UF

ХИРУРГИЯ

ХИРУРГИЯ (греке сһеіr - қол және еrgon - әсер етемін, жұмсаймын) - ауруды не патологиялық процесті операция жасау арқылы емдейтін медицинаның бір саласы. Біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын Египет хирургтері қол-аяққа, қуыққа операция жасаған. Xиругрия Грецияда күшті дамыған. Гректің атақты ғалымы Гиппократтың хирургия жөніндегі жазған еңбектері осы күнге дейін сақталған. Онда сынған сүйекті, шыққан буынды қалай емдегенін және адамның бас сүіегіне, ішегіне жасаған операциялары жайлы жазған. Рим дәрігері К. Гален өз еңбектерінде өлген адамды сойып, оның анатомиялық құрылысын зерттеген. Бірақ сол кездегі шіркеу, дін иелері мұндай зерттеулерге тыйым салған, бұл хирургияның дамуына кедергі болды. Б. з. 2000 жыл бұрын Ассирия мен Вавилонияда денеге қадалған садақ оғын операция жасап алған, емдеген. Атақты ғалым дәрігер Ибн Синаның еңбектері медицинаның дамуына зор әсер етті. 19 ғасырда операция кезінде жансыздандыру және ашық жараны іріңдеуден сақтау жөнінде жаңа әдістер ашылды. Бұл кезде хирургияның әрі қарай дамуына Н.И.Пирогов  еңбектері үлкен әсер етті. Хирургиялық операцияға қажет түрлі аспап, құралдар жасалды, операция кезінде наркоз қолданылды. Наркоз аппараттарының жаңа түрлері шығарыла басталды. Xиругия 20 ғасырдада медицинаның жеке саласына айналды. Анатомиялық және әскери хирургияның негізін салған Н.И.Пироговтың еңбектері барлық елдерде хирургияның дамуына үлкен әсер етті. Белгілі ғалымдар Н.В. Склифосовский, Г А. Рейер, М.С. Субботин, Н.А. Вельяминов еңбектері хирургияның бұдан кейін дамуына көп үлес қосты. Xирургия жетістіктері Ұлы Отан соғысы кезінде жаралы жауынгерлерді емдеуде зор мүмкіндік тұғызды. Хирургияның бұл жетістіктерін белгілі хирургтері Н.Н. Бурденко, М.Н. Ахутин, П.А. Куприянов, А.Н. Бакулев, Б.П. Петровский, А.А. Вишневский т. б. ғалымдар дамыта тусті. Қазіргі хирургияның онкология, нейрохирургия, ортопедия, пластикалық хирургия сияқты жаңа салалары дамыды. Қазақстанда бұрын хирургиялық емдеуді сынықшы, бақсы, балгерлер жүргізген. Алғашқы аурухана (лазарет) Семей, Өскемен әскери қорғаныстарында 1720 жылы ашылған. Бұдан кейін Ордада (Орал) 1845 ж. ішкі органдарды емдейтін 15 төсектік аурухана ашылды, бірақ мұнда хирургиялық көмек көрсетілмеген. 1917 жылы кейін Қазақстанда хирургия дами бастады. Бұл жөнінде академик А. Н. Сызганов, профессорлар К.Ш. Шуақов, И.С. Баккал, А.А. Сулейменов, А.Б. Райз, А.Б. Даиров, Ә.А. Терлікбаев, Г.К. Ткаченко, X.М. Мақажанов, Е.О. Оразақов, А.С. Идрисов, Г.А. Нигай т.б. көп еңбек сіңірді. Алматыда Қазақтық клиникальық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институты ашылды. Қазақстанда хирургтер қоғамы 1934 жылы ұйымдастырылды.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедия. -Алматы, 1975. -Т.29. -654 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-06-14 10:48:16     Қаралды-1765

КЕСПЕ САЛҒАН ЕТ

...

Осы тағамды дайындауға арналған бүйрек тұзды суға салып асылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Майкл Джорданды мектептегі басткебол командасына әуел баста қабылдамады

...

Тоғызыншы сыныпта Джордан жақсы баскетболшы болып үлгерді. Әйтседе, ол кезде оның бойы жетпеген де еді (1978 жылдың жазында оның бойы 175 см болған), Майкл өте шапшаңдығымен және ынтасымен ерекшеленді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

...

Латын әліпбиі - әлемде кең таралған әліпби. Б.з.б. VII ғасырда Римде пайда болып. б.з. I ғасырында қалыптасқан. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. IV ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылат

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЛАҚАЙ НЕГЕ КҮЙДІРЕДІ?

...

Туралған пияздан басқа бірде-бір өсімдік балалардың көз касын дәл осындай көлдеткен емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТТІ БОЯУМЕН САЛУДЫ ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?

...

Бізге дейінгі мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген ертедегі суретшілер үңгірдің қабырғасына, жартастарға... сонан соң өз денелеріне сурет салған екен

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШ ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Шексіз кеңістік кейде тіпті қорқынышты болса да, зерттелмеген және әдемі құбылыс.

ТОЛЫҒЫРАҚ »