UF

БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

Категориясы: Өсімдікті


 

БӘЙШЕШЕК – ПЕРВОЦВЕТ ЛЕКАРСТВЕННЫЙ

Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жер үстіндегі бөлігі қысқа, гүл сабағы мен оның түбінде топталып сабақты айнала өскен тамыр – жапырақтарынан тұрады. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сопақша келген, қысқа сабақты. Гүлдері ашық сары түсті, қолшатыр тәрізденіп, гүл сабағының ең ұшында бір жағына қарай қисайып тұрады. Гүл тостағаншасы 5 тісті, гүл жапырақшалары өзара біріккен түтікше тәрізді. Жемісі – қоңырқай түсті, сопақша келген қауашақ. Мамыр айында гүлдеп, шілде айында жеміс береді.

Бәйшешек шабындықтарда, орман ішінде, бұталардың арасында, таулы беткейлерде өседі. Дәрі ұшін өсімдіктің жапырағы мен тамыр сабағы, тамырлары пайдаланылады. Құрамында С витамині, сапониндер, эфир майлары, гликозидтер, примверин, флавондар бар.

Бәйшешектен жасалған дәрілердің тер шығаратын, дененің қызуын төмендететін, жөтелді басатын, құрқұлаққа шипа болатын, несептің бөлінуін күшейтетін қасиеттері бар. Халық медицинасында орталық нерв жүйесінің жұмысын қалпына келтіру үшін, өкпе және бронхтар қабынғанда қақырық түсіру үшін қолданылады. Ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын басу үшін, бүйректің және қуықтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар бұл өсімдікпен халық медицинасында іштің жүрмей қалуын, бас ауруын және мигренді емдейді.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 20 грамм тамырды қайнап тұрған 2 стакан суға салып, 20 минут тұндырып қояды да, жарты стаканнан күніне 3-4 рет ішеді. Оның жапырақтарынан тұнбаны былай жасайды: ұнтақталған бір ас қасық жапырақты қайнап тұрған 1 стакан суға салып 20 минут тұндырады да, жарты стаканнан ішеді.

  Жарияланған-2016-07-13 15:23:53     Қаралды-4151

Мәлімет сізге көмек берді ма

ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОШАҒАН - ҚУЫҚ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ

...

Орта Азия халықтары медицинасында жас өсімдіктің сөлін алып, бронх демікпесін, геморройды емдейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН АЙВА

...

Мұқият жуылып, өзегі алынған айва азғана суға салынып пісіріледі. Оның қайнатпасынан қою шырын жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚҚАЛАҚ

...

Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЯЗ - АТЕРОСКЛЕРОЗГЕ ҚАРСЫ

...

Пияз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, ол тікелей тамырынан өсіп шығады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСАН ҚАЙҒЫ

...

Асан Қайғы - қазақтың ақын-жырауы, философы. Ол XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында өмір сүрген. Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Асанның шын есімі - Хасан Сәбитұлы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »