ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ - БҮКІЛ ХАЛЫҚТЫҚ ЕРЛІК
КПСС ОК-нің 1954 жылы Февраль-март пленумының шешімдеріне және КПСС пен Совет үкіметінің басқа қаулы-қарарларына сәйкес Қазақ ССР-і мен елдің басқа шығыс аудандарында 42 млн. га тың және тыңайған жерді игеру халық пен партияның еңбектегі ерен ерлігі, Советтік Қазақстанды СССР-дің негізгі астықты аймақтарының біріне айналдырған және оның экономикасы мен мәдениетінің өрістеуіне қуатты серпін берген тарихи оқиға болды.
Шұғыл түрде және кең көлемде тың және тыңайған жерді игеру еліміздің экономикасын, ең алдымен оның аса маңызды саласының бірі ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың тарихи қажеттілігінен туындаған құбылыс болды. КПСС ОК-нің Бас секретары, СССР Жоғары Советі Президиумының Председателі Л. И. Брежнев «Тың» кітабында атап көрсеткеніндей, 50 жылдардың басында елдегі: «... астық жағдайы әжеп-тәуір ауыр болды. Елімізде дәнді дақылдар шығымдылығы әр гектарға шаққанда 9 центнерден аспады. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды да, 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Сол кезде біздің ептеп мемлекеттік резервтен пайдалануымызға тура келді» (А., 1978, 63 б.). Мал шаруашылығындағы жағдай да айтарлықтай болмады. Жалпы алғанда, елдің ауыл шаруашылық өнімі халықтың өскелең талабына сай келмеді. СССР-дің ауыл шаруашылығына тән осы кемшіліктер Қазақстанда да орын алды. Л. И. Брежневтің сөзімен айтқанда: «...Қазақстандағы істің жайы жалпы жағдаймен салыстырғанда да тым өрескел еді» (бұл да сонда, 16 б.). Табиғи мүмкіндіктері аса бай осы өлкеде астық, ет, мақта, жүн өндіру Ұлы Отан соғысынан бұрынғы дәрежесімен салыстырғанда өспеген, қайта, кейде тіпті кеміп те кеткен еді. Сүт сауу мөлшері 1940 жылмен салыстырғанда төмен болды, дәнді дақылдардан гектарына 5-6 ц-ден, мақтадан не бары 10 ц ғана өнім жиналды, ал картоптың түсімі гектарына 60 ц-ден аспады.
Қазақстанда миллиондаған га тың жерлердің ғасырлар бойы игерусіз жатқандығына қарамастан, республикадағы егіс көлемі өте баяу ұлғайды. 1940-1953 жылдар (13 жылда) оның көлемі не бары 2,9 млн. га-ға ғана өсті. 1953 жылға дейін Қазақстан жылына орта есеппен мемлекетке жүз млн. пұттан сәл астам астық өткізіп келді. Мал басы да баяу өсті. Мал шаруашылығы фермалары ұсақ әрі олардың товарлылығы төмен болды. 1952 ж. Қазақстан колхоздарында әр сиырдан жылына орта есеппен 629 л-ден ғана сүт сауылды. 1953 жылға дейін Қазақстандағы 293 совхоз республикадағы астық өнімінің 18%-ін ғана берді.
Ауыл шаруашылығының даму қарқыны онеркәсіптің даму қарқынынан төмен болуы себепті олардың арасында белгілі дәрежеде үйлесімсіздік пен сәйкессіздік орын алды.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығының халі объективті және субъективті себептерге байланысты болды. Бұл туралы Қазақстан Компартиясының 7-съезінде (1954 жылы 16-18 февр.) жан-жақты айтылды. Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы жағдай экономиканың аса маңызды осы саласының «...бүкіл ел бойынша олқылыққа ұшырағандығын бейнелейтін еді, бұл жайында КПСС Орталық Комитетінің 1953 жылғы Сентябрь пленумында партия тура да ашық айтқан болатын» (бұл да сонда, 16 б.). Пленум ауыл шаруашылығының жағдайына талдау жасай келіп, онда орын алып келген кемшіліктерді жоюға бағытталған «СССР-дің ауыл шаруашылығын одан әрі өркендету шаралары туралы» аса маңызды қаулы қабылдады. Бұл шаралар негізінен ауыл шаруашылығына басшылықтағы кемшіліктерді жоюға бағытталған программа болды. Алайда бұл программа «... ауыл шаруашылығының барлық салаларын көтеруге бағытталған болса да, дереу табысқа жетуді қамтамасыз етпеді және қамтамасыз ете алмайтын да болатын. Әсіресе, мұның басты міндеті - астық- өндіруге қатысы болды. ...Міне, сондықтан да, тіпті тәуекелге бел буып, уақыттан ұту үшін ғана ресурстар мен қаржының бір бөлігін еліміздің астық балансы қиын жағдайда бір маусымның ішінде мол қосымша жеміс беретін тың игеру ісіне батыл түрде аудару қажет болды» (бұл да сонда, 68 б.).
Коммунистік партияның тың көтеру жөніндегі ұлы идеясы КПСС ОҚ-нің 1954 жылы 23 февральдан 2 мартқа дейін өткен Пленумы қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттырутуралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысындаөз бейнесін тапты. Осы қаулыда бұрыңғы егіншілік аудандардағы егін шаруашылығын арттыруға деген назарды бәсеңдетпей, елдегі егіс көлемін едәуір және тез ұлғайту міндеті бірінші кезекке қойылды. Ал бұл міндеттің орындалуы СССР-дің шығысындағы тыңды игеру арқылы ғана мүмкін болды. Тың игеру идеясын тым қысқа мерзімде жүзеге асыру қажеттігін анықтағанда, партия совет халқының алдына жалпы астықты көбейтіп қана қоймай, әсіресе, аса бағалы азық-түліктік дақыл - бидайды мол өндіру міндетін қойды. Өйткені 50 жылдардың басында елде бидай өте тапшы болды. Ал мұндай бидайды тек қана тыңнан алуға болатын еді, себебі бидайдың неғұрлым жоғары сапалы қатты және күшті сорттарын осында өсіру мүмкін еді. «Осы мәселе нәтижелі шешілсе астық балансы түбірімен... революциялық қарқында өзгерген болар еді» (бұл да сонда, 64-6.).
КПСС ОК-нің 1954 жылы Февраль-Март пленумы Қазақстанда, сонымен бірге Алтай және Краснояр өлкелерінде, Новосибирск мен Омбы облыстарында, Поволжье, Орал және Қиыр Шығыста астық дақылдарының егіс көлемін тың және тыңайған жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдар 13 млн. га-ға ұлғайтып, 1955 жылдың өзінде-ақ ол жерлерден 800-900 млн. пұт товарлы астық алу міндетін алға қойды. Бұл егіс көлемінің жартысына жуығы (6,3 млн. га-сы) Қазақстанда игерілуге тиісті болды.
Еліміздің шығысындағы тың және тыңайған жерлерді игеру туралы партия шешімі совет халқының тарапынан үлкен еңбек өрлеуін туғызды. Елдің басқа аудандарымен қатар Қазақстанның солтүстік облыстарын қамтитын орасан зор географиялық зонада тыңды халық игілігіне айналдыру үшін ұлы жорық басталды.
Қазақстанда тың жер негізінен қазіргі 6 облыста (ол кезде бесеу болатын) -Қостанай, Целиноград (бұрынғы Ақмола), СолтүстікҚазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында игеріле басталды. Қазақстанда тың игеру күресін Л. И. Брежнев тікелей басқарды. Л. И. Брежнев 1954 жылдың басында КПСС ОК-нің жолдамасы бойынша тың игеру ісіне жетекшілік жасау үшін Қазақстанға келді. Л. И. Брежнев Қазақстан Компартиясы ОК-нің секретары (1955 жылдың авгусынан 1-секретары) ретінде тың жерлерді игеруге байланысты кең көлемді, көп салалы, ауыр да күрделі іске іскерлікпен басшылық жасады. Д. А. Қонаев, әділ бағалағанындай: «Қазақстан еңбеккерлері, бүкіл совет халқы сияқты, мәңгі өшпес тың эпопеясының кемеңгер стратегі ретіндегі Л. И. Брежнев жолдастың аса үздік ролін, бақытқа қарай тың эпопеясының тамаша тағдыры осы адамның ақыл-ойы, аялы алақаны арқылы өткенін, ол эпопеяның қазірдің өзінде аңызға айналған кешегісін, ерлікке толы бүгінгісін және ешбір ортаймас болашағын жақсы біледі» («Социалистік Қазақстан», 1978 ж. 21 нояб.).
Тың дегеніміз тек жыртылған жер ғана емес еді. Тыңды игеру барысында Коммунистік партияға, совет халқына ондаған мың га жаңа жерлер жыртумен қатар аса зор көлемді шаралар жүйесін жүзеге асыру қажет болды.
Тың игерудің алғашқы күндерінен бастап республиканың партия ұйымдарына, совет шаруашылық органдарына аса күрделі және кезек күттірмейтін бір-бірімен тығыз байланысты шаралардың комплексін шешуге тура келді. Олар: жаңа шаруашылықтар мен кеңейтілген ескі шаруашылықтарды жерге орпаластыру; жаңадан құрылатын совхоздардың орталығына жер таңдау; әзірше мүлде иен жатқан далада жүздеген мың адамдарды қабылдап алып орналастыру; жаңа совхоз поселкелеріндегі орасан зор құрылыс; қажетті мамандарды іріктеп алу; алуан түрлі адамдар бұқарасынан бірлікшіл, топтасқан коллективтер құру. Бұл шараларды жүзеге асыру орасап зор күш-жігер мен қыруар материалдық жабдық жұмсауды талап етті. Мұндай ерекше қиын проблеманы ойдағыдай шешуде партия бүкіл елдің қуатты экономикасына, социалистік қоғамның артықшылықтарына сүйенді. 1954-1955 жылдар ғана Қазақстапның ауыл шаруашылығына 6 млрд. 105 млн. сом (бүкіл 4-бесжылдықта жұмсалған қаржыдан 4 еседей артық) жұмсалды.
Тың игеріліп жатқан өлкеге Совет елінің барлық аудандарынан дерлік тәжірибелі механизаторлар, мамандар, қажетті техника, құрылыс материалдары толассыз келіп жатты. КПСС ОК-і Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан КП ОК-нің 1-секретары Д. А. Қонаев жолдас дұрыс атап көрсеткеніндей, Қазақстан тыңын игеру үшін СССР-дің барлық республикаларынан дерлік өз пайдасын көздемей, бүкіл Совет елінің игілігін коздеп, партия шақыруымен, өз жүректерінің қалауы бойынша өз тағдырларын тыңмен мықтап тұрып байланыстырмақ болған сан мыңдаған жас патриоттар келді. Тек комсомол жолдамасымен ғана 350 мың жас өспірім жігіттер мен қыздар келді, ал комсомол комитеттеріне, жалпы алғанда, бір миллиондай өтінііп түсті. Тек қана Москва облысының 240 шақты кәсіпорны, Ленинградтың 70 кәсіпорны тыңның заказын орындаумен шұғылданды. Тың игерудің алғашқы екі жылында ғана Қазақстан совхоздары мен МТС-тері мемлекеттен 122 мың трактор (15 а. к. есебімен), 26 мың комбайн, 22 мыңнан астам жүк машинасын алды.
Тыңды игеретін аудандардағы жетекші кадрларды іріктеп алу ісі де аса күрделі болды. Тек қана 1954 жылдың ішінде тыңда жұмыс істеуге жаңадан бес жүзден астам аудандық партия комитеттері секретарьлары мен бастауыш партия ұйымдары секретарьларының, мыңнан астам колхоз председательдерінің, агрономдардың, зоотехниктердің, инженерлердің, механиктердің кандидатуралары қаралып ұсынылды. Ал СССР Совхоздар министрлігі тыңдағы совхоздарда қызмет істеитін мамандарды іріктеп алу жөнінде арнайы штаб құрды. Қазақстанға КПСС ОК, одақтық министрліктер, еліміздің көптеген республикалары мен облыстары зор көмек көрсетіп, тыңға өз кадрларын жомарттықпен бөлісті.
Бұл совет халқының алдында тұрған тың игеру жөніндегі орасан зор міндетті жүзеге асыру 1954 жылы көктемде жаңа жерді кең көлемде жыртудан басталды. Тың игеруге Қазақстанда 1697 колхоз, 283 МТС, 216 совхоз қатынасты. Республикалық жер қоры жан-жақты әрі мұқият зерттелді.
Тың игеру ісіне ғалымдар үлкен үлес қосты. Игерілуге тиісті ұшықиырсыз далаға ең алдымен ғалымдар, гидротехниктер, ботаниктер, жерге орналастырушылар, агрономдар аттанды. Өйткені, Л. П. Брежнев жолдас орынды атап көрсеткеніндей, құнарлы жер тұтасып жатқан жоқ еді. Ондай жерлерді анықтау керек болды. Жерге орналастырушылардың Қазақстан территориясының үштен біріне жуығып зерттеуіне тура келді. Тек Қаз. ССР ҒА гана 69 комплексті экспедиция мен отряд құрып, тың игеруге тиісті аудандарға аттандырды.
Бұл жұмыстарды атқарушылардың алдыңғы сапында Қазақ ССР ҒА-ның ғалымдары, ең алдымен Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары болды. Сол институттың ғалымы Ө. Оспанов былай дейді: «Ұшы-қиырсыз далаға ең алдымен сапар шеккен біздің әрбір отряд құрамында топырақ зерттеуші, жерге орналастырушы, агроном, су жүйесі жөніндегі мамандар болды. Кей бригада-экспедицияларға жер жағдайына орай ботаниктер де қосылды. Олардың негізгі мақсаты бос жатқан кең дала төсін зерттеу, құнарлы жерді тауып, жаңа шаруашылықтарға орын бөлу еді. Бұл орайда ғалымдар республикалық территориясынан табиғи шаруашылығы жағынан айқын айырмашылығы бар алты аймақты анықтап, қай жерлерге дәнді дақылдар себу керек, қай жерге мал өсірукерек, егіншілік пен мал шаруашылығын қай жерде қатар алып жүру керек, суармалы шаруашылыққа қай жер қолайлы - осының бәрін саралап, нақты ұсыныстар жасады. Республиканың 178 ауданы зерттеліп, бұл жерлердің қыртысы, өсімдігі, су коздері мен жергілікті құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізат қорлары егжей-тегжейлі картаға түсіріліп, аудандық, одан кейін облыстық, республикалық ұйымдарға тапсырылды» («Лениншіл жас», 1978 ж., 18 нояб.)
Қазақстан тыңын зерттеп бағалауға республикалық мамандарымен бірге бүкіл еліміздің маман ғалымдары қатысты. Осының нәтижесінде әуел баста егіндікке жарамды 22,6 млн. га жер бар екендігі, ал кейінірек мұндай жерлердің көлемі 30 млн. га-ға жуық екендігі анықталды.
1954 жылы тың игеру ісінде орасан табысты жыл болды. Елімізде жоспарланған 13 млн. га-ның орнына 19 млн. га жер жыртылды. Жер жырту жоспары Қазақстанда да артығымен орындалды. 1954 ж. Қазақстанда жаңадан 90 совхоз ұйымдастырылды, республикалық ауыл шаруашылығының еңбеккерлері жоспардағы 6.367 мың га-ның орнына 8.531 мың га тың және тыңайған жер игерді. 1954 жылдың 10 авгусына дейін бүкіл еліміз бойынша тың және тыңайған жерлерді көтеру жоспары 103,2% орындалды.
Алғашқы тәжірибені жинақтап, еліміздің мүмкіншіліктерін таразылай келе, КПСС ОК мен СССР Министрлік Советі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» (1954 ж. 13 авг.) жаңа қаулы қабылдады. Қазақстан қосымша тағы да 250 жаңа совхоз ұйымдастыруға тиіс болды. 1954 жылдың күзінен бастап тыңға шабуыл бұрынғыдан зор көлемде өріс алды. 1954 жылы күзде Қазақстанда тағы да 233, ал 1955 жылдың басында 17 жаңа астық совхозы құрылды. Жаңа совхоздар әуел бастан-ақ астық өндіретін қуатты мемлекеттік шаруашылықтар болып ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысы орта есеппен 25-30 мың га жерді игеріп, оған тұқым септі.
Тың жерлерді жаппай игеру жылдарында жаңа совхоздар құрумен қатар бұрыннан келе жатқан совхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайтуға бағытталған айтарлықтай шаралар жүзеге асырылды. Сонымен қатар тың игерілген аудандардағы көптеген колхоздар совхоздарға айналдырылды. 1955 ж. бұрынғы экономикалық жағынан әлсіз колхоздар негізінде 15 совхоз құрылды. 1957 жылдың көктемінен бұрынғы жері аз, экономикасы әлсіз колхоздар мен оларда қызмет етіп келген МТС-тердің негізінде совхоздар ұйымдастыру ісі кең өріс алды. Бір жылдың ішінде ғана 188 ірі совхоз құрылды.
Сонымен, 1954-1958 ж. Қазақстан үшін совхоздар қарқындап өскен кезең болды. Олардың саны 807-ге жетті немесе 1953 жылғыға қарағанда 2,7 есе өсті. Тыңның игерілуі олардың негізгі өндірістік бағытын анықтады. Олардың басым көпшілігі астық совхоздары (409) мен қой өсіретін совхоздар (247) болды. Ет-сүт, мақта өсіретін және басқа бағыттағы совхоздардың саны да біршама өсті.
Жеті жылда (1954-1960) Қазақстанда 25,5 млн. га тың және тыңайған жер игерілді. Алғашында тың жерлер негізінен Қазақстанның солтүстік облыстарында игерілді. Кейінірек жаңа жерлерге шабуыл суармалы егіс дамытылған оңтүстік облыстарда да жедел өрістетілді. Мелиорацияға қарай берік бағыт алған КПСС ОК-нің Май (1966) пленумыныц шешімдерін жүзеге асырудың нәтижесінде республикада суармалы жердің көлемі 1,8 млн. га-ға дейін өсті. Оның көлемі жөнінен Қазақстан қазір одақтас республикалар арасында елімізде 3-орын алып отыр. Республиканың оңтүстігінде ауыл шаруашылығының жаңа бір саласы - күріш шаруашылығы пайда болды.
Компартия мен Совет үкіметі тың жерді жаппай игеру жоспарын жүзеге асырғанда, ауыл шаруашылығын шұғыл өрлету жөнінде шаралар белгілей отырып, күн тәртібіне жаппай жаңа ірі астық совхоздарын құру мәселесін қойды. Тарихи тәжірибе растағанындан, бұл жол тың игерілген аудандарда ауылшаруашылығын өркендетудің өте-мөте тиімді жолы болды.
Тың игеру туралы партия идеясын жүзеге асыруда қыруар қиыншылықтар кездесті. Ол қиыншылықтар, ең алдымен, жаңа совхоздардың өндіріс орталықтары мен негізгі қатынас жолдарынан шалғай жатқан далалық аудандарда құрылуына байланысты болды. Бастапқы кезде Отанымыздың түкпір-түкпірінен тыңды игеру үшін келіп жатқан сан мыңдаған патриоттарға қажетті баспана жетіспеді, оларға ойдағыдай тұрмыстық және мәдени жағдайлар жасау оңай болған жоқ. Азық-түлікпен, сумен қамтамасыз етуде де кемшіліктер орын алды.
Алайда Совет адамдары тың игеруде кездескен қиыншылықтарды қайсарлықпен жеңіп шықты. Қазақстан тыңын игеру еліміздің халықтары достығының социализмнің қуатты қозғаушы күшінің біріне айналғандығының тағы да бір жарқын дәлелі, партиямыздың лениндік ұлт саясатының тағы да бір тамаша жеңісі болды. «Тың жер интерпационалдық тәрбиенің шын мәніндегі мектебіне, еліміздегі барлық халықтар өкілдерінің дана тәжірибесінің, еңбек дағдылары мен жеңіске құлшыныстың жиынтығына айналды!» (Брежнев Л. И., Тың, А., 1978, 92 б.). Тың игерудің барысында қазақ халқы Коммунистік партия бойына сіңдірген революциялық және интернационалдық қасиеттерін айқын танытты. Бұл туралы Л. И. Брежнев «Тың» атты еңбегінде былай деп жазды: «Ақселеулі тың жерлерді игеру жөніндегі партия шешімін тұтас алғанда қазақтардың басым көпшілігі зор шабытпен мақұлдап қарсы алғанын атап өтуге тиіспін. Тыңды көтеру қазақтар үшін оңай міндет болған жоқ, өйткені қазақ халқы жүздеген жылдар бойы мал шаруашылығымен айналысып келді ғой, ал енді болса олардың көбіне-ақ сахараның байырғы тұрмыс ғұрпын бұзып, егінші, механизатор, астық шаруашылығының мамандары болуына тура келетін еді. Дегенмен, жергілікті тұрғындар тың көтеруге қаһармандықпен, барынша белсене қатысып, даналық пен ерлік көрсете білді. Қазақ халқы тарих биігіне көтеріле білді, бүкіл елдің қажетін түсініп, өзінің революциялық интернационалдық қасиетін танытты» (бұл да сонда, 29-30 б.).
Қазақстан тыңын көтеріп, оны бүкіл Отанымыздың игілігіне айналдыруда тың игеруші совет патриоттары ерен еңбек үлгісін көрсетті. Л. И. Брежнев жолдастың бейнелі сөздерімен айтсақ, адамдар жерде астық өсірсе, жер адамдардың өзін өсірді.
Тың игерген қаһармандарды бейнелей келіп Л. И. Брежнев жолдас, КПСС ОК-нің Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан КП ОК-нің 1-секретары Д. А. Қонаев жолдас туралы былай деді: «Білімі жағынан кен инженері, түсті металдар маманы ол тар шеңбердің адамы еместі, мемлекеттік тұрғыда мағыналы, кең тынысты батыл ойлар өрбітетін, Қазақстанның орасан зор ресурстары және оның өркендеу перспективалары туралы зерделі де терең пікірлер айтатын. Осы бір салиқалы, мейірлі де абзал жанды кісі әрі аса жігерлі, партиялық принципке берікті».
Қазақстан тыңып игеріп, оны халық ризығына айналдыруда өздерін осындай «қаһармандық кезеңнің тұлғасы» ретінде көрсете білген И. И. Иванов, Ж. Демеев, М. Е. Довжик, Н. Мәлғаждаров, В. Ф. Макарин, Л. М. Картаузов, А. Үркімбаев, В. Рагузов, Е. А. Зайчукова, В. А. Дитюк т. б. ардагерлердің есімдері бұл күндері бүкіл елімізге кеңінен мәлім.
Партия совет ғалымдарын игерілген тыңда егіншіліктің ең жоғары мәдениетін қалыптастыруға, одан соң шөлейт аймаққа жақсы икемделген егіншіліктің агротехникалық жүйесін жасауға жұмылдырды. Партияның осы агротехникалық саясатын жүзеге асыруға совет ғалымдары, ең алдымен Шортандыдағы (Целиноград обл.) Бүкіл одақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үздік ұлес қосты. Институт директоры, ВАСХНИЛ-дің академигі А. И. Бараевтың басшылығымен жүргізілген ғылыми ізденістердің нәтижесінде топырақ қыртысының құнарын сақтай отырып, егіншілік мәдениетін үздіксіз жетілдіре беруге жағдай жасайтын жаңа әдіс - тыңдағы егіншілік жүйесі, топырақты эрозиядан қорғаудың комплексті шаралары, ғылыми ойластырылған агротехникалық зерттеулер дүниеге келді. Олар тез арада партия басшылығымен практикалық іске ұласты. Институт ғалымдары әзірлеген егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін енгізу партиялық тегеуірінді басшылық арқасында ғана жүзеге асты және ол тыңды эрозиядан қорғап қалды. Л. И. Брежневтің өзі атап көрсеткеніндей, оның КПСС ОК-нің Бас секретары қызметіндегі көп жұмысының бірі тың жерде А. И. Бараев бастаған совет ғалымдары әзірлеген егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін қолдау болды. «Біз, - деп жазды Л. И. Брежнев, - оны қысқа мерзім ішінде орасан зор территорияда, соның ішінде еліміздің басқа да далалы аймақтарында қолдана алдық, ғылымның ұсыныстарын техникалық құрал-жабдықпен баянды еттік» (бұл да сонда, 171 б.). Бұл жүйені енгізу тыңды жел эрозиясынан қорғауды сенімді түрде қамтамасыз етті.
Тыңды игеру Қазақ ССР-ін еліміздің аса ірі астықты аймақтарының біріне айналдырды. Совет халқының қажырлы, ерлік еңбегінің және Компартияның басшылығының нәтижесінде тарихи аз уақыттың ішінде жалпы Совет Одағында 41,8 млн. га тың жер көтерілді, мұның ішінде Қазақ ССР-інде 25,5 млн. га жаңа жер игерілді.
Қазақ ССР-інде тың игерудің көлемі мен тиімділігі жөнінде мына цифрлар да айқын дерек береді: тың игеру басталған 1954 жылдан 1977 жылға дейінгі мерзімде Қазақстанда 438,2 млн. т астық өндіріліп, оның 252,2 млн. т-сы мемлекетке сатылды. Осы мерзімде Қазақстанның ауыл шаруашылығын, соның ішінде тыңды дамытуға 21,1 млрд. сом жұмсалды. Астық сатудың айналым салығынан 27,2 млрд. сом алынды, таза пайда 6,1 млрд. сом болды, ал негізгі және айналмалы ауыл шаруашылық қорларының құны 15 млрд. сомға жетті. Сөйтіп, жұмсалған барлық еңбек пен шығын барынша қысқа мерзімде өтеліп, оның сыртыпда 6 млрд. сомнан астам пайда алынды. «Адамзаттың шаруашылық тарихында астық үшін жүргізілген ең әсерлі шайқаста міне осындай жақсы нәтижемен жеңіске қол жетті! Ежелгі дала алып күшін көрсетті. Адам еңбегімен түлеген сол дала біздің бүкіл ауыл шаруашылығымызға тұрақтылық берді, қажетті мөлшерде астық алудың кепілдігін қамтамасыз етті. Және де ол жер күшін еселей түсуде» (бұл да сонда, 172-173 б.).
Тың игерілгенге дейін республиканың мемлекетке астық сатудағы үлес салмағы 4-6% мөлшерінде болса, қазір 12%-ке тең. КПСС ОК-нің Март (1965) пленумынан кейін Қазақ ССР-і Отан қоймасына бес рет 1 млрд. пұттан астық құйды. Қазіргі заманның озық техникасымен жабдықталған аса ірі совхоздары бар тың республиканың өндіргіш күштерін дамытуға зор ықпал жасады.
Тың игерілгенге дейін Қазақстан территориясының төрттен бірін алып жатқан оның солтүстік облыстарының үлесіне республикалық негізгі өндірістік қорларының 10%-тен салада жұмыс істейтіндердің бестен бір бөлігі келетін еді. Ол кезде бұл өлкеде, әсіресе құрылыс материалдары ендірісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен ауыр индустрияның дәрежесі томен болды.
Тың игеріле басталғаннан бергі ширек ғасырда мұнда көп салалы, жедел дамып келе жаткан өнеркәсіп өндірісі қалыптасты. Өнім өндіру Кокшетау облысында 34,9 есе, Торғай облысында 27,9, Целиноград облысында 10,2 есе өсті. Республиканың өнеркәсіп өндірісіндегі тың игерген облыстардың үлес салмағы екі еседен астам артты, ал оның салалық құрылымында айтарлықтай өзгеріс орын алды. Қазақ ССР-інің солтүстік облыстарында ауыр индустрияның кейбір салалары, сол сияқты ауыл шаруашылық машиналарын шығару, трактор жасау өнеркәсіп орындары құрылып, шапшаң дамып келеді.
Тыңда егіншіліктің қарыштап өркендеуі мал шаруашылығын бұрынғыдан әрі дамыту үшін мол мүмкіндіктер туғызды. Тың игеріле бастағаннан бері республикада ірі қара мен қой саны екі есе көбейді. Ет пен сүт сатып алу 4 есе, ал жүн сатып алу - 3,5 есе өсті. Республикада ет өндіру 4 есе көбейді. Одақ бойынша етке арналған ірі қараның саны 4 млн. болса, оның 1,8 млн-ы Қазақстанда өсіріледі.
Ширек ғасырдың ішінде бұл өлкеде алып аграрлық-өнеркәсіп комплексі құрылып, бүкіл одақ экономикасына қуатты
Тың игеру Қазақ ССР-ін еліміздің аса ірі астықты аймақтарының біріне айналдырып қана қойған жоқ, сонымен бірге республиканың сан-салалы экономикасы мен мәдениетін жаңа сапалы биікке көтеруге жарқын жол ашып, мол мүмкіндіктер туғызды. Тың игерудің Советтік Қазақстан үшін аса үлкен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер бергендігі туралы Л. И. Брежнев «Тың» атты кітабында былай деп жазды: «Тың жер Қазақстанның өндіргіш күштерін дамытуға, оның экономикасын, ғылымын, мәдениетін өсіруге қуатты серпін берді. Аса ірі өнеркәсіп тораптары пайда болды, жаңадан тоқсан қала, соның ішінде бүкіл елімізге әйгілі Рудный, Екібастұз, Ермак, Кентау, Арқалық, Шевченко бой түзеді. Республика кемір мен мұнай, шойын мен болат, түсті металдар өндіріп, минералдық тыңайтқыштар, ең жаңа станоктар, машиналар, тракторлар шығарады. Бір кездерде мешеу қалған Қазақстанда шапшаң нейтрондармен жұмыс істейтін реактордың іске қосылғаны да енді ешкімді таңдандыра алмайды.
1954 -1960 жылдар Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру (мың га)
Облыс |
Жыл |
|||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1954 |
1955 |
1956 |
1957 |
1958 |
1959 |
1960 |
1954-1960 ж. тұтас алғанда (мың га) |
|
Целиноград |
1(544 |
1734 |
155 |
118 |
283 |
138 |
236 |
4308 |
Көкшетау |
1428 |
928 |
44 |
51 |
124 |
39 |
120 |
2734 |
Павлодар |
1021 |
1185 |
406 |
46 |
294 |
187 |
259 |
3398 |
Қостанай |
1710 |
2602 |
185 |
180 |
339 |
125 |
471 |
5612 |
Солтүстік Қазақстан |
759 |
270 |
13 |
18 |
155 |
40 |
75 |
1330 |
Республика бойынша |
8531 |
9436 |
1908 |
1064 |
1877 |
1020 |
1648 |
25484 |
Туысқан республикалар шоғырында қазір Қазақстан жұлдызы бұрынғыдан да жайнап, жарқырай түсті» (бұл да сонда, 174 б.).
Тыңды игерудің комплексті программасының табысты жүзеге асырылуы өндірістік қатынастарға да игілікті әсер етті. Осыған байланысты ауыл шаруашылығындағы жалпы халықтық меншіктің нығая түскендігін ең алдымен айту қажет. Бұған тың жерлерді игеру мемлекеттік шаруашылықтарды - жаңа совхоздарды құру арқылы жүзеге асырылғандығы негіз болды. Қазақстан совхоздар республикасына айналды. Өндірістің шоғырлануынын жоғары дәрежесі және оның қазіргі заманғы техникамен карқынды жабдықталуы еңбек ресурстарын пайдалану ісін жақсартты. Ал еңбек ресурстарын пайдаланудың жақсаруы өндірістік қатынастарды нығайтудағы маңызды шарттардың бірі болды. Тың игерілген облыстардағы халықтың жиілігі, оның қоғамдық еңбекке қатынасуы күрт өсті. Тыңдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің саны 1950 жылмен салыстырғанда, 5,2 есе өсті, бұл жалны республикалық көрсеткіштен әлдеқайда артық.
Тың және тыңайған жерлерді игеру селоның әлеуметтік дамуына қуатты ықпал етті. Селода орын алған сапалы өзгерістердің ішінен ең алдымен селодағы жұмысшы табы санының, әсіресе механизаторлар санының өскенін атаған жөн. Республиканың ауыл шаруашылығында 100 мыңдай агроном, инженер, зоотехник және басқа мамандар жұмыс істейді. Соңғы ширек ғасырда тың игерілген қазақ даласында совет халқының жаңа бір ұрпағы - тың игерушілердің 2-ұрпағы өсіп жетілді. Егер бұрынғы қазақ даласында негізгі мамандық қой бағу болса, бүгінгі ауыл-селодағы басты тұлғаның бірі - механизатор. Бүгінде республиканың тың өңіріндегі әрбір совхозда орта есеппен 143 механизатор бар. Әр совхозға қазір орта есеппен 49 комбайннан, 99 трактордан (оның ішінде 14 К-700, К-701 маркалы қуатты тракторлар бар) келеді. Ал тың игеріле бастаған кезде әр шаруашылықта орта есеппен 33 механизатор, 35 трактор және 16 комбайн болған еді.
Игерілген тыңды жаппай электрлендіруді жүзеге асыруда аса зор жұмыстар атқарылды. 1961 ж. Қазақстанның солтүстігінде тың игерген облыстардың шағын электр станциялары негізінде аймақтық «Целинэнерго» басқармасы құрылды. Тыңның электр жүйесі ұйымдастырылған кезде мұндағы электр станцияларының жалпы қуаты небары 43,8 мың квт-қа тең еді, ал жоғары вольтті жүйенің ұзындығы 533 км-ге ғана жететін. СССР Министр Советінің 1961 жылғы 20 январьдағы қаулысына сәйкес Қазақстанның солтүстік облыстарындағы тың жерлерді жаппай электрлендіру ісін жоспарлы түрде жүзеге асыру қолға алыңды. Соның арқасында тың игерілген ұланғайыр алқапты бір орталықтан электрмен қамтамасыз етуге қол жетті.
Энергетиканың айтарлықтай дамуына, энергияны пайдаланудың күрт ұлғаюына байланысты жаңа жүйелер пайда болып, «Целинэнергодан» 1965 ж. «Павлодарэнерго», 1967 ж. «Кустанайэнерго» бөлініп шықты. Тың игерілген аудандарды жаппай электрлендіруде ірі табыстарға қол жетті, Қазақстан облыстарының шаруашылықтарын жаппай электрлендіру 1967 жылы жүзеге асып, Көкшетау облысында 1973 ж., Целиноград облысында 1976 ж. аяқталды.
Жаппай электрлендірудің жүзеге асуы ұсақ станцияларды түгел дерлік жойып, 18 мыңнан астам механизаторларды бұл жұмыстан босатуға және тікелей ауыл шаруашылық өндірісіне аттандыруға мүмкіндік берді. 10-бесжылдықтың алғашқы үш жылында селоға берілген пайдалы электр энергиясы 5 млрд. квт. сат-тқа асты. Тыңдағы шаруашылықтарда әрбір еңбек адамына шаққанда электр энергиясымен жарақталу тың игергенге дейінгіден 9 есе артып отыр. Тыңның игерілуі оны мекендеген халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени дәрежесін көтеруде үлкен роль атқарды.
Алғаш қада қағылып, совхоз орталығы белгіленген жерлерде қазір сәулетті қалашықтар орнаған. Оның әрқайсысында орта мектептер, ауруханалар, мәдениет сарайлары, балалар бақшалары, халыққа тұрмыстық қызмет ететін мекемелер жүйелері бар. Тың жерді шарлап жатқан 30 мың км-ден астам асфальт және тас жолдар, электр желілері өлке экономикасының барлық салаларына бірдей қызмет етумен бірге халықтың материалдық және мәдени дәрежесін көтеруде де үлкен роль атқарып отыр.
Тың игеруден бастау алған түбірлі өзгерістер республиканың солтүстік облыстарын ғана емес, сонымен бірге бүкіл Советтік Қазақстанның мәдени- әлеуметтік өмірін жаңа сапалы биікке көтерді. Тыңда, Л. И. Брежневтің жазғанындай, миллиондаған совет адамдары революциялық тәжірибесін ілгері қарай жалғастырып, оның жетістіктерін жаңа тарихи жағдайда молайтып, кемелденген социализмнің жеңісті құрылысының нәрлі тәжірибесін жасап жатты: «...бұл жердегі тың эпопеясы совет адамдарының аса ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерін бүкіл дүние жүзіне тағы да аян етті, ол Отанға қалтқысыз қызмет етудің символына, социалистік дәуірдің ұлы жетістігіне айналды» (бұл да сонда, 175 б).
Тың және тыңайған жерлерді игерудің халықаралық маңызы да үлкен. Еліміздегі тың игеру ісі басталған кезде капиталистік батыстағы буржуазияшыл идеологтар: «Тыңның аса қатал жағдайында адам өмір сүре алмайды... Тың жер Россияның асқазанында қорытылмай, шемен болып қатып қалады». «Тың- жарқабаққа тұрғызылған зәулім үй», «Орыстар өз экономикасын тұйыққа апарып тіреуде», - деген оспадарсыз сәуегейліктер айтты. Совет адамдары ерен еңбектері арқылы бұл «сәуегейлікті» жоққа шығарды.
Біздің еліміздегі тың игеру тәжірибесі бұл күндері әлемнің көптеген елдерінде үндестік тауып отыр. Мәселен, Польша мен Монғолияда, Болгария мен Кубада, Вьетнам мен Алжирде тың жерлер игеріле басталды.
Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.304-308.
Жарияланған-2023-03-24 17:25:37 Қаралды-855
Бразилияда 100 машина жанамалап жүре беретін жол бар
Қалалық бір аңыз бар, Монументальды білік әлемдегі ең кең жол болып табылады, ол жолмен «[100 - 160] автомобильдер жанамалап жүре алады».
ЖЕР НЕГЕ СІЛКЕНЕДІ?
Жер сілкіну болғанда жер гуілдеп, шытынап, дірілдей бастайды. Телеграф бағандары құлап, поездар ойыншықтай аударылып, үйлер қирап, тұтас көшелер жер астына түсіп кетеді.
Кейбір сегізаяқтылар басқа организмдердің де көшірмесін жасай алады
Thaumoctopus mimicus(лат.) — Octopodidae тұқымдас сегізаяқтылардың бір түрі. Кейбір түрлері 60 см ұзындыққа дейін жетеді. Әдетте денесінің түсі қоңыр және ақ сызықтармен және дақтармен араласа отырып түзіледі. Сыртқы пішінін басқа жыртқыштар тарапынан қа
ШАҒАТАЙ ҰЛЫСЫ
Шағатай ұлысы - 1260-1346 жылдар аралығында Шығыс Түркістан, Жетісу, Мәуереннахр аумағында салтанат құрған көшпелілер мемлекеті.
НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?
Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.
АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану