда өндірісінің өсуімен қатар темір рудасы шикізатының металлургиялық бағалылығы да артты. Шикі рудада темірдің жалпы төмендеу тенденциясына қарамастан товар рудасындағы байытылған концентрат үлесі 68,7%-тен 1977 ж. 72,6%-ке артты, оның ішінде темір бар концентрат 65%, одан жоғары концентрат 75,32%- Қарағанды комбинатын қажетті оттекпен қамтамасыз ету үшін және өндірісті интенсивтендіру үшін қуаты сағатына 60 мың м3 2 оттек станциясы және жылдық өнімділігі 750 мың т қаңылтыр цехы пайдалануға беріледі.

1976-1980 жылдар республикада тұңғыш рет комбинатта қыздырмай мырышталған табақ темір, қалайыланған және хромдалған қаңылтыр өндірісі игеріледі. Ооылайша шығарылған өнім металды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Металлургия өндірісінің өсуіне және шикізат тұтынудың артуына байланысты комбинатта флюс өндірудің қуатын қазіргіден едәуір ұлғайту белгіленіп отыр. Алексеевск доломит карьерінде 200 мың т доломит шығару жоспарланды. Оңтүстік-Тапар карьерінің қуаты арттырылып, 1981 жылы 1380 мың т әк тасын өндіретіндей дәрежеге жеткізуге дайындық жүргізілуде. Атасу темір рудасы басқармасында 1981 ж. кен өндіруді арттыруға мүмкіндік беретін шаралар жүзеге асырылып жатыр. Шойын, болат, және прокат (жаңа стан салынуын есепке ала отырып) өндіру бұрынғыдан да арта түседі. Мұндағы комбинаттың құрылысы аяқталғаннан кейін, оның келешектегі дамуы кейбір қайта жабдықтау жұмыстарына және қолда бар жабдықтардың жұмыс процесін интенсивтендіруге байланысты болады.

Республиканың ферросплав өнеркәсібін өркендету жөнінде де едәуір шаралар белгіленген. Ақтөбе з-дында көміртек қосылған жентектелген феррохром, жоғары глиноземді жартылай өнім өндіру жөнінде қосымша қуаттар, сондай-ақ электрмен балқытатын феррохром цехы пайдалануға беріледі. Ермак з-дында ферросплицин өндіретін қуатты пештері бар № 1 және № 6 цехтар қатарға қосылады, № 2 цех түгелінен хромдық қорытпалар құюға көшіріледі. Міне осының бәрі ферросплав өнімін 2 еседен астам арттыруға мүмкіндік береді.

Темір рудасы кәсіпорындарында қосымша қуаттар пайдалануға беріледі. Соколов-Оарыбай кен-байыту комбинатындағы Соколов жер асты руднигінің қуаты 2 млн. т-ға дейін арттырылады.

10-бесжылдықта Кочар кен-байыту комбинатының құрылысына республиканың темір рудасы өнеркәсібін өркендетуге жұмсалатын қаржының жартысына жуығы беріледі.

Темір рудасы өнеркәсібінің өркендеуімен қатар, оның өндіретін өнімінің сапасы едәуір жақсартылады. Лисаков кен-байыту комбинатында концентрат рудасын байытудың күйдіру магниттік схемасы игеріледі. Сөйтіп, қазіргі гравптациялық-магниттік концентраттағы темір 40% болса, енді ол жаңа әдіс бойынша 61-62%-ке жеткізіледі. Қара металлургияның өркендеуі республика халық ш-ның жаңадан өсуін қамтамасыз етеді.

Отын-энергетика өнеркәсібі. Отынның әр алуан түрлерін өндіруді, өңдеуді және оны халық ш-нда пайдалануды қамтитын өнеркәсіп салалары республикада маңызды орын алады. Отын-энергетика өнеркәсібінің дамуы жағынан Қазақстан елімізде алдыңғы қатарлы орындардың біріне ие болып отыр.

Қазақстанның отын-энергетика шаруашылығында көмір, мұнай және электр энергиясын өндіру басты роль атқарады.

 

Қазақстанда электр энергиясы өндірісі және отывның түрлерін өндіру

                                            

 

1940

1950

1960

1970

1978

Электр энергиясы, млн. квт-сағ.

632

2619

10494

34748

59218

Көмір өндіру, мың т

6972

19364

32375

61579

103476

Мұнай өндіру, мың т

 

697

1059

1610

13161

23889

(1975)

Табиғи газ өндіру, млн. м3 (газ конденсатын қоса есептегенде)

4

7

39

2092

5199

(1975)

 

Қазақстанның халық шаруашылығында мұнай мен табиғи газ жылдан-жылға көп пайдаланылуда. Осыған қарамастан республикада энергетик. ресурстардың негізгі түрі әзірге көмір болып отыр. Қазақстанның жалпы отын балансында көмір 70%-тен асып түседі. Көмірдің жалпы қоры жағынан Қазақстан елімізде РСФСР мен Украинадан кейін 3-орын алады. Көмірдің жалпы геол. қоры 140 млрд. т. Көмір байлығы әжептәуір бола тұрса да Ұлы соц. революциясына дейін Қазақстанда көмір өнеркәсібі айтарлықтай дамыған жоқ. 1913 ж. Қарағанды мен Екібастұздың қарапайым шахталарында не бары 90 мың т көмір өндірілді. Қазақстанның көмір байлығын кеңінен игеру 30 жылдардан басталды. Осы орайда көмір қоры жағынан неғұрлым ірі жоғары сапалы Қарағанды бассейнін игерудің ролі үлкен болды. Қарағанды көмір кені орындары негізінде СССР-дің қуатты 3-көмір базасын жасау туралы БК(б)П Орталық Комитеті 1931 ж. 15 сентябрьде арнайы қаулы қабылдады. Бұл қаулы және басқа бірқатар шешімдер республиканың басты отын базасы - Қарағанды көмір бассейнінің келешегін белгілеп берді. Көтергіш қондырғыларды тех. жағынан қайта құру, жаңғырту, шахтаның ішкі транспорты, сыртқы технол. комплекс көмір бассейнінің өнімділігін шұғыл көтерді. Көмір өндіру 1941 ж. жылына 7 млн. те-ға жетті, яғни 1913 жылғы деңгейінен 77,5 есе артты. Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды бассейні еліміздің халық ш-н, ең алдымен Орал металлургия өнеркәсібін отынмен негізінен үздіксіз қамтамасыз етті. Бұл кезде көмір өнімі 1,5 есе артты, бассейннің жылдық өнімі 1945 жылға қарай 9,5 млн. т-ға жетті. Көмірді машинамен өндіру 1945 ж. 73,4% болды, электровозбен тасып шығару дәрежесі 37,2%-тен 57,6%-ке жетті.

Соғыстан кейінгі кезде (1945-1965) көмір өнеркәсібі жедел қарқынмен өркендей бастады. Жаңа қуаттардың, кен орындарыныц іске қосылуы, сондай-ақ бұрыннан істеп жатқан шахталарды өнімді пайдалану соғыстап кейінгі жылдары көмір өндіруді 4 есеге жуық арттыруға мүмкіншілік берді.

Көмір өнеркәсібі 8-және 9-бесжылдықтарда өнімділігі жоғары техникамен интенсивті жабдықталды. 1976 ж. 1 январьда 153 лаваның 141-нде тар алымды комбайндар жұмыс істеді, олардың көмегімен жалпы көмір өнімінің 96,3%-і өндірілді. Тар алымды комбайндарды, әсіресе механикаландырылған комплекстерді енгізу лава өнімін 2 есеге жуық арттырып, тәулігіне 876 тга жеткізді.

1978 жылғы мәлімет (103,5 млн. т) бойынша көмір негізінен Қарағанды, Екібастүз бассейндерінен өндіріледі. Біріншінің үлесіне Қазақстанның барлық көмір өнімінің 45 %-і, ал СССР-де кокстелетін көмірдің 10%-не жуығы тиеді. Күлі біршама көп болғандықтан, кокске пайдалану үшін көмірді байытуға тура келеді. Өндірілген көмірдің 1/2-ге жуығы республиканың өзінде пайдаланылады. Оралға және еліміздің Европ. бөлігіне, біразы Орта Азияға жөнелтіледі.

Бассейн Оралға Кузбасстан гөрі әлдеқайда жақын, сондықтан Оралды кокстелетін көмірмен жабдықтауда оның ролі үнемі өсе береді. Өнім өндіру көлемі жағынан Қарағанды көмір бассейні елімізде Донбасс пен Кузбасстан кейін 3-орын алады.

Екібастүз бассейні республиканың 2-отын базасына айналды, бұл Қазақстанда өндірілетін барлық көмірдің 1/2-ге жуығын өндіреді. Мұнда көмірдің геологиялық қоры 12 млрд. т есептеледі. Бассейннің артықшылығы - көмірінің нығыздыгы күшті, ал көмірді өндірудің тех.-экономикалық көрсеткіштері жағынан Канск-Ачинск бассейнінен кем түспейді. Екібастұз көмірін жоспарлы және интенсивті өндіру 40 жылдардың аяқ кезінен басталды. 1950 ж. 47 мың т өндірілді, ал 1955 ж. 2,3 млн т өндірілді. 10 жылдың ішінде (1955-1965) Екібастұз көмір өнімінің көлемі 6 еседен астам артты. Қазір бұл кен орны еліміздің отын - энергет. балансында үлкен роль атқарады. 1965-1977 ж. Екібастұз көмір өнімі 20 есе өсті. Егер республикада өндірілген көмірдің Екібастұз 1965 ж. 31%-ін, 1975 ж. 50%-ке жуығын өндірсе, 1980 ж. 59%-ін өндіретін болады. 10-бесжылдықта республикада көмір өнімі 37%-ке, оның ішінде Екібастұзда ол 61%-ке өседі.

КПСС ОК мен СССР Мин. Советініц «Екібастұз отын-энергетика комплексін жасау және тұрақты ток күші 1500 кв. «Екібастұз-Орталық» электр тогын беру желісін құру туралы» қаулысында Екібастұз бен Майкөбе көмір бассейндерін игеру еліміздің отын-энергетика балансын жақсартудың және Қаз. ССР экономикасын онан әрі өркендетудің маңызды бағыттарының бірі болады деп көрсетілген.

Энергет. көмір ондіру Құсмұрын және басқа кен орындарында ұйымдастырылады. 10-бесжылдықтың (1976-1980) аяғында республикада көмір өнімі 125-127 млн. т-га жетеді.

Қазақстанда мұнай өнеркәсібі революцияға дейін дамыған ескі салалардың бірі болып табылады. Бірақ мұнда мұнай өндіру 60 жылдардың орта кезіне дейін баяу жүрді, бірқатар себептерге байланысты жалпы еліміздің мұнай өнеркәсібі дамуы қарқынынан едәуір артта қалды. Республиканың бірден-бір мұнайлы ауданы Ембі бассейні болды. Тек Маңқыстау түбегінің аса бай мұнай кен орнының ашылып игерілуіне байланысты өнеркәсіптің бұл саласы едәуір дәрежеде өркендеді. «Қара алтын» өнімі шұғыл өсті, 1975 ж. 23,9 млн. т өндірілді. Қазақстанда мұнай өндірумен қатар, мұнай өңдеу ісі дамып келеді. Гурьев мұнай з-ды ұлғайтылды, Павлодар мен Шымкентте жаңа заводтар салынып жатыр. Маңқыстау мұнайы 1970 жылдан бастап Өзен-Гурьев-Куйбышев магистральдық мұнай құбыры арқылы «Дружба» мұнай құбырына т. б. отандық мұнай өңдеу з-дтарына жөнелтілуде.

Қазақстанда энергетиканың ең жас саласы - газ өнеркәсібі. Бұл негізінен алғанда 70 жылдары дами бастады. Қазіргі кезде газ өндіру жылына 5,2 млрд. м3-ге (1975) жетті. Қазақстанның коммуналдық-тұрмыстық объектілері мен өндірістік кәсіпорындары бірқатар құбырлары және оның тараулары арқылы келетін табиғи газбен жабдықталады. Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарының тұтынушыларына Бұхара газы Ташкент - Фрунзе - Алматы газ құбыры арқылы жеткізіледі. Ақтөбе, Қостанай және Торғай облыстарына газ Бұхара - Орал газ құбырынан беріледі. Оңт. Маңқыстаудан Орта Азия - Орталық газ құбыры арқылы газ еліміздің Европ. аудандарына жеткізіледі, ал Солт. Үстірт газы Бұхара - Орал газ құбыры арқылы Орал кәсіпорындарына беріледі. Қазіргі кезде Қазақстанның отын балансында табиғи газ бен сұйытылған газдың үлесі онша үлкен емес. Республикада табиғи газдың өнеркәсіптік корлары көп. Газ ондіру отынның басқа түрлерімен салыстырғанда едәуір арзанға түседі. Мұның өзі қысқа мерзімнің ішінде республиканың отын балансы құрылымында газдың үлесін көбейтуге мүмкіндік береді. Қазақстанда газ өнеркәсібін өркендетудің келешегі үлкен.

Машина жасау және металл өңдеу. Өндірістің бұл маңызды саласының дамуы Қазақстанда ауыр онеркәсіптің құрылу процесімен тығыз байланысты. Қазакстанда Окт. революциясына дейін машина жасаудың өндірістік базасы болған жоқ, ал металл өңдеу барынша ұсақ кәсіпорындар түрінде болды. Олар қарапайым еңбек құралдарың шопыннан қорытылған детальдар, үй тұрмысына қажетті заттар, зергерлік бұйымдар т. б. шығарып тұрды. Қазақстанда 1913 ж. бүкіл металл өңдеу өнімінің молшері 1,3 млн. сом болып бағаланды. Елімізді және республикамызды соц. индустрияландырудың базасы болған өндіріс салаларының бірі - машина жасау өнеркәсібі.

Қалпына келтіру кезеңінде (1921-1927) еліміздің халық ш-н көтерудегі Қазақстанның ролін арттыру мақсатымен оның табиғи ресурстарын игеру бірінші кезекке қойылды, осыған байланысты республикада руда, мұнай, тас көмір, түсті металл, а. ш. өнімдерін өндіруді дамытуға баса көңіл бөлінді. Сондықтан металл өңдеу ісі республиканың кен шығару, мұнай, жеңіл және тамақ өнеркәсібіп және а. ш-н өркендетуге қызмет етті. Ол машиналар мен құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарын жүргізді. Осыған орай металл оңдеу өнеркәсібінің мәні арта түсті. Республиканың кен-руда, мұнай, көмір, химия өнеркәсібі және түсті металлургия кәсіпорындарының құрамыпда жөндеу учаскелері мен цехтары құрылды. А. ш-нда жөндеу-механикалық шеберханалар пайда болды. Оралда, Петропавлда және республиканың басқа да қалаларында мех. з-дтар қайта жарақтандырылды, бұлар өнеркәсіп жабдықтары мен а. ш. техникасын жөндеумен қатар металл бұйымдар, таразы, стандартқа жатпайтын жабдықтар, шойыннан және түсті металдан қорытылған детальдар, аспаптар шығарды. Республикада металл өңдеу өнеркәсібінің өсуін мынадан көруге болады: 1933 жылдың 1 январында оның негізгі өндірістік қоры 10217,0 мың сом болды, ал бұл көрсеткіш 1928 ж. 1 октябрьде 555,0 мың сом болатын, яғни ол осы уақыт ішінде 18,4 есе артты.

2-бесжылдықтағы (1933-1937) шешуші шаруашылық міндеттер қайта конструкциялауды аяқтау және еліміздің бүкіл халық ш. үшін аса жаңа тех. база жасау болды. Мұның өзі Қазақстанда машина жасау мен металл өңдеуді дамыту бағытын белгілеп берді. Қазақстан өлкелік 8-партия конференциясының 1934 жылғы 16 январьдағы қаулысында былай делінген: «Конференция өлкелік комитет пен үкіметке шаралар әзірлеуді және Қазақстанда машина жасау өнеркәсібін дамыту жоніндегі мәселені одақтық ұйымдарда талқылап, екінші бесжылдықта машина жасаудың негізін қалауды (кен жабдығы, жел двигательдері, автомобиль құрастыру, аккумулятор заводтары, бұрыннан бар жөндеу-механикалық заводтарды, сондай-ақ автомобиль-трактор жасайтын аралас-өндірістік заводтарды ұлғайту) тапсырады».

Негізгі өнеркәсіп салаларының өркендеуі республикадағы машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің дамуына қолайлы жағдай туғызды. 1935 ж. Алматы мех. з-ды іске қосылды. Оның құрылысына 1,4 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. 2-бесжылдық кезінде сонымен бірге Көкшетау, Павлодар, Семей, Жамбыл, Орал мех. з-дтарының ондірістік қуаты едәуір артты. Мыс., Көкшетау мех. з-дында таразы өндіру 1932 жылмен салыстырғанда 1937 ж. 8,8 есе өсті. Қаз. ССР металл өңдеу өнеркәсібінің өнімі тұтас алғанда 1932 жылғы 14,4 млн. сомнан 1937 ж. 108,0 млн. сомға дейін көбейді. Республиканың өнеркәсіп орындарындағы жөндеу цехтарының саны молайды. Алайда республиканың металл өңдеу және жөндеу-мех. кәсіпорындарының тех. жарақтану дәрежесі төмен болып келді.

1-және 2-бесжылдықтар кезеңінде құрылған ірі өнеркәсіп орындары 3- бесжылдық кезінде (1938-1941) республиканың халық ш-н дамыту қарқынын еселеп арттыруга мүмкіндік берді. 3-бесжылдық жоспардың негізгі жобаларын өзірлеуде түсті металл, отып және химия өнеркәсібімен қатар металлургия мен машина жасауды дамытуга баса назар аударылды. Сонымен соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезеңінде Қазақстанда машина жасау мен металл өңдеу саласы: бұрыңғы металл өңдеу кәсіпорындарын реконструкциялау; жөндеу мех. з-дтар құру және оларды техникамен қайта жарақтандыру; Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің тех. базасын жасауға қызмет ететін еліміздің дамыған аудандарындағы металл өңдеу мен машина жасау з-дтарының арасында кооперат. байланысты өрістету; республикада болашақ машина жасау өнеркәсібінің материалдық-тех. алғы шартын жасау бағыттарында дамыды.

Қазақстанда машина жасау мен металл өңдеу тарихында Ұлы Отан соғысы жылдары түбірлі өзгерістер болды. Коммунистік партия мен Совет үкіметі майдан мұқтажы үшін өнім өндіру, әсіресе мұны еліміздің шығ. аудандарында шапшаң өрістету міндетін алға қойды. Еліміздің майдандағы және майдан төңірегіндегі аудандарында орналасқан машина жасау з-дтары негізінен Волга бойы, Орал, Бат. Сібір, Қазақстан және Орта Азия аймақтарына көшірілді.

Ұлы Отан соғысының бас кезінде Қазақстанда майдандағы және майдан төңірегіндегі аудандардан көшірілген заводтардың жабдықтарын қалпына келтіру және жаңа құрылыстар салу негізінде машина жасау өнеркәсібі құрыла бастады.

Окт. революциясы атынд. Луганск паровоз жасау з-ды жабдықтарының бір бөлігі негізінде 1941 ж. Алматы ауыр машина жасау з-ды құрылды. Ол Алматыда салынып жатқан автомоб. жөндеу з-дының алаңына орналасты. Алғашқы кезде Алматы ауыр машина жасау з-ды шығырлар, домна пеші жабдықтарының сүзгілерін, сондай- ақ прокат стандары жабдықтарын шығарды.

Москва, Воронеж, Харьков, Мелитополь қалаларындағы кәсіпорындардың 1941 ж. көшірілген жабдықтары негізінде Қазақстанда мынадай кәсіпорындар құрылды: Шымкентте М. И. Калинин атынд. пресс-автомат з-ды, Петропавлда изоляциялық материалдар з-ды, Ақтөбеде рентген аппаратурасы з-ды, Ақмола насос з-ды, осындай жолмен 1942 ж. Петропавлда шағын литражды двигательдер з-ды, Ақмолада Қазақ а. ш. машиналарын жасау з-ды, Макинск қ-нда В. И. Ленин атынд. поршень сақиналары з-ды, Пархоменко атынд. Қарағанды з-ды құрылды. 1944 ж. Алматы құю-мех. з-ды іске қосылды.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдары пайда болған машина жасау з- дтары республикада бірқатар машина жасау салаларының бұдан былайғы қалыптасу процесіне негіз болды. Олар соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде пайда болған көмір, мұнай, химия онеркөсібімен және түсұі металлургиямен бірге республикада бірінші кезекте соғыс мұқтажына қызмет еткен қуатты соғыс индустриясын жасауға мүмкіндік берді.

Қазақстанда 4-бесжылдықта (1946-1950) машина жасау мен металл өңдеуді еселеп дамыту ісі соғыс кезінде құрылған заводтар мен цехтардың бітпеген кем-кетіктерін жойып, толық жабдықтау есебінен жүзеге асырылды. мұның өзі республикамыздың соғыстан кейінгі кезеңде еліміздің халық ш-н қалпына келтіріп өркендетуте қосатын үлесін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге республикада бұрыннан бар машина жасау өнеркәсібінің қуаты (Алматы ауыр машина жасау з-ды, Целиноград а. ш. машиналарын жасау з-ды) ұлғайтылды. 1951 ж. Жаңа Қарағанды кен-шахта жабдықтары з-дын жобалау ісі қолға алынды, көмір өнеркәсібінің рудалық-жөндеу, жөндеу-мех. кәсіпорындары негізінде жаңа машина жасау з-дтары құрылды. Металл өңдеу кәсіпорындарында (Алматыдағы «Металл-штамп» з-ды, Семейдегі метиз- фурнитур з-ды) көпшілік қолды халық тұтынатын металл бұйымдарын өндіру ұлғайтылды. 1950 ж. Қазақстанда машина жасау мен металл өңдеу өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 474% артты. Дегенмен сала өнімінде бұрынғысынша металл өңдеу өнеркәсібінің үлесі басым болды.

5-бесжылдық жоспарда елімізде 1951-1955 ж. өнеркәсіп өнімін өндіру 73%-ке, оның ішінде машина жасау мен металл өңдеу өнімін 2 есеге арттыру көзделді. Сондықтан бұл бесжылдық республика үшін оның территориясында бірқатар ірі машина жасау з-дтарын салу ісін кеңінен өрістету кезеңі болды. 1953 ж. Шығ. Қазақстан машина жасау з-дының құрылысы басталды. Ол жер астын бұрғылау үшін бұрғылау станоктарың кен жыныстарын тиейтін машиналар. руда ұсатқыш машиналар, классификаторлар, перфораторлар, флот машиналарын шығаруға мамандандырылды. Павлодар трактор з-дының құрылысы да осы бесжылдықта басталды (1955). Орт. Қазақстанда көмір машиналарын жасау кәсіпорыпдарының құрылысы өрістетілді, олар стрелка бұрмаларын, дербес және байыту жабдықтарын жөндей бастады. 5-бесжылдықта Алматы ауыр машина жасау з-дын, Павлодар шағын литражды двигательдер з-дын және Целиноград а. ш. машиналарын жасау з-дын реконструкциялау жобасы жасалды. Бұл бесжылдықтың аяғында республикада машина жасау ондірісі 225% өсті.

6-бесжылдықта (1956-1960) машина жасау ісі еңбекті машинамен жарақтандыратын сала ретінде еліміздің халық ш-нда тех. прогресті тездету жөніндегі аса маңызды міндетті атқарды. Қазақстанда машина жасау құрылысы мен оның жаңа қуаттарын іске қосу қарқыны артты. Конденсатор (Өскемен), төм. вольтты аппаратура (1959 ук. Алматы), экскаватрр (1959 ж. Кентау), автоматика приборларын (Өскемен), оттекті-дем алдырғыш аппаратура (Көкшетау), атқарушы механизмдер (Петропавл) шығаратын жаңа машина жасау з-дтары іске қосылды.

1951-1960 ж. республикада көптеген ауыр машина жасау, электротех. өнеркәсібі, прибор жасау, трактор және а. ш. машиналарын жасау жаңа кәсіпорындары салынды. Осыған орай Қазақстанда бұл прогресті саланың құрылымы жақсара түсті.

Республикада 1965 ж. металлургиялық жабдықтарды өндіру 1960 жылмен салыстырғанда 77,9%-ке, экскаваторлар өндіру 79,1%, электротех. бұймдар өндіру 79,4%, а. ш. машиналарын өндіру 64,2% өсті. 1962 ж. болашақ Павлодар трактор з-ды сүт тоңазытқыш қондырғыларын, аммиак (қос сатылы және оттекті станцияларды сериялап өндіре бастады. Қазақстанда - жетіжылдықта жоғары вольтты аппаратура (Шымкент), трансформаторлар (Кентау), жаңа үлгідегі конденсаторлар, ұста-пресс жабдығын, насостар, сыдыра жыртқыш культиваторлар, а. ш. машиналарының запас бөлшектерін өндіру есебінен машина жасау өнімінің құрылымы жақсара түсті. Машина жасаудың металл өңдеу паркінің өзі жартылай автоматты, арнайы және агрегатты станоктармен жаңартылды. Осының нәтижесінде Қазақстанда машина жасау мен металл өңдеу өнімін өндіру 1961-1965 ж. 208%, оның ішінде машина жасау өнімін өндіру 228% көбейді.

8-бесжылдықта (1965-1970) ғылыми-теникалық прогресті жеделдетуге және қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлінді. КПСС 23-съезі халық ш-н тех. жағынан қайта жарақтандыруда және еңбек өнімділігін арттыруда машина жасаудың шешуші роль атқаратындығын атап көрсетті.

Сондықтан 8-бесжылдық Қазақстанда машина жасау мен металл өңдеуді дамытудың жаңа кезеңі болды. 1968 жылдың авгусында Павлодар трактор зауыдынын конвейерінен тұңғыш қазақстандық трактор шықты. 1968 ж. топырақты эрозиядан қорғайтын машиналар мен құралдар (культиваторлар, сеялкалар, сыдыра жыртқыштар, тырмалар, штангілі тетіктер т. б.) өндіруге мамандырылған Қазақ а. ш. машиналарын жасау з-ды іске қосылды. Бесжылдықта республиканың көптеген машина жасау з-дтары белгілі бір техникадан еліміздің қажетін етейтін жетекші кәсіпорындарға айналды (Алматы ауыр машина жасау з-ды, Целиноград а. ш. машиналарын жасау з-ды, Қазақ а. ш. машиналарын жасауды, конденсатор з-ды, пресс-автомат з-ды, Ақтөбе рентген аппаратурасы з-ды, Шығ. Қазақстан машина жасау з-ды т. б.).

9-бесжылдықта (1971-1975) Қазақстанның машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібін дамытуда үлкен өзгерістер, болды. Сала өнімі 72%-ке өсті. Электротех. бұйымдарының, а. ш. және кен руда машиналарының жаңа түрлері көптеп өндіріле бастады, прокат, ұста-пресс жабдықтарын өндіру жетілдірілді. Талдықорған аккумулятор з-ды мен «Қазақкабель» з-ды қорғасын аккумуляторларын, жылуға тұрақты сымдарды өндіруді, Өскемен конденсатор з-ды комплектілі конденсатор қондырғыларын, электротермиялық қондырғылар үшін конденсаторлар дайындауды, Шығыс машина жасау з-ды жаңғыртылған бұрғылау қондырғыларын, жабық кен өндіруде жер астынан руда шығаратын тербеліс механизмдерін, бұрғылау станоктарын шығаруды игерді, М. И. Калинин атынд. Шымкент пресс-автомат з-ды шыгарған машиналар жаңа сапаға ие болды. 1971-1975 ж. ұста-пресс машиналарының автоматты линияларын шығару 2 есе көбейді. Мұнда радио-тех. өнеркәсібінде қолданылатын сандық программалы басқару престері сериялап өндірілетін болды. Сандық программалы басқару престері деталь өңдеудегі жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді, тұтынушыларда еңбек өнімділігін 3-4 есе арттырады.

1971-1975 ж. Алматы ауыр машина жасау з-ды өнімдерінің номенклатурасы өзгерді. Заводтың өндірістік программасына жабдықтар мен механизмдердің 30 жаңа үлгісі енгізілді. Диаметрі 16-32 мм ірі болат прокатын калибрлейтін тартып созу станының біреуін қолдану тұтынушыға жыл сайын 125,0 мың сом мөлшерінде шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді, жазу-орау қондырғылары, прокаттау - пісіру жылытқыш радиаторларын өндіру жөніндегі жартылай автоматты (линиялар жабдығы жылына 24413 мың сом шығын үнемдейді. Алматы ауыр машина жасау з-дында жасалған және еліміздің экономикасының әр түрлі саласында енгізілген машиналардың барлық жаңа маркаларының халық ш-на тиімділігі 9-бесжылдықта жылына 41,5 млн. сом болды.

Сонымен Қазақстанның машина жасау өнеркәсібінде еліміз бен республикамыздың халық ш-ның органик. бөлігі ретінде соңғы 15 жыл ішінде елеулі өзгерістер болды. 1961-1975 ж. Қаз. ССР машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің өнімі 6,0 есе өсті, оның өндірістік негізгі қорлары 7,4 есе өсті, салада жұмыс істеушілердің саны 2,6 есе көбейді. Машина жасау мен металл өңдеу республика халық ш-ның жетекші салаларының біріне айналды. 1975 ж. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінде машина жасау мен металл өңдеудің үлес салмағы жалпы өнім бойьпппа 15,3%, өндірістің негізгі қорлары бойынша 10,7%. жұмысшылардың саны жөнінен 27,8% болды.

Қазақстанда 10-бесжылдықта машина жасау мен металл өңдеу саласында машина, жабдық және прибор өндіру 55-60% өседі. Сала өнімінің өсуі жұмыс істеп тұрған заводтарды реконструкциялау және ұлғайту есебінен тех. тұрғыда жаңартуға негізделеді. Мыс., Алматы ауыр машина жасау з-дың реконструкциялаудың бірінші кезегін бітіргеннен кейін оның өнімін 2,1 есе арттыруға мүмкіндік туады.

10-бесжылдықта Өскемен конденсатор з-дының комплексті-конденсатор қондырғыларының жаңа цехын, Шымкент «Электр аппараты» з-дының цехтар блогын іске қосу электротех. өнеркәсібі саласындағы өнім өсімінің жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Семей арматура з-дының жобалық қуатын толық игеру көзделіп отыр. Өскемен прибор з-дын реконструкциялау оның қуатын 4 есеге арттырады. Жоспар бойынша Павлодар трактор з-ды 1980 ж. өзінің жобалық қуатының 70%-тен астамын игереді. Жел эрозиясына ұшыраған жерлерде жұмыс істейтін машиналар комплексін шығару жөніндегі Целиноград өндірістік бірлестігінің мәні арта түспек. Ол мұндай техниканы шығару жөнінде еліміздегі бірден-бір ірі өндірістік бірлестікке айналады. Мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі үшін машиналар шығаратын кәсіпорындарда (Ақтөбе а. ш. машиналарын жасау з-ды, Манкент а. ш. машиналарын жасау з-ды, Мамлют з-ды) реконструкциялау жұмыстары жүзеге асырылады. 1980 ж. республикада Ақтөбе рентген аппаратурасы з-дының өнімі 2 есе көбейеді, Қарағанды кен машиналарын жасау өндірістік бірлестігінің өнімі едәуір өседі. 10-бесжылдықта Степногорск подшипник з-дының, Талдықорған сілтілі аккумуляторлар з-дының бірінші кезегі іске қосылады.

Алдағы уақытта Қазақстан машина жасау өнеркәсібінің құрылымы республикада турбина, двигатель және транспорт машиналарын жасау, сонымен қатар станок-аспап және прибор жасау, мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісіне арналған машиналар өнеркәсібін одан әрі өркендету бағытында жетілдіру тиіс.

Электр энергетикасы. Қазақстан энергет. шаруашылығы өз энергет. ресурстарын пайдалана отырып дамиды. Республикада бұл ресурстар едәуір көп және сан алуан. Қаз. ССР-і көмір өндіру көлемі жағынан еліміздің 3-көмір базасы. Республиканың 100 млрд. ш-дан астам шартты отын болатын отын ресурстарының барлық потенциалдық қорларының 80%-тен астамы көмір үлесіне тиеді. 400-ден астам көмір кен орындарында жатқан оның жалпы геол. запастары 140 млрд. т-дан асады. Мұнай-газ отыны ресурстарының өсу келешегі Каспий жағалауы ойпаттары аудандарымен байланысты. 1971 ж. 1 январьдағы мәліметтер бойынша табиғи газдың баланстық запастары 2 трлн. м3-ден асады, оның ішінде А, В, С категориялары бойынша 177 млрд. м3. Қаз. ССР потенциалдық ресурстары 163 млрд. квт-сағ бағаланады, пайдалануға тех. мүмкіндігі бары 61,9 млрд. квт.сағ, экономик. мүмкіндігі бары 27 млрд. квт-сағ. Потенциалдық гидроэнергет. ресурстардың 90%-тен астамы республиканың оңт.-шығ. жағында, Алтай мен Тянь-Шаньға жапсарлас жатқан аудандарда.

Революциядан бұрынғы Қазақстанның отын-энергет. ресурстар қоры көп бола тұрса да, энергет. базасы аз болды. Қазақстан электр ст-ларының жалпы қуаты 1913 ж. 2,5 мың. квт-сағ-тан аспады, жылдық электр энергиясын өндіру 1,3 млн. квт-сағ болды. Бұл жан басына шаққанда жылына 0,23 квт.сағ-тая. келетінді.

Қазақстанда электр энергетикасы іс жүзінде Совет өкіметі жылдары жасалды. Электр энергетикасының дамуы және Қазақстанды мемл. көлемде электрлендіру ГОЭЛРО жоспары бойынша басталды. Қазақ республикасы құрамына кірген Түркістан ауд-на бұл жоспар бойынша белгілі орын бөлінді. 1926 ж. Лениногорск орт. электр станцияда республикада тұңғыш қуаты 200 квт бу турбинасы пайдалануға берілді. ГОЭЛРО жоспары бойынша салынған Қазақстандағы алғаш су электр станциясы (СЭС) - Громатуха ө. бойындағы қуаты 3 мың квт Верхне-Хориузовск СЭС-і 1928 ж. іске қосылды.

1-бесжылдықтың (1928-1932) аяғында барлық электр ст-ларының қуаты 24,4 мың квт-қа жуықтады. Энергет. қуатының негізгі үлесі (80%-ке жуығы) ауыр онеркәсіпте жинақталды. 1-және 2-бесжылдықтардың арасында Қазақстанда бу турбиналы электр ст. салына бастады, бұлардың қуаты енді мыңдаған квт-пен есептелді. Олардың ішіндегі неғұрлым ірілері - Қарағанды жылу электр орталығы (1932), Шымкент қорғасын з-ды жылу электр орталығы (1934), Семей ет комбинаты жылу электр орталығы (ЖЭО) (1934), Ақтөбе химия комбинаты жылу электр орталығы (1934), Қаратау жылу электр орталығы (1935).

Жалпы пайдаланатын алғашқы бу-турбина электр. ст. - Алматы ст. 1935 ж. пайдалануга берілді, бұл республика астанасын 1944 жылға дейін электрмен жабдықтады. Қазақстандағы алғашқы ірі жылу электр ст. - Балқаш жылу электр орталығы 1937 ж. қатарға қосылды, бұл сол кездегі ең таңдаулы жабдықтармен жарақтандырады, турбина агрегаттарының қуаты 2 мың квт-тан болатын. Сол жылы Шығ. Қазақстан обл-нда қуаты 27 мың квт Үлбі СЭС-і пайдалануға берілді. Үлбі СЭС-і қатарға қосылушы байланысты Қазақстанда 1-энергет жүйесі - Алтай энергет. жүйесі пайда болды.

1939 ж. бірқатар ірі электр ст-лары олардың ішінде Ертіс, Өскемен СЭС-і, Қарағанды 1-мемл. аймақтық электу ст. (ГРЭС-і) т. б. салына бастады. Бірақ фаш. Германия бастаған соң белгіленген жоспарды орындауға бөгет жасады.

Соғыстың алдындағы 1940 ж. Қазақстан электр ст-ларының қуаты 2247 мың квт, ал электр энергиясын өндіру 0,63 млрд. квт.сағ-қа жетті, яғни 1913 жылға қарағанда 482 есе артты Соғыстың алдындағы бесжылдықтың өзінде, қысқа мерзім ішінде электр энергетикасын дамыту жөнінде айтарлықтай жетістікке қол жетті.

Энергетикалық құрылысының қарқыны соғыс кезінде де бәсеңдеген жоқ. 1192 жылдың аса ауыр жағдайына қарамастан ірі жылу электр ст. - Қарағанды ГРЭС-і пайдалануға берілді. Ссл жылы аса ірі 2-жылу электр станциясы - Ақтөбе жылу электр орталығы қатарға қосылды, мұның өзі Ақтөбе ферросплав заводында ферросплав өндіруді қолға алуға мүмкіндік бердді.

1943 ж. Петропавл 1-жылу электр орталығы, 1944 ж. - Текелі 1-жылу электр орталығы мен Шымкент май комбинаты жылу электр орталығы (казір Шымкент жылу электр орталығы) пайдалануға берілді.

Соғыс жылдары электр ст-ларыныц қуаты 1,8 есе артып, 1945 ж. 382,5 мың квт болды. Бұл кездің ішінде электр қуаты өнімі 1,8 есе өсіп, 1 млрд. квт/сағ-тан асып түсті.

1946-1960 ж. электр ст-ларының қуаты 8 еоеден астам өсіп, 3,17 млн. квт/сағ-қа жетті. Бұл кезде Қазақстанда қуатты су электр ст-лары - еліміздің шығысындағы алғашқы су электр ст-лары Өскемен (332 мыц квгаі), Бұқтырма (675 мың квт), сондай-ақ республиканың өнеркәсіптік орталықтарында бірқатар жылу электр ст-лары салынды. 1960 ж. бу турбиналарының барлық қуаттарының жартысына жуығы жылу агрегаттары болды. 1961-1970 ж. электр ст-лары, электр желілерін, кіші-гірім ст-ларды салудың индустриялық әдісіне көшу, будың жоғары және аса жоғары параметрлерімен жұмыс істейтін қуатты блоктық электр ст-лар салуға көшу жүзеге асырылды. Бұл жылдары электрмен және жылумен қамтамасыз етуді кеңінен орталықтандыру іске асып, жаңадан 20 электр ст-лары салынып, қатарға қосылды. Республиканың неғұрлым ірі электр ст-лары - Ермак мемл. аймақтық электр ст. (900 мың квт), Жамбыл (600 мың квт), Қарағанды мемл. аймақтық электр ст-лары (700 мың квт), Петропавл жылу электр орталықтары (470 мың квт) және басқалары. Электр ст-ларының қуаты 1971 ж. басында 8,77 млн. квт болды. Электр энергиясын өндіру 1970 ж. 34,7 млрд. квт-сағ-қа жетіп, 1,8 есе артты. Электр қуатын өндіру қарқыны СССР бойынша орта қуаттан жоғары болды. Электр энергиясын өндіру жөнінде Қазақстан одақтас республикалардың ішінде 3-орын алады.

9-бесжылдық республикада электр энергиясын өндіруді онан әрі өркендету кезеці болды. 1978 ж. республиканың электр ст-лары 59,2 млрд. квт-сағ. электр энергиясын немесе 8-бесжылдықтың соңғы қорытынды жылынан 52% артық өндірді. Өндірілген электр қуатын жан басына шаққанда жылына 3,5 мың квт-сағ-тан келді. Қапшағай СЭС-і (434 мың квт), қатты отынды пайдалана отырып, арзан электр энергпясын өндіретін, еліміздің ІПығыс бөлігіндегі ең ірі жылу электр ст. Ермак Мемл. аймақтық электр ст. (2,4 млн. квт) жобалық қуатына жеткізілді. 9-бесжылдықта белгіленген электр энергиясын өндіру 40% өсті, сөйтіп 11,5 млн. квт-қа жетті. Шевченко атом электр ст-нда 1973 ж. БН-350 жедел нейтрон атом реакторы өндіріске енгізілді. Ядроны жарғанда реакторда бөлінетін жылу электр қуатын өндіруге ғана емес, сонымен қатар теңіз суын тұщыландыруға да пайдаланылады.

Қазақстанда электр энергиясын өндіру 1928 ж. 7,5 млн. квт-сағ-тан 1978 ж. 59 млрд. квт-сағ-қа дейін өсті. Сонымен қатар жиынтық өнімнің 90%-тен астамы республиканың жылу электр ст-ларының үлесіне тиеді.

 

Қаз. ССР электр-энергетикасының Совет өкіметі жылдарындағы даму серпіні

 

Жылдары

Белгіленген қуат, мың квт.

Электр энергиясын өндіру

млн. квт. сағ.

оның ішінде (%)

СЭС

ЖЭС

1928

4

7,5

-

100

1940

224

632

14,0

86

1950

619

2619

9,9

90,1

1960

3172

10494

18,5

81,5

1965

8222

19239

19,0

81,0

1970

8769

34748

16,2

83,0

1975

11524

52452

9,7

90,3

1978

12311

59218

7,8

92,2

 

Республикада электрның дамуы электрмен орталықтандырумен үнемі қатар жүріп отырды. 1950 ж. орталықтандыру коэффициенті 27,5-ке, 1960 ж. 70,9-ға, 1965 ж. 88,1-ге, 1970 ж. 92,6-ға және 1978 ж. 92,6-ға тең болды. Іс жүзінде Қаз. ССР Энергет. мин-лігінің барлық электр ст-лары энергет. жүйесіне біріктірілген. Қазіргі кезде Қазақстанда 127 электр ст-ларын біріктіретін 9 энергет. жүйе жұмыс істейді. Қаз. ССР-інің неғұрлым ірі энергет. жүйесі - Солт. Қазақстанның біріккен энергет. жүйесі, мұның құрамына бес энергет. жүйе: Қарағанды, Павлодар, Алтай, Целиноград және Қостанай жүйелері кіреді, бұлардың жалпы қуаты 8 млн. квт-қа жуық.

1940-1978 ж. республикада халық шаруашылығының барлық салаларының электр энергиясын тұтынуы 105 есе өсіп, 1978 ж. 59,2 млрд. квт-сағ болды. Қазақстанда электр энергиясын негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп пен құрылыс (66,7%). Өнеркәсіп салаларының арасында электр энергиясын тұтынудың көбі түсті және қара металлургияның, сондай-ақ химия өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп орындары мен құрылыстың электр қуатын пайдалануы 1978 ж. 44,3 млрд. квт-сағ болды. Республика халық ш. салаларының ішінде а. ш-ның электр энергиясын тұтынуы шапшаң өсті. 1940-1978 ж. а. ш-ның электр энергиясын тұтынуы 486 есе өсіп, 1978 ж. 6,8 млрд. квт-сағ болды. Ал транспорттың электр энергиясын пайдалануы бұл кезеңнің ішінде 72,3 есе өсті.

Қазақстан энергетикасы мен электр оталары 10-бесжылдықта (1976-1980) онан әрі өркендей түседі. 1978 ж. реслублика электр ст-ларының энергет. қуаты 12,2 млрд. квт-сағ, электрмен орталықтанған жабдықталуы 92,6% болды. 1980 ж. электр энергиясын өндіру 71,8 млрд. квт-сағ-қа жетеді, яғни бесжылдық ішінде 1,4 еседен астам артады, электр желісінің ұз. 400 мың км-ге жуықтайды. Бесжылдықтың аяғында Қазақстанда жан басына электр энергиясын өндіру 4,6 мың квт-сағ-тан келіп, 1970 жылғыдан 1,5 есе артады. Бұл 350 Мвт жаңа қуаттардың пайдалануға берілуі және күші 35 квт және онан артың 28 мың км электр энергиясын беру желісін тарту есебінен. Екібастұз Мемл. аймақтық электр ст-ның 1-кезегі, Екібастұз 2-Мемл. аймақтық электр ст-ның, Оңт. Қазақстан мен Маңқыстау түбегінде жаңа Мемл. аймақтық электр ст-ларын салу есебінен жүзеге асырылады. Алматыда, Қарағандыда, Целиноградта, Павлодарда, Гурьевте, Қызылордада жылу әлектр орталықтары қатарға қосылады. Ертіс каскады СЭС-нің 3-кезегі, Ертіс ө-ндегі Шульба су электр ст-ның құрылысы кеңінен өрістейді.

Қазақстан электр энергетикасының өргө басуы одақтық маңызы бар Екібастұз энергет. торабын жедел дамыту, жылу орталықтарының отын балансы құрылымын газ.мазут отынын пайдалануды күшейту есебінеп жақсарту, республиканың бат. аудандарының электр энергиясымен жабдықталу жағдайларын жақсарту және оның сенімділігін арттыру, Батыс Сібір өзендері суларын пайдалана отырып, "Қазақстанның оңт.-шығ. бөлігінде электр желісі құрылысын онан әрі ұлғайту бағытында жүргізіледі.

Химия өнеркәсібі. Бүкіл еліміздегі сияқты республикамыздың химия өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамып келеді. 1970-1974 ж. еліміздің химия өнеркәсібінің жалпы өнімі 149'%-ке өссе, Қазақстанда тиісінше 157% молайды. Республика өнеркәсібінің жалпы өнімінде химия өнеркәсібінің үлес салмағы 1965 ж. 2,6% болса, 1975 ж. 4,5%-ке жетті.

Қазіргі кезеңде химия өнеркәсібінің басты ерекшелігі - негізгі химия өнімдерін өндіру және оның шикізат баңасын дамыту. Саланың жалпы өнім көлеміндегі олардың үлесі тиісінше 68,7% және 11,7% болды. Осыған орай химия өнеркәсібінің хим. талшықтар, синтет. шайыр және пластикалық массалар, сыр-бояу, тұрмыстық химия т б. тарауларын одан әрі дамытудың манызы зор.

Мұнай-химия өперкәсібі синтет. каучук, резина, асбест және негізгі органик. синтез өндіретін салалардан тұрады.

Республикада өндірілетін химия онімдерінің жартысынан астамын Оңт. Қазақстан береді (60,7%). Химия өнімін өндірудің 1/3 бөлігі Орт. және Бат. Қазақстанның үлесіне тиеді.

Қазақстанда химия өнеркәсібі сала ретінде алгашқы бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Республикада Совет өкіметі орнағанға дейін химия өнеркәсібі Шымкент сантонин з-ды (1886) және сабын қайнату, желім қайнату сияқты ұсақ кәсіпорындар түрінде ғана болды. Шымкент сантонин з-ды 1929 ж. осы заманғы химия-фармацевтика кәсіпорнына айналдырылды. 1-бесжылдық жылдарында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көптеген хим. шикізат базалары (Ақтөбе обл-нда фосфор және хромит кендері, Аралда табиғи сульфатты натрий мен ас тұзы, Батыс және Орт. Қазақстанда түрлі минералдық тұздар, Қаратау қойнауында фосфорит т. б.) ашылды. 1931-1934 ж. Ақтөбе химия комбинаты салынды, ол еліміздегі химия онеркәсібінің преципитат өндіру жөнінде аса ірі кәсіпорындарының біріне айналды. Осы жылдары табиғи сульфат кенінің негізінде «Аралсульфат» комбинаты сайынды. 1937 ж. Қаратауда жоғары сапалы фосфорит шөгінділері табылды. 1943 ж. Қарағанды синтет. каучук з-ды, Қостанай синтет. талшықтар з-ды алғашқы өнімдерін берді. Соғыстан кейінгі алғашқы бесжылдықтың аяғында «Қаратау» комбинатының алғашқы кезегінің құрылысы аяқталды. 1951 ж. Жамбыл суперфосфат з-ды іске қосылды. КПСС ОК-нің 1958 жылғы Май пленумынан кейін республикада Гурьев химия з-ды, Шымкент гидролиз з-дының құрылысы басталды. «Қаратау» комбинатының Ақтөбе хромдық құрамалар з-дының, Қарағанды қ-ндағы синтет. каучук өндірісінің жұмыс қуатын реконструкциялау және ұлғайту ісі жүзеге асырылды. 1958 ж. Шымкентте гидролиз з-ды жұмыс істей бастады. Бұлардың жұмыс қуатын реконструкциялау және ұлғайту ісі 1963 ж. аяқталды. КПСС ОК-нің 1963 жылғы Декабрь пленумынан кейін «Үлкен химияны» дамытудың жан-жақты программасы қабылданды. Қара және түсті металлургияда шикізатты комплексті пайдалануды жүзеге асыру нәтижесінде күкірт қышқылын (Шымкент қорғасын з-дында, Балқаш кен-металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарында) өндіру қамтамасыз етілді.

Сонымен 1945-1958 ж. негізгі химия өнімін, оның ішінде минералды тыңайтқыштар өндіру үшін аса ірі, осы заманғы химия индустриясының берік базасы жасалды. Химия өнеркәсібінің ішкі салалық құрылымы өзгере түсті. Ұқсатушы өндірістің үлес салмағы артты. Химиктердің жаңа қалалары Алға, Қаратау, «Аралсульфат» пос. т. б. пайда болды.

60 жылдардың орта шенінде «Қаратау» фосфор құрамдас шикізат беретін еліміздегі аса ірі кәсіпорынға айналды. «Қаратау» комбинатының шикізаты негізінде 4 суперфосфат з-ды жұмыс істейді: олардың біреуі Қазақстанда, қалғандары Орта Азияда, Қостанай, Қарағанды және Павлодар жөндеу з-дтары алғашқы өнімдерін берді. 8-бесжылдық кезінде республикада бұл саланы жоғары қарқынмен дамыту қамтамасыз етілді. Химия және мұнай-химия онеркәсібі жалпы өнімінің орташа жылдық өсу қарқыны республикамызда 7-бесжылдықта 15,2, 8-бесжылдықта 18,0,9-бесжылдықта 11,4% болды. 9-бесжылдық - республика химия онеркәсібі сапалы жаңа өрлеу кезеңіне аяқ басты. Еңбек өнімділігінің деңгейі 1966-1975 ж. 1,9 есе өсті. Қормен қамтамасыз етілу химия өнеркәсібінде ең бір жоғары көрсеткішке жетті, 1975 ж. 2 еседен астам өсті. Фосфорды қайта өңдеуде электротермиялық тәсілді пайдалану, бұл салада электрмен қарулану көрсеткішін онан әрі жоғарылатты (3,5 есе). Өндірістің тиімділігін көтеруге 1965 ж. қабылданған жаңа экономик. шаруашылық реформа өз үлесіп қосты. Республикамызда өнеркәсіп салаларының арасында химия өнеркәсібінің рентабельділік деңгейі 9,4% болып, 4-орынға шықты. 9-бесжылдықта жалпы өнім өндіру 1,9 есе, минералды тыңайтқыштар 1,8, сары фосфат 2,4, күкірт қышқылы 1,4, полиэтилен 2,1 есе өсті. Күкірт қышқылын өидіру 1975 ж. 1965 жылмен салыстырғанда 1,7 есе (әр адамға 125 кг-нан), минералды тыңайтқыштар өндіру 6,3 есе (408,5 кг шартты өлшеммен) өсті.

Қазақстан еліміздеғі химияландырудың негізгі базасына және триполифосфаттық, хром қосындыларының, органик. синтездің бірқатар аса маңызды өнімдерін беретін бірден-бір ауданына айналды. Химия өнімдерін өндіруден Қазақстан елімізде 5-орында.

Химия өнеркәсібінің жоғары қарқыны және экономик. тиімділігінің өсуі, бүкіл экономикаиың соны техникалық әрі технол. базаға жедел көшуіне мүмкіндік берді. Республикамыздың халық ш-нда химия өнімдерін пайдаланатын негізгі салалар: а. ш. (химия өнімдерін пайдаланудағы үлес салм. 16,2%), құрылыс (15%), қара және түсті металлургия (13,2%), машина жасау және металл өңдеу (11,6%), жеңіл өнеркәсіп (7,1%), транспорт пен байланыс (4,3%), тамақ онеркәсібі (3,3%).

1977 ж. республикада 2403,5 мың т минералды тыңайтқыш (фосфор т. б.), 1873 мың т күкірт қышқылы, мыңдаған автомоб. доңғалагы, 1308 т (шартты өлшеммен) өсімдік қорғайтын хим. препараттар, 14,2 мың т қою сыр, 8,9 мың т олиф майы т. б. өндірілді. Республикамыздың 61 өндіріс орнында пластмассадан шаруашылық және мәдени-тұрмыстық бұйымдар жасалады. Бұл салада ең ірі өпдіріс орны «Қызылту» бірлестігі болып табылады.

Қазіргі кезде аса ірі «Қаратау», «Химпром», «Фосфор» өндірістік бірлестіктері жұмыс істейді. Бірсыпыра жаңа заводтар салу ісі қолға алынды. Шевченко қ-нда пластикалық массалар з-ды, Павлодар мен Шымкентте мұнайды және қосалқы газды өңдейтін аса ірі заводтар салынып жатыр. Гурьев химия з-дын ұлғайту нәтижесінде республикада жаңа өнім - полистирол мен полиприопилен өндіру ісі жүзеге асырылады. 10-бесжылдықта республикада Ақтөбе обл-ның Шилісай кенінде минералды тыңайтқыштар өндірудің екінші базасын жасау ісі қолға алынады, Жаңа Жамбыл фосфор з-дының құрылысын аяқтау және Қаратау фосфор з-дын салуды одан әрі жалғастыру козделіп отыр. 1980 ж. минералды тыңайтқыштар өндіру 3,8 млн. т-ға жеткізіледі, яғни 30%-ке арттырылады. Сары фосфор, күкірт қышқылы және химия талшықтар өндірісі едәуір көбейеді. Полиэтилен өндірісі 2,1 есе молаяды. 10-бесжылдықта химия индустриясын дамытуға өткен бесжылдықтағыдан 2,5 есе көп күрделі қаржы бөлініп отыр. Павлодар - Екібастұз территориялық өндірістік комплексінде тұңғыш мұнай өңдеу өнеркәсібі іске қосылады. Хим. өнімдер өндіруге мамандандырылған Павлодар - Екібастұз, Қаратау – Жамбыл және Манғышлақ территориялық өндірістік комплекстерін нығайтумен бірге Қарағанды-Теміртау, Шымкент-Кентау, Алматы т.б. территориялық-өндірістік комплекстері онан әрі дамытылады.

 

Қазақ ССР-нде құрылыс материалдарын шығару серпіні (1937-1976)

 

Жылдар

Құрылыс кірпіші, млн. дана

Цемент, мың т

Шифер, млн. шартты плитка

Асбест, цемент құбырлары, шартты км

Құрастырмалы темір-бетон конструкциялар мен детальдар, м2

1937

213,0

-

-

-

-

1940

220,2

-

-

-

-

1950

347,1

15,7

-

-

48,0

1955

621.8

365,0

-

-

88,1

1960

1233,6

2173

33,4

-

1136,5

1965

1549,9

4036,9

235,0

874

2961,2

1970

1738.0

5653,51

526,5

4869

4246,2

1975

2092,3

-

586,0

6661

5806,2

1976

2062,5

-

606,3

7166

6070

 

Құрылыс материалдары өнеркәсібі. Ұлы Окт. соц. революциясына дейін Қазақстанда негізгі құрылыс материалы саман болды. Қабырғалық, байланыстырғыш, жабынды материалдар саз балшықтан жасалды. Тұрғын үйлердің қабырғасы (әсіресе республиканың оңтүстігінде) көбінесе саманнан соғылды. Тіпті әк тас сияқты құрылыс материалдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндік болмады. Құрылыс материалдарының жалпы өнімі 1913 жылы не бары 91 мың сом болды (1926-1927 жылдардағы баға бойынша).

Совет өкіметінің алғашқы жылдарында құрылыс материалдарының түр-түрін көбейту мүмкіндігі шектеулі болды. 1-бесжылдықтың бас кезінде бар болғаны үш кірпіш з-ды жұмыс істеді. Олар нашар жабдықталды. Қалған кейбір кәсіпорындар ұсақ, майдагерлік тұрпатта болды. Бұлардың шығарған өнімдерінің сапасы әдетте нашар еді, 1-және 2-бесжылдықтарда құрылыс материалдарына деген сұраныстың күшеюіне байланысты 1931 ж. құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі өнеркәсіп орындарын ұйымдастыру қолға алынды. Осы кезде Алматыда, Шымкентте, Петропавлда, Семейде т. б. қалаларда кірпіш күйдіруге арналған сақиналы пештермен, мех. престермен жабдықталған ірі кірпіш з-дтары салына бастады. Сонан соң әк тас, гипс сияқты құрылыс материалдарының басқа да түрлерін өндіретін кәсіпорындар ұйымдастырылды. Осының арқасында 1940 ж. республикада 200 млн. дана құрылыс кірпіші, 109,4 мың т әк тас, 23,5 мың т гипс өндірілді. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) құрылыс материалдарын өндіру күрт төмендеп кетті. 1945 ж. не бары 98,3 млн. дана құрылыс кірпіші, 45,8 мың т құрылыс әгі және 18,5 мың т гипс шығарылды.

Құрылыс материалдар өнеркәсібінің едәуір орге басуы 1950 жылдан кейін республикада цемент пен құрастырмалы темір-бетон өндірісінің пайда болуымен байланысты. 1955 ж. цемент шығару 1950 жылмен салыстырғанда 20 еседен астам өсті. 1954 жылдан бастап өріс алған құрастырмалы темір-бетондық конструкциялар және детальдар өндіретін з-дтар мен полигондарды жаппай салуға байланысты құрылысты индустрияландыру тәсіліне көшудің негізі қаланды. 1954 ж. 1 млн. сом құрылыс-монтаж жұмыстарына тек 12 л3 құрастырмалы темір-бетон пайдаланылса, ол 1955 ж. - 21 л3, 1960 ж. 667 л3-ге жетті.

Соғыстан кейінгі бесжылдықтар кезінде Қарағанды, Састөбе з-дтарында цемент өндіру едәуір артты. Семей, Шымкент, цемент з-дтары салынды. 1965 ж. республиканың цемент өнеркәсібі Шымкенттегі, Қарағандыдағы, Семейдегі, Састөбедегі, Өскемендегі цемент з-дтарын біріктірді. 1958 ж. ол республика қажетінің шамамен 1/3-ін қамтамасыз етті. 1965 ж. өзімізде өндірілген цемент республика қажетінің 70%-ін өтеген еді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 90%-ке жетті. Әлі де болса цементтің Қазақстанда өндірілмейтін арнайы түрлері әкелінеді. Цемент өнеркәсібі негізінде асбест-цемент өнімдерін өндіру ұйымдастырылды. Бұл саланың Қараганды, Семей, Шымкент қ-ларында заводтары бар. Қазіргі кезде құрылыс материалдар өнеркәсібі біршама ірі салаға айналып отыр (кестені қараңыз). Егер 1951 ж. республиканың бүкіл өнеркәсіп өніміндегі оның үлес салмағы 1,8% болса, 1976 жылы 6,9%-ке жетті. Сала 2000-нан астам кәсіпорындарды біріктіреді. Құрастырмалы темір-бетон сияқты тпімді материалды пайдалану және басқа прогрестік әдістерді кеңінен қолдану арқылы құрылысты индустрияландыру ісі жылдан-жылға жақсара түсуде.

 

Қазақ ССР-інің құрылыс материалдары өнеркәсібінің 1975, 1977 жылдардағы ішкі салалың құрылымы, % есебімен

 

Сала

Жекелеген салалардың үлес салмағы

 

Өнеркәсіп персоналының саны

Жалпы өнімі

Өнеркәсіптік өндірістік негізгі қорлар бойынша

1975

1977

1975

1977

1975

1977

Цемент өнеркәсібі

4,9

4,8

9,7

-

3,6

14,9

Асбест цемент өнеркәсібі

2,7

3,0

4,1

3,7

2,3

2,0

Құрастырмалы темір бетон және бетон конструкциялар мен детальдар

46,1

47,5

48,1

48,8

44,1

44,3

Қабырға материалдары өнеркәсібі

20,1

18,7

11,2

10,0

12,3

11,6

Құрылыс материалдар өнеркәсібінің басқа салалары

25,8

26,0

26,9

27,7

27,7

27,2

 

Соңғы жылдары республикада құрылыс жұмыстарын индустриялық тәсілге көшіруге байланысты жаңа құрылыс материалдары өндірісі ұйымдастырылып, ішкі қабырғалық темір-бетон және силикат блоктар өндіріле бастады.

Жеңіл өнеркәсіп. Казақстанда Совет өкіметі орнағанға дейін жеңіл өнеркәсіптің тек 4 кәсіпорны ғана болды. Олар: Петропавл хром з-ды, Қарғалы шұға комбинаты, Келес және Алексеевка мақта з-дтары және он шақты ғана жұмысшылары бар майдагерлік сипаттағы бірнеше былгары з-ды.

Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің Россия орталық бөлігімен салыстырғанда нашар дамуы тарихи себептерге байланысты болды. Россияның ұлттық шеткері аймағы әрі оның шикізат көзі мен дайын өнім өткізу рыногы болған Қазақстан өперкәсіптік дамудан қалтарыс қалды.

Революцияға дейін Қазақстанда 1913 ж. 1,9 мың м мақта-талшық және 139 мың м жүн матасы өндірілген болса, 10-бесжылдықта жылына 107 мың м мақта-талшық, 128 млн. м2 жүн және мақта маталары, 30 млн. пар дерлік аяқ киім, 73 млн. трикотаж бұйымы, 451 млн. сомпың тігін бұйымы өндіріледі. Қазақстан жеңіл өнеркәсібі 2,8 млрд. сомның халық тұтынатын товарын өндіреді.

Жеңіл өнеркәсіп - Қазақстан халық ш-ның аса маңызды салаларының бірі. Оны «баршаға қажетті индустрия» деп атайды. Жеңіл онеркәсіп іс жүзінде бірнеше дербес салаларды біріктіреді. Тек Қаз. ССР Жеңіл өнеркәсіп мин-лігі жүйесінің өзінде ғана 14-ке жуық сала бар. Олар: мақта-мата және жүн, трикотаж, тігіп, аяқ киім өнеркәсібі т. б. салалар, бұлардың әрқайсысы осы заманғы техникамен жарақтандырылған толып жатқан ірі кәсіпорындарды қамтиды.

Қаз. ССР Жеңіл өнеркәсіп мин-лігі жүйесінде 82 кәсіпорын мен ұйым бар. Олар республика өнеркәсіп өнімі жалпы көлемінің 25%-ін өндіреді, яғни республикада өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі бойынша 1-орын алады.

Еліміздің экономик. қуаты нығаюына қарай Совет үкіметі күрделі құрылысқа бөлінетін қаржыны жылдан-жылға арттырып келеді. 1928-1929 ж. Қазақстан өнеркәсібінің барлық саласына 2 жылға арналып бөлінген күрделі қаржы 100 млн. сом болса, республика өнеркәсібін дамытуға тек 1977 ж. бөлінген күрделі қаржысының мөлш. 100 млн. сомға жетті. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі қорлары 100 есе өсіп, 482 млн, сом болды.

8-9-бесжылдықтарда 20-дан астам оперкәсіп орындары іске қосылды. Олар: Алматы мақта-мата комбинаты, Жамбыл былғары-аяқ киім комбинаты, Лениногор, Семей қ-ларындағы сырт киімдік трикотаж, Жезқазған, Ақтөбе қ-ларындағы іш киімдік трикотаж, Қараганды, Семей қ-ларындағы аяқ киім, Абай, Орал, Талдықорған қ-ларындағы тігін ф-калары, Қостанай мауыты-шұға комбинаты, Өскемен жібек мата комбинаты. Покровка с-ндағы дамындау-аяқ киім ф-касына 10,5 млн. пар дайын өнім мен аяқ киім детальдарын дайындайтын, ал Жетісу фирмасының бас филиалы бойынша 3 млн. пар аяқ киім мөлшерінде өнім шығаратын қосымша қуат енгізілді.

Жаңа кәсіпорындар салу және оларды өндіріске енгізумен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды реконструкциялау есебінен де өндіріс қуаты арттырылып отырады. Қарғалы шұға комбинатында, Гагарин атынд. тігін фирмасында, Өскемендегі «Рассвет» тігін бірлестігінде, Қостанайдағы аяқ киім ф-касында реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Республика жеңіл өнеркәсібінде негізгі қорлар сан жағынан ғана өсіп қойған жоқ, олар сонымен бірге түбегейлі, сапалық өзгерістерге де ие болды.

9-бесжылдықта жеңіл өнеркәсіпті дамытуга 338 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Қостанай және Семей мауыты-шұға комбинаттары, Орал, Талдықорған және Қостанай қ-ларында тігін ф-калары, Алматыда бас киім ф-касы мен метиз-фурнитур з-ды, Қапшағайда фарфор з-ды, Кентауда трикотаж ф-касы іске қосылды, 14 кәсіпорын ұлғайтылып реконструкцияланды.

9-бесжылдықта жеңіл өнеркәсіп жүйесіндегі өндірістік процесс сипаты едәуір өзгерді. Механикаландыру дәрежесі 1971 жылмен салыстырғанда 68% артты. Автоматты басқару жүйелері, 324 жаңа технол. процесс, 169 түйдекті-конвейерлік линиялар мен жүйелер енгізілді.

9-бесжылдықта елімізде шығарылатын өнімдердің түр-түрін көбейту және олардың сапасын жақсарта түсу міндетін шешу үшін негіз қаланды. Егер 1971 ж. (9-бесжылдықтың алғашқы жылы) Қаз. ССР Жеңіл өнеркәсіп мин-лігі Мемл. сапа белгісімен 1,1 млн. сомның өнімін шығарған болса, 1975 ж. (9-бесжылдықтың аяғы) 45,6 млн. сомның өнімін шығарды, яғни сапа белгісі берілген бұйым шығару 45 есе көбейді.

Сала кәсіпорындары шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту жұмысына белсене кірісіп отыр: 1970 ж. 4 кәсіпорын жоғары категориялы сапалы өнім шығарған болса, 1975 ж. 31 кәсіпорын осындай өнім шығарды. Республикадағы жеңіл өнеркәсіп жүйесінде жоғары категориялы сапамен шығарылатын бұйымдардың түр-түрі шұғыл көбейе түсті.

1970 ж. 22 модель мен артикуль, ал 1975 ж. 272 модель мен артикуль Мемл. сапа белгісімен шығарылды. Республикада 1975 ж. бұйымдардың 562 түрі мемл. Сапа белгісімен шығарылған болса, оның 272-сі жеңіл өнеркәсіп бұйымы. Ал «Н» индексі қойылған бұйымдарды шығару 1971 жылмен салыстырғанда 16 есе көбейді. Республикада тұңғыш рет былғары галантерея бұйымдары, бас киім, былғары товарлары, жүн маталар Сапа белгісін алып отыр.

Қаз. ССР Жеңіл өнеркәсіп мин-лігі өнімдердің түр-түрін жаңарту және көбейту жолында көптеген жұмыстар атқарып келеді. 9-бесжылдықта жаңадан 11377 модель, артикуль, мата трикотаж полотносы өндірілді, тігін, трикотаж, мех бұйымдары мен аяқ киім өндіріске енгізілді. Жаңа бұйымдарды өндіру есебінен өнімдердің түр-түрінің жаңартылуы жыл сайын 70% болып отыр.

9-бесжылдықта бұрын сұраныс онша қанағаттандырылмай келген товарларды - жүн және мақта маталары, шұлық-ұйық бұйымдары, іш киімдік және сырт киімдік трикотаж, осы заманғы модаға енген маталардан тігілген бұйымдарды өндіру жедел дамытыла түсті.

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарып рынокқа жіберу жылдан-жылға көбейіп келеді. Олар көптеп сұрыптала бастады, бұйымдардың түр-түрі жыл сайын 60-70% жаңартылып отырады, олардың сапасы жақсартылып келеді.

СССР халық ш-н өркендетудің 1975-1980 жылдарға арналған негізгі бағыттарында жеңіл өнеркәсіпті одан әрі дамыту, өнім шығаруды 35,3%-ке көбейту, оның ішінде, мақта матаны 109,7 млн., жібек матаны 49,2 млн., мата типтес тоқыма емес материалдар өндіруді 32,7 млн. м2-ге дейін, ішкиімдік трикотажды 64,9 млн., сырт киімдік трикотажды 26,5 млн. данаға дейін, кілем және кілемдік бұйымдар өндіруді 1300 мың м2-ге дейін, тігін өнеркәсібі бұйымын өндіру көлемін 600 млн. сомға дейін, аяқ киім өндіруді 31,0 млн. парға дейін, фарфор-фаянс ыдыс-аяқтарын өндіру көлемін 11,3 млн. сомға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Мұншалықты үлкен міндетті орындап шығу үшін үстіміздегі бесжылдықта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тех. жағынан қайта жарақтандыру, өндірістік қуаттарды пайдалануды жақсарту, Ақтөбе ф-касын, Целиноград жіп иіру комбипатын, Өскемен жібек комбинатының 1-кезегін, Қызылорда тоқыма емес материалдар ф-касын т. б. сияқты жаңа кәсіпорындар салу есебінен өндіріске қосымша қуаттар енгізілетін болады.

Әрбір жұмыс учаскесінде көрсеткіш сапасын арттыру - 10-бесжылдықтың айқындауыш белгісі. Осы мақсатпен өндіріске 90 прогрестік технол. процесс енгізілді. 30 жетілдірілген жаңа өнім түрлерін шығару жоспарланып отыр. Республикада тұңғыш рет жібек матасы, фарфор бұйымдары, тоқыма галантереясы, көлемді иірілген жіп т. б. бұйым түрлері шығарыла бастады, хим. талшықтар, полимер материалдары, жоғары сапалы бояғыштар кеңінен қолданылатын болады.

Тамақ өнеркәсібі. Тағамдық өнімдер, сондай-ақ темекі бұйымдарын, сабын және кір жуатын құралдар өндіреді. Ұлы соц. революциясына дейін Қазақстанның тамақ өнеркәсібі ұсақ, тех. жағынан қарадүрсін мал соятын орындардан, диірмендерден, май шайқайтын, сыра қайнататын және темекі кәсіпорындарынан құралды. Балық кәсіпшілігі өнімдерін сақтауға және консервілеуте мүмкіндік болмады. Сондықтан да ол маусымды сипатта жүргізілді. Қазақстанның тұз кәсіпшілігі мүшкіл халде болды. Қант, кондитер, консерв шығаратын кәсіпорындар атымен жоқ еді. Өнеркәсіптік нан пісіру, май өндірудің заводтық тәсілі мүлдем дерлік қолданылмады.

1-дүн. жүз. соғыс кезінде өлкенің көптеген кәсіпорындары өз өндірісін едәуір қысқартып, біразы тіпті жұмыс істеуін тоқтатты. Азамат соғысы мен соғыс интервенциясы жылдары тамақ өнеркәсібі мүлде құлдырап кетті.

Халық ш-н қалпына келтіру кезеңі (1921-1927) Қазақстан үшін өнеркәсіптің өмірлік маңызы бар салаларын жасау кезеңі болды. Бұл салалар жаңа тех. негізде жасалып, кәсіпорындар шикізат тұтыну аудандарына барынша жақындастырыла салынды. 1927 жылдың аяқ кезіне қарай темекі кәсіпорындары, балық және тұз кәсіпшіліктері қалпына келтірілді. 1924-1925 ж. май шайқау өнеркәсібі өнімдерін өндіру 1913 жылдың дәрежесінен 20 еседен астам асып түсіп, балық өнімдерін шығару 20% артты, ал ет өнеркәсіп орындары 2 млн. сомның өнімін шығарды.

1-бесжылдықтың басында тамақ өндірісінің ірі кәсіпорындары 1913 жылмен салыстырғанда 1,9 есе өсті. Алғашқы екі бесжылдықтың аса ірі құрылыстары - Семей ет және Гурьев балық комбинаттары, Мерке, Жамбыл, Талдықорған қант з-дтары т. б. бірсыпыра кәсіпорындар салынды. Осы жылдары Алматыда темекі ф-касы, жеміс-жидек комбинаты салынып, май шайқау, қант, нан пісіру салаларының көптеген кәсіпорындары іске қосылды. 40 жылдардың бас кезінде өнім шығару 1913 жылмен салыстырғанда 13 есе артты. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан тамақ өнеркәсібінің ендіріс көлемі кему былай тұрсың қайта соғысқа деиінгі дәрежесінсн анағұрлым асып түсті. Батыстан көшірілген кәсіпорын жабдықтары негізінде кондитер, темекі, шай ф-калары, Алматыдағы жеміс-жидек және ет-консерв комбинаттары, Қарағанды консерв ф-калеры, Шымкенттегі ет комбинаты мен май экстракциясы кәсіпорны, Қарабұлақ қант, Балқаш ет-консерв, Петропавл спирт, Іле, Тасарал және Павлодар балық з-дтары, Лениногор және Үштөбе ет комбинаттары ұлгайтылды немесе кейбіреулері қайта салынды.

Тамақ өнеркәсібі соғыстан кейін кеңінен дами бастады. Жаңа кәсіпорындар салуға және жұмыс істегі жатқап кәсіпорындарды қайта жабдықтауға ірі күрделі қаржылар бөлінді. Осының арқасында 1958-1965 ж. қант қызылшасын өңдеу жөніндегі қуаттар 48 есе, кондитер бұйымдарын шығару 1,6 есе, жеміс-жидек 2,5 есе, нан бұйымдары 1,9 есе өсті. Осы кезеңде Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Шортанды, Аякөз, Ембі, Балқаш, Үштөбе, Жезқазган, т. б. қалаларда ет комбинаттары, 13 қалалық сүт және 59 май шайқау-сыра қайнату з-дтары іске қосылды. Қазақстанда 3-бесжылдыққа дейін тамақ өнеркәсібі негізінен оңт. обл-тарда шоғырланды.

8 және 9-бесжылдықтарда тамақ кәсіпорындарын ұтымды орналастыру жөнінде бірсыпыра жұмыстар жүргізілді. Бұл аудан аралық және облыс аралық тасымалдауды қысқарту, кәсіпорындарды шикізат көздеріне және тұтыну жеріне жақындастыру мақсатын көздеді. Бұл кезеңде бірқатар кәсіпорындар солт. және орт. обл-тарда салынды, өйткені осы облыстарда нан және кондитер бұйымдарына, сыра және сусындарға деген жетімсіздік қатты оезіле бастаған еді. Сөйтіп Ақтөбе мен Қостанайда кондитер ф-калары, Рудный, Целиноград, Орал, Екібастұз және Петропавлда сыра з-дтары, Павлодар, Целиноград, Орал, Шахтинскіде синтет. кір жуғыш құралдар з-дтары, Көкшетау, Ермак, Петропавл, Қостанай, Павлодар нан з-дтары іске қосылып, өнім бере бастады. 1978 ж. республикада 400 тамақ кәсіпорындары болды. Тамақ өнеркәсібі 2 мыңнан астам тамақ өнімдерінің түрін шығаратын 17 саланы біріктірді. 1975 ж. тамақ бұйымдарын өндіру мөлшері 1965 жылмен салыстырғанда 64% өсті. Өндіріс көлемін арттырумен қатар жылдан-жылға олардын, сапасы жақсартылып, өнімнің түр-түрлері көбейтіліп келеді. Бұйымдардың 106 түрі Мемл. сапа белгісіне ие болды. Шөлмектерді жуатын, сүт өнімдерін және ликер-арақ бұйымдарын, сыраны құятын автоматты жүйелер, өсімдік майын тұқымнан сығатын шнек престер, өсімдік майын өндіру үшін экстракциялық қондырғылар, мал мен құсты мүшелейтін конвейер линиялар т. б. жабдықтар кеңінен пайдаланылады. 1978 ж. тамақ өнеркәсібі бұйымдарының Қазақстан өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі үлес салм. 18% болды. Өнімдердің аса маңызды түрлерін шығару күрт өсті (қ. кесте).

 

Тамақ өнеркәсібі өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

 

 

1980

1970

1976

1980

Қант, құм шекер, мың т

122,8

176,2

154,4

272,0

Ет, І-категория қосымша ет өнімдерін қосқанда, мын т

278,2

522,8

532,4

690,0

Колбаса түрлері, мың т

48,1

91,7

111,8

118,0

Бірыңғай сүт өнімдерін сүтке шағып есептегенде, мың т

288,2

780,8

945,2

1013,0

Сырлар және майлы ірімшік, мың, т

2,3

14,9

18,8

24.5

Өсімдік майы мың т

50,9

61,8

81,4

92,0

Маргарин өнімі, мың т

-

14.7

53,5

73І5

Консервілер, млрд. шартты құты

161.5

301,9

370,0

431,0

Кондитер түрлері, мың ш

59,7

114,8

165,5

201,5

Макорон түрлері, мың ш

30,9

66,3

85,3

87,2

Жүзім шарабы, мың дал

2,7

11,88

14,8

15,27

Сыра, мың дал

8,19

20,35

27,15

34,'5

Ас тұзы, мың т

644,3

1131,5

1019,9

1045

 

10-бесжылдықта жаңа кәсіпорындарды ұтымды орналастыру жөніндегі жұмыстар онан әрі жалғастырылды. Тез өсіп келе жатқан аудандар мен қалаларда (Өскеменде, Қарағандыда, Павлодарда, Жезқазғанда, Семейде, Гурьевте, Арқалықта, Зырянда, Ақтөбеде т. б.) көптеген кәсіпорындар салынып, қайта жабдықталды. Республика жалпы одақтық қорға етті, өсімдік майын, тұзды көптеп беріп келеді.

Жергілікті өнеркәсіп. Революцияға дейін Қазақстанның жергілікті өнеркәсібінде мал шаруашылығы мен егіншілік өнімдерін алғашқы өңдеуден өткізетін диірмен, шарап қайнату, былғары өңдеу, май айыру з-дтары, ф-калары сияқты кәсіпорындары мен кен өндіретін бірнеше майдагерлік кәсіпорындары болды.

Совет өкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстанда жергілікті жерге бағынатын мемл. өнеркәсіп орындарымен қатар, ауданға, сол кездегіше айтқанда ауаткомға бағынатын өнеркәсіп те болды, ол ешқандай тех. жабдығы жоқ, майдагерлік тұрпаттағы шағын кәсіпорындар еді.

Ауданға бағынатын кәсіпорындарды кобіне халықтың талабымен белгілі бір жоспар-жүйесіз кездейсоқ құратынды. Бұл кәсіпорындар не ақша, не материалдық-тех. көмек алған жоқ. Олар жалпы мемл. жоспарға да, жергілікті жерлердегі жоспарға да енгізілмеді, іс жүзінде оларға ешкім басшылық етпеді. 1935 ж. өткен Советтердің бүкіл Қазақстандық 9-съезінің есебінде: «Қазақстанда жергілікті өнеркәсіпті өркендетуге керекті аса бай алуан түрлі шикізат ресурстары бар, - деп атап көрсетілді. Ауатком қарамағындағы ұсақ жергілікті өнеркәсіп шығын мен күрделі жабдықтарды көп керек етпеді. Жергілікті өнеркәсіптің өзі жасап шығара алатын ең қарапайым бұйымдардың өзін Қазақстанға шеттен жеткізу елеулі қиыншылық туғызды. Бірақ осыған қарамастан біздің Қазақстанда ауатком қарамағындағы және жергілікті өнеркәсіп бұрынғы қалпында қалып отыр». Ауатком қарауындағы өнеркәсіпті дамыту, жергілікті шикізат ресурстарын пайдалану негізінде оның қызметін кеңейту жергілікті тұрғындарды қажетті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету республиканың совет және шаруашылық ұйымдарының аса маңызды міндеті болды.

Республикада жергілікті өнеркәсіп 1935 жылдан қалыптаса бастады; СССР ОАК-нің 1934 ж. 10 августағы қаулысы бойынша одақтас және автоном. республикалардағы халкомдар мен өлкелік және обл. атқару комитеттері жанынан жергілікті өнеркәсіп басқармалары құрылғаннан кейін жергілікті өнеркәсіпті өркендетуге жағдай жасалды. Жергілікті өнеркәсіптің қарамағына өнеркәсіптің ауыр, жеңіл салаларының, тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары берілді.

1936-1939 ж. аралығында республиканың жергілікті өнеркәсібі ірілендірілді және оның қалыптасуы аяқталды.

1945 ж. республика өнеркәсібінің 275 кәсіпорны болды. Ауд. және қалалық өнеркәсіп комбинаттарының саны 1940 ж. 66 болса, 1945 ж. 257-ге жетті. Осы аралықта өнім көлемі 17,7 млн. сомнан 1945 ж. 81,9 млн. сомға дейін (1926-1927 жылдағы бағамен) өсті, ал 1950 ж. бұл көлем 1945 жылғы деңгейде қалды. 1955 ж. өнім көлемі 1950 ж. салыстырғанда 2,2 есе артты.

1957 ж. Халық ш. советтерінің құрылуына байланысты Жергілікті өнеркәсіп мин-ліктері таратылды. Негізгі кәсіпорындар Халық ш. советтеріне берілді, ал олардың кейбір бөлігі жергілікті Советтердің қарамағында қалды. 1966 ж. аяғында Жергілікті өнеркәсіп мин-ліктері қайтадан қалпына келтірілді. Республиканың жергілікті өнеркәсібінде жылына 456,2 млн. сомның өнімін өндіретін 160 кәсіпорны бар. 1969 ж. январьдан бастап жергілікті өнеркәсіп орындары мен басқармалары шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайында жұмыс істеп келеді. Әкімш. басқару саласындағы реформа оның жұмысына қолайлы әсер етті: бұл ең алдымен өндіріс көлемінің есу қарқынынан көрінді. Егер 1966-1967 ж. жылдық өсім 12,3% болса, 1969 ж. 17,9%, ал 1970 ж. 16,7%-ке жетті.

8-бесжылдықта Жергілікті өнеркәсіп мин-лігі бойынша республикада шығарылған өнімнің жалпы көлемі 1965 ж. 116,6 млн. сомнан, 1970 ж. 235,9 млн. сомға, яғни 2 есе өсті. 1970 ж. республикаға бағынатын өнеркәсіптен шыққан өнімнің 1/3 бөлігі және мәдени-тұрмыс, шаруашылық қажетіне арналған товарлардың 40%-ке жуығы жергілікті өнеркәсіптің үлесіне тиді. Жергілікті енеркәсіп өндірісінің көлемі жағынан одақтас республикалар арасында Қазақстан 4-орын алады.

9-бесжылдықта жергілікті өнеркәсіп орындары жоспарды 102,2% орындап, 1634,5 млн. сомның өнімін шығарды.

1970 жылмен салыстырғанда жалпы өнім шығару 1975 ж. 1,6 еседен астам артты. Жылдық орташа өсу қарқыны жоспарда көрсетілген 9,7% орнына 10,2% болды. Бес жыл ішінде мәдени-тұрмыс және шаруашылық қажетіне арналған товарлар шығару 1,8 есе, фарфор-фаянс ыдыстар 17,6 есе, тұрмыстық химия товарлары 1,9 есе, пластмасса бұйымдары 2 есе, зергерлік бұйымдар 3,6 есе, сувенирлер 1,6 есе, кәсіби көркем өнер бұйымдары 1,9 есе артты. 9-бесжылдықта өндіріс көлемі жедел қарқынмен өсті, жылдық орташа қарқын 10,2% болды. Жергілікті өнеркәсіпті дамытуға бесжылдықта 97 млн. сомнан астам күрделі қаржы бөлінді.

Қазір жергілікті енеркәсіптің 2 мың түрлі бұйым шығаратын 11 саласы бар. Мәдени-тұрмыс, шаруашылық бұйымдарын өндіру республикалық өнеркәсіптердің жалпы көлемінде 42%, ал тұтас республика бойынша 20%-ін алады. Мин-лікке 19 басқарма қарайды, олар обл. және Алматының 149 кәсіпорнын, «Казхудожпром» өнеркәсір бірлестігін және мин-лікке бағынатын кәсіпорындарын біріктіреді. Бұл жүйеде 40,5 мың адам, соның ішінде үйде істейтін 3791 адам еңбек етеді.

Жергілікті өнеркәсіп республикадағы резина, байпақ, аяқ киімдер, шыны ыдыстар, шыны аяқтар, кәсіби көркемөнер бұйымдары, ойыншықтар, сувенирлер, тот баспайтын болаттан жасалған асхана приборлары, репродуктарлар, электр қондырғы приборлар, тұрмыстық хпмия товарлары, киіз үй және құрылыс киіздері, металл ыдыстар, қыдыртпалы-тех. приборлар т. б. товарлар шығаратын негізгі орын болып табылады. Республикада шығарылатын байпақ аяқ киімдердің 90%-і, кәсіби көркемөнер бұйымдардың 93%-і, эмальді ыдыстың 95%-і, сырмалы бұйымдардың 85%-і жергілікті өнеркәсіп үлесіне тиеді.

10-бесжылдықта жергілікті өнеркәсіп өндіретін өнім көлемі 128,8% өсіп, 501,3 млн. сомға жетеді. Фарфор-фаянс бұйымдарын шығару 1,4 есе, металл бұйымдар 1,9 есе, ағаш бұйымдар 3,3 есе, химия бұйымдары 1,2 есе, құрылыс материалдары 1,3 есе арттырылды. 1975 жылға қарағанда 1980 ж. мадениет-тұрмыс, шаруашылық товарларып шығару 3 есе, мебель 1,4 есе, тот баспайтын болаттан жасалған асхана приборлары 3,9 есе, балалар арбасы 3,4 есе, таза және сырма бұйымдар 2,6 есе, ойыншықтар 2,5 есе көбейтілмек. Жергілікті шикізаттан және өнеркәсіп қалдықтарынан бұйым өндіру 1980 ж. 45 млн. сомға жетеді, немесе 1975 жылмен салыстырғанда 18,3%, ал үйде отырып еңбек ету жағдайында 25 млн. сомға жетіп, 32,8% өседі.

Жергілікті өнеркәсіптің өндірістік-тех. базасын дамытуға 10-бесжылдықта 73,9 млн. сом мемл. күрделі қаржы, соның ішінде құрылыс-монтаж жұмысына 35,4 млн. сом бөлінді.

Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1975. -Б.324-344.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-08 14:54:03     Қаралды-548

АТЫ КӨСЕМ АТЫМЕН АТАЛҒАН АҒАШ

...

Қылқан жапырақтылардың ішінде бұл ағаштың қалың өскен орманы 1769 ж. Тынық мұхит жағалауынан табылған секвоя ағашы. Сүрегі қызыл болғандықтан екінші аты - қызыл ағаш, бұл атау осы күнге дейін аталып келеді. «Секвоя» деп Солтүстік Америкадағы үнді тайпалар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Табиғи «Ванилинмен» бірдей хош иістендіргіш

...

Жиі қолданылатын хош исітендіргіштердің бірі – ванилин. Біз оны дәйім барлық жерде қосамыз. Пісіретіндерге, кілегейлерге, тәттілерге, дәйім барлық жеміс-жидек иістерге – барлық жерде ванилин бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҚАСИЕТТЕР

...

Адалдық - адам бойындағы кіршіксіз ақ, таза ниет, имандылық қасиет. Атам қазақ кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне көп мән берген. «Кісінің ала жібін аттама» (яғни, ұрлық жасама), «өтірік айтпа», «біреудің ақысын жеме» деген сияқты тыйымдар арқылы балалардың адал

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҺИР ХАН

...

Таһир (Тайыр) - Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, шамамен 1531-1533 жылдар аралығында дүниеден өткен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЙГЛАХ

...

Бұл - қантқа салып қуырған жаңғақтарға ұқсайтын, домалақтап пісіріліп қант пен балға салып қуырылған ұннан жасалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАНАРДЫҢ БАБЫ БІР БӨЛЕК

...

Айнам көз, қарақат көз, сілеусін көз, күлім көз...

ТОЛЫҒЫРАҚ »