UF

КОСМОНАВТАРДЫҢ КОСМОС ҮЙІ

Категориясы: Ғарыш


Космонавтардың 2 үйі болады:  бірі - Жерде, екіншісі - космоста. Бірі Жер үстінде тапжылмай тұрса, екіншісі сол Жерді өзінің орбитасы - шеңберлі жолымен спутникше шыр айналады.

Космос үйі қанатын жайып жіберіп, Жерден зәулім биікте ұшып жүрген алып самұрыққа ұқсайды. Бұл қанаттар станцияға ұшу үшін емес, басқа мақсаттар үшін керек. Бұл - «үй электростанциясы», «қанаттағы» жарқылдаған кішкентай қалақша - «қауырсындар» - күн нұрын жинап, оны электр тогына айналдырады да, корабльге жарық пен жылу береді, ондағы барлық ғылыми аспаптарды қоректендіреді.

Үйдің «бөлмелері» бар. Әуелгісі - «дәліз», ғылым тілінде оны «ауысу бөлігі» деп атайды. Дәліздің екі люгі - есігі бар. Бірі «көшеге» - космосқа шықса, бірі тұрғын бөлмелерге бастайды. Екі есік те тығыз, әсіресе «көше» есігі тығыз жабылған. Дәлізде космонавтардың скафандрлары және ашық космосқа «серуенге» шыққанда қажет болатын басқа да жабдықтар сақталады.

Екінші бөлме - ең үлкені, бұл - жұмыс бөлігі. Онда космонавтар жұмыс істейтін столдар тұрады. Бұлардың пішіні өзгеше, стол дегеннен гөрі толып жатқан тетік, түймешік, сәулелі табло, кішкентай экрандар толған пульт деген дұрысырақ. Әр столда - радио-телефон. Сол арқылы космонавт Жермен байланыс жасайды, немесе ашық космостағы басқа бір корабльдегі жолдастарымен сөйлеседі.

Үшінші бөлме бірнеше мақсатқа арналған. Бұл - «стадион», өйткені космонавтар дене жаттығуларын осы арада жасайды - жүгіреді, велосипед тебеді. Азық-түлік, су сақталатын, тамақ дайындалатын «ас үй» де осы. Космонавтар тамақтанатын «асхана» да осы. Керек десеңіз, космонавтар өзара денсаулық тексерісетін, қажет бола қалса емделетін «медициналық кабинет» те осында.

Ал космонавтар жорықтағыша ұйқы қапшықтарының ішіне кіріп ұйықтайды, тек оны ілгешек белбеулер арқылы станцияның қабырғаларына бекітіп қояды.

Космос үйінде қойма сияқты тағы бір үйшік бар. Онда двигатель қондырғысы тұрады, осы қондырғы арқылы космонавтар кәдімгі корабльдегі сияқты саяхаттауына болады: төмен түседі, жоғары көтеріледі, орбитаны өзгертеді, әр турлі бағытта бұрылыстар жасайды, жүрісті тежейді, немесе жылдамдықты арттыра түседі.

Космос үйіне космонавтар «таксимен» де барады. Олардың такси деп атайтыны - транспорт кораблі. Такси-корабльді орбитаға тасығыш ракета жеткізіп салады. Ұшып жеткен соң «такси» станциядағы өзіне тиесілі орынға токтап, станцияның ауысу бөлігіне берік жымдасып жалғасады. Содан соң есік ашылып, жаңадан келген жолаушылар корабльден үйге кіреді.

Ауыр жүктер де орбитаға «такси», бірақ жай емес, «жүк таксилері» арқылы жеткізіледі. Жүк корабльдерінде жүргізушілер болмайды, бәрін де автоматтар басқарады. «Жүкші»  Жерден космос үйіне почта, жаңа азық-түлік, су мен ауа, ғылыми аспаптар тасиды. Ұшып келген соң, ол да станциянын екінші жақ бетіндегі өз тұрағына тоқтайды. Космонавтар жүкті түсіріп алған соң, «жүкші» кері рейспен барлық қажетсіз нәрселер мен аспаптарды, жанармайдан босаған бак және  басқадай қоқыр-соқырды түгел алып кетеді.

Сонғы кезде «Мир» деп аталатын, бұрынғылардан гөрі кеңірек, жайлырақ және сенімдірек жаңа бір космос үйі орбитаға шықты.

  Жарияланған-2016-09-10 09:54:30     Қаралды-4413

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АЙМАҚТЫҚ-ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

...

Казақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрылымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық-рулық бірлестіктерден тұрды. Қазақ халқы, негізінен, XV-XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құралды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЙВАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Айва жемісінің құрамында қант, алма, лимон қышқылдары, пектин, илік заттары және С витамині болатын ағаш. Шикілей жеуге жағымсыз, себебі жемісінде илік заты көп, тілді қуырып, ауызды құрғатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖІР ОЙЛАСЫ

...

Жеміс массасы мен жаңғақты қант-сірне шырынына қосып қайнатып, бадам және грек жаңғағымен әшекейлеген тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ТҮПНҰСҚА

...

Біз картинаны не мүсінді көріп: «Бұл түпнұсқа ғой», - деп ерекше ізет білдіреміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАУЫН СІЛІКПЕСІ

...

Піскен қауынның қабығы аршылып, дәнінен тазартылады да шырыны сығып алынады. Суға қосып қант шырыны қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »