ҚАЗАҚСТАН СУ ҚОРЛАРЫ
Республиканың гидрогр. жағдайы өзінің географиялық орнына, орографиясына және климатына тығыз байланысты қалыптасқан. Қазақстан негізінен қуаң өлке саналады, бірақ Қазақстанныц солтүстік жағы көлдер саны жөнінен елімізде алдыңғы орындардың бірін алады. Одақтағы ірі өзендердің қатарына жататын Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл, Іле және Тобыл толық не жартылай республика жерінде. Қазақстанның жер асты суы қоры 40 млрд. м3/жыл деп болжануда. Республика гидрографиясының ең басты ерекшеліктерінің бірі - жоғарыда аталған мол су қорлары Қазақстанның коңбайтақ жерінде біркелкі орналаспаған.
Мұздықтары. Қазақстан мұздықтарын зерттеу жұмыстары 20 ғасырдың басынан бері жүргізіліп келеді. Дегенмен соңғы уақыттарға дейін мұзданудың мөлшері мен орналасуы туралы деректер онша толық болмай келді. 1964-1974 жылдар аралығында Қазақ ССР ҒА-ның География секторы республиканың таулы аудандарын толық қамтитын 14 бөлімнен тұратын Қазақстан мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның негізінде тұңғыш рет Қазақстанның таулық бөлігінің мұздану картасы жасалды. Мұздықтардың негізгі массалары - алып мұз белдеуі күйінде республиканың оңтүстік және шығыс бөлігіндегі Тянь-Шань тау жүйесінің биіктіктері 4000 м-ден асатын Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау және Теріскей Алатау жоталарында, сонымен қатар Жоңғар Алатауы, Сауыр және Алтайдың қазақстандық бөлігінде орналасқан. Каталог жасау нәтижесінде Қазақстан территориясынан 70 км2-лік фирн алаңдарын қоса (оның ішінде СССР-дегі ең ірі мұздық Солтүстік Инелшікпен) жалпы ауданы 2033,3 м2-лік 2724 мұздық анықталды. Солтүстік Инелшік мұздығынан басталатын ағынның ҚырғызССР-дегі Сарыжаз өзен алабына қосылуына байланысты Қазақстанныц таулы бөлігіндегі өзендері ағынының қалыптасуыпа қатысатын мұздану ауданы 1963,3 км2-ге тең деп қабылданып жүр. Мұздықтардың көлемі 98,4 км3-ге жетеді, демек бұл мөлшер Қазақстан жерінде құралатын өзен ағынының жылдық ресурсынан шамамен 2 есе артық, яғни Балқаш көлінің су мөлшеріне тең.
Қазақстандағы мұзданудың жалпы ауданы - қозғалыс есебінен масса алмасу қабілеттігі бар қазіргі мұздықтардың ауданынан (85,3%) және 19 ғасырдың ортасындағы соңғы мұз басу кезеңінде пайда болған шептік мореналар жауып тұратын мұздықтардап (14,7%) жинақталады. Таулардың биіктіктері, олардың тілімделінуі мен еңістігі, әр турлі беткейлерге күн радиациясының біркелкі таралмауы Қазақстан мұздықтарының морфологиялық бейнелерін анықтайды және олар «тіршілік үшін күресте» рельеф жағдайларына бейімделіп, белгілі бір пішінге ие болады.
Қазақстанның таулы бөлігінде мұздану типтерінің үш негізгі топтары бар: аңғарлық мұздықтар (аңғарлық, карлы-аңғарлық, аспалы-аңғарлық, қазан шұңқырлық) - мұзданудың жалпы мөлшерінің 19,2%-ін және ауданының 65,7%-ін құрайды; тау беткейле- рінің мұздықтары (шлейфтік, карлық, карлы-аспалы, аспалы, беткейлік, кулуарлық) - алдыңғыға сәйкес 79,1% және 33,4%-ке және денудациялық беткейлердегі мұздықтар (жұмыр, тегістелген шыңдарда) – 1,7% және 0,9%-ке тең. Аңғарлық мұздықтар максимум мөлшерге ие болады. Олар негізінен жоталардың солтүстік беткейлерінде, өзендердің басталар жерінде орналасқан. Беткейлік мұздықтардың ең ірілеріне шлейфтік мұздықтар, ал кеңірек таралғандарына әр түрлі пішінде карлық және аспалы мұздықтар жатады. Қазақстандағы ең ірі мұздық Іле Алатауындағы биіктігі 4973 м-лік Талғар массивінен төмен түсетін күрделі аңғарлық - Корженевский мұздығы. Мұздықтың ұзындығы 12 км-дей, ауданы 38 км2, ал геофизикалық әдіспен анықталған қалыңдығы шамамен 300 м. Аңғарларда жайласқан мұздықтардың қалыңдығы 50-100 м, тау беткейлерінде 10-30 м. Аңғарлық мұздықтарға сонымен қатар 1902 жылдан бері зерттеліп келе жатқан, республиканың астанасы Алматы қаласының оңтүстігіндегі 30 км жердегі Кіші Алматы өзенінің бастауында орналасқан Орталық Тұйықсу мұздығы және Жоңғар Алатауындағы Кіші Басқан ө. алабындағы Шумский мұздығы жатады. Бұл мұздықтар Қазақстан гляциологтарының табиғи лабораторияларына айналған әрі СССР-дегі бірден-бір жете зерттелген мұздықтардың қатарына жатады.
Қазақстанның таулары вертикалдық белдеулер бойынша климаты әр түрлі бағытта өзгеріске ұшырап отыратын, бірнеше табиғат зоналарында орналасқан. Мұндай жағдайды абсолюттік биіктіктері солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай өзгеріп отыратын мұзданудың төменгі шекарасы мен фирн сызығының өзгеру заңдылықтарынан байқауға болады. Егер де Алтайдағы мұздықтар орташа есеппен 2600 м биіктікке дейін төмендесе, онда Тянь-Шань мұздықтары 3600 м-ге дейін төмендейді, фирн сызығының биіктігі алдыңғыға сәйкес 2800 м биіктіктен 3800 м-ге дейін өзгереді, бұның өзінде оңтүстік беткейлерге қарағанда солтүстік беткейлерде 200-250 м төменірек жатады.
Мұздықтардың негізгі типтепіне мұзданудың өзіндік вертикалдық диапазоны сәйкес келеді: аңғарлық мұздықтар үшін - 640 м, шлейфтік мұздықтарға - 500 м (карлық мұздықтарға- 350 м, аспалы мұздықтарға - 320 м), тегістелген жұмыр шың муздықтарына - 260 м. Талас Алатауы мұздықтарынан басқа мұзданудың оң айырмашылығы барлығында да теріс айырмашылықтан жоғары келеді. Аңғарлық мұздықтардың ұшы мұздықтардың барлық типтерінің тілдерінен теменірек түседі. Аңғарлық мұздықтармен салыстырғанда шлейфтік мұздықтар орташа есеппен 10 м-дей, карлық мұздықтар 60 м-дей, аспалы мұздықтар 140 м-дей және тегістелген жұмыр шың мұздықтары 290 м-дей жоғарырақ аяқталады. Ашық мұздықтарға қарағанда шептік мореналар астына ысырылып жпылған аңғарлық,шлейфтік және карлық мұздықтардың ұшы 80 м-дей, аспалы мұздықтар 30 м- дей, ал әбден тегістелген шың мұздықтары бар болғаны 10 м-дей төменірек орналасады. Беткейлердің экспозициясына байланысты оңтүстік беткейлерге қарағанда солтүстік беткейлердегі мұздықтардың саны 76 есе, ауданы 39 есе, ал шығыс беткейлер батысқа қарағанда алдыңғыға сәйкес 1,3 және 1,1 есе артық келеді.
Қазақстанның барлық мұздықтар таралған аудандарының абсолюттік биіктігі бойынша региондық байланыстылыққа қарай өзгеріп отыратындығы анықталды. Мыс., Іле Алатауы жағдайында бұл байланыстылық төмендегі тәртіппен анықталады: фирн алабының жоғары шекарасы 1 км қашықтыққа созылатын аңғарлық мұздықтарға орташа есеппен оның 0,82 км2 ауданы келеді; шлейфтік мұздықтарда бұл көрсеткіш 0,52 км2-ге, карлық және аспалы мұздықтарда 0,31 км2-те тең болады. Карлық және аспалы мұздықтардың эпизодтық түрде болса да құралуы мен сақталуына қажетті жотаның ең төменгі биіктігі 3600 м болса, шлейфтік мұздықтар одан 100 м биігіректе қалыптасуы мумкін, ал аңғарлық мұздықтар 3850 м биіктікте, яғни соңғысынан 150 м биігірек қалыптаса алады.
Қазақстан территориясы бойынша мұзданудың таралуы
Мұздану аудандары |
Мұздықтардың саны |
Қазіргі мұзданудың ауданы, км2 |
Морена астындағы мұзданудың ауданы, км2 |
Мұзданудың жалпы ауданы, км2 |
Муздың көлемі, км3 |
---|---|---|---|---|---|
Қазақстандык Алтай |
328 |
72,3 |
17,3 |
89,6 |
3,5 |
Сауыр |
18 |
14,8 |
1,8 |
16,6 |
0,5 |
Жоңғар Алатауы |
136 |
813,9 |
186,1 |
000,0 |
45,9 |
Теріскей Алатау |
169 |
137,8 |
7,1 |
144,9 |
11,2 |
Күнгей Алатау |
163 |
126,4 |
15.0 |
141,4 |
6,6 |
Іле Алатауы |
393 |
422,7 |
46,6 |
469,3 |
27,7 |
Қырғыз Алатауы |
34 |
9,5 |
5,6 |
15,1 |
0,7 |
Талас Алатауы |
250 |
76,5 |
9,9 |
86,4 |
2,3 |
Барлығы |
2724 |
1673,9 |
289,4 |
1963,3 |
98,4 |
Қазақстан тауларындағы мұзданудың жалпы құралу биіктігі 4000 м-ді қамтиды. Биіктік зоналарда жайласкан әрбір мұздық аудандарының максимум мұздану аудандары (20-дан 36%-ке дейін, биіктік аса қашықтығы 200 м) мұздыктардың барлық типтеріне сай өтетін фирн сызығы деңгейімен анықталады.
Қазақстан мұздықтарына төменгі температуралық режим тән келеді. Қыста мұздықтардың әрекетті кабатының 12-15 м тереңдікке дейінгі аралығы қатты суынады. Мұз бетінін температурасы -10°С-қа дейін төмендейді. Жаз маусымында мұздың беткі кабатының 1 м-ге дейінгі тереңдігі 0°С-қа дейін жылынады. Анғарлық мұздықтардың қалың түпкі кабаттарында бүкіл жыл бойында нөлдік температуралық көрсеткіш сақталады.
Биік таулы аймақтын қатал климаты тек мұздыктардың тіршілік әрекетіне ғана ыкпал етіп кана қоймай, сонымен қатар оған жапсарлас жатқан территорияларға да әсерін тпгізеді. Қазақстан территориясында А. П. Горбұновтың мөлшерлік есебі бойынша ауданы 16760 км2-лік «мәңгі» тон зонасы бар, оның ішінде Алтайда 5670 км2. Саұыр жане Тарбағатайда 920 км2. Жонғар Алатауында 4890 км2, Теріскей Алатауда және Кетпен жотасында 1900 км2. Іле және Күнгей Алатауларында 2250 км2, Қырғыз Алатауында 460 кле2 және Талас Алатауында 580 км2 тоң зонасы орналасқан. Мәңгі тонның төменгі шекарасы Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жонғар Алатауында 2800 м және Тянь-Шань (Қазақстан бөлігінде) жоталарында 3000 м биіктікке таралады.
Қазақстан мұздықтары қалыңдығының шамалылығына, мұз температурасының төмен болуына және жылдық атмосфералық жауын-шашынның азырақ түсуіне (1000 мм шамасында) байланысты жылына 0-ден 50-70 м-ге дейінгі баяу жылдамдықпен ғана жылжиды. Тіркелген әрекетті мұздықтарда, мыс., Іле Алатауындағы Шокальский мұздығында жылжу жылдамдығы жылына 300 м және одан да артық болады.
Мұздықтардағы абляция маусымы қалыпты жағдайларда 2-2,5 айға (июльден сентябрьдің ортасына дейін) созылады; фирн сызығына таяу жерлерде оның ұзақтығы шамамен 2 есеге дейін кемиді. Мұз тілдері төмен түсетін мұздықтарда жаз бойы мұз қабатының 3 м-ге жуығы, ал кейбір жағдайларда 5-6 м-ге дейінгісі ериді. Абляция градиенті 0,3-0,8 м/100 м-ге тең. Мұздықтар бетіне түсетін жылудың 85%-і күн радиациясының, тек 15%-тейі ғана мұздық маңы ауасының үлесіне тиеді. Осы жылудың 22%-і мұздықтың беткі қабатын жылытуға, 72%-і мұздықтың еруіне және 6%-і оның булануына жұмсалады.
Көп тәуліктік бакылау жұмыстары нәтижесінен еру әрекеті ауа температурасына байланысты өзгеретіні анықталды. Орташа бұлттылық дәрежесі 5 балл және ауа температурасы 1°С болған жағдайда мұздықтан бетінің 7,5 мм-ге дейінгі қабаты ериді. Шаңды кеңістікте мұздың еру жылдамдығы 18-20%-ке артатындығы анықталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан мұздықтарының көп бөлігінің узындығы жылына 5-20 м-ге, аудандық 1*102-104м2-ге, ал ондағы сақталатын мұз қорлары жылына 0,05-0,5%-ке кеміп отырады.
Мұздықтар мен мәңгі қарларды пайдаланудың болашағы ең алдымен оның құрамындағы қатты күйдегі судың мол ресурстарымен (100 км3) анықталады. Ол жылдың жылы мезгілінде ери бастап, көптеген өзендерге бастау беретін еріген су ағындарын құрайды. Қазақстанның мұздықтардан қоректенетін өзендері суармалы егінді сумен қамтамасыз етуде аса зор шаруашылық маңызға ие болды. Мұздықтардың морфологиялық құрылымдарының орташа көрсеткіштері мен ағын модулі бойынша анықтау нәтижесіне негізделіп, Қазақстан мұздықтарының енуінен жыл бойына шамамен 2109 м3 су пайда болатындығы анықталды.
Суару жүйелері басталатын тау бөктерлеріндегі өзендердің жылдық ағын мөлшерінің шамамен 13-14%-ке жуығын мұздық және қар суы құрайды. Мұздықтар мен қардың беткі қабаттарының вегетациялык маусымдарда қарқынды еруіне байланысты қар және мұздық суымен қоректенетін өзендер ағыны 30-35%-ке артады. Тау мұздықтары мен қарларының еруін жасанды жолмен тездету жөніндегі тәжірибелер 1950 жылдардан басталды. Алғаш рет бұл әдісті 1950-1952 жылдар аралығында Тянь-Шаньньщ екі аңғарлық мұздығына Г. А. Авсюкжүргізді. Оның жүргізген тәжірибесінің нәтижесі мұздық бетіне жұқа қабатпен шашылған көмір тозаңы (1 км2-ге 5 тоннадай) мұздықтан басталатын жылдық орташа ағын мөлшерінің 54%-ке артатынын көрсетті. Мұздықтарды қара көмір түйіршіктерімен шаңдату тәжірибесі Тянь-Шаньның теңіз деңгейінен биікт. 1800-3600 м аралықтағы Шымған, Кіші Алматы. Анаөлген ө. алаптарында орналасқан бірнеше мұздықтарға да жүргізілді. Бұл тәжірибені жүргізген В. Л. Шульц (1956) қардың еруі орташа есеппен 30%-ке артатындығын анықтады. Л. Д. Долгушиннің есебі бойынша ағын мөлшерін арттыру мақсатында мұздықтардың еруін тездетуге радиациялық әдісті қолданудың мүмкіндігі анықталды. Дегенмен Орта Азия мен Қазақстан жағдайында мұздық беті альбедосын төмендететін абляция аймағындағы шамадан тыс ластану (100-400 г/м2) бұл әдістің онша тиімді еместігін көрсетеді. Мұздықтар бетін шаңдату жұмысы өндірістік көлемде әлі жүргізілген жоқ, дегенмен аса құрғақшылық жылдары және басқадай қажеттілік туған жағдайларда бұл әдісті жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар. Бұнымен қатар басқа да әдісті қолдануға болады. Бұл әдіс бойынша беткі қабаттың еруге ұшырамайтын мұздық моренасымен көмілген бөлігін бағытталған қопарылыс арқылы аршыса, онда оның моренадан ажыраған беті жасанды жолмен ерітпей-ақ мұздық ағынын моренамен көмілген ауданның мөлшеріне қарай 30%-тен 50%-ке дейін арттырар еді. Өзендерге қосылатын мұздық ағын мөлшерін арттырудың басқа да жолдарын іздеп табу өте маңызды іс. Олардың бірі - тоспа қалқан-бөгеттер т. б. әдістермен беткейлердің орта бөлігінде қарды қолдан тоқтату әдісі. Бұл әдіс бойынша кәдімгі қар жамылғысына қарағанда ұзағырақ жатып, соған байланысты еруі де біраз уақытқа созылатын қардың қалың қабатын қалыптастырады. Бірақ бұл әдісті қарлы боран жиі болатын беткейлерге ғана қолдануға болады.
Тау беткейлері етегінде қар үйіндісін жасау әдісі де қолданылады. Беткейлердің жоғарғы бөлігіне қыста түсетін қар, суға деген қажеттілік азаятын жаз айларының соңында ериді. Көктем мен жаздың басында суға деген қажеттілік айтқанда мұньң жетіспеуі айқын байқалады. Ерімей жаткан қардың еруін тездету үшін, оны бірнеше жүздеген метр төменірек ысыру қажет. Бұл үшін қажетті уақыттарда беткейлерді атқылап, шағын қар көшкіндерін төмен тусіреді. Төмен қарай ысырылатын қар массалары өзендерцің көктемгі ағысына қосымша көз болып табылатын, тереңдіктері бірнеше метрлік қалың қар қабатын құрайды. Сонымен қатар биік таулы аудандардың мореналық және мұздық көлдерін де пайдалануға болады. Олардың көпшілігі жаз маусымдарында жоғары деңгейлі келеді және су қорлары миллиондаған м3-ге жетеді. Олардың деңгейлерін жасанды жолмен төмендету арқылы өзендердің суын молайтуға болады. Кейбір жағдайларда биік таулы бөгендер жасауда тиімді келеді. Қоректенуінде мұздық суы басым өзендердің жоғары бөліктерінде бөгендер салуға өте қолайлы келетін, суы тартылып кеткен көне көлдердің бос орындары кездеседі. Жасанды биік таулы бөгендер көп су мөлшерін жинайды, оны тиімді пайдалану тау алды жазықтарындағы жаңа аудандарды игеруге толық мүмкіндік береді.
Өзендері мен каналдары. Қазақстан территориясында 85 мыңға жуық өзен мен өзек бар, олардың ішінде 8 мыңнан астам өзендердің ұзындығы 10 км-ден асады. Республика территориясы бойынша өзен торының жиілігі біркелкі таралмаған. Егер солтүстікте оның мөлшері 0,03-0,05 км/км2 болса, шөл зонасында әжептәуір кемиді. Алтай, Жоңғар және Іле Алатауы сияқты жақсы ылғалданған биік таулы аудандарда өзен торының жиілігі жоғары (0,4-1,8 км/км2) болады. Өзендердің көпшілігі Каспий теңізі, Арал теңізі,Балқаш және Теңіз т. б. көлдердің тұйық алаптарына жатады: тек Ертіс, Есіл және Тобылға құятын өзендер суы ғана Кара теңізіне жетеді.
Ірі өзендер (Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария) негізінен республиканың шеткі аймағымен ағады, ал олардың тек Ертіс пен Іледен басқалары кеме қатынасына онша жарамды емес. Орталық және Батыс Қазақстан өзендері, сонымен қатар Ертіс, Есіл және Тобыл салаларының су деңгейі төмен келеді, тек көктемде ғана жекеленген бөліктерінде жайылып ағады. Өзендердің көпшілігі жаз айларында мүлдем тартылып қалады немесе ұсақ тұзды айдындар тізбегіне бөлініп кетеді. Олардың көпшілігі жоғалып кетіп, тек көктемгі қар еріген кезде ғана жазда сорға айналып кететін уақытша көлдерге құяды. Өзендер ағынының осындай күрт өзгерісі, олардың суын реттеп, бөгеусіз халық шаруашылығына, өндіріс және транспорттық қажеттіктерге пайдалануды тежейді.
Қазақстан өзен торының сиректігі оның ағын көлеміне де әсер етеді. Өзен алабы таралған аудандардан ағып келетін ағынды есептегендегі беткі су ресурстары жылына 110-115 км3-ден келеді, жергілікті ағып мөлшері 59 км3 шамасындай болады. Қазақстан территориясының 1 км2 ауданыныц жылдық орташа сумен қамтамасыз етілу молшері 20 000 м3 шамасындай, ал бүкіл СССР бойынша оның мөлшері 195 000 м3. Өзен ағынымен қамтамасыз етілуі жөнінен Қазақстан одақтас республикалардың ішінде соңғы орындардың бірінде тұр.
Өзендер. Қазақстанның ең мол сулы өзені - Ертіс. Оның ұзындығы 4248 км (республика жерінде 1400 км). Монғол Алтайының батыс беткейіндегі 2500 м биіктіктен Қара Ертіс бастауынан басталады. Су жинайтын алабының ауданы 1 592 000 км2. Қара Ертіс Зайсан көліне құйып, одан ағып шығар жерден Ертіс аталады. Қазіргі Зайсан көлін ұзындығы 600 км, ауданы 5500 км2-лік Бұқтырма бөгенінің суы басып кеткен. Бөгеннің биіктігі 90 м-лік бөгетінде (Бұқтырмадан төменірек) 1961 жылы қуатты су электр станция салынған. Одан төменірек 1953 жылы салынған Өскемен СЭС-нің ұзындығы 70 км-лік «Кіші Ертіс теңізі» орналасқан. Ертістің ені 120-150 м; өзеннің Қазақстан жеріндегі бөлігінен кеме жүзе алады. 1964 жылы Орталық Қазақстанды сумен камтамасыз ету мақсатында Ертіс - Қарағанды каналының құрылысы басталып, 1974 жылы аяқталды. Қазіргі уақытта бұл каналды ірі өнеркәсіп ауданы - Жезқазғанға дейін жеткізу жұмысы жүргізілуде (1979). Ертіс - Қарағанды каналы суымен көптеген колхоз, совхоздар, сонымен қатар Теміртау өнеркәсіп ауданы қамтамасыз етілген.
Балқаш көлі алабының негізгі артериясы - Текос пен Күнгестің қосылуынан құрылатын Іле ө. Бұл өзендер Тянь-Шаньның шығыс аймағынан ағып шығады. Іле өзенінің ұзындығы (Текеспен) 1439 км (Қазақстан жерінде 802 км), алабының ауданы 140 000 км2. Іле кең аңғармен ағады. Арнасының ені 150 м-ден 300 м-ге ауытқып отырады. Қапшағай қаласынан төменірек өзенге ірі Қапшағай СЭС-і және ірі бөгені (Қапшағай теңізі) салынған. Қапшағай үстіртін кесіп өтер жерден бастап төменгі ағысында өзен Оңтүстік Балқаш маңы құмдарына өтеді. Балқаш көліне құяр жерде Іле ө. кең атырау түзіп, көптеген тармақтарға бөлініп ағады. Төменгі ағысындағы арнасының ені 500-1000 м-ге дейін жетеді. Іленің ірі салалары - Шарын мен Шелек өзендері. Өзеннен кеме жүзе алады, бірақ та атырау бөлігінде көптеген тармақтарға бөлінуіне байланысты кеменің өтуі қиындайды.
Қазақстан жерінен тысқары Орталық Тянь-Шань тауларынан Сырдария ө. басталады. Ұзындығы 2212 км, Нарынмен 3019 км, су жинайтын алабының ауданы 219 000 км2. Қазақстан жерінде Сырдария құмды аңғармен ағады. Арналары иректелген, айнала қоршаған ортадан көтеріңкі, тез шайылатын лёсті-саздақты тоспалардан түзілген, көптеген тарамдар мен тармақтарға бөлініп ағады. Оның біраз суы Қызылқұм шөліне сіңіп кетеді. Сырдарияның ағыны бірқатар бөгеттермен (Қазақстан жерінде Шардара және Қызылорда СЭС-тері бөгендерінің бөгеттерімен) бөгелген. Бұлар жаңа жерлерді суландыруға пайдаланылып, ертеректе төменгі ағысында жпі болып тұрған қысқы сең буу нәтижесінен туатын тасқындардан сақтандырады.
Қазақстан жерінен тыс, Оңтүстк Оралдан Жайық өзенінің басталады. Ұзындығы 2534 км (республика жерінде 1084 км), су жинайтын алабының ауданы 220 000 км2. Өзен кең жайылмалы, көптеген ескі арнасы мен көлдері бар кең аңғармен ағады. Арнасының ені 350-500 м аралығында ауытқып отырады. Республика жерінде сол жағынан Елек ө. құяды. Каспий теңізіне құяр жерде Жайық көптеген тарамдарға бөлініп кетеді. Жайық өзенімен кеме жүзеді.
Солтүстік Қазақстанда ірі өзендер қатарына Тобыл мен Есіл, Орталық Қазақстанда Сарысу мен Нұра өзендері жатады. Олардың барлығы аласа таулы көтерілімдер мен таулы қыраттардан басталуларына қарамастан жазықтық өзендері қатарына жатады. Тобыл өзені Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінен басталады. Ұзындығы 1591 км, алабы 426 000 км2 (республика территориясында 130 000 км2-ден астам). Ірі салалары - Обаған, Сынтасты, Аят және Үй. Есіл өзені Орталық Қазақстан ұсақ шоқылығының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Нияз тауынан басталып, республикадан тысқары жерде Ертіс өзеніне құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстан жерінде 1400 км), су жиналатын алабы 155000 км2, республика аймағында 113 мың км2. Сарысу өзені Орталық Қазақстан ұсақ шоқылығынан басталатын Жақсы Сарысу және Жаман Сарысу бастауларының қосылуынан құралады. Ұзындығы 761 км-дей, су жиналатын алабы 81 600 км2. Нұра озенінде Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылығындағы аласа таулардан басталады. Ұзындығы 978 км, су жиналатын алабы 55 100 км2. Нұра Теңіз көлі алабындағы Қорғалжын көліне құяды, тек мол сулы жылдары ғана Теңіз көліне жетеді.
Қазақстан жерінде қалыптасатын беткі ағын мөлшері 54,4-59,0 км3. Республика территориясының 1 км2 жеріне келетін жылдық орташа сумен қамтамасыз етілу мөлшері шамамен 2000 м3-дей. Қазақстанның оңтүстік таулы және шығыс аудандары сумен жақсы жабдықталған, мұндағы 1 км2- ге келетін су мөлшері 20 000 м3-ден 200 000 л3-ге дейін жетеді. Қызылорда, Гурьев, СолтүстікҚазақстан және Павлодар облыстары сумен кемірек қамтамасыз етілген (0,73 мыңм3). Бұл аудандардың сумен қамтамасыз етілуі негізінен басқа аймақтардан басталып, жерін басып өтетін өзендерге (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл т. б.) негізделеді.
Қазақстанның жазық бөлігіндегі беткі жылдық ағын негізінен еру алдындағы қардағы су қоры, су жинайтын алап үстінде қар жамылғысынып ылғалдану дәрежесі мен оның қар еру мезгіліне дейінгі қату тереңдігі, қардың еру қарқындылығы т. б. факторлармен анықталады. Негізінен жазда жауатын жаңбырдың өзеннің қоректенуіне тигізетін әсері шамалы, себебі бұл маусымдағы ауаның ылғалға тапшылығы және топырақтың құрғап кететіндігі соншама, түсетін жауын-шашын түгелімен дерлік топырақ жамылғысының беткі қабатын ылғалдауға және булануға жұмсалады. Еру маусымында қар жамылғысы Қазақстанның батыс бөлігінің солтүстік аудандарында 70-80 мм-ден, оңтүстік аудандарда 30-40 мм-ге дейін өзгереді. Тобыл мен Ырғыз өзендері алаптарындағы қар суының қоры орташа есеппен 60-70 мм-ге тең. ОрталықҚазақстандағы қар жамылғысының қалыңдығы су жиналатын алаптың экспозициясына байланысты біркелкі таралмаған. Мыс., Нұра өзені алабының бастауындағы қар жамылғысының қалыңдығы 110 мм болса, атырау бөлігінде 60 мм-дей, ал Тоқырау ө. алабында 120-дан 40-50 мм-ге дейін болады.
Тау өзендері ағынының мөлшері мен режиміне әсер ететін бірден-бір негізгі фактор рельефтің абс. биіктігі болып есептеледі. Ол жауын-шашын мөлшерінің артуына және буланудың төмендеуіне ықпал жасайды. Іле Алатауының солтүстік беткейінде жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде (400 м биіктікте) 200-250 мм-ден тау бөктерінде 500-600 мм, 2000-2500 м биіктіктерде 900-1000 мм-ге дейін артады, ал Іле алабының сол жағалық бөлігінде, Іле Алатауынан шығысқа қарайғы 2000-2500 м биіктікте, жылдық жауын-шашын мөлшері бар болғаны 300-370 мм аралығында болады. Жылдық жауын-шашынның таралуы синоптикалық және орографиялық жағдайлармен тығыз байланысты келеді. Қысқы жауын-шашынның жазғы мөлшерге қарағанда басымдығы Қазақстанның таулы аудандарында шамамен 2000-2500 м биіктіктен асқанда байқалады. Биік таулы аудандардағы қардың еруінен құралатын су тау өзендерінің негізгі қоректену көзі болып саналады. Жоңғар Алатауының 2100-2300 м биіктігі аралығындағы қар суының жылдық ағыннан алатын үлесі максимум мәніне (50%-тен артық) жетеді, Биіктік артқан сайын, мұздық суы ағынының үлесі де артады; биіктігі орташа су жиналатын алаптағы (2700-2800 м) оның жалпы ағын мөлшерінен алатын үлесі 20-25%-ке жетеді. Таудан ағып шығар жерде мұздық суының үлесі күрт кеміп, 10-20% аралығында ғана болады. Таулы аудандар өзендерінің жаңбырмен қоректену мөлшері біршама кемірек болады (5-15%) және су жиналатын алаптарының орташа биіктіктерінің өзгерістеріне байланысты оның да мөлшері өзгеріп отырады. Су жиналатын алаптарының орташа биіктігі 2000 л-ден кем өзендер мен уақытша ғана ағыны бар тау озендерінде жаңбырмен қоректенудің маңызы артады. Уақытша ғана ағыны бар аласа тауларда (Шу-Іле таулары, Қаратау жотасы) жаңбырмен қоректенудің орташа мөлшері 20-80%-тей болады.
Ағынның біршама үлесін (40-60%-ке жуығын) жер асты суы құрайды, әсіресе су жиналатын алаптары төменірек орналасқан өзендерде оның үлесі артады. Атмосфералық жауын-шашын молырақ түсетін жылдары тек мұздық суымен қоректенуден басқаларының үлесі түгел артады. Мұздық суыменқоректенудің маңызы мұндай жылдары абляциялық маусымның ұзақтығынын және абляция қарқындығының кему салдарынан төмендейді.
Қазақстанның жазык бөлігіндегі өзендердің орташа жылдық ағын мөлшері негізінен ылғал алып келуші ауа массаларына, су жиналатын алаппен рельеф сипатына байланысты. Су жиналатын алаптың орналасу орнына және биіктігіне байланысты ағынның өзгеру заңдылығы Қазақстанның барлық өңіріне тән. Қазақстанның жазық бөлігінің оңтүстік аудандарында ағын мөлшері тым аз (1-2 мм) болады. Құмды шөлдерде беткі ағын мүлде тапшы, тек сазды топырақтардан құралған кейбір учаскелерде кейбір жылдары ғана жауатын көктемгі жаңбырдан уақытша су жиналып, қақ тұрады.
Климаттық режимнің тұрақсыздығына байланысты Қазақстан өзендерінің көп жылдық ауытқу мөлшері де жоғары болады. Жылдан-жылға қарай ағындағы жиі-жиі болып тұратын өзгерістерден басқа, мол сулы маусымның аз сулы маусыммен жүйелі түрде ауысып отыруы анық байқалады, бұл құбылыс 5-7 жылға дейін созылуы мүмкін. Жекелеген өзендердің су мөлшері мұндай жылдары орташа мөлшермен салыстырғанда 20-30 есе (Есіл, Нұра, Сілеті), ал кейбір уақыттарда 50-60 есе (Шідерті) кемуі мүмкін. Мол сулы кезеңнің ұзақтығы 1-3 жылдан аспайды. Мұндай маусымдарда ағын мөлшері қалыптағыдан 3-5 есе артық болады. Таулы аудандарда да орташа жылдық ағын мөлшері ылғал әкелетін жел жақ беткейлерге қараған жағында молырақ болады. Жоңғар Алатауында су жиналатын алаптарының орташа биіктіктері 2500 м-ден артатын өзендер мол сулы (650-950 мм немесе 1 км2-ге 20-30 л/сек) келеді. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі Есік, Талғар, Ніші және Үлкен Алматы өзендері мол сулы болады. Тарбағатайдың солтүстік-шығыс беткейлеріндегі өзен бастауларының өзінде ағын мөлшері мардымсыз келеді. Шу-Іле таулары мен Қаратау жотасындағы өзендердің суы шағын болады. Орташа жылдық ағын қабаты жоғары белдеулердің өзінде де 100 мм-ден сәл асады. Қазақстанның жазық бөлігіндегі өзендердің жылдық ағындарының 85-96%-і апрель-май айларына, ал жаз-күз маусымдарына орташа есеппен 0-ден 13%-ке дейін келеді. Қыс маусымында жазық өзендерінің деңгейлері тым төмен (Есіл және Тобылдан басқалары) және жылдық ағынның бар болғаны 1%-ін ғана құрайды. Өзендердің ең жоғарғы айлық ағыны апрельде (62-97%), ең азы январь-февральда (0,07%) байқалады.
Таулы аудандардың өзендерінде жоғарғы ағын мөлшері жаз маусымында байқалады. Көктемгі айларда (апрель-май) өзендердегі ағын мөлшері шамадан тыс артады, дегенмен бұл маусымда жазық өзендеріне қарағанда жылдық ағыннан алатын үлесі 3-5 есе кемірек болады. Ең аз ағын қысқы төменгі деңгей маусымында (январь-февраль), өзендердің қоректенулері тек таусылуға жақын қалған жер асты суларына ауысқанда байқалады.
Жазық өзендерінде мұз қату құбылысы негізінен қабыршық мұз және жағалық мұздың қалыптасуынан басталады. Тұрақты жағалық мұз октябрь- ноябрь аралығында, ал тұрақты мұз қату барлық жазық өзендерінде ноябрьдің аяғында аяқталады. Күзгі сең жүру тек ірі өзендерде ғана (Ертіс, Жайық) байқалады. Декабрьдің аяғында мұздың қалыңдығы 40-60 м-ге дейін, суық қыста 70-90 см-ге дейін, қыстың аяғында 100-120 см-те дейін, ал солтүстік аудандарда тіпті 190 см-те дейін, оңтүстік аудандарда 110 см-те дейін жетеді. Мұз қату ұзақтығы 2-4 айға жетеді, жазық өзендері мұзының кетуі су тасудың қарқындылығына байланысты болады. Алғашқы көктемгі мұздық құбылыс оңтүстік аймақтың жазық өзендерінде апрельдің 1-жартысында, ал солтүстікте 2-жартысында байқалады. Өзендердің мұзы апрельдің 2- және 3-он күндігінде кетеді. Жазық өзендерінің мұзы кеткеннен кейін су температурасы тез жоғарылайды. Оңтүстік аудандарда судың апрельдегі орташа температурасы 5-8°С-қа, неғұрлым жылы жылдары 12-13°С-қа дейін жетеді. Солтүстік аудандарда судың тұрақты оң температуралық көрсеткіші майдың алғашқы тоқсанынан бастап октябрьдің аяғына дейін сақталады. Солтүстіктегі өзен суының июльдегі орташа температурасы 18-20°С-қа, оңтүстікте 22-24°С-қа, максимумы 28-30°С-қа жетеді.
Таулы аудандар өзендерінің мұз режимі қату ұзақтығы, территорияларының әр түрлілігі мен өзен ұзындықтарының түрліше болып келулеріне байланысты тұрақты болмайды. Алтайдың қазақстандық бөлігі мен Тарбағатай жотасының өзендерінде 5-6 айға дейін мұз қатады. Іле Алатауы,Жоңғар Алатауы, Талас Алатауы және Қаратау жоталарынын өзендерінде ағыс жылдамдығынын тұрақтылығынан және қыс маусымдарындағы жиі-жиі болып тұратын жылылық әсерінен мұз режимдері тұрақты болмайды. Ертіс пен Іле сияқты ірі өзендер өн бойына тұтас қатып, оның ұзақтығы ағыс бойымен төмен қарай артады. Солтүстікке қарай ағатын таулы аудандар өзендеріне қысқы сең буу құбылысы тән келеді.
Басты өзендердің орташа көп жылдық ағыны
Өзен |
Бақылау орны |
Су жиналатын алаптың ауданы, км2 |
Су шығыны, м3/сек |
Ағыны, млн. м3 |
||
---|---|---|---|---|---|---|
Орташа көп жылдық |
Су жеткіліктілігі 97% |
Орташа көп жылдық |
Жеткіліктілігі 97% |
|||
Кіші Өзен |
Жазық өзендері Кіші Өзен селосы |
3,9 |
5,1 |
0,61 |
161 |
19 |
Үлкен Өзен |
Қазақстанның шекарасында |
9,4 |
9,4 |
1,12 |
296 |
35 |
Жайық |
Көшім селосы |
180,0 |
320,0 |
44,50 |
10093 |
1403 |
Ойыл |
Толтоғай аулы |
18,4 |
11,4 |
0,38 |
360 |
12 |
Сағыз |
Сағыз станциясы |
9,7 |
3,8 |
0,11 |
118 |
3 |
Жем |
Дүйсеке шатқалы |
38,8 |
15,5 |
0,45 |
488 |
14 |
Тобыл |
Қостанай қаласы |
44,8 |
13,0 |
1,43 |
410 |
45 |
|
Қазақстанның шекарасында |
121,0 |
29,0 |
3,20 |
914 |
101 |
Есіл |
Целиноград қаласы |
7,4 |
5,8 |
0,26 |
183 |
8 |
|
Марьевка селосы |
108,0 |
54,0 |
2,70 |
1700 |
85 |
|
Петропавл қаласы |
118,0 |
61,2 |
3,10 |
1930 |
98 |
Торі ай |
Тосым құмы |
56,6 |
8,5 |
0,00 |
268 |
0 |
Ырғыз |
ЬІрғыз селосы |
30,3 |
6,8 |
0,06 |
214 |
0 |
Нұра |
Теміртау қаласы |
12,3 |
58,0 |
0,25 |
183 |
8 |
Романовка селосы |
48,1 |
15,0 |
0,60 |
473 |
19 |
|
Шідерті |
Екібастұз селосы |
12,1 |
1,8 |
0,02 |
56 |
1 |
Сілеті |
Ильинское селосы |
12,5 |
5,4 |
0.19 |
170 |
6 |
Сарысу |
57-разъезд |
25,1 |
2,7 |
0,00 |
85 |
8 |
Қара |
Тау өзендері Боран селосы |
55,9 |
296 |
178,00 |
9320 |
5607 |
Ертіс |
Өскемеп қаласы |
146,0 |
613 |
378,00 |
19332 |
11921 |
Семей қаласы |
189,0 |
865 |
546,00 |
27264 |
17199 |
|
|
Ермак қаласы |
234,0 |
870 |
537,00 |
27435 |
16916 |
|
Қазақстанның шекарасында |
- |
880 |
544,00 |
27752 |
17136 |
Арыс |
Арыс стапциясы |
13,2 |
46,1 |
25,20 |
1452 |
794 |
СырдарияТалас |
Төменарық станциясы |
219,0 |
730 |
398,00 |
22995 |
12537 |
Киров селосы |
7,9 |
32,5 |
23,00 |
1023 |
724 |
|
Шу |
Аманкелді селосы |
26,7 |
77 |
50,70 |
2426 |
1597 |
Іле |
Қапшагай қаласы |
113,0 |
464 |
33,60 |
14616 |
10584 |
Қаратал |
Үштөбе қаласы |
12,8 |
66,7 |
34,50 |
2101 |
1087 |
Ақсу |
Жансүгіров поселкесі |
1,4 |
11,4 |
7,70 |
359 |
274 |
Лепсі |
Новоантоновское селосы |
2,1 |
24,9 |
15,С0 |
784 |
473 |
Таулы аудандар өзендерінің температуралық режимі бастауларында (мұздықтар маңында) 0°С-тан таудан ағып шығар бөлігінде 10-15°С-қа дейін өзгереді, жазық бөліктердегі өзендердің орташа жылдық температурасы 12- 14°С-қа дейін және одан да артуы мүмкін. Таулы аудандар өзендері температурасының маусымдық өзгерістері өзендердің су мөлшеріне, қоректену көздеріне, су жиналатын алаптардың орташа биіктіктеріне байланысты келеді. Қар және мұздық суымен қоректенетін өзендердің су шығындары тым артқан жағдайларда су температурасы төмендейді, ал қар және қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерде температура бірқалыпты жоғарылайды.
Қазақстан өзендерінің гидрохимиялық режимі өзен алаптарын құраушы жыныстардың топырақ жамылғысының, климаттық ерекшеліктерінің және қоректену көздерінің сипаттарына қарай түрліше болады. Су тасу кезінде жазық өзендері суының минералдығы төмендеп 200-300 мг/л-гс, сирек жағдайда 1000 мг/л-ге дейін жетеді және бұл уақытта калий мен натрий тұздары басымырақ келеді. Орталық Қазақстан ұсақ шоқылығының оңтүстігінде бүкіл жыл бойына катиондарының құрамында натрий басым болатын, минералдығы 3000-4000 мг/л, тұтқырлығы 15-20 мг-экв/л-лік хлорлы су жиналады. Тобыл, Есіл жәнеНұра өзендерінің төменгі ағыстарында, жазғы төменгі деңгей кезінде су құрамында 700-1500 мг/л, ал қыс маусымында 2000-3000 мг/л-ге дейін еріген тұздар болады. Шөлейт және шөл зоналарын басып ағатын өзендердің жоғары ағысының су тасу маусымындағы суының минералдық 100-200 мг/л, томенгі деңгей кезіпде 400-800 мг/л-те дейін, ал төменгі ағысында 400-1700 мг/л-ден 5000 мг/л-те дейін артады. Мұндай маусымда суының тұтқырлығы жоғары ағыста 2-6 мг-экв/л-ден төменгі ағысында 40 мг-экв/л-ге дейін артады. Жем, Ойыл және Сағыз өзендері суының орташа жылдық минералдығы жоғары ағыстарында 400-600 мг/л, ал төменгі ағыстарында 1600-3000 мг/л-те жетеді. Еріген тұздың негізгі массалары (60-100%) тасыған сумен бірге ағып шығады. Елек өзенінің минералдығы төменгі деңгей кезінде 1300-1700 мг/л-те, ал Кіші және Үлкен Өзендерде 7000 мг/л-те дейін шұғыл артады. Минералдылықтың ең жоғарғы мөлшері Сағыз өзеннен байқалады (су тасу кезінде 700-900 мг/л, төменгі деңгей кезінде 20000 мг/л). Батыс Қазақстан өзендері суының тұтқырлығы тым жоғары және оның мөлшері 40-50 мг-экв/л-те дейін артады. Батыс және Орталық Қазақстан өзендері тек көктемгі су тасу маусымдарында ғана тұрмыстық қажеттілік пен жер суаруға пайдаланылады, ал техникалық мақсатқа тек химиялық жолмен тазартылған су қолданылады. Батыс және Орталық Қазақстан өзендерінің жоғары ағыстарындағы өзен суы тұрмыс қажеттілігі мен ауыл шаруашылығына төменгі деңгей маусымында пай даланылады.
Іле, Сырдария, Шу, Талас т. б. Тянь-Шаньның биік таулы бөлігінен ағып шығатын өзендер суынын гидрохимиялық режимі тұрғысынан гидрокарбонатты класқа жатады. Олардың минералдығы су тасу маусымы кезінде 200-300 мг/л-деп артпайды, ал төменгі деңгей кезінде тек Іледе 500 мг/л-те және Сырдарияның төменгі ағыстарында 300-800 мг/л-те дейін артады. Алтайдың қазақстандық бөлігі өзендерінің де минералдылығы төмен (гидрокарбонатты класс) және оның мөлшері төменгі деңгейдің өзінде де 300 мг/л-ден артпайды. Сондықтан Қазақстанның таулы бөлігіндегі барлық өзендер суып тұрмыстық, ауыл шаруашылық және техникалық қажеттерге пайдалануға болады.
Өзендердің қатты зат ағыны - өзендердің лайлылығымен және ағызып әкелінетін материалдардың мөлшерімен анықталады. Қазақстанның жазық бөлігіндегі өзендерде рельефтің әлсіз тілімделуіне және өзен еңістігінің аз болуына байланысты қатты зат ағыны біршама кем болады. Бұзылмайтын берік, түпкі жыныстардан түзілген Орталық Қазақстан аласа тауларындағы өзендердің жоғары ағыстары бөгендер салуға қолайлы келеді. Мұндай өзендердің лайлылығы 50-100 г/м3-ден, ал орта және төменгі ағыстарында 200 г/м3-ден артпайды. Борпылдақ жыныстарды басып ағатын Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/лг3) келеді. Мұндай өзендермен су тасу кезінде жылдық тосқындар ағынының 95-100%-і өтеді.
Ертіс өзенінің жазық өңірмен ағатын бөлігінің орташа жылдық лайлылығы 110-150 г/м3 және оның жылдық ағынының 90%-і су тасу маусымына келеді. Тау шалғындары өсетін беткейлерден ағып шығатын салалардың лайлылығы бұдан да кем болады. Алтайдың Қазақстандық бөлігіндегі неғұрлым ылғалды және қорым тасты беткейлері аз жерлерінен ағатын өзендердің лайлылығы 100 г/лг3-ден артпайды. Таулы аудандар өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарап (аласа таулардын шөлейт белдеулеріндегі жағаларды шаю есебінен) артады. Лепсі, Ақсу, Шелек өзендерінің жоғары ағысында, сонымен қатар Талас пен Шу өзендерінің салаларындағы (Қазақстан территориясында) лайлылық 50-100 г/м3 болса, ал Лепсінің төменгі ағысында және Іле Алатауынан ағып шығатын Іленің сол жақ салаларындағы оның мөлшері 500-1000 г/м3-ге жетеді. Лайлылық Іледе 650 г/м3, Шудың төменгі ағысында 900 г/м3, Сырдарияда 1150-1200 г/м3. Таулы аудандар өзендерінің тым жоғары лайлылық дөңгейі су тасу, су басу және лай тасқындары өтетіп маусымдарда болады.
Казақстанның биік таулы аудандарында лай тасқындар жиі-жиі байқалады. Ол республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында, әсіресе Іле, Үлкен және Кіші Алматы өзендерің алаптарында және Жоңғар Алатауында, Қаратал алабында жиі болады. Лай тасқындарының түзілу ошақтары көне және қазіргі мореналар мен флювиогляциалдық шөгінділер таралған альпі белдеулерінде, ал кейбір жағдайларда беткейлік мореналық қабаттардан, деллювийлік және аллювийлік шөгінділерден құралған аласа тауларда да байқалады. Сел тасқындарының көпшілігі негізінен биік таулы ағындардан шығады. Лай тасқындарын тудырушы нөсерлер жөнінде нақтылы деректер тым аз. 1921 жылғы Кіші Алматы өзендегі жойқын тасқынның тууына бір мезгілде ұзақ жауған нөсер жаңбырдан 116 мм ылғал тусуі себеп болды. Жойқын лай тасқынын тудырушы нөсер Іле Алатауында 1941 жылы 25 май күні байқалды. Сол күні 97 мин ішінде жауу қарқындылығы минутына 3 мм-ден 93 мм-ге дейін ылғал түсті. Осындай лай тасқындарының көпшілігі жаңбырлы маусымға (апрель-август) келеді. Нөсер жаңбыр тудырған жойқын лай тасқын Кіші Алматы өзенінде 1921 және 1947 ж., Үлкен Алматы өзенінде 1950 жылы өтті, ал Текелі қаласында 1959 жылы болды. Жаңбырдан түзілген лай тасқындар Қазақстанның әр түрлі аудандарынан 1937, 1941, 1944, 1954, 1958 т. б. жылдары байқалды. Ашық және жасырын су айдындарын бұзып өтуінен түзілетін гляциалдық лай тасқындары негізінен қар және мұздықтардың қарқынды еритін маусымдарында байқалады. 1951, 1956, 1963 жылдар өткен тасқындар шептік мореналар аймағы аралықтарындағы көптеген үлкен қуыстары бар ысырынды мұздың көлемді учаскелерінде қалыптасқан. Бұл қуыстар мұздықтардың қарқынды еруі кезінде шарасынан асып кететін су айдындарына айналып, көптеген лай тасқындарға бастама береді. 1963 жылы 7 июльде жылы жаңбырдың әсерінен мұздықтар мен қардың еру қарқындылығы шамадан тыс артып, мұздық моренасынан түзілген лай тасқын - жойқын Есік лай тасқынын тудырды. Қар-жаңбырдан түзілген лай тасқындар да жиі болып тұрады. Бұндай жолмен түзілген лай тасқыны 1959 жылы 8 апрельде Текелі өзенімен жойқын бүлдіруші күшпен ағып өтті.
Лай тасқындарының сулы-тасты, лайлы-тасты және лайлы түрлері бар. Әсіресе лайлы-тасты тасқындарының қалыптасуы жпі байқалады. Мұндай тасқындар су және ұсақ түйіршіктерден басқа көп мөлпіерде қиыршақ тас, дөңбек тас және көлемі 30 м3-ге дейінгі жар тас сынықтарын ағызады. 1921 жылы 8-9 июльде Кіші Алматы өзенімен жүрген лай тасқыны тау алдына шамамен 3 250 000 м3-лік тосқындарды алып келді (өзеннің орташа жылдық қатты зат ағынынан 100 еседен артық). Су ағыны 35 т-лық және көлемі 14 м3-лік дөңбек тастарды ағызып әкелді. Үлкен Алматы өзенімен 1950 жылы 8-9 июльде жаңбырдан түзілген лай тасқынның алып шыққан массалары (орташа көлемдік салмағы 1,3 т/м3) 1 428 000 м3-ге тең болды. Лай тасқындарының өту мүмкіндігі тым жоғары өзендер арнасында тасқындарды бәсеңдету және толық тежеу мақсатында гидротехникалық құрылыстар (сүзгіш бөгеттер, дамбалар, лай тасқындарды ұстайтын шұңқырлар т. б.) салынады.
1967 және 1968 жылы Кіші Алматы өзенінің жоғары бөлігіндегі Медеу шатқалында бағытталғаи қопару әдісімен тасты бөгеттің салынуы 1973 жылы 15 июльде өткен жойқын лай тасқынының алдын алды. Қазіргі уақыттағы (1979) бул бөгеттің биіктігі 150 м, табанының ені 200 м-ге жуық; ол қаланы лай тасқындардан сенімді түрде қорғай алады.
Каналдар. Қазақстан территориясында қазылған каналдар негізінен егістіктер мен жайылымдарды суландыру және өнеркәсіп орталықтарып сумен жабдықтау мақсатында салынған. Қазақстандағы аса ірі күрделі су құрылыстарының бірі - Ертіс-Қарағанды каналы. Каналдың құрылысы 1962 ж. басталып Қарағанды қаласына жеткізілді. Қазір Жезқазганға қарай каналдың 2-кезегінің құрылысы басталды (1979). Каналдың Қарағандыға таяу жерге дейінгі ұзындығы 500 км. беткі ені 40 м, табан ені 4 м, тереңдігі 5-7 м. Канал бойында суды 420 м биіктікке дейін көтеретін 22 су көтергіш станциялар салынған. Су ағыны каналдың басында 110 м3/сек, ал 15-22-су көтергіш станциялар аралығында судың халық шаруашылығына көбірек жұмсалуына байланысты 56 м3/сек-қа дейін кемиді. Каналдан алынатын судың жылдық мөлшері 2,5 млрд. м3, оның ішінде Павлодар облысы 0,94 млрд. м3, Целиноград облысы 0,35 млрд. м3, Карағанды облысы 1,21 млрд. м3 су алады. Канал бойында 100-ден аса түрлі гидротехникалық құрылыстар бар. Атап айтқанда 14 бөгет жасалып, онда бірнеше бөген салынған. Олардың ауданы 150 км2, жалпы сыйымдылығы 1 млрд. м3. Ертіс-Қарағанды каналы Ертістің суын Орталық Қазақстанға жеткізіп, Павлодар, Целиноград, Қарағанды облыстарының өнеркәсіп орталықтарын, селоларын сумен жабдықтау, егістіктер мен жайылымдарды суландыру жұмыстарында елеулі орын алады.
Шымкент облысындағы жер суаруға арналған Арыс-Түркістан каналының жалпы ұзындығы 200 км. Канал Арыс және Түркістан тармақтарынан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзендегі Қараспан бөгенінен басталып Бөген су қоймасымен аяқталады. Ұзындығы 60 км, секундына 15 м3 су өткізеді. Түркістан каналы Бөген су қоймасынан басталады. Ұзындығы 140 км. Арыс-Түркістан каналымен Түркістан, Бөген, Қызылқұм аудандарының 70 мың га егістігін суарады. Шымкент облысында мұнымен қатар 1939 жылы Бөген мен Шаян өзендерін қосатын Бөген-Шаян каналы салынған. Каналдың ұзындығы 24 км, орташа су шығыны 1,5 м3/сек. Алғабас ауданынын 7 мың га егістік жерін, 10 мың га шабындыгын суландырады. Қазақстандағы аса ірі жер суару жүйелерінің бірі - Георгиевка каналы. Каналдың құрылысы 1931 жылы басталып, 1935 жылыпайдалануға берілді. Канал 4,2 км-ден кейін оң және сол тармақтарға бөлінеді. Ұзындықтары 40,5 км және 48,7 км, су шығындары алдыңғыға сәйкес 7,92 м3/сек және 31,0 м3/сек. Каналмен 20 мың га-дан астам жер суарылады.
Қызылорда облысындағы ірі каналдарға Жаңадария каналы жатады. Канал негізінен Сырдарияның ескі арнасымен жүргізілген. Жалпы ұзындығы 600 км-ден астам. Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары шаруашылықтарының 120 мың га жерін суландырып, 15 мың га жерін суарады. Талдыкорған облысындағы ен ірі каналдың бірі Көксу каналы, 1939-1940 жылдар салынған. Кейіннен бірнеше гидротехникалық құрылыстармен ұлғайтылған. Каналдың жалпы ұзындығы 103 км, негізгі магистралы 42 км, содан тарайтып 10 тармақтың ұзындығы 61 км. Орташа су шығыны 25 м3/сек. Қаратал, Талдықорған аудандары шаруашылықтарының 20 мың га-дан астам қант қызылшасы егістігін және бау-бақшасын суарады.
Жоғарыда сипатталған каналдардан басқа республика территориясында бірнеше ұсақ суландыру каналдары бар. Атап айтқанда, Қызылорда облысында Басқара каналы (ұзындығы 48 км), Қазалының оң жақ каналы (120 км), Қазалының сол жақ каналы (80 км), Қызылорда су торабының оң жақ каналы (80 км), Қызылорда су торабының сол жақ каналы (70 км). Шиелі-Телікөл каналы (90 км), Шиелі- Шіркейлі каналы (139 км), Жамбыл облысында Шу каналы (82 км), Шымкент облысында Шыршық каналы (70 км), Талдыкорған облысында Лепсі каналы (34 км) т. б. салынған.
Көлдері мен бөгендері. Көлдері. Қазақстанның кең-байтақ жері көлге өте бай. Олардың саны жөнінен кейбір аудандар СССР-де алдыңғы орындардың бірін алады. Әсіресе Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі түйық ойпаңдарда көлдер жиі орналасқан. Көлдер табиғи ресурстардың негізгі көздеріне жатады және халық шаруашылығын өндірістік шикізаттардың кейбір түрімен жабдықтауда маңызды роль атқарады. Көл ресурстарына суды, балықтардың толып жатқан түрлерін, әр түрлі тұздарды, құрылыс материалдарын (малта тас, құм тас, құм және саз), қамысты, шым тезекті т. б. табиғат байлықтарын жатқызады. Тұщы және кермек көлдерде суда жүзетін құстар мен ондатраны өсіруге болады, аңшылық шаруашылығы мен қорықтарды ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар көл жағасында емдеу және демалыс орындарын ұйымдастыруға болады. Кол ресурстарын дұрыс пайдаланудан жылына ондаған млн. сом пайда түседі. Жыл сайын және маусым бойынша климаттық жағдайлар мен су баланстарыныңөзгеріп отыруы көлдің ауданы мен режимін, суының минералдығы мен тұздылығының тұрақсыздығын арттырады. Көлдің су балансы мен тұздылығы негізінен зоналық жағдайларға байланысты өзгереді. Солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын қуаңшылықтың артуына байланысты, ағынсыз көлдердің үлесі мен көл суының минералдығы да артады.
Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері, бөгеттер, бөгендер және ұсақ су айдындарын есептемегенде беткі су айдындарының жалпы ауданы 45 002 км2- лік 48 262 кол (ауданы 1 га-дан жоғары) бар. Қазақстан көлдері ішінде ұсақ көлдер саны үлесіне (1 км2-ден кем) 94%-і, ауданының 10%-і тиеді (1-кесте). Республикада ауданы 40 769 км2-лік 3014 ірі көл бар (1 км2-ден артық), олардың ішінде 21 көлдің ауданы 100 км2-ден асады (жалпы аудандары 26 886 км2, яғни республиканың барлық көлдерінің беткі айдындарының 59%-і).
Қазақстан территориясы бойынша көлдер біркелкі орналаспаған. Олар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатады немесе кейбір жерде жиі орналасатындары соншама көл жүйесінқұрып тұтасып кетеді. Солтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 15 623 км2-лік (35%) 21580 көл болса, Орталық және ОңтүстікҚазақстанда жалпы аудандары 4658 км2-лік (10%) 17 554 көл бар. СолтүстікҚазақстанда 100 км2-лік территорияға көл айдынының 2,61 км2-і, Орталық және ОңтүстікҚазақстанда алдыңғыға сәйкес 0,23 және 0,35 км2-ден келеді. Ең ірі көлдер республиканың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде орналасқан. Олар - ОрталықҚазақстандағы Балқаш пен Теңіз көлдері. Жоңғар қақпасындағы Алакөл мен Сасықкөл, Алтайдағы Марқакөл. Көлдер әсіресе орманды дала және дала зонасының солтүстік бөлігінде, сонымен қатар ірі өзендердің жайылмаларында, құмға сіңіп жоғалып кететін тұйық өзендердің атырауларында жиірек орналасқан.
Су айдындарының көпшілігі борпылдақ кайнозой шөгінділері үстінде, 100 м-ден 350 м-ге дейінгі биіктіктерде орналасқан. Көлдердің су жиналатын алабы әдетте 10 км2-ден 320 км2-ге дейін, ал шөлейт және шөл зоналарда олардың ауданы үлкейеді. Көлдердің тереңдігі 1 м-ден 8 м-ге ауытқып отырады, кей жағдайларда одан да терең болады. Атап айтқанда, Алакөлдің тереңдігі 45 м, Үлкен Шабақты көлінікі 37 м, Шортандынікі 31 м, Марқакөлдікі 27 м, Балқаштікі 26 м. Көлдердегі судың жалпы көлемі 190 км3-ден артады. Әкімшілік облыстардың көлділік коэффициенті 0,2%-тен 4,4%-ке дейін ауытқып отырады. Республика бойынша жалпы мөлшері 1,66% (3-кесте), ал Карелия және СССР-дің солтүстік-батыс бөлігінде 12,6%-ке тең. Қазақ ССР-інің көптеген көлдерінің, әсіресе ұсақ көлдерінің морфометриялық деректері алдағы уақытта әжептәуір өзгерулері мүмкін. Бұл гипотезаны көл алаптарының ылғалдану жөніндегі және сонымен қатар Қазақстанның әр түрлі табиғат зоналарындағы көлдердің деңгейлік режимі жөніндегі деректер дәлелдейді. Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгеттер мен бөгендер бар. Олардың жалпы ауданы10 мың км2-ге жуық, тұщы су көлемі шамамен 90 км3-дей.
Қазақстан көлдерінің аудандары бойынша классификациясы
Ауданы, км2 |
Саны |
Жалпы ауданы |
|
км2 |
% |
||
0,01-0,1 |
35763 |
1025 |
2,3 |
0,11-0,2 |
3435 |
467 |
1,0 |
0,21-0,3 |
1764 |
438 |
1,0 |
0,31-0,4 |
1196 |
420 |
1,0 |
0,41-0,5 |
879 |
396 |
0,9 |
0,51-0,6 |
653 |
395 |
0,9 |
0,61-0,7 |
477 |
310 |
0,7 |
0,71-0,8 |
448 |
338 |
0,7 |
0,81-0,9 |
362 |
308 |
0,7 |
0,91-1,0 |
268 |
254 |
0,6 |
1,01-5,0 |
2357 |
4900 |
10,9 |
5,01-10,0 |
361 |
2424 |
5,4 |
10,01-50,0 |
252 |
4869 |
10,8 |
50,01-100,0 |
23 |
1572 |
3,5 |
100-ден астам |
21 |
26886 |
59,6 |
Барлығы |
48262 |
45002 |
100 |
1Есепке Каспий және Арал теңіздері, шағын көлшіктер мен бөгендер кірмеді.
2Жалпы аудандары 235 км2-лік шағын көлшіктердің саны 6941.
Қазақстан көлдері шығу тегі, ауданы, тереңдігі, су режимі және гидрохимиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі генетикалық топтарға жатады. Қазан шұңқырлардың шығу тегіндегі айырмашылықтар геологиялық факторлармен (жаңа тектоникалық қозғалыстар, жыныстардың құрылымдары және литологиясы) қатар, экзогендік факторларға (өзен эрозиясы, жел, мұз әсерлері) жәпе адам әрекетінен туған өзгерістерге байланысты болады. Республика территориясынан бірнеше генетикалық типтегі көл қазан шұңқырларын бөліп қарауға болады.
Тектоникалық қазан шұңқырларға тау аралық ойыстар, платформалық майысулар және тұз күмбездерінің компенсацпялық мульдалары, ал экзогендік қазан шұңқырларға эрозиялық, сор-дефляциялық және дефляциялық, суффозиялық, карстылық, гравитациялық қазан шұңқырлары жатады.
Қазақстан территориясындағы көлдер су алмасу жағдайларына қарай ағынсыз, маусымдық ағынды, ағынды көлдерге бөлінеді. Көлдердің басым көпшілігін ағынсыз көлдер құрайды. Ағынсыз көлдердің су балансының компоненттері (беткі ағыс, көл бетіне түсетін жауын-шашын, грунт суы, фильтрация және булану) төменгі деңгейдің тұрақсыздығын, жазда су айдындарының көп бөлігінің құрғап қалуын, қыста қатуын, су аз жылдары толық кеуіп кетуін тудыратын жылдық және көп жылдық өзгерістерге ұшырайды. Кол деңгейлері ұзақтығы әр түрлі циклдік ауытқуларға (суға тапшы жыл мол сулы жылмен алмасады) ұшырайды.
Солтүстік Қазақстан көлдерінде су деңгейінің көтерілуі апрельдің 1-жартысында басталып, жазық су айдындарында бірнеше күннен бір айға дейін созылады. Суға тапшы жылдары деңгейдің биіктігі 0,2 м-ден 2 м-ге, мол сулы жылдары 3 м-ден 6 м-ге дейін ауытқып отырады. Жаздың ортасына қарай көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбір су айдындары кеуіп кетеді. Көлдердің су балансына су жинайтын алаптың беткі ағыны (кірістің 60-80%), мұз басу маусымынан тыс мезгілдердегі айдын бетіне түсетін жауын-шашын (30-40%), қысқы жауын-шашын (3-10%) ықпал етеді. Гранитті массивтер үстінде орналасқан көлдер (Көкшетау Жәйе Баянауыл өңірлеріндегі көлдер) баланстары кірісінің 40%-ін жер асты ағыны береді. Көпшілік көлдердің балансы шығысының 85-90%-і су бетінен булану, 10-15%-і фильтрация үлестеріне тиеді. Көкшетау қыратындағы көлдердің булануға жұмсалатын шығыны, фильтрация үлесінің артуына байланысты 60-70%-ке кемиді.
Батыс Қазақстан көлдерінде апрель-май аралығында қардың еруінен құралатын ағын салдарынан ең жоғарғы деңгей байқалады. Еріген суға толу 20-25 күнге созылып, ал содан кейін деңгей булану нәтижесіне байланысты төмендей бастайды. Су деңгейінің жылдық ауытқу амплитудасы 4,7 м-ге жетуі мүмкін. Көлдің су балансындағы кірісте беткі ағын үлесі көп мөлшерде ауытқып отырады. Грунт суымен мол мөлшерде қоректенетін беткі ағын үлесі 10-40%, ал грунт суымен қоректенбейтін көлдерде 60-90%-ке жетеді. Қысқы жауын- шашын беткі ағын мөлшерінің 10-15%-ін құрайды. Ағынсыз су айдындарының жылдық балансының шығыны, су бетінен булану мөлшерімен сәйкес келеді.
Қазақстанның ірі көлдері және олардың морфометриялық сипаттамасы
Көлдер және олардың орналасқан жері |
Құятын және ағып шығатын өзендер |
Зерттеу жүргі- зілген жыл |
Су жи найтын алабы, км2 |
Теңіз деңгейінен биіктігі, м |
Колдің ауданы, км2 |
Ұзындығы, км |
Ені, км |
Ең терең жері, м |
Суының көлемі, км3 |
Балқаш |
Іле, Қапатал, Ақсу, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Тоқырауын өзендері құяды |
|
501000 |
340 |
18200 |
605 |
и |
26 |
112 |
Алакөл, Талдықорған облысы |
Ұржар, Қатынсу, Еміл, Жаманты, Жаманеткел өзендері құяды |
1962 |
68700 |
343 |
2650 |
104 |
52 |
45 |
58,56 |
Теңіз, Целиноград облысы |
Нұра өзені және қүрған қалатын 15 жылға құяды |
1945 |
94900 |
304,4 |
1590 |
74,4 |
40,2 |
8,0 |
— |
Сілетітеңіз, Көкшетау облысы |
Шолақай, Сілеті өзендері мен 19 жылға құяды |
1943 |
23400 |
64,7 |
750,3 |
65 |
22 |
3.2 |
1.540 |
Сасықкөл, Талдықорған облысы |
Тентек және Қарақол өзендері құйып, Жіңішкесу өзені ағып шығады |
1962 |
|
350,6 |
736 |
50 |
20 |
4,7 |
2,661 |
Кұсмұрын, Қостанай облысы |
Қаған, Қайың, Шолақтерек, Қарақаған, Жүзбай, Ашыбай өзендері құйып, Обаған өзені ағып шығады |
1957 |
10480 |
102.9 |
315 |
61 |
15 |
3,5 |
— |
Марқакөл, Шығыс Қазақстан облысы |
Шағын 17 өзендер және жылғалар құйып, Қалжыр өзені ағып шығады. |
1962 |
1180 |
1434 |
455 |
38 |
19 |
27,0 |
6,300 |
Үлкен Қарой, Көкшетау облысы |
Қарасу өзені және 10 жылға құяды |
1944 |
7490 |
56,8 |
306 |
68 |
12 |
— |
— |
Шағалалы теңіз, Кокшетау облысы
|
Шағалалы өзені құяды
|
1944 |
10900 |
135,6 |
267 |
43 |
12 |
2.0 |
0,600 |
Теке, Көкшетау облысы |
37 құрғап қалатын жылғалар құяды |
1944 |
4240 |
28,0 |
205 |
33,3 |
20,1 |
1,0 |
0,130 |
Шалқар, Орал облысы |
Шолақанқаты, Есенанқаты өзендері құйып, Солянка өзені ағып шығады |
1951 |
— |
16,7 |
206 |
18 |
15 |
13.0 |
1.000 |
Сарықопа, Торғай облысы |
Сарыөзен өзені құяды
|
1958 |
17440 |
101,2 |
336 |
28 |
13 |
— |
— |
Қамыстыбас, Қызылорда облысы |
Сырдария өзенімен канал арқылы жалғастырылған |
1967 |
— |
58,1 |
213 |
28 |
9 |
9,5 |
0.995 |
Қызылқақ, Павлодар облысы |
Құрғап қалатын 16 жылға құяды |
1944 |
2280 |
42,6 |
178 |
27.6 |
9.5 |
0.5 |
0.180 |
Жалаулы, Павлодар облысы
|
Қарасу өзені құяды
|
1943 |
— |
71,9 |
144 |
20 |
12 |
— |
— |
Қарасор, Қарағанды облысы |
14 өзен және жылға құяды, негізгілері Талды және Қарасу |
1966 |
8740 |
621,5 |
155 |
43.5 |
7.3 |
2.5 |
0.13 |
Арыс, Қызылорда облысы |
— |
1956 |
15900 |
59.0 |
250 |
23,3 |
11.3 |
2 |
— |
Аралсор, Орал облысы |
— |
1963 |
6850 |
1,6 |
200 |
34 |
13 |
0.8 |
— |
Ұялы, Талдықорған облысы |
Жіңішкесу өзені құяды |
1962 |
— |
349,8 |
190 |
18.8 |
10 |
5.8 |
0,501 |
Индер, Гурьев облысы |
Ұсақ жылғалар құяды |
1951 |
425 |
23.8 |
110 |
13 |
11 |
— |
— |
Кішіқарой, Көкшетау облысы |
19 жылға құяды |
1944 |
2090 |
53.6 |
102 |
13 |
12 |
— |
— |
Орталық Қазақстан көлдерінің көктемгі деңгейлерінің көтерілуі марттың аяғы мен апрельдің 1-он күндігінде байқалады. Төменгі деңгей қыстың соңына таман орнайды. Деңгейдің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 0,6-0,8 м. Республиканың ылғалды солтүстік-шығысында су балансындағы жалпы кірістің 50-60%-і, қуаң территорияларда 80-85%-ке дейінгі мөлшері су жиналатын алап бетіндегі ағын үлесіне тиеді. Баланстық кірістің 12-39%-ін жазғы жауын-шашын, 5-15%-ін мұз бетіне қар күйінде жиналатын қатты түйіршіктер құрайды. Ағынсыз көлдер су балансының шығыны түгелдей дерлік су бетінен булануға байланысты келеді.
Көл суының мөлдірлігі 0,3 м-ден 18 м-ге дейін ауытқиды. Қыста мөлдірлік артып, жазда еріген судың қосылуына байланысты кемиді. Республиканың солтүстігіндегі көлдерде ноябрьдің 1-жартысында, яғни оңтүстік аудандарға қарағанда бір ай бұрын мұз қатады. Мұздың кетуі апрельдің 1-жартысында басталып, майдың басында аяқталады (оңтүстікте 1-1,5 ай ертерек). Орташа көпжылдық мұздың қалыңдығы солтүстік аудандардағы көлдерде қарсыз қыстың соңына таман 140 см, оңтүстік аудандарда 120 см, орташа мөлшерде қар жиналған жағдайда алдыңғыға сәйкес 110 және 90 см болады. Қатал қыста мұздың қалыңдығы 160-170 см, жұмсағырақ қыста 90 см-ден артпайды. Көл суының түсі көгілдір жасыл түстен сарғыш-қоңыр түске дейін құбылып отырады. Көлдердің көпшілігінің суы күкіртті сутекті, тым ащы келеді.
Көл суының минералдығы көл суын пайдаланудың маңызды көрсеткіші болып саналады. Судың тұздылығына қарай тұщы су, кермек су, ащы су және тұзды су түрлеріне бөлінеді. Ауыз суға жұмсалатын судың минералдығы 1 г/л-ден артпайды, ал 2 г/л-лік мөлшер қанағаттанарлық болып саналады. Жер суаруға пайдаланылатын судың минералдығы 1 г/л-ден артпауы қажет. Қазақстан көлдері суының минералдығы 0,075 г/л-ден 335 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл су режимінің өте тұрақсыздығына байланысты. Қазақстан көлдеріндегі 190 км3 су мөлшерінің 20 км3-ге жуығы тұщы су.
Кол суының құрамы - жалпы минералдығы мен иондық құрамының әр түрлілігі және тұрақсыздығына байланысты. Тұщы көлдерде негізінен жұмсақ немесе шамалы тұтқыр, нейтралды су; кермек және тұзды көлдерде тым тұтқыр, әлсіз сілтілі су басымырақ келеді. Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан көлдері суының құрамындағы микроэлементтер мынадай мөлшерде кездеседі (мкг/л): бром - 272 400; фтор - 25 000; йод - 1 000; бор - 60 000; мыс – 20; мырыш – 350; марганец – 240; молибден – 800; кобальт – 40; қорғасын – 50; темір - 100-300; никель – 1-5.
Қазақстан көлдері суының құрамында мырыш, марганең, кобальт, молибден, мыс және йод өте аз, бірқатар көлдер суында фтордың мөлшері көбірек кездеседі. Көл суы тұздылығының артуына байланысты металл концентрациясы кеміп, оның есесіне фтор, йод, бром және бордың молшері артады.
Бөгендері. Қазақстан территориясында энергетикалық, ирригациялық және өнеркәсін орталықтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында толып жатқан жасанды бөгендер қазылған. Республикамыздағы ең ірі бөген - Шығыс Қазақстан және Семей облыстары жеріндегі Бұқтырма бөгені. Бөген Ертіс өзенінде Бұқтырма СЭС-інің салынуына байланысты пайда болған. Темір-бетон плотинаның биіктігі 90 м. Бұқтырма бөгенініц ұзындығы өзен бойымен алғанда 600 км, ауданы 5500 км2. Зайсан көлінсіз су көлемі 49,6 км3, ендірек бөлігі 35 км, орташа тереңдігі 11 м. Бұқтырма бөгені 1966 жылы пайдалануға берілді. Бөген 2 бөліктен - Ертіс өзенінің арнасы мен Зайсан көлінен құралады. Бөгеннің шаруашылықтық маңызы өте зор. Бөгеннен жіберілетін су Павлодар, Семей облыстарының жүздеген мың га шабындықтарын суландырады. Бөгеннің пайдалануға берілуі нәтижесінде су жолы 6 мың км-ге жетті. Бұқтырма бөгенінен сазан, табан балық, бекіре т. б. ауланады.
Қазақстандағы Бұқтырма бөгенінен кейінгі екінші ірі бөген - Қапшағай бөгені. Ол Алматы, Талдықорған облыстары территориясындағы Іле аңғарына салынған. Су 1970 жылдан жинала бастады. Ауданы 1850 км2, көлемі 28,14 км3, ұзындығы 180 км, ендірек бөлігі 22 км. Орташа тереңдігі 15,2 м, ең терең жері 45 м. Бөген деңгейі ағысқа байланысты 4 м-ге ауытқып отырады. Қапшағай бөгенінің энергетикалық және ирригациялық маңызы өте зор. Сонымен қатар ол - Алматы қ. тұрғындарының демалыс орны. Толық пайдалануға берілгенде 450 мың га жер суарылып, онда күріш, бау-бақша, овощ, жеміс, жүзім және жемшөп өсіріледі. Республикамыздағы ірі жасанды су айдыңдары қатарына Шардара бөгені де жатады. Ол Шымкент облысында Сырдария өзенінің арнасында салынған. Ұзындығы 220 км, су сыйымдылығы 8,4 млрд. м3. Шардара бөгенінен 1,5 млн. га жер суарылады, 4 млн. га-дан артық жайылым суландырылады. Қарағанды облысының Тельман ауданы жерінде Нұра өзенінің арнасында Теміртау бөгені қалыптасқан. Бөгеннің су сыйымдылығы 258 млн. м3, бұның 51 м3 суы Теміртау қаласының өнеркәсіптік, тұрмыстық қажетіне жұмсалады. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі ең ірі жасанды су айдындарының бірі - Сергеев бөгені. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданы жерінен өтетін Есіл аңғарына салынған. Ұзындығы 30 клг, ені 4,8 км, ең терең жері 32 м, көлемі 85 млн. м3. Бөген суымен Сергеев қаласы, аудан шаруашылықтары, өнеркәсіп орталықтары, елді мекендері қамтамасыз етіледі. Суармалы егіннің шығымдылығын молайтып әрі мал санын өсіріп, оның өнімділігін арттыру мақсатында салынған жасанды су айдындарының бірі - Бөген бөгені. Бөген бөгені Шымкент облысындағы Арыс және Бөген өзендерінің суын тиімді пайдалану мақсатында 1960 жылы салынған. Ұзындығы 10-12 км, ені 5 км, ауданы 63,5 км2, пайдаланылатын суының көлемі 370-440 млн. м3. Республикамыздағы ірі су жүйелерініц бірі - Арыс-Түркістан каналы суды Бөген бөгенінен алады.
Бұлармен қатар Қазақстан территориясында толып жатқан шағын бөгендер бар. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында Ақкөл, Теріс Ащыбұлақ бөгендері, Гурьев облысында Жемсау, Қамыскол, Орал, Тайкеткен бөгендері, Қостанай облысында Желқуар, Қаратомар бөгендері, Қарағанды облысында Шерубайнұра бөгені, Жезқазғап облысында Кеңгір, Жоғары Кеңгір, Төменгі Кеңгір бөгендері, Орал облысында Киров, Сарышығанақ бөгендері, Алматы облысында Күрті бөгені, Қызылорда облысында Телес, Шұқырой бөгендері т. б. салынған.
Теңіздері. Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде дүние жүзіндегі ірі ағынсыз тұзды көлдер - Каспий теңізі мен Арал теңізі орналасқан.
Арал теңізі - Жер шарындағы құрлық ішіндегі ірі теңіздерінің бірі. Ауданы жөнінен дүние жүзінде 4-орын алады. Өзінің физика-географиялық сипаты, гидрологиялық және гидрохимиялық ерекшеліктері, тіршілік етуші организмдердің биологиясы жөнінен тек теңіздер мен көлдердің арасында ғана емес, сонымен қатар жер шарының басқа алаптары арасында ерекше орын алады. Арал теңізі мұхиттардан бірнеше мыңдағап километр алшақ жатуына қарамастан «нағыз» теңіздік сипатта болады. Арал теңізі Тұран ойпатындағы аридтік зоналы, ауа температурасының ауытқу амплитудасы тым жоғары - шұғыл континенттік климатты, булану мөлшері түсетін жылдық жауын-шашыннан артық келетін аласа Үстірт таулы үстіртінің шығыс жиегін ала орналасқан. Арал теңізінің теңіз деңгейінен биіктігі 53 м. Ауданы 64,5 мың км2 (оның 2,3 мың аралдар үлесіне тиеді). Теңіздің ең ұзын жері 428 км, ені 235 км, алабы 690 мың км2, суының орташа көлемі 1000 м3-ге жуық. Арал теңізінің ойысы жер қабығының плиоценде майысуынан пайда болып, суға толғап. Теңіз түбінің рельефі иегізінен тегіс келеді. Орташа тереңдігі 20-25 м, ең терең жері 67 м.
3-кесте. Әкімшілік облыстар бойынша Қазақстан территориясының көлділігі
Облыстар |
Көлдердің саны |
Көлдердің жалпы ауданы, км2 |
Облыс- тардың террито- риясы, мың км2 (1979 ж.) |
Террито- риясы- ның кол- ділігі, % |
||
---|---|---|---|---|---|---|
ауданы 1 км2- ден кем |
ауданы 1 км2- ден артық |
Барлығы |
||||
Ақтөбе |
1521 |
227 |
1748 |
1211 |
299,8 |
0,0 |
Алматы |
9343 |
49 |
9392 |
605 |
104,6 |
0,58 |
Гурьев |
1990 |
105 |
2095 |
814 |
112,0 |
0,73* |
Жамбыл |
1133 |
38 |
1171 |
468 |
144,6 |
0,31 |
Жезқазған |
615 |
34 |
649 |
288 |
313,4 |
0,09* |
Көкшетау |
1896 |
220 |
2116 |
3434 |
78,1 |
4,38 |
Қарағанды |
1164 |
97 |
1261 |
638 |
85,4 |
0,74 |
Қостанай |
6465 |
689 |
7154 |
4024 |
114,5 |
3,51 |
Кызылорда |
2453 |
129 |
2582 |
1164 |
228,1 |
0,51* |
Маңғышлақ |
51 |
4 |
55 |
42 |
166,6 |
0,0002 |
Орал |
3176 |
84 |
3260 |
908 |
151,2 |
0,60 |
Павлодар |
2741 |
423 |
3164 |
2559 |
127,5 |
2,0 |
Семей |
891 |
73 |
964 |
368 |
179,6 |
0,20 |
Солтүстік Казақстан |
2252 |
238 |
2490 |
1458 |
44,3 |
3,29 |
Талдықорған |
1432 |
18 |
1450 |
1023 |
118,5 |
0,86 |
Торғай |
2217 |
193 |
2410 |
1207 |
111,9 |
1,07 |
Целиноград |
3957 |
299 |
4256 |
2941 |
124,6 |
2,36 |
Шығыс Казақстан |
986 |
18 |
1004 |
5228 |
97,3 |
0,54 |
Шымкент |
975 |
74 |
1049 |
502 |
116,3 |
0,43 |
Барлығы |
45248 |
3014 |
48262 |
45002 |
2717,3 |
1,66* |
*Көлдердің жалпы санына облыстар есебіне кірмеген Балқаш және Алакөл көдері қосылды.
*Жезқазған облысының көлділігі Балқаш көлінсіз, Гурьев және Маңғышлақ облыстары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінсіз, Қызылорда обл. Арал теңізінсіз алынды.
*Республика территориясынын көлділігі Каспий мен Арал теңіздерінің қазақстандың бөліктерін қосқанда 5%-ке жуық.
Морфологиялық құрылысы және гидрологиялық режимдерінің кейбір ерекшеліктеріне қарай Арал теңізі екі бөлікке бөлінеді. Оңтүстік бөліктен Көкарал аралымен бөлінген, ауданы 6000 км-лік кішірек солтүстік-шығыс бөлігі Кіші теңіз аталады. Көпшілік бөлігінің тереңдігі 10-20 м. Көкарал аралынан оңтүстіктегі Аралтеңізінің бөлігі Үлкен теңіз деп аталады. Сырдария мен Амудария өзендері суын реттеу теңізге келетін жылдық ағын мөлшерін 76 км3-ден 42 км3-ге дейін кемітіп, деңгейінің күрт төмендеуіне және теңіз ауданының 64,5 мың км2-ден 51 мың км2-ге дейін кемуіне (әсіресе неғұрлым өнімді, саяз сулы шығыс және оңтүстік жағалаудағы балықтардың уылдырық шашатын аймагы 6300 км2-те кеміп кетті) әкеп соқтырды. 1975 жылғы зерттеулердің нәтижесі бойынша теңіз ауданының 12 000 км2-ге жуығы кеміп кеткен.
Арал теңізінде жалпы ауданы 2345 км2-лік 313 арал бар, ол теңіз ауданының 3,5 %-і. Теңіздің оңтүстік-батыс жағалауын 230 ұсақ аралдардан тұратын Ақпекті архипелагы алып жатыр. Арал теңізінің шығыс жағалауын ала 64 арал орналасқан. Теңіздің солтүстігінде неғүрлым ірі Көкарал және Барсакелмес, ал батысында Возрождение аралдары бар. Батыс жағасы аз тілімделген, биіктігі 190 м-ге жететін Үстірттің көне төрттік және бор шөгінділерінен түзілген жар қабақтары қоршап тұрады. Теңіздің бұл бөлігінде қойнаулар мен шығанақтар жоқтың қасы. Солтүстік жағасы биік жарлы келеді. Аласа жері құрлыққа терең сұғына кіріп жатқан шығанақтармен (Құмсуат, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ, Ақкөл, Бозкөл, Қашқансу, Қаратұма, Жалтырбас, Мойнақ) тілімделіп, бірнеше түбек (Құланды, Қаратүп, Көлтырнақ, Мойнақ) пайда болған. Шығыс жағасы ойпатты, құмды және көптеген шығанақтар мен ұсақ аралдардан тұрады. Арал теңізіне Орта Азияның ірі 2 озепі Амудария мен Сырдария құяды.
Арал теңізі бетіндегі ауаның жазғы орташа температурасы 24-26°С, қыста - 7°-тан - 13,5°С-қа дейін жетеді. Жылдың 120-170 күні ашық, 70-90 күні бұлыңғыр. Қар солтүстігінде 3 айдан, оңтүстігінде 1,5 айдан артық жатады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм. Арал теңізіндегі су балансы: жауын-шашын 5,9 км3, құрлықтық ағыс 54,8 км3, булану мөлшері 60,7 км3. Маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 см, көп жылдық (ғасырлық) көрсеткіші 3 м-дей. Өзен суының 90%-ін суландыруға пайдаланғанда, теңіз деңгейі 12 м-ге төмендейді. Қыста теңіз бетінің температурасы 0°С-тан төмен, жазда 26-30°С. Қыста теңіз түгелдей қатады, оңтүстігінің мұзы жұқа болғандықтан бұзылып тұрады. Суының тұздылығы өзендердің құяр жерінде 10-11%, оңтүстік-шығыс жағасында 14%. Теңіз суының азаюына байланысты тұздылық артып келеді. Суының түсі қара көк, мөлдірлігі 15-25 м. Арал теңізіне құятын Сырдария мен Амудария өзендері теңізде сағат тілінің айналу бағытына сәйкес ағын туғызады. Теңіз көбіне тынық. Толқын күші негізінен 2 балдан аспайды. Оқта-текте болатын теңіз дауылының толқын күші 6 балға, ұзындығы 120 м-ге жетеді.
Арал теңізінің кәсіптік маңызы өте зор. Теңіздің ихтиофаунасы 30 түрден тұрады. Кәсіптік балықтардан бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Бейімделген балықтан шоқыр, салака т. б. бар. Теңіздің солтүстігін ала орналасқан Барсакелмес аралында мемлекеттік қорық ұйымдастырылып, онда жануарлардың республикамыздағы құрып бара жатқан түрлері (бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т. б. жануарлардың сирек кездесетін түрлері) сақталуда. Амудария меи Сырдарияның суын Өзбекстан мен Қазақстанның мақта және күріш егістігіне қарқынды пайдалану себепті Арал теңізінің деңгейі біршама төмендеді. Таяу уақыттарға дейін Қазақстан балықшылары Аралдан жылына 200 мың ц балық аулап келгендігін, болмаса теңіздің эстетикалық және денсаулық сақтау ісіне маңызы зорлығын ескерсек, онда теңізді сақтап қалу қажеттігі туады. Бұл шараны жүзеге асыру үшін суландыру жүйелерін жетілдіру немесе Сібір өзендерін Торғай қолаты арқылы Арал теңізіне бұру қажет.
Каспий теңізі - Жер шарындағы ең ірі тұзды көл. Ауданы 371 мың км2 (1929 жылы 422 мың км2 болатын). Қазақстанға солтүстігінің көп бөлігі және шығыс жағалауының жартысы қарайды. Республика территориясындағы жағалау сызығының ұзындығы 2340 км. Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Ірі шығанақтары: солтүстігінде Кизляр, Комсомол; шығысында Маңқыстау, Кендірлі, Қазақ, Қарабұғазкөл. Красноводск батысында Аграхан, Баку қойнауы. Жалпы ауданы 350 км2-лік 50-ге жуық аралдары бар. Ірілері: Құлалы, Тюлень, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Теңізге солтүстіктен Терек, Волга, Жайық, Жем, батыстан Сулак, Самур, Кура, оңтүстіктен Горан, Сераз, Сефидруд өзендері құяды. Шығыс жағалауында тұрақты ағынды өзендер жоқ.
Солтүстік жағалауы ойпатты; теңіз суының шалқып шегінуі әсерінен кең алапты қайраң қалыптасқан. Маңқыстау жағалауы жарқабақты абразиялық жаға, батыс жағасының кейбір жерлері қайраңды, оңтүстікке таман аккумуляциялық жаға болып келеді. Каспий теңізі түпкі рельефі мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспийге ажыратылады. Солтүстік Каспий теңіздің неғұрлым саязырақ (тереңдігі 4-8 м) бөлігі, түпкі рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар мен аралдар тізбегінен қалыптасқан. Орталық бөлігінен Маңқыстау шоңғалы арқылы бөлінген. Орталық Каспийде теңіздің түптік шұңғымасы (ең терең жері 788 м), шельфі және құрлықтық беткейі айқын байқалады. Оңтүстік Каспийдің түпкі рельефі абиссальды жазық болып келетін шұңғыма мен шельфтен құралған. Каспий теңізінің солтүстігі Шығыс Европа платформасына жататын Каспий маңы синеклизасының оңтүстік шетін қамтиды. Орталық бөлігі теңіз түбіне шөккен эпигерциндік Тұран платформасы мен Үлкен Кавказ геосинклиналының шеткі иілісі болып есептеледі. Оңтүстік Каспий - ең байырғы теңіз шұңғымасы. Каспий теңізі жоғарғы миоценде Қара теңізден бөлініп, жоғары плиоценде қайта қосылған. Ал антропогенде мұз дәуірінің бірнеше рет қайталануына байланысты Каспий теңізінін трангрессиялары мен регрессиялары алма-кезек ауысқан.
Каспий теңізі үстінен қысқы азия максимумы мен жазғы азор максимумы және оңтүстік азия минимумының тармақтары басып өтуіне байланысты ауа райы антициклонды болып, қысы суық, жазы құрғақ, жауын-шашыны аз континенттік климат қалыптасқан. Жылы айларының орташа көпжылдық температурасы 24-26°С, абс. максимумы 440С) шығыс жағалауында байқалады. Теңіздің орталық бөлігінде, солтүстік батысында және батысында 24 м/сек-қа жететін күшті желдер болып тұрады. Теңіз айдынына жылына орта есенпен 200 мм, ал батыс жағалауында 1700 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Буланудың жылдық мөлшері теңіздің барлық бөлігінде тым жоғары (1000 мг-ге дейін), ал шығыс бөлігінде 1400 мм-ге дейін жетеді. Каспий теңізінде негізінен өзен ағындары мен желдерге байланысты судың циклондық араласуы басым болады. Жел теңіз толқындарын жиі туғызады, олардың биіктігі Апшерон шоңғалында 11 м-ге жетеді. Жаз айларында судың беткі қабаты 24-26°С-қа, оңтүстігінде 29°С-қа, Красноводск шығанағында 32°С-қа дейін жылынады. Қыс айларында судың орташа температурасы солтүстікте - 0,5°С, орталық бөлікте 3-7°С, оңтүстікте 8-10°С болады. Солтүстік бөлігі ноябрьден мартқа дейін қатып жатады, мұзының қалыңдығы 2 м-ге жетеді. Каспий теңізінің орталығы бөлігі қысы қатты жылдары ғана кейбір таяз шығанақтары қатады. Теңіз суының орташа тұздылығы 12,7% (Қарабұғазкөлде тым жоғары 280-305%-ге дейін), шығыс жағалауында 13,2%. Солтүстігінде Волга өзеніне байланысты теңіз суы тұздылығының ауытқуы байқалады.
Теңіз суының конвекциялық қозғалысының салдарынан қыс айларында Солтүстік Каспий сулары вертикалды бағытта түгел араласады, ал орталық және оңтүстік бөліктеріндегі терең жерлерінде конвекциялық қозғалыс 200-300 м-ден артпайды. Каспий теңізінің деңгейі солтүстік бөлігінде 2-2,5 м-ге көтеріліп, 2 м-ге төмендейді. Сейш желі әсерінен су деңгейі 0,7 м-ге дейін ауытқиды. Маусымдық ауытқуы 30 см-дей. Геологиялық, геоморфологиялық, археологиялық және тарихи деректерге қарағанда Каспий теңізінің ең жоғары деңгейі біздің заманымыздың басында және 19 ғасырдың басында байқалды, ал ең төменгі деңгей 7-11 ғасырларда болған, ол қазіргі деңгейінен 2-4 м төмен деген болжам бар. Каспий теңізінің су балансы (1970): кірісі - жауын-шашыны 66,8 км3, өзен ағындары 266,4 км3, жер астымен қосылатын су 5 км3; шығыны - булану 357,3 км3, Қарабұғазкөлге құйылатын су 4 км3, шаруашылыққа жұмсалатыны 1 км3. Каспий теңізінің деңгейі артық шығын есебінен (1966-1967 жылдар аралығында) 7 см-ге төмендеуде. 2000 жылдары қазіргі деңгейден 2 м төмендеуі мүмкін. Теңіз деңгейін көтеру үшін Вычегда, Печора ө. алабын Волгаға қосу, Қарабұғазкөлге құйылатын суды реттеу жобалары (1978) жасалуда.
Каспий теңізі өсімдік, жануарлар дүниесіне кедей. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрі кездеседі. Өсімдіктері негізінен көк жасыл және диатомды балдырлар түрлерінен тұрады. Соңғы уақыттарда қызыл және қоңыр балдырлар да өсуде. Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ және моллюскілер тіршілік етеді. Мұнда Арктика теңіздерінен (Каспий ит балығы), Жерорта теңізі алабынан қоныс аударған жануарлар мен балықтардың 15 түрі мекендейді. Каспий теңізінен бекіре тұқымдас балықтардың дүние жүзілік өнімінің 82%-і ауланады. Сонымен қатар майшабақ, табан балық, көксерке, сазан, ит балық ауланады. Каспий теңізі сонымен қатар мұнай өндірілетін ірі аудан қатарына жатады. Натрий сульфаты, мирабилит және эпсомит тұздары өндіріледі. Шевченко, Красноводск портты қалаларында теңіз суын тұщытатын қуатты қондырғылар салынған.
Теңізбен мұнай, ағаш, астық, мақта, күріш, сульфат т. б. жүктер тасылады. Солтүстік және шығыс бөлігінің (қазақстандық бөліктің) негізгі портты қалалары - Гурьев, Шевченко. Теңізде кеме қатынасы жақсы дамыған.
Жер асты сулары. Қазақстан жерінің орографиялық, климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық жағдайлары әр түрлі. Аталған жағдайлардың әр түрлілігі жер асты суларының қалыптасуына, таралуына, қорының жиылуына, пайдалану жолдарына және генетикалық типтеріне әсер еткен. Жатыс жағдайлары мен су сыйыстырушы жыныстардың сипатына қарай жер асты сулары жарықшақтық, жарықшақтық-пластық, пластық типтерге ажыратылады.
Жарықшақтық типті жер асты сулары Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы таулы және ұсақ шоқылы аудандарда, Сарыарқада, ішінара оның батысында (Орал-Мұғалжар таулары) тараған. Бұл сулар докембрий мен палеозойдың түрлі құрамды интрузиялық, эффузиялық, вулканогендік, метаморфтық жыныстарынан орын алған. Бұл жыныстардың суы тайыздан шығады, көбіне бұлақтар түрінде де кездеседі, минералдығы 0,1-0,5 г/л (кейде 0,7-1,0 г/л). Жыныстардың су сыйымдылығы төмен, өнімі (дебиті) аз, жеке су көздерінің өнімі әдетте 1-2 л/сек шамасында келеді. Тектоникалық жарылыстар зоналарының бойында, петрографиялық құрамы мен генезисі әр түрлі тау жыныстарының жапсарларында, уатылу зоналарында орналасқан бұлақтардың, тайыз скважиналардың өнімі ғана 5-7 (кейде 10-15) л/сек-қа дейін жөтеді. Жаңбыр, қар суларының шамасына байланысты бір жылдың не бірнеше жылдардың жыл маусымдары ішінде су өнімі күрт ауытқып отырады. Жер асты суларының бұл типі Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы биік таулы өңірде жер бетіне ағып шығып көптеген жылғалар мен тау өзендерін қоректендіреді.
Жарықшақтық - пластық типті жер асты сулар негізінен Таулы Маңқыстаудың, Сарыарқаның кейбір аудандарында, ішінара Қазақстанның оңтүстігі мен шытысындағы әр түрлі жарылыстармен тілініп цементтелген палеозойдың, мезозойдың терригендік, карбонаттық жыныстарынан орын алған. Тұщы және ашқылтым (минералдығы 0,2-3,0 г/л) грунттық, субартезиандық сулар бірнеше метрден, бірнеше жүз метрге дейінгі тереңдіктерде қалыптасқан. Республиканың оңтүстігі мен шығысындағы таулы аудандарда, Сарыарқаның ұсақ шоқылықтары аумағындағы құм тастарда, конгломераттарда, туфогендік жыныстарда бұл типті сулар бұлақтар түрінде кездеседі немесе өнімі 0,1-1,0 л/сек келген скважиналардан шығады, ал карбонатты жыныстар мен тектоникалық уатылу зоналарындағы бұлақтар мен скважиналардың су өнімі 10-35 л/сек. Қоректену жағдайлары қолайлы, карсты әк тастар тараған кейбір орындарда су өнімі 100-300 л/сек-қа жететін бұлақтар да (Семей облысындағы Георгиевка селосының маңы, ШығысҚазақстан облысында Мөлдір бұлақтың маңы. Жамбыл және Шымкент облыстарындағы Кіші Қаратау мен Үлкен Қаратаудың біраз орындары т. б.) кездеседі. Осы аталған орындардан басқа Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі скважиналар мен кен қазбаларына да су мол енеді. Үлкен Қаратаудағы кейбір кендердің (Мырғалымсай, Келтемашат т. б.) забойларына су мол онеді. Састөбе станциясының маңы, Бадам, Сайрам өзендерінің су айырығындағы бұлақтардың өнімі 1000-3000 л/сек-қа дейін жетеді.
Жарықшақтық-пластық сулардың ең аз өнімі Таулы Маңқыстауда. Мұнда жеке бұлақтардың өнімі 0,3-0,5 л/сек-тан аспайды, тек тектоникалық жарылыстар зоналары бойында ғана 5-15 л/сек-қа жетеді. Бұл аймақта жер асты суының қорын толтыратын резервтің шағындығынан, жаздың өте ыссы болуынан, құрғақшылық жылдарда түсетін ылғалдың тапшылығынан, ұзақ уақыт үздіксіз пайдаланудан су өнімі бұл шамадан да күрт төмендейді. Таулы және ұсақ шоқылы аудандарда жарықшақтық, жарықшақтық-пластық сулар қалыптасады. Қоректену жағдайларының қолайлы, су сыйыстырушы жыныстардың фильтрациялық және коллекторлық қасиеттерінің жақсы болуынан бұл аймақтарда қарқынды жер асты ағыны пайда болады және судың табиғи мол қоры жиылады. Сулы жыныстардың 1 км2 ауданына келетін жер асты ағыны модулының орта мөлшерлері Орал-Мұғалжарда, Шу-Іле тауларында, Қаратауда, Сарыарқаның ұсақ шоқыларында 0,1-0,5 л/сек-қа, Жоңғар-Тянь-Шань, Алтай-Тарбағатай тау жүйелерінің орта және биік таулы аудандарында 1,5-15 л/сек-қа жетеді. Бұл сулардың табиғи қорларының жалпы көлемі 800 л3/сек, яғни 25 млрд. м3/жыл. Мұның 10 млрд. м3/жылы Шығыс Қазақстан, 8,5 млрд. м жылы Оңтүстік Қазақстан, 5,9 млрд. м3/жылы Сарыарқа, 0,6 м3/жылы Батыс Қазақстан тауларының үлесіне тиеді.
Пластық типті жер асты сулары жазықты аудандардың, тау іші ойыстарының, өзен аңғарларының (оның ішінде таулы аймақтардыңда) тектоникалық жарылыстар әсері тимеген палеозойдан антропогенге дейінгі цементтелмеген, не баяу цементтелген терригендік және карбонаттық жыныстарында кеңінен тараған. Бұл жыныстардың қалыңдығы өзен аңғарларында бірнеше л-ге, тау алды және тау іші жазықтарында, Сарыарқаның солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс шеттерінде 0,5-1,5 км-ге, Шу-Сарысуда, Арал маңының солтүстігі мен шығысында, Маңқыстау, Үстіртте 3-6 км-ге, Каспий маңы ойысында 10-19 км-ге дейін жетеді. Осыған сәйкес әр түрлі сулы горизонттардағы жер асты суларының жатыс тереңдігі тым әр түрлі. Горизонттардың жоғарғыларында арынсыз (грунттық), төменгілерінде күшті арынды (артезиан) сулар жатыр, минералдылығы түрліше келеді. Минералдық 0,2-3 г/л шамасындагы тұщы, сәл ашқылтым сулар Каспий маңы ойысының шығыс бөлігі, Солтүстік Арал маңы, Орталық Маңқыстау, Сырдария, Шу- Сарысу, Іле, Ертіс маңы ойыстарындағы өзен аңғарларында, эол құмдарының массивтерінде, су айырықтар аумағындағы құмды шөгінділерде, тау алды және тау іші ойпаңдарында, бор шөгінділерінің сулы горизонттарында, бұларға қоса пермь, триас, юра, палеоген шөгінділері дамыған кейбір алаңдарда бірнеше м-ден 500-800 м-ге дейінгі тереңдіктерде (Іле ойысында 2700 л-ге дейін) кездеседі. Минералдығы 50-400 г/л не одан да жоғарырақ тұздық түріндегі жер асты сулары Каспий маңы, Шу-Сарысу, Теңіз-Қорғалжын, Торғай ойыстарының, Маңқыстау мен Үстірттің едәуір бөлігінде және Солтүстік Қазақстанның сулы горизонттарында орналасқан. Ашқылтым және тұзды сулар да кеңінен таралған.
Әр түрлі сулы горизонттар мен аудандардағы пластық жер асты суларының өнімділігі тым әр келкі. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы тау алды және тау іші ойпаңдарын толтырған, қалыңдығы 200-500 м ірі кесекті шөгінділерде су мол. Бұл жыныстар қабатынан бұрғыланған жеке скважиналардың өнімі 50-70 л/сек-қа (кейде 100-120 л/сек) жетеді. Жоғарыда аталған аймақтардағы бор жыныстарынан, Солтүстік Арал маңының палеоген шөгінділерінен өткізіле бұрғыланған скважиналардың өнімі 5-10 л/сек-тан 40-50 л/сек-қа дейінгі шамада. Пластық типті жер асты суларын жыл сайын толықтыратын табиғи қордың шамасы 600 м3/сек-қа жуық немесе 19 млрд. м3/жыл.
Қазақстан жерінің негізгі бөлігін шөл және шөлейт алып жатыр. Бұл аймақтардағы беткі сулардың қорлары шағын және олардың таралу аймақтары тым әр түрлі. Сондықтан республика үшін жер асты суларының халық шаруашылығындағы мәні зор. Алматыны, 15 облыс орталығын, 150-ге жуық өндіріс, аудан орталықтарын, қалаларды, 3500-ден астам ауыл шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуге, 80 млн. га-дай мал жайылымдарын суландыруға, 15 млн. га-ға дейінгі егістік жерлерді суаруға жер асты сулары пайдаланылып отыр. Суландыруға, ауыз сумен қамтамасыз етуге, жер суаруға жарамды тұщы және сәл ашқылтым сулардың болашақта пайдаланылатын қорлары шамамен 40 млрд. м3/жылдан астам, оның 13 млрд. м3/жылға жуығы барланған. Бұл келешекте жер асты суларын көрсетілген мақсаттар үшін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстанда жер асты минералды және термал сулар, өндірісте пайдалануға жарамды тұздықтар кеңінен тараған. Минералды шипалы жер асты сулары әр түрлі ауруларды емдеу үшін аса тиімді түрде көптеген курорттарда (Алма-Арасан, Қапал-Арасан, Сарыағаш, Барлық-Арасан, Жәркент-Арасан т. б.) пайдаланылып отыр. Соңғы жылдары әсері күшті радиоактивтік, көмірсутектік, темірлі, азотты, сілтілі т. б. типті жер асты минералды сулары табылды. Жер астының термал бұлақтарының сулары парник шаруашылықтарында, коммуналдық, қоғамдық және тұрғын үйлерді жылытуға, жыл бойы жұмыс істейтін шомылу бассейндерін орнатуға, балық өсіретін жасанды су тоғандарында жыл сайын кеңінен пайдалануда. Мұндай сулар келешекте жаңа аудандарды жылумен қамтамасыз етудің және энергетиканың көзі болмақ. Бірсыпыра мұнайлы және тау-кен өнеркәсіпті аудандардағы жер асты тұздықтарынан негізгі өнімге қоса өндірістік масштабта көптеген сирек және шашыранды элементтерді (йод, бром, бор, калий, стронций, литий, германий, цезий, мыс, қорғасын т. б.) бөліп алуды ұйымдастырудың мүмкіндігі бар.
Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.70-74. Герасимов И. П., Рязанцев С. П. История географических исследований Казахстана, в кн.: Казахстан, М.-Л., 1950; Валиханов Ч. Ч. Избр. произв., А.-А., 1953; Пальгов Н. Н. Географическая наука в социалистическом строительстве Казахстана. в кн.: Наука в Казахстане за сорок лет Советской власти. А.-А., 1957; Бирмагамбетов А. Основные этапы географических исследований Казахстана. в кн.: Утемагамбетов М. М. Физическая география Казахстана. -А.-А., 1967; Бейсенова А. С. Некоторые итоги физико-географических исследований Казахстана довоенного времени (1917-1941 г. г.), в сб.: География, в. 2, 1970.Очерки по физической географии Казахстана. -А.-А.,1952; СваричевскаяА. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. Л., 1965; Утемагамбетов М. М. Физическая география Казахстана. А.-А., 1967; Казахстан. М., 1969; Жандаев М. Ж. Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин. А.-А., 1972.Щерба Г. Н. Геотектоногены и рудные пояса. А.-А.,1970; Абдулин А. А.Геология Мугоджар. А.-А., 1971; Борукаев Р. А., Ляпичев Г. Ф. Складчатые комплексы Восточного Казахстана. в сб.: Вопросы геологии Казахстана. А.-А„ 1971; Беспалов В. Ф. Геологическое строение Казахской ССР. А.-А., 1971; его же, Тектоническая карта Казахской ССР и прилегающих территорий Союзных республик масштаба 1:1 500 000 (Объяснительная записка), А.-А., 1975.Кумпан А. С. Верхний палеозой Восточного Казахстана. М., 1966; Бандалетов С. М. Силур Казахстана. А.-А., 1969; Беспалов В. Ф. Геологическое строение Казахской ССР. А.-А., 1971; Никитин И. Ф. Ордовик Казахстана.-ч. 1-2, А.-А., 1972-1973; Допалеозой и палеозой Казахстана, т. 1-2, А.-А., 1974.Металлогенические и прогнозные карты, А.-А., 1959; Чакабаев С. Е. и др. Геология и нефтегазоносность Южного Мангышлака. А.-А„ 1967; Есенов Ш. Е., Кунаев Д. С., Мухамеджанов С.М. Недра Казахстана. А.-А., 1968.
Жарияланған-2023-04-17 16:45:11 Қаралды-1358
ҚАРАТОРҒАЙ
Қараторғай - өте тамаша әнші құс. Әр жылы көктемде қанатты достарымыз - қара- торғайларды ұя жасап қарсы алу дәстүрге айналған. Қараторғай Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Ол жыл құстарының қатарына жатады.
АСПАНДА ҚАНША ЖҰЛДЫЗ БАР?
Күн - біздің космостық үйіміздегі әрі жалғыз, әрі ең жақын жұлдыз.
МАЛАЙСАРЫ БАТЫР
Малайсары (шамамен 1700 жылы дүниеге келген, 1756 жылы қайтыс болған) - Орта жүздің батыры әрі биі. Шыққан тегі - Орта жүздің арғын тайпасының бәсентиін руынан. Акесі Тоқтауыл - батыр, балуан болған кісі.
ЖЫЛНАМАЛАР ЖИНАҒЫ
«Жылнамалар жинагы» - бұл екі томнан тұратын кітап. Кітапты Иран хандарының сарайында жоғары қызмет істеген Фазлаллах Рашид әд-Дин жазған. Ол Жылнамалар жинағын» 1300-1301 жылдары бастап, 1310-1311 жылдары аяқтаған. Шамамен 10 жыл бойы еңбектенген.
БАЛ АРАЛАСТЫРЫЛҒАН СҰЛЫ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Ұнға сода араластырылып, елекпен еленеді. Май қантқа қосылып, әбден ағарғанша шайқалады.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану