UF

ШӘКЕН АЙМАНОВ

Категориясы: Адамдар


Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914-1970) - Қазақстанның белгілі актері әрі режиссері, халық әртісі. Ол 1914 жылы 15 ақпанда Баянауылда дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын Шәкен көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Ғ.Мүсіреповтың арнайы шақыруымен Алматыдағы Қазақ драма театрына актер болып қабылданады. Өмірінің ұзақ жылы театрда өтеді.

Бір-біріне ұқсамайтын сан алуан рөлдерді орындаған Ш. Айманов шығармашылық қабілетінің мол екендігін көрсете білді. Табиғи дарын, қабілетімен, өткір мінезді әрі сатиралық бейнелерімен көрерменнің құрметіне бөленді. Исатайдың, Ақан серінің және классикалық драматургияда Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясындағы Петруччионың сахналық портреттерін жасады. Әсіресе, Алдар Көсе мен Жамбыл бейнелері халыққа өте жақын. 1940 жылдан бастап Шәкен киноға түсіп, қазақ кино өнеріне мол үлес қосты. Ш.Айманов режиссер ретінде «Жамбыл» (1952), «Тақиялы періште» (1968), «Біздің кымбатты доктор» (1957), «Атаманның ақыры» (1970) сияқты киноүлгілерін шығарды. Бұл туындылар - нағыз өмір мектебі, біздің ұлттық байлығымыз.

Ол түсірген фильмдер Қазақстан, Орта Азия республикалары кинематографтарының арнаулы дипломына ие болған.

Ш. Айманов ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952), КСРО Халық әртісі (1959) атақтарына ие болды. Оның атымен «Қазақфильм» киностудиясы аталады.

  Жарияланған-2015-11-24 19:56:50     Қаралды-4874

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШАЙ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ АЙҒАҚТАР!

...

Шайдың шаршап шалдыққанда көңіл көтеріп, өсіресе, таңертең ішкен кезде ұйқы ашатынын және денені сергітіп, рахатқа бөлейтінін білеміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ

...

Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОТЛАНДИЯ ОВЧАРКАСЫ (КОЛЛИ)

...

Коллидың отаны Шотландияның таулы өлкесі. Сол жерден бақташы ит есебінде жер-жерге таралған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН - ҒАЖАЙЫП ЕҢБЕККЕР

...

Күн тыным таппай, тәулік бойы, ай бойы, жыл бойы шуақ шашады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК

...

Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІТАП ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?

...

Ең алғашқы «ғажайыпты» жасаушы кім?

ТОЛЫҒЫРАҚ »