UF

КАМЧАТКА

Категориясы: Саясат


КАМЧАТКА - Азияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбек, Ресей жерінде. Батысы - Охота теңізі, шығысы - Тынық мұхит және Беринг теңізі. Солтүстік және солтүстік-шығыстан оңтүстік және оңтүстік- шығысқа қарай 1200 км-ге созылған. Ені 450 км2, ауданы 370 мың км2. Материкпен Параполь колаты (ені 100 км) арқылы жалғасқан. Түбектің жағалары (әсіресе шығыс жағы) қатты тілімделген. Батыс бөлігін Батыс Камчатка ойпаты, ортасын Ортаңғы жота (биіктігі 3621 м) және Орталық Камчатка ойпаты (теңіз деңгейінен 100-200 м), шығыс жағын Шығыс жота алып жатыр. Камчатка ойпаты шетінде Ключи тобы вулкандары бар, дүние жүзіндегі аса биік, әрекетті вулкандардың бірі - Ключи Шоқысы (4750 м) осында. Камчатканың оңтүстік-шығысы жағалауында Шығыс вулкандық үстірт (биіктігі 600-1000 м) орналасқан, онда сөнген және әрекетті вулкандардың конустары - Кроноцкая (3528 м), Коряк (3456 м), Авача (2741 м) шоқылары т. б. бар. Камчаткадағы вулкандардың жалпы саны 160-тан астам, оның 28-і әрекетті. Түбек докембрийдің метаморфтық тақта тасынан, гнейсінен, кварцитінен, палеозойдың терригендік және вулканогендік жыныстарынан, бор мен палеогеннің сазды тақта тасынан, әр түрлі құрамды лавасынан, антропогеннің андезит, базальт, линарит лавасынан түзілген. Пайдалы қазындылары: кемір (барлық турлері), алтын, күміс, табиғи таза күкірт, құрылыс материалдар. Көптеген минералды және термальды сулар (температурасы 100°С-тан жоғары), бұлақтары бар. Климаты теңіздік муссондық. Қаңтардың орташа температурасы – 11-15°С, тамызда 12°, 16°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-1100 мм. Тауларының неғұрлым биік бөлігінде мұздықтар жатады. Мұзданудың жалпы ауданы 866 км2. Ірі өзендері - Камчатка, Авача, Үлкен өзен, Ича, Тигиль. Көлдері көп, олардың біразы (Кроноцкое, Куриль т. б.) вулкан кратерлерінде пайда болған. Камчатка жері құнарлы шым-күлгін топырақты және шымтезек аралас батпақ, шалғынды аллювиал топырақты (топырағының барлық түрлерінде вулкан күлі қоспалары бар). Камчатканың солтүстік бөлігі мен батыс жағалауы ғана ормансыз мүкті тундра, қалған жерлерінің өсімдік жамылғысы бай, орманды (май қарағай, қайың, самырсын т.б.) келеді. 1000 м-ден жоғарыда альпі шалғыны мен тау тундрасы. Бұлғын, түлкі, аю, қасқыр, камшат, арыс, қоян, ақ түлкі, жабайы солтүстік бұғысы, итбалық (батыс жағалауында) т.б. жануарлар, самырсын құс, ақ кекілік т. б. құстар кездеседі. Балық және аң аулау кәсібі, бұғы шаруашылығы, ағаш дайындау өндірісі дамыған.

  Жарияланған-2019-09-05 14:33:35     Қаралды-3607

Мәлімет сізге көмек берді ма

Кин-дза-дза!

...

«Кин-дза-дза!» фильмі түсіріліп жатқанда КСРО бассекретары Константин Устинович Черненко болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КУН – БІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ЖҰЛДЫЗ

...

Бұлт жаппаған, түтін баспаған кезде Күннің жарықтығы, өткірлігі сондай, оған тура қарай алмайсың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБАТТАЛҒАН ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН АЛМА

...

Қабатталатын қамыр былай дайындалады: суға тұз және лимон қышқылы салынып, ерітіледі, жұмыртқа және ұнның оннан тоғыз бөлігін қосып қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІЛЕ ҚҰРТҚАШАШЫ – ҚАҚЫРЫҚ ТҮСІРЕДІ

...

Іле құртқашашы – биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, ақ түсті, көптеген қосымша тамырлары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕ ЕҢ ҚЫМБАТ ЗАТТЕКТЕР

...

ӘЛЕМДЕ ЕҢ ҚЫМБАТ ЗАТТЕКТЕР

ТОЛЫҒЫРАҚ »