UF

СЕЛ

Категориясы: Соғыс


Сел - тау өзендерінің арнасында кенеттен пайда болатын, су деңгейі күрт көтерілген және құрамында қатты материалдар (тау жыныстарының қираған өнімдері) көп уақытша тасқын. Сел ұзақ жауған күшті нөсер жауын, мұздың күрт еруі нәтижесінде, өзен арнасына тау жыныстарының күтпеген жерден лап құлауы салдарынан пайда болады. Сел тасқындары, әдетте бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады. Жылжып келе жатқан массаның көлемі жүздеген мың, ал кейде миллион текше метргедейін жетеді. Сел үлкен жылдамдықпен - 15 км/сағ-қа дейін жылжи отырып жолдарды, ғимараттарды, жыртылған жерлерді және т. б. қиратады. Селге қарсы күрес жөніндегі басты шаралар: тау беткейлеріндегі топырақ пем өсімдік қабатын әрдайым нығайтып және өсіріп-баптап отыру; бұзып-жарып кету қаупі бар тау су қоймаларын алдын ала ағызып жіберу; тау арналарын тазартып, селге қарсы бөгет жүйелерімен тұрақтандыру. Селді алдын алуда тау өзендері мен су қоймаларын ағызып жіберу, сондай-ақ дер кезінде қауіпті сел ошақтарын анықтау тиімді. Сел қаупі бар аудандарда тұратын халықты дер кезінде хабарландырудыц үлкен маңызы бар. Халыкты күні бұрын көшіріп әкетуге болады. Селді жоюға, жағдайға қарай, азаматтық қорғаныс жасақтары мен халық тартылады.

  Жарияланған-2016-02-20 17:55:49     Қаралды-6204

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШЕКЕР-ЛУКУМ

...

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: ТАБИҒАТПЕН СЫРЛАСУ

...

Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың түстігінде орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫ КӘМПИТІ (пастила)

...

Піскен алхоры жуылып, сүйектері алынады, эмальды кастрюльге салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҮРГЕН (ШӘҢКІШ)

...

Бүрген – биіктігі 3 метрге дейін жететін бұталы өсімдік. Қабығы қызыл қоңыр, жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, үш, бес салалы, сабақтары ұзын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ЖАҢҒАҒЫ ҚОСЫЛҒАН ЖЕМІС НУГАСЫ

...

Бұл - жер жаңғағын қосып, қантқа салып пісірілген курагадан тұратын тағам. Формасы төрт бұрышты, құмшекер себілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САСЫҚ МЕҢДУАНА - УЛЫ ӨСІМДІК

...

Құрамында гиосциамин, скополамин, атропин бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »