UF

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ИНТЕРЬЕР

Категориясы: Өнер


Эммануэль де Витте (1617-1692 жж.). "Күйсандықта ойнап отырған әйел"

Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін «интерьер» деп атайды. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.

Бұл сөздің басқа да мағынасы бар. Бөлменің ішіндегі бүкіл жиһазымен тұтас көрінісін де интерьер дейді.

Міне, мынау голланд суретшісі Эмануэль де Витте бейнелеген интерьер. Ол «Күйсандық ойнап отырған әйел» деп аталады.

Суретші өз шығармасында біріне-бірі жалғасып жатқан үш бөлмені көрсетіпті. Ту түптегі бөлмеде үй сыпырып жүрген қызметші әйел көзге шалынады.

Бергі бөлмеде басына ақ делдиме қалпақ киген әйел күй сандықта ойнап отыр, күллі шығармадан бір күй сарыны естіліп тұрғандай.

Қапталдағы терезеден түскен жарық әлеміш еденді жарқыратып жіберіпті. Суреттің тартымдылығы сондай, тек әйелді ғана емес, қола жақтаулы айнаны да, шамдарды да, кереуеттің астындағы зіп-зілдей төсенішті де - үй ішінен түк қалдырмай түгел көріп шыққымыз келеді.

Суретші бұл шығармасын сонау XVII ғасырда салған. Ол кезде Голландиядағы суретшілердің арасында интерьер салу әуестікке айналған. Олар бір ғана бөлмені емес, бірнеше бөлмені, тіпті ашық тұрған терезеден аула ішін, сырттағы бақты да қамти көрсетуді қатты ұнатқан.

Ондай картиналарда күнделікті күйбеңімен жүрген үй иесі әйел не қызметші әйел жиі кездеседі. Өз заманының тұрмыс салтының әрбір ұсақ-түйегіне дейін тәптіштеп көрсетілетін. Соның арқасында біз бұдан үш ғасыр бұрын тұрған адамдардың қандай тұрмыс құрғанын жете білеміз.

Интерьер де өз алдына бір жанр.

Онымен тек XVII ғасырдағы голланд суретшілері ғана емес, басқа елдердің, басқа дәуірлердің шеберлері де әуестенген.

П.Федотов (1815-1852 жж.). "Ақсүйектің сәскелік асы"

Тамаша орыс суретшісі П.Федотовтың «Ақ сүйектің тәңертеңгі дастарханы» деген шығармасына қараңдаршы. Жәй әншейін тұрмыс көрінісі, бірақ дәулетті үйдің ішкі сипатын егжей-тегжейлі көрсетіп баққан емес пе! Өйткені, ол көрушінің көз алдына шығарма кейіпкерінің жан дүниесін де жайып салады.

  Жарияланған-2016-11-03 21:32:42     Қаралды-4204

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАС КИІМДЕРДІ ТАЗАЛАУ

...

Бас киімдерді әр түрлі әдіспен тазалауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОЛАТ САРЫБАЕВ

...

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985 жж.) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңгарған Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ВИТАМИНДЕР КӨЗІ

...

Витаминдер - биологиялық жағынан өте сіңімді болатын, адамдар мен жануарлар организмдерінің тіршілігі үшін өте қажетті заттар. Қазіргі уақытта 40-тан астам витамин түрлері белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КУРАГАДАН ЖАСАЛҒАН САМБУК

...

Іріктелген курага мұқият жуылып, салқын суға салынады. 1-2 сағат бөктіріп алынады да дайын болғанша қайнатылып, содан соң үккішпен үгіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МУСКАТ ЖАҢҒАҒЫ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ

...

Қант пен жұмыртқа араластырылып, он бес минут бойы шайқалады. Мұқият тазаланған бадам ұсақтап туралады да оған қосатын басқа заттармен қосып араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Алхорының жемістерінде алма, лимон қышқылдары, илік және бояу заттары, пектин, А және С витамині болады. Алхоры - өте дәмді тамақ болатын сапасы бар, бағалы жеміс.

ТОЛЫҒЫРАҚ »