UF

ЭКВАТОРИАЛДЫҚ ГВИНЕЯ

Категориясы: Саясат


ЭКВАТОРИАЛДЫҚ ГВИНЕЯ (Guіnеа Есuаtоrіаі), Экваторлық Гвинея Республикасы - Экваторлық Африкадағы мемлекет. Жері 28051 км2. Халқы 1,2 мың (2016). Астанасы - Малабо қ.

Табиғаты. Негізінен Гвинея шығанағы жағалауында орналасқан. Материктік бөлігі (Рио-Муни) таулы қыратты (биіктігі 1200 м). Климаты ылғалды экваторлық. Орташа айлық температурасы 24°-28°С. Жылдың жауын-шашынның орташа мөлшері 2000 мм. Басты өзені - Лойо. Латеритті күлгін топырағында мәңгі жасыл ылғалдық экваторлық орман өседі.

Халқы негізінен фангтер және бубилер тайпаларынан құралады. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 6,7 адамнан. Ресми діні - католицизм. Мемлекеттік тілі - испан тіпі. Маңызды қалалары - Малабо, Бата.

Экономикасы дамымаған аграрлық ел. Шаруашылығының негізі - егіншілік және ағаш дайындау. Территориясының 80%-і орман. Экспорттық өнімдері (мың тонна): какао 12,0, кофе 6,9, банан 1,2, ағаш 260. 2016 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 120, қой 1250, ешкі 65, шошқа 89; 4,5 мың тонна балық ауланды. Шағын ағаш өңдеу, май з-ды (майлы пальмадан), керамикалық бұйымдар шығару, мебель кәсіпорындары бар. Автомобиль жолының ұзындығы 1,8 мың км. Басты порты - Бата. Сыртқы сауда айналымының 80%-іне жуығы Испанияның үлесіне тиеді. Ақша өлшемі - экпвеле.

Экваториалдық Гвинеяның Масиас-Нгуэма-Биега аралын португалдықтар 1472 жылы ашты. 1778 жылы испандар қарамағына көшті. 1827-1843 жылдар ағылшындар отарлады. 1843 жылы Испания аралды өзіне қайтарды, 1900 жылы оған елдің қазіргі материктік бөлігі Рио-Муниді қосты. 1959 жылы елде алғашқы саяси партиялар құрылды. 1968 жылдан тәуелсіз республика.

Климат. Экваторлық белдеуде төменгі қысымды атмосфералық ауаның жыл бойына әсер етуінен қалыптасатын климат. Климатты өңірде тропиктік жаңбыр (жылына 3000 мм және одан да артық) салдарынан құрлық ылғалдығы шамадағыдан тыс артық болады және ауа температурасы өте жоғары (орташа жылдық температура 24-28°С) келеді. Температура (жылдық амплитудасы 2-3°С-тай) және ылғалдылық ерекшеліктеріне қарай жыл маусымдары арасында онша айырмашылық байқалмайды. Температураның және жауын-шашынның жылдық мөлшеріндегі ең жоғарғы шамалар көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелу маусымы кезінде болады. Бұндай климаттық жағдай ылғалды экваторлық орманның өсуіне және тропиктік дақылдар (кокос пальмасы, банан, ананас, какао т. б.) өсіруге мүмкіндік береді. Экваториалдық климат негізінен Африканың экваторлық бөлігіне, Оңтүстік Американың Амазонка алабына, Орталық Америка және Индонезияның біраз бөлігіне тән.

  Жарияланған-2019-09-05 17:51:27     Қаралды-3139

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖОЛБАРЫС НЕГЕ ШҰБАР, ЖИРАФ НЕГЕ ТЕҢБІЛ?

...

Мұндай түстер аң, құстардың жауынан қорғану үшін ғана емес, аң аулауы үшін де қажет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ЛУКУМ

...

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛТЫБАҚАН

...

Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕЛ БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

...

Тәңірқұт - Ғұн мемлекетінің ең жоғары билеушісінің лауазымы. Қытай тарихи еңбектерінде «тәңірқұт» сөзі «Тәңір ұлы», «Көктің ұлы» мағынасын білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »