ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Кезінде Қазақ ССР-інің халық шаруашылық СССР-дің ұтас халық шаруашылық комплексінің құды үлкен бөлігі болып табылған. Қазақстанның экономикалық системасы, барлық одақтас республикалардағы сияқты өндіріс құрал-жабдығы атаулының бәріне социалистік шікке негізделеді. Ұлы социалистік революциясының жеңісі нәтижесінде бұрын шаруашылықта болып келген бай-феодалдық және капиталистік система, адамды адам қанау қатынастары мүлдем жойылды. Сөйтіп, өндіріс құрал-жабдығына социалистік меншік берік орнады.
Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы түбірлі әрі терең революциялық өзгерістер бүкіл халық шаруашылығын социалистік негізде құруға, негізгі өндіріс құрал-жабдығын социалистік меншік негізінде ұйымдастыруға және жүргізуге барлық қажетті жағдайлар мен алғы шарттар жасады. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ социалистік өндіріс әдісі терең тамыр жайып, дәйекті түрде қалыптаса бастады. Мұның өзі соғыстан бұрынғы бесжылдықтар (1929-1940) дәуірінде-ақ халық шаруашылығының барлық салаларын социалистік жолмен қайта құру арқылы экономиканы жеделдете дамыту үшін даңғыл жол ашты.
Түпкілікті қалыптасқан жаңа социалистік өндіріс әдісі Ұлы Отан соғысының 1941-1945 жылдар ауыр сындарынан сүрінбей өтті. Октябрьден кейінгі дәуірде қалыптасқан Қазақстан экономикасы майданды сан алуан қару-жарақпен,оқ-дәрімен, киім-кешекпен, азық-түлікпен, ал тылды отынмен, металмен, электр энергиясымен т. б. үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Соғыстан кейінгі дәуірде кемелденген социалистік қоғам орнату кезеңінде Қазақ ССР-інің социалистік экономикасы бұрынғыдан да мықтап өркендеді. Осының нәтижесінде республика халық шаруашылығын 60 жылдардың басында дамудың жаңа сатысына көтерілді. Халық шаруашылығының, жалпы алғанда, барлық салаларында да (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының, құрылыс, транспорт, сауда т. б.) соғыстан бұрынғы 1940 жылмен салыстырғанда елеулі өзгеріс болды. Қазақстанда бұрын болмаған жаңа өнеркәсіп салалары құрылды. Ауыр индустрияның қара металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау өндірісі сияқты жетекші салалары кең өріс алды. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1960 жылы революциядан бұрынғы 1913 жылмен салыстырғанда 57 есе, ал 1940 жылға қарағанда 7,3 есе артты.
Қазақ ССР халық шаруашылығы дамуының 1960 жылы негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіш аттары |
1940 |
1960 |
1960-40 жылмен салыстырған да неше есе өсті |
---|---|---|---|
Бүкіл өнеркәсіптің жалпы өнімі, 1913 ж. |
7,3 есе |
57,4 есе |
7,3 |
Барлық а. ш. дақылдарының егіс көлемі, мын га |
6809 |
28561 |
4,2 |
Дәнді дақылдардың жалпы өнімі, мың ц |
25157 |
188444 |
7,5 |
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру: |
|
|
|
Ет пен май, мың т |
396,1 |
966,1 |
2,4 |
Сүт мың т |
1099,2 |
2482,3 |
2,3 |
Жұмыртқа, млн. дана |
313,1 |
861,3 |
2,8 |
Жүн, мың т |
13,7 |
66,8 |
4,9 |
Шаруашылықтың барлық түріндегі |
|
|
|
мал басы: |
|
|
|
сиыр малы, мың бас. |
3356 |
5544 |
1,7 |
қой мен ешкі, мың бас |
8132 |
28718 |
3,5 |
Темір жолдың ұзындығы, мың км |
6,6 |
11,5 |
1,7 |
Мемлекеттік және кооперативтік сауда товар айналымының жалпы көлемі млн. сом |
411,8 |
3467,9 |
8,4 |
Халық ш-на жұмсалған күрделі қаржы, млн. сом |
203,1 |
2296,6 |
11,3 |
Халық шаруашылығында істеуші жұмысшылар мен қызметшілердің орташа жылдық саны, мың адам. |
885 |
2979 |
3,4 |
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеруге байланысты ауыл шаруашылығында елеулі түрде өркендеді. Аз уақыт ішінде (1954-1960) шаруашылық айналымына 25,5 млн. га жаңа жер қосылды, 593 жаңа совхоз құрылды, астық өндірісі 4 есе, мыртқа 3,4 есе өсті. «Тың және тыңайған халқының жасампаздық еңбегінің шежіресіндегі ең жарқын беттердің бірі. Ежелден құлазып жатқан иен далада жүздеген совхоздар ірге көтерді, өнеркәсіп орындары салынды, осы заманғы ғылыми орталықтар ұйымдастырылды. Мұның өзі елдің шығысында жаңадан ірі астық базасын жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар орасан зор аудандардың экономикасын, мәдениетін, бүкіл бейнесін түбегейлі өзгертті» (Брежнев Л. И., Ленин жолымен, 4-т., 482-б.). Демек, КПСС аграрлы саясаты негізінде тың және тыңайған жерлердің игерілуі - тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар бүкіл еліміздің де өндіргіш күштерінің дамуындағы аса зор кезең.
Халық шаруашылығының басқа да салалары, әсіресе күрделі құрылыс, транспорт, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, дайындау жүйесі және басқалар кеңінен өркендей түсті. 1946-1960 жылдары халық шаруашылығының барлық салаларында 1500-дей жаңа техникалық негізде салынған кәсіпорындар іске қосылып, өнім шығара бастады. Бұл тұстағы бір елеулі өзгеріс - халық шаруашылығының барлық салалары жаңа техникалық база негізінде құрылды, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыра түсуге қолайлы жағдайлар жасалды.
Сонымен Советтік Қазақстан экономикасының дамуында 60 жылдар басында барынша ірі, іргелі өзгерістер болды, социализмге лайық аса қуатты материалдық-техникалық база жасалды, мұның өзі өндіргіш күштердің аса жоғары дәрежеге көтерілгендігі мен өндірістік қатынастардың жетіле түскендігінің ерекше айғағы еді.
Қазақ ССР халык шаруашылығының кемеленген социализм дәуірінде өркендеуінің негізгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер |
1960 |
1965 |
1970 |
1978 |
---|---|---|---|---|
Қоғамдық жиынтық өнім |
100,0 |
141 |
213 |
1 |
Ұлттық табыс |
100,0 |
131 |
214 |
9 |
Мемлекеттік, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың, колхоздардың күрделі қаржысы |
100,0 |
147 |
190 |
272 |
Мемлекеттік, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың, колхоздардың іске қосылған негізгі қоры |
100,0 |
118 |
193 |
258 |
Халық шаруашылығында істеуші халықтың бөлінуі |
|
|
|
|
Барлығы |
100,0 |
199,0 |
100,0 |
100,0 |
мұның ішінде: материалдық өндіріс салаларында |
82,5 |
77,9 |
74 ,6 |
73,0 |
Өндірістік емес салаларда |
17,5 |
22,1 |
25,4 |
27,0 |
Қаз. ССР, бүкіл еліміз сияқты, тарихи дамудың жаңа белесі - кемелденген социализм кезеңіне енді. Өйткені сол тұста социалистік қоғамның барлық системасы мен механизмдері түгелдей қызмет істей бастады, социализмге тән экономикалық заңдар барынша кең көрініп іске асты, шаруашылықтың социалистік системасының артықшылықтары жан-жақты ашыла түсті, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін қоғамның ілгері қарай үздіксіз дами беру мүддесіне пайдалану үшін даңғыл жол тартылды. Осылардың бәрі, сайып келгенде, республика экономикасының одан әрі дами түсуіне, оның түрлі көрсеткіштерінің санда, сапа жағынан да жақсаруына әсер етті. Әрбір бесжылдық сайын республика экономикасының дәрежесі мен қуаты сапа жағынан ылғи жаңа сатыға көтеріліп отырды. Қоғамдық өндірістің көлемі мен қуаты мықтап өсіп келеді. Өндіріс құрал-жабдығы мен еңбекті қоғамдастыру дәрежесі өте-мөте артып, социалистік жалпы халықтық меншіктің қуаты мен ролі ерекше өсті, мұның негізінде еңбекшілердің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесі көтерілді.
Кемелденген социализм дәуірінде республика экономикасы жалпы алғанда тұрақты қарқынмен дамыды. Осы кезеңде барлық қоғамдық өнім 2,7 есе, ұлттық табыс 2,6, күрделі қаржы 2,3 есе өсті. Халық шаруашылығындағы халықтың басым көпшілігі (70%-тен астамы) материалдық өндіріс салаларында істеді. Өйткені материалды- игіліктердің өзі тікелей осы салаларда өндіріледі. Қоғамдық өндірісті бір процентке өсірудің мазмұны 60 жылдардың бас кезімен салыстырғанла әлденеше рет жоғары болды. Мыс., барлық қоғамдық өнімнің 1975 жылғы бір проценті 350 млн. сом, ұлттық табыстікі 200 млн. сом, күрделі қаржынікі 60 млн. сом, негізгі өндірістік қордікі 650 млн сом, өнеркәсіп өнімінікі 180 млн. сом болды. Осының арқасында халық шаруашылығының барлық салаларында өнім өндіру қарқыны әрбір бесжылдық сайын артып келеді.
Осылардың бәрі халық шаруашылық көлемінің мықтап өскендігін көрсетеді, мұның өзі өнімнің түр-түрін жылдан-жылға аса көп мөлшерде өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстанның СССР халық шаруашылығын дамытуға қосып отырғен үлесі де үздіксіз өсіп келеді. Мыс., 1975 ж. оның еліміз экономикасындағы энергиясын өндіруде 5%, 12,7%, темір рудасында 9%, минералды тыңайтқышта 6,6%, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі жағынан 16,2%, мұның ішінде дәнді егіс жағынан 20%, қой мен ешкі санынан 23,4% болды.
Халық шаруашылығының құрылымы да жетіле түсті, сөйтіп қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға әсер етті. 70 жылдардың ортасында халық шаруашылығынының құрылымында: өнеркәсіп пен құрылыс 70%, ауыл шаруашылық 18%, транспорт пен байланыс 6%, қалғандары 6% болды. «Егер республиканың индустриялы картасына көз жүгіртсек, онда оның көп салалы экономикасының ауқымды объектілері арасында Соколов-Сарыбай және Лисаков комбинаттарын. Қарағанды көмір бассейнін, Қазақстан Магниткасын, Екібастұз отын- энергетика комплексін, Павлодар трактор з-дын, Шымкент және Жамбыл фосфор бірлестіктерін, Жезқазған мен Шығыс Қазақстанның индустрия алыптарын, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің Алматыдағы, Қарағандыдағы, Қостанайдағы, Семейдегі аса маңызды кәсіпорындарын көруге лады» (Қонаев Д. А. Таңдамалы сөздер мен мақалалар, А., 1978, 462-63-б.). Коммунистік партияның басшылығымен барлық совет халықтарының үнемі жәрдем көрсетуі мен ынтымақтасуы арқасында Советтік Қазақстан өндіргіш күштерінің дамуына қол жетті. Өйткені барлық республикалардың ресурстары мен шаруашылық мүмкіншіліктерін бірігіп, тиімді түрде пайдалану «олардың әрқайсысының - ең кіші-гірімінің де, ең ірісінің де дамуын тездетеді. Жалпы одақ болып шаруашылық жүргізу мен жоспарлау өндіргіш күштерді тиімді орналастыруға мүмкіндік берді, экономикалық маневр жасауға еркіндік болуын қамтамасыз етті, кооперацпялау мен мамандандыру ісін тереңдетуге жағдай жасады, бұл орайда жалпы тиімділік әрбір республиканың, аудан мен облыстың күш-жігерінің жай арифметикалық қосынды мөлшерінен асып түседі» (Брежнев Л. И. Ленин жолымен, 4-т., 63-б.).
Қазақ ССР-нде 1960-1975 ж. өндірілген өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерінің маңызды түрлері
Өнімдер |
1960 |
1965 |
1970 |
1975 |
1975 ж. 1960 жылмен салыстырғанда неше есе |
---|---|---|---|---|---|
Темір рудасы млн. т |
5,8 |
14,1 |
18,2 |
21,4 |
3,7 |
шойын, |
0,3 |
1,6 |
1,8 |
3,6 |
12,0 |
болат, » » |
0,3 |
1,1 |
2 2 |
4,9 |
16,3 |
көмір. » » |
32,4 |
45,8 |
61,6 |
92,2 |
2,8 |
мұнай, » » |
1,6 |
2,0 |
13,2 |
23,9 |
14,9 |
Газ. млн. м |
39,4 |
28,6 |
2092,0 |
5372,0 |
136,3 |
Электр энергиясы, |
|
|
|
|
|
млрд. квт. сағ |
10,5 |
19,2 |
34,7 |
52,3 |
5,00 |
Минералды тыңайтқыш, |
|
|
|
|
|
млн. т |
0,5 |
0,8 |
2,0 |
5,8 |
11,6 |
Макта маталар, млн. м |
20,4 |
22,5 |
64,1 |
98,7 |
4,8 |
Жүн маталар, млн. м |
4,1 |
3,9 |
5.0 |
20,0 |
4,9 |
Былғары аяқ киім, |
|
|
|
|
|
млн. дана |
12,3 |
15,0 |
27,8 |
30,3 |
2,5 |
Ұсақ қант, мың т |
122,8 |
174,3 |
176,3 |
169.3 |
1,4 |
Ет өнімі, мың т |
549,4 |
768 |
915,4 |
1067,1 |
1,9 |
Сүт өнімі, мың т |
2482,3 |
3327,8 |
3932,2 |
4047,1 |
1,6 |
Астық өнімі, млн. т |
18,7 |
7,6 |
22 2 |
18,5 |
09,9 |
Қазақстан қазіргі кезде өзінің экономикалық қуатын үздіксіз ұлғайтып, коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау қорына лайықты үлес қосып келеді. Қазақстан Совет өкіметі жылдарында үлкен даму жолынан өтті - революциядан бұрынғы өте ұсақ және мардымсыз экономикадан қазіргі озат советтік экономикаға жетті. Мұның өзі Қазақ ССР жаңа Конституциясында (1978) былайша атап көрсетілді: «Қазақ ССР-інің экономикалық системасының негізін өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік (жалпыхалықтық) және колхоздық-кооперативтік меншік формасындағы социалистік меншік құрайды.
Қазақ ССР-інің экономикасы - СССР-дің территориясындағы қоғамдық өндірістің, бөліс пен айырбастың барлық буындарын қамтитын бір тұтас халық шаруашылық комплексінің қүрамдас бөлігі».
Қазақстанның революцпядан бұрынғы экономикасы. Қазақстан көптеген ғасырлар бойы патриархалдық-феодалдық қатынастар шырмауында болып келді. Мұның өзі, өлке экономикасының дамуына барынша зардабын тигізді. 17 ғасырдың бас кезіне дейін өлкенің ұлан-байтақ жерін мекендеген халық негізінен, өз мұқтаждары мен қажеттерін ғана қанағаттандыра алатын көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Бұдан соң қазақ даласына сауда-саттықтың өрістеуіне байланысты товар-ақша қатынастары біршама етек ала бастады. Алайда өлкенің шаруашылық өмірі жалпы алғанда бұрынғысынша тоқырау қалпынан шыға алған жоқ.
Өлкенің экономикалық өмірі 17 ғасырдың алғашқы үштен бірінде Қазақстанның Россияға қосылу процесінің басталуына байланысты жандана түсті. Дәл осы тарихи белестен бастап өлкенің Россиядағы түрлі аудан-аймақтармен байланысы елеулі түрде күшейіп товар айырбасы өріс алды, мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтың бірсыпырасы товарлы мал шаруашылығын жүргізуге бет алды. Отырықшы аудандарда, көбінесе өлкенің оңтүстігінде егіншілік етек алды, бұлар өз өнімдерінің бірсыпырасын рынокқа сатуға шығаратын болды. Бұл процесс әсіресе 19 ғасырдың ортасында күшейе түсті. Өйткені ол тұста Қазақстанның Россияға қосылу процесі аяқталып, россиялық рынокқа толық тартылды. Россияда крепостниктік правоның жойылуы капитализм дамуының шапшаңдай түсуіне қолайлы жағдайлар мен алғы шарттар жасады. Осыларға байланысты Қазақстанда капитализмнің дамуы үшін кең өріс ашылды.
Патша өкіметі шеткері аймақтарда отаршылдық саясатын жүргізді, қазақ халқының көптеген ең шұрайлы жерлерін тартып ала бастады (1917 жылға дейін 45 млн. га жерін басып алды). Алайда экономикалық өмірде болған өзгерістердің нәтижесінде көшпелі мал шаруашылығын жүргізуші халықтың отырықшылыққа көшуі күшейе түсті. Шөп шабу, малға жем дайындау т. б., яғни мал шаруашылығы егініпілікпен ұштастыра жүргізіле бастады. Сонымен қатар Россияның орталық аудандарынан орыс және украин шаруалары көшіріліп, Қазақстанға қоныс аударды. 1896-1915 жылдардың аралығында Қазақстанға 1,3 млн. шаруа көшіп келді. Осының нәтижесінде өлкенің өндіргіш күштері бірсыпыра өсе түсті.
Қазақстандағы 20 ғ-дың бас кезіндегі мал түліктерінің саны
Мал түліктері |
1900 |
1913 |
1916 |
---|---|---|---|
Қой мен ешкі, мың бас |
11339 |
19597,5 |
18364 |
Сиыр (мүйізді қара мал) мың бас |
2643 |
4964,0 |
5062 |
Жылқы, мың бас |
2872 |
4233,7 |
4340 |
Түйе, мың бас |
548 |
1082,8 |
733 |
15 жылдың ішінде мал басы шамамен 70%-ке өсті. Осыған байланысты өлке еңірінен Россияға мал шаруашылығы өнімдері (тері, жүн т. б.) көптеп шығарыла бастады. Мыс., 20 ғасырдың бас кезінде Торғай және Орал облыстарында жыл сайын 20 млн. сомға, ал 1912 жылы бір ғана Ақмола облысында 22 млн. сомға мал өнімдері сатылды. Мұндай жағдайлар басқа облыстарға да тән. Мал шаруашылығының осылайша өсуі мал мен жайылым жердің бай-феодалдар қолына жиналуына әкеліп соқты. Өйткені патша өкіметі орындарының қолдауы арқасында қазақ аулындағы бай-феодалдар қоғамдық шұраплы жерлерді басып алып, өз меншігіне айналдырып отырды. Мыс., Павлодар университетінде 1907 жылы 12 500 кедей және орта шаруалардың қолында не бары 63,5 мың жылқы болса, ал 1800 бай шаруашылықтарының қарамағында 173 мың жылқы болды. Немесе Ақмола облысында 49 ірі бай шаруашылығында 92 мың жылқы, 27 мың сиыр болды. 1916 жылы бай-феодалдар тобы халықтың шамамен 15%-ін құрады, бірақ бұлардың қолында барлық малдың 60%-і жинақталды. Сонымен қатар көптеген шаруалардың қолында жылқы түгіл, тіпті өздерінің жұпыны, жартымсыз мұқтаждарын қанағаттандырарлық сиырлары мен қойлары да болмады. Яғни өлкедегі барлық шаруашылықтардың арасында жылқысыз шаруалар 48% болды.
Өлке экономикасының келесі жетекші саласы егіншілік болды. Бұл крепостниктік право жойылғаннан кейін елеулі түрде дамыды. 1913 жылы жалпы егіс көлемі 4,2 млн. десятина, ал өндірілген астықтың жалпы мөлшері 150 млн. пұтқа жетті. Мұның нәтижесінде астық шаруашылығының товарлық жағы өсті - өндірілген астықтың 1/3 ішкі де, сыртқы да рынокқа шығарылатын болды. Мыс., өлкенің батыс және солтүстік аудандарында, егіншіліктің товарлық сипаты басым болған жерлерде жиналған өнімнің едәуір бөлігі - бидайдың 30%-і, тарының 70%-і рынокқа шығарылды.
Егіншілікте тұрпайы аауыл шаруашылық машиналары - тырма, шалғы, орақ, егін бастырғыш, дән сепкіш, қол тырма т. б. қолданыла бастады. 1914-1915 ж. мұндай құралдарды өлкенің көптеген шаруашылықтары пайдаланды. Мыс., бір ғана Торғай облысында, сол жылдары 17,4 мың шөп шапқыш, 24,4 мың егін жинағыш, 4 мыңға жуық ат тырма мен егін бастырғыш болды.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында өнеркәсіп, темір жол құрылысы қолға алынып, сауда, кредит-банк мекемелері, халық шаруашылығының басқа да кейбір салалары құрыла бастады. Бірақ экономиканың сол салаларының дамуы негізінен алғанда елдің орталық аудандарындағы капиталистік өндірістің қажетіне байланысты болды. Патша өкіметі, орыс буржуазиясы шет аймақтарда өнеркәсіпті, әсіресе, оның ауыр салаларын кең түрде дамытуға онша ынталы болған жоқ. Қазақстан отар, шет аймақ ретінде капиталистік даму процесіне шикізаттар мен материалдар жеткізіп беру арқылы араласып отырды. Өлкеде ең алдымен егіншілік өнімдерін өңдеуші өнеркәсіп өрістеді, оның өнімі 1913 жылы 30 млн. сомнан астам болды. Сонан соң мұнда жүн жуатын, тері илейтін, мал өнімдерін шығаратын кәсіпорындар ғана болды, ал бұларда өндірілген өнімдер ішкі рынокқа да, шеткі рынокқа да шығарылып отырды. Мыс., бір ғана Ақмола облысында 1900 жылы шетке 220 мың пұт май шығарылса, 1909 ж, ол 850 мың пұтқа жетті.
19 ғасырдың аяқ шенінен бастап, жер-жерде кірпіш күйдіретін, черепица жасайтын, ағаш өңдейтін т. б. құрылыс материалдары өнеркәсіп орындары құрыла бастады. Шеттен көшіп келген шаруалардың, отырықшылыққа көше бастаған қазақ шаруаларының ұй, қора-жай және т. б. шаруашылық құрылыстарын сала бастауы осы өндіріс кәсіпорындарының құрылуына үлкен әсер етіп, қолайлы жағдайлар жасады.
Кейбір қиыншылықтарға қарамастан, өлкеде тау-кен өнеркәсібі де (кемір кені кәсіпшілігі, түсті металл рудаларын қазу) белгілі дәрежеде дамыды. 1913 ж. Қазақстанда 90 мың т көмір, 118 мың т мұнай, 5 мың т шамасында қара мыс өндірілді.
Кең-байтақ өлкенің өндіргіш күштерінің өркеидеуінде 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде салына бастаған темір-жолдар (Сібір, Орынбор - Ташкент жолдары) елеулі роль атқарды, өйткені бұлардың бірсыпырасы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұл жолдардың салынуы Қазақстаннын Россиямен экономикалық байланысын едәуір ұлғаптты, қазақ даласына товар-ақша қатынастары тез әрі тереңдеп тамыр жайды, осы кезде сауда-саттық та өрістеп, жәрмеңкелер көбейді.
Осындай экономикалық процестерінің ұлғаюына байланысты 20 ғасырдың басында Қазақстан жерінде бірсыпыра кредит-банк мекемелері құрылды. 1-дүние жүзілік соғыс қарсаңында бұл өңірде мемлекеттік банкінің бөлімшесі, орыс сауда-өнеркәсіп банкісінің, Сібір сауда банкісінің, орыс-азиялық банкінің филиалдары т. б. сияқты 40-тан астам түрлі мекемелер жұмыс істеді.
Бұл мекемелер үлкен өлкенің ірі орталықтарында (Оралда, Петропавлда, Семейде, Верныйда т. б. жерлерде) орналасты, негізінен сауда-өнеркәсіппен айналысатындарға қызмет көрсетті. Қарыз-кредит алыс-берісін малмен, етпен, астықпен, «аралас» товармен сауда жасаушылар пайдаланды.
Экономикалық өмірдің жандануымен, ең алдымен өнеркәсіп пен темір жол құрылысының дамуы нәтижесінде өлкеде жұмысшы табы қалыптасты. Тек 1900-1915 ж. аралығында жұмысшылардың саны 4,5 есе көбейіп 75 мыңға жетті. Олардың көпшілігі темір жолда (30 мың адам), тау-кен өнеркәсібінде (18,7 мың), өңдеуші өнеркәсіпте (16 мың) істеді. Сол дәуірде Қазақстан қалаларында 50 мыңнан астам қолөнершілер жұмыс істеді. Осылардың барлығы, сайып келгенде, экономиканың әр түрлі салаларын дамытуда шешуші роль атқарды.
Алайда қазақ өлкесінің экономикалық негізі 1917 жылға дейін бұрынғысынша аауыл шаруашылық өндірісі болды, қоғамдық өмір саласында патриархалдық-феодалдық қатынастар үстемдік етті. Өнеркәсіп орындары техникалық-экономикалық дәрежесі барынша төмен тұрпайы құрал-жабдықпен жарақталды, қол еңбегі басым болды. Патша өкіметінің қолдауы арқасында өлкеге енген шетелдік капитал да өнеркәсіп өндірісінің құрылымына пәлендей өзгеріс кіргізе алмады. Ол, көбіне кейбір күйзеліске ұшырай бастаған кәсіпорындарды сатып алу арқылы құрылды, кейде акциялары түтелдей дерлік шетелдік қоғамдардың қолына көшкен түрлі орыс компанияларының атын жамылып жұмыс істеді. 1917 жылдың басында Қазақстандағы 9 ірі акционерлік қоғамның капиталы 71 млн. сом болды. Олардың 42,3 млн. сомы таукен өнеркәсібінде, 28,7 млн. сомы мұнай өнеркәсібінде болды. Шетелдік капитал көбінесе «Спасск мыс рудасы», «Атбасар мыс кені», Орал-Жем өңіріндегі мұнай кәсіпшіліктері, Рудалы Алтай сияқты кәсіпорындар қажетіне жұмсалған. Өндіргіш күштерді дамытуға қажетті сарқылмас потенциалдық ресурстарына қарамастан Қазақстанның экономикасы мейлінше кенжелеп қалды. Кезінде патша өкіметінің, орыс буржуазиясының өкілдері өлкедегі бай-феодал топтарымен ауыз жаласа отырып, мұның бәрін қазақ даласының географиялық ортасының ерекшеліктерінен, қазақ халқының мәдени дәрежесінің төмендігінен, байланыс құралдары мен қатынас жолдарының болмауынан, экономиканы дамытуға қажет капиталдың тапшылығынан т. б. көруге тырысты.
Шындығына келсек, өлкенің экономикалық жағынан артта қалып қоюының түпкі себебі, шын сыры қоғамдық құрылыстың - Россиядағы буржуазиялық-помещиктік құрылыстың жүйесінде жатыр. Патша өкіметі де, орыс буржуазиясы да ұлт аймақтарының экономикалық жағынан өсуіне ешбір ынталы болған жоқ. Қазақ өлкесі оларға Россияның өнеркәсібі үшін шикізат қоры ретінде, онеркәсіп өпімін өткізетін рынок ретінде, кең даланың мол табиғи байлықтарын пайдалану үшін арзан жұмыс күшін беріп отыратын орын ретінде қажет болды. Капиталистердің бәрі де өлкенің табиғи байлықтарын нағыз жыртқыштықпен пайдаланып, өндіріс процестерін механикаландыруға, жұмысшылардың еңбегін жеңілдетуге, олардың үй-тұрмыс жағдайларын жақсартуға ешқандай елеулі қаржы жұмсамады. Орыс капиталистері де, шетелдік капиталистер де Қазақстанда бұрынғы тарихқа белгілі капиталдың алғашқы қорлануының қанды жолын - оқ пен шоқпардың күшімен өткен жолды нағыз хайуандықпен қайталады. Жалпы алғанда Қазақстан жерінен алынатын пайда жайында, әсіресе оның аса жоғары нормасы жөнінде әңгіме болғанда капиталистерге өлкенің географиялық ортасының қиындығы да, онда қатынас жолдарының жоқтығы да бөгет болған емес. Олар жан-жақтан қаптап келіп, қазақ даласына орналасып жатты, бұдан анау айтқан ешбір қиыншылықсыз-ақ «тап-таза» пайда тауып отырды, капитал «шет жерді» мекендеуді қиынсынған жоқ: ubi bene, ibi patria «қай жер жақсы болса, отан сол жерде» (Ленин В. И., Шығ. толық жин., 3-т., 535-б.). Сөйтіп, ол жұмысшылардың маңдай тері мен табан еті есебінен қосымша құнды еселеп алды, көптеген кәсіп-орындарында қосымша құн нормасы 200 ден 300%-ке жетті, жұмысшылар қатты қанауға ұшырады: жұмыс күнінің ұзақтығы барлық жерде орта есеппен 12-14 сағат болды. Жұмысшылардың жалақысы тым аз, тұрмыс жағдайлары аса ауыр болды.
Қазақстан ондаған жылдар бойында экономикалық мешеулікте болды, ал оның халқы қазақ, орыс, украин т. б. көптеген ұлттар кедейшілік пен қайыршылықтың қасіретін шекті. Өлкенің барлық жерінде адамды адам қанау, құл ету, шексіз ұлттық езу басым болды. Қазақ халқы мен барлық еңбекшілер, егер оларды Ұлы социалистік революциясы азат етпеген болса, әлі де ұзақ жылдар бойы жоғарыдағыдай ауыр жағдайда өмір шеккен болар еді.
Социалистік экономиканың қалыптасуы мен өркендеуі. Ұлы социалистік революциясы дүниені социалистік негізде жаңғыртуда жаңа заман ашты, социалистік экономиканың ірге тасы қаланды. Совет өкіметінің алғашқы күндерінде-ақ орталықта да, жергілікті жерде де халық шаруашылығының органдары құрыла бастады, бұлар экономикалық саладағы өзгерістерінің барлық процестеріне басшылық етуге міндетті болды.
Экономикалық қатынастар саласында алдымен аграрлық мәселе - еңбекші шаруалардың көкейтесті мұқтаждарын қанағаттандыру туралы мәселе шешілді. Революцияның екінші күні-ақ қабылданған жер туралы лениндік декрет барлық жер национализацияланады, помещиктік жер конфискеленеді, сөйтіп жерді шаруалар тегін пайдаланатын болады деп жариялады. Бұдан соң банкілерді, ірі өнеркәсіпті, транспортты т. б. сондай шешуші буындарды национализациялау процесі басталды, осылардың негізінде бірте-бірте халық шаруашылығының түрлі буындары жасала бастады.
Социалистік экономиканы жасауға бағытталған революциялық-экономикалық өзгерістер Қазақстанда да іске асырылды. Өлкенің бірсыпыра ұлттық және экономикалық ерекшеліктеріне байланысты жерді национализациялау процесінің кейбір ерекшеліктері болды. Революцияның алғашқы күндерінде-ақ жөрді сату мен сатып алуға тыйым салынды. Барлық помещиктік, кабинеттік, шіркеулік және қоныс аударушылар қорына деген сылтаумен тартып алынған жерлердің бәрі түгелдей конфискеленді, мемлекеттің меншігіне айналды, тегін пайдалану шарты бойынша шаруаларға үлестіріліп берілді. Конфискеленген жердің бірсыпырасында коллективтік шаруашылықтар (колхоздар) мен мемлекеттік шаруашылықтар (совхоздар) ұйымдастырылды. Бұлардың бәрі өзінің түпкі нәтижесінде аауыл шаруашылығын дамыту мен еңбекшілердің материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін өте қолайлы жағдайлар жасады.
Революциядан кейін өлкеде ірі өнеркәсіпті, транспортты, байланыс құралдарын, кредит-банк мекемелерін, сауданы нацпонализациялау да кең көлемде жүргізілді. 1918 жылдың майында лениндік декреттерге сәйкес Қырғыз (Қазақ) тау-кен өнеркәсіп акционерлік қоғамы, Рудалы Алтайдың ірілі-ұсақты кәсіпорындары, «Спасск мыс рудасының», «Атбасар мыс кенінің» заводтары мен рудниктері, Қарағанды мен Байқоңырдың кендері, Орал - Жем өңірінің мұнай кәсіпшілігі национализацияланды. Негізгі өндіріс құрал-жабдықтарын национализациялау процесі өлкеде 20 жылдардың бас кезіне дейін созылып, халық шаруашылығының барлық салалары бойынша национализацияланған кәсіпорындарының жалпы саны бір мыңға жуық болды. Бұларды басқару үшін халық шаруашылығының түрлі органдары (халық шаруашылық советі, жоспарлау комиссиясы т. б.) құрылды.
Өлкеде социалистік өзгерістерді іс жүзіне асыруда Қазақ АССР-інің 1920 жылғы октябрьде болған 1-құрылтай съезінің шешімдері ерекше тарихи роль атқарды. Съездің Декларациясында республиканың бүгінгі таңдағы басты міндеті - адамды адам қанау атаулыны жою, қоғамды соц. жолмен орнату деп атап көрсетілді. Осыған орай Қаз. АССР Советтерінің съезі: а) барлық өндіріс құрал-жабдықтарын (фабрикаларды, заводтарды, рудниктерді, шахталарды, банкілерді т. б.) экспроприациялау және оларды мемлекет қолына беру саясаты жүргізілсін; ә) жерді жеке меншіктенуді жою және оны мемлекет қарамағына өткізу саясаты жүргізілсін; б) қазақ еңбекші бұқарасының отырықшы өмір салтына өтуіне, шаруашылықты коллективтік жолмен жүргізуіне көмектесілсін, еңбекші халықтың материалдық және мәдени дәрежесінің көтерілуіне қажетті жағдай жасалсын деген шешім қабылдады (Қазақ АССР-інің құрылуы. Документтер мен материалдардың жинағы, А., 1957, 270-71-б.).
Советтер съезінің осы барлық революциялық талаптарын іс жүзіне асыру барысында капиталистердің, помещиктердің, көпестердің т. б. қанаушы элементтердің жеке меншігіне қатты соққы берілді, социалистік меншіктің берік негізі қаланды. Сейтіп, республикада социалистік экономиканың түпкілікті қалыптасуына үлкен әсер етті.
Қазақстанда, елдің барлық бөлігіндегі сияқты 1921 жылдан бастап жаңа экономикалық саясат негізінде халық шаруашылығын қалпына келтіру басталды. Бұрынғы азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығы енгізілді, осының арқасында шаруалар қолында белгілі мөлшерде басы артық астық, тері-терсек т. б. қалдырылатын болды. Басы артық заттарын еркін сатуға рұқсат етілді, мұның өзі шаруашылықты тез қалпына келтіруге, еңбекші шаруалардың ынтасын көтеруге қолайлы жағдай туғызды. Мұның нәтижесінде 1921-1922 ж. аса ауыр стихиялық қиыншылықтарға (қуаңшылық) қарамастан, өлкеде шаруашылық өмір бірте-бірте жандана бастады. Орыс шаруалары да, қазақ еңбекшілері де ауыл шаруашылық дақылдары егісін ұлғайтып, рынокқа шығарылатын өнімдерді молайтты. Совет өкіметі тарапынан да үлкен көмек көрсетіліп отырды. Бүкіл росс. ОАК-нің декреті бойынша 1921 ж. Бөкей, Орынбор, Торғай, Орал губерниялары азық-түлік салығынан мүлдем босатылды. РСФСР үкіметі Қазақстанға ауыл-селолық жердегі ашығушылар үшін бір млн. пұт астық және басқа азық-түлік босатты. Қалалар мен өнеркәсіп аудандары да өз мүмкіндіктеріне қарай ауыл мен деревня еңбекшілеріне көмек берді.
1922 ж. СССР-дің құрылуы еліміздін ұлттық-мемлекеттік құрылысында, одақтас республикалардың жан-жақты дамуында жаңа кезең ашты. СССР құрылғаннан кейін көп ұзамай Орта Азия мен Қазақстанның 1924 ж. ұлттық- мемлекет болып өзара құрылуы жүргізілді. Мұның өзі Қазақстанның мүмкіндіктерін бұрынғыдан бетер ұлғайта түсті. Оның территориясы 2,7 млн. шаршы км-ге, халқы 5,4 млн. адамға жетті, егіс көлемі, мал саны көбейді.
20 жылдардың ортасында өндіргіш күштерді одан әрі дамыта түсу мақсатымен бірсыпыра әлеуметтік-экономикалық шаралар жүргізілді. 1926-1928 ж. қазақ ауылдарында егіндік-шабындық жердің қайта бөлінуі жүзеге асты. Осының нәтижесінде 1370 мың га шабындық және 1250 мың га егіндік жер қайта бөлінді. Бұлардың ішінен 1039 мың га шабындық (86%) және 1142 мың га егіндік жер (90%) кедейлер мен орта шаруалардың пайдалануына берілді. 1928 ж. аяғында ірі бай-феодалдардыц (696 шаруашылықтың) 150 мың бас малы (ірі қараға шаққанда), түрлі аауыл шаруашылық құрал-саймандары т. б. мүліктері (қора-жайлары, транспорт құралдары) конфискеленді. Бұл мал-мүлікті түтелдей қазақ кедей шаруалары мен батырақтар, колхоздар мен совхоздар алды, атап айтқанда: бұлар 25 мың батырақтар мен кедейлерге, 988 колхоз бен 5 совхозға берілді. Партия мен мемлекеттің осы шараларының нәтижесінде патриархалдық-феодалдық қатынастарға жаңа соққы берілді, социалистік өзгерістер мен еңбекші бұқараның материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті жағдайлар туғызды.
20 жылдар аяғында Қазақстанда өнеркәсіпті индустрияландыру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру жолымен бүкіл халық шаруашылығын социалистік түрде қайта құру өріс алды. 1927-1928 ж. республика халық шаруашылығын қалпына келтіруді аяқтап, социалистік индустрияландыру кезеңіне енді, өлкенің табиғи байлықтарын ашып, пайдалануға кірісті. Бұл процестер уақыт жағынан соғыстан бұрынғы бесжылдықтар дәуірімен тұстас келді. Атап айтқанда, социалистік экономиканың ірге тасын қалаудың міндеттерін іс жүзіне асырған 1-бесжылдық (1929-1932) тұсында; қанаушы таптар атаулының бәрін, таптық қайшылықтар туғызатын себептерді түпкілікті жою, бүкіл халық шаруашылығын техника жағынан қайта құруды аяқтау міндеттерін шешкеп 2-бесжылдық (1933-1937) кезінде; еліміздің іркілместен ілгері қарай өрлеу жолымен кемелденген социалистік қоғам орнату өңіріне ене бастауының бастамасы болған 3-бесжылдық (1938-1942) бойында социалистік индустрия құлаш жая өрістеді, алдына қойылған алып міндеттерді ойдағыдай орындап шықты.
Сонымен 30 жылдардың соңында елді социалистік жолмен индустрияландырудың міндеттері іс жүзіне асты. Елімізде негізінен алғанда социализм орнады, қоғамдық өмірдің барлық салаларында да социалистік өндірістік қатынастар жеңіп шықты. Бұл тарихи жеңістер нәтижесінде Советтік Қазақстан өзінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуында зор табыстарға ие болды. Мұның өзі Қазақстанның өнеркәсіптік дамуына жасаған зор бет бұрыс кезеңі еді. Барлық жерде дерлік жаңа ірі өнеркәсіп орындарының, темір жол транспортының т. б. құрылысы басталып, индустрияландыруды одан әрі өркендете түсуге база қаланды. Қысқа мерзім ішінде өлкенің техникалық-экономикалық мешеулігін жою индустрияландырудың советтік әдісіне сәйкес, көбінесе ауыр индустрияның еркін дамуын қамтамасыз ету, сан алуан қазақ жұмысшы табын, ұлттық ғылыми-техникалық интеллигенцияны қалыптастыру қажет болды. Бұларсыз республиканың ұлан-байтақ өңірінде индустрияландыруды іс жүзіне асыру мүмкін емес еді.
Социалистік индустрияландыруды іске асырудың нәтижесінде қазақ даласында алдыңғы қатарлы техникамен жабдықталған көптеген жаңа өнеркәсіп орындары салынды, темір жол мен байланыстың желісі тартылды, өндіргіш күштерді социалистік жолмен орналастырудың негізгі принциптері жүзеге асты. Бұлардың арасында алдымен ұзындығы 1500 км Түркістан - Сібір темір жол (Түрксіб) болды. Бұл жолдың құрылысы аяқталуына байланысты Қаз. АССР үкіметі 1930 жылы арнаулы қаулы қабылдап, еліміздің аса маңызды, байлығы мол бөліктерін - Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын Түрксіб СССР-ді индустрияландыру ісіне қосылған үлкен үлес, мұның өзі Қазақстанның экономика және мәдени жағынан мықтап өркендеуінің міндетін, қазақ пролетариатын көптеп қалыптастырудың міндетін іс жүзіне асыра отырып, өлкенің капитализмге дейінгі шаруашылық формаларынан социалистік жолмен қайта құрылысқа неғұрлым тез өтуіне алғы шарттар жасайды деп атап көрсетті. Патша өкіметі үшін ондаған жылдар бойы шешуін таба алмай келген іс совет құрылысы жағдайында ойдағыдай орындалды.
Түрксібтің ізінше Қарағанды көмір бассейні, Балқаш кен-металлургия комбинаты сияқты ірі өнеркәсіп алыптарының құрылысы басталды. Республиканың шығысында Алтай полиметалл, оңтүстігінде Казполиметалл, батысында Ақтөбе химкомбинаты т. б. салына бастады. Сол жылдары тамақ және жөңіл өнеркәсібі де мықтап өріс алды. Сол кездегі азын-аулақ ірі қалалар мен облыстық орталықтарда, айталық, Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды сияқты қалаларда ет комбинаттары, сүттен түрлі өнім жасайтын кәсіпорындар салынды. Мәселен, 30 жылдардың басында Семейде еліміздегі тамақ өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі М. И. Калинин атындағы ет-консерв комбинатының ірге тасы қаланды. Балық өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Каспий (Гурьев қ.) мен Арал теңіздерінде шаңырақ көтерді. Жеңіл және жергілікті өнеркәсіп салаларында да талай өмірлік маңызы күшті кәсіпорындары салынды. Электр энергиясын, көмірді, мұнайды, ауыр индустрияның басқа да маңызды өнімдерін өндіру ісі ондаған есе артты.
30 жылдар аяғында республиканың өнеркәсіп өнімі революциядан бұрынғы дәрежеден 13 есе, ал ірі өнеркәсіп бойынша 20 есеге жуық артты. Осыларға байланысты негізгі өндірістік қорлар, жұмысшылар мен қызметшілер саны едәуір өсті. Халық шаруашылығының жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлес салмағы 1940 ж. 60% болды, ал мұның өзі 1920 ж. не бары 6,3% болатын. Қазақстан бұрынғы таза аграрлық республикадан индустриялы-аграрлы республикаға айналды.
Халық шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жылдарында ауыл шаруашылығында да түбірлі өзгерістер болды. 20 жылдардың аяғында 1250 мың шамасындағы жеке шаруа үйлері өз еріктерімен колхозға кірді. Еңбекші шаруалар ғасырлар бойғы мұқтаждықтан құтылудың бірден-бір дұрыс жолы - кооперативтік жоспар бойынша іс жүзіне асатын аауыл шаруашылығын коллективтендіру екенін өз тәжірибелері арқылы айқын көрді. Сондықтан барлық жерде бірдей аауыл шаруашылығын коллективтендіру процесі жаппай басталды. Коммунистік партия мен Совет мемлекеті көптеп кредит беру, аауыл шаруышылық салығы жағынан үлкен жеңілдік жасау, аауыл шаруашылық машиналарымен жабдықтау системасын жақсарту арқылы колхоздарға үлкен көмек көрсетіп отырды. Колхоздармен қатар шапшаңдатылған қарқынмен ірі мемлекеттік аауыл шаруашылық кәсіпорындары - советтік шаруашылықтар (совхоздар) мен машина-трактор станциялары (МТС) құрылды. Бұлар ұсақ жеке шаруа шаруашылықтарының коллективтендірілуін тездетуге шешуші ықпал жасады, ірі қоғамдық шаруашылықтың артықшылықтарын пайдалануға, ауыл шаруашылық өндірісінде күрделі техниканы қолдануға шексіз мүмкіндіктер ашты. Аауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру тұсында қазақ көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларын отырықшыландыру да мықтап қолға алынды. 30 жылдың басында мұндай шаруашылықтардың жалпы саны жарты млн-ға жуық еді. Қазақстандағы өте көп те, күрделі де ерекшеліктердің бірі осында. Мұны ескере отырып, Коммунистік партия мен Совет үкіметі аауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрудың өне бойында қазақ шаруаларына үнемі жәрдем көрсетіп отырды. Бұлардың шаруашылығын, ең алдымен мал шаруашылығын тез өрлету мақсатымен жаппай отырықшылыққа көшкен аудандарда шаруаларға жеңілдік беріп, оларды жерге орналастыру, тұқыммен, аауыл шаруашылығы машиналарымен жабдықтау жөнінде шаралар қолданылды. Күш-көлік пен аауыл шаруашылығы саймандарын сатып алу үшін кредит беру, шөп шабатын машина станцияларын ұйымдастыру арқылы көмек көрсетіліп отырды. Оның үстіне отырықшыланған аудандардың шаруашылықтары екі жыл бойы ет пен астық дайындау міндеттемелерінен, салық төлеуден босатылды. Отырықшылық тұрмыс салтына көшкен халықтар үшін арнаулы түрде қала тәріздес поселкелер, тұрғын үйлер, мектеп, аурухана т. б. әлеуметтік-мәдени мәні бар құрылыстар салынды.
Осылардың бәрі, өзінің түпкі нәтижесінде іргелі өзгерістер туғызды. 30 жылдардың ортасында республикада аауыл шаруашылығын коллективтендіру толық аяқталды, 7000 колхоз, 315 МТС, 192 совхоз жүмыс істеді. Бұлардың қарамағында 30 мыңға тарта трактор, 10 мыңнан астам комбайн, 15 мың жүк машинасы т. б. күрделі аауыл шаруашылық техникасы болды. Бұрынғы патриархалдық, ұсақ товарлы шаруа шаруашылықтарының орнына коллективтендіру арқылы қазіргі заманғы, жоғары дәрежеде механикаландырылған социалистік аауыл шаруашылық құрылды. Мұның өзі аауыл шаруашылығының өндіргіш күштерін дамытудағы аса маңызды сапалы секіріс болды.
Халық шаруашылығының басқа да барлық салаларында мәні мен маңызы жағынан іргелі өзгерістер болды. Социалистік негізде жаңа өмір орнату процесі еңбекшілерге материалдық жағынан жарқын өмір қамтамасыз етті. 30 жылдардың бас кезінде-ақ қайыршылық пен жұмыссыздық атымен өшіп, келмеске кетті. Ал мұның өзі феодализм, капитализм сияқты антагонистік таптық әлеуметтік-экономикалық формация жағдайында еңбекші адамдар үшін ең жаман қасірет болатын.
Біздің социалистік жаңа құрылыс жағдайында ұлттық табыс жылдан-жылға т үздіксіз еселеп өсіп отырды. Мәселен, 1928-29 жылдармен салыстырғанның өзінде-ақ республиканың бюджеті 1939 ж. 20 есе, жұмысшылар мен қызметшілердің жылдық жалақысының жалпы мөлшері - қоры 40 есе артты. Ауыл мен деревнядағы шаруалар арасындағы кедейшілік пен тапшылық мүлдем жойылды. Колхоз құрылысы арқасында шаруалардың материалдық әл-ауқаты айта қалғандай артты. Мәселен, 30 жылдардың 2-жартысында колхоздардың да, колхозшылардың да ақшалай табыстары 2,5 еседен астам өскен. Егер 1935 ж. республикадағы әрбір колхоздың ақшалай табысы орта есеппен 32,4 мың сом, ал әрбір колхозшы үйінікі 471 сом болған болса, 1939 ж. тиісінше 57,5 мың сомға және 1070 сомға жетті. Колхозшылардың өз меншігіндегі мал 3,5 еседен астам өскен. Осылардың барлығында да социализм экономик, заңдарының қызметі айқын көрінді. Соц. құрылыс тәжірибесі Окт. революциясының халыққа нағыз бостандық беруімен қатар ауңатты және мәдениетті өмір үшін материалдық жағдайлар жасағанын айқын дәлелдеді. Сондықтан да 1939 ж. болған БК(б)П 18-съезі зор қанағаттанғандық сезіммен былай деп атап көрсетті: СССР-дегі социализм жеңісі еңбекшілердің бұрын ешбір жерде болып көрмеген моральдық-саяси бірлігін қамтамасыз етті, мұның өзі біздің еліміздің одан әрі өсуі мен гүлдене түсуінің ең жақсы кепілі болып табылады.
Осының бәрі толық күйінде Қазақстанда да айкын көрінді. Мұнда еңбекші бұқара еңбектеген баласынан бастап, еңкейген шалына дейін тарихи творчеств, іске тартылды, қоғамдык, еңбектің өнімділігін арттырды, материалдық және рухани игіліктерді молайтты. 30 жылдардың аяғында республика экономикасы қоғамдық меншіктің екі формасы - жалпы мемл. және колхоздық-кооперативтік меншіктен құралатын соц. экономикаға айналды. Мұның өзі түгелдей 1937 ж. қабылданған Қаз. ССР Конституциясында көрсетіліп, былайша баяндалған: «Қазақ ССР-інің экономикалық негізі шаруашылықтың феодалдық және капиталистік системасын қурту, өндіріс қарулары мен құрал-жабдықтарын жеке меншіктенуді өзгерту және адамды адам қанау дегенді атымен жою негізінде қалыптасқан социалистік шаруашылық системасы және өндіріс қарулары мен құрал-жабдықтарын социалистік жолмен меншіктену болып табылады».
Бұл мәліметтер айқын көрсетіп отырғандай, «кімді-кім» деген мәселе түгелдей социализм пайдасына шешілді. Соц. сектор барлық соц. емес экономик, укладтарды жеңіп шықты. Бұлармен қатар Қазақстапда өтпелі дәуірдің негізгі қайшылықтары - социализмге дейінгі ескі өндіріс әдістерінің қалдықтары мен жаңа соц. өндіріс әдісі арасындағы, яғни феодализмнің өшуге айналған элементтері мен социализмнің барынша қаулап өсіп келе жатқан күштері арасындағы қайшылықтар да мүлдем жойылды. Бұл арада, бүкіл ел көлеміндегі сияқты, қанаушы таптар да атымен құрыды. Республика халқы бір-бірімен дос екі еңбекші таптан - жұмысшы табы мен колхозшы шаруа табынан және бұлармен тығыз байланысты еңбекші интеллигенциядан құралды. Мұның өзі Совет өкіметі тұсында өсіп шыққан жаңа жұмысшы табы, жаңа колхозшы шаруа, жаңа интеллигенция еді. Бұлар - өз тағдырларының толық кожасы, өз тарихын өзі жасаушылар. Бұлардын үлесіне социализмнің тұңғыш құрылысшылары болу бакыты, бүкіл адамзат ертелі-кеш коммунизмге баратын ұлы жолды бірінші болып салу бакыты тиді.
Қазақ ССР экономикасында соц. сектордын 1927-1937 ж. үлес салмағы (% есебімен)
Халық шаруашылығының салалары |
1927-28 |
1932 |
1936 |
1937 |
Өнеркәсіптің жалпы өнімі |
92,8 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
Барлық ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі |
3,2 |
98,0 |
99,6 |
99,8 |
Малдың барлық түрлері бойынша |
1,8 |
91,4 |
92,1 |
92,5 |
Жумысшылар мен қызметшілер саны |
66,9 |
97,6 |
100,0 |
100,0 |
Товар айналымы бойынша |
68,5 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
Ұлы Октябрьден кейінгі алғашқы екі онжылдықтың жүзінде жүргізілген түбірлі және жан-жақты қайта құрылыстардың нәтижесінде социализм жеңісі қамтамасыз етілді, біртұтас соц. экономика жасалды.
Соц. құрылыс процесінде ескі помещиктік-капит. құрылыстан қалған қасірет мұрасы - халықтар арасындағы болып келген экономикалық және мәдени теңсіздікті жою міндеті ойдағыдай шешілді. Барлық халықтар мен ұлттар өз елінің тең праволы және толық қожасы болды, өз араларында туысқандық достық пен ынтымақты нығайтты.
Социализмнің ұлы жеңістері, бірыңғай соц. экономиканың жасалуы өндіргіш күштердің жан-жақты дамуы үшін, экономикалық потенциалды барған сайын мол көлемде ұлғайта беру үшін кең epic ашты.
Қазақстан халық шаруашылығы - СССР халық шаруашылығы комплексінің құрамды бөлігі. Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) біздің республика өзінің барлық ресурстары мен мүмкіншіліктерін жауды жеціп шығуға қажетті өнімдерді өндіруге жұмылдырды. Батыстан көшірілген кәсіпорындарды тиісті жерлерге орналастыру, оларды барынша қысқа мерзімде іске қосу, сонымен бірге жергілікті кәсіпорындардың өнім өндіруін еселей арттыруын қамтамасыз ету жолында жұмыс жүргізілді. Мұның бәрі республиканың халық ш. ресурстарын, оның қалыптасып келе жатқан өндірістік қуаттарын жауды жеңу үшін толығынан пайдалану мақсатында жасалды.
Республиканың барлық өнеркәсіп орындары өз өндірісін соғыс қажетіне лайық құрды. Майданға керекті өнімдер өндіру тез жолға қойылды. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1940 жылмен салыстырғанда 1945 ж. 1,4 есе артты.
Республикада соғыстың өн бойында өндіріс құрал-жабдығы өнімдері озат қаркынмен өндірілді. Егер 1940 ж. өнеркәсіп өнімінің үлес салм. 51% болса, 1942 ж. 58%, ал 1944 ж. 66% болды. 1945 жылдың аяғында 12 млн. т-дан астам көмір өндірілді, бұл 1940 жылғыдан 1,7 есе артық. Осы кезеңде электр энергиясы өнімі 1,8 есе, мақта-мата 7,4 жүн мата 2 еседен астам, былғары аяқ киімі 1,3 есе т. б. өсті.
Бұл жылдары 23 көмір шахтасы және жалпы қуаты жылына 7 млн. т көмір беретін 3 разрез салынды, Актобе ферросплав з-ды, Қарағанды ГРЭС-і, Петропавл жылу электр орталығы, 2 мұнай кәсіпшілігі, Гурьевтің мұнай өцдеу з-ды, Қостанайда жасанды штапель матасы з-ды, Теміртау синтет. каучук з-ды пайдалануға берілді, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген заводтары мен фабрикалеры салынды. Аса ірі Өскемен, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттарыныц құрылысы басталды. Өнеркәсіпті жедел қарқынмен ұлғайтудың нәтижесінде негізгі өндірістік қорлардың колемі 1940 жылға қарағанда 1945 ж. 2,1 есе артты.
Соғыс жылдары а. ш-н, транспортты, материалдық өндірістің т. б. салаларын өркендету онан әрі жалғастырылды. Торт жарым жылдың ішінде (1941 ж. 1 июнь - 1946 ж. 1 янв.) мемл. және кооперат. кәсіпорындар мен ұйымдарға 30 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Мұның өзі өсімдік өнімдерінің соғысқа дейінгі деңгейін негізінен сақтауға және мал басы өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мыс., 1946 жылдың 1 январында 1941 жылмен салыстырғанда ірі қара саны 5%-ке, қой мен ешкі 5%-ке артты. Осы торт жарым жылдың ішінде транспортты дамытуға 124 млн. сом қаржы жұмсалды, бұл 1-бесжылдықпен салыстырғанда 2,4 есе артық. Осының нәтижесінде, Қаз. ССР территориясы арқылы өтетін темір жолдың пайдалану ұзындығы 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артты, 1940 жылғы
87,6 млн. т орнына 21,3 млн. т жүк жөнелтілді. Халық ш-ның өндірістік емес сферасына жұмсалған күрделі қаржы да өсті. Оның көлемі (1941 ж. 1 июнь - 1946 ж. 1 янв.) тұрғын уй құрылысында 53 млн. сом, ғылым, мәдениет, халық ағарту, денсаулық сақтау орындарында, коммуналдық және басқа кәсіпорындарында 208 млн. сом болды.
Қазақстан экономикасы соғыстан кейінгі бесжылдықтарда. Соғыстан кейінгі алғашқы 4-бесжылдықта, бүкіл еліміздегідей, Қазақстан экономикасы бейбітшілік негізде қайта құтылды, өнім номенклатурасы мен өндіріс технологиясы, негізгі өндірістік қорлар жаңартылды. Совет адамдарының жан қиярлық еңбегі арқасында өндірісті қайта құру қысқа мерзім ішінде аяқталды, бұл халық ш. өндірісінің өсу қарқынын жеделдетуге мүмкіндік берді.
Қазақстаннын халық шаруашылығына мемлекеттік, кооперативтік кәсіпорындардың, ұйымдардың, колхоздардың және халықтың соғыстан кейінгі бесжылдықтарда (1946-1975) жұмсалған күрделі қаржысы (салыстырмалы баға бойынша, млн. сом).
|
Бесжылдықтар |
||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
|
төртінші 1946-1950 | бесінші 1951-1955 | алтыншы 1956-1960 | жетінші 1961-1965 | сегізінші 1966-1970 | тоғызыншы 1971-1975 | |
Барлық күрделі қаржы оның ішінде: |
375,2 |
873,8 |
2137,0 |
3619,4 |
4812,2 |
6266,0 |
7154 |
Өнеркәсіп |
118,6 |
258,8 |
580,6 |
1061,6 |
1462,0 |
1944,8 |
2227 |
ауыл шаруашылығы |
69,7 |
190,6 |
482,4 |
824,8 |
1017.0 |
1606.8 |
2092 |
орман шаруашылығы |
0,8 |
0,8 |
1,6 |
3,0 |
4.8 |
8,4 |
6,5 |
транспорт |
33,6 |
73,6 |
171,4 |
295,0 |
431,2 |
546,4 |
616 |
байланыс |
1,4 |
2,6 |
11,6 |
22,4 |
40,0 |
52,4 |
60,0 |
құрылыс индустриясы, |
12,6 |
48,2 |
85,2 |
105,8 |
157,6 |
157,6 |
163 |
сауда, қоғамдық тамақтандыру, материалдық жабдықтау, өткізу, дайындау |
8,2 |
29,6 |
121,6 |
133,8 |
126,8 |
158,0 |
196 |
өндірістік емес салалар (тұрғын үй құрылысы т.б.) |
130,4 |
269,6 |
682,6 |
1173,0 |
1572,8 |
1761,6 |
1854 |
Соғыстан кейін экономика және әлеуметтік процесті тездетуге көп күрделі қаржы қажет болды. 4-бесжылдықта оның көлемі шұғыл өсіп, 1876 млн. сом болды. Күрделі қаржының 1/3-і өнеркәсіпті онан әрі өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға, жұмыс істеп отырғандарын кеңейтуге, өндірісті техникалық жағынан жабдықтауға жұмсалды. Бес жылдың ішінде мемлекеттік, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдарда 1,3 млрд. сомның негізгі қорлары қатарға қосылды, бұл еңбек жұмсалу сферасын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Тиісінше республиканың халық шаруашылығындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің саны 1945 жылмен салыстырғанда 1950 ж. 1,3 есе артты. Бұл жылдары өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі соғыстың соңғы жылындағыдан 1,7 есе асып түсті. А. ш. да ойдағыдай дамыды. Оны өркендетуге көп күрделі қаржы бөлінді. Осы қаржыны игерудің нәтижесінде бесжылдың ішінде егіс көлемі ұлғайды, егіншілік және мал шаруашылығы өнімдері артты, мал саны көбейді, трактор паркі 5,6 мыңға өсті. Соғыстан кейінгі жылдары қол жеткен аса зор жетістіктер республика экономикасының кемелденген социализм дәуірінде қауырт дамуы үшін қажетті жағдай және алғы шарт жасады.
Күрделі қаржының орташа жылдық көлемі 4-бесжылдыққа қарағанда 5-бесжылдықта 2,3 есе өсті, 5-бесжылдыққа қарағанда 6-бесжылдықта 2,4 есе, 6-бесжылдықпен салыстырғанда 7-бесжылдықта 1,7 есе өсті т. б. Күрделі қаржыны еселеп жұмсау халық шаруашылығын негізгі қорлармен жабдықтауға, оны жаңа және ең жаңа техникамен қаруландыруға мүмкіндік берді. Әсіресе бұл 6-бесжылдықтан (1961-1965) басуап, соңғы төрт бесжылдық кездерінде тездетілді. 1960 жылмен салыстырғанда 1978 ж. республиканың негізгі өндірістік қорларының көл 5,1 есе өсті. Осы кезеңнің ішінде бұл қорлар өнеркәсіпте 7 есе, аауыл шаруашылығында 5 есе, өндірістік емес сферада 4,8 есе артты. Негізгі өндірістік қорлардың мұндай көлемдегі ұлғаймалы ұдайы өндірісі еңбекті жоғары дәрежеде қормен жабдықтауға мүмкіндік берді. 1978 жылдың аяғында әрбір жұмыс істейтін адамның негізгі өндірістік қормен қарулануы 1960 жылмен салыстырғанда 4 еседен астам өсті. Мұнда еңбекті қормен жабдықтау есебіне кіретін қорлар құрамында оңың шешуші болігі - машиналар және еңбектің басқа механикалық құралдары, приборлары т. б. басым өсті, мұның өзі халық шаруашылығында ғылыми-техникалық табыстарды кеңінен қолданудың нәтижесі еді. Халық шаруашылығында еңбектің қормен қарулануының жедел өсуі электр энергиясын тұтынудың тез өсуімен жоспарлы түрде ұштастырылды. Республикада электр энергиясын тұтыну 1960 жылмен салыстырғанда 1978 ж. 6 есе, оның ішінде өнеркәсіп пен құрылыста 5,6, аауыл шаруашылығында 7,8 есе өсті. Халық шаруашылығының жедел электрлендірілуі өндіріске жаңа техниканың кеңінен енгізілуіне негіз болды. Тек өнеркәсіпте ғана 1965 жылмен салыстырғанда 1977 ж. механикаландырылған түйдекті автоматты линиялар 3,1 есе, линияға қосылмаған автоматтық және жартылай автоматтық линиялар 4,2 есе, комплексті механикаландырылған учаскелер мен цехтар 2,9 есе өсті т. б. Егер республиканың аауыл шаруашылығындағы энергетикалық қуаттар 1960 ж. 21,7 млн. а. к. деп бағаланса, 1977 ж. 54,2 млн. а. к. деп бағаланды. Колхоздар мен совхоздардағы орташа қызметкерге шаққанда бұл көрсеткіш 2,5 есе артты. Республикада соғыстан кейінгі бесжылдықтарда СССР-дің біртұтас халық шаруашылығының комплексінің бөлінбес құрамды бөлігі болып табылатын қуатты халық шаруашылық комплексі қалыптасты. Бұл процесс 7-, 8-және 9-бесжылдықтарда (1961-1975) ерекше қызу жүргізілді.
Қазақстанның халық шаруашылық комплексі - СССР халық шаруашылық комплексінің құрамдас бөлігі ретінде құрылып, өркендеді. Бұл - өсудің жоғары серпінділігі, дамудың пропорциялылығы және сапалық құрылым өзгерістері, өндірістің жоғары шоғырлануы, халық шаруашылығының орнығу және өркендеу комплекстілігі, жалпы одақтық экономикаға үлес қосуының күшеюі, экономиканың әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің өсуі.
Халық шаруашылық комплексі дамуы бағыттарының бірі өндірістің жоспарлы түрде шоғырлануы болып табылады. Өнеркәсіп орындарын 1975 ж. жалпы өнімдерінің көлеміне қарай топтастырсақ мынаны көреміз: өнім көл. 500 мың сомға дейінгі кәсіпорындардың үлес салмағы 30,9%, олардың үлесіне жалпы өнімнің не бары 0,9%-і, жұмысшы персоналдың 3,6%-і, негізгі өндірістік қорлардың 1,2%-і келеді. Ал өнім көлемі 50,0 млн. сомнан артатын кәсіпорындардың үлес салмағы 4,3%; олар жалпы өнімінің 50,7 %-ін өндірді, оларда өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың 34,4%-і істеді, олар Қазақстан өнеркәсібінің негізгі өндірістік қорларының 62,7%-ін пайдаланды. Бұл топтың үлес салмағы 1968 ж. 1% болды; ол кезде бұлар жалпы өнімнің 34%-ін өндірді, оларда жұмысшылардың 17%-і істеді, олар негізгі өндірістік қорлардың 40%-ін пайдаланды. Сөйтіп 10 жылға жетпейтін уақыттың ішінде республикада өнеркәсіп өндірісінің шоғырлану дәрежесі едәуір өсті.
Қазақстанның ауыл шаруашылық - қазіргі заманғы техникамен жабдықталған ірі шоғырланған өндіріс. 1960 жылы орта есеппен бір совхозға аауыл шаруашылығына пайдаланылатын 2 млн. сомдық, ал 1977 ж. 5,8 млн. сомдық негізгі өндірістік қордан келді. Бұл кездің ішінде бір жұмысшыға шаққанда келетін энергетикалық қуат 23 а. к-нен 40 а. к-не өсті. 50 жылдардың бас кезінде орта есеппен бір совхозда 21 трактор, 12 комбайн, 8 жүк автомобилі болды, ал 1977 жылдың аяқ кезінде 99 трактор, 49 астық комбайны, 40 жүк автомобилі болды. Колхоздарда да техниканың шоғырлануы қарқынмен жүрді. Колхоздар мен совхоздарда жер жырту, тұқым себу және дәнді дақылдарды жинау сияқты еңбекті көп тілейтін жұмыстар толығымен механикаландырылды. Егіншілік пен мал шаруашылығында механикаландыру дәрежесі жылдан жылға өсіп келеді.
Республика халық шаруашылығының комплексті дамуының маңызды белгілері - жаңа салалар мен өндірістер құрылып, жедел дамуы, сондай-ақ өндіріліп жатқан өнімдердің түр-түрлерінің кобеюі болды. Әсіресе 60 және 70 жылдары пайдалануға берілген жаңа салалар мен өндірістерге трактор жасау, алюминий өнеркәсібі, атом энергетикасы, өнеркәсіптік құбырлар арматурасы, прибор жасау, кабель өнеркәсібі, насос-компрессор және тоңазытқыш жабдықтары өндірісі, химиялық машина жасау, тұрмыстық приборлар мен машиналар, электр желісі өнеркәсібі, кен-химиялық өнеркәсібі, синтетикалық каучук, синтетикалық шайыр және пластмасса өндірісі, фосфор өнеркәсібі, құрама темір-бетон және қабырғалық блоктар, асбест өнеркәсібі, пластмассадан бұйым жасау өндірісі, құрама жем өнеркәсібі т. б. жатады. Сөйтіп өнеркәсіптің бүкіл қоғамдық өндіріске ықпал жасайтын сфераларында жаңа салалар мен өндірістер пайда болып, өріс ала дамыды. 1975 ж. республиканың негізгі өнеркәсіптік өндірістік қорларының бестен бірі осы салалардың үлесіне тиді.
Республикада жаңа өнімдерді игеру және өнімнің түр-түрлерін көбейту жөнінде көп жұмыстар істелді және істеліп те жатыр. Темір рудасы; шойын, прокат, глинозем, магний және магний қорытпасы, титан, мырыш, трактор, бульдозер, металлургиялық жабдықтар, металл кесу станоктары, кокс, минералды тыңайтқыштар, жасанды талшық, полиэтилен, асбест, цемент, шифер, целлюлоза, картон, қағаз, темір-бетон буйымдары, кіржуғыш машина, маргарин онімдері, синтетикалық жуу заттары т. б. сияқты өнім түрлері республикада 1941 жылға дейін болмап еді, қазір бұлардың бәрі де өндіріледі. Халық тұтынатын өнеркәсіптік және азық-түлік товарларының ассортименті жаңартылып көбейтілді. Республикада жаңа сала - тұрмыстық қызмет керсету жедел дамып келеді.
Елімізде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерінің аса маңызды түрлерін өндіруде Қазақ ССР-інің үлес салмағы (% есебімен)
Өнімдер |
1950 ж. |
1960 ж. |
1970 ж. |
1978 ж. |
---|---|---|---|---|
электр энергиясы |
2,9 |
3,6 |
4,7 |
4,4 |
мұнай |
0,3 |
0,9 |
3,7 |
3,4 |
көмір |
6,7 |
6,4 |
9,9 |
14,3 |
болат |
- |
1,2 |
1,9 |
4,0 |
қара металл прокаты |
0,5 |
0,5 |
3,0 |
3,9 |
темір рудасы |
- |
5,4 |
9,3 |
10,3 |
минералды тыңайтқыштар |
0,4 |
3,4 |
3,5 |
6,7 |
цемент |
0,2 |
4,8 |
5,9 |
5,7 |
мақта-мата |
0,1 |
0,3 |
0,9 |
4,3 |
жүн мата |
0,1 |
1,1 |
1,0 |
2,6 |
былғары аяқ киім |
1,7 |
2,9 |
4,1 |
4.2 |
құм шекер |
2,9 |
1,9 |
1,7 |
1,4 |
астық |
5,8 |
15,0 |
12,0 |
11,8 |
Қазақстанның халық шаруашылық комплексі СССР-дің бір тұтас халық шаруашылық комплексінің қуатты буыны болып табылады. Бұл бірқатар көрсеткіштерден, атап айтқанда, республиканың жалпы одақтық өндіріске қосқан үлесінен, еліміздің қоғамдық өндірістің барысындағы Қазақстан халық шаруашылығының жетекші салалары ролінің бірден-бірге өсе түсуінен айқын көрінеді.
Аса маңызды өнімдердің негізгі түрлерін өндіруде елімізде Қазақстанның үлес салмағы өсті және өсіп те келеді: 1950 жылмен салыстырғанда 1977 жылы электр қуатын өндіру 2 есеге жуық өсті. Одақта соғыстан кейінгі бесжылдықтар бойынша алғанда астық дақылдарының жылдық орташа жалпы өнімінде Қазақстан улесі үздіксіз өсіп отырды.
Жалпы одақтық көлемде Қазақ ССР халық шаруашылығы позициясының күшеюінде мұнай, көмір және химиялық өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, астық өндірісі, қой шаруашылығы т. б. сияқты салалардың серпінді дамуы маңызды роль атқарады.
Мұнай өнеркәсібінің дамуында улкен табыстарға қол жетті. Маңқыстау түбегіндегі жаңа мұнай кенін игеру мұнай балансында Қазақстанның үлес салмағын едәуір жоғарылатты. 1971-1976 ж. орташа жылдық мұнай өнімінің 1945-1970 ж. көрсеткішінен 8 есе асып түскенін айтсақ та жеткілікті.
Қазақстанда дамыған көп салалы өнеркәсіпті, жоғары механикаландырылған аауыл шаруашылығын, қат-қабат тартылып жатқан транспорт желісін, материалдық өндірістің басқа барлық салаларын және өндірістік емес сфераны қамтитын қалыптасқан біртұтас халық шаруашылық комплексі, әрбір аудандардың нақты жағдайларына сәйкес территориялық қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде өркендеп келеді. Осы принцип бойынша республикада бірқатар территориялық-өндірістік комплекстер қалыптасып, ойдағыдай дамуда. Бұл - Қаратау - Жамбыл, Қостанай - Лисаков, Маңқыстау, Павлодар - Екібастұз, Теміртау - Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жәйрем - Жезқазған комплекстері. Бұл комплекстер 1976 жылы Қазақ ССР өнеркәсібі өнімдерінің жартыдан астамын өндірді. «СССР халық шаруашылығын өркендетудің 1976-1980 жылдарға арналған негізгі бағыттарында» территориялық-өндірістік комплекстердің басым дамптындығы көрсетілген. Мыс., 1970 жылға қарағанда 1976 ж. бүкіл өнеркәсіп өнімі 1,5 есе өссе, оның өнімі Павлодар - Екібастұз комплексінде 2,2, Маңқыстауда 1,8, Қаратау- Жамбылда 1,6 есе өсті. Қостанай -Лисаков комплексінде өсу қарқыны жоғары, мұнда өнім өндіру көрсетілген уақыттың ішінде 1,8 есе артты. Әрбір территориялық-өндірістік комплекстердің мамандануына, өндіріс кұрылымына, табиғи жағдайларына кооперативтік байланысының сипатын; т. б. қарай өз ерекшеліктері бар. Өзінің халық шаруашылық маңызы жағынан Павлодар - Екібастұз комплексі ерекше көзге түседі, бұл - еліміздің қуатты отын-энергетикалық базаларының біріне айналып келеді.
Республикада бүкіл совет халқының күш-жігер жұмсауымен жасалған халық шаруашылық комплекс еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайын жақсарту, олардың әлеуметтік дамуын барынша күшейту мүддесінле жоспарлы түрде пайдаланылады. Мұны халық шаруашылығының өндірістік және ғылыми-техникалық потенциалын тиімді пайдаланудың үздіксіз өсуі қамтамасыз етеді. 1960 жылға қарағанда 1976 ж. республикада әрбір жұмыс істейтін адамға шаққанда ұлттық табыстын өндірілуі - қоғамдық еңбектің өнімділігі 2 еседен астам өсті. Бұл жылдары ұлттық табыс өсуінің 80%-і және өнеркәсіп өнімдері өсуінің 70%-і еңбек өнімділігі артуы есебінен жүзеге асты, мұның өзі еңбек ресурстарын пайдаланудың жоғары нәтижелілігін көрсетеді. Материалдық және финанс ресурстарын пайдалану тиімділігі артуы жөнінде де үлкен табыстарға қол жетті. Қоғамдық өндірістің үздіксіз өсуі арқасында республикада халықтың жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болды. Қазіргі кезде Қазақ ССР-інің халық шаруашылығында еңбек ресуостарының 9/10 істейді. Жұмыс істейтін адамдардың көбеюі үй шаруасында және өзіндік қосалқы аауыл шаруашылығында істейтіндерді қоғамдық өндіріске тартудың есебінен жүзеге асты. Жұмыс істейтін адамдардың көбеюімен қатар олардың нақты табыстары үздіксіз өсіп отырды, сондай-ақ қоғамдық тұтыну қоры, алатын көмектері мен жеңілдіктері де артты. Бұл көмектер мен жеңілдіктер халықтың жан басына шаққанда 1960 ж. 120,4 сом болса, 1978 ж. 366 сом болды.
Қазақстан халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің орта айлық жалақысы Одақ бойынша орта жалақыдан жоғары болды. Орта айлық жалақы 1960 ж. 82 сом болса, 1978 ж. 160,2 сомға жетті.
10-бесжылдық жоспар республикада халық шаруашылық комплексін дамыту жолында жаңа перспективалар ашады. Партия мен үкімет Қазақстан еңбекшілерінің алдына күрделі халық шаруашылық міндеттер - Қазақстанның орасан мол табиғи ресурстарын кеңінен өндіріске тарту, республиканың жалпы халықтық іске қосатын үлесін үнемі көбейте беру, өндірістің құрылымын барынша жетілдіріп, оның тиімділігін арттыру міндеттерін қойып отыр. Бұл міндеттердің ойдағыдай шешілуі республиканың экономикалық потенциалын бұрынғыдан да күшейтеді, қуаты артады, бұл еңбекшілердің тұрмыс жағдайын жақсартуға, мәдени-техникалық дәрежесін көтеруге, қоғамның рухани байлықтарын көбейтуге берік негіз болады.
Экономикалық даму болашағы. Барлық табиғи байлықтарды тиімді пайдалана отырып және көп салалы шаруашылықтың өзара байланыстары мен құрылымдарын жетілдіре отырып, Қазақстанның экономикасы көп салалы, күрделі әрі бір тұтас халық шаруашылық комплексі түрінде әлі де дами бермек.
10-бесжылдықта жалпы қоғамдық өнім 1/3-нен астам өсіп, 1980 ж. 34,4 процентке, ал ұлттық табыс 38 процентке артады. Бұл бесжылдықта негізгі өндіріс қорының 39%-ке жуығы жаңартылады да, бесжылдықтың аяғына дейін 68 млрд. сомнан асады. Негізгі қорды көбейтуге және жаңартуға 38 млрд. сомнан артық қаржы жұмсалады, оның белгілі бір бөлігі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын қайта құруға, кеңейтуге, техникалық жағынан қайта жабдықтауға жұмсалады. Жұмыс істеуші өндірістердің қатарына 400-ге жуық өнеркәсіп орындары, ірі цехтар мен кәсіпорындары қосылады.
Бес жыл ішінде өнеркәсіп көл. 39-43% өседі. Шаруашылықтың өңдеуші салалары елеулі дәрежеде дамиды; мұның өзі республикадағы индустрияландыру процесінің одан әрі жүріп жатқандығын көрсетеді. Мұнай өңдеу, газ өнеркәсібі, қара металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу өнеркәсіптері жедел өсіп отыр. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде бұл салалардың үлесі 24,8%-тен (1975) 30,1%-ке (1980) дейін өседі.
Электр қуатын өндіру 1980 ж. 70 млрд. «вт-сағаттан асады, демек, 1975 жылға қарағанда 1,4 есе артады. Бесжылдық ішінде Екібастұз 1-мемлекеттік аймақтық электр станцияның блоктары, Алматыда, Қарағандыда, Целиноградта жаңа жылу электр орталықтары іске қосылады, Жамбыл, Гурьев, Қызылорда, Павлодар жылу электр орталықтарының энергия қуаты артады, Екібастұзда 2-мемлекеттік аймақтық, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік аймақтық электр станцияларының құрылысы басталады. Электр қуатын барлық бағытта беру линиялары 100 мың км-те артады, 220 және 500 кв кернеулі электр қуатын берудің жүйе аралық және магистральды линиялары едәуір ұзара түседі. Электр қуатын Екібастұз - Теміртау, Ермак - Рубцовка - Өскемен, Омбы - Петропавл т. б. аралықта беру линиялары іске қосылмақ. Қазақстанда 124-127 млн. т көмір өндіріледі, оның ішінде Екібастұздың өзі ғана 74 млн. т-ға дейін береді.
Республикада осы бесжылдықта мұнайды алғашқы өңдеуден өткізу көлемі 3,8 есе артады. Химиялық өнеркәсібі мен мұнай-химиялық өнеркәсібінің өнімі осы мерзім ішінде 2,5 есе көбейтіледі. Мұның бәрі Шымкент, Жамбыл «Фосфор» өндіріс бірлестіктері және Ақтөбе «Химпром» химия бірлестігі, Жаңа Жамбыл фосфор зауыды мен Шымкент шина зауыды сияқты бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындарының қуатын толық пайдалану арқылы және Гурьев химиялық зауыдын ұлғайту, Шилісай фосфор кені орнының құрылысын жүзеге асыру т. б. кәсіпорындарын құру арқылы қамтамасыз етілгелі отыр.
Қара металлургия өнеркәсібінің өнімдері осы бес жыл ішінде 1,6 есеге жуық артады. Бұл саладағы кәсіпорындарының қуатын игеру жөнінде Қарағанды металлургия комбинатында, Соколов - Сарыбай, Лисаков таукен байыту комбинаттарында т. б. кәсіпорындарында үлкен жұмыстар жүргізіледі. Қара металлургияның дамуы Қазақстан мен Орта Азия республикаларының табақталған металл, жоғары сапалы болат, прокаттың кейбір түрлері, отқа төзімді материал жөніндегі мұқтаждарын толық өтеуге мүмкіндік береді.
Түсті металлургия жаңа белеске көтерілді, әлі де көтерілмек. Жезкент, Жәйрем, Қарағайлы кен байыту комбинаттары іске қосылады, Жезқазған кен-металлургия комбинаты т. б. кәсіпорындары одан әрі өркендейді.
Республикада машпна жасау өнеркәсібі жетекші орын алады. 1976-1980 ж. машина жасау өнеркәсібінің өнімі 1/5-іне жуық молаяды, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде оның үлесі 1980 ж. 15%-тенасуға тиіс. Химиялық машина жасау, электротехникалық өнеркәсібі, станок жасау өнеркәсібі одан әрі дамытыла түседі, тракторларды, ауыл шаруашылық машиналарын жасау көлемі ұлғайтылады. Топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын техника шығаратын Целиноградтағы заводтың және Семейдегі кабель, арматура зауыдының, Өскемендегі арматура зауыдының, Талдықорғандағы аккумулятор зауыдының, Павлодардағы болат құю комплексінің құрылысы аяқталмақ, оның үстіне жұмыс істеп тұрған бірсыпыра кәсіпорындары кеңейтіліп, қайта құрылады. Республикада машина жасаудың жаңа саласы - подшипник өнеркәсібі жасалады.
Халық тұтыну товарларын өндіру 1975 жылға қараганда 34%-тен астам көбейтіледі. Ет-сүт, тамақ, жеңіл өнеркәсіп салалары өнімінің түр-түрлері көбейеді, сапасы жоғарылатылады. Жібектен, штапельден мата тоқу, тоқыма галантереясының жаңа түрлерін, фарфор ыдыстар жасау істері республикада алғаш рет игеріледі, азық-түлік түрлерін кішкентай көлемде бөлектеп әзірлеу, мебельді топтастырып шығару жұмысы ұлғайтылады т. б.
Аауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жылдық көлемі 1976-1980 ж. арасында 14-17% өседі. Астық өндіруді тұрақты етуге бағытталған зор шаралар жүзеге асырылады. Астық өндірудің жылдық орташа көлемі 25-27 млн. т-ға жеткізілмек, ет (сойылғандағы салмағы) 1,1 млн. т-ға, сүт - 4,4 млн. т-ға, жүп 107,8 мың т-ға жеткізілмек. Егіншілік мәдениетініц дәрежесін жоғарылату, аауы шаруашылық кәсіпорындарын техникамен жарақтандыру, оны бұрынғысынанда қуатты аауыл шаруашылық техникасымен жабдықтау, жерді мелпорациялау ісін кеңейту, ғылым мен техниканың жаңалықтарын қолдану, минералды тыңайтқыштарды өндіруді арттырудың нәтижесінде ғана аауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін осынша өсіруге мүмкіндік туады.
Республика темір жолында жүк тасу көлемі 10-бесжылдықта 1,3 есе көбейеді. Жаңа жолдарды салу, кейбір аралықтарда қосар жол салу арқылы республикадағы темір жолдың ұзындығы едәуір арта түседі. Темір жол транспортының паркі қуатты локомотивтермен, ауыр жүк тасуға лайықталған вагондармен толықтырылады. Ортақ пайдаланудағы автотранспортпен тасылатын жүк айналымы 1,4 есе өседі, қатты жабынды төселген автомобиль жолдарының ұзындығы 73 мың км-ге жетеді. Байланыс жүйесінің өнімі 1/3 көлемінде өседі.
Құрылыстың базасын кеңейту нәтижесінде өндіріс объектілерін ғана емес, мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік сипаттағы құрылыстарды да ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік туады; мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге бағытталған шаралар.
Бесжылдықтың ішінде жан басына шаққандағы табыс көлемі 15% артады. Қоғамдық тұтыну қорынан халыққа берілетін төлем қаржысы мен жеңілдіктерінің мөлшері 1980 ж. 6 млрд. сомнан асады. Бөлшек сауда айналымының көлемі мен халыққа тұрмыстық қызмет ету жұмысы барған сайын арта түспек. 1980 жылдың аяғына дейін жалпы аумағы 31 млн. м2 тұрғын үйлер пайдалануға беріледі. Мұның өзі республиканың 3 млн-нан астам тұрғынының пәтерін кеңейтуге мұмкіндік береді.
10-бесжылдықта республикада жаңадан 7 жоғары оқу орны, 18 орта білім беретін арнаулы оқу орындары және көптеген қәсіптік-техникалық училищелер ашылуға тиіс. 1980 жылы жоғары оқу орындары жоғары білімді 30,5 мың мамандар, арнаулы орта білім беретін оқу орындары 51 мыңға жуық мамандар шығармақ, ал күндізгі кәсіптік-техникалық училищелер 152 мың маман жұмысшы даярлап шығаратын болады. Балалар бақшасы мен яслилер, ауруханалар мен поликлиникалар саны едәуір өседі.
Қазақстанда көмір, мұнай, түсті, қара және сирек металдар, хромит, фосфорит т. б. кендер мен шикізаттар қорының орасан молдығы әрі жоғары дамыған егін, мал шаруашылығы, әсіресе қой шаруашылығы республика экономикасының жалпы одақ көлеміндегі мамандандыру сипатын анықтап береді.
Екібастұз отын-энергетикалық комплексінің құрылуына байланысты Екібастұз бен Майкөбеде өндірілетін көмірдің көлемі 70 млн. т-ға жететін болады; бұл жылына 220 млрд. квт-сағ. электр қуатын өндіруге жетеді. Торғайда орасан зор отын-энергетикалық комплексін жасау белгіленген. Осының бәрі Қазақстанды таяу жылдардың ішінде көмір мен электр қуатын өндіру жөнінен СССР-дің басты экономикалық аудандарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.
Химиялық өнеркәсібі мен мұнай-химиялық өнеркәсібі кейбір салаларыныц жалпы одақтық өндірісінің өнімі тұрғысынан қарағанда Қаз. ССР-інің бұл саладағы ролі елеулі өзгереді. Өйткені республикада жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайыр, пластмасс, тыңайтқыіптардың барлық түрлері, әсіресе фосфор өндіру дәрежесі еселеп артады.
Өнеркәсіптің бірсыпыра салаларының өсу қарқыны жалпы Одақ көлеміндегі орташа көрсеткіштен асатын болады. Трактор жасаудан алдағы жылдарда республиканың Одақтағы алатын үлес салмағы 10%-тен асады.
Астық өндіруден Қазақстанның алатын орны бұрынғысынша ерекше жоғары сатыда тұрады. Аауыл шаруашылық өндірісін өркендетудің белгіленген деңгейі тұтыну заттарын, атап айтқанда, жүп, жүн маталарын, былғары аяқ киім, тері тон бұйымдарын, ет т. б. өндірудегі Қазақстанның ролін арттыра түседі.
Әр алуан күрделі құрылыстар жедел қарқынмен жүзеге асырылады. Оған жұмсалатын күрделі қаржының көлемі жан басына шаққанда 10-бесжылдықтағыдан әлдеқайда жоғары болады.
Өндіргіш күштердің өркендеуі Қазақстанның экономикалық потенциалының дәуірлеп өсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп республиканың халық шаруашылығының алдында тұрган аса маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды түбегейлі шешуге сара жол ашады.
Жарияланған-2024-03-07 14:58:21 Қаралды-891
НЕЛІКТЕН СТАКАН СЫҢҒЫРЛАП, МАСА ЫЗЫҢДАЙДЫ, АРА ГУІЛДЕЙДІ?
Шынында да, стаканға қасық ақырын ғана тиіп кетсе, дереу зың ете түседі. Неге зыңылдайды? Ол зыңыл қайдан шықты?
Жыландар өз денелерін жей алады
Жыландар күйзеліске ұшырай алады және сондай жағдайда олар тамақтануы тиіс. Бірақ, олар үнемі олжаларын жей бермейді. Жыландар салқын қанды, бұл деген олардың дене температурасын реттей алатын жағдайда еместігін білдіреді. Олардың жылынуы үшін сыртқы ж
КҮНЖІТ КӘЗИНЕГІ
Арасында күнжіт дәні көп болатын, карамель сияңты төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты қатты, шыныдай жылтыр тағам. Дайындалуы бадам кәзинегіндей.
ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?
Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл
СУРЕТ ЖӘНЕ СУРЕТТЕМЕ
Суретшінің қыл қаламмен бояу жағып емес, қарындаш, көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын сурет деп атаймыз.
ШАШ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Шаш сияқты таныс дене мүшесі сирек сұрақтар тудырады. Шынында да, олар туралы не айтуға болады?
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану