UF

ШАҚ-ШАҚ

Категориясы: Тағам


I түрі

Үн, сүт, қант, жұмыртқа, аздап арақ қосылып, жұмсақ қамыр иленеді. Ол бірнеше бөлікке бөлініп, 1 сантиметр қалыңдықта созылады. Созылған қамыр самырсын жаңғағының үлкендігіндей етіліп туралып, қуырылады. Бәрінің бірдей қуырылуы үшін араластырып тұру керек. Піскен шақ-шақтың түсі алтындай сарғаяды.

Жеке ыдысқа салынған бал қантпен қосылып қайнатылады. Балдың әзір болған-болмағанын білу үшін саусақтың ұшына бал жағып, аздап ысқылап көру қажет. Егер саусақтарды ажыратқанда арасында үзілмейтін «жіп» түзілсе, қайнату доғарылады. Балды тым көп қайнатуға болмайды. Өйткені ол күйіп, қарайып кетеді.

Қуырылған қамыр эмальды ыдысқа салынады да үстіне, дайындалған бал құйылады. Сөйтіп жақсылап араластырылады. Содан соң тағам ыдыстарға салынады да саусақтарды салқын суға малып алып, оны қалаған формаға келтіре беруге болады. Беті әр түрлі мәнпәсимен әсемделеді.

Шақ-шақ дайындау үшін 4 стакан ұн, 7 жүмыртқа, стаканның 1/4 бөлігіндей сүт, 1 ас қасық құм шекер, 2-3 стакан тортасы айрылған май (қуыру үшін), 2 стакан бал, 2 ас қасық арақ, мәнпәси кәмпиті (әсемдеу үшін) жұмсалады.

II түрі

Жұмыртқа, қант, май қант кристалдары көрінбей кеткенше мұқият араластырылады. Тұз, сүт немесе су қосылып, ұн салынады да кеспе жасауға арналғандай етіп тез-тез қатты қамыр иленеді.

Қамыр 40 минут «тынығып», содан соң 0,4 сантиметр қалыңдықта жайылады да жолақтың көлденеңінен ұзындығы 1,5 сантиметр, енін 0,4 сантиметрдей етіп кесіледі.

Кесілгендерін жайлап сілкіп, артық ұннан тазарту керек. Содан кейін бірдей болып пісуі үшін араластыра отырып, қатты қайнап жатқан тортасынан айырылған сарымайға салынып, 5-7 минут бойы қуырылады. Қуырылып болған соң сүзекімен сүзіп алынады.

Бал шақ-шақтың бірінші түрі үшін жасағандағыдай дайындалады. Ол жеке ыдысқа қантпен бірге салынып, саусақтардың арасына салып көргенде үзілмейтін «жіп» түзілетіндей болғанша қайнатылып, артық майы ағып болған тағамның үстіне құйылып, жақсылап араластырылады.

Шақ-шақ жасауға қырлы стаканмен 5 стакан ұн, 4 жұмыртқа, 0,5 стакан сүт немесе су, шай қасықтың 1/3 бөлігіндей тұз, 1 шай қасық қант, 2 шай қасық сарымай, 1,5 стакан бал, 2 ас қасық қант, қуыру үшін 1,5 стакан тортасынан айырған май жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-03 15:07:33     Қаралды-3741

Мәлімет сізге көмек берді ма

БЕКТАУ АТА ҮҢГІРІ

...

Бектау ата үңгірінің кірер аузы едәуір кең. Оншақты қадам басқан соң үңгір іші кеңіп сала береді. Үңгірдің ұзындығы 60-70 қадам, биіктігі 5-10 метр болғандай, Солтүстік Балхаш жанында орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕЛІКТЕН ЫСТЫҚ?

...

Алау сөніп қалмас үшін оған үнемі құрғақ бұта немесе шөпшек салып тұру керек. Мұны жұрттың бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕЛАТИНСІЗ АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

...

Ұзынынан тілінген антоновка алмалары тайыз ыдысқа салынады. Ол ыдыстың жартысына дейін су құйылып, бұқтырылады да жұмсарғанша ұсталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ҚАЙДА ҚОНЫП ШЫҒАДЫ?

...

Аспандағы Күн ертеден қара кешке дейін жер бетіне сәулесін шашады, жылуын төгеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШҰЖЫҚ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

...

Шұжық дайындауға арналған жылқы еті 12 күн салқын жерге (34 градус) қойып сорғытылады, Бұл кезде шұжық тығылатын ішек те тұзды суға салынып қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »