ҚАЗАҚ АРХИТЕКТУРА (1979 жылға дейін)
Ерте дәуір архитектурасы. Қазақстан территориясында алғаш құрылыс ісіyің пайда болуы жоғары палеолит дәуіріне саяды. Қаратау, Баянауыл, Ұлытау, Маңғышлак, үңгір қоныстары алғашқы адамдар баспанасы ролін атқарды. Бұл үңгірлер өздерінің негізгі әлпеті бойынша шағын топ болый жүріп, еңбекті ортақ етіп бірлескен және кейініректе ру қауымдарын (матриархат) құрған ертедегі аң аулаушы адамдардың тіршілігін сипаттайды. Жоғары палеолит дәуіріндеолар оттың қаспетін жақсы айыра білді, аң аулау кәсібін өркендетуге қолайлы мүмкіндік берген тас құралдардың неғұрлым жетілген түрін баспана тұрғызу ісінде де қолданды. Осы дәуірде айналдыра таспен өріп, төбесін сырғауылмен шатырлай жапқап, ортасында дөңгелек тас ошағы бар алғашқы тұрақжайлар (Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы қоныстары т. б.) пайда болды.
Неолит дәуірінде өзен немесе көл жағалауларында аңшылар мен балықшылар баспанасы - жеркепелер ірге тепті. Бұл жеркепелердің жобасы - жерді шаршы үлгімен тайыздап ойған үлкен қамба, жер іргенің үстін ала сырықтардан тіреп жасаған шатыр төбе. Оның төбесін бұтақ, қамыс, шөп қабаттарымен жауып, үстін шым не топырақпен бастыратын болған. Осы дәуірде тасқа қашап немесе бояумен салынған суреттерден алғашқы қоғамдық идеологияның нышандары көріне бастады. Хайуандарды ие тұту, жаратылыс күшіне, заңғар шыңға, Күн мен Айға табыну салдарынан туған бұл суреттер көркем ойдың тұңғыш көзіне айналды. Әсіресе Жетісу мен Маңғышлақ өңіріндегі күрделі композициялық шешімге дейін көтерілген жартастағы суреттер тұңғыш «ашық аспан астындағы ғибадатханалардың қабырға өрпегі ролін атқарды.
Б. з. б. 2-мың жылдықтың бас кезінде Қазақстан қола дәуірі мәдениеті тұрақжай мен қоныстары, кешендері мен еңбек құралдарының ұқсастығы жағынан жалпы андронов мәдениеті деп аталатын Оңтүстік Сібір, Алтай, Орал маңы қола мәдениетімен тығыз байлаиысты дамыды. Тастан металл құралдарға көшу, алғашқы аңшылық тұрмыстан өндірістің өнімдірек түріне ауысу ерте дәуір архитектурасына елеулі өзгеріс енгізді. Адамның қолы жеткен бұл табыстар малды қолға үйретіп өсірумен, мыс металлургиясын игерумен және кетпен егіншілігінің дамуымен шарттасып келді. Бұл қоғамдық еңбек бөлісін бірінші рет күрделі түрде жолға қоюға мүмкіндік ашты. Металл құрал-саймандар адамға ағаш пен тасты тұрпайы түрде өңдеп, біршама қолайлы тұрақжай қыстақ салуға мүмкіндік берді. Қола дәуір қыстақтары - қабырғасы тұтас тақтай тас немесе бөренелермен шегенделген шаршы үлгідегі тұрақжайлар. Ол тұрақ және оны айпала орналасқан мал мен шаруашылық бөлмелеріне боліпіп, ортадағы от жағылатып пегізгі болменің төбесі тік бұрышты бөрене жақтаулардан құралған пирамидалық-сатылап жабу әдісімен, ал қалғап бөлмелер тіреу үстіне көлбете салған сырықтармен жабылатып (Орталық Қазақстандағы Атасу, Бұғылы қыстақтары) болған. Айнала таспен шеңберлей өріп, төбесін сырғауылмен шатырлай жапқан жоғары палеолит баспаналары, пеолит дәуіріндегі жеркепелер, сондай-ақ қола дәуірінің қауымдық тұрақжайлары дами келе төбесі шатырланып келген шаршы үлгідегі киіз үйлердің пайда болуына негіз жасады. Киіз үйдің ең алғашқы үлгісі дөңгелек кейде көп қырлы жобасы бар, күмбездеп жасаған ағаш үй болды. Б. з. б. 7 ғасырда киіз үй кеңінен қолданылып, мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі тайпалардың негізгі баспанасына айналды.
Қола дәуірінде қабір басына тұрғызылатын ескерткіш белгілердің түрлері сараланып, жетіле бастады. Менгирлер мен дольмендер ендігі жерде алып қорғандар мен қабірханаларға айналды. Кешендер тұрғызу ісі дамыды. Кешен ру басыларының, атақты адамдардың қабіріне тұрғызылған. Оның формасы киіз үйге ұқсас, тастан дөңгелете қалап төбесіне қарай бүрген. Дөңгелек үйдің ортасынан жерді қазып, оған үлкен тақтай тастан әдемі жәшік орнатқан. Жәшік ішіне мәйітпен бірге оның қару-жарағы, киімі, ас ішетін ыдыстары қойылған. Мұндай кешендердің үстіне оба (диаметрі шамамен 30 м, биіктігі 2 л) орнататын болған. Қазақстан жеріндегі мұндай ескерткіштердің айқын үлгісіне Жезқазған облысындағы Ақсу-Аюлы II кешені жатады. Бұдан кейінгі Бегазы комплексі тас массаларының орасан зорлығымен, өте үлкен аумағымен, контрфорс, тірек және ішке кіретін ауызгалерея сияқты басқа да элементтерінің болуымен ерекшеленеді. Б. з. б. 9-8 ғасырларда ескерткіштерінің ішінде Қызылорда облысындағы Іңкәрдария өзен саласындағы Тегіскен мазары өзінің композициялық құрылымының күрделілігімен (шаршы үлгі мен шеңбердің астасып келуі), төбесін жапқап сырғауылының жақсы өңделуімен (сырғауыл сырттары күйдірілген) осы тұстағы мемориал ескерткіштердің алдыңғы қатарынан орын алады. Осындай күмбезбен өрілген күрделі құрылыстың бірі Баланды II мазары (Қызылорда обл.). Қабір басына тұрғызылған құрылыстардың композициялық формасы оның ескерткіш-белгі екендігін айқындаумен қатар сол дәуір адамдары санасындағы космогониялық ұғым (табиғат, тау мен күн, әлем құрылымы) ишарасын танытты. Шеңбер мен квадраттың, жарты ай іспетті болып келетін қорғандар ішкі еңсесінің бір-бірімен үйлесім табуының құрылыс ісіндегі алғашқы қадамы, ритм мен симметрия заңдары жасалды. Бұл бұдан кейінгі Қазақстан діни құрылыстарының негізін қалады.
Ертедегі орта ғасыр архитектурасы. 6 ғасырдың орта кезінде құрылған ежелгі түрік қағандығы феодалдық дәрежедегі мемлекетке айналды. Бұл мемлекеттің құрылуы халықаралық сауда-саттықтың ұлғаюына жағдай туғызумен бірге жергілікті ру-тайпалар арасында жан-жақты қарым-қатынасты күшейтіп, олардың жалпы мәдениетінің тең деңгейде дамуына жағдай жасады. Бұл құбылыс әсіресе Амудария мен Шу аралығын мекендегеп халықтардың мәдени дамуынан, жазуы ментілі, киім киіс тұрпатыпан айқын аңғарылды.
Мәдени ортақ даму негізінен сәулет өнерінеп айқын көрініс тапты. Бұған әлеуметтік-экономикалық ұқсастық және табиғи климат жағдайларының жақындығы басты себеп болды. Егер әр түрлі ғимараттардың пайда болу негізі феодалдық қоғамның әлеуметтік қажеттеріне сәйкес болса, барлық жерде құрылыс материалдарының бірдей болуы (сары топырақтан жасалатын пахса, шикі кірпіш т. б.) бір типті құрылыс конструкцияларын, архитектуралық формалар мен көркемдеу әдістерін тудырды. Осыдан келіп, ертедегі орта ғасыр сәулет өнері - соқпа балшық техникасы, яғни шикі кірпіш архитектурасы деген жалпы сипатқа ие болды. Осы кезеңдегі ең маңызды техникалық әдістің бірі - шикі кірпіштен күмбез-еңсе қалау пайда болды. Тік бұрышты немесе шаршы планды ғимараттың төрт бұрышында орнатылған кертпеш аркаларға сүйеліп көтерілген жарты шар формалы күмбез ертедегі орта ғасыр сәулет өнерінің тарихи табысына айналды. Сол кездің өзінде-ақ есік-терезе ойындыларын жазық маңдайша орныпа сыналы аркалармен жабу жүзеге асырыла бастады.
Феодалдық қоғамның құрылуына орай тұрақты қоныс түрлері өзгерді. Байырғы қала-қорғандардың орнына феодалдық бекініс сарайлар-«кешіктер» тұрғызылды. Жаңа қоныстың іргесін қалағап осы жеке «кешіктердің» біразы алдымен бекіністі қамалға айналды; қамалға іргелес орналасқан өнеркәсіп-сауда орындары қорғаныс қабырғаларымен қоршалып шаһарстан (ішкі қала) атанды. Бұдан кейін феодалдық қоғамның экономикалық-әлеуметтік ілгері дамуы қалапың үшінші бөлігін - рабадты (шеткі қала) салдырды. Орта Азия және Оңтүстік Қазақстандағы осы үш бөліктеп құрылған қоныс түрі -«Мауараннахр тектес» қала деп аталды. Жетісу диқандарының ірі мекен-жайлары осы «Мауараннахр тектес» қалалардың (Шу, Талас және Сырдария маңындағы қалалар) дамуына негіз болды. Алайда бұл типті қалалар Қазақстанның барлық жеріне тарамаған.
Қазақстан территориясындағы ертедегі орта ғасыр қалаларының бірі - Тараз. Тараз алғаш рет 586 жылы грек елшісі Земархтың хабарламасында аталады. 630 жылы қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды «ірі сауда қаласы» деп жазды. Тараз - 7 ғасырда Батыс түрік қағандығына бағынған түркештердің Ұлы жібек жолы үстіндегі ең ірі қаласы; ал 766 жылы қарлұқтар қол астында; 9 ғасырдың соңына қараң, аз уақыт Самани мемлекетінің қаласы болды. Мол егінді, күміс кенді жердің ортасында болған Тараз 10 ғассырда жедел өркендеді. Сол каздегі Таразды араб географы әл-Макдиси «Тараз - бекіністі, ірі, бат-бақшасы мол қала, оның айнала қазтілған оры, төрт қақпасы, халық толы рабады бар; шаһарстан қақпасы жанында үлкен өзен, оның арғы бетінде - қала бөлігі, базар ортасында жұма мешіті орналасқан» деп сипаттады. Кейінгі жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер Таразда 5-7 ғасырларда қамал, шаһарстап, рабад болғандығын дәлелдеп берді. Қала бөлігінің шекарасы, олардың жалпы мөлшері, қорғаныс қабырғалар мен бекініс мұнаралары салынған құрылыс материалдары (пахса, шикі кірпіш) анықталды; бірнеше ғимарат қалдықтары, архитектуралық формалардың кейбір бөлшектері табылды. Бірақ қаланың жалпы планының құрылысы, оның бөлшектерінің ішкі жобалау жүйесі, тұрғын кварталдар құрамы, тұрғын үйлер типтері, жеке ғимараттардың толық пландары т. б. ғылыми мәнді мәселелер жөнінде дерек әлі де аз.
Ерте орта ғасырдағы шағын қалалар қатарына жататын Баба ата қонысы (қазіргі Шымкент обл., Созақ ауд., Шолаққорған ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде) қалдықтары феодалдық қаланын, тарихи даму процесін айқын корсетеді. Баба ата кенті әдебиетте көптен белгілі. Оны орыс ғалымдарынан бірінші рет келіп коруші - Г.И.Спасский. Совет дәуірінде Баба ата толық зерттеліп, оның кенттік құрылысы, мәдениеті, архитектурасы жайлы бірталай дерек жарыкқа шықты. Сол зерттеулерге қарағанда, мың жыл бойы жер астында жатқан қала ескі замандағы бекініс-сарайлар үлгісімен салынған. Қаланың алпауыт ханзадалар тұрған ішкі ортасы биік мұнаралы берік қамалмен қоршалған. Оның айналасында тағы да саудагерлер, шеберлер, егіншілер тұратын қарапайым үйлер тұрғызылған. Ішкі қамалдың сыртқы бүйірлері тегіс мықты бағаналармен бекітілген. Сыртқы қамалдың төрт жағында керуен өтетін лурт қақпасы түстік бетке қаратылған. Оның мұнарасының сақталған биіктігі 25 м. Кенттің жалпы аумағы 450X250 м, қамалдардың биіктігі кейде 15 м-ге дейін жетеді. Сыртқы қамалдың ішкі іргелерінде сақшылар тұратын үйлер болған. Кентке суды тастан қиып жасаған жар науамен келтіріп іштегі үйлерге қыш құбырлардың тармағымен таратып отырған. Үйлерді тік бұрышты жобамен жасап, төбесін күмбезбен, не қорап тәрізді бүрме еңсемен өріп шығарған. Мұнда 6-7 ғасырларда қамал мен шаһарстан құрылып болып, ал 9-10 ғасырларда рабадтың ірге көтергендігі байқалады. Әрбір таріхи кезең орай қала бекінісі өзгеріске ұшырап отырған. Бұрын салынған қамал мен шаһарстанды тұтас қамал-қабырғамен қоршау, қабырға алдынан (сырт жағынан) үйінді тұрғызу, қамал-қабырғаны айпалдыра терең ор қазып, оны сумен толтыру сол кездегі бекініс кұрылыстарын ортақ сипат болып табылады.
Баба ата қонысынан табылған сарай қалдығы (6-7 ғ.) да осы кезеңдегі шикі кірпіш пен пахса құрылысының озық үлгісіне жатады. Бұл құрылыс екі қабатты. Бірінші бітеу қабаты ортасында жарты шар формалы күмбезбен жабылған сегіз қырлы залы бар. Залды қоршай орналасқан пандус тәрізді баспалдақты түзара екінші қабаттағы тұрғын бөлмелермен жалғасады. Кумбез орнықты болу үшін оның сыртқы төрт жағынан (іргесінен төбесіне дейін) аспалы тіреулер - контрфорс қойылған.
Шардара бөгені маңынан табылған Ақтобе I қонысы да Баба атамен дәуірлес әрі бір үлгіде салынғандығы айқындалды. Мұнда пахса мен шикі кірпіштен қаланған екі қабатты, орталық залы, ішінде құдығы бар сарай табылды.
Коне Құлан қала (қазіргі Жамбыл облысындағы Луговое станциясының шығыс жағында) ертедегі орта ғасыр ескерткіштерінің қатарына жатады. Қала 7 ғасырдан белгілі. Араб географы Ибн Хордабек, Кудан өздерінің жол дәптерлерінде Құлан қаласының Тараздың шығыс жағында, Ұлы жібек жолының бойында орналасқанын жазды. Макдиси - Құланды «...мықтап қоршалған, мешіттері көп қала. Бұл қала бұрынғы Тараз жолы бойында қаңырап бос қалған» деп сипаттады. 1936 жылы А.Н.Бернштам, 1963-1965 жылдар Қаз. ССР ҒА-ның Жетісу археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) зерттеген. Қала, ені 13 м, биіктігі 0,5 м дуалмен, дуалды айналдыра ені 10 м, тереңдігі 0,2 м ормен қоршалған. Қоршау ішінде аумағы 500X480 м алаңды алып жатқан топырақ үйіндісі бар. Оның солтүстік-шығыс бұрышында шаршы тектес (46X46 м), әр бұрышында мұнарасы бар қамалдың (цитадель) қалдығы сақталған. Бұл қоныс құрылысының ерекшелігі - пахсадан соғылған қаланың сыртқы қамал-қабырғаларына жалғаса топырақ үйіндімеп қоршалған кең көлемді аулада феодалдық жеке сарайлардың орналасуы. Осындай сарайдың біреуі қалың қабырғалы, кең көлемді (30X40 м), жеті бөлмелі; шикі кірпіш пен пахсадан салынған. Төбелері эллипс формалы еңсемен өрілген. Тек шаршы планды бір болмесінде төрт бұрыштағы кертпеш аркаға сүйенген күмбез бар.
Осы кезеңде тастап салына бастаған алып құрылыстың бір улгісіне Ақыртас ғимараты (шамамен 7-8 ғ., Жамбыл қаласының шығысында 40 км жерде) жатады. Құрылыс төрт бұрышты жобамен салынған. Сыртып айналдыра қоршаған биік тас дуалы (қалыңдығы 4-5 м) бар. Қорғанның 4 қақпасының бірі солтүстікке, ал қалған үшеуі оңтүстікке қараған. Құрылыстың ішкі жағына көптеген бөлмелері, залдары, дәліздері, сондай-ақ хауыздары бар тұрғын үй комплекстері орналасқан. Ортадағы ашық ауланы кезінде бағаналар тізбегімен қоршау көзделген болуы ықтимал. Өйткені олардың ірге тастары сақталған. Бұл толық салынып бітпеген құрылыс болғандықтан әр түрлі болжам айтылды (орыстың белгілі ориенталисі П. И. Лерх будда ғибадатханасы, акад. В. В. Бартольд несториан ғибадатханасы, ал кейбір ғалымдар керуен сарай т. б. ретінде атаған).
Байырғы түрік тайпалары табиғи күштерге (Күн, Ай т. б.) табынуымен қатар өлген ата-бабаларын құдіретті аруақ деп таныған; аруақ риза болу үшін қабір үстіне мазар орнату немесе адам мүсінді ескерткіш қою ұрпақтарға дәстүрлі міндет саналған. Бұл қазақ сәулет өнерінің дамуыпа, әсіресе ертедегі орта ғасыр архитектурасындағы шикі кірпіштен тас пен қышқа өту кезеңін бастауға жол ашты. Қазақстан территориясындағы осындай ескерткіштер қатарына Орталық Қазақстандағы Домбауыл мазары (8-9 ғ.) мен Семей облысы, Аякөз ауданындағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу ескерткіші жатады. Ескерткіштің екеуі де тақта тастан қаланған; Домбауылдың сырт пішіні киіз уйге, ал Қозы Көрпеш - Баян сұлу белгісі діңгек-мұнараға ұқсаған.
10-14 ғасырлардағы архитектура. 9-10 ғасырларда Қазақстан сәулет өнері бүкіл Орта Азия архитектурасына тән сипатта дамып, 11-12 ғасырларда жаңа белеске көтерілді. Ертедегі орта ғасыр қалаларының ауқымы кеңіп, рабадтар ірге тепті. Феодалдық қала қалыптасты. Құрылыс ісінде күйген кірпіш қолданылуы кейбір архитектуралық формалардың жаңа үлгісін дүниеге әкелді. Ғимарат төбесін жабу мүмкіндіктері молайды. Көп қырлы барабандар орнату жүзеге аса бастады. Күйген кірпіш алғашқы кезде шикі кірпіштен салынған құрылыстарға беріктік сипат беретін конструкциялар мен қасбеттерді қаптау ісінде (Сараман-Қоса, Бегім апа мұнаралары; екеуі де Қызылорда обл.) қолданылды. Қарахан әулеті кезеңінде сәулет өнері жоғары сатыға көтеріліп, тұтастай қызыл кірпіш пен қалақ тастан салынған құрылыстар ірге көтерді. Бұл құрылыстардың қазіргі кезге дейін біршама сақталғандары: Бабаша хатун (11 ғ.), Қарахан (11 ғ.), Айша бибі (11-12 ғ.; үшеуі де Жамбыл обл.), Жұбан ана (11-12 ғ., Жезқазған обл.) мазарлары т. б. Бабаша хатун текше пішінді-күмбезді мемориал құрылыстар тобына жатады. Бұл орта ғасыр сәулет өнерінің кезеңдік дамуын сипаттайтын маңызды құрылыс. Онда алғаш портал тұрғызу элементтері (қасбетіндегі аласа парапет) көрініс тапты. Ескерткіштің сырт пішіні шаршыланып келген (6,80X6,78 м). Құрылыс материалы - қызыл кірпіш. Мавзолей астыңғы текше негіз (биікт. 5,6 м) бен көп қырлы барабаннан (биікт. 86 см) және қобылы сүйір күмбезден құралады. Қасбеті мен қаптал қабырғалары бір-біріне ұқсас. Әр қабырға «П» тәрізді сай-жолақпен (терракот плиталар орналасқан) жиектелген. Қасбетіндегі аркалы есік босағаларында жебеге ұқсас тайыз қуыс пен күн бейнелі розеттер бар. Интерьерінің құрылысы айқын бұрышқа (4 немесе 8) бөлінбеген. Төрт бұрыштың еденнен 1,37 м биіктіктегі жерінен пилястраға иек артқан арка-парустар сегіз қырлы шеңбер құрайды, шеңберден жоғары он алты қырлы еңсе қалауы басталады. Күмбез өру ісіндегі бұл конструкциялық тәсіл Орта Азия сәулет өнерінде сирек кездеседі. Бабаша хатун ескерткіші сырт пішінінің жинақы әрімыш-өрнектерінің үйлесімді, кірпіш қалауыпың сапалы болуымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде ескерткіштің барабаны мен күмбезінің біраз жері қираған. Қарахан мазары 20 ғасырдың бас кезіндегі қалпына келтіру жұмысы кезінде бастапқы келбетін біршама жойғап. Оның бұрынғы кейпі мен архитектуралық элементтері жайында Б. Б. Деникенің «Орта Азия архитектуралық өрнектері» атты кітабындағы көне суреттен айқын мағлұмат алуға болады. Қасбетіне кірпішті өрнектеп қалау әдісімен декорациялық портал жасалған. Порталдың қос босағасынан бұрама өрнекпен тік жолақ тартылған. Қарахан ескерткішінен кірпіш қалаудың дамып, құрылыста декорация элементтерінің кең қолданыла бастағандығы аңғарылады. Бұл қазақ сәулет өнеріндегі тағы бір жаңа қадам болды. Айша бибі мавзолейі текше жобамен салынған. Бұл мемориал құрылыстың барлық фасадтары бір үлгіде. Әр қабырға осінде - жебе аркамен көмкөрілген терең қуыс. Арка еңсесіндегі сыпа архивольттар қос босағадағы шағын жұмыр бағаналардың лира іспетті капителіне иек артқан. Ескерткіштің төрт бұрышында шығыңқы орналасқап алып төрт бағана бар. Бағаналардың бедер белдеулі орта тұсы жіңішкелеу, ал жоғары және төменгі балтырлары жуандай түскен. Бұл ежелгі Орта Азия бағаналарымен төркіндес келеді. Қабырғалары мен бағаналар тұтасымен көгеріс және геометриялық өрнекті терракот плиталармен қапталған. Арка табанынан тартылған белдеу ғимаратты екі ярусқа бөледі. Мұндағы жоғары ярустың арка тимпандары декорациялық тәсілмен жүзеге асырылған. Қарахан мазарында көрініс тапқан бұл тәсіл Айша бибі ескерткішінде биік сатыға көтерілді. Терракот плиталар ғимаратқа салтанатты сипат беретін басты элементке айналды. Ескерткіштің қабырға қалауы ерекше назар аударады. Шаршы үлгідегі (7,23X7,23 м) қабырғаны үш қабат етіп салған. Ішкі қабат - қалыңдығы 40 см күйген кірпіш; ортаңғы қабат - ғаныш сылаққа отырғызылған жарамсыз құрылыс материалдары (қалыңдығы 80 см); сыртқы қабат - орнар жағында тіс бедері бар керамикалық плита. Қабырға қалауын 70-80 см биіктеген сайын ағаш құрсаумен байлап, құрылыс беріктігіп арттыра түскен. Қабырға ортасын толтырма қалау әдісі осы кезеңдегі Орта Азия сәулет өперінде кездесе бермейді. Алайда бұл әдіс 5 ғасырдан Арменияда, 12 ғасырдан Владимир-Суздаль сәулет өнерінде, ал 12-19 ғасырлардв аралығындағы Қазақстан архитектурасында кең қолданылды. 1953 жылғы өлшем-чертеж мәліметтері бойынша Айша бибі мавзолейінің астыңғы текше көлемі түгелдей қалпына келтірілмек. Ал күмбез құрылысын қалпына келтіру әлі өз шешімін тапқан жоқ 11-12 ғасырларда ірге көтерген Орталық Қазақстан ескерткіштері тобына жататын белгілі құрылыстың бірі - Аяқ-қамыр. Бұл ескерткіш портал-күмбезді құрылыстың толық қалыптасқан түрін сипаттайды. Сырт пішіні шаршыланып келген (8,10X9,84 м), қасбетінде шығыңқы орналасқан порталы бар. Портал ортасындағы жебе аркалы терең қуыс «П» тәрізді сай жолақпен қоршалған. Қоршаудыц маңдайша жағында шаршыланып келген шағын үш ұя, ал сырт жағындағы қос қапталында тік тартылған 4 сай жолақ бар. Бұл жолақтарға керамикалық плита орнаған. Қалған фасадтары дөдегесінеп бастап күмбезімен қоса бүлінген. Еңселі портал, ішінара терракот жолақтар, интерьеріндегі босаға қуыстары мен портал аркасын сына қалау әдісімен жабу - 12 ғасырдың аяқ кезіндегі сәулет өнеріне тән архитектуралы шешімдерді айқын сипат-шешімдерді айқын сипат-кейін феодалдық қоғамның экономикалық-әлеуметтік ілгері дамуы қаланың үшінші бөлігін - рабадты (шеткі қала) салдырды. Орта Азия және Оңтүстік Қазақстандағы осы үш бөліктен құрылған қоныс түрі -«Мауараннахр тектес» қала деп аталды. Жетісу диқандарының ірі мекен-жайлары осы «Мауараннахр тектес» қалалардың (Шу, Талас және Сырдария маңындағы қалалар) дамуына негіз болды. Алайда бұл типті қалалар Қазақстанның барлық жеріне тарамаған.
Бабаша хатун кесенесі, 11 ғасыр
Қарахан мазары, 11 ғасыр
Айша бибі кесенесі, 11-12 ғасырлар
Аяққамыр. 12 ғасырдың аяқ кезі. Орталық ғасыр
Алаша хан күмбезі, 13 ғасыр. Орталық ғасыр
Сырлытам. 1279. Қызылорда облысы
Түркістандағы Ахмед Яссауи мешіт-мавзолейі, 14-15 ғасырлар
Орталық Қазақстанның Ұлытау өңірі көшпенді тайпа ұлықтарының ертедегі орта ғасырдан бастап 20 ғасырдың бас кезіне дейін жаз жайлауы болды. 10 ғасырдың 2-жартысынан монғол шапқыншылығына дейін қимақ-қыпшақ тайпаларының мекені болған Ұлытау монғол үстемдігі кезінде Жошы хан мен оның ұлдарының астанасына айналды. Жошы заманындағы алғашқы ескертқіштердің бірі Жошы хан күмбезі (1228-1230). Ескерткіш жайындағы алғашқы деректер Хафиз Таныш жазбаларында кезігеді. Портал-күмбезді, текше пішінді, бір бөлмесі (5,10X5,20 м) бар. Құрылыс материалына күйген кірпіш, балшық лай, ал кейбір конструкцияларында (арка, ішкі еңсе, күмбез) ғаныш лай қолданылған. Порталы Аяққамырға ұқсас. Қос күмбезді. Сыртқы конус формалы күмбезі көп қырлы, ал ішкі конструкциялық күмбез он алты қырлы барабанға орнаған. Күмбез бирюза түсті жылтырақ плитамен қапталған. Ескерткіштегі алып пештақ, жылтырақ плита 13-14 ғасырдағы сәулет өнерінде кеңінеп қолданылды. Алаша хан күмбезі өзінің архитектуралық көлемдік шешімімен ерекшеленеді. Астыңғы текше негізге (9,73X11,91 м) он алты қырлы аласа барабан, оның үстіне жұмыр күмбез орнаған. Порталының үстіңгі жағы қираған. Аркалы терең қуыстың қос босағасында шағын қырлы бағана, ал портал қапталдарында төрткүл қалдықтары сақталған. Алып биік тұғыр, барабаннан кірпішті шығыңқы қалау тәсілі күмбезді айналдыра тартқан белдеу, әрі ескерткіштің биік орналасуы оған қомақты сипат.
Бұл күмбез асты құрылысы осы кезеңдегі озық үлгі болып табылады. Ғимарат иптерьеріндегі тағы бір ерекшелік - негізгі бөлме қабырғасынан жасалған айналма галерея (еден деңгейінен 3,65 м биіктікте; қабырғаны іш жағынан 0,5 м мөлшерінде кішірейту есебінен жасалған). Галерея күмбез төңірегіндегі ашық алаңмен жалғасады. Барабанындағы төрт терезе мен күмбез төбесіндегі шеңбер ойық ескерткіш ішін жарыққа бөлеп тұрады. Қазақстан өңірінде таңдаулы ескерткіштердің бірі - Сырлытам (Іңкәрдариядағы; Қызылорда обл.) мавзолейі. Ол портал-күмбезді үлгімен тұрғызылған. Қасбетінде текше негізге (9,5X10,15 м) жанастыра тұрғызылып, дәстүрлі жолақ өрнекпен нақышталған еңселі порталы, порталдың екі шетінде шығыңқы жұмыр бағаналары бар. Шеңбер барабан сүйір күмбезге ұласқан. Көлемдік композициялық шешіміндегі негізгі назар еңселі күмбез құрылысы мен порталға аударылған. Ескерткіштен Қарахан әулеті кезіндегі сәулет өнерінің дәстүрлі жалғасы аңғарылады. Ежелгі Тараз өңірінде сақталған архитектуралық ескерткіштердің ішінде Дәуітбек мазары (1262) өзінің композициялық құрылымы жағынан жаңа архитектуралық үлгіні аңғартады. Ошақтың төрт бұтына ұқсас төрт алып пилон бір-бірімен биік жебе аркалар арқылы жалғасып, оның үстінен күмбез орнаған. Жел кернеген желкендей көкке көтерілген күмбез ескерткішке әсем де жеңіл сипат береді. Төрт таған пилон ортасында сандықша сұпы бар. В. В. Бартольдтың жазуы бойынша ескерткіш түріктің әскери басшысы Ұлық-Белгі-Икбал-Дәуіт-бектің қабіріне тұрғызылған. Бұл ескерткіш иран мешіттеріне ұқсас болғанымен өзіндік шешім тапқан туынды. 14 ғасырдың 70 жылдары Ақорда астанасы Сығанақ біршама өркендеп, көптеген мешіт, медресе мен мазарлар ірге көтерді. Осынау мәдени ескерткіштердің көбі кезіндегі соғыс өртіне шарпылып, жойылып кетті. Олар жайын-да тек жазба деректер ғана сақталған. Осы кезең ескерткішінен біздің заманымызға жеткені – Көккесене мавзолейі (Қызылорда обл.). Онын қиранды орнын 1927 жылы академик А. Ю. Якубовский зерттеген. Көккесене текше негізге сегіз қырлы, оның үстінен он алты қырлы қалаумен күмбез тұрғызған, оның сыртын бирюза түсті плитамен қаптаған әсем құрылыс болған. Күмбез қалаудағы бұл сатылы әдіс Орта Азияда Көне Мервтегі Санжар сұлтан мазарында кездеседі. Көлемдік композициясының ұнамдылығы, конструкциялық элементтерінін ұтымдылығы әрі архитектуралық көркемдеу ісінің жоғары сапалы болуы жағынап Көккесене 14 ғасырдың аяқ кезіндегі таңдаулы архитектуралық ескерткіш қатарына жатады.
Жартасты қашап салған Шақпақ ата мешіті (Маңғышлақ облысы) қазақ сәулет өнеріндегі жер асты құрылыстарының озық үлгісінен саналады. Мешіттің жалпы жобасы крест пішінді. Намаз залының (5,0X4,5 м төрт бұрышынан капительді жұмыр бағаналар қашалып, олардың арасы декоративтік аркалармен байланысқан. Күмбез еңсе төбедегі қуыс арқылы сырттағы шаршы павильонмен жалғасады. Залдың қос қапталындағы бөлмелердің біреуінде сәкі, ал екіншісінде михраб қуысы бар. Кашап түсірген негізгі әшекей өрнек (жануарлар, қару-жарақ, салт атты адам суреттері, жазулар т. б.) кіреберіс порталы мен босаға қабырғаларын нақыштауға жұмсалған.
14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан сәулет өнерінің тамаша ескерткіші - Түркістан қаласындағы Ахмед Яссауи мешіт-мавзолейі. Ескерткіш Темірдің әмірімен салынған. Бұл алып ғимараттың 30-ға тарта жеке бөлмелері орталық қазандық бөлмесінің (18,2X18,2 м) төғірегіне шоғырланған. Орталық қазандық бөлме үстіне Орта Азиядағы ен ірі күмбез (диаметрі 18,2 м) орнаған Қазандық бөлме ортасында алып кұтбандық қазаны (диаметрі 2,4 м; салмағы 2 т) болған. Қазандық төрінде зиратхана, одан әріде Ахмет Яссауидің сағанасы жатқан гөрхана (7,15X7,15 м) орналасқан. Гөрхана қабырғаларында аркалы төрт қуыс, екі есік бар. Сағана көк сұр мәрмәрмен қапталған. Гөрхана күмбезі қос қабатты. Ішкісі парусқа иек артып, сталактитпеп әсемделген сүйір формалы жай күмбез, ал сыртқысы биік шеңбер барабан (әсем жазу және өрнекті фризбен нақышталған) үстіне орнаған қобылы күмбез. Гөрхананың екі қапталын қуалай салынған түзаралардың сол қанатында Кіші мешіт, ал оң қанатында Үлкен Ақсарай орналасқан. Қазандықтың екі бүйіріндегі құжыра болмелерінің сыртында кітапхана мен Кіші Ақсарай, ал портал қапталында асхана мен құдықхана бөлмелері бар. Бұл бөлмелердің бәрі екі қабаттағы төрт түзара арқылы қазандықпен жалғасады. Ғимаратты жоспарлау ісі мен сырт пішінінен оны белгілі бір идеяны уағыздау мақсатында тұрғызғандығы айқын аңғарылады. Көшпенділер жерінен осындай алып ғимарат салғыза отырып, Темір халық сапасын жаулап алуды, ислам дінін уағыздаушы халықтардың ұлы бірлігін империя күш-қуатына айналдыруды көздеді. Шахрисабздағы Ақсарай маңдайшасына: «Егер біздің жойқын қуаттылығымыз бен ұлылығымызға күмән келтірсең, салған ғимараттарымызға қара», - деп жаздыруы Темірдің негізгі ойын аша түседі. Қазақстан өңірінде Темір салдырған құрылыстардың ішінде сақталып келген Ахмед Яссауи ескерткішінің алып порталы (биіктігі 37 м), жебе аркалы портал қуысы (биіктігі 18,20 м), еңселі қуыс ішіндегі шағын ғана есік адам санасында контраст ұғым тудырып, ғимаратқа асқақ сипат береді. Оның қос босағасындағы төменгі жағы қырлы болып келген жұмыр мұнара, порталмен деңгейлес көтерілген қазандықтың көк күмбезі, оны айнала төңкерілген мешіт пен гөрхана күмбездері ескерткішті көкке көтере түседі. Архитектуралық ірі формаға ірі өрнек (қаптал қабырғасындағы геометриялық және эпигр. өрнекті жылтырақ плиталар мен кірпіштер) сай келген. Құрылыс ісіндегі инженерлік-техникалық әдіс ерекше назар аударарлық: ғимарат түзаралар мен қатынас жолдары арқылы 7 блокқа бөлінген, бұл әр блоктың өзінше шөгуіне мүмкіндік тудырады; қазандық бөлмеге келіп тірелетін қалың қабырғалар күмбез асты негізге контрфорс (қосымша тіреу) ролін атқарады. Құрылыс материалы, сондай-ақ астыңғы іргетас мөлшері үстінен түсер салмаққа қарай бейімделген. Күмбез-еңсе көтеруде алуан конструкция (крест күмбезді еңсе, тромп, парус, консольды-ұя т. б.) қолданылған. Параллель арка құрылысын (Үлкен Ақсарай) салудың алғашқы қадамы жасалған. Ғимаратты архитектуралық-көркемдеу ісінде жылтырақ плиталар мен кірпіштен басқа ғанышқа, сүйекке жосық салу, ағаш оймыштау, тас пен металл өңдеу сияқты халық қолөнерінің тамаша үлгілері молынан қолданылған. Ғимаратты салу ісінде Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінің озық үлгілері тоғыстық тапты. Бұл ғимараттың Қазақстан сәулет өнерін ілгері дамытудағы маңызы зор болды. Оған еліктеу (Қаратаудағы Баба ата т. б.), ойың кейбір детальдарын басқа құрылыста пайдалану сәулет өнеріне игілікті ықпалын тигізді.
Бұл кезеңдегі Қазақстан сәулет опері Орта Азия архитектурасы ықпалында дами отырып, өзіндік жаңа сипатқа ие болды. Портал құрылысы, күмбез асты конструкциялары, екі ярусты барабан сияқты ғимаратқа өзгеше түр беретін негізгі архитектуралық элементтер одан әрі жетілдірілді. Ғимаратты көркемдеу ісіпде алуан түсті жылтырақ кірпіштер мен плиталар кеңінен қолданылды.
15-18 ғасырлардағы архитектура. 15-18 ғасырларда Қазақстан территориясында алғашқы хандықтар ірге теуіп, қалыптаса бастады. Ең алғаш Жетісу өңірінде ірге көтерген бұл хандықтар бірте-бірте бүкіл Қазақстан территориясына қанат жайды. Табиғат, шаруашылық-этникалық ерекшеліктеріне қарай негізгі үш аймақтың (көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан Орталық және Батыс Қазақстан; жартылай кошпелі және кетпен егісі дамыған Шығыс Қазақстан; егіс шаруашылығы кең қанат жайған Оңтүстік Қазақстан) қалыптасуы және әр түрлі тайпалардың жаңа мемлекеттік құрамына енуі осы кезеңдегі архитектуралық құрылыстардың форма жағынан алуан түрлі болып келуіне әсер етті. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің бір-біріне алма кезек ықпал етуі бұдан кейінгі тарихи даму барысында байқалып отырды.
Сырдария мен Талас өзендері аңғарында ерте дәуірден Орта Азия қала мәдениетімен тығыз байланысты қала қоныстарының жүйесі - Отырар, Тараз, Созақ, Сығанақ, Яссы (Түркістан), Сауран, Сайрам т. б. дами түсті. Бұл қалалар бекініс-қамал, шаһарстан және рабадтан тұрды. Қазба жұмыстары кезінде бұл қалаларда су құбыры жүйесінің болғандығы анықталды.
Яссыдағы Ахмед Яссауи ескерткішінің жанынан әр түрлі мемориал ансамбльдер ірге көтерді. Ұлы сопының жолын қуғандардың мінәжат етуі үшін салынған жер асты қылуеті ең көне ескерткіштің бірі болып табылады. 15 ғасырда Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның әйелі Рәбиға Сұлтанбегімнің мазары бой көтерді. Ескерткіш 8 қырлы жобамен салынып, Ахмед Яссауи ескерткіші гөрханасынікіне ұқсас биік барабанды күмбезбен көмкерілді. 16 ғасырларда Бұхар әмірі Абдулла ханның жарлығымен Ахмед Яссауи ескерткішін біршама жөндеу (астыңғы мығы, солтүстік минареті, кейбір бөлмелерін жабу т. б.), қосымша құрылыстар тұрғызу (түтін жолы еден арқылы өтетін монша) жұмыстары жүргізілді. 1526 жылы ескерткіштің бас порталы жанынан Сүйініш хан мазары, ал 1598 жылдан бастап қазақ хандары Есім хан, Жаһангер хан, Сүйініш хан, Абылай хан мазарлары салынды. Қоқан хандығы кезеңінде (18 ғ.) Ахмед Яссауи ескерткіші босаға минареттерін көтеру және комплексті айнала балшық дуалмен қоршау жұмыстары жүзеге асырылды. Ескерткіш төңірегіндегі бұл құрылыстар сақталмаған. Қазіргі кезде осы ескерткіштердің ең таңдаулыларын қапта қалпына келтіру ісі жүргізілуде.
15-18 ғасырлардағы діни және мемориал құрылыстар негізгі үш топқа (мазарлар; әр түрлі қоршаулар мен сағанатамдар; қабір басына қойылатын ескерткіш-белгілер - «архитектура шағын формалар») бөлінеді. Мазарлар композициялық құрылымы жағынан мұнаралы, портал-күмбезді және текше пішінді, ал жабылуы жарты шар немесе шошақ күмбезді болып келеді; күмбез кейде барабан үстіне орнайды.
15-18 ғасырлардағы мұнара тектес құрылыстарға Байтақ, Қызылорда облысындағы Шик-Нияз бен Қармақшы ата, Созақ ауылындағы мазар (№ 1) т. б. жатады. Бұл ескерткіш шаршы немесс көп қырлы негізге цилиндр яки қырлы барабан, оның үстіне алуан формадағы (шошақ, жарты шар, дулыға іспетті т. б.) күмбез орнату арқылы жасалады. Ескерткіш көбіне 2 ярусты болып келеді де, ішінара шағын порталмен нақышталады. Мұндай мұнара құрылыстардың бойында көшпенді тайпалардың күйме-үйі мен қорғандарға ұқсас элементтер мол сақталған. Ерте замандағы мұнара ескерткіштерді зерттеу барысында (Қызылорда облысындағы Ақсақкыз, Сараман-қоса, Бегім ана, 10-12 ғ.; осы тектес Діңгек, Қозы Көрпеіп, Домбауыл, 8-10 ғ.) көптеген ғалымдар оның кезінде әр түрлі тайпалық және этникалық одақтардың діни орталығы болғандығын жорамалдайды. Көкке қол созған бұл құрылыстар адам жанының көкке ұшып кететіндігін (көкке шаншылған мұнара пішіні), алайда оған ескерткіш ретінде мәңгі тірлік белгісі - «өмір бәйтерегін» орнату (мұнара төбесін жабуда қолданылатын сырық т. б.) сияқты космогониялық ұғымнан туған болуы ықтимал. Сөйтіп көк пен жерді ұластыру идеясынан барып дүниеге келген бұл ескерткіштер кейіп дәстүрлі архитектуралық формаға айналып кетті.
Осы кезеңде оңтүстік облыстарда портал-күмбезді мазар тұрғызу ісі одан әрі дамыды. Оны салу барысында Орта Азия сәулет өнерінің кейбір үлгілері кеңінен пайдаланылды. Сәулетшілер мазар тұрғызуда шаршы үлгідегі астыңғы негізден күмбез қалауына ауысу кезінде бұрыш аркаларды (Қызылорда облысындағы Оқшы ата мазары, 15-16 ғ.), ал ішкі еңсені нақыштауда типылданған кірпіштен күрделі сталактит қалау тәсілін қолданды.
Текше пішінді мазарлардың айқын үлгісіне Қызылорда облысындағы Асанқожа мазары (17 ғ.) жатады. Шаршы негізге күмбез орнату, кейде оның төрт құлағын ерекше нақыштау (күмбезше немесе сүмбі-мұнараша) бұл ескерткіштердің негізгі ерекшелігі болып табылады. Дүние жүзілік халықтары мемориал құрылыстарында кең тараған бұл төрт құлақ үлгі кейбір талымдардың (Е. Э. Бертельс, Б. А. Литвинский) жорамалдауынша дүниенің төрт бұрышты екендігін, оның төрт бұрышында «өмір бәйтерегі» немесе көк күмбезінің орналасатындығын меңзеу сияқты ұғымнан туған болуы мүмкін.
Күмбез тұрғызу тәсілінде 3 ярусты дәстүрлі жоба (кірпіш не тасты қырынан қалау арқылы күмбезді сақиналау т. б.) сақталып келді. Батыс Қазақстанның кейбір өңірінде тамаша типылданған кірпіштен салынған астыңғы негізге өңделмеген материалдан күмбез орнату кезігеді. Сонау темір дәуіріндегі мемориал құрылыстардан бері жалғаса дамыған 3 ярусты күмбез тұрғызу әдісі (қорған құрылыстар, мұнара ескерткіштер т. б.) ежелгі заман көшпенділерінің (сақтардың) әлемнің үш бөлікті құрылымы жайындағы мифтік сенімдермен үндес келеді. Иек артпа қалаумен қорған тұрғызу дәстүрі Қазақстанның барлық территориясына кең тараған. Ол - «үш тас», «бес тас» («бесік тас»), «сандықша», «сұпы» деп аталатын қабір үстіндегі белгілер. 15-18 ғасырларда етек алған мұндай сатылы-пирамидалы ескерткіштер (2, 5, 7 ярусты) биіктігі 8 м-ге дейін (Шығыс Қазақстан) барады.
Сырт пішіні Евразия даласын мекен еткен көшпенді тайпалардың арба немесе күйме үстіндегі баспаналарына ұқсас мазарлар тұрғызу 15-18 ғасырларда Батыс Қазақстанның Үстірт, Маңғышлақ, Орал маңында кең қанат жайды. Бұл мазарлар киіз үйдің түп төркіні күйме баспаналарға (қыпшақтардың арба үстіндегі үйлері, монғолдардың «қасиетті күймесі» т. б.) өте ұқсас. Ірге тас қолданылмайды. Күмбезі дулыға іспетті, ұшар басында жебеге ұқсас қырлы сүмбесі бар, көбіне барабан үстіне орнайды. Қабырғаларына қару-жарақ және тұрмыстық заттар суреттерін қашап салу оған кешен құрылыстардың әсері болғандығын аңғартады.
15-18 ғасырларда киіз үй мал шаруашылығымен айналысатын қазақтардың негізгі баспанасына айналып, оның жалпы аумағы мен жеке әбзелдері жотілдіріле түсті. Негізгі шығу төркіні қола дәуірі құрылыстарына саятын киіз үй Евразия даласын мекен еткен тайпалардың ортақ баспанасы болып келді. Ұзақ даму жолынап өткен, кошпепді тұрмысқа қолайлы бұл тұрақжай қазақ халқының да ұлттық баспанасына айналып, 15-18 ғасырларда шырқау биігіне көтерілді. Ол тіпті хандардың жазғы сарайы ролін де атқарды.
Қазақтың киіз үйі сыртқы киіз жабысына қарай - «үзікті», «көтерме туырлықты», сүйегінің (ағашының) уақ-ірілігіне орай - «алтын орда», «ақ орда», «ақ отау», «қараша үй», «қара лашық», «абылайша», «ұранқай», «жолым үй» т. б. деп аталатып бірнеше түрге бөлінеді. Оның суйегі негізінен «қазақ» және «қалмақ үлгі» деп аталатын екі түрлі үлгімен жасалады. Киіз үйлерді бір-біріне жалғастыра тігу арқылы бірнеше бөлмелі етіп жасауға болады. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ) сүйегі деп атайды. Киіз үйді тіккенде үй сүйегі бір-бірімен бау-басқұрлар (басқұр, құр, таңғыш, шалма, белдеу-баулар) арқылы біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши (шым ши немесе ақ ши) тұтылып, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Киіз үйге лайықталған ішкі жиһаз (абдыра, жүкаяқ, түс киіз, кілем т. б.), төсеніш (алаша, сырмақ, текемет, бір салар т. б.), сондай-ақ, тұтыну заттары (аяқ қап, кесе қап, тұлып, қоржын т. б.) болады. Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған «үй ағаштан» жасалады. Киіз үйді тіккенде ең бірінші кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады. Басқұр-таңғыштармен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріп, оған уық шанышады. Әрбір уық қаламын шаңырақ қаламдығына сұғынта кіргізіп, екінші жағын балақ бау арқылы кереге басына байлайды, байланып біткен уықты айналдыра құрмен шалмалап шығады. Осыдан кейін туырлық үзік, түндіктерді және киіз есікті жабады. 15-18 ғасырларда ат үстінен шаңырақ көтеріп, уық шаншатын алып киіз үйлер пайда болды. Ең үлкен киіз үй 30 қанатқа дейін барды.
15-18 ғасырларда өріс алған қабір үсті ескерткіш белгілерінің ішінде «қошқар тастардың» алар орны ерекше. Ескерткіштің бұл түрі Батыс Қазақстанда кең тараған. «Қошқар тас» ескі сенімде құт-берекенің, бақыт пен сәттіліктің символы болған. Литвинский ежелгі сақ және сармат тайпаларыиың (Қазақстан, Орта Азия, Қара теңіз жағалауы, Иран) қабір басына орнататын негізгі белгілерінің бірі болған «қошқар тастарды» зерттей келе осындай ескерткіштердегі иранның «фарну» сөзі түріктің «құт» сөзімен мазмұндас екендігін анықтады. Тап осы мазмұндас сөз Сібір мен Монғолиядағы «бұғы тастардан» да кезігеді. Ислам дінінің ықпалымен бұрынғы антропоморфтық қабір үсті белгілерінің (балбал, қыз тас, келіншек тас, кісі тас, сым тас т. б.) орнына тұңғыш бейнелеу өнерінің кейбір элементтері бар (кісе белдік, қару-жарақ, әшекей бұйым, қайшы т. б. суреттерін қашап түсіру) құлпы тастар орнату өріс алды.
19-20 ғасырлардың бас кезіндегі архитектура. 18 ғасырдың 30 жылдарында бастаған Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылу процесі 19 ғасырдың 60 жылдары аяқталды. Қазақстанның Россиямен саяси-экономикалық байланысты бірте-бірте күшейте түсуге себеп болған осы тарихи уақиға қазақ халқының бұдан арғы тағдырын белгілеп, оны Жоңғария мен Орта Азия хандықтары тарапынан құлдану қаупінен азат етті; қазақ халқының орыстың озық мәдениетімен жақындасуына нақты жағдай жасалды. Феодалдық бытыраңқы болған қазақ елінің Россияға толық қосылып болғанына дейін созылып келген сыртқы және ішкі соғыстар экономика мен мәдениеттің дамуына кеселін тигізді. Бұрын қолөнершілік-сауда және саяси-діни орталықтар болып келген Оңтүстік Қазақстанның ескі қалалары Әулиеата, Шымкент, Түркістан, Созақ, Ақмешіт т. б. бүлікшілікке ұшырады әрі уақытша Қоқан мен Хиуа хандарының қол астына көшті. Қаңырап қалған қалалар мен қираған баспапалар жайында 1819 жылы Ф. Назаров баяндайды. Бұған керісінше Қазақстанның Россиямен қосылған батыс және солтүстік аудандарында экономикалық-сауда байланыстарының өсуіне қарай, бұрынғы әскери бекіністер қалаға айналып, жаңа қалалар ірге көтерді. 19 ғасырдың 1-ширегінде бұрын сауда орталығы болып келген айырбас сарайлары маңызып жойып, олардың орнын үлкен товар айпалымдары бар жәрмеңкелер (Орынбор, Қоянды және Семей т. б.) басты. Бұрынғы әскери бекіністер болған Орал, Гурьев, Орынбор, Орск, Троицк, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Верный қалалары мәдени-экономикалық жаңа орталықтарға айналды. Егер 19 ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы қалалар сапы оннан аспаса, 90 жылдары олардың саны он беске жетті. Алайда 19 ғасырдың аяғына қарай қала халқының үлес салмағы Қазақстанның бүкіл халқының не бары 5,2 %-і ғана болды. Нақтылы бір табиғи және климат жағдайларында құрылып, дамыған қаланың тек өзіне тән өзгешелігі, тиісті келбеті болады. Дегенмен, ондағы тұрғындардың еңбек, іс-әрекеттеріне, тұрмысына байланысты қала жоба-жоспарындағы өзгешеліктерді ескере отырып, революцияға дейінгі Қазақстан қалаларын өзара айырмашылығы бар үш типке бөлуге болады: қамал, шаһарстан, рабадты қала; жаңа қала; бекініс қалалар. Мұның бірінші типіне Әулиеата (Жамбыл). Сайрам, Шымкент, Түркістан қалалары жатады. 19 ғасырдың басында Шымкент қамал, шаһарстан, рабад сияқты үш бөліктен құрылды. Биік тобенің басын алып жатқан камал қаланың оңтүстік бөлігіне орналасты. Оның қабырға керегелері соқпа саз балшықтан (пахса) тұрғызылды. Қамал ішінде бектің сарайы, чиновниктер үйі, солдат казармалары мен қоймалар, оның солтүстігінде базар алаңы болды. Осы алаңнан басталатын Ташкент, Түркістан, Әулиеата, Сайрам жолдары мен бұларды қиып өтетін ішкі қала жолдары көше жүйесін құрады. Батыс, солтүстік және шығыс жағы қамалмен жанасқан шаһарстан екінші қорғанмен қоршалды. Қала үйлерінің негізгі бөлігі осы шаһарстанда ірге тепті. Қала сыртындағы рабадта қолөнершілер меп кедей шаруалардың үйлері шоғырланды. 19 ғасырдың 60 жылдары қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен жаңа қала ірге көтерді. Ол арнайы жоспармен салынып, кең әрі түзу көшелердің екі жағына ағаштар егілді; арықтар қазылды. Алайда, жаңа қаланың ескі қаламеп байланыста болуы жоспарлану кезінде толық ескерілмеді. Ескі қаланың базар алаңымен тек бір ғана көшесі (қазіргі Совет көшесі) жалғасты. Қазақстан қала салу өнерінің екінші типіне жататын осы тектес жаңа қалалар 19 ғасырдың 60 жылдары Шымкент, Жамбыл, Түркістан, Ақмешіт сияқты қонысты тұрақтарда ірге көтерді. Жаңа қала жоспарына Россияның қала салу тәжірибесі мен жергілікті дәстүр шебер пайдаланылды. Патша өкіметі отаршыларының тірек пункті ретінде салынған Орал, Семей, Верный сияқты бекініс қалалардың жоспарлануыпда өзіндік ерекшелік болды. Оның айқын үлгісіне Семей мен Верный қалалары жатады. Соғыс бекінісі ретінде 1718 жылы салыған Семей 80 жылдары әскери қорған, қазақ станицасы және татар слободкасынан тұратын уездік маңызы бар қалаға айналды. Орта Азия мен Қытай арасындағы керуеп жолы үстіндегі ірі сауда пункттерінің бірі болған қала тез өркендеп, 19 ғасырдың ортасында облыс орталығына айналды. Осы тұста әскери қорғанның шығыс жағынан қаланың әкімшілік-қоғамдық орталығы құрыла бастады. Ертіс өзен жағалауын қуалай параллель және перпендикуляр тартылғап көше жүйесі, соған орай құрылысты жағаға шоғырландыру, сөйтіп табиғи факторларды тиімді пайдалапу қала жоспарындағы елеулі табыс болды. Алайда жеке кәсіп иелерінің өперкәсіп мекемелері мен құрылыстары жағалауды ретсіз салынған үйлерге толтырып жіберді. 1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі 1867 жылы қала атанды. Сөйтіп ол Жетісу өңірінің әкімшілік орталығына айналды. 70 жылдардың аяғында Верный әскери бекініс, үлкен және кіші станица, татар слободкасы сияқты үш бөліктен тұрды. Кіші Алматы өзенінің сол жақ жағасындағы екі станицаның аралығына орналасқан әскери бекініс саз балшық қабырғамен қоршалды. Татар слободкасы өзеннің оң жақ жағасынан ірге тепті. Қала көшелерінің біркелкі әрі шағын кварталды болып келуі жер бедерін ескеру және үлкен станица жоспарымен үндестікті сақтау негізінде жүзеге асты. 19 ғасырдың 80 жылдары қалалық бақ (қазіргі 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы парк) төңірегінен қоғамдық-әкімшілік орталық салына бастады. Губернатор үйі (1887 жылы жерсілкінісінде қираған), офицерлердің мәжіліс үйі (қазіргі офицерлер үйі), қоғамдық мәжіліс үйі (қазіргі қазақ-концерт ғпмараты), гимназия, архиерей үйі т. б. ғимараттар ірге көтерді. Ағаш үйлердің кейбіреулерін (губернатор үйі) нақыштау ісінде орыс классикалық сәулет өнері үлгілері қолданылды. Ағаш құрылыстыи озық үлгісіне 1907 жылы А.П.Зенковтың жобасы бойынша қала бағынан тұрғызылған Кафедралық собор ғимараты жатады. Қалалардың өсуімен қатар, Қазақстанда капитализмнің даму процесі Россиядағы сияқты қоныстың жаңа типі - фабрика, завод поселкелері мен сауда-өнеркәсіп селоларын тұрғызды. Қазақстанның табиғи байлықтарын ашып, іске қосу негізінде Қарағанды, Успенка, Жезқазған, Риддер, Зырян, Доссор, Мақат т. б. жерлерде шахта маңындағы поселкелер пайда болды. 19 ғасырдың 2-жартысында Нұра ө. аңғарында Черниговка, Киевка, Романовка, Ивановка сияқты орыс-украин селолары бой көтерді.
Алматыдағы Кафедралық собор, 1907.
Дүзен мавзолейі, 19 ғасыр. Сәулетші Елеманұлы Серәлі. Жезқазған облысы
Қарасопы мазары, 19 ғасырдың 2-жартысы. Қызылорда облысы
Егіс шаруашылығының дамып, отырықшылық процесінің жиілеуі қыстаулар мен жаңа ауылдардың пайда болуына ықпал жасады. Қыстауды жоспарлау ісінде мал қораларының орналасар орны, оған қолайлы жер таңдау ескеріліп отырды. Қыстауды қар алмайтып, от суы мол жердеп салу көзделді. Қазақстан территориясының кең болуы әрі оның жаратылыс-климат жағдайларының алуан тұрлілігі, сондай-ақ халық құрамының ала-құлалығы, халық тұрақжайларының алуан типті болуына себепші болды. Қазақстанның қысы ұзақ әрі күні суық болатын, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аудандарында тұрақжайдың бір қоршау ішіне салынған (тұрғын үй, мал қора, шаруашылық бөлмелері бір-біріне жалғас) ерекше түрі қалыптасты. Ал бұған керісінше аптап ыстық болатын оңтүстік аудандарда негізгі тұрғын үй жағынан ашық жаппа шығарылып, мал қоралары мен шаруашылық бөлмелері оңаша салынды. Бұл екі ауданындағы тұрғын үйлер қоржын үй (ортада ас болме, екі бүйірде қонақ және жатын бөлмелер) және ашык жаппалы, дуалмен қоршалған үйлер болып бөлінді. Осы кезеңде қала орталықтарынан мешіт, шіркеу, медресе, мектеп, кеңсе, сауда-әкімшілік ғимараттары, аурухана, фабрика-завод, темір жол вокзалдары сияқты құрылыстар салу кең өріс алды. Бұл ғимараттарды салу ісінде көбіне 19 ғасырдың аяқ кезіндегі орыс классицизмі стилі (губернаторлар үйлері т. б.), ішінара «шығыс» үлгісі (Оралдағы темір жол вокзалы), кейде «модерн» (Қызылорда мен Түркістандағы темір жол вокзалдары) қолданылды. Қала құрылыстарында металл конструкциялар пайдаланыла бастады. Қазақ жерінде мұсылман дінінің етек алуына Оңтүстік Қазақстан (Түркістан, Сайрам) мен Орта Азия (Бұхара) және Батыста Қазап мен Қырым татарлары діп орталықтары елеулі ықпал жасап отырды. Осы ықпал діни құрылыстар салу кезінде де өз таңбасын қалдырды.
Белгілі адамдардың қабіріне ескерткіш-белгі орнату қазақ халқында ертеден келе жатқан дәстүр. Оған ұсталар мен зергерлер бар өнеріп төгіп, ел құрметтеген белгілі адамдарға ұмытылмас ескерткіш орнатқан. Ескерткіштен адамның дәулет-дәрежесі де көрініс тапқан. 19-20 ғасырдың бас кезінде Қазақстан өңірінде ірге көтерген осындай мемориал ескерткіштердің негізгі түрі - мазар-мавзолейлер. Олардың шоғырланған жерлері - Орталық Қазақстан (Жүзден), Оңтүстік Қазақстан (Шоқай мазары) және Батыс Қазақстан (Маңқыстау ескерткіштері). Жүздеп мавзолейі осы кезеңде тұрғызылған белгілі ескерткіштердің бірі. Сәулетші - Еламанұлы Серәлі. Бұл ескерткіштің архитектуралық шешімінен орта ғасыр сәулет өнері туындыларына (Алаша хан күмбезі т. б.) еліктеу байқалады. Бұл ескерткішті салдырушының өтінішіне орай жүзеге асырылған. Құрылыс материалы - қызыл кірпіш. Портал-күмбезді. Астыңғы текше негізге көп қырлы барабан, оның үстіне жарты шар тәрізді күмбез орнаған. Портал ортасындағы доға аркалы терең қуыс төрт қатар «П» тәрізді сай жолақпен (терракот плита орны) жиектелген. Портал маңдайшасы мен қабырға дөдегелерінің астынан геометриялық өрнекті плитамен басқұр тартылған. Портал бүйір қабырғалары «қазтаңдай», ал негізгі қабырға капталдары «кереге көз» өрнекті кірпіш қалаумен нақышталғап. Бұл ескерткішті салу барысында сәулетші орта ғасыр сәулет өнерінің сәтті үлгілерін қайта жаңғыртып, мемориал құрылыс архитектурасын жаңа белеске көтерді. Жергілікті халыққа Қарасопы мазары (Қызылорда обл.) деген атпен белгілі болған М. Айтқожаұлының күмбезі жобасының жалпы схемасы мен көлем композициясы жағынан алғанда, Оңтүстік Қазақстанда аз тараған мемориал құрылыс түрін сипаттайды. Ескерткіш 19 ғасырдың 70 жылдары күйген кірпіштен салынған. Сырт пішіні текшеленіп келген (13,9X9,55 м). Негізгі қабірхана (6,5X6,5 м) алдында ашық айуаны (шырақ бөлме) бар. Еңселі портал маңдайшасынан шағын арка тесіктер арқылы өрпек тартылған. Шоқай мазары осы кезеңдегі мемориал құрылыстардың ең ірілерінің бірі. Мазар текше пішінді (9,4X8,4 м), портал-күмбезді. Астыңғы негізге шеңбер барабан, барабан үстіне сүйір күмбез орнатылған. Оның алып порталы, портал босағасындағы мұнара-минареттер, қасбетіндегі жебе аркалы тайыз қуыс, қуыс жақтауындағы екі ярусты жебе ұялар ғимарат кескінін қомақтандырып, оған салтанатты сппат береді. Осы кезеңде ірге көтерген Батыс Қазақстан (Үстірт, Маңғышлақ) архитектура ескерткіштері өзінің архитектура-көркемдік шешімі және композициялық құрылымы жағынан айрықша назар аударады. Бұл ескерткіштердің салыну үлгісінен көне заман сәулет өнері ізін, екіншіден, өз заманының талап-тілегіне сай жаңалық белгілерін және көршілес елдер архитектурасымен байланыстылық пышандарын һәм халық қолөнер шеберлерінің тамаша қол таңбасын көруге болады. Осындай ескерткіштердің бірі 19 ғасырдың 90 жылдары Үстіртте ірге көтерген Айтман мавзолейі. Құрылыс материалы жұмсақ ұлутас. Оны салушы белгілі халық шеберлері - ағайынды Дүйсенбай мен Өмір Қаражүсіп ұлдары. Үстірттегі Омар мен Тұр мазары, Жемдегі Төлебайдың сағанатамы т. б. құрылыстар осы ұсталардың қолынап шыққан. Айтман мавзолейі текше негізді-күмбезді құрылыс типіне жатады. Ол өзінің архитектуралық-көркемдік шешімі жағынан Қазақстан сәулет өнеріпдегі жаңа ағымды сипаттайды. Құрылыстың негізгі конструкциялық тәсіліне бұрыңғы дәстүрлі әдістер пайдаланылса, фасадтарын салуда тың шешім қолданылған. Онда еңселі портал жоқ. Композициялық көлемдік шешімі текше, шеңбер және конус іспетті геометриялық фигуралар үйлесімін дәл табуға кұрылған. Интерьерін киіз үйге ұқсатып жасаған. Ескерткішті салған сәулетші әр түрлі формаға келтіруге икемді ұлутасты пайдалана отырып архитектуралық бөлшектердің әсерлі көрінуіне, оның әсемдігіне баса назар аударған. Декорацпялық портал, қабырға үстіндегі парапеттер, тасты қашау арқылы түсірілген алуан мотивті ою-өрнектер осының айғағы. Нұрберген Қалышұлы мазарын (Маңқыстау, Сенек поселкесі) 1900 ж. Жандәулетұлы Дүтбай ұста салған. Ескерткіш шаршы планды (5,5X5,5 м). Жалпы биіктігі 8,5 м. Көлемдік композициясы текше тұғыр, цилиндр барабан және дулыға тәрізді күмбезден құралған. Бұл бөлшектер сымбатты үйлескендіктен мазар монументті мүсінге ұқсайды. Құрылыс материалы арамен кесуге шотпен шабуға лайықты жергілікті ұлутас. Ескерткіштің алдыңғы және артқы фасад қабырғалары көтеріңкі, жоғары жағы парапет сияқты. Бүйір фасад қабырғалары төмендеу күмбез табанын жиектей қаланға Парапеттің сыртқы беті жазық ойынды қуыстар және тапал пилястрлар жүйесімен бөлініп, әр түрлі бояулармен боялған. Мазарды айналдыра кара бояумен тартқан басқұр, ұшып бара жатқан құсты бейнелеген өрнектер қаралы қаза символын меңзейді. Интерьері Айтман мавзолейіне ұқсас жасалған. Осы кезеңдегі таңдаулы ескерткіштердің бірі Ембі ө. аңғарындағы Жұбан молда мазары. 1897 жылы ұлутастан салынған. Сырт пішен Нұрберген Қалышұлы мазарына ұксас. Ескерткішке тасты жосықтау арқылы ою-өрнек салу негізінен сәнді: роль атқарған.
19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде Маңқыстау өңірінде ерекше дамыған мемориал құрылыстың бір түрі - сағанатам. Сағанатам - шаршы планды, төбесі ашық, артқы және алдыңғы қабырғалары еңселі болып келеді. Маңқыстау өңірінде осындай құрылыстың негізгі екі түрі (тұтас тұлғалы, қабырғалары пилястрлармен нақышталған; монументті қырлы бағаналармен қоршалып, бағана аралықтарын декоративті порталмен нақыштаған) кең тараған. Мұндай ескерткіштердің таңдаулы үлгілеріне Тұрлыбай Қойлыбайұлының (Асанқожа бейіті, Ембі ө. аңғары), Бошыбайдың (1916, Қайыршы ишан бейіті). Жәмира бәйбішенің (1925, Уәли бейіті) сағанатамдары жатады. Тұрлыбай Қойлыбайұлының сағанатамы шаршы планды. Төрт бұрышында мығым пилондары бар. Пилон аралықтары декоративтік портал, ал бүйір қабырғалары ойық парапеттермен жалғастырылған. Фасадтарының бедер ойықтарға бөлінуі құрылысқа өте сәнді көлемдік сипат береді. Ескерткішті нақыштау ісінде «құс-қанат», «жебе», «жүрекше» үлгілер қолданылған. Осыған ұқсас жобамен салынған Бошыбай сағанатамында ою-өрнек түсіру жоғары сатыға көтерілген. Мұнда геометриялық және көтеріс өрнек үлгілері әсем үндестік тапқан. Осы кезеңдегі сағанатам құрылысының эволюциялық даму сатысын айқын бейнелейтін ескерткіштің бірі Жәмира бәйбішенің сағанатамы. Оны сәулетшілер Жолыбай мен Елібай Қосымбайұлдары салған. Ескерткіштегі бай нақышты ою-өрнектермен қоса ондағы биік тұғыр, фриз бен карниз, қабырғадағы қалақша тайыз қуыс жүйесі сәулетші шеберлігін айқын аңғартады. Сағанатамды салу ісінде Елібай нақыштау, ал Жолыбай архитектуралық формаларды қашап әрі қалау жұмысымен айналысқан.
19-20 ғасырлардың бас кезінде Қазақстан сәулет өнері осы кезеңде болған саяси һәм экономикалық өзгерістерге орай дамудың жаңа бір белесіне көтерілді. Қала салу өнерінің алғашқы қадамдары жасалды.
СОВЕТ ДӘУІРІНДЕГІ АРХИТЕКТУРА ЖӘНЕ ҚАЛА САЛУ ӨНЕРІ
1917-1941 жылдардағы архитектура. Қазақстанда Ұлы социалистік революциясының жеңіске жетуі бүкіл материалдық және рухани мәдениеттің, сонымен қатар архитектураның тез карқынмен дамуына қолайлы жағдай туғызды. Совет өкіметі орнаған күннен бастап тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп комплекстерін салу ісін өркендету шараларын белгіледі; әсіресе мәдени-ағарту мекемелерін жедел қарқынмен салуға баса назар аударды. РСФСР Халық Ағарту Комиссариатының 1918 жылы 31 октябрьдегі «Шағын ұлт өкілдері мектептері туралы» қаулысы бұл игілікті істің сәтті бастамасы болды. Қаулыда РСФСР-дегі бүкіл ұлт өкілдері өз ана тілінде мектеп ашуға ерікті екендігі айтылғаи еді. Осыған орай Қазақстанда бірқатар мәдени-ағарту мекемелері (малшылар мен шаруалар үйі, қызыл бұрыш, қызыл отау, жұмысшы клубтары, мектептер) ірге көтерді. 1918 жылы бір Верный қаласының өзінен бес мектеп ашылды. Мектеп ғимараттарына деген мұқтаждық ендігі жерде оны типтік жобамен салу қажеттігін туғызды. Бір немесе екі қабат болып салынған мектептердің көбі жоспарлау жағынан оқу болмелері қолайсыз, өтпе түзара жүйесімен жүзеге асырылып келді.
Осы алғашқы жылдардағы мәдени өмірде губерния орталықтарынан салынған малшылар мен шаруалар үйінің (Семейдегі Шаруа үйі) мәні ерекше болды. Онда дәрігерлік пункт, кітапхапа, анықтама бөлімі, кинотеатр және клуб-театр, көрме залы бар музей (көрмеге губерниядағы дәнді дақылдар мен топырақ түрлерінің, ауыл шаруашылық машиналары мен құрал-саймандарының озық үлгілері қойылатын болған) орналасты.
1920 жылдардың ортасында республика қалаларында ірі қоғамдық ғимараттармен қатар тұрғын үй кварталдары, қызмет көрсету мекемелері сап түзеді. Әсіресе 1925 жылдан Қазақ АССР астанасына айналған Қызылорда қаласында құрылыс ісі жедел өріс алды. 1925 жылы қаланы реконструкциялау және өркендету бас жоспары жасалды. Бұл іске кірісу барысында қаланың қалыптасқан радиусті-байланысты құрылымын сақтай отырып, оны жасыл-желекті, тұрғын үйлер мен алаңдары бір-бірімен үйлесім тапқан, тұрғындардың тұрмыстық жайы мүмкіндігінше ескерілген қалаға айналдыру көзделді. Бұл Қазақстан қала салу ісіндегі алғашқы қадам болды. Қалада бас жоспарға сай екі семьяға арналғап тұрғын үйлер тұрғызылды. Пәтерді жоспарлауда анфилада, ал үй қасбетін нақыштауда ордерлер жүйесін кеңінен қолдану сол кездегі бүкіл совет архитектурасына тән елеулі жағдай болды. Бұрын тек ақсүйектердің еншісінде болып келген мұндай сәулетті үйлерді еңбекші қауымға арнап салу совет әділдігінің алғашқы жемісіне айналды. Осы тұста қоғамдық ғимараттарды жобалау ісінен тың шешім (Қызылордадағы Үкімет үйі жобасы, арх. Н. Н. Львов; салынбаған) аңғарылды. Ғимараттарды салу ісінде ұлттық сәулет өнері үлгілері мен жергілікті тәжірибелер толық ескеріліп отырды.
Простаков Н.А., Т.Қ. Бәсенов. Қазақтың опера балет театры, 1941.
1926 жылы 14-23 шілдегі БК(б)П ОК мен Орталық бақылау комиссиясының біріккен пленумы «Жергілікті ерекшеліктерді, сондай-ақ жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, тұрғын үйлердің неғұрлым арзанға түсетін типін, жұмысшылардың қажетіне неғұрлым бейімделген типін жасау шараларын» алға қойды. 1928-1931 жылдар Алматыда «Түрксібтен», Балқаш мыс қорыту комбинаты жанынан, Қарағандының Шахтерлер пос-нен типтік жобамен 2 қабат тұрғын үйлердің тұрғызылуы осы мәселенің жүзеге аса бастауының айғагы болды.
1929 жылы Алматы қаласының республика астанасына айналуы мұндағы құрылыс ісін қауырт дамытты. 30 жылдардың бас кезінде Киров, Панфилов және Калинин көшелері шаршысында Үкімет үйі (арх. М. Я. Гинзбург), почта ғимараты (арх. Г.Г.Герасимов), Түрксіб темір жолының басқармасының үйі (арх. Гинзбург, М. Д. Шугал) бой көтеріп, қаланың орталық алаңы жасалды. Алаң кеңістігіне орналасқан ірі масштабтағы ғимараттар архитектуралы формаларының стильдік бірлігі бұл ансамбльге салтанатты сипат берді. Ансамбль ішінде Үкімет үйі аумақ-кеңістік орналасу жағынан қала салу ісінің сол кездегі шартына сай дұрыс орнын тапқан ғимарат болды. Бұл ғимарат копструктивизм үлгісіндегі ірі туындылар қатарына жатады.
Осы кезеңде белең алған конструктивизм ағымы жалаң жоспарлау мен көлемдік схемалардан қол үзіп, архитектуралық композицияны функциялық негізге құру логикасына деп қойды. Конструктивистер тым еркін көркем ой қиялына берілгеннен гөрі ғимарат бөлшектерінің бір-бірімен жарастығын қатаң функциялық анализ шеңберінде қарау, неғұрлым прогрессивті, жаңа конструкцияларды пайдалану мақсатын көздеді. Осының негізінде кейбір композициялық жаңа тәсілдер дүниеге келді. Бұл салада елеулі еңбек еткен архитектур Гинзбург жергілікті тұрмыстық және табиғат жағдайына лайықталған ғимараттар салды.
30 жылдардың бас кезінен мәдени-ағарту мекемелерін салу кең қанат жайды (Жезқазғандагы 350 орынды, Қарсақбайдағы 400 орынды, Доссордағы 600 орынды, Риддердегі 800 орынды жұмысшы клубтары). Осы тұстағы мәдениет клубтарының озық үлгісіне Алматыдағы Қазақ ССР Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің клубы (қазіргі ұйғырдың музыкалық драма театры; 1932-1934, арх. И. Й. Буровцев) жатады. Клуб төңірегі демалыс орнына, жасыл-желокті бақ-паркке айналдырылды. Онда архитектура шағын формалар қойылды. Ғимараттың жоспарлау үлгісі бұдан былайғы клуб мекемелерінің негізгі үлгісіне айналды. Оның оңтайлы көрермен залы, адамдардың кіріп-шығуына ыңғайлы артқы вестибюлі мен қаңғал фойесі ұтымды орналасты. Көлемдік-жоспарлық және көркемдік композициялық өзегі негізінен конструктивизм үлгісінде жасалды.
1932 жылдары архитектуралық құрылыс ісінің қауыры өркендеуі республикада жобалау мекемелерін құру қажеттігін туғызды. 30 жылдардың бас кезінен Орталық Қазақстан елді мекендерін, оның қазба байлықтарын дамыту мақсатымен қала құрылысы (Қарағанды, Балқаш т. б.) қанат жайды. Бұл қалаларды жоспарлау ісінің өзінде олардың алып аумағы мен шикізат көзіне жақын орналасуы ескерілді. 1932-1935 жылдары Балқаштың, 1936 жылы Қарағанды қаласының бас жоспары жасалды. Жер реңі мен табиғат ерекшелігі (желдің өтін ескеру, суықтан қорғау т. б.) қала құрылысында негізгі назарға алынып отырды. Осы жылдардағы тұрғын үй құрылысына бөлмелердің саны, оның тұрмысқа қолайлылығы жағынан біршама өзгерістер (4, 5 бөлмелі пәтерлер) енгізілді. Бұл өзгерістер тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын тез арада жүзеге асыруға біршама қиындық келтірді. 1936 жылы 11 февральда СССР Халкомсовы мен БК(б)П ОК «Құрылыс ісін жақсарту әрі оған кететін шығынды мейлінше азайту» жайында қаулы қабылдады. Осыған орай бөлме ауданы шағып, бір семьяға арналған тиімді пәтерлер түрі пайда болды. Құрылыс элементтері стандартты, 4 пәтерлі секциялар ірге көтерді. Алматыда архитектур М. И. Кудрявцев жобалаған секциялар етек алды. Тұрғын үйлерді нақыштау ісінде біршама ізденістер байқалды. Алайда кей жағдайда дәстүрлі сәулет өнері элементтерін жаңа дәуір өнерімен ұнасымды қолданудап гөрі одан орыңсыз безінуге жол берілді. Алматы тұрғындарының көбейіп, қала ауқымының үлкеюі оны қала салу өнерінің шартына сай өркендету қажеттігін туғызды. Осыған орай РСФСР Наркомхозының № 1 архитектура-жоспарлау шеберханасы Қазақстан астанасын жоспарлау және реконструкциялау жобасып (1937 жылы 16 мартта Қазақ ССР Халкомсовы бекітті) жасады. Қаланы жоспарлау негізіне тарихи қалыптасқан торкөз үлгі алынып, қала көшелері мен алаңдарын жүйелі тәртіпке келтіру көзделді. Негізгі құрылысты Весновка өзен бойлай салу ісі қолға алынды. Әкімшілік-мәдени орталықты Коммунист проспектісі, Гоголь, Фурманов және Калинин көшелері шаршысына орналастыру, жаңа Үкімет уйі мен орталық алаңды Коммунист проспектісі мен Комсомол көшелерінің қиылысынан салу жоспарланды. Қаладағы басқа да ірі ғимараттар мен алаңдар орны белгіленді. Ұсақ кварталдарды ірілендіру, қаланы абаттандыру шаралары ескерілді. 1937-1941 жылғы жоба бойынша Коммунист проспектісінің бойынан қоғамдық ғимараттар (Консерватория, Вокзал), Фурманов пен Калинин көшелері бойынан тұрғын үйлер ірге көтерді. 1930 жылдардың 2-жартысында қоғамдық ғимараттар салу ісі жоғары қарқында жүргізілді. Осы жылдары мектеп ғимараттарының үш типі (1, 2 және 3 комплексті) қалыптасты. Онда баспалдақтың 2 еден артық болмауы, кластардың орналасу тәртібі ұтымды, түзараның кең болуы (ені 2,8; 3,0 м) ескерілді. 1935-1937 жылдар Алматыда 26 жаңа мектеп (№25 мектеп, арх. А. В. Стремнев, Г. П. Кушнаренко; т. б.) ірге көтерді.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда денсаулық сақтау ғимараттарын салу өріс алды. Осы кезеңде салынған ғимараттар: Алматыдағы № 1 сәбихана (1936, арх. М. Е. Иванов), Комсомол көшесіндегі терапевтік емхана (арх. Н. С. Длугач, А. Н. Каплун), Қарағандының аурухана қалашығындағы инфекция және хирургия корпустары, Павлодардағы обл. балалар емханасы, Семейдің ет комбинатындағы емхана т. б. Медицина мекемелерінің жобасын жасауда түзараның галерея жүйесімен үйлесім тауып, жұмыс бөлмелерінің екі қапталға ұтымды орналасуы ескерілді.
30 жылдары Қазақстанда өзінің архитектуралық шешімі жағынан көз тартар бірқатар қоғамдық ғимараттар бой көтерді. Бұл социалистік архитектураны гүлдендіру мақсатына жұмылған Қазақстан сәулетшілерінің алғашқы табыстары еді. Таңдаулылары: Алматыдағы Консерватория (1936, арх. Стремнев), Медицина институты (1936, арх. А.И.Гегелло), Коммунист проспектісіндегі министрліктер ғимараттары - ауыл шаруашылығы (1937), тамақ өнеркәсібі (1938, арх. Кушнаренко), денсаулық сақтау, финанс (1938, Шугал), жеңіл өнеркәсіп (1939, арх. Н. Ф. Симкачев); қалалық атқару комитетінің ғимараты (1938, арх. Шугал), Қазақ геологиялық басқармасы (1938, арх. Кушнаренко), Қарағандыдағы облысы атқару комитеті ғимараты (1938, А. М. Генин), педагогика және медицина училищелері (1940, арх. А. М. Корт), Қызылордадағы «Аманкелді» кинотеатры (1937, арх. В. П. Калмыков) т. б. Бұл ғимараттарды салу ісінде Қазақстан сәулетшілерінің конструктивизмге тәп құрғақ аскетизмнен алшақтап, көркемдік шешім проблемаларын классикалық үлгіге бағындыру жағына бой ұрғандығы байқалады. Архитектурадағы бұл бағыт классикалық үлгіні архитектуралық құрылыстарға орынсыз жапсыру сияқты біржақтылыққа да ұрындырды. Осы кезеңде Алматыда Қазақтың опера және балет театры ғимараты (1941, арх. Н. А. Простаков, Т.Қ.Бәсенов) салынды. Оның құрылысында классикалық архитектуралық үлгімен қатар қазақ сәулет өперінің ұлттық мұралары (бай нақышты интерьері, оймышты балкондары, қасбеті маңдайшасы мен порталындағы бедер-өрнек т. б.) кең қолданылған. Ғимарат көл. 87192 м3, 415 бөлмесі; 1112 орынды көрермендер залы бар. Сахнасының ені 49,5 м, биікт. 25,5 м. Ғимараттың орналасқан жері, оның қос қапталындағы бақ, гүлзарлы кең алаң, ондағы М.О. Әуезов пен Ж.Жабаевтң мүсін-ескерткіштері, шағын архитектура формалар мен хауыздар бір-бірімен үйлесім тапқан. Оның қасбетіндегі барельефті фриз (өнер шеберлерінің ортасындағы Жамбыл, ал оның екі жағында қазақтың қаһармандық эпостары мен азамат соғысы көріністері бедерленген) ғимаратқа ұлттық сипат бере түскен. Ғимараттың кең көрермендер залы ярусты клуарлармен көмкерілген. Бұл ғимараттың жер сіл кінісіне тотеп беру қасиетін арттыра түседі. Бұл сияқты ірі ғимараттың қазақ жерінде ірге көтеруі республика мәдени өмірінің, оның ішінде Ұлы Отан соғысына дейінгі Қазақстан сәулет өнерінің үлкен жетістігі болды.
Қазақ Совет архитектурасының алғашқы даму кезеңінде оның принциптік негізі қалыптасты. Қала құрылысы жаңа даму жолына түсіп, құрылысты жоспарға сай жүргізу жүзеге асырылды. Жаңа қала салуда территорияны дұрыс таңдау, жергілікті табиғат ерекшелігіне назар аудару жағы қадағаланды. Кварталдар мен тұтас поселкелерді комплексті түрде салу етек алды. Таптық жікке байланысты баспанаға иелік ету қалдықтары жойылып, тұрғын үй мәселесін демократияландыру түбегейлі шешімін тапты. Типтік секциялары бар көп пәтерлі уйлер ірге көтерді. Бұл пәтерлердің тұрмысқа мейлінше қолайлы болу жағы ескеріліп, ал үй сыртын нақыштау ісінде бұрыңғы архитектуралық элементтер мен формалар қолданылды. Конструкциялық элементтерді оның ішінде ағаш бұйымдарды жақсарту жұмыстары жүргізілді. Пәтерлерді жобалауда онда тұратын тұрғындардың демографиялық ерекшеліктері ескеріліп отырды. Қоғамдық ғимараттар архитектурасы жақсарды. Сәулетшілердің жобалау ісінде экономикалық тиімділік пен техникалық-конструкциялық жаңалыққа деп қойғандығы айқын аңғарылды. Бұл салада белгілі архитекторлар М. Я. Гинзбург, А. И. Гегелло, ағайынды Весниндердің Қазақстан сәулет өнеріне сіңірген еңбегі мол болды. Осы кезеңде республика «Қазгоспроект» жобалау конторының құрылуы Қазақстан архитектурасынын дамуына игілікті ықпалын тигізді.
1941-1954 жылдардағы архитектура. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан сәулет өнері фашизммен күрес бағытына жұмылдырылып, соғыс жағдайына қажетті құрылыстарды тез арада салу мәселесімен шұғылданды СССР Халкомсовы мен БК(б)П ОК 1941 жылы 16 августа «Әскери-шаруашылық жоспарын» бекітті. Онда еліміздің шығыс аудандарында, соның ішінде Қазақстанда өнеркәсіп құрылыстарын кең ауқымда жүргізу мәселесі ескерілген еді. Майданды жанар маймен қамтамасыз етуде Ембі мен Гурьев мұнайының маңызы зор болды. Міне, осындай маңызды зор болды. Міне, осындай маңызды орындардан жұмысшы поселкелерін тез арада салу қажеттігі туды. 1943 жылы Қаратауда тау-кен химия комбинатын салу қолға алынды. Бұл жеке өндіріс-қалаларының ірге көгеруінің бастамасы еді. Гурьевтің мұнайлы алқабынан салынған мұнайшылар поселкесін жобалау тәжірибесі соғыс жылдарындағы совет архитектурасының қол жеткен ірі табыстарының бірінен (тұрғын аудандардың жобасын жасаған арх. С. В. Васильковокий, А. В. Арефьев, инж. И. Романовский) саналады. Гурьев мұнайшылар поселкесін жобалауда алдымен оның орналасатын жері (үш жағынан өзен салалары қоршаған аралшық) дұрыс таңдалды. Поселке бас жоспарының композициялық негізіне жергілікті табиғи ерекшеліктер (архитектуралық композиция кіндігіне айналған тас жолдың әкімшілік ғимараттарына барып тірелуі, жер рельефін ұтымды пайдалана білу салдарынан Мәдениет сарайының бүкіл қаладан еңсесі биік болып шығуы, өзен жағасымен ұласып жатқан бес көшенің жасыл желекке орануы, қала көшелерінің жел өтіне бірмұрт салынуы т. б.) арқау болды. Құрылыс ісіне жергілікті материалдар (гипс плиткалар т. б.) ұтымды қолданылған.
Тұрғын аудандарды жобалауда (жасыл-желек алаңдары мен хауыздар, үйлерді лоджиялы, айуанды, терраса һәм галереялы етіп салу т. б.) архитекторлар жергілікті табиғат жағдайы мен халық сәулет өнері жетістіктерін творчестволықпен пайдалана білді. Бөлме еңсесінің биік болуы (4,5 м), көлеңкелі жаққа (карниз қалақшасы, лоджия қабырғасы т. б.) ашық бояуларды қолдану, күнқағар ретінде әсемдік көгерістерін пайдалану - осының бәрі архитектуралық шешімнің жан-жақты жүзеге асуына жағдай жасады.
Соғыстың алғашқы жылдарында Қазақстанға эвакуациямен келген өнеркәсіп мекемелерін орналастыру (соғыстың алғашқы кезеңінің өзінде 142 мекеме орналастырылды) жұмыстары жүргізілді. Семей, Петропавл, Орал, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларында өнеркәсіп мекемелерінің саны артты. Республика астанасына 18-ге тарта өнеркәсіп мекемелері қоныстандырылды. Мақта-мата фабрикасы (1941), тоқыма фабрикасы (1941), ет комбинаты, 1-і нан зауыды, кондитер фабрикасы, АЗТМ (бәрі 1942), шұға фабрикакасы (1943), механикалық-құю зауыды осы кезде ірге көтерді. Бұл төтенше жағдай соғыстан бұрын бекітілген Алматы бас жоспарын жүзеге асыруды кешеуілдетті.
Қазақстан қала салу өнерінің өркендеуіне 1946 жылы Қаз. ССР Мин. Советінің «Қазақ ССР облыс орталықтарын жоспарлау жобасын жасау» туралы шешімінің маңызы зор болды. Осының нәтижесінде 1950 жылдардың ортасына дейін ірі қалалардың дені бас жоспармен қамтамасыз етілді. Бұл үлкен іске 1945 жылы Қаз. ССР Мин. Советі жанынан құрылған архитектура істері жөніндегі комитет пен Қаз. ССР ҒА-ның архитектура секторы басшылық етті. Қалалардың бас жоспарын жасау барысында негізгі назар қаланың бұрынғы ауданын сақтай отырып, қала орталығын айқындау, абаттандыру мәселелеріне аударылды. Қала үйлері негізінен орталық төңірегінде 3-4 қабатты (70%-ке тарта), тек көше пұшпақтарында ғана 5 қабатты, ал квартал ішіндегілері 3, көпшілігі 1-2 қабатты болып келді. Осы негізгі ереже Алматы бас жоспарының (1949, арх. Д. Барагин, И. И. Белоцерковский, Л. Вертоусов) да арқауын құрды.
С.В.Васильковский, А.В.Арефьев. Гурьевтегі Мұнайшылар мәдениет сарайы, 1945.
И.И.Беннер, Я.А.Янош. Қарағандыдағы Кеңшілер сарайы, 1950.
К.Барташевич, Л.Маковеев. Өскемендегі мәдениет сарайы, 1951.
Балқаш қаласының Мәдениет сарайы, 1952, арх. А. Мелеги
Тұрғын үйлерді типтік жобамен коптеп салу соғыстан кейінгі кезеңде жүзеге асырылды. Ол ең бірінші 1-2 қабатты үйлерді жобалау барысында кең қолданылды. Осы кезеңде «Горстройпроект» типтік жобамен жасаған үй үлгісі (арх. Д. Меерсон, С. Тургенев, С. Селивановский, В. Богомолов, Н. Вавировский, инж. Б. Богданов, Л. Лурье) Қазақстаннан басқа республикаларға да кең тарады. 50 жылдары Москва үй құрылысын жобалау институты сейсмикалық аудандарға арналған 2-3 қабатты, 8, 12, 24 пәтерлік үйдің типтік жобасын (арх. А. Заболотная, А. Криппа, инж. И. Левитас) жасады. 1950 ж. «Казгоспроект» институты, 1952 жылдан сейсмикалық аудандарға лайықталған № 261 сериялы үйлердің (арх. А. А. Леппик) типтік жобасын ұсынды. Мұнымен қатар 40 жылдардың 2-жартысынан бастап арнайы жоба бойынша тұрғын үйлер тұрғызыла бастады. 1948-1954 жылдар Алматыда салынған ірі тұрғын үйлер: 9-тұрғын үй комбинаты (арх. Н. А. Простаков), ғалымдар үйі (арх. Г. А. Бобович), госпланның үйі (арх. Леппик), Су шаруашылығы министрлігінің үйі (бәрі тұрғын үйлер; арх. Ч. У. Бапишев), Космонавтар кошесіндегі тұрғын үй (арх. Бобович), Қазақстан КП ОК-нің 154 пәтерлік тұрғын үйі (арх. Леппик) т. б. Тұрғын үйлер негізінен 2 пәтерлі секция түрінде салынды. Бөлме іші тұрмысқа оңтайлы, әрі жүк жинайтын қоймалары мен шкафтары бар. Үй құрылысын нақыштау ісінде республикалық архитекторлары классикалық архитектура мен ұлттық сәулет өнеріндегі ою-өрнек ырғақтарын ұнасымды қолданды. Оның айқын үлгісіне Алматының Коммунист проспектісіндегі тұрғын үй (арх. Леппик) жатады.
Соғыстан кейінгі мектеп құрылысы да типтік жоба бойынша салынды. 1946 ж. Қазақстан КП ОК-нің «Қазақ орта мектептерін нығайту» жайындағы қаулысы мектеп құрылысының жоғары қарқында жүргізілуіне (әсіресе ауыл-селода) жол ашты. Бұрыңғы мектеп жобасына гимнастика, ірі мектептерде мәжіліс залы (мыс., Алматының Мәметова мен Мир көшесі қиылысындағы № 37 мектеп, арх. В Д. Косов) қосылды. Денсаулық сақтау орындары құрылысына да өзгерістер (аурухана қалашықтарының көбеюі, аурухана комплексіне емханалардың қосылуы т. б.) енді. Мұндай ауруханалар бұрынғыға қарагаьда экономикалық жағынан тиімді әрі қолайлы еді. Ендігі жерде операция блоктарын және басқа да емдеу-диагноз қою кабинеттерін тиімді пайдалануга мүмкіндік туды; инженерлік-техникалық жабдықтау біршама арзандады. Мұнымен қатар қаланың жеке аудандарына, өнеркәсіп мекемелері мен ұйымдарына қарасты ауруханалар саны артты [Алматыдағы «Түрксіб» (арх. М. П. Кудрявцев) пен Қарағандыдағы - травматология (1949) ауруханалары т. б. Қала жоспарын жасағанда медицина мекемелерінің ұрымтал жерлерге орналасуы ескеріліп отырды. Халықтың көп шоғырланған, жасыл-желекті, жел өтінен қаға беріс жер таңдалды. Соғыстан кейін салынған қоғамдық ғимараттардың ішінен Қарағандыдағы Кеншілер сарайы (1950, арх. И. И. Беннер, Я. А. Янош) ерекше көз тартады. Ғимарат бір-біріне симметриялы үш көлемнен (1000 орынды залы, вестибюль, фойе мен кулуары бар - театр комплексі; ресторан, спорт залы, клуб бөлмелері орналасқан - сол қанат; 100 мың кітап қорына арналған кітапхана, оқу залы, 400 орынды мәжіліс залы бар - оң қанат) құрылған.
Осы жылдары Қазақстан қалаларында мәдениет сарайларын ескі жоба бойынша тек сырт пішінін өзгертіп салу өріс алды. Өскемен (1951, арх. К. Барташевич т. б.), Балқаш (1952, арх. А. Мелеги) мәдениет сарайлары осы кезеңде тұрғызылды. Бұл мәдениет сарайларының көбінде 1100 орынды театр залы, кино және баяндама залдары, оқу залы, кітапхана, үйірме бөлмелері бар. Мұнымен қатар жергілікті табиғат жағдайы мен ұлттық ерекшеліктерге лайықталған мәдениет үйлерін салу қолға алынды. Бұл клубтардың жобасын жасау ісінде құрылыстың ыңғайлы әрі тиімді болуы ескерілді. Қосалқы бөлмелер саны барынша кемітілді. 500 орынды залдың ұзын қабырғасы фойемен тұйықталған, бұл көрермендердің еркін кіріп шығуына жағдай жасайды. Клуб бөлмелері негізгі ғимаратқа шығыңқы қалталар іспетті жанастыра салынып, қаптал қанаттары екі қатар бағаналар тізбегімен қоршалған (Теміртау, Целиноград, Қызылорда т. б. қалалардағы мәдениет үйлері).
Соғыстан кейінгі Қазақстан сәулет өнерінің ірі туындысы Қазақ ССР ҒА-ның бас ғимараты (1953-1957, арх. А. В. Щусев; Н. А. Простаков, А. Я. Коссовтың қатысуымен) болды. Жобалау барысында ғимарат төңірегінен Қаз. ССР ҒА-ның басқа да институттарын салу, сөйтіп бұл төңіректі тұтас академия қалашығы жасау көзделді. Бас жоспарды іске асыруда Қазақ опера және балет театры ғимаратын жобалау тесілдері қолданылды. Бас ғимарат «П» әрпі іспетті жобамен салынған. Еңселі портал, екі қапталдағы қосалқы фасадтар, классикалық ордерлер жүйесі мен күмбезді кіреберіс, ғимарат кіндігіне орналасқан кең фойе (2-қабат), фойені көмкере жиектеп, еңсесі күмбезбен көмкерілген әсем ярус (3-қабат), бір жағы ашық галерея-түзара, екінші жағында жұмыс бөлмелері орналасқан кең интерьер, 2-қабаттағы фойемен жалғасқан үлкен мәжіліс залы, оның күмбезді ішкі еңсесі классикалық сәулет өнерінің озық үлгілерініц қазақ сәулет өнері жетістіктерімен тамаша үндестік тапқандығының бірден-бір айғағы бола алады. Оның ішкі еңсесі мен жебеге ұқсас ойықтарындағы дөдеге, басқұрларындағы ою-өрнек ғимаратқа ұлттық сипат бере түскен. Көтеріңкі жерге әрі биіктігі 310 см тұғырға орнауы ғимарат еңсесін биіктетіп көрсетеді. Ғимараттың тұғыр үстіндегі биіктігі 29 м, жалпы көлемі 97347 м3, табан аудауны 16038 м2, бөлме саны - 468. Үлкен (760 орынды) және кіші (270 орынды) мәжіліс залдары бар.
Осы кезеңде тұрғызылған қоғамдық ғимараттардың ең ірілерінің бірі - Қаз. ССР Үкімет үйі (1951-1958, арх. Б. Р. Рубаненко, Г. А. Симонов, Т. Қ. Бәсенов). Алғашқы жоба жасау 1933 жылы қолға алынғанымен Отан соғысының басталып кетуіне байланысты құрылыс ісі жүзеге аспай қалды. Соғыстан кейін ғимарат жаңа жоба бойынша салынды. Көлемі 108 мың м3. Ішкі аула кіндігінде шеңберленіп келген мәжіліс залы бар. Ғимарат қасбетіндегі алып бағаналар (8 бағана) тізбегінен құрылған әсем портик құрылысқа монументті түр, салтанатты сипат берген. Сонымен қатар осы кезеңде ірге көтерген ірі ғимараттар: Алматы обл., Талғар ауд., «Луч Востока» мәдениет үйі (1950, арх. Д. А. Мельников, Б. Н. Стесин), Алматының М. Горький көшесіндегі ғалымдар үйі (1950, арх. Г. А. Бобо- вич), Абай проспектісіндегі «Түрксіб» ауруханасы (арх. М. П. Кудрявцев), Қарағандыдағы Байланыс үйі (1954, арх. А. К. Беловина) т. б. Бұл кезеңдегі Қазақстан архитектурасының даму барысында қала салу өнері қанат жайып, ансамбльдік құрылыс ісі жолға қойыла бастады. Экономикалық жағынан тиімді, тұрмысқа қолайлы тұрақжайлар салу бір жүйеге келтірілді. Соғыстан кейінгі сәулет өнерінің дамуына Т. Қ. Бәсепов, В. И. Бычков, А. А. Леппик, М. Мецдіқұлов, Н. И. Рипинский сынды архитекторлар елеулі еңбек сіңірді.
1955-1979 жылдардағы архитектура. 50 жылдардың орта кезіндегі Республика сәулет өнерінің дамуында біршама құлдырау байқалды. Оның басты себебі осы кезеңде архитектураның техникалық негізі - көркемдік пен тиімділік арасындағы қайшылық сәулет өнерінен едәуір орын алды. КПСС ОК мен СССР Мин. Советінің «Жобалаудағы және құрылыстағы ысырапшылдықты жою туралы» (1955 жылы 4 ноябрь) қаулысы бұл қайшылықтарды жою ісіне жол ашып берді. Әсіресе республикалық сәулет өнерін өркендетуде КПСС ОК пленумының «Елімізде астық өндіруді онан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» (1954 жылы 2 март) қаулысының мәні зор болды. 1954 жылы СССР-де ұйымдастырылған 424 жаңа совхоздың 337-сі Қазақстанда ірге көтерді. Тың игерушілердің жаңа қоныс орындарын, тұрақжайларды жобалаудың барынша тиімді жолып табу, бір семьяға лайықталған арзан пәтер мәселесін шешу Қазақстан сәулетшілері алдындағы басты мәселеге айналды. Жаңа совхоз орталығы мен мекенжайларын жоспарлау ісімен Қазақстан жобалау мекемелерімен қатар Москва, Ленинград, Украина, Белоруссия, Новосибирск жобалау институттары айналысты. 1954 жылдың көктеміиен тың совхоздарын салу мекен-жай территориясын ұтымды жобалау (өндіріс, тұрақжай және қоғамдық аймаққа дәл бөлу) негізінде жүргізіле бастады. Құрылыс ісінің негізіне шаршы үлгі алынды. Бұдан кейінгі жылдары тың өлкесі совхоздары архитектурасыи жақсарту бірнеше совхоз мекен-жайларын біріктіріп ірілендіру, соның негізінде мәдени-тұрмыстық мұқтаждықтарды өтеуді жеңілдету шаралары жүзеге асырылды. Тың өлкесіндегі алып құрылыс ісі қамыс, шикі кірпіш сияқты жергілікті материалдарды пайдалану, құрылыс элементтерін бір стандартқа түсіру әрі индустрияландыру, тұрақжайларды типтік жобамен салу негізінде өрістеді. 1956 жылы «Казгипросельстрой» институты жобалаған қамыс үй сериясы (арх. М. А. Гу- ра, Ким До Сен т. б.) Павлодардағы комбайн зауыды поселкесін салу ісінде қолданылды. 1962 жылы «Казгорстройпроект» институты тың аудандарына лайықталған қамыс-темір бетон панельді, 2-4 бөлмелі тұрақжайлар комплексінің жобасын ұсынды. Бұл тұрақжайлар экономикалық тиімділігімен көзге түсті. Құрылысты индустриялы жолмен жүргізу жоғары қарқын алды. Құрылыс материалдарып жасау мекемелері Жетісайдағы асбест комбинаты, Шымкенттегі асбест-цемент конструкциялары комбинаты, Өскемендегі цемент зауыды т. б. кәсіпорындар жедел іске қосылды (1968 жылы республикада 14 ірі панельді үй құрылысы комбинаты жұмыс істеді).
Сейдалин Р.А., Л.А. Тимченко, Х.Ә.Жақыпбаев. Алматыдағы Достық үйі, 1972 жыл.
М.И.Левин. Шевченкодағы «Юбилейный» кинотеатры. 1967.
А.А.Козачинский. Петропавлдағы Н.Ф.Погодин атындағы облыстық драма театры, 1972.
Қарағанды драма театрының ғимараты, 1962 жыл
Шымкенттегі «Қазақстан» кинотеатры. 1972 жыл.
Алматыдағы В.И.Ленин атындағы сарайы, 1970. Арх. Н.И.Рипинский, Л.Л.Ухоботов, Ю.Г. Ратушный т.б.
Бұрыннан қолданылып келе жатқан қала салу ісіндегі кварталдық жүйенің (ірі аумақты қамтығанына қарамастан - 1,5-2 га-дан 10-12 га-ға дейін) қала тұрғындарының тұрмыстық талап-тілегіне сай келмейтіндігі байқала бастады. Халыққа қызмет көрсету ауқымы кеңіп, транспорттың көбеюі, қала тазалығын сақтау, сондай-ақ құрылысты мейлінше арзандату қажеттіктері республикалық архитекторларының алдына жаңа міндет қойды. 60 жылдардың бас кезінде қала салу ісіндегі жаңа ілгерішіл принцип - еркін жобалау әдісі жүзеге асырыла бастады. Бұл халықтың талап-тілегіне сай тиімді төсіл болып табылады. Жаңа идеяның жүзеге асуы Қазақстан қала салу өнері тәжірибесінде Теміртаудың 1-микроауданынан (1959, арх. А. А. Галактионов, А. Р. Кепер, А. Карнаухов т. б.) және Алматының 5-микроауданынан (1962) көрініс тапты. Осыған ұқсас микроаудандар 60 жылдардың 1-жартысында Шымкент, Жамбыл т. б. қалаларда ірге көтерді. Бұл тәжірибеде негізгі назар тұрақжай мен қоғамдық ғимараттардың ұтымды орналасуына (жергілікті табиғат ерекшеліктеріне қарай) аударылды. Микроаудандардың, тұрғын аудандар мен бүкіл қаланың мәдени һәм тұрмыстық қажетін өтеуді ұйымдастыру принципінде сатылы жүйе басты орынға шықты.
Э.К.Кузнецов, О.Н.Наумова. Алматыдағы Қазақ ССР Мемлекеттік өнер музейі.
Л.Л.Ухоботов, Ю.Г.Ратушный, В.Н.Ким, Е.Ералиев. Алматыдағы Округтік офицерлер үйі. 1972.
Қала құрылысын өркендетуде жаңа қалалардың жоспарын жасаудың, сондай-ақ ескі қалаларды реконструкциялау жобаларыи Жүзеге асырудың маңызы зор болды. 1962 жылы Целиноград («Ленгорстройпроект» институты; арх. Г. Гладштейн, В. ІІІквариков, В. Смирнов), 1963 ж. Алматы («Ленгипрогор» институты; арх. Л. Г. Вертоусов, Г. А. Бобович), Жамбыл («Қазгорстройпроект» институты; арх. В. ІП. Гершберг, В. Н. Чадов, В. П. Катышев т. б.), 1966 жылы Қарағанды («ЦНИИП Градостроительства» институты),1967 жылы Көкшетау («Казгорстройпроект» институты; арх. С. Попова, В. Саурова) т. б. қалалардың бас жоспары бекітілді. Қазақстанның шөл даласынан ірге көтерген Шевченко қала қала салу өнерінің тамаша үлгісіне жатады. Қаланы жобалауда (арх. А. В. Коротков, Г. Вылегжанин, М. И. Левин, Т. Симонов, Е. Федоров, С. Целярицкий, Г. Смородин, Е. Дургарян, С. Ефремов, П. Останинге 1977 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді) жергілікті табиғат ерекшеліктері толық ескерілген. Жазғы аптап пен құм боранға қарсы тосқауыл қою тұрақжайларды жобалау кезінде жүзеге асырылды. Үй маңына отырғызылған жасыл-желек те қорғаныс (жел мен ыстықтан) ролін атқарады. Қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету дүние жүзінде бірінші рет іске қосылып отырған атомдық-тұщыландырғыш кондырғы арқылы жүзеге асырылады. Қалада бой көтерген ірі ғимараттар: Абай атындағы мәдениет сарайы (арх. Т. Иванова, А. Кривов, Л. Лавров т. б.), «Ақтау» қонақ үйі (1972, арх. И. Борщева, Левин, Н. Симинов, Федоров), «Юбилейный» кииотеатры (1967, арх. Левин, инж. Е. Усанов) т. б. Сонымеи, қала құрылысын жоспарлаудағы басты назар барлық құрылымдық элементтерді функционалдық белгілері бойынша біріктіріп, оларды сатылы жүйемен орналастыруға аударылды.
Құрылысты индустрияландыру қарқынының күшейіп, темір-бетон конструкциясының іске қосылуы көп пәтерлі тұрғын үйлер салуға, ас үйі ортақ пәтерлердің азаюына жағдай жасады. Құрылыс шығынын арзандату, әр семьяны қысқа мерзімде пәтермен қамтамасыз ету мақсатымен пәтерлерді жобалау мөлшері қайта қаралып, оның бөлме саны мен ауданы мейлінше шегерілді. 1957-58 жылы Қазақстанда бұл «шағын пәтерлер» (арх. Б. Н. Стесин, А. Н. Наумов, Н. И. Рипинскпй, В. А. Толмачев т. б.) жер сілкінісі жиі болып тұратын аудандарда салына бастады. 1958 жылдан тез қарқынмен тұрғызыла бастаған «шағын пәтерлер» 1959 жылы Алматыдағы тұрғын үйлердің 37,3%- ін, ал 1960 жылы 65,4%-ін қамтыды.
Құрылыс мерзімін әрі оған жұмсалатын жұмыс шығынын азайту мақсатында құрылыс индустриясын тиімді пайдалану 50 жылдардың 2-жартысында ірі панельді үй құрылысын жобалау мүмкіндігін туғызды. 1956 жылы «Казгорстройпроект» институты бұл салада алғаш қадам жасады. Бұл институт «Гипростройиндустрия» институты жобаларын негізге алды. 1960-1961 жылдар институт тұрғын үйдің 9 баллға лайықталған жаңа типтік жобасын (арх. Наумов, Е. Д. Толмачева. В. П. Ищенко, инж. Р. Н. Еникеев) іске қосты. Бұл бастама тез қанат жайып, 1968 жылы Алматыдағы барлық тұрғын үйдің 92,7%, ал жалпы республикалық бойынша салынған ірі панельді үй құрылысының 32,1%-іне жетті. Типтік жобамен салынған үй сериялары күн санап жақсартылып отырды. 1962 жылы пәтердегі бөлме саны арттырылып (3-тен 4-ке дейін), архитектуралық жобалау шешімдері жетілдірілді; екі немесе одан көп бөлмелі пәтерлерге бөлек санитарлық құбыр қою ескерілді; өтпе бөлмелер саны азайды; үй қабырғаларынан шкаф-ұялар жасау пайда болды. 1968 жылы «Казгорстройпроект» институты бұл үй серияларын жетілдіруде біршама табысқа жетті: қосалқы бөлмелер кеңейіп, өтпе белмелер мүлде жойылды. Үй құрылысын одап әрі жақсарта түсу барысында Қазақстан архитекторлары жаңа ізденістерге ден қойып, қала тұрғындарының демографиялық құрылымына лайықталған 5 бөлмелі жаңа типтік жоба серияларын (арх. Наумов, А. И. Мұхтаров, Н. Никонова, инж. П. Медников, Ю. Золоторенко) жасады. Бұл пәтерлерде қонақ бөлменің ас үймен әрі террасамен қатысы, барлық жатын бөлмелердің бір горизонталь бойына орналасуы және ваннамен ұрымталдығы, ал үй бөлмелерін өтпе желмен желдетуге қолайлылығы, күн жағында күнқағарлардың болуы осы жаңа ізденістің жемісі болды. Бұл жоба республикаға кең қанат жайып, үй құрылысының сапасын арттырды. Үй құрылысын индустриялы түрде жүргізудегі басты мәселенің бірі - құрылыстың көркемдік шешіміне, оның композициялык, құрылымына баса назар аудару 60 жылдардың орта кезінде дұрыс жолға қойылды. Архитекторлар үй қасбеті элементтерін алуан формада жасау, балкон мен лоджияларды көркемдеу ісін қолға алды. 60 жылдардың 2-жартысынан қабырға өрнек өріс ала бастады. Түрлі-түсті гранит немесе мәрмәр сынықтарымен үй қабырғасын әсемдеу, сыртқы тұтас қабырғаларға жылтыр плиткалар мен монументті сәндік кескіндемелер салу (Қарағандының Н. Әбдіров көшесіндегі үй т. б.) етек алды. Алайда үй құрылысын нақыштау ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерін ұтымды қолдану өз дәрежесінде жүргізілмей келді. Кейбір үйлерде орынсыз әлеміш ролін атқарды. Қазақстан архитектурасының үй құрылысы саласындағы кейінгі жылдары қолы жеткен ірі жетістігі - галереялы тұрғын үйлер комплексі (Шевченко), сейсмикалық аудандардағы көп қабатты үйлер (Алматы) болып табылады.
Қазақ сәулет өнерінің қалыптасу және даму кезеңдері әсіресе қоғамдық ғимараттар архитектурасынан айқын көрініс тапты. 1956-1957 жылдар жарияланған қоғамдық ғимараттар жобасын жасаудың Бүкіл одақтық бәйгесі бұл істің ілгері басуына игілікті ықпал жасады. Бәйгеде жүлде алған ғимарат үлгілері типтік жобаның негізгі арқауына алынып, республикаларға кең таратылды. Осы кезеңде мектеп, денсаулық сақтау, сауда-саттық және қоғамдық тамақтандыру мекемелері архитектурасына елеулі өзгерістер енді. Мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің орын саны көбейіп, барлық жағынан тазалық әрі дәрігерлік талапқа сай тиімді жобалаулар (блокты жобалау жүйесі) жүзеге асырылды. Масштаб, ассиметрия, материал ауқымының айқындығы мен ырғақ үйлесім бұл ғимараттарды салудағы негізгі көркемдік шешім құралына айналды. Осы кездегі таңдаулы қоғамдық ғимараттар: Алматыдағы 960 орынды мектептер сериясы, Республикалық 1-аурухана (арх. Гура), Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің госпиталы (арх. И. С. Пакидов), Біріккен клиникалық балалар ауруханасы (арх. Гура, А. Рашидов және т. б.), Павлодар мен Өскемендегі аурухана комплекстері т. б.
Республикадағы жаңа архитектураның алғашқы көркемдік-эстетикалық принциптері Алматыдағы «Жетісу» қонақ үйі (1957, арх. Ким До Сен, Ищенко) құрылысынан аңғарыла бастады. Оның жатын бөлмелері хауызы бар ішкі кең аулаға қараған, көшеге шығатын бөлмелерінде шағын балкондары бар. Тақта үлгідегі балкондардың ішкі қабырғасының ашық бояумен боялуы, кіре берістегі шығыңқы қалқанша ғимаратқа өзгеше сипат, әсем көрік берген. Алайда ғимарат құрылысының кейбір кемшіліктері (қаптал қабырғадағы бөлмелерде балконның болмауы т. б.) қонақ үй архитектурасының даму барысында Республикадағы жаңа архитектураның алғашқы көркемдік-эстетикалық принциптері Алматыдағы «Жетісу» қонақ үйі (1957, арх. Ким До Сен, Ищенко) құрылысынан аңғарыла бастады. Оның жатын бөлмелері хауызы бар ішкі кең аулаға қараған, көшеге шығатын бөлмелерінде шағын балкондары бар. Тақта үлгідегі балкондардың ішкі қабырғасының ашық бояумен боялуы, кіре берістегі шығыңқы қалқанша ғимаратқа өзгеше сипат, әсем көрік берген. Алайда ғимарат құрылысының кейбір кемшіліктері (қаптал қабырғадағы бөлмелерде балконның болмауы т. б.) қонақ үй архитектурасының даму барысында ескерілетін жайлар еді. Архитектураның даму барысындағы өтпе кезеңге айқын үлгі боларлық ғимараттың бірі - Алматыдағы Қазақ драма театры (1962, арх. А. А. Леппик, Рипинский, В. З. Кацев т. б.). Мұнда классицизм принциптері басымдылық танытқанымен интерьерінің нақышталуы мен фронтонындағы мозаикалық панно (суретшілер Е. М. Сидоркин, О. П. Богомолов) сәулет өнеріндегі жаңа ағым арнасын байқатады. Сондай-ақ Алматыдағы «Казгорстройпроект» институтының ғимараты архитектуралық кеңістік-композициялық шешімімен (1961, арх. А. Недовизин, Ищенко, Рипинский) жаңа творчестволық принциптердің толық бел алғандығын дәлелдеді. Темір-бетон торынан (6X6 м) құрылған қаңқа бір қабырғаны тұтас әйнектеуге мүмкіндік туғызып, ұласымды тартылған белдеу ғимаратқа тың пішін, жаңа көркемдік шешім берді. Осы кезеңге дейін архитектуралық шешімнің көрнектілігі қомақты конструкциялардың пластикалық форма үндестігіне, сырт пішіннің жарықпен көлеңке арқылы көзге ұратындал рельефті болып келуіне құрылса, ендігі жерде басты назар ғимараттын нағыз типологиялық сипатын танытатын қабырға сырты фактурасы мен көлемді-шешімге аударылды. Бұл құбылыс 6 2 жылдары ірге көтерген көптеген қоғамдық ғимараттардан орын алды. Негізгілері: Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының үйі мен Саяси ағарту үйі (екеуі де 1956, арх. Леппик), Орталық стадион (1958, арх. А.Қ. Қапанов т. б.), «Целинный» кинотеатры (1964, арх. Кацев) мен Спорт сарайы (1966, арх. Кацев, Наумов, Толмачев), Целиноградта аХ Тың игерушілер мәдениет сарайы (1963, арх. Д. Деннеберг, А. Крауглис, Б. Фогель), «Москва» қонақ үй (1965, арх. Л. Баталов, Б. Тамбиев т. б.). 60 жылдардың 2-жартысында архитектурадағы осы ізденістер одан әрі жетілдіріліп, сонымен бірге жергілікті табиғи орта ерекшеліктеріне арнайы назар аударуға һәм монументті сәндік пластика өнерін кең қолдануға талпыныстар жасалды. Алматыдағы Советтер үйі (1968, арх. Наумод, В. Михеев), «Арман» кинотеатры (1968, арх. А. И. Коржемпо, И. В. Слонов), Қазақстан ВЛКСМ ОК ғимарат (1970, арх. В. Ю. Алле, С. Г. Космериди) сияқты ғимараттар осы айтылған архитектуралық жаңалықтарды бойына сінірген құрылыстар болып табылады. Әсіресе 2 залды «Арман» кинотеатры вестибюлі мен фойесінің ішкі аптьгг ауладағы қысқы аула-баққа қарауы. аула-бақтың жазда көрермендер - аялдау-тынығу орны болуға лайқталуы, фойедегі хауыздар мен гүлзарлардың микроклимат жасап, ғимарат интерьерін көркейте түсуі, ең сонында табиғи жер еңісінің өзі көрермен залына ұтымды пайдаланылуы осындай ұтқыр ойдың жемісі іспетті. Ғимарат көлемдік-кеңістік орналасуы кағынан жер еңісіне иек арта орналасқан тік бұрышты тұйық параллелипипед іспетті. Қасбеті мен кіреберістің кеңірдек бедермен нақыштауы жарық пен көлеңке құбылысын тудырады. Қаптал фасадтары (біреуі қаладағы негізгі магистральдың бірі - Ленин проспектісіне қарайды; суретші В. Константинов) бедер мү зін композициялармен нақышталған. Бұл бедер мусін ғимарат архитектуралық шешімімен ғажайып үндестік тапқан. Ғимарат интерьері де бедер өрнектермен нақышталған. Мұнда басты рольді малта тас бедер атқарған. Ғимарат экстерьерін осы улгіде пішіндеу тәсілі Алматыдағы М. Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театрын (1969, арх. В. Давыденко, Г. Горлышков, Н. Шебалина т. б.) салуда да қолданылды. Осыдан келіп темір-бетон пластикасының сәулет өнеріндегі жаңа бір сыры, оны конструкциялық ой-қиялға, архитектуралық ескерткіштің мән-мазмұнын аша түсу мақсатында түрлі үлгіде қолдануға болатындығы айқындала түсті. Театр ғимаратының қабырға сыртындағы бедер ойықтар кун түскен кезде оған ерекше салтанатты сипат береді.
Республикадағы қоғамдық ғимарат тұрғызу барысындағы ірі жетістік Алматыда В. И. Ленин атындағы сарайдың (1970, арх. Рипинский, Ухоботов, А. П. Соколов, Ратушный, В. Н. Ким; инж. Б. Н. Делов. В. Н. Кукушкин) салынуы болды. Бұл ғимарат Қазақстан сәулет өнерінің озық туындысы болып табылады. Ғимарат Ленин проспектісінің бойында Абай көшесін тұйықтай орналасқан. Оңтүстігінде «Арман» кинотеатры, солтүстігінде «Қазақстан» қонақ үйі (1978, арх. Ухоботов, Ратушный т. б.) бой көтерген. Сарай алдында жаяу жүрушілер мен транспортқа лайықталған кең алаң бар. Алаң ғимарат қасбетіндегі ұзындығы 100 м басқышқа ұласады. Бұл кей уақытта көпшілік жиын-думандары мен ойын-сауықтар өткізу сахнасы ролін атқара алады. Жобалау кіндігіне 3000 орынды үлкен көрермен залы алынған. Зал трапеция формалы жобамен жасалған. Оның қабырғалары қажет кезінде кеңейтуге, ал сахнасы қандай науқан өткізілсе де қолайлы әмбебап етіп жасалған. Сахна залдың қай нүктесінен болмасын алақандағыдай көрінеді. Касса залы мен киім ілгіш орны І-қабатта. Мұның қысқы мезгілге лайықталған өз алдына есігі, жеңіл машина еркін кіре беретін алаңқайы (бұл негізгі қасбетке көтерілер алып басқыштың астына орналасқан) бар. Фойе 3 деңгейде (көрермен залы деңгейіндегі - серуен алаң; қарсы беттегі тынығу алаңы; ең соңында буфет орналасқан - жоғары алаң) орналасқан. Ғимараттың конструкциялық шешімінде тың жаңалықтар бар: 10 мың м2 ауданды жабуда 8 темір бетон кеңістік пилонға еңсе иек артқан да, ал ғимарат қаңқасы одан бөлек құрылған. Бұл жер сілкінісіне төзімді болу үшін жасалған. Ғимарат ауасын тазартудың өзінде тамаша тәсіл ойластырылған. Құрылыстың астымен ағып өтетін Кіші Алматы өзені электр қуатынсыз-ақ ғимаратқа беріліп тұратын кәусар ауаның кілтіне айналдырылған. Құрылысты нақыштау ісінде табиғи һәм жасанды материалдар кеңінен қолданылған. Тұтасымен алғанда бұл ғимарат Советтік Қазақстан сәулет өнеріндегі үлкен бір бетбұрыс болды. Осы ғимаратты салу барысында ұлттық ерекшелік мәселелері біршама шешімін тапты. Ғимаратты жобалауда жергілікті ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оның көркемдік мәніне баса назар аудару кейінгі кездегі Қазақстан сәулетшілерінің басты міндетіне айналып отыр. Осындай ізденіс Алматыдағы Неке сарайы (1972, арх. М. Меңдіқұлов, Леппик), Достық үйі (1972, арх. Р. А. Сейдалин, Л. А. Тимченко, X. Ә. Жақыпбаев), Қаз. ССР Мемлекеттік өнер музейі (1976, арх. Э. К. Кузнецов, О. Н. Наумова), Округтік Офицерлер үйі (1978, арх. Ухоботов, Ратушный, Ким) сынды ғимараттардан айқын аңғарылып отырады. Бұл ғимараттардың архитектурасынан республикалық сәулетшілерінің творчестволық биікке көтерілгендігін айкын көруге болады.
1970-1979 жылдар республикалық қалаларында ірге көтерген ірі орталықтар мен қоғамдық ғимараттар: Алматыдағы Цирк ғимараты (1972, арх. Кацев, Слонов), «Медеу» спорт комплексі (1973, арх. Кацев, А. С. Қайнарбаев; инж. С. Б. Матвеев, Ш. М. Челидзе), Орталық аэропорттағы Аэровокзал ғимараты (1973, арх. Ищенко, Г. Литвиненко, Наумова, И. Шарапов, инж. М. Л. Кашарский, А. М. Мандрица, К. Қ. Нұрмақов, З. А. Суханова), «Алатау» қонақ үйі (1974, арх. А. И. Петров, инж. И. М. Кушнарев, С. Ж. Темірғалиев), Жаңа темір жол вокзалы (1974, арх. С. О. Мхитарян, Н.Д. Панченко), Орталық колхоз базары (1975, арх. М. П. Павлов, С. И. Рүстембеков, инж. Н. Оразымбетов, А. Б. Котов, В. А. Щепицын), Аэровокзал ғимараты (1978, арх. И. В. Щавелева, Ф. П. Махлай), «Қазақстан» қонақ үйі (1978, арх. Ухоботов, Ратушный. В. Б. Каштанов, А. Е. Анчугов, инж. Н. Л. Матвиец, А. К. Деев), Сәтбаев көшесіндегі жаңа алаң ауданының жоспары (арх. Е. А. Васякин, В. И. Лапин, Э. М. Донцова, С. И. Мордвинцев, Н. Қойшыбеков т. б.), Универсам ғпмараты (1979, арх. М. Р. Қабылбаев, инж. А. Е. Бервальд); Арқалықтағы «Октябрьдің 50 жылдығы» кинотеатры (1972, арх. Т. Жұмағалиев, Ж. Слембаев), Кеншілер сарайы (1975); Жамбылдағы Универмаг ғимараты (1973), «Ботагөз» кафесі (1973, арх. Ә. Абдалиев), «Шоқан Уәлиханов» кинотеатры (1974), Сүлейменов көшесіндегі бульвар (1978); Жезқазғандағы Обком ғимараты (1973, арх. И. И. Исаков), «Орбита» кинотеатры (1977), Саяси ағарту үпі (1977, арх. Г. Т. Сидоренко); Қарағанды Сауда орталығы, Қазақстанныц 40 жылдығы көшесіндегі құрылыстар, Политехникалық институтының оқу-лабораториялық корпусы (1972), Октябрьдің 60 жылдығы алаңындағы Обком ғимараты (1977, арх. Г. А. Соколова); Л. Л. Ухоботов, Ю. Г. Ратушный, П. Н. Ким, Е.Ералиев. Алматыдағы Округтік офицерлер үйі. 1978, Қостанайдағы Темір жол вокзалы (1974, арх. В. М. Батыров), «Экспресс» тұрмыс қажетін өтеу үйі (1977); Өскемендегі Мәдениет сарайы (1978, реставрация жасаған арх. А. И. Маковеев), Ертіс жағалауы құрылыстары (1970-1978, арх. А. М. Калинченко, О. В. Душенина); Петропавлдағы Н. Ф. Погодин атындағы облыстық драма театры (1972, арх. А. А. Козачинский), Облыстық кітапхана ғимараты (1975, арх. X. Зікібаев); Семейдегі Советтер ұйі (1973, арх. Петрикас; инж. В. Г. Левенцов, А. А. Ицкович), Одақтағы үйі (1976, арх. Г. Ю. Левенцова) Шымкенттегі Саяси ағарту үйі (1972. арх. И. Г. Рыжков), Оралдың В. И. Ленин атындағы алаңындағы қоғамдық ғимараттар комплексі (арх. Ю. Хакало, А. Антоненко, А. Добрянский, Н. Косикова, Е. Архипов) т. б.
Қазақстан сәулет өнерін өркендетуге ат салысқан аға буын өкілдері және кейінгі жас архитекторлар: Қаз. ССР-інің еңбек сіңірген архитекторлары М. Меңдіқұлов (1909 ж. т.). Т. Қ. Бәсенов (1909-1976), Н. И. Рипинский (1906-1968), В. В. Бирюков (1907-1966), Э. Г. Меликов (1923 ж. т.). Р. А. Сейдалин (1927 ж. т.), А. Қ. Қапанов (1927 ж. т.), С. Г. Космериди (1928 ж. т.), В. З. Кацев (1929 ж. т.), III. Ы. Уәлиханов (1932 ж. т.) Л. Л. Ухоботов (1933 ж. т.), С. П. Мордвинцев (1934 ж. т.), Ю. Г. Ратушный (1935 ж. т.), В. Н. Ким (1937 ж. т.), А. С. Қайнарбаев (1939 ж. т.). архитекторлар В. Ш. Гершберг (1931 ж. т.), Ә. Абдалиев (1934 ж. т.), М. Р. Қабылбаев (1936 ж. т.), О. Ж. Балмұрзаев (1939 ж. т.) т. б.
Қазіргі кезде Қазақстандағы мәдени ескерткіштердің дені (Ахмед Яссауи ескерткіші, Жаркент мешіті, Айша бибі, Маңқыстау ескерткіштері т. б.) мемлекет қамқорлығына алынды. Архитектуралық ескерткіштерді зерттеу барысында республикаиың түкпір-түкпіріне шығып тұратын ғылыми экспедициялардың маңызы зор. Мұндай ірі экспедициялар Ә. X. Марғұлан, М. Меңдіқұлов, Т. Қ. Бәсенов, Г. Г. Герасимов сынды архитектуралық зерттеушілердің басшылығымеи жүргізілді.
Ауыл-селоны гүлдендіру ісі совет заманында жаңа жолға қонылды. Қазақстанда тың және тыңайған жерді игеруге байланысты сәулетті селолар пайда болды. Әсем тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары мен еңселі мәдениет үйлері, балалар мекемелері бо і когер- ді. 1966-1977 жылдар мектепке дейінгі балаларға арнап 85 мың орыннан астам мекемелер салынды. Мектеп ғимараттарын салу 2 есеге жуық артты. Қазіргі колхоз-совхоз құрылыстары бүгінгі қала салу талабына сай үлгіде, бас жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.36-70.
Жарияланған-2023-01-19 15:56:18 Қаралды-1252
КАРАМЕЛЬ
50 грамм қантпен араластырылған жұмыртқа шайқалады. Үстіне ваниль ұнтағы қосылып, сүт құйылады. Сөйтіп қант әбден еріп кеткенше шайқалады.
ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН
Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады
ҚАЙТА ӨҢДЕЛГЕН ПЛАСТИКТЕН ЖАСАЛҒАН BARBIE ҚҰЫРШАҚ
Америкалық компания қайта өңделген пластиктен жасалған Barbie қуыршақтарын шығарды.
АДАМНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ҚАСИЕТТЕРІ
Арамзалық - арамдығы жоғары, ниеті жаман адамның қасиеті. Арамза адам өзгелерді алдасам, олардан пайда тапсам деген ниетпен жүреді. Алайда өзгеге жамандық ойлаған адамның өзінде еш уақытта жақсылық болмайды.
КАРЛҰҚТАР
Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану