UF

АРПА - ДӘРІЛІК ӨСІМДІК

Категориясы: Өсімдікті


 

АРПА – ЯЧМЕНЬ ОБЫКНОВЕННЫЙ

Арпа – биіктігі жарты метрге жететін, көпшілікке белгілі, бір жылдық, шөп тектес дақыл. Сабағы түзу, жапырақтары жіңішке кезектесе орналасқан. Гүлдері 4 қырлы немесе 6 қырлы күрделі масақтан құралады. Әр масақ 3 масақшадан тұрады. Ол маусым-шілде айларында гүлдейді. Мәдени өсімдік ретінде қолдан егіледі. Дәрі жасау үшін арпаның дәнін пайдаланады. Оның құрамында белоктар, майлар, углеводтар, ферменттер бар.

Арпа халық медицинасында өте ертеде қолданылған. Дәндерінің қайнатындысының денеге қуат беретіп, әлдендіретін қасиеті бар. Болгар халық медицинасында арпаны іш өткенде және асқазан, ішек ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Зат алмасу процесінің бұзылуынан денеде әр түрлі іріңді бөртпелер пайда болса, оған да арпаның шипалық қасиеті бар. Сонымен қатар оны бүйрекке тас байланғанда, бүйрек пен қуық жолдары қабынғанда және геморрой түйіндерін емдеу үшін де қолданады.

Соңғы кездерде арпадан гордецин дегі аталатын дәрі жасалатын болды. Оның бірнеше түрлі микробтарды жоятын қасиеті бар. Әсіресе терінің жұқпалы ауруларын емдеуге пайдалы.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Арпаның өнген дәндерінен жасалған ұнтақтың 2 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып 4 сағат тұндырады да, жарты стаканнан күніне 6 рет ішеді. 1 килограмнан молдау арпаның өнген дәнін 2-3 литр қайнаған суға салып жарты сағат тұндырады да, ваннадағы суға қосып тері ауруларын емдеу үшін пайдаланады.

  Жарияланған-2016-07-13 14:12:24     Қаралды-6387

Мәлімет сізге көмек берді ма

КОНЬКИ - ГОЛЛАҢДИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ

...

Спорттың бұл түрін мамандар, мұз үстіндегі балет өнерінің ең тандаулысы деп жүр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

...

Үгілген сүзбеге бал және жаңғақтың ұнталған дәні қосылып, жақсылап араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЗЫМЫРАН АСПАНҒА АТЫЛДЫ

...

Зымыран - әзірше Жердегі ең жедел транспорт. Мұның себебі зымыраның двигателі ерекше - реактивті болғандықтан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕМІС ОВЧАРКАСЫ

...

Бұл овчарка өткен ғасырдың аяғында шығарылып, әуелі Германияның түрлі облыстарында қой бағатын бақташы ит ретінде пайдаланылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ФРИЗБЕН НЕ БЕЗЕНДІРЕДІ?

...

Афина Акропольдегі әйгілі грек ғимараты Парфенон скульптуралық фризбен безендірілген. Үйдің ішкі не сыртқы қабырғасының мүсіндермен не бояумен...

ТОЛЫҒЫРАҚ »