ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІ МЕН ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ТАБИҒИ БІРЛЕСТІКТЕP
Барлық өсімдіктердің бірлесіп тіршілік ететін ерекше жағдайлар бейімдігі де мұндай бірлестіктегі өсімдіктердің әр тобы біртекті территорияда орналасады. Алайда өсімдіктер табиғатта тірі ағзалардың басқа топтарынан: бактерия, саңырауқұлақ, жануарлардан оқшауланбайды. Олардың барлығы бірге табиғи бірлестік түзеді, мұнда олар өзара байланысты, біріне-бірі жағымды-жағымсыз әсермен тіршілік етеді.
Енді табиғи бірлестіктерді қарастырайық.
Орман мен ашық үлескіні кезектесіп жататын республикамыздың солтүстік бөлігі болып табылады.
Орман. Мұнда қайыңды орман ерекше көз тартады. Бұйра бұтақтардан құралған шашыраңқы бөрікбасты, аппақ діңді қайыңдар орманның сәнін келтіріп тұрады. «Көрікті ағаш - ақ қайың, жапырағын басайын» демекші қайыңның ромбаға ұқсас жапырақтары майысқақ нәзік бұтақтарға бекініп, төмен салбырап тұрады. Сондықтан қайыңда көлеңке жоқтың қасы және қайыңды орманның іші өте жарық болады. Қайыңның ақ қабығы тоз деп аталады.
Қайыңды орманда шөптекті өсімдіктер қаулап өседі. Солардың бірі - тасбүлдірген. Оның жемісшелері кішкене және лағылдай қызыл, қышқылтым дәмді болып келеді. Орманның аласа өскен үлескісі батпаққа айналып, онда шымтезек мүгі және қияқ өседі.
Қайыңды орманның шетінде бүлдіргенге ұқсас құлпынай көзге түседі. Құлпынайдың жемісі қойбүлдіргеннен ірі де домалақ пішінді, күреңқызыл реңді болады.
Саңырауқұлақ теруге қолайлы орынның бірі - қайыңды орман. Саңырауқұлақтардың жіпшумақтары ағаш тамырында өседі, жемісті денесінде кенеулі заттар, әсіресе ақуыз мол болады. Жеуге жарамды ойысқұлақ, қайыңқұлақтар да орманда жиі кездеседі.
Қайыңды орманда бұғы тұқымдастардан елік, бұлан мекендейді, жыртқыш сүтқоректілер - қасқыр, түлкі де орманнан қорегін іздеп, шарлап жүреді.
Құстардың сан алуан түрін қайыңды орманнан көре аламыз. Орман ішінде меңіреуқұр, шетін ала құрлар мекендесе, ескі үлкен ағаш өсетін үлескісінде ұзақтар жайлап, сауысқандар өзінің үлкен, қақпақты ұяларын салады. Биік ағаштардың басынан жыртқыш құстар - лашын, күйкентайдың ұяларын көруге болады.
Шөл дала. Шөл даланың жауын-шашыны өте мардымсыз, 200 сантиметрден аспайды. Тіпті осы мөлшердегі ылғалдылықты тірі ағзалар толық пайдалана алмайды: кейде тіпті болымсыз жауын-шашын (4 миллиметрге жуық) жерге түсіп үлгерместен, өсімдіктің тамырын ылғалдай алмай буланып кетеді: нөсерлеп жауған кезде де су ойысқа қарай ағады: ылғал көбінесе ерте көктем мен сары күзде ғана мол болады.
Мұнда температура да өте жоғары, оның өзінде жыл бойы және тәулікте ауытқып тұрады.
Жауын-шашынның аз, температураның жоғары болуынан ылғалдық төмендейді. Адамға қажетті ылғалдықтың ең аз мөлшері 60-80% болуы керек: ылғалдық мөлшері 55 проценттен төмендеп кеткенде оған төзу қиын, ал шөл даладағы ылғалдық әрқашан 30-35% мөлшерінде ғана болады.
Шөл дала климатында тұрақтылық жоқ: жазда қуаңшылық ұзаққа созылып, температура жоғары, ауа өте құрғақ болып тұрады, ал қысқы қатты аяз, боран мен жел оған мүлде қарама-қарсы әсер етеді.
Тірі ағзаларға климаттан басқа топырақтың да ықпалы күшті. Жануарлар жер бетімен қозғалса, топырақтан ін қазып, паналайды, қорегін іздейді. Өсімдік те топыраққа тәуелді, ал өсімдіктер - жануарлардың тіршілігі үшін қажетті елеулі жағдай.
Шөлдегі орта жағдайлары көптеген жануарларға қолайлы емес: су мен қорек аз, баспана болатын орын да жеткіліксіз, климаты өте ауыр.
Шөл далада өсімдіктер қаулап жаппай өспейді, ойдым-ойдым өскен өсімдіктердің аралығында мүлде өсімдіксіз үлескілер жиі кездеседі.
Шөл даланың үстіңгі бетіндегі қүм күндіз қатты қызып, түнде кенеттен салқындайды. Салқындаған ауа топырақтың едәуір терең қабатына сіңіп, сүйық ылғалға айналады да сазды немесе тастақ даладағы өсімдіктерге қарағанда өсімдіктердің молырақ өсуіне септігін тигізеді. Беті тегіс қүмда ксерофитті бұталар, жусан, сораң өседі.
Барқанда құмда жербеті бөлігі сүректенген өсімдіктер жиі кездеседі. Ондай өсімдіктердің тамырлары ерекше тереңге сіңіп, ылғалы жеткілікті үлескіге жеткен кезде тармақталады. Жүзгін, құм қараған - міне сондай өсімдіктер.
Сазды немесе тастақ топырақты жерлерге қарағанда шөл дала жануарлар үшін біршама қолайлы. Құмға өте тез көмілуге болады, сөйтіп күннің аптаған ыстығынан сақтануға немесе жауынан тасалануға мүмкіндік туады. Құмда өскен өсімдіктердің жерасты бөлігін (тамырсабақ, пиязшық) немесе бунақденелілерді қазып алу оңай.
Жануарлар жетіспеген судың орнын толықтыру үшін су көзі шығатын жерді іздеп, оған жүгіріп жетеді немесе ұшып барады (бөкен, жекдуадақ және т. б.): кейбіреулері қоректің құрамындағы суға қанағаттанады (құмтышқан, кесіртке, жылан, тасбақа, бунақдене, өрмекші және т. б.), жазғы ұйқыға жататындары да (саршұнақ) бар. Шөл далада мекендейтін жануарлардың көпшілігінде тер бездері болмайды, сондықтан олардың денесі құрғақ болады.
Жануарлардың жоғары температураға бейімделуі біркелкі емес. Бірі іннен ертеңгілікте немесе кешке қарай ғана шықса (сарышұнақ, құмтышқан), енді бірі жемін тек түнде ғана аулайды (қосаяқ), сондай-ақ құмның үстіңгі бетіндегі температура 60-700 С-ге жеткен кезде құмға көміліп немесе бұта басына өрмелеп шығатындары да кездеседі. Сонда құм астындағы температура 30-500 С, ал 1,5 м биіктіктегі ауа қабатының температурасы 30-350 С-ден аспайды.
Сонымен табиғи бірлестіктегі тірі ағзалардың тірі қалып, дамуы және көбеюі үшін міндетті түрде айналадағы орта жағдайларына бейімделуі қажет екеніне көз жеткіздік.
Жарияланған-2024-01-09 12:25:06 Қаралды-340
САУЫСҚАН
Республикамыздың барлық аймағында басқа кұстармен қатар сауысқан да тіршілік етеді. Олар басқа құстардан жекеленіп, өздері ғана топтасып жүреді.
Пайғамбар жұлдызы
Голливудта даңқ Аллеясы бар деп барлығы естіген шығар (біреулер көрген де шығар), ол жерде әйгілілердің құрметіне арнап тротуарда аты бар жұлдыздар құйылған. Бірақ, бір жұлдыз ерекшеленіп тұр - ол «Долби» театрының қабырғасында орналасқан
АСЫЛ МЕТАЛДАР
Асыл металдарға алтын, күміс, платина және осы платина тобына жататын иридий, осмий, палладий, рутений және радий металдары жатады. Басқа металдарға қарағанда, асыл металдар химиялық әсерлерге тұрақтылығымен, оңай иілгіштігімен (алтын, күміс), баяу балқығ
ЭЙЕРКИХЕЛАХ
Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.
МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?
Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.
ЖҮГЕРІ КЕКСІ
Жүгері және бидай ұнына сода қосылып елекпен еленеді. Жұмыртқа, қант, тұэ, ванильді қант және айран (простокваша) араластырылады.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану