UF

КІШІ ҚАБЫРШӨП

Категориясы: Өсімдікті


КІШІ ҚАБЫРШӨП – БАРВИНОК МАЛЫЙ

Кіші қабыршөп – үнемі көгеріп тұратын, биіктігі 60 сантиметрге жететін, аласа, бұталы өсімдік. Сабағы жайыла өседі. Сопақтау келген, эллипс тәрізді жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырақтарының сағақтары қысқа, екі жағы да жылтыр қою жасыл түсті. Гүл тостағаншасы 5 қалақшадан тұрады. Гүл тәжі қара кек түсті. 5 гүл жапырақшасы бар, жоғарғы жағы біртіндеп кеңейетін түтікшеге ұқсайды. Май айында гүлдейді. Жемісі шілде айында піседі. Бұталардың арасында, орманды жерлерде, далалы аймақтарда өседі.

Дәрілік мақсат үшін кіші қабыршөптің жер үстіндегі бөлігін мамыр-маусым айларында пышақпен кесіп немесе орақпен орып алады. Тамырымен жұлуға болмайды, себебі бұл, өсімдіктің мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соғады. Оны бір жерден қайталап тек 3-5 жылдан кейін ғана жинауға болады.

Өсімдіктің құрамында винин, пубесцин, мипорин, винкамин деген алкалоидтер, рутин және илік заттар бар. 1934 жылы А. П. Орехов кіші қабыршөптен винин мен пубесцин деген алкалоидтерді бөліп алды және бұл заттардың қан қысымын төмендетіп, мидың қан тамырларын кеңейтетіндігін анықтады.

Кіші қабыршөп дәрі ретінде өте ерте кезден пайдаланылып келеді. Кавказ халықтары оны қанның құрамын тазартатын, қан тоқтататын, жарақаттарды емдейтін дәрі ретінде пайдаланған. Қытайлар қабыршөптің тағы бір түрін қан қысымын төмендету үшін пайдаланған. Еліміздің кей жерлерінде кіші қабыршөппен іш өткенді емдейді.

Кіші қабыршөпті бақтарға кейде әсемдік үшін де егіп тастайды. Халық арасында бұл өсімдікті қасиетті деп есептеп көрнекті таза жерлерге іліп қоятын болған.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Гипертония ауруын емдеу үшін өсімдіктің 5 грамм жапырағын алып, 250 мл қайнап тұрған суға араластырады да, 15 минут қайнатады. 1 сағаттан кейін дәріні сүзіп алады да, әрбір 2 сағаттан кейін 1-2 қасықтан ішеді.

Аптекаларда осы өсімдіктен жасалған, қанның қысымын төмендететін девинкан, винкопам атты дәрілер сатылады.

  Жарияланған-2016-07-12 15:42:38     Қаралды-2116

Мәлімет сізге көмек берді ма

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

...

СССР-ді қорғау жолында жасаған ерлігі мен батырлығы үшін Совет Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық қаһармандар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙЫН ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Ескендір бала кезінен айналасындағыларды батылдығымен таң қалдырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕНЕСАРЫ ХАН

...

Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушыс

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕ ДОЗАСЫ

...

Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Иондаушы сәуле дозасы төмендегіше бөледі: Жұтылған доза - сәуле алған ортаның масса бірлігі жұтқан иондаушы сәуленің кез келген түрінің энергиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫ ФИЛОСОФ ПИФАГОР

...

Атақты ежелгі грек философы және математигі Самос Пифагор туралы қысқа қызықты деректер жиналған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »