UF

ҚҰРБАН АЙТ

Категориясы: Дін


Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң «Құрбан айт» мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі - осы айтта құрбандық шалынады. Ораза айттағыдай, кұрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар мешітке немесе алдын ала белгіленген бір орынға жиналып, айт намазын оқиды.

Құрбан айттың негізгі мақсаты - өмірден кеткен жақындары мен туыстарын еске алу, соларға құран оқытып, құрбан шалу. Айттан бірнеше күн бұрын ата-бабалардын аруағына арнап мал сойып, ішек беретін салт бар.

Алғашқы күні жұрт мешітке жиналып, айт намазын оқығаннан кейін құрбандыққа мал сояды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе, тіпті тауық та шала береді. Малдың басқа түрі немесе хайуандар құрбан шалуға жарамайды. Құрбандыққа шалынатын малды мұсылман адам бауыздауы қажет. Нашар, ауру малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандыққа шалынып отырған малды соймастан бұрын молда құран оқиды. Бауыздаушы адам шын көңілімен «Бисмиллаһир рахманир рахим!» деп малдын басын құбылаға, Мекке жаққа қаратып, сол жақ қабырғасымен жатқызып барып сояды. Құрбандыққа шалынған малдың еті кемтарларға таратылады, бір бөлігі туған-туысқан, жақын-жолдас пен көршілерге дәм татқызу үшін тұтастай асылады.

Бұрынғы заманда кұрбандыққа адам шалынатын екен, мұндай сорақы әдет дүние жүзі халықтарының көбінде болған. Осы дәстүрге Алла Тағала тарапынан бірнеше рет келіспеушілік танытқан хабар келген. Бірде бұл дәстүрге сай Ибраһим пайғамбар жалгыз ұлы Исмаилды құрбандыққа шалмақ болғанда, «мал сойылсын» деген хабармен бірге жеті қат көктен көк қошқар жіберіліпті. Ибраһим пайғамбар сол көк қошқарды құрбандыққа шалады. Міне, сол кезден бастап құрбандыққа мал шалу - үлкен міндеттердің бірі болыпты. Азаннан басталған айт мерекесі мешіттегі намаздан кейін үй-үйлерде жалғаса береді. Үш күнге созылған құрбан айт мерекесінде әр үйде дастарқан жайылады, молынан ас пісіріледі. Бір-бірінің үйіне келген, үй-үйді жағалап айтшылаған адамдар құрбандыққа шалынған малдың етінен ауыз тиеді. Бұл күні үлкен мен кіші, жас пен қария бір-бірімен қуанышпен көрісіп, «Құрбан айт қабыл болсын!» - деп жүздесіп жатады. Құрбан айт күні дүниеге келген баланың атын Құрбанғали, Құрбанкелді, Айтбай, Айтқали, т.с.с. деп қойған.

  Жарияланған-2015-11-16 19:32:23     Қаралды-3186

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛМА ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

...

Күріш күрмегінен тазартылады, жуылады. Әуелі суға салынып шала, содан соң сүт құйылып әбден пісіріледі, үстіне май салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАС ҚАЛАНЫҢ БАҒБАНШЫСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

...

Алматы - Алатаудың іргесінде орналасқан жасыл желекті қала. Осы қаланың бау-бақшаға айналуына зор үлес қосқан бағбаншылар қатарына Э.О. Баум, П.Рурдэ, Н.Моисеев, Е. Редько және т.б. атауға болады. Ал, Алматыда бау-бақша өсіруге улес қосқан Алаш азаматтары

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨЗ ЖҮГІРЕТІН ЖОЛ ЖАЙЫНДА

...

Әуелгі сөз латынның «транспортаре» - «тасымалдау» деген сөзінен шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМЕТА

...

КОМЕТА (грек. kometes) - құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты - аспанда оқта-текте тұманданған объект түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын және әдетте центрінде қылаң түйіртпегі (ядросы) бар, Күн жүйесіндегі аспан денесі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА ӨЛШЕУГЕ БОЛА МА?

...

Әйгілі ғалым Галилео Галилей бұдан 300 жылдай бұрын көпшілікті таң қалдырып... ауаны өлшепті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ

...

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды бөлуімен болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегі

ТОЛЫҒЫРАҚ »