UF

БАДАМ ТҮТІКШЕЛЕР

Категориясы: Тағам


Ішіне бадам дәні салынған қамырдан жасалатын тағам осылай деп аталады. Қамырды дайындау әдісі, оны бөлу жолдары, сондай-ақ температурасы мен ылғалдылығы жаңғақ түтікшелерін жасағандағыдай. Ішіне салу үшін бадам пайдаланылады. Оны дайындағанда алдын ала қайнаған сумен шарпылады да қабығынан тазартылып, кептіріледі. Тұралған құрғақ бадам құм шекермен, ұнталған кардамонмен және коньякпен араластырылады.

Маймен майланып қаңылтыр табақшаларға салынған түтікшелер температурасы 200-300 градусқа жеткізілген пешке қойылып, 25-35 минут бойы пісіріледі. Піскен соң салқындатылған түтікшелер қағаз төселген астаушаларға салынып, бетіне қант ұлпасы себіледі.

Бір килограмм түтікше жасауға 412,8 грамм жоғары сортты ун, 187,7 грамм қаймақ, 118,2 грамм сарымай, 187,7 грамм бадамның тазартылған, кептіріліп, ұсақталған дәні, ішіне салатын 187,7 грамм құм шекер, ішіне салатын 4,9 грамм кардамон, ішіне араластыратын 3,0 грамм коньяк және үстіне себетін 33,8 грамм қант ұлпасы жұмсалады.

Дайын түтікшенің бір килограмында кемінде он бес данасы болады. Екі ұшы түтікше формалы, бадам дәні салынған тағам. Түсі аздап қана крем түсіне келеді. Үстіне міндетті түрде қант ұлпасы себіледі. Дәмі осы тағамның өзіне ғана лайық, кардамон иісі шығып тұрады. Ылғалдылығьі - 10 процент.

Ескерту: осы тағамға пайдаланылатын 187,7 грамм тазартылған, кептіріліп, ұсақталған бадам дәні 221,2 грамм шикі бадам дәніне тең келеді.

  Жарияланған-2016-03-01 15:38:45     Қаралды-2488

Мәлімет сізге көмек берді ма

КҮН НЕГЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ?

...

Күн Жер сияқты қатты дене емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОЛАҚ БҰЛАҚ ҮҢГІРІ

...

Қазақстандағы осы уақытқа дейін белгілі болған үңгірлердің ішіндегі ең үлкенінің бірі - Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданындағы «Шолақ бұлақ» үңгірі. Ол «Арқалық» ауылындағы Едірей тауының ішінде.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!

...

«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Кейбір кесірткелер қанмен атқылай алады

...

Бақа сияқты кесірткелер — игуана тәрізді тұқымдастардың қысқа аяқты және қысқа құйрықты кесірткелер түрі, жыртқыштардан қорғайтын бірегей қабілеті бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭРЕБУНИ

...

Бұл - ішіне дәм қабық пен ванилин салынып қабатталған қамырдан жасалатын шығыстың жаңадан шығарылған тәтті тағамы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »