UF

ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады, бір айырмашылық футболшылар ІІ метрлік айып добын қақпаға бағыттаса, допты хоккейде 12 метрлік айып алаңы бар. Допты хоккей ойыны әр мемлекетте әр түрлі аталады, мысалы, Скандинавия мемлекеттері, финдер, шведтер және норвегиялықтар ”Бенди” ойыны дейді. Допты хоккейге ұқсас ойын, орыстар арасында Иван Грозный заманынан белгілі екен, бұл XVI ғасыр. Ал қазіргі допты хоккей спортының әлемдік деңгейге көтерілуіне елеулі ұлес қосқан төрт мемлекет бар, олар - бұрынғы ҚСРО, Швеция, Норвегия және Финляндия - бұлар 1955 жылы халықаралық допты хоккей федерациясын (ИБФ) Стогкольмде ұйымдастырды.

Алғашқы 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем біріншілігі 1957 жылы өткізілді.

Әлем біріншілігін 12 мәрте жеңіп алған ҚСРО - командасын қас шеберлер деуге әбден болады. Допты хоккейден ҚСРО - кезіндегі ең күшті команда қазақстандық “Динамо” командасы, олар 10 дүркін ҚСРО чемпионы атағын жеңіп алды.

Көгалдағы хоккей ойынын да спортта өз қол таңбасы бар. Бұл спорт ойынының дүниеге келуі 1591 жыл деген дерек спорт әлеміне белгілі. Көгалды хоккейдің пайда болуын қойшылар өмірімен де байланыстыру бар, себебі олардың имек басты таяғы мен көгалды хоккей өнерімен машықтанушылардың деп қуатын таяғында ұқсастық бар екеніне күмән жоқ.

Көгалды хоккейді сұюшілердің алғашқы клубы 1861 жылы Англия жерінде пайда болған. Ерлердің бұл клубы “Блэкхит” деп аталған. Бұл спорт ойынынын арнайы ойын ережесі 1875 жылы жасалынған. Ал 1887 жылдан бастап алғашқы әйелдер командасы пайда болды, мұның бастамашылары Англиядағы Оксфорд университетінің бикештері еді.

Қогалды хоккейдің Европа жеріне саяхаты 1900 жылдардан басталды. Халықаралық федерация (ФИХ), 1924 жылы құрылды. Хоккей спорт ойыншының бұл түрінен әлемдегі ең күшті команда Индия спортшылары. Бұлар сегіз дүркін олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары аталды.

Көгалды хоккейден - Европа біріншілігі 1970, ал әлем біріншілігі 1971 жылдан өтіп келеді. Қазақстандық “Динамо”командасы екі рет Европа чемпиондарының жеңімпаздары атанды. Бұл ойынға қатысушы команда құрамы 11 адамнан тұрады, қақпа көлемінің биіктігі 2,14 метр, кендігі - 3,66 метр, ойын барысы 35 минуттық екі кезеңнен тұрады.

Допты хоккейден қазақстандықтар әлем біріншілігіне 1995 жылдан қатысын келеді. Осы жылы АҚШ-тағы Миннеаполис қаласында өткен допты хоккейден Әлем біріншілігінде 4-орынды иеленіп, 1997 жылы Швецияда Әлемнің 20-шы чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары топта сынға түседі.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-07-02 14:12:32     Қаралды-5423

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТЕЙГЛАХ

...

Бұл - қантқа салып қуырған жаңғақтарға ұқсайтын, домалақтап пісіріліп қант пен балға салып қуырылған ұннан жасалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ

...

Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҮЛКЕН САН БАР МА?

...

Бір кездері адамдар соңғы нөмірге ие болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

...

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖҮЗІМ СОРТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

...

Жүзімнің қазіргі қолданылып жүрген, аудандастырылған сорттары ұсынылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСАН ҚАЙҒЫ

...

Асан Қайғы - қазақтың ақын-жырауы, философы. Ол XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында өмір сүрген. Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Асанның шын есімі - Хасан Сәбитұлы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »