UF

ГОЛЬДЖИ АППАРАТЫ, ЛИЗОСОМАЛАР ЖӘНЕ ЦИТОПЛАЗМАНЫҢ БАСҚА ОРГАНОИДТАРЫ. ҚОСЫНДЫЛАР

 

Гольджи аппараты. Ол жануарлардың көптеген клеткаларында, мысалы, нерв клеткаларында ядроны қоршап жатқан күрделі тор пішінді болады. Өсімдіктер мен қарапайымдылар клеткаларында Гольджи аппараты орақ немесе таяқша пішінді жеке денешіктер түрінде болып келеді. Бұл органоидтың пішіні әртүрлі болуына қарамастан, оның жануарлар мен өсімдіктер организмдері клеткаларындағы құрылысы біріне-бірі ұқсас.

Гольджи аппаратының құрамына мыналар жатады: мембраналармен , топтаса (5-10-нан) орналасқан қуыстар; қуыстардың ұштарына орналасқан ірі және ұсақ көпіршіктер. Осы элементтердің барлығы жиналып, суреттен көрініп тұрғандаи біртұтас комплекс құрайды.

Гольджи аппараты көптеген маңызды қызмет атқарады. Эндоплазмалық тордың каналдары арқылы оған клеткада синтезделген өнімдер - белоктар, көмірсулар және майлар жеткізіліп тұрады. Бұл заттардың барлығы алғашында жинакталып, одан кейін ірі және ұсақ көпіршіктер түрінде цитоплазмаға енеді де клетканың тіршілік әрекетіне немесе клеткадан шығарылып, организмде пайдаланылады. Мысалы, сүтқоректілердің ұйкы бездері клеткаларында асқорыту ферменттері синтезделеді де, олар органоидтар қуыстарына жиналады. Одан кейін ішіне ферменттер толған көпіршіктер түзіледі. Олар клеткдлардан ұйкы бездерінің өзегіне шығарылады да одан ішек қуысына қарай ағып кетеді. Бұл органоидтың тағы бір маңызды қызметі - оның мембранасында майлар мен көмірсулар (полисахаридтер) синтезделеді де олар клеткада пайдаланылады және мембрананың құрамына кіреді. Гольджи аппараты әрекетінің нәтижесінде плазмалық мембрана жаңарып өсіп отырады.

Электрондық микроскоп деректері бойынша жасалған Гольджи аппараты құрылысының схемасы

 

Лизосоманың электрондың микроскоп арқылы түсірілген фотосуреті. 63000 есе үлкейтілген

Саламандраның дамып келе жатқан жыныс клеткасындағы клетка орталығы

Лизосомалар. Лизосомалар (грекше: «лизео» - ерітемін, «сома» - дене) - кішкене ғана жұмыр денешіктер. Әрбір лизосомалар цитоплазмадан мембраналар аркылы бөлініп тұрады. Лизосоманың ішінде белок, май және көмірсуларды, нуклеин қышқылдарын ажырататын ферменттер болады.

Цитоплазмаға енген қоректік зат бөлшегіне лизосомалар жақындап, онымен қосылады да бір асқорыту вакуолясы түзіледі, лизосома ферменттерінің айналасындағы қоректік зат бөлшегі оның ішінде калады. Қоректік зат бөлшегінің қорытылуы нәтижесінде түзілген заттар цитоплазмаға өтіп, клетканың қажетіне жұмсалады.

Лизосомалар қоректік заттарды белсенді түрде корытуға бейім бола отырып, тіршілік әрекеті процесіндегі клеткалардың өлі бөліктерін, тұтас клеткалар мен мүшелерді жоюға қатысады. Мысалы, бака итшабағы құйрығы лизосома ферментінің әрекетіне байланысты жойылады.

Клетка қосындылары

 

Клеткада үнемі жаңа лизосомалар түзіледі. Кез келген басқа белоктар сияқты, лизосомадағы ферменттер де цитоплазманың рибосомаларында синтезделеді. Бұдан соң ол ферменттер эндоплазмалық тордың каналдары арқылы Гольджи аппаратына барады да оның қуыстарында лизосомалар қалыптасады. Лизосомалар осы қалпында цитоплазмаға өтеді.

Клетка орталығы. Жануарлар клеткаларындағы ядро маңында органоид болады, ол клетка орталығы деп аталады. Тығыздалған цитоплазманың шағын учаскесіне орналасқан екі кішкентай денешік — центриольдар клетка орталығының негізін құрайды. Әрбір центриоль ұзындығы 1 мкм шамасындағы цилиндр пішінді болады. Центриольдар клетканың бөлінуі кезінде маңызды роль атқарады; олар бөліну шүйкелерінің түзілуіне қатысады.

Клетканың қозғалыс оргоноидтары. Оларға, ең алдымен, кірпікшелер мен талшықтар - клетканың сұйык ортада қозғалуға бейімделген жіпше тәрізді нәзік өсінділері жатады

Кірпікшелер мен талшықтар бірклеткалыларда да, сондай-ақ көпклеткалы жануарларда да кеңінен таралған. Қарапайымдардың ішінде талшықтылар талшықтарының көмегімен қозғалады. Көпклеткалы жануарларда сперматозоидтар талшықтардың көмегімен қозғалады.

Инфузориялардың қозғалыс органоидтары кірпікшелер болады. Мысалы, инфузория-туфелькалар денесінің бетінде 15 000-ға жуык кірпікшелер болады да солардың көмегімен олар су ішінде жылдам қозғалады. Омыртқалы жануарлар мен адамның тыныс-алу жүйесінің ауа кіретін жолындағы клеткалардың сыртын мыңдаған кірпікшелер қаптап тұрады. Осы кірпікшелер бір бағытка қарай қозғалып, сұйықтық ағынын туғызады да қатты түйіршіктер, мысалы шаң-тозаңдар организмнен шығарылады.

Барлық көпклеткалы жануарлар және адам бұлшықеттің жиырылуы арқылы қозғалады. Бұлшықет талшықтарының негізгі жиырылу құрылымы - миофибриллалар, яғни диаметрі 1 мкм шамасында, ұзындығы 1 см-дей және одан артығырақ болатын жіңішке жіпшелер.

Көптеген бірклеткалы организмдер мен жануарлар клеткалары жалғанаяқтарының жәрдемімен қозғалады. Оларга қарапайымдардың ішінен амебалар, лейкоциттер, дәнекер тканінің кейбір клеткалары, сондай-ақ жануарлардың басқа да көптеген клеткалары жатады. Жалғанаяқтың қозғалу әдісі амебалық қозғалыс деп аталады.

Өсімдіктердің көпшілігі қозғалмайды, яғни кеңістікте орын ауыстыра алмайды. Өсімдіктер қозғалысы олардың өсуінен, жапырақтарының қозғалуынан және клетка цитоплазмасының жылжуынан байқалады.

Клетка қосындылары. Клетка қосындыларына көмірсулар, майлар және белоктар жатады. Бұл заттардың барлығы тамшы және пішіні мен мөлшері әртүрлі түйіршіктер түрінде клетканың цитоплазмасына жиналады. Олар клеткада мезгіл-мезгіл синтезделеді де заталмасу процесінде жұмсалады.

1. Полянский Ю.И. Жалпы биология. -Алматы, 1991. -299 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-11 12:00:48     Қаралды-796

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

...

1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЧЖАН ЦЯНЬ

...

Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық одақтар мен ертедегі мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымы, олардың өзара және Орталық Азиядағы көне иелектермен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді бізге Чжан Цянь жеткізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ

...

Досмұхамедов Халел (1883-1939 жж.) - қоғам және мемлекет қайраткері. Х.Досмұхамедов - тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетін жинап, насихаттаушы, аудармашы, дәрігер, ұстаз. Туған жері - казіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жалынды кемпірқосақ

...

Жалынды кемпірқосақ ең сирек кездесетін атмосфералық феномендердің бірі болып табылады – ол кемпірқосақтардан жасалынған бұлт сияқты көрінеді. Ол ешқандай да кемпірқосақ емес және отқа қатысы да жоқ, бірақ бұл табиғат құбылысы ешкімді де енжар қалдырмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »