UF

СОҒЫСҚА ДЕЙІНГІ ДӘУІРДЕ СОЦИАЛИСТІК ҚОҒАМНЫҢ НЫҒАЮЫ МЕН ДАМУЫ (1938-1941)

 

Дамудың жаңа кезеңі. 2-бесжылдықтың ойдағыдай жүзеге асырылуы және СССР-дің жаңа Конституциясының қабылдануы совет қоғамының тарихи дамуындағы маңызды кезеңін аяқтап, еліміздің дамудың жаңа кезеңіне аяқ басуы болды. Совет халқының алдында, оның ішінде Қазақстан еңбекшілерінің алдында жаңа тарихи міндеттер - социализмнің түпкілікті жеңісіне жету, кемелденген социалистік қоғам орнату және біртіндеп коммунизмге өту міндетері қойылды.

«...Социалистік қайта өзгерістерді бастай отырып, - деп көрсетті В. И. Ленин, - біз сайып келгенде, осы қайта өзгерістер бағытталып отырған мақсатты, атап айтқанда коммунистік қоғам орнату мақсатын еліміздің алдына айқын қоюымыз керек...» (Шығ. тол. жин., 37-т., 24А5.).

Социалистік қоғамның дамуы коммунистік формацияның алғашқы фазасы шеңберіндегі жаңа құрылыстың әлеуметтік-экономикалық толысқандығының заңды сатысы болып табылады. Л. И. Брежнев өзінің «Коммунизм жолындағы тарихи кезең» деген мақаласында атап көрсеткендей қанаушы таптардың жойылуы және халық шаруашылығының барлық секторларында өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншіктің орнығуы коммунизмге тікелей өту ісін бастауға әлі мумкіндік бермейді. Ең алдымен социализмнің өз негізінде өркендеуінің белгілі бір сатыларынан өту керек болады.

СССР-дегі дамудың жаңа кезеңінде кемелденген социалистік қоғам құрылысы басталды; бұл қоғам «жоғары дәрежеде өркендеген өндіргіш күшітерге, қуатты, алдыңғы қатарлы индустриялы, ірі, коллектившілдік принциптерге негізделген, жоғары дәрежеде механикаландырылған ауыл шаруашылығына сүйенуге» тиісті еді (Брежн е в Л. И., қ. «Проблемы мира и социализма», журн., 1977, № 12).

Советтер елі аса маңызды міндетті халықтың жан басына шаққанда өнім өндіруде неғұрлым дамыған капиталистік мемлекеттерді қуып жету және басып озу міндетін практикада жүзеге асыруға кірісті. Социалистік өндірістік қатынастарды одан ары нығайтып, жетілдіру саласында, еңбекшілерге коммунистік тәрбие беру ісінде алда үлкен міндеттер тұрған еді. Жаңа жағдайда қоғам өміріне Коммунистік партияның саяси басшылығының маңызы және миллиондаған совет адамдарының творчестволық еңбегін ұйымдастыруда Совет мемлекетінің ролі бұрынғыдан да өсе түсті. Елдің алдында тұрған мақсаттарға жету ұзақ уақыты және бүкіл совет Халқының зор күш-жігер жұмсауын қажет етті.

Совет Одағының еңбекшілеріне жаңа міндеттерді капиталистік қоршау және соғыс қатері барған сайын өскен жағдайда шешуге тура келді. Фашистік Германия және оның одақтастары - Италия мен Жапония - дүние жүзін қайта бөлісу үшін соғысқа ашықтан-ашық дайындалды. Ал АҚШ-тың, Англия мен Франциянық үкіметтері, фашистік агрессорларды қоштау және қолпаштау саясатын жүргізе отырып, олардың соққыларын СССР-ге қарсы бағыттауға тырысты. Бұл совет халқынын елдің қорғаныс қабілетін бұрынғыдан да гөрі күшейте түсуді, оның әскери-экономикалық потенциалын арттыра беруді талап етті.

Партия мен үкімет орасан зор саяси, шаруашылық және әскери міндеттерді шешкенде жоспарлы социалистік экономиканың артықшылықтары, елдің аса мол табиғи байлықтары, совет адамдарының жоғары саяси және еңбектегі белсенділігі, озық советтік ғылым мен техниканың жетістіктері сияқты факторларға сүйенді. ССР Одағының экономикалық жағынан одан ары өркендеуінде және оның қорғаныс қуатын арттыруда мол табиғат байлықтары бар Қазақстан елеулі роль атқаруға тиісті еді.

Қазақстанның саяси өмірінде 1938 жылы 24 июньде өткен Қазақ ССР Жоғары Советінің алғашқы сайлауы үлкен оқиға болды; СССР-дің жаңа Конституциясына сәйкес республика Советтерінің бүкіл системасының жұмысын қайта құруда бұл сайлаудың маңызы зор болды. Қазақстан К(б)П және республиканың Советтері Қазақ ССР Жоғары Советінің алғашқы сайлауы қарсаңында зор көлемді ұйымдастыру-саяси жұмыс жүргізді. Қазақ ОАК республика Орталық сайлау комиссиясының құрамын бекітті. 300 сайлау округын және 7773 сайлау учаскесін құрды. Сайлау учаскелерінде 5800-ден астам үгіт коллективтері құрылды, оларда 90 мыңға жуық үгітші болды. Республиканың барлық жерлерінде сайлау күнін лайықты қарсы алу жолындағы социалистік жарыс өрістетілді. Қазақ ССР Жоғары Советінің сайлауы орасан зор ерлеумен өтті, сөйтіп совет қоғамының моральдық-саяси бірлігі мен халықтар достығының мызғымастай беріктігін тағы да көрсетті, советтік патриотизмнің айқын бейнесі болды. Сайлауға республикадағы барлық сайлаушылардың 99,2 %-і қатысты, олардың 99,5%-і коммунистер мен партияда жоқтар блогының кандидаттарына дауыс берді. Қазақ ССР Жоғары Советіне 300 депутат сайланды, олардың ішінен 112 депутат жұмысшы, 116- колхозшы, 72-интеллигенцияның өкілі болды. Депутаттардың арасында қазақтар - 152, орыстар - 94, украиндар - 35 және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардан - 19 адам болды. Республиканың мемлекеттік өкіметінің жоғары органына 241 коммунист; 60 әйел, оның, ішінде 27 қазақ әйелі сайланды.

Сайлаудың қорытындылары Қазақстанда социализмнің жеңгендігін, қанаушы таптардың жойылғандығын, лениндік ұлт саясатының салтанат құрғандығын және қазақ халңының тарихи тағдырларында Коммунистік партияның басшылық роль атқаратындығын дәлелдеп берді.

1938 жылы 15-18 июльде 1-сайл. Қазақ ССР Жоғары Советінің 1-сессиясы өтті. Соссияны ең қарт депутат, халық ақыны Жамбыл ашты, ол өзінің жан тебіренткен, әсерлі өлеңінде Совет өкіметі тұсында Қазақстанның қолы жеткен асқан зор жетістіктерін суреттеді. Сессия мемлекеттік құрылыстың бір-қатар маңызды мәселелерін қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдады, Қазақ ССР Жоғары Советтің Президиумын сайлады және республиканың үкіметін - Қазақ ССР Халкомсовын, сондай-ақ тұрақты қомиссияларды - заң жобалары және бюджет комиссияларын құрды.

Қазақ ССР Жоғары Советінің сайлауы нәтижесінде және І-сайл. республика Жоғары Советінің 1-сессиясының қаулысын жүзеге асыру барысында мемлекеттік өкімет және басқару органдары өндіріс озаттары мен совет интеллигенциясынан жаңа кадрлармен толықтырылды. Советтердің нағыз бұқаралық буындары - ауылдық, селолық, поселкелік және аудандық Советтердің жұмысына жұмысшылардың, колхозшы шаруалардың және советтік интеллигенциясының жаңа топтары тартылды.

3-бесжылдықтың негізгі міндеттері. 1939 жылы 10-21 мартта Москвада БК(б)П 18-съезі болып өтті, ол СССР-дің 2-бесжылдықтағы дамуының қорытындысыя шығарып, Совет мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатының міндеттерін белгіледі. Съезд документтерінде СССР дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқандығы, ал бұл кезең социализм құрылысының аяқталуымен және социализмнен біртіндеп коммунизмге өтумен сипатталатындығы атап көрсетілді. Съезд БК(б) П ОК-інің есепті баяндамасын талқылады және мақұлдады, СССР халық шаруашылығын өркендетудің 3-бесжылдық жоспарын (1938-1942) бекітті, партияның жаңа Уставын қабылдады.

3-бесжылдық жоспарда Одақ бойынша тұтас алғанда өнеркәсіп өнімінің көлемін 1937 жылғы дәрежемен салыстырғанда 92% арттыру, ал өндіріс құрал-жабдықтарын өндіруді - 107% арттыру көзделді. 3-бесжылдықта күрделі құрылысқа бөлінген қаржы оның алдындағы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған қаржыдан асып түсіп, 192 млрд. сомға жетті. Жоспарда экономиканың машина жасау, химия, көмір, мұнай өнеркәсібі және қара металлургия сияқты жетекші салаларын одан әрі жеделдете өркендету көзделді. Халық шаруашылығын және қорғаные тұрғысынан маңызы бар кәсіпорындарды құруға маңыз берілді.

Бесжылдықтың ішінде ауыл шаруашылығының өнімі 52% арттырылуға тиісті болды. Мал шаруашылығының өнімділігін арттыру, колхоздардың материалдық-техникалық базасын одан ары нығайту жоспарланды. 3-бесжылдық кезінде совет адамдарының материалдық және мәдени дәрежесін одан әрі көтерудің, жан-жақты мәдени құрылыстың кең көлемді программасыи жүзеге асыру белгіленді. 3-бесжылдықта Қазақ ССР-інің экономикасы мен мәдениетін одан әрі өрге бастыруға зор көңіл бөлінді. Жоспар бойынша республикада орасан зор өнеркәсіп құрылысы, сондай-ақ бұрыннан бар көсіпорындарды одан әрі өркендету қарастырылды.

Өндіргіш күштерді тиімді орналастыру, өндірісті шикізат көздеріне жақындату және республиканың экономикасын елдің алдыңғы қатарлы аудандары экономикасының дәрежесіне дейін көтеру мәселелері 3-бесжылдықта одан әрі дамытылды. Мұның алдындағы екі бесжылдықтағы сияқты, СССР халық шаруашылығынн өркендетудің 3-бесжылдық жоспарларында да Қазақстанның өнеркәсібін өркендетудің қарқыны елді тұтас алғандағы қарқыннан анағұрлым жоғары белгіленді. Мыс., өнеркәсіп өнімін өсірудің жылдық орташа қарқыны одақ бойынша 14% болса, біздің республикада 17,3% болуға тиісті оді.

Қазақстан еліміздің түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын), көмір мен мұнай өндіретін және ауыл шаруашылық өркендеген ірі базасына айналып келе жатты. Өскеменде ірі қорғасын және мырыш зауыдтарын, Текелі полиметалл комбинатын. Жезқазған мыс комбинатын салу белгіленді.

Балқаш мыс қорыту зауыды мен Қарағанды көмір бассейні одан әрі өркендетілмекші болды. Екібастұз көмір бассейнін пайдалануға әзірлеу, сондай-ақ тамақ және жеңіл енеркәсіптің койбір салаларың өркендету көзделінді.

3-бесжылдықта Қазақстанда жаңа электр станцияларының үлкен құрылысы: Шымкентте ГРЭС, аудан орталықтарында 30 электр ст., колхоздарда 60 электр ст. т. б. салу белгіленді. Республикада электр станцияларының қуаты бесжылдықтың аяғына, 1937 жылғымен салыстырғанда, 2,5 еседен астам артуға тиісті болды. Бесжылдықтың аяғында темір жол линияларының жалпы ұзындығы 3,5 мың км шамасында болуы керек еді.

3-бесжылдықта республиканың ауыл шаруашылық алдына үлкен міндеттер қойылды: ол міндеттер ауыл шаруашылығының жұмыстарын механикаландыруды одан әрі арттыруға, егіс көлемін ұлғайтуға, дәнді және техникалық дақылдардың шығымдылығын арттыруға, мал санын есіріп, оның енімділігін арттыруға бағытталды.

Экономиканың ұдайы өрге бастырылуы республикалық еңбекшілерінің әл-ауқаты мен мәдениетін одан әрі өсірудің негізі болды.

Қазақстан халық шаруашылығы соғыс алдындағы жылдарда. Бүкіл совет халқымен бірге Қазақстан еңбекшілері де партияның 18-съезінің шешімдерін зор қуанышпен қарсы алып, 3-бесжылдық жоспарды орындауға құлшына кірісті. Бесжылдықтың ойдағыдай орындалуы Қазақстан К(б)П-ның саяси және ұйымдастыру жұмысына, жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың және еңбекші интеллигенцияның жоғары сапалылығы мен еңбектегі белсенділігіне байланысты болды.

3-бесжылдық атындағы бүкіл одақтық социалистік жарыс ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Москваның «Красный пролетарий» станок жасау зауыды коллективінің инициативасы Қазақстанда барлық жерде қызу қолдау тапты. Қарағандының Киров атындағы шахтасының жұмысшылары мен инженер-техникалық қызметкерлері москвалықтардың үндеуін алғашқылардың бірі болып қолдады. Қазақстанның өнеркәсіп орындарында көп станокшылар қозғалысы, бірнеше мамандықты игеру жолындағы қозғалыс кең өрістеді.

3-бесжылдықтың алғашқы жылында республиканың жұмысшы табы айтарлықтай табыстарға жетті. Балқаш мыс қорыту зауыды мыс бере бастады. Шымкент металлургтері, 1937 жылғымен салыстырғаңда, қорғасын қорытуды 1/3 бөлігіндей арттырды, «Эмбанефть» тресі көп жылдар бойына бірінші рет мұнай өндіру жоспарын асыра орындады, Қарағанды бассейінінде көмір өндіру арттырылды.

Өнеркәсіпте 3-бесжылдық тапсырмаларын орындауда жұмысшы күшінің, инженер-техник кадрлардың жетіспеушілігінен, еңбек ұйымдастырудағы кемшіліктермен, құрылыс индустриясының және құрылыс материалдарын өндірудің артта қалушылығымен байланысты бірқатар елеулі қиыншылықтарды жеңуге тура келді.

Бұл қиыншылықтарды жеңуге және республикалық өнеркәсібі мен транспортының жұмысындағы кемшіліктерді жоюда РСФСР-дің, Украинаның, Азербайжанның және басқа туысқан республикалардың жұмысшы табы Қазақстанға зор көмек көрсетті. БК(б)П ОК-і мен үкімет өнеркәсіпті жаңғырту және кәсіпорындар Құрылысы мәселелерімен тікелей шұғылданды. БК(б)П ОК шің өнеркәсіптің бірқатар салалары жөнінде 1938-1940 жылдары қабылданған шешімдері олардың жұмысын түбегейлі жақсартуға кемектесті. Қазақстан өнеркәсібіне арнап жоғары маман жұмысшылар өзірлеуде Москва, Ленинград, Донбасс, Орал, Баку, ларьков т. б. қалалар едәуір роль атқарды. 3-бесжылдықта Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салаларында жоғары маман ұлттық кадрлардың қалыптасу процесі одан әрі дамыды.

Республиканың партия ұйымдары, жергілікті Советтер мен кәсіподақ органдары кадрларды іріктеп алу және орналастыру ісімен, социалистік жарысты ұйымдастырумеи, жұмысшылардың тұрғын үй-тұрмыс жағдайларын, еңбек ету және нығайту жағдайларын жақсартумен анағұрлым нақтылы шұғылданатын болды: 3-бесжылдық тапсырмаларының орындалуы, сайып келгенде, осы мәселелердің дұрыс және дер кезінде шешілуіне байланысты еді.

Мұның барлығы өзінің пайдалы нәтижелерін бермей қалмады. Соғыс алдындағы жылдарда республикалық өнеркәсібін өркендетудегі табыстар бұған айқын дәлел. 3-бесжылдықтың 3 жыл ішінде республикада өнеркәсіптің жалпы өнімі 57,3% артты (ел бойынша 45%). Ауыр өнеркәсіп шапшаң қарқынмен өркендеді. Осы уақыт ішінде көмір өндіру мен қорғасын балқыту. 1,5 еседен астам, қара мыс өндіру 5 еседей дерлік ұлғайды. Қарағандыда көмір өндірудің өсімі 1940 жылы жаңа шахталар есебінен алғанда жалпы өсімнің 56%-іне тең болды, 1938 жылы іске қосылған Балқаш мыс қорыту зауыды 1939 жылдың өзінде-ақ республикада өндірілген мыстың едәуір бөлігін берді.

1940 жылдың қарсаңында Қарағандыда механикаландырылған 22 шахта іске қосылды. Құлсары және Сағыз кәсіпшіліктері қосымша пайдаланұға берілді.

1940 жылы Қазақстанда 2580 ірі өнеркәсіп орны жұмыс істеді, олардың барлығы дерлік соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған болатын 3-бесжылдықтың 3,5 жылы ішінде өнеркәсіптегі барлық күрделі қаржылардың 89,5%-і республиканың ауыр индустриясын өркендетуге жұмсалды.

Өнеркәісіптің басқа салалары да, атан айтқанда, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамытылды.

1-және 2-бесжылдықтармен салыстырғанда, Қазақстанның тамақ өнеркәсібіне жұмсалған күрделі қаржы 4,3 есе, жеңіл өнеркәсіпке жұмсалған күрделі қаржы 5,4 есе көбейді. Өнеркәсіптің бұл түрлері республикалық халық шаруашылығының жан-жақты және техникалық жағынан жақсы жерақтандырылған салалары ретінде дами бастады. 1940 жылы халық шаруашылығының жалпы өнімінде өнеркәсіптің үдесі 60%-ке жетті. Сондай-ақ темір жол, су және әуе транспорты өркендеді, іранспорттың бұл түрлері республиканың халық шаруашылығын одан әрі әрге бастыруға жәрдемдесті.

1943 жылы февральда Ақмола Қарталы темір жол магистралі пайдалануға берілді, ол Қазақстанның орталық аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды. Бұл магистраль іске қосылғаннан кейін Қарағандыдан Магнитогорскіге жүк тасу 500 км-ге қысқарды. Гурьев - Қандыағаш темір жол (ұзындығы 518 км) Ембі мұнайының Орал-Сібір өлкесіне және Орта Азияға шығуына жол ашты. Соғысқа денінгі жылдарда республикада 2681 км темір жол салынды, одан тұрақты пайдалануға берілгені 1358 км болды. Асфальт және тас теселген жолдар салынды, оның ішінде Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы ұзындығы 800 км-ден асатын «Шығыс Шеңбері» асфальт жолы бар.

Қазақстан өнеркәсібінің қаулап өркендеуі нәтижесінде республиканың халық құрамында, қалалар мен қала халқының өсуінде едәуір өзгерістер болды. Республикалық астанасы Алматы қаласының өмірінде тамаша өзгерістер жасалды, оның халқы 1/4 млн. адамға дейін өсті. Қала тек маңызды экономикалық орталыққа ғана айналған жоқ, сонымен қатар республиканың үлкен саяси және мәдени орталығына да айналды. Алматыда опера және балет театры, қазақ және орыс драма театрлары, мемлекеттік филармония, 100 шақты мектеп, 20 техникум, 9 жоғары оқу орны, 30 ғылыми-зерттеу мекемесі, сондай-ақ СССР РА-ның Қазақ филиалы жұмыс істеді. Қарағанды, Балқаш, Лениногор, Жезқазган, Шымкент, Гурьев, Ақтөбе маңызды өнеркәсіп -орталықтарына айналды. 1939 жылғы санақ бойынша Қазақ ССР-нде қала халқы 1706 150 адам болды. 1940 жылы республикада 31 қала, 60 жұмысшы поселкесі болды, оларда республика халқының 28%-і тұрды. Жаңа техниканы меңгерген ұлт кадрларының үлкен тобы өсіп жетілді. 1940 жылы Қазақ ССР-нде жұмысшылар мен қызметкерлердің саны 900 мыңнан асты. Бұрынғы көшпелі халықтың балалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жоғары маман жұмысшыларына айналды. Көптеген қазақ жұмысшылары техниканы жетік меңгеріп, инженер-техник қызметкерлері дәрежесіне дейін көтерілді.

Соғысқа дейінгі жылдарда республикада өнеркәсіп пен транспорттың өрге басуымен қатар ауыл шаруашылығында өркендеді. 3-бесжылдықтың 3,5 жылы ішінде Қазақстанның ауыл шаруашылығына жұмсалған күрделі қаржы 716,5 млн. сом болды. Республика МТС-терінің, колхоздары мен совхоздарының техникалық жарақтануы едәуір жақсарды. 1940 жылы. республиканың егіс далаларында 41 мыңнан астам трактор (15 аттық күшке шаққанда), 11,8 мың астық комбайны, 14 мың шамалы жүк автомашинасы жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығының барлық техникасы түгел дерлік 334 МТС-те және 194 совхозда шоғырландырылды.

Республикада механизатор кадрларын даярлау жөнінен үлкен жұмыстар жүргізілді. 3-бесжылдықтың 3 жылы ішінде 100 мыңнан астам механизатор, оның ішінде 65 мың тракторист, комбайншы және шофор даярланды. Колхоз қызметкерлері мен ауыл шаруашылық мамандарының басшы кадрларын даярлау жөнінде де шаралар іске асырылды. 1940 жылдың февралына дейін колхоздардың басшы қызметкерлерінің мамандығын көтеру мектептерін 7,5 мыңнан астам адам оның ішінде 3,8 мыңнан астам қазақтар бітірді, ауыл шаруашылығының жоғары және орта білімді 4,6 мың маманы жұмыс істеді.

1940 жылы Қазақстанда 6900 колхоз болды, олар республикадағы барлық шаруалар шаруашылығының 99%-ін біріктірді.

Соғысқа дейінгі жылдарда Коммунистік партия мен Совет үкіметі колхоз құрылысын одан ары нығайтуға, ең алдымен қоғамдық жерді қорғауға, қоғамдық мал шаруашылығын өркендетуге, колхозшылар арасында еңбек тәртібін нығайтуға бағытталған бірсыпыра шараларды жүзеге асырды.

Ауыл шаруашылығын одан ары өркендету, колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайту және колхоз өндірісіндегі кемшіліктерді жою үшін БК(б)П ОК-інің, СССР Халкомсовының «СССР-дің оңтүстік шығысындағы қуаңшылық аудандарында егіннің тұрақты өнімін қамтамасыз ету женіндегі шаралар туралы» (1938 ж. окт.), «Колхоздардың қоғамдық жерлерін талан-таражға түсуден қорғау шаралары туралы» (1939 ж. май) және «Колхоздарда қоғамдық мал шаруашылығын өркендету шаралары туралы» (1939 ж. июль) қаулыларының орасан зор маңызы болды.

Партия мен Совет үкіметінің осы және басқа документтерін жүзеге асыру ауыл шаруашылығындағы жағдайдың жақсаруына көмектесті. Социалистік шаруашылықты өрге бастыру жолындағы күрестің алдыңғы қатарында коммунистер болды. Республика коммунистерінің 35,5%-і ауыл шаруашылығында жұмыс істеді.

Колхоз және совхоз өндірісі жаңашылдарының қатары өсті. Ақтөбе облысындағы «Құрман» к-зының звено бастығы Ш. Берсиев тарыдан мол өнім жинау жолындағы күрестің инициаторы болды, Семей облысындағы Белағаш ауданының колхозшылары бидайдан 100 путтық енім алу үшін күресті, Қазақстанның оңтүстігінің мақташылары мен қызылшашылары шитті мақта мен қант қызылшасынан жоғары енім алу жолындағы жарысты кеңінен өрістетті.

Қазақстанның колхозшы әйелдері әйгілі трактористка П. Ангелинаның «Тракторды меңгеріңдер!» деген үндеуіне қызу үн қосты.

Бесжылдықтың 3-жылында республикада егіс көлемі 1 млн. га мөлшерінде ұлғайып, 1940 жылы 6,8 млн. га болды. Алайда, бұған қарамастан ауыл шаруашылық дақылдарының, әсіресе дәнді дақылдардың жалпы түсімі болмашы ғана артты. Еңбек ұйымдастыруда және техниканы пайдалануда, өндірісті ұлғайтуға колхозшыларды материалдық жағынан ынталандыру принципін жүзеге асыруда әлі де болса кемшіліктер бар еді. Техникалық дақылдар егісінің көлемі ұлғайтылды, бұған Қазақстанның оңтүстік аудандарында жер суару және ирригациялық құрылыстар салу жұмыстарының жүргізілуі мүмкіндік берді.

1938-1940 жылдар республикада барлық түліктердің саны 3,5 млн. басқа көбейді. Қазақстан колхоздарындағы товарлы фермалар саны 6 мыңнан астам мөлшерде көбейді, 1940 жылы республиканың барлық колхоздарында бірден үшке дейін мал фермалары болды. 1940 жылы ауыл шаруашылық артельдерінің қоғамдық мал шаруашылығының жалпы табысы 331 млн. сомға жетті, ал бұл табыс 1938 жылы 166 млн. сом болатын. Алайда республикада қоғамдық мал басын көбейтудің қолда бар мүмкіндіктері мен резервтері әлі де болса жеткілікті пайдаланылмаған еді.

Соғысқа дейінгі жылдарда Қазақстан халық шаруашылығын өркендетуде қол жеткен табыстар еңбекшілердің материалдық әл-ауқатын едәуір көтеруге көмектесті.

Еңбекшілер депутаттары жергілікті Советтерінің сайлауы. Қазақ АССР-інің одақтас республикаға айналуы және оның Конституциясының қабылдануы қазақ совет республикасының нығаюына, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың демократиялануына, Советтердің барлық буындары рөлінің өсуіне жәрдемдесті. Еңбекшілердің еңбектегі және саяси белсенділігі орасан зор дәрежеде арта түсті. 1938-1939 жылы 6 жаңа облыс - Гурьев, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Семей облыстары құрылды. Сонымен республикада барлығы 14 облыс болды. Осындай жағдайда 1939 жылы 14 октябрьде Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумының жаңа Конституция негізінде еңбекшілер депутаттары жергілікті Советтерінің 1-сайлауын өткізу туралы указы жарияланды. Бұл сайлау саяси өмірді одан ары демократияландырудағы және Совет өкіметі органдарының еңбекшілердің қалың бұқарасымен байланысын нығайтудағы маңызды қадам болды. Республикада сайлау қарсаңында 48718 сайлау округы құрылды, округтың сайлау комиссияларының құрамында 165.835 адам жұмыс істеді. 247,524 мүшесі бар 59309 учаскелік сайлау комиссиялары ұйымдастырылды. Сайлау учаскелерінде 9 мыңнан астам үгіт коллективтері жұмыс істеді, ал олардағы үгітшілер саны 130 мыңнан асты.

1939 жылы еңбекшілер депутаттарының 14 облыстық, 192 аудандық, 31 қалалық, селолық, қыстақтық, станицалық және поселкелік Советтерінің сайлауы өткізілді. Сайлаудың нәтижелері коммунистер мен партияда жоқтар блогының жеңісін дәлелдеді, совет адамдарының идеялық топтасқандығының және партияның лениндік ұлт саясатының салтанат құрғандығының демонстрациясы болды.

Сайлауға қатысқан сайлаушылар депутаттыққа кандидаттарды жақтап мына мөлшерде дауыс берді: облыстық Советтерге 99,5%, аудандық Советтерге 99,6%, қалалық Советтерге 98,6%, қалалардағы аудандық Советтерге 98,7%, ауылдық, селолық, станицалық, қыстақтық және поселкелік Советтерге 99,3%.

Республикада еңбекшілер депутаттарының жергілікті Советтеріне барлығы 48762 депутат сайланды, олардың ішінде әйелдер – 15,880 (32,6%). Депутаттардың ішінде БК(б)П мүшелері мен мүшелігіне кандидаттар 19 253 адам (39,5%), партияда жоқтар - 29,509 (60,5%) Жергілікті Совет депутаттарының жартысынан көбі қазақтар еді. Сайлаудың нәтижесінде Қазақ ССР-інің мемлекеттік өкімет және мемлекеттік басқару органдарының барлығын жаңа Конституция негізінде жоғарыдан төменге дейін қайта құру ісі аяқталды.

2-дүние жүзілік соғыстың басталуы және еліміздің қорғаныс қуатын нығайту. 3-бесжылдықты орындау және СССР-дің дамудың жаңа кезеңіне аяң басуы халықаралық жағдайдың қатты шиеленісуімен деп келді. Американ және ағылшын монополистерінің көмегімен өзінің соғыс-экономикалық потенциалын қалпына келтірген және фашистік диктатура орнатқан герман империализмі жаңа дүние жүзілік соғысты тұтату және герман нәсілінің үстемдігін орнату жолына ашықтан-ашық түсті. Американ және ағылшын-француз империалистерінің қолдауымен және фашистік Германиямен одақтаса отырып, Италия мен Жапония ашықтан-ашык соғыс басқыншылығына кірісті.

Фашистік Германия 1939 жылы мартта Австрияны, ал сол жылғы көктемде Чехословакияны басып алды. Гитлерлік Германия 1939 жылы 1 сентябрьде Польшаға шабуыл жасады, Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялауға мәжбүр болды, екінші дүние жүзілік соғыс басталды. Фашистік Германия Польшаға басып кірген соң, соғыс біздің Отанымыздың батыс шекарасына таянып келді, елімізді қорғау мақсатында 1939 жылы 17 сентябрьде Қызыл Армия совет-поляк шекарасынан өтіп, Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны азат етті. Бұл аудандардың халықтары Украинамен және басқа Советтік Социалистік Республикалармен қайта қосылды. 1940 жылы Латвия, Литва және Эстония өз еркімен СССР-ге қосылды. Балтық маңындағы аудан антисоветтік арандатушылық әрекеттерінің аймағы болудан қалды.

Жапония Квантун армиясын СССР шекарасына таяу жерде ұстап, еліміздің қауіпсіздігіне Шығыстан қатер төндірді.

Осындай жағдайларда Коммунистік партия мен Совет үкіметі еліміздің экономикалық қорғаныс қуатын арттыру жөнінде қажетті шаралар қолданды.

2-дүние жүзілік соғыс басталар алдында СССР-дің қуатты өнеркәсібі, өркендеген социалистік ауыл шаруашылық және орасан мол еңбек резервтері бар еді. 3-бесжылдық Совет Одағының экономикалық және қорғаныс қуатын нығайтуда маңызды қадам болды. Бесжылдықтың 3,5 жылы ішінде еліміздің шығыс аудандарында көптеген дублёр кәсіпорындар, қорғаныс өнеркәсібінің маңызды объектілері салынды, еліміздің 2-көмір-металлургия базасы жасалды. СССР-ге қарсы империалистік агрессия қаупінің өсуі еліміздің әскери-экономикалық потенциалын бұрынғыдан да арттыру үшін жаңа күш-жігер жұмсауды талап етті.

Қорғаныс өнеркәсібін өркендетуге бөлінетін мемлекеттік қаржы кобейтілді. Ұлы Отан соғысының қарсаңында Армия мен Флоттың қарулануына ең жаңа соғыс техникасы түсе бастады.

1-сайл. СССР Жоғары Советінің кезектен тыс 4-сессиясы (1939 ж. сент.) қабылдаған «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы» Заң бойынша әскерге 19 жаста (бұрынғы 21 жас орнына) шақырылатын болып белгіленді, әскери есепте тұру мерзімі ұзартылды. Жаңа заң әскерге шақырылу алдындағы даярлықтың сапасы үшін әскери басқару ісі жергілікті органдарының жауапкершілігін күшейтті. СССР Жоғары Советі Президиумынын 1940 жылғы 26 июньдегі Указы бойынша жұмыс күнінің ұзақтығы 8-сағатқа дейін жеткізілді және 6 күндік аптаның орнына 7 күндік жұмыс аптасы белгіленді.

Бұқаралық әскери-қорғаныс ұйымдарын: Осоавиахимді, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамын одан әрі нығайтуға зор көңіл бөлінді. 1940 жылдың аяғында Қазақстанда Осоавиахим 488 мың шамалы адамды, Қызыл Крест 196 мыңнан астам адамды біріктірді.

Мемлекеттік еңбек резервтерін құру маманданған жұмысшы кадрларын даярлау системасын түбірімен жақсарту мақсатына қызмет етті. Басқа республикалардағы сияқты, Қазақстанда да ФЗО мектептері мен қолөнер училищелерінде мемлекеттік есебінен 5880 адам оқыды.

1941 жылы февральда болып өткен БК(б)П 18-партия конференциясының шешімдерінде еліміздің ауыр және қорғаныс өнеркәсібінің жетекші салаларында 1941 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру көзделінді.

Совет елінің еңбекшілері, Коммунистік партия және Совет укіметі еліміздің қорғаныс қуатын нығайту үшін өте көп шараларды іске асырды. Алайда, Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Қарулы Күштерді қайта қаруландыру және қайта құру ісін толық аяқтау үшін уақыт өте аз қалған еді.

Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.203-205.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-03-24 17:18:56     Қаралды-475

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қытайды Батыстан Орта Азия таулары мен шөлдер ұзақ уақыт бөліп тұрған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЖЫ - ТІЛ ҮЙІРЕР ДӘМДІ АС

...

Жаңа сойылған малдың іш майы, өкпе–бауыр, ішек–қарны, етті мүшелегенде түскен кесінді еттер ұсақтап туралады (қазіргі кезде ет тарқыштан өткізіледі).

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕҢГЕЛ – ГЕМОРРОЙДЫ ЕМДЕГЕНДЕ ПАЙДАЛАНАДЫ

...

Гүл жапырақшалары гүл тостағаншасының қалақшаларынан ұзынырақ. Оңай ашылатын буылтық кауашақта екі тұқым бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГЛОБУСТЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

...

Біраз ғасырлар бойы қатырма қағаздан домалақтап жасаған шар - глобус адамдарға адал қызмет етіп келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДІРІЛДЕКТІ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

...

Үйітіліп, әбден тазартылған сиырдың сирағы бірнеше бөлікке бөлінеді де кастрюльге салынып, су құйылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫРМАУЫҚ – УЛЫ, СЫРТҚЫ ЖАРАЛАРҒА ЖАҒУ

...

Шырмауық – сабағы шырмалып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »