UF

ЕРІН КҮТІМІ

Категориясы: Сән


Кісінің тұла бойындағы ең бір нәзік мүшесі - ерін. Оны ылғалдандырып тұратын май бездері жоқ, табиғи пигменттен де ада. Сондықтан ла оған ауа-райының құбылыстары тез әсер етеді, аяздың да аптаптың да алдында қорғансыз. Дегенмен, ерін терісі құрылымы жағынан шырышты қабыққа келеді. Сол себепті оның қалай өңінен айырылса да, қайтып қалпына келуі қиын емес. Ғылым тілімен айтсақ, регенерацияға қабілетті. Тек кутімнің бірнеше қарапайым қағидасын ұстансаңыз жетіп жатыр. Ал ол қағидаларға мыналар жатады:

Біріншіден, ылғалдандыруды ұмытпаңыз.

Ерінге ең алдымен ылғал керек болатын себебі, ол беттегі көз маңынан кейінгі ең құрғақ орын. Оған жел де, суық та, кондиционерден шыққан ауа да қолайсыз әсер етеді. Сондықтан қып-қызыл шиедей қалпынан тайдырмайын десеңіз, ерініңіздің сыртын да, ішін де осы күнгі ылғалдандырғыш, әйтпесе ылғал сақтағыш косметикалық заттармен үнемі әрлендіріп тұруға тиіссіз. Сондай-ақ күніне 4-8 стакан шамасында сұйық ішіп тұрсаңыз да, ерініңіздің албыраған көркін алдырмауына, ұдайы жасаңғырап, ылғалданып тұруына көмектесесіз.

Мына жағдайды да есте сақтаңыз: бояуы ерінде ұзақ сақталатын далапты қыста пайдаланбауға тырысыңыз. Өйткені оның құрамындағы кейбір заттар теріні құрғатып, кептіріп жіберуі ықтимал. Сол сияқты, салқын күндері ерінді жалаудан, қабыршықты тіспен алып тастаудан аулақ болыңыз. Жалақ болу, еріннің жарылып кетуі деген сондайдан туындайды.

Екіншіден, пилинг жасап тұрыңыз.

Иә, дененің, өңнің терісі ғана емес, еріннің терісі де қабырсып, түлеген өлі жасушалардан «құтылуға» мұқтаж. Бұл орайда сізге пилинг әдісі көмектеседі. Бірақ еріннің нәп-нәзік терісіне жасалатын пилингте мейлінше жұмсақ, «нәзік» болуға тиіс. Бұл мақсатта қолданылатын арнайы әрлік заттар бар. Құрамы негізінен майдан тұратын олар ақ жарғақтанып, қопсыған теріден құтқарып қана қоймай, еріндік әрі қоректендіріп, нәрлендіреді. Мұндай арнайы әзірленген заттарды жаққаннан кейін жуып, шайып тастаудың қажеті жоқ. Ерінге пилингті тіс тазалайтын кәдімгі жұмсақ қылды қылсаппен немесе түкті сүлгінің бір ұшымен жасауыңызға да болады. Осылай сүртіп, массаждағаннан кейін оған жұмсартқыш әрлік сұйықтардың бірін жағып жібересіз.

Үшіншіден, еріннің терісін ұдайы нәрлендіріп, жұмсартып тұруы керек. Жұмсақ теріге помада әдемі жарасады, жақсы жағылады, тіпті ондай ерін бояусыз-ақ әдемі көрінеді. Ерінді жұмсақ та нәрлі күйде ұстағыңыз келсе, оған гигиеналық далап, не крем, не бальзам жақпай далаға шықпаңыз. Егер бояйтын болсаңыз, құрамында нәрлік заттары бар далап пайдалануға әдеттеніңіз. Аптасына бір рет кілегейден, майлы ірімшіктен, үгітілген сәбізден немесе балдан перде тартып тұрсаңыз, ерініңіз мүлдем балбырай түседі. Бұл шараны ерінге 10-15 минут бальзам немесе бал, әтпесе гигиеналық крем жағып қою да ауыстыра алады.

Төртіншіден, қыс кезінде де ерініңізді күннің әсерінен қорғай біліңіз. Күннің көзі оның өңін тайдырып, құрғатады. Маңайына ұсақ әжім түсіреді (тері құрғағандықтан). Осы ретте ерініңізге жағатын әрлік заттар таңдағанда алдымен олардың күн көзінен қорғайтын қасиетін басшылыққа алыңыз. Бұл, әсіресе, еріні күннің көзіне немесе суыққа тисе болды қабынып кететіндер үшін заңға айналуы тиіс.

Ерінге жағатын әрлік, нәрлік заттар құрамында негізінен какао майының, алоэ немесе шырғанақ (облепиха) шырынының, А, С, В дәрумендерінің, гиалурон қышқылының болуына көңіл бөліңіз. Ауызға ұшық шыққан кезде далап, бальзам пайдалануды тоқтатпасаңыз инфекцияны одан әрі өрі өршітіп, асқындырасыз.

  Жарияланған-2024-02-23 19:18:12     Қаралды-378

Мәлімет сізге көмек берді ма

ИТБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Медицинада итбүлдірген жапырақтарын ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба турінде қызылшамен ауырған адамның қызуын түсіруге және асқазан сөлінің қышқылын баяулатуға қолданады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МИФТЕР

...

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық ауызекі дүниелері мифтер, аңыздар, әфсаналар, жырлар, ертегілер болып түрлі жанрларға жіктеледі. Бұл жанрлардың ортақсипаттары коп-ақ, дегенмен, оларды бір-бірінен ажыратып, өзгешелеп тұратын бірқатар ерекшеліктері д

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰЗ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жер бетінде су және оның қатты көрінісі - мұз, бірақ әлі де бұл нәрсені жұмбақ табу қиын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР СУ АСТЫНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

...

Судың астында жұмыс жетерлік!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМНІҢ ҒАЖАЙЫП ОРМАНДАР

...

Орман ішінде қай жағына қарасаң да, небір кереметтерге кенелесің...

ТОЛЫҒЫРАҚ »